ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

Н. Қ. Жүсіпов

қазақ фольклорын ЗЕРТТЕУ мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы

Филология мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Н. Қ. Жүсіпов

қазақ фольклорын ЗЕРТТЕУ мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы

Филология мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы

Павлодар

Кереку

2012

ӘОЖ 398 (075. 8)

КБЖ 82. 3 Я 73

Ж 90

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

С. А. Қасқабасов - фил. ғылым. докторы, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі;

С. Негимов - фил. ғылым. докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры;

Д. Қамзабекұлы - фил. ғылым. докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры.

Жүсіпов Н. Қ.

Ж90 Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері : ХХ ғасырдың бірінші жартысы : филология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / Н. Қ. Жүсіпов. - Павлодар : Кереку, 2012. - 217 б.

ISBN 978- 601-7157- 45- 6

Еңбекте ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклоры туралы ғылымның жай-жапсары, оның салаларының даму барысын зерттеу, сол тұстағы фольклористиканың қай аспектілері зерттелгені, қандай тұжырымдар жасалып, олардың ғылым мен оқу процесіне қаншалықты енгені сөз болады. Сонымен бірге оқу құралында жарты ғасыр ішінде қазақ фольклоры қалай жарияланды деген мәселелер қарастырылды. Бұлармен қатар өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы фольклортануға өздерінің жинаушылық, жариялаушылық әрі зерттеушілік істерімен айтарлықтай үлес қосқан оқымыстылар мен қайраткерлердің еңбектері талданады.

ӘОЖ 398 (075. 8)

КБЖ 82. 3 Я 73

ISBN 978-601-7157-45-6

© Жүсіпов Н. Қ., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

БЕКІТЕМІН

С. Торайғыров атындағы ПМУ

ОІ жөніндегі проректоры

Н. Э. Пфейфер

«» 2012 ж.

Автор Н. Қ. Жүсіпов

Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: XX ғасырдың бірінші жартысы

Филология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы

Кафедра мәжілісінде бекітілді «» 2012 ж. №___хаттама.

Кафедра меңгерушісі Н. Қ. Жүсіпов

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданған

«» 2012 ж. № хаттама

ОӘК төрайымы Е. Н. Жұманқұлова

КЕЛІСІЛДІ

ГПФ деканыЖ. Т. Сарбалаев 2012 ж. «»

ЖауаптыН. Қ. Жүсіпов

Нормабақылаушы

СЖМБ бастығы Г. С. Баяхметова 2012 ж. «___»

МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖжӘҚБ бастығы А. А. Варакута 2012 ж. «»

Кіріспе

«Фольклорды зерттеудің түрлері мен мақсат-бағыттары» - деп аталатын үшінші бөлім «Отарлау мақсатындағы зерттеулер», «Оқу-ағарту мақсаттағы еңбектер», «Ғылыми және ғылыми-көпшілік зерттеулер» атты үш тараудан тұрады. Қазан төңкерісіне дейін отарлау саясаты әрі ашық, әрі күшпен жүргізілді. Рас, Ресей билеушілері бірте-бірте айлаға көшті. Тікелей - соғыспен алу оңайға түспеген соң, қазақтың тілін, фольклорын, тарихын, мәдениетін білу арқылы отарлау әрі шығынсыз, әрі тереңірек болатынын білген империя соларды зерттеу ісін қолға алды. Олардың бұл саладағы істері бүгінгі таңда біздер үшін ғылым тарихына айналып кетті. Сөйтіп, Ресей билеушілері қазақ даласында әр түрлі мектептер ашты, газет пен журнал шығарды, тілі мен фольклорға қатысты жинақтар, оқулықтар, сөздіктер т. б. шығарды. Отарлау үшін істеліп, жиналған материалдар мен зерттеулер объективті түрде ұлттық фольклортануға негіз қалады. Отарлау мақсатындағы зерттеулер бірнеше бағытта, негізінен тарихи-этнографиялық бағытта жүрді. Мұндай отарлау мақсатындағы фольклорлық зерттеулер сонау ХІХ ғасырдан келе жатыр.

Қазақ фольклорын таза ғылыми мақсатта, академиялық түрде зерттегендер де болды. Олар фольклорды барынша дұрыс жазып алуға, сұрыптап, жүйеге келтіруге, жарыққа шығаруға, ғылыми түрде талдап, зерттеуге күш салды. ХІХ ғасырдағы қазақ фольклорын зерттеулер, көбінесе жолжазба мен очерктер түрінде жүргізілді. Мұндағы ғалымдардың фольклор туралы ойлары жалпылама сипат танытып, көбінесе жол бойы жазылғандықтан, басқа елдерге таныстыру мақсатымен шектеліп отырды.

ХІХ ғасырдағы кейбір жинақтар мен зерттеулер ашық түрде таза отарлық-миссионерлік мақсат көздегені мәлім. Сол үрдіс ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде де байқалды. Айталық, А. Алекторов, Н. Катанов, Н. Пантусов пен А. В. Васильев жарияланымдары ғылымидан гөрі миссионерлік мақсат көздегені аңғарылады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында фольклорды теориялық тұрғыдан зерттеу жұмысы Қазан төңкерісінен кейін қолға алына бастады. Бұл кезеңде фольклор мен әдебиеттің өзара байланысын, сондай-ақ қазақ фольклорының жекелеген жанрларын зерттеуге көңіл бөлу өсті. Кеңестік фольклористикада фольклор мен әдебиеттің өзара байланысына ерекше назар аударылды. Бұл мәселені зерттеу жұмыстарының негізі сонау 1920-шы жылдары қалана бастады. Сонымен қатар фольклордың теориялық мәселелері де зерттеле бастады. Мәселен, қазақ фольклорының әр түрлі жанрларының өзіндік ерекшеліктерін ажырату, саралау, сараптау т. б. жұмыстарының негізі қаланды. Көбінесе ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары т. б. тәрізді фольклор жанрлары қарастырыла бастады.

