Қазақстандық тарихшылардың екі халық арасындағы өзара байланыстар
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде жаһандану белең алған заманда
этностардың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін
зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті жете танып білудің маңыздылығы
артып отыр.
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеуде көрші халықтармен
байланыстарындағы этномәдени, тарихи ықпалдастықтарды назардан тыс
қалдырмаған жөн. Осындай ұлтаралық қарым-қатынастардың нәтижесінде
өзгерістерге ұшыраудың себеп-салдарларын зерттеу, өзіндік этнологиялық
дамуды айғақтайды.
Қазақ-жоңғар қатынастары тарихы бүгінгі күнге дейін өзекті болып
табылады. Екі ел арасындағы көп ғасырлық қатынастар этнолингвистикалық,
этномәдени, этносаяси, топонимикалық және т.с.с байланыстарды тудырды.
Жоғарыда көрсетілген этнологиялық сипаттағы аспектілер тарихты тұтастай
комплектациялау үшін мұқият зерттеуді қажет етеді.
Қазақ-жоңғар қатынастарына арналған еңбектерге талдау жасай келе, аралық
сипаттағы сұрақтар туындайды. Екі ел аралық байланыстар мәдениет, салт-
дәстүр, әдет-ғұрыптардың араласуына алып келді. Яғни, мәдениет бастауларын
анықтау қажет.
Аталмыш мәселелердің шешілуі біршама тұтас Қазақстан тарихын, сонымен
қатар қазақ халқының этнографиясын зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазақ халқының мәдениетінің кешенді, төлтума бейнесінің қалыптасуында
бірнеше ғасырлар қоян-қолтық байланыста болған жоңғар факторының маңызды
орны бар. Этникалық дәстүрдегі қазақ халқының материалдық және рухани
мәдениеті сұлбасының қалыптасуында аталмыш фактордың әсер еткені белгілі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі күнге дейін қазақ-жоңғар
байланыстарының этнологиялық аспектісі кешенді түрде қарастырылған көлемді
еңбектер жоқ. Екі ел аралық қатынастарға арналған еңбектер бар, бірақ қазақ-
жоңғар қатынасы тарихын зерттеушілер екі ел аралық қатынастар уақыт өте
келе әртүрлі сипаттар алғанын, өзара жауласудың шығу себептерін және екі
халық арасындағы бейбіт кезеңдердің болған, болмағанын анықтауға тырысқан.
Осы мәселені зерттеген революцияға дейінгі зерттеушілердің көп жағдайда екі
халықтың өзара байланыстарында бейбітшілік пен достықтың болуы мүмкін емес
деген тұжырымдар жасайды [1]. Яғни, бейбітшілікте қатар тіршілік ету - бұл
нонсенс. Мұндай қорытынды жасауды жаңа жерлерді басып алып, жерін кеңейте
түскен Ресей империясы мен Цин империясының екі көшпенді хандықтың тату-
тәтті тіршілік етуіне, сөйтіп өз мүдделеріне қайшы саясатқа мүдделі
еместігімен түсіндіруге болады.
Қазақ-жоңғар байланыстарында орын алған этникалық үрдістер еңбектерде
тек үзінді (фрагментті) түрде көрсетілген.
Революцияға дейінгі авторлардың еңбектерінде қазақ-жоңғар аралық бейбіт
кезеңдер туралы сирек болса да мәліметтер кездеседі.
Профессор Н.Н.Пальмовтың Этюды по истории Приволжских калмыков атты
монографиясында Взаимоотношения калмыков, киргиз-кайсаков и джунгорцев за
время с 1742 по 1747 год [2] деген тарау бар. Н.Н. Пальмов екі көшпенді
халық арасындағы достық қарым-қатынас туралы жазған ең алғашқы жазған
зерттеушілердің бірі болды.
Аталмыш мәселеге алғашқылардың бірі болып назар аударған қазақстандық
тарихнамашы Р.Б. Сүлейменов болды. Ол В.С.Кузнецовтың Әмірсана [3] атты
еңбегін талдай келе: ...но наряду с обоюдными набегами наблюдались и
тенденция к политическому союзу... [ 4, 22-23] деп жазады.
Р.Б. Сүлейменовтың тұжырымын қолдай отырып, қазақ-жоңғар қарым-қатынасын
зерттеушілердің көп жағдайда екі ел арасында орын алған жауласуларға ғана
көңіл бөліп, ал бейбіт кезеңдеріне аз назар аударғандарын байқаймыз.
Калмыцкие историко-литературные памятники в русском переводе атты
еңбекте: ...Янгир-Султан повелевал киргиз-кайсацким ипо несчастию калмыкам
(ойратам) попался в плен. Освободясь от плена, Янгир беспокоил калмыков
частыми набегами. Богатырь Контайша (Батур-Хун-Тайчжи) желал освободиться
от тягостного неприятеля в 1643 г. При помощи своих друзей собрал 50 000
войско и овладел улусами Алат Киргизским и Токмакским, которых было до
10 000 человек. Янгир со своей стороны собрал 600 отборных молодцев и
выгодно окопался за узким проходом в горах... [5, 25] деп, қалмақ Тайша
мен Жәңгір хан арасындағы достық туралы айтылады.
Бұл жерде тек қалмақтар ғана емес, қазақтар да басқа халық өкілімен
достықты, сенім білдіруді бағалай білгенін көруге болады. Аталмыш мәселе М.
Тынышпаевтың еңбектерінде де көрініс тапқан. Еңбекте бейбіт келісіммен
қазақтардың батыры Алдыярға жоңғар қонтайшысы келгендігі айтылады. Бірақ
Тәуке хан қарсы болып, жоңғар билеушісін өлтіргісі келген: Напрасно Алдыяр
ссылался на святость гостеприимства: Тауке остался непреклонен, тогда
Алдыяр наотрез отказался выдать своего гостя. Тауке собрал войско и напал
на аул Алдыяра... Алдыяр отразил нападение Тауке, на другой день с почетом
отправил калмыцкого Хонтайши к себе на родину... [ 6, 220-222].
Қазақ зерттеушісі А. Сейдімбек, қазақ пен жоңғар билеушілері арасындағы
достыққа көңіл бөле отырып, әскери-саяси жағдайға байланысты Есім хан мен
ойрат билеушісі Қарақұлдың арасында елшілік байланыстың болғандығын атап
өтеді [7, 88]. Бұл жөнінде мұрағат құжаттарында : ...как он был в колмаках
у талай-тайши, зимою приходили из Бухар от Турсун-царя да ж Казачьи Орды от
Ишима-царя послы о миру и меж себя с Талай-тайшею шертовали, что быть меж
ними миру [8, 69] деген мәлімет кездеседі.
Материалы по истории русско-монгольских отношений [9] атты еңбекке
сүйене отырып, А. Сейдімбек дербет Далай-тайшы, хошауыт Аблай-тайшы
қазақтардан баспана тапқанын, ал хундулен-Убашы - қазақ, алшыннан шыққан
Жалаңтөс батырдың досы болғандығын жазады.
