Әдебиет сабақтары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім
беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған
басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының
"Қазақстан-2030" стратегиялық жолдауында: "Олар... күллі әлемге әйгілі әрі
сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы
Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-
жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің
жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының
тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс,
шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты
патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.
Ерте заманда елім деп еміреніп, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку
жер шалып, өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі
біткенше алысқан, Махамбетше айтқанда "Қара қазан, сары баланың қамы үшін
соғысқан" батырларымыз аз болмады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Исатай, Махамбет, тағы басқа батырларымыздың ерен
ерліктерін ерекше айтуға болады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласына жататын ел қорғау, батырлық істер
жайында туған халық мақалдары да халықтың бұл ой-тілегі, арман-мүддесі,
патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы
тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел –
Отанды аса қажетті, қадірлі, қымбат деп көрсетеді. Мысалы: "Ел іші – алтын
бесік", "Туған жердің топырағы да ыстық", Туған жерден топырақ бұйырсын
деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз "Отанды қорғау – азаматтық
парызың" дейді.
Ал "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Елін суйген ер болар",
"Ерлік білекте емес, жүректе" т.б. мақалдар өз елін жаудан қорғау үшін
қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанын
қорғап қалу нағыз халқын сүйген әрбір адамның міндеті болатынын танытады.
Ұлттық зердеміз бен ой-санамызға бойтұмар болар қасиетті рәміздеріміздің
тарихын, мән-мазмұнын білу Отанын сүйген әрбір азаматтың перзенттік борышы.
Себебі, мемлекеттік нышандар арқылы да оқушылардың бойына еліне
сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер табанды сіңері хақ. Сондықтан
да Туымыз, Елтаңбамыз сияқты халықтың қасиетті белгілерін оқушы қауымға
қайталап оқытып отырудың артықтығы жоқ. Осы орайда сыныбымда "Менің елім –
Қазақстан", "Менің Қазақстаным – менің болашағым", "Елімнің ардақты
белгілері", т.б. тәрбие сағаттарын өткізіп, шәкірттерімді ұлтжанды,
отансүйгіш рухта тәрбиелеуге өз үлесімді қосып келемін. Тарих тағлымына
адалдық, би-шешендеріміздің үлгі-өнегесін беріктік, шешендікке, өз елін
сүюге деген құштарлық сөз өнерінің бір саласы әдебиет пәні арқылы жүзеге
асады.
Көркем шығармалар, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылықтарын оқыту
жеке тұлғаның өз елінің ұлылары мен халықтың тарихын тануына кең жол
ашады. Әдебиетімізде ондай шығармалар көптеп саналды. Солардың бірі букіл
саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек
поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтық пен қорғай білген
Ж.Молдағалиевтің "Мен қазақпын" поэмасы. Ақын шығармасы өз ұлтын сүйетін
жасқа үлгі болатын шығарма.
Поэманың негізгі тақырыбы – еліңе, жеріңе, өз ұлтыңа деген
сүйіспеншілік. Өз ұлтын сүю – ұлтжандылық. Ақынның елі алдындағы бірінші –
халқын, ұлтын таныта білу.
XVIII ғасырда "Дала Демосфендері" деп аталған үш бидің бірі Қаз
дауысты Қазыбек би:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз,-
десе, Жұбан ағамыз "Мен қазақпын" деп жырлап өтті. Ақын өмір сүрген кезең –
кеңес дәуірі. Міне, сол кездің өзінде ақын атамыз қазақты бөліп алып, "Мен
қазақпын" деп жырлады. Мұндай ерлік кез-келген адамның қолынан келмес еді",-
деп ұғындыру оқушылардың поэманы оқуға деген қызығушылығын арттыра
түсетіні сөзсіз.
Әдебиетті оқыту – ғылым, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz