Грек философиясының негізгі сұрағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Негізгі мақсаты: Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.
Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.
1. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.
2. Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)
3. Ерте грек философиясындағы онтологизм (Демокрит)
4. Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .
5. Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым - қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі - материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 - 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 - кастаға бөлінді.
1. Әскери (кшатрий)
2. Абыздар. (брахмандар)
3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
4. Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізгі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм - материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша - сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.
Буддизм - біздің заманымызға дейінгі 4 - 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 - 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1.Өмір азапқа толы;
2.Ол азаптардың себебі бар ;
3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4.Азаптан құтылудың кезі бар.
Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі - мистикалы, екіншісі - атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам - Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір - тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
1. Бос қиялға салынбау.
2. Мен білемін дегендіктен аулақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдени қайраткерлері
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Философиялық пікірлер
Философия дәрістер
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Пәндер