Зерттеушілер жоңғар билеушілерінің арасында тегі қазақтан шыққан батыр
тұлғалардың болғандығын көрсетеді. Мысалы, Б.П. Гуревич: ...начинает
борьбу с манчжуро-китайскими захватчиками ойратский владелец Казак-Сара, по
своему происхождению связанный с казахской знатью [8, 113]. Бұл мәліметті
М. Мағауин: В национально-освободительной борьбе Амурсаны против
маньчжурского ига особо отличались и казахские воины; сын попавшего в плен
алашского сарбаза Хазык-шары (Казак-сары, т.е. светлый казах, который
родился и вырос среди калмаков, стал национальным героем ойратского народа
[10, 44] деп келтіреді. Бұл мәлімет Материалы по истории Киргизии и
киргизского народа атты еңбекте де жазылған, онда Цин әскери
қолбасшыларының ойрат билеушілері Қазақ-сары мен Буку-чаганды ұстап алуға
күш салғандықтары туралы құжаттар келтірілген.
Сонымен қатар қазақ-жоңғар аралық отбасылық-некелік қатынасты көрсететін
ерекше жағдайға назар аударған жөн. 1741 ж. жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың қызын өз ұлына әперу үшін құдалыққа елшілерін
жібереді. Бірақ хан алданып қалудан сақтанып, келісімін беруге асықпайды.
Толық зерттелмегеніне қарамастан, И.В. Ерофеева: Особая престижность
брачного предложения Галдан-Церена для фамилии Абулхаира заключалась в том,
что это был по существу, первый и последний прецедент во всей истории
казахско-ойратских отношений, когда глава Джунгарского хана за собственного
сына, при том, что его старший сын был ко всему прочему и официальным
наследником джунгарского престола. Весьма примечательно, что Галдан-Церен
желал расположить к себе также влиятельных соперников казахского хана из
Среднего жуза, дал в жены им дочерей своих знатных нойонов (например, двух
ойраток-султану Абылаю и одну-сыну Барака, султану Сыгаю), но никому из
представителей казахской элиты, за исключением Абулхаира, ни разу не
предложил породниться со своим собственным фамильным кланом [11, 256] деп,
осы мәліметке сүйене отырып жазады. Бірақ бұл іс жүзеге аспады
(Әбілқайырдың қызы қайтыс болды), дегенмен де ол екі халық арасында бейбіт
байланыстың орнауына өз септігін тигізді. Қазақ-жоңғар қатынастарын
зерттеушілердің бірі С.А. Еділханова жас қонтайшы Цеван-Доржидің
Әбілқайырдың қызына құда түсуі туралы тарихи оқиғаның салдарынан
революцияға дейін қазақ халқы арасында кең таралған атақты лирикалық Қыз-
Жібек поэмасының сюжеті қалыптасуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды
деген тұжырым жасайды.
Х. Досмұхамедовтың очеркінде [12] де аталмыш тақырып қозғалған, оның
айтуынша, қалмақ қыздарына тек үйленіп қана қоймаған, олар үшін хандар мен
батырлар арасында дау-дамайлар да болған.
Белгілі жазушы М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасында да осы мәселе
қамтылады. Онда қалмақ қызы мен қазақ жігітінің арасындағы махаббат
баяндалады [13, 240-246]. Аталған тақырып С. Сейфуллиннің Көкшетау
поэмасында жалғасын тапқан. Қалмақ ауылына шабуыл жасаған кезде тұтқынға
түскен қалмақ қызы өзінің сұлулығымен тұтас әскерді баурап алады...
Cондықтан біреуіне күйеуге шығуға мәжбүр болады. Өзінің ақылдылығы мен
тапқырлығының арқасында ол тығырықтан шығудың өзіне тиімді жолын табады.
Поэма соңында қыз өз отанына қайтып оралады [14, 55]. Аталған мысалдардан
қазақ батыры - қалмақ қызы тақырыбының қазақ эпостарында кең таралғанын
көруге болады. Мүмкін, қалмақ жырларында да осы тақырып кездесетін шығар,
бұл мәселе кеңірек зерттеуді қажет етеді.
Қазақ пен қалмақтардың туысқандық жақындықтары қалмақ халқының эпостық
На кого же нас покинул [15] атты Убашы ханға арналған әнінде жырланады.
Тарихшы А.Тұрдалиев өзінің Қазақ-қалмақ қатынасы: жауласудан басқасын
білеміз бе? мақаласында [16] екі халық арасындағы бейбіт қатынасты зерттеу
керектігін қатаң ескертеді. Аталмыш мәселені зерттеушілердің есімдерін атай
отырып,тарихи оқиғаның зерттелмеген тұстарына көңіл аударады. Ол қазақтың
Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қыз Жібек эпостары мен қалмақ соғыстарының
арасындағы байланыстарды көрсетеді және Г.К. Конкашпаевпен қатар [17] Қызыл
кеніш, Діңгек сияқты архитектуралық ескерткіштердің қазақ-қалмақ тарихына
қатысты екендігін айтып, этникалық өзара әсердің болғанына назар аударады.
Түрік-монғол симбиозы атты термин тарихта ерекше орын алған. Ғұндар,
кидандар, керейіттер және басқа да тайпалар қазақтар мен жоңғарлардың ортақ
бабалары болып саналады. Өткен ғасырлар бізге дейін түрік-монғол
халықтарының тарихи және мәдени байланыстары келіп жетті, солардың бір
тармағы қазақтар, ал бір тармағы - жоңғарлар (ойраттар, қалмақтар).
Ортақ этникалық байланыстар мен олардың өзара әсерін ортақ этникалық
элементтер де растайды (қазақтар арасында да, жоңғарлар арасында да).
Қалмақ ғалымдарының далалық зерттеулердің материалдарына қарағанда, ХІХ ғ.
соңында қалмақ ұлыстары мен аймақтарының этникалық құрамында түрік
этникалық компоненттері болған, олар ойрат, кейіннен қалмақтардың этникалық
ортасына ассимиляцияға ұшыраған. Қалмыкияның Дербет ұлыстарының құрамына
мынадай түрік элементтері кірген: қара манғыттар (қара ноғайлықтар),
манғыттар (ногайлар, татарлар), қасқұттар (қазақтар), шиткудтер, немесе
шитяндар (башқұрттар). Қалмыкияның Хошеут және бес Тоғоут ұлыстарында
хапчиндер (қыпшақтар), хаскуттар (қазақтар), теленгуттар (алтайлықтар) және
басқалары байқалады [18, 163]. Ал дондық қалмақ-казактардың этникалық
құрамында манғыттардың (татарлар, ноғайлар), түрікмүдтер (түрікмендер) және
басқалардың бар болғанын Ц. Номинханов айтқан [19, 102].
Қазақтардың қаракесек руында қалмақ рулары тоты, қыз қылмақ, бала
қалмақ деген атаулармен кездеседі. Олар Қарқаралы-Қазылықтыда 1630-1730
жылдарда мекен еткен торғауыттар, хошоуттар, дербеттердің ұрпақтары [20,
79].