Кеңес кезінде, идеологиялық мақсатта болса да, фольклорды зерттеу ісі кең жолға қойылды, фольклорды зерттеу ең алдымен оқу-ағарту проблемасына бағынышты болды. Бұл қатарда 1920-30 жылдары мақалалар, оқулықтар мен хрестоматиялар жарық көрді (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан т. б. ) .

Ғалым А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» оқулығы (Қызылорда-Ташкент, 1926) негізінен алғанда, қазақ әдебиеті қисынына арналғанымен, онда сонымен бірге қазақ фольклортану ғылымына т. б. қатысты материалдар мол қамтылуымен де ерекшеленеді. Бұл кітап мәні хақында белгілі ғалымдарымыз: З. Ахметов, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Ш. Сәтбаева, Р. Нұрғалиев, Ш. Ыбыраев, Б. Абылқасымов т. б. сараптаулары жарияланған-ды [1] .

Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты кітабы әдебиет қисынына арналғанымен, онда қазақ фольклоры алғаш рет оқулық көлемінде зерттеліп, сипатталды. Оқулықта қазақ фольклорының эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т. б. тәрізді жанрлары алғаш рет іштей жіктеліп, олардың өзіндік ерекшеліктері, анықтамалары бірге берілді. А. Байтұрсынов оқулықтағы фольклорды тек мәтін ретінде ғана қолданбаған, сондай-ақ фольклорлық мәтінді өзінің тұжырымына, анықтамасына мысал ретінде алған [2] . Оқулық ішіндегі 15 тараудың «Ауыз әдебиеті» атты бір тарауы ғана фольклорға арналған. Фольклорға А. Байтұрсынов: «Жазу-сызу, өнер-ғылым жоқ анайы халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар болады. Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиет, яки анайы әдебиет деп аталады», - деген дұрыс анықтама береді. Ахмет Байтұрсынов фольклорды сөз өнері деп біледі. Сондықтан ол сөз өнері адам санасының көрінісі болып табылатын ақыл, қиял, көңіл ұғымдарымен байланысты дейді де, соның бәрі тіл арқылы іске асатынын, сол себепті фольклор тілі де өзіндік сипатқа ие екенін айтады. Фольклорды да әдеби де шығарма дей отырып, оның тақырыбы, жоспары, мазмұны, түрі болатынына назар аудартады.

Фольклортанушы А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабының «Ауыз әдебиеті» атты тарауында тұңғыш рет қазақ фольклортану ғылымы тарихында: фольклордың ішкі жанрлық жағдайы, сюжеті, бейнелер жүйесі, тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, әрі фольклорлық жанрлардың іштей жіктелу шарттары, фольклордың атқаратын түрлі қызметтері хақында, фольклорға халықтың көзқарасы, фольклордағы тарих пен шындықтың арақатынасы т. б. - бәрі ғылыми жүйеге түсіп, теориялық тұрғыдан, тарихи-типологиялық зерттеу әдісі негізінде сараланған.

А. Байтұрсыновтың фольклорлық жанрларды жұмсалатын орнына қарай «сауықтама» мен « сарындама» деп 2-ге топтауы, өз кезегінде кейінгі зерттеушілерге осы мәселе төңірегінде әлі де іздену қажеттігін негіздеп бергені сөзсіз. Ал, батырлар жырында кездесетін батырлар бейнесін талдауы, жырдың орындалуы, жыршының рөлі т. б. - мұның бәрі А. Байтұрсынов мән беріп зерттеген аспектілер. Қазақ фольклорын оқулық көлемінде алғаш сипаттаған Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» - қазақ фольклортану ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Қазақ ауыз әдебиетін оқулық көлемінде зерттеп, сипаттау жөнінде 1930 жылдары көп жұмыстар атқарылды. Бастауыш пен орта мектептерге арналған бірнеше оқулық, хрестоматиялар баспадан шықты. Мәселен, осы орайда белгілі ғалымдар М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Ө. Тұрманжанов, М. Қаратаев, Қ. Бекхожин, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан т. б. жазған, құрастырған оқулықтар мен хрестоматияларды атаған жөн. Мәселен, 1941 жылы қазақ ауыз әдебиеті туралы орта мектепке арналған оқу құралы басылды [3] . Бұл оқу құралын құрастырып, баспадан шығарған белгілі ғалымдар Қ. Жұмалиев пен Ә. Марғұлан еді. Оқу құралы авторлары жалпы фольклордың барлық жанры туралы жалпы түсінік беруді көздегені көрініп тұр. Мұнда фольклордың: тұрмыс-салт жырлары (жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, естірту, жоқтау), айтыс түрлері (бәдік, жұмбақ т. б. ), ертегілер, легендалар, батырлар жыры, лиро-эпос жырлары, тарихи жырлары төңірегінде жалпы мағлұмат берумен қатар, олардың өзгешелігіне, маңызына, ондағы берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны, образдары, композициясы, стилі, тілі с. с. - бәрі алғаш оқулық көлемінде сипатталып кетеді.

Жалпы мұнда батырлар жырынан