Қалмақ тарихшысы У.Э. Эрдниевтің айтуынша, Қалмыкияның барлық
аудандарында керейіттер (керэ-қарға) кездеседі. Керейіт деген этноним
тек моңғол тілді халықтарда ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда да
кездеседі. ХІІІ ғ. бірінші онжылдығында Шыңғыс хан жеңіліс тапқан соң,
Қазақстан территориясына Алтайдан саны жағынан көп наймандар, керейіттердің
тайпалары қоныс аударған, сонымен қатар, Рашид-ад-Диннің тұсында керейіттер
Онон мен Кэрулен өзендерінің жағасында өмір сүрген. Керейіттерді қазақтар
өз құрамына бертінде, ХІV ғ.соңы - ХVІІІ ғ. екінші жартысында, яғни
ойраттармен тығыз байланыста болған кезде енген. Сонымен, керейіттер -
көптеген моңғол тайпаларының бірі - Орта Азия, Оңтүстік Сібір, Қазақстан
жерлеріне таралды, бірақ олар, негізінен, қазіргі қалмақ халқының этникалық
құрамына кірді [21, 53]. Бұл тарихшымен тек керейіттердің қазақ
тайпаларымен бірігуінің мерзімі бойынша ғана дауласуға болады. Ол былай деп
жазады: Известно, что в 1771 г. ушедшие с Нижней Волги торгоуты оставили
на территории современного Казахстана значительную свою часть, особенно
представителей женского пола. Поэтому не случайно многие казахи считают
калмыков своими нағашы, себя-калмыцкими жиен, т.е. племянниками. Нет
сомнения в том,что калмыки, или ойраты, оказавшиеся в Казахстане,
постепенно ассимилировались в казахской сфере [18, 53].
Екі халық арасындағы терең көпжылдық этникалық өзара байланыстар олардың
антропологиялық келбетіне де әсерін тигізді. 1904 жылы Батыс Қазақстан
жеріне келген неміс тарихшы-этнографы Р. Карутц: Мне приходилось видеть
плоские лица и раскосые глаза у казахов, почти такого же резко выраженного
типа, как у калмыков [22, 10] деп, қазақтар мен қалмақтардың бет әлпетінің
ұқсастығына назар аударған. У.А. Эрдниевтің айтуынша, 1901 жылы қалмақтар
арасында антропологиялық зерттеулер жүргізген С. Королев те осындай
қорытындыға келген. 1969-1971 жж. Д.О. Ашимова жүргізген жұмыстар да қалмақ
халқының этногенезінде қазақ халқының өкілдері де қатысқандығы туралы
қорытынды жасауға мүмкіндік береді [18, 78]. Қалмақтардың этникалық
құрамындағы түрік компоненттері ойраттар мен қалмақтардың түрлі түріктілді
этностармен байланыста болғандығын көрсетеді. Өз кезегінде, моңғол және
ойрат-қалмақ этникалық элементтері түріктілді халықтардың этникалық
құрамында болған, сонымен бірге, әсіресе, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. түрік этногенезіне
қатысқан.
Қазақстандық тарихшылардың екі халық арасындағы өзара байланыстар
Қазақстан және Орталық Азия тарихы атты еңбекте де орын алған. Ойраттар
мен қазақтар арасында экономикалық, сауда, мәдени байланыстар болғандығын
жазады. Авторлар осындай байланыстардың болуы тілге, мәдениетке, сат-
дәстүрлерге, тіпті үй шаруашылығындағы бұйымдарға да өзіндік ізін қалдырған
деген қорытынды жасайды. Олар түріктер мен моңғолдардың этномәдени
жақындығына, шамандық түсініктердің бірлігіне назар аударады [23]. Шынында
да, қазақтар тәрізді, жоңғарлар да күнге, айға, отқа табынған [24]. Қалмақ
тұрмысының білгірі П. Смирнов 1852 ж. мақаласында былай деген: Калмыки
почитают солнце и луну за особенные дары милосердия к людям богов. Солнце
оплодотворяет и оживляет землю, оно источник всего... Но самое солнце очень
далеко, видимый знак его на земле-огонь. А потому огню, как эмблеме солнца,
калмыки приносят жертву [25, 265].
Қазақтар мен жоңғарларда тәңірі деген ұғым бар. Бұл ұғым екі халықта
да бірдей айтылады.
Зерттеуші М.Х. Әбусейітова халықтар өнері мен наным-сенімдерін талдай
келе, олардың ұқсастығын айтады. Зерттеуші А.И. Мұхамбетова тәңірлік
күнтізбелікті зерттеуге арналған еңбегінде қалмақтарда жаңа жыл барыс
айынан басталып, европалық күнтізбеліктің қараша айына сәйкес келетіндігін
айтып, екі халық арасындағы 12 жылдық күнтізбенің ұқсастығын алға тартады
[26].
В.Т. Сарангов Калмыцкие волшебно-героические сказки атты
диссертациясында: По сюжетно-композиционной структуре калмыцкая сказка
Эрке Билдер близка к казахской сказке Ер Тостик. Герои этих сказок,
расправившись с врагом в нижнем мире, выбираются на верх с помощью
волшебной птицы [27, 11] деп, екі халықтың ертегілерінің ұқсастығына назар
аударады.
Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті сұлбасының
қалыптасуында қазақ-жоңғар факторының өзіндік із қалдырды. Сондықтан да
бүгінде отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне айналған қазақ-жоңғар
қатынастарында орын алған бейбіт, сауда-экономикалық, мәдени байланыстарды
зерттеу маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қазақ-жоңғар байланыстарында орын алған этномәдени
үрдістерді зерттеу, зерделеу. Тарихи, этнологиялық және археологиялық
деректер мен материалдарын талдау негізінде, қазақ-жоңғар мәдени
байланыстарының тұтас бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей нақтылы міндеттер
қойылды:
- қазақ және жоңғар халықтарының салт-дәстүрлерін жан-жақты қарастыру;
- қазақтар мен жоңғарлардың рухани мәдениетін зерттеу, зерделеу;
- шаманизм, тәңіршілдік негізінде сенімдер мен ғұрыптардағы ортақ
генетикалық тамырларды қарастыру;
- көшпелі өмір салтына негізделе отырып, қазақтар мен жоңғарлардың салт-
дәстүрлеріндегі ерекшеліктер мен ұқсас элементтерді көрсету;
- қазақ-жоңғар қатынастарында орын алған аккультурацияның себептері мен
салдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны: қазақ-жоңғар халықтарының әдет-ғұрыптарындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтар болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні – қазақ-жоңғар халықтарының мәдениеті.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі мен зерттеу әдістері. Тақырыпты
жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазіргі кезеңде қалыптасқан
объективтілік және сыни зерделеу принциптері басты ұстанымда болды. Зерттеу
жұмысының әдістемелік негізі – тарихилық пен жүйелілік болып табылады.
Этнологиялық зерттеудегі бірден-бір тиімді жолы ретінде проблемалық-
хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық, компонетті талдау, лингвистикалық,
контент-анализ және семантико-стилистикалық әдістер қолданылды. Әсіресе,
салыстырмалы мәліметтерді жүйелеу екі ел арасындағы байланыс пен оның әсері
салдарынан туындайтын нәтижелерді анықтауға негіз болды. Сонымен қатар,
кеңестік этнология мектептерінің ірі теоритиктері Ю.В. Бромлей, Э.С.
Маркорян, С.М. Абрамзон, С.А. Токарев, С.А. Арутюнов, М.Г. Левин, К.В.
Чистов, Н.Н. Чебоксаров, В.И. Козлов, М.В. Крюков және отандық Х.А.
Арғынбаев, М.С. Мұқанов, У.Х. Шәлекенов, Ә.Т. Төлеубаев, Ж.О. Артықбаев,
С.Е. Әжіғали, Н. Әлімбай қатарлы ғалымдардың еңбектеріндегі этнос теориясы,
мәдени-шаруашылық-нысан, этникалық үрдістер, этникалық топтар жөніндегі
теориялық қағидалары мен тұжырымдары зерттеу жұмысының әдістемелік арқауын
айқындауға негіз болды.
Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу барысында Орталық Мемлекеттік
мұрағат қорларын, Қарағанды облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекциясының мұрағат материалдарын, патшалық Ресей, Кеңес
үкіметі және тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы жарық көрген қазақ-жоңғар
қатынастарына байланысты монографияларын, мақалаларын және орыс, монғол,
қытай және қалмақ деректерінің мұрағаттық жинақтарын пайдаланған.
Диссертант қазақ-жоңғар байланыстарына қатысты Қазақстан, Ресей, Монғолия
және Қытай ғалымдарының, этнологтарының күнделіктерін, олардың
экспедицияларының есептері мен еңбектерін зерттеу жұмысында қолданған.
Аталмыш мәселе жөніндегі ортағасырлық авторлардың Өтеміс қажы, Рашид-ад-
Дин, М.Х. Дулати, Қ. Жалайыри; авторы мен уақыты белгісіз Шара Туджи
жылнамасы және қалмақ емшісі Габан-Шараб (1739 ж.), қалмақ ақсүйегі Батыр-
Убаши-Түмен (1819 ж.) жазбаларындағы, жылнамаларындағы мәліметтер қаралады.
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ халқының тарихындағы ерекше кезең болып саналады.
Осы дәуірдегі ақындар мен жыраулардың шығармалары, олардың қатарына Бұхар
жырау, Ақтамберді, Үмбетай, Тәтіқара, Қожаберген жырау, т.б. фольклорлық
және шежірелік деректер барынша қамтылған.
XVIII ғ. 30 жылдарынан бастап қазақ даласымен жүрген әртүрлі саяхатшылар
мен патшалық Ресейдің әскери, ғылыми экспедиция жорықтарына қатысушылар
жазбаларында өлке тарихына қатысты құнды мәліметтер қалдырған. Қазақстанның
аталған кезеңі жөнінде революцияға дейінгі тарихнамасын шартты түрде екі
негізгі бағытқа бөлуге болады: академиялық және практикалық. Екі бағытта
әдістемелік ұстанымдарының бірлігімен ерекшеленеді. Олардың қатарында Г.Ф.
Миллер, П.С. Паллас, А.И. Левшин, Я.П. Гавердовский және т.б. Ал
практикалық бағытын лауазымды адамдар құрайды: шекаралық әкімшіліктің
шенеуніктері және әскери адамдар, солардың қатарында П.И. Рычков, И.Г.
Андреев, Н. Рычков т.б. және В.В. Радлов, В.В. Бартольд, Н.Н. Пальмов, С.
Королев, П.Смирнов, В.М. Бакунин, Н.Я. Бичурин, И.Г. Андреев, В.В.
Вельяминов-Зернов, Г.Н. Потанин еңбектері пайдаланылған. Ш.Ш. Уәлиханов,
М.Ж. Көпейұлы, Қ. Халид, Ш. Құдайбердіұлы еңбектері зерттеу жұмысында жан-
жақты пайдаланылып, талдау жұмысы жүргізілген.
Монғолтанушылар: К.Ф. Голстунский О.М. Ковалевский, А.В. Попов, А.М.
Позднев, Б.Я. Владимирцов, В.П. Васильев, Д.Б. Банзаров, А.А. Бобровников,
Г. Гомбоев, Г.Д. Санжеев, Ц.-Д. Номинханов, Д.А. Павлов, П.Ц. Биткеев, А.В.
Бадмаев, Г.Ц. Цюрбиев, Н.С. Яхонтова, Б.Х. Тодаева және т.б. ресейлік
ғалымдар; Монғолияда Б. Ринчен және Ш. Лувсанвандан, Х. Лувсанвандан, Г.
Жамъян, Ж. Цолоо, Ц. Шагдарсурэн, Ц. Унэрбаян, О. Самбуудорж, Ц. Баярсурэн
және т.б.; Қытайда Х. Чойхинжав, Т. Бадма, Т. Джамца; Батыста Г.И.
Рамстедт, Д. Кара, Дж. Крюгер, Н.Н. Поппе сынды ғалымдардың монографиялық
зерттеу жұмыстарын жұмысты жазу барысында тиімді қолданылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ-жоңғар халықтарының салт-дәстүрлерінің
ұқсастықтары мен айырмашылықтары мәселесі тұрғысынан тұңғыш зерттеуге
талпынған тың ғылыми жұмыс болып табылады. Зерттеудің деректік негізін
құрайтын мұрағаттық құжаттар негізіндегі жинақтар, фольклорлық, тілдік,
монографиялық, бүгінгі күнге дейін қордаланған баспасөздік мәліметтер
мейлінше қамтылып, сараланып отыр.
Ғылыми-тәжірибелік құндылығы, қолданыс салалары. Жұмыстың нәтижелері
зерттеулердің негізгі бағыттарын нақтылауға және анықтауға, түркітілдес
халықтардың этномәдени әрекеттесулер облысының таным шекараларын кеңейтуге
мүмкіндік береді. Зерттеудің теориялық маңызы ұлттық этнографияны қазіргі
заман талаптарына сай жоғарғы деңгейде дамыту қажеттілігімен айқындалады.
Жұмыс Қазақстан этнографиясымен шұғылданушылардың қызығушылығын тудырады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы қазақ халқының көрші халықтармен
арадағы мәдени байланыстарының дамуы мен бекуіне; мемлекеттер аралық саяси,
экономикалық және мәдени ынтымақтастықтардың дамуына бағытталған.
Зерттеудің материалдары мен қорытындыларын мәселенің әрі қарай
зерттелуінде, сонымен қатар оқытушылық жұмыста: дәрістер (Қазақтар
этнографиясы, Қазақтардың көшпенді өркениеті және т.б.) және қазақтар
мен жоңғарлардың этникалық тарихы, дәстүрлі мәдениеті бойынша арнайы
курстарды оқу барысында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі негізгі бөлім,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде
тақырыптың өзектілігі, пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, мәселенің
зерттелу деңгейі, жұмыстың әдіс-тәсілдері, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік
маңызы негізделеді.
Негізгі бөлімде дипломдық жұмыстың мәні мен атқарылған жұмыстың
нәтижелері қарастырылады.
Қорытындыда қазақ-жоңғар халықтарының салт-дәстүрлерінің ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын анықтау тұрғысынан зерттеудің маңыздылығын
куәландыратын негізгі мәндер айқындалып, дипломдық жұмыста қозғалған
мәселелерді өңдеу қорытындылары тұжырымдалады.
1 Қазақ-жоңғар халықтарының дәстүрлі қоғамдық қатынастарға қатысты салт-
дәстүрлер
1.1 Қазақ-жоңғар халықтарының қоғамдық қатынасқа байланысты салт-дәстүр
түрлері
Әрбiр этноәлеуметтiк ұйым қоғамдық қатынастардың белгiлi жүйесiнен
құралады. Егер этносты тұтас бiр ұйым, жанды дене деп қарастырсақ
оның әр мүшесiн бiр-бiрiмен байланыстырып тұратын қан тамырлары деп
қоғамдық байланыс түрлерiн танимыз. Қоғамдық байланыс түрлерi саяси,
шаруашылық, рулық құрылым сферасымен шектелiп қалмасы анық.
Этнос сияқты күрделi организмдi бойлап толып жатқан байланыс соқпақтары
өтедi. XVIII ғ. тарихи деректерi қазақтарды қатал мiнездi, жауынгер
халық есебiнде суреттейдi. Олар өздерiнiң көршiлерi - башқұрт, түркiмен,
өзбек, қалмақ елдерiне бiр сәтте тыныс бермей үздiксiз соғысумен,
жауласумен болады.
Ерте уақытта қазақтар ең жауынгер ел саналған. Қазiр жоңғарлар
жойылғаннан кейiн бұлардан көп және күштiсi жоқ. Олар ешқашан ешкiмге
де алым-салық төлеп көрмеген деп Рычков пен Тевкелевтiң жазуы да сол
себептi [1, 577]. Дегенмен осынау ел сыртқы қаталдығына қарамастан iшi
жылы, қонақжай екенiн талай деректерден көремiз. Георги Өз ара
араласқанда және шет елдiктермен сыпайы емес, бiрақ тамағын бередi, жылы
қабылдайды... қонақтың алдына қолда бар ең жақсы асын қояды, ылғи да қой
сойып бес бармақ пiсiредi. ...Егер шет елдiң адамы даңқты, немесе байлығы
белгiлi қазақтың бiреуiмен достасса, сыйластығы арқылы Ордада әскери күзет
ертiп жүргеннен көрi мығым және қауiпсiз. Қалай дегенмен де күзет әскерi
көп аламанға не iстей алады. Егер қазақтардың бiреуi шет елдiк менiң
тамырым десе болды тонаушылар сол сәтте тиыла қалады. Қазақтың бiрi
осылай қамқорлық жасаймын десе оған сенуге болады. Орыс көпестерi,
әсiресе татарлар осыны пайдаланып Бұқара, Хиуа және басқа өлкелерге
өте табысты саяхаттар жасайды дейдi [2, 134].
Қазақтың XVIII ғ. басындағы бiр аңызы бойынша қара қалмақтың бiр нояны
Алдияр батырға бейбiт келiсiмге келу үшiн қонақ болады. Осы хабарды
Алдияр батыр Тәукеге бiлдiредi. Хан болса ноянды өлтiрмек болып
дайындық жасайды. Алдияр батыр өзiнiң қонағын ұстап беруге көнбейдi. Тәуке
көп әскермен келiп Алдиярмен соғысады. Осы соғыста Майлан, ажалың әлде
қайдан делiнетiн Алдиярдың кенже iнiсi Майлан батыр қаза табады. Хан
әскерiнiң бетiн қайтарып, келесi күнi ноянды елiне аман аттандырып салған
екен деседi. Тарихшы М.Тынышпаев бұл оқиға байланысты жоқтау өлең
болғанын жазады:
Ұзын ағаш, Төйкеде келдi қалмақ,
Хан Тәуке басып барып, басын алмақ.
Келмегiрдiң қалмағы қайдан келдi,
Екi қазақ соғысып Майлан өлдi [3, 221].
1755 ж. Батырша көтерiлiсiнен кейiн башқұрт елiнiң бала-шағасы Табын,
Жағалбайлы елiнiң шегiне ендi. Қазақ руларынан қоныс сұрап, ақ үйлi деп
қыз берiп құда болысты, қазақтар Ресей қаруынан қашып келген елге жәрдем
жасады. Бiрақ Нұралы бастаған төрелер, Кiшi жүздiң басқа рулары И.
Неплюевтiң ұсынысымен башқұртты олжа қылмақшы болды. Қазақтың екi әскерi
бiр-бiрiмен төрт күн бойы соғысты. Екi арада 15 адам қаза тапты, 100-ден
аса адам жараланды. Тек осыдан кейiн ғана хан тобы бастаған олжақұмар
төлеңгiттер мен рулар башқұрттарды тонай бастады. Бұл оқиға да жоғарғы
мысалдың нақтылығын дәлелдесе керек.
Егер екi елдiң арасындағы қатынас шынайы, немесе антты қатынастар
болса, онда бiр-бiрiн қайткен күнде де сақтауға тырысады. Бiздiң ойымызша
жоғарыда баяндалған жағдайлар қоғамдық байланыстың ең жоғары деңгейiне
жатса керек.
XVIII ғ. қазақ қоғамы қарама-қайшылықтарға толы болды. Бiр қарағанда
ұлан-байтақ даланың әр өңiрiнен талан-таражға түсiп жатқан сауда
керуендерiн, өмiрi сағат санап қыл үстiнде тұрған елшiлердi, әр ұлттан
алынған, қазақтың әрбiр байының есiгiнде жүрген көптеген құлдарды көремiз.
Екiншi жағынан қазақ ауылдарында айлап жататын елшiлер, мал жоғалтқан,
сауда жасаған болып толып жүрген тыңшылар, тұтқынға түскен туысқандарын
iздеп жүрген көршi ұлттардың адамдары. Жат жұрттыққа, немесе өз
қандасына деген көзқарас алдымен қоғамдық болмыстың ерекше табиғатына
байланысты қалыптасады.
Iшкi қоғамдық байланыстың қалыптасқан дәстүрлi дәнекерi - қонағасы
жолы. Аңыз бойынша кез келген жолаушыға тегiн, ақысыз-пұлсыз тамақ беру,
қондыру қазақтың арғы бабасы Алаштан келе жатқан мирас. Алаш қартайған
уақытта қолындағы малын үш ұлына бөлiп берiп және өзiне бiр бөлегiн алып
қалыпты. Кейiннен үш жүздiң басы болған ұлдарына айтқан екен: мына
бөлiнген мал әркiмнiң өз еншiсi, бiрақ сендердiң бар кәсiптерiң мал, қалаң
мен базарың жоқ, тамағыңды өзiңмен бiрге алып, қанжығаңа бөктерiп жүре ал
майсың. Сол себептен менiкi деген бөлiктi тағы да үшке бөлiңдер,
бiрақ ол бөлiнбеген еншi деп аталсын. Бiрiң-бiрiңдi жолаушылап
жүргенде қонақтай күтiңдер, төсек-тамақтарың сатылмасын. Осылай деп
аталары өсиет айтқан соң қазақ баласы өз қандасын қай жерде болса да
бөтенсiмейдi, ортақ еншiм бар деп үйiне батыл кiредi. Жолаушы ауылға
жаяулап, сыртынан жақындауы керек. Үйге таяп келiп, сөйлесетiн кiм бар-
ау? деп дауыстауы қажет. Үй иесi бастап табалдырықтан озғанда қару-жарағы
болса босағаға сүйеп кетедi. Осы талаптар тұрғысынан келген адам қазақ
үйiнен қашанда қонақасысын жейдi. Егер шаңырақ иесi дұрыс қарсы алмаса
жолаушы сол елдiң биiне, не ақсақалына арыз айтуға хақылы. Ол жағдайда
ат тон айып кесiледi. Жолаушы ауылға жолды бұзып келсе оның тартар сыйы
тағы бөлек ол не ауылдан қуылады, не өзi айып тартады.
Қазақ iшiнде XVIII ғ. таза қалпында сақталған ортақ еншi тәртiбi өте
қатал әлеуметтiк өмiрдiң ережесi. Бұл құбылысты әлеуметтiк байланыс
түрiнде қарастырсақ теңдессiз дүние. Руына, жүзiне, ұлысына, атасына еш
көңiл бөлмей, тұтас қазақ, немесе жалпы Алаш елiн бiр алтын дiңгекке
байлайтын құбылыс. Әлеуметтiк жағынан бай демей, кедей демей барлық
қазақты тең ұстайтын, тең мүмкiндiк беретiн, кедейдi байдың төрiне
шығаратын, байды кедей үшiн шығынға қалдыратын әлеуметтiк ортаны
қалыптастыратын қағида. Әрине, кез келген әлеуметтiк құбылыс сияқты ортақ
еншi түсiнiгi де ең алдымен шаруашылық ағымынан туындаған көшпелi елдiң
өзiне ғана тән қасиетi. XVIII ғ. хандар мен сұлтандардың нөкерлерiмен ел
аралуы және елден сый-құрмет талап етуi жиi кездеседi. Бұл құбылысты
белгiлi дәрежеде халық пен ақ сүйек арасындағы қалыптасқан билiк
пен бағыныштылық қарым-қатынастарының құралы деп есептеуге болады. Елдiң
жеткiлiктi сый-құрмет көрсетуi бағыныштылардың сенiмдiлiгiнiң айқын
белгiсi, кепiлi.
Әлеуметтiк өмiрде ел басшысының дастархан үстiндегi мезi ретi де көп
мағына бередi. Хан, немесе сұлтан, ұлыс иесi билер өзiмен дастархандас
адамдардың бәрiне ет асатуы қажет, егер бiр адам ондай құрметтен тыс қалса,
ол ел иесiнiң өкпе-назының, наразылығының тура көрiнiсi. Хан өзiнiң
дәстүрi бойынша табақтан қолымен ет алып, өз орынынан ел басшыларын
шақырып асатты, олар орнынан қозғалып, ауыздарын ашып табаққа
жақындады. Егер кiмде кiмге хан ет асатпаса ол адамның ханға жағымсыз
болғаны, ханның қаhарын төгiп отырғанының белгiсi делiнедi Қ.Тевкелев
жазбасында [4, 70].
Ел басшысына сый сәтiне қарай берiледi. Хан Тәуке өз Ордасының алдында
қалың елдiң ортасында отырды. Отырғандардың iшiнде Алдияр батырды
сыртынан күндеп, ханға жамандап жүргендер де болды. Алдияр батыр
амандасып ханның оң тiзесiн баса жайғасты. Сол кезде құрт пен май
теңделген екi-үш түйе көрiндi. Оларды Алдиярдың адамы жетелеп келе жатыр
едi, батыр мен оларды жұртқа таратайын деген жоқпын, ол ханға арналған,
баста түйелердi Ордаға деп айғайлады делiнедi ескi аңызда [5, 220]. 1740
ж. Керей руы ұлыс сұлтаны қылып Әбiлқайыр баласы Ералыны сайлаған.
Әбiлмәмбет бұрын өзiне қарап тұрған осы руды қайта қолға алу үшiн
төлеңгiттерiн жiберiп жүз жылқыны айдатып алды. Жылқысын қайтаруды
өтiнiп келген керейлерге хан ұлыс басшысы қылып ұлы Болатты алуды талап
еттi. 1743 ж. жазда осы мақсатпен керей iшiне хан өзiнiң ұлы Болатты
ертiп барады. Бұл оқиға да әлеуметтiк жағынан байланыс қатарына
жатпағанымен ақ сүйек пен жалпы халық арасындағы қарым-қатынастың бiр түрi
деп қабылдауға болады. Iрi рулар өз бетiмен ұлыс сұлтанын таңдауға құқылы,
ханның билiгi шектеулi, қоғамдық пiкiрде екi әлеуметтiк топты бiр бiрiмен
жарастырып тұрған қатынас жоқ.
XVIII ғ. деректерi қазақтар өздерiнiң белгiлi адамдарына өлгенде ұлан-
асыр ас беретiнiн жазады. Л. Гавердовский өз жазбаларында Кiшi жүздегi
Жанбай батырдың асы туралы толық мәлiмет бередi. Осы рудың көптеген
атақты қазақтары және басқа рулардан шақырылғандар Жанбай батырдың
бейiтiне жиналып саны 300-ге жеттi (кейде ол мыңнан да асады).
Марқұмның ұрпағы бұл жерге сойысқа мал айдап әкелдi, әсiресе
құрбандыққа арналған ақ боз ат марқұмның құрметiне бейiттiң алдында асылды.
Бақсылар ақ боздың қанын молаға шашты, өнерпаздар сыбызғы ойнап марқұмның
ерлiктерiн жиналған жұртқа паш еттi. Жиналған жұрт бәйгеге, күреске, алтын
қабақ атуға қатысты, соңғысына әйелдер де, әсiресе қыздар белсене
қатысты. Жеңiмпаздар марқұмның туыстары тарапынан жылқы немесе басқа да
сыйлықтар алды. Ойындар бiтiп, тамақ пiскенде жұрттың бәрi асқа отырды,
ол түн ортасына дейiн созылды. Осы сәттi пайдаланып әр түрлi ру
басшылары, қазақтар ел шаруасын талқыға салып, дау-шарын билiкке тартып,
бiрi-бiрiнiң көңiлдерiн тапты, сол себептi бұл бас қосу қоғамдық пiкiр
таласқа айналып кеттi, онсыз қазақта ештеңе болмайды [6, 161-162].
Асқа адам көп жиналу үшiн марқұмның ұрпақтары жиынды жазда өткiзедi,
шөптiң шығуына, малдың семiруiне қарайлайды. Ас иесiнiң әлеуметтiк
жағдайына қарай алдымен алыс-жақын елге сауын айтылады. Шамасы келген ру
жүз iшiне, кейде үш жүзге арнап толық сауын айтады. Әрине, мұрагер
байлығы деген байлық шартты ұғым, басты шығынды ағайын-туған, болмаса
тұтас ру көтерiп алады. Сол себептi ру, немесе рулар бiрлестiгi
асқа байланысты өткiзiлетiн бүкiл қоғамдық тiрлiкке жауапты. Ал ас
жоғарыда ескертiлгендей қоғамдық шаруаның қайнап тұрған қазаны.
1781 ж. қазақ елi Абылай ханның асын бердi. Ас көктем айында Қызылжарға
жақын Қараой деген жерде өткiзiлiптi де, оған үш жүздiң баласы тегiс
жиналыпты. Оның iшiнде белдi-белдi сұлтандары да, ру көсемдерi де
болғанға ұқсайды. Елдiң жалпы саны 5 мыңнан астам деген дерек бар.
Бәйгенiң зорлығы сол - 40 атқа сый тiгiлген. Астың қоғамдық
функциясының маңыздылығын бiз осы тойға жиналған қазақ басшыларының
Абылайдың орынына үлкен ұлы Уәлидi хан сайлауынан-ақ көремiз. Жетi күн
бойы игi жақсылар қазақ Ордасының басындағы келелi мәселелердi талқылап,
пiкiр алмасты. Хан сайланған сәтте хан талапайлап Уәлидiң дүние-мүлкiн,
киiм-кешегiн тәбәрiкке алды. Кейiннен соның орынын толтырып үйiрлеп
жылқы атады, хан киiмiн кигiздi, ақ боз үйге түсiрдi, ақ боз атқа
мiнгiздi. Абылайдың асында болған бiр ерекшелiк мұрагерлер әдейiлеп
Ташкенттен ғұлама молдаларды алдырды, яғни қазақтың дәстүрлi асы,
iсләм дiнi тарапынан қолдау тауып жаңа мазмұнға ие бола бастады.
Ас қоғамдық байланыстың ең жоғары деңгейi деп есептеуге болады. Бiрнеше
ру, немесе ұлыс, тiптi қазақ баласы түгел бас қосқан бұл жиындарда көшпелi
елдiң iшкi-сыртқы қоғамдық мәселелерi түгел талқыланады, өз шешiмiн
табады. Ас иелерiнiң әлеуметтiк статусы өсiп, немесе одан әрi бекiп ата
балаларының, рудың қоғамдық рейтингi жоғарылайды. Пәленше атасына дұрыстап
ас берiптi деген марапат сөз ақ иелерiнiң ел шаруасына белсендi
араласуына, тұтас рудың ас өткiзушi есебiнде мәртебесiнiң көтерiлуiне,
келелi кеңестерге батыл баруына, төрден орын алуына әсер етедi. Яғни, ас
дегенiмiз әлеуметтiк құрылымның өзiндiк реттегiшi. Бұл жағынан ас
дәстүрiне тек XVIII ғ. кездесiп қалатын шүлен тарату ғана тең келуi
мүмкiн. Соңғысы адам өлiмiнсiз-ақ күнделiктi өмiрде жеке басқа, руға
тиесiлi малдың бiразын жоқ-жiтiк, кем-тар, көршi-қолаң, кездейсоқ жолаушыға
бөлiп беру арқылы iске асады. Мұндай жомарттық тек аса бай адамдардың
қолынан келетiн болған соң шүлен таратуды сирек кездестiремiз. Дегенмен
XVIII ғ. тарихы үшiн тән құбылыс. Шүлен тарату да белгiлi дәрежеде тек
мырзалық белгiсi емес, қоғамдық байланыстарды реттеушi, нығайтушы фактор.
Қазақтың жеке ұлыстарына, одан жоғары жүз, тiптi қазақ елiне тұтас
қатысты қоғамдық байланыс түзушi дәстүрдiң бiрi - аманат беру немесе
аманат алу. Қазақ елi қашанда көршi ұлыстармен ара қатынаста аманатсыз
жүрмеген. Әбiлқайыр 1743 ж. патшаға қазақ Алаша ханнан бергi заманда
қалмақпен де, қызылбаспен де, басқа хандықтармен де бейбiт шарттарға
отырған, бiрақ аманат бермеген дей келiп ру басыларының хан баласын
орыстар аманатта күзетпен ұстайды, ендеше ол ханға сенбегендiгi деп айтып
жүргенiн мәлiмдейдi [7, 291]. Әбiлқайыр балаларының қатты ұсталғаны рас,
бiрақ қазақ аманатты ертеден берi бiлетiнi анық. 1726 ж. Әбiлқайыр мен
Сәмеке хандар, Барақ пен Есiм сұлтандар бастаған 10 мың қазақ әскерi Едiл
қалмағына тидi. Тайшы Лобжының ауылдарын шауып мол олжа түсiрiп қайтып
келе жатқан қазақтар Жайыққа жетпей қалмақ тосқауылына кезiктi. Жалма-жан
түйе қорған жасаған қазақтар төрт күн бойы қалмақты жақындатқан жоқ, тек
бесiншi күн дегенде екi арада келiсiм жүрдi. Қазақ қосыны қолдарына түскен
бүкiл мал-жанды қайтарды, алпыс адамды аманатқа қалдырды, хан-сұлтандар ант
айтып, жан бердi. Шарттың негiзгi мазмұны - осы жылы туған жас бала ат
жалын ұстап мiнiп, иегiне сақал шығып, қолына садақ ұстағанға дейiн
жауласпау. Осы уағданы бекiтiп қазақтар ақ үйлi аманат бердi.
Аманат туралы деректердi қазақ-орыс қарым қатынастарынан да жиi
кездестiремiз. Қ.Тевкелевтiң бодандық туралы миссиясының бiр нәтижесi
Әбiлқайыр балаларынан аманат ұстау. Қазақ түсiнiгiнде Ералы сұлтан бастаған
Кiшi жүз елшiлiгiнiң патша сарайына 1732 ж. күзде аттануы аманат
есебiнде қабылданды. Көшпелi түркi-мұңғыл халықтарының арасындағы
аманат қашанда еркiн жүредi. Аманат мәселесiнiң мемлекетаралық
қатынастардың институты екенiн 1742 ж. күзде болған оқиғалардан аңғарамыз.
Осы жылы Ор бекiнiсiнде болған кездесуде Әбiлқайыр аманат ауыстыруды талап
еттi. Қожаақметтiң орынына Шыңғыс сұлтанды бермек болды. Бiрақ қазақ хан-
сұлтандарының шежiрелерiн, туыс-туғанын жақсы бiлiп алған Ресей
әкiмшiлiгi Шыңғысты аманатқа алудан бас тартты. Себебi: Шыңғыс Әбiлқайырдың
қалмақ әйелiнен туған ұлы. Ол әйелдiң ордада ешқандай орыны жоқ, Шыңғыс
шешесiмен бiрге орыс қолында өлсе де оны хан жоқтамайды. Шыңғысты
бергеннен кейiн ханды тоқтату, тежеу қиын. И. Неплюев Қожақметтiң
орынына бәйбiшеден туған Айшуақ пен Әдiлдiң бiрi берiлсiн дедi. Бұл
келiспеушiлiк бiрде баяу, бiрде қатты 1748 ж. дейiн, яғни Әбiлқайыр өлгенге
дейiн созылды. Бұл қатынастың екiншi бiр қырын 1747 ж. оқиғалардан
көремiз. И.Неплюев Барақ сұлтанды Әбiлқайырға қарсы пайдаланудың жоспарын
жасап, сұлтанның немере iнiсi Ескендiрдi Санкт-Петербургке жiбердi.
Кейiннен Ескендiр мен М. Араповты жұмсап Барақ сұлтаннан ақ үйлiнi
сұрады. Сұлтанның елшiлерi, немере iнiсi бастаған көштi жолға шыққанына
алты күн болғанда қаракесек Бекболат Қазыбек ұлы қырық адаммен тоқтатып
Ресейге ақ үйлiнiң берiлмеуiн талап еттi, ол Ескендiрдi де, Барақты
да қарақшы деп атады, әсiресе ақ үйлi үшiн қатты сөктi, оның айтуынша ақ
үйлi қасиеттi, оны бергеннен кейiн ел де басы бүтiн бодан болуы керек,
солай дей келе И.Неплюев атына жаман сөздер айтты [8, 360].
1742-1743 ж. Жоңғария мен Қазақ Ордасы арасында тығыз байланыс пайда
бола бастады. Әуеле Абылайды тұтқыннан босату керек болғаны мәлiм, кейiн
келе қазақтар қара қалмақтан Түркiстан қалаларын сұрады. Осы мәселелердiң
шешiмi тағы да Ақ үйлi аманатқа байланысты. Алдыменен, аманатқа
Әбiлмәмбет баласы Әбiлпейiз аттанды. Әбiлпейiздi қалмаққа жеткiзген
Малайсары мен Нияз батыр көп сыймен оралды, Абылай да қазаққа қайтып
келдi. Малайсары мен Абылайға Қалдан Серен той жасап қыздарын ұзатты.
1743 ж. Қалдан Серен Әбiлпейiздiң орынына Барақ баласы Шығайды сұрап
елшi жiбердi. Қазақ Ордасы 1744 ж. көктемiнде Жоңғарияға Шығаймен қоса
қаракерек найман батыры Жарылғапты жiбермек болды. Қонтайшыға сый
ретiнде ел ақ сұңқар құс, құмай тазы жинады. 1747 ж. деректерден Барақ
сұлтанның қалмақ елiне арнап тартуға 60 жорға дайындағанын бiлемiз. Бұл
сыйлықтардың бәрiн тұтас ұлыс елi болып дайындағанын аңғаруға болады.
Аманат қашанда елдiң сыйлы басшыларынан алынады. Он шақты үй бала-
шағасымен қоса аманатқа барады. Олардың өмiрi ұлыс елiнiң амандығына
кепiл, сыртқы елде аманаты бар ру қашанда өз iсiне сақ, жауапты болады.
Аманат қабылдаған жақ та мойынына үлкен жауаптылықты артады. Қазақ бұл
дәстүрдi аманат сақтау деп атайды. Аманат алысқан екi ел бiр-бiрмен тату-
туыс болып кететiнi де осындай жағдайларға байланысты болса керек.
Қалдан Серен Әбiлпейiз аманатқа келгенде Текес өзенiндiгi ұрғасынан
қазақтың 35 тұтқынын болатты. Шығай аманатта болып ендi елiне қайтарда
Жарылқап екеуiне екi қыз бердi. Осы сияқты толып жатқан деректер қазақ
елiнiң қоғамдық тiршiлiгiнде аманат алмасу көп орын алатынын
көрсетедi. Бiрiншiден, аманат беру тұтас бiр елдi қамтып, оның шығынын
көтеруге, жауаптылыққа тәрбиелесе, екiншi жағынан екi елдiң арасын
бiтiстiрiп, бейбiт тiршiлiкке мұрындық болады. Аманаттың қайтарылуы
қашанда сырт оқиғаның шиеленiсiне әкеледi.
1745 ж. қалмақ ұрғасы қазақ аманаттарын қайтарды. Осыған байланысты
қазақ жағы ендi соғыс басталып кетпесе игi едi деп қауiп күттi.
XVIII ғ. екiншi жартысында мұрағат деректерiнен қазақтың хандары мен
сұлтандары өздерi сырт елдерден аманат ала бастағанын көремiз. Оның бiр
дәлелi Абылай хан бастаған қазақ әскерiнiң 1770 ж. Алатаудың қырғызына
жасаған жорығы. Қалың әскер ауыр шайқастарда кейiн қырғыз елiнен
бейбiтшiлiктiң кепiлi деп белгiлi манаптарының балаларын от басыларымен
аманатқа алды. Бұл оқиғадан ертеректеу Барақ сұлтанның Сыр бойы
қарақалпағына шабуыл жасап он үй аманат алғанын бiлемiз.
XVIII ғ. қоғамдық-саяси тiршiлiкте кездесетiн тағы бiр дәстүр ант
қабылдау. Қазақи ауыз әдебиетi үлгiлерiнде оны серт деп те атайды. Ант -
уағданың ең ауыр түрi қатарына жатады. Оны қабылдау ақ қасқа, көк қасқа
сойып, бауыздау қанына уағдаласушы жақтар бармақтарын малумен,
қорамсадан оқ ауыстырумен қатар жүредi. Ресей мен Қазақ Ордасы арасында
1740, 1742 ж. одан бертiн патшалар ауысқан кезде талай рет ант қабылдау
ресiмi болып еттi. Қазақты iсләм елдерiнiң қатарына қосатын патша
үкiметi бұл анттарда құран оқытып, қасиеттi кiтаптi сүюдi талап еттi.
Қазақ түсiнiгiнде ант қабылдаудың жүгi ауыр У iшкеннiң бiрi өледi,
ант iшкеннiң мыңы өледi деп айтылады. Немесе ант iшкеннiң үйiне барма
айрандай жұғады делiнедi. Екi жағдайда да ант ұғымы өте қасиеттi.
Қоғамдық байланыстың жаугершiлiкке қатысты түрлерi болғанына еш шүбә
жоқ. Бұл ертеректегi қарауыл төбелер, жау мұндалап тұратын мұнаралар,
XVIII ғ. қатысты деректерде айтылатын әскердiң ортақ белгiсi - иыққа,
жауырынға тiгiлген бiр түстi шүберек белгi, ортақ ұран, жау байрақ
т.б. көптеген символдарды қамтиды. Қоғамдық байланыстың дәнекерi деп әр
түрлi деңгейлердегi ру ұрандарын, таңбаларын, ру көсемiнiң фигурасын
есептеуге болатын сияқты.
Ал ұлыстық, немесе ұлттық бас қосуларда тұтастық символы болып хан,
ханның көтерген туы, ханның ұранын естимiз. Қазақ түгел бас қосқан
жиындарда әрине шақырылмайтын аруақ, көтерiлмейтiн ту болмайды. Орта Азия
көшпелiлерiнiң ортақ ұраны алаш та осы жиындарда шақырылса керек.
Қазақ қоғамының жәй-жапсары жыл сайын, немесе әр маусымда өткiзiлiп
отыратын үш жүз баласы бас қосқан мәжiлiстерде талқыға салынады. Жетi
жарғы жиынның үш жүз баласына бiрдей ыңғайлы жерде, күз айында өтуi
керек деп талап етедi. Көшпелiлер жолы бойынша жиынға келген әр азамат
қару-жарағын сайлап келедi, қарусыз келген адамға жастар жолын бермейдi.
Саяси тұрғыдан байланыстың бұл түрi қоғамды ауыз бiрлiкке, тұтастыққа,
қалыпты құрылымға бастайтын негiзгi құбылыс. Ендеше, көшпелi қауымның
мәжiлiстерiнiң әскери сипаты қоғамдық құрылымның табиғатының ерекше бiр
қыры деп қараған жөн.
Тарихта белгiлi мәжiлiстердiң iшiндегi ең алғашқысы 1710 ж. болып
өткен Қарақұм кеңесi. Бас қосудың негiзгi себебi мемлекеттiң сыртқы
жағдайын талқылауға арналған. Әскери мәселелердiң талқыланғанын Әбiлқайыр
хан мен Бөгенбай батырға қатысты айтылатын әңгiмелерден аңғарамыз. Қайып
пен Әбiлқайырдың 1717-1718 ж. Ресейге жазған хаттарына қарап отырып,
олардың негiзгi мазмұны халық арасында талқыға түстi деп айлаймыз. 1716
ж. күзде Тобольскiге келген Бекболат пен Байдәулеттiң елшiлiгi Қайып
хан мен халықтың атынан деп тарихи құжат қатарына енуi де осыған
байланысты. Көшпелi қазақтар елшi тағдырына мейiлiнше жауапты қарағаны
бiрнеше деректерден белгiлi. 1694 ж. Тәуке ханның Петр I хат жазуына
негiзгi себеп болған оқиға қазақ елшiлерi Сары мен Келдейдiң Тобольскiде
ұсталуы Адам атадан берi осы күнге дайын ұры-қары үшiн елшiнi ұстады
дегендi естiгенiмiз жоқ, - дейдi Тәуке, ... мырза Келдейдi босатыңыз,
оның туыстары менiң Ордама орыс елшiлерiн босатпаңыз деп өтiнiш айтып
келдi, сол себептен бiз Тобольск адамдарын ұстап қалдық [9, 219-221].
Елшiлiк мәселесi қашанда халық назарында болатынын XVIII ғ. билерiнiң бәтуә
сөздерiнен де аңғарамыз. "Қазақ елiне келген бiр елдiң елшiсiн өлтiрейiк
деп, өлтiрмеймiз деп үлкен дау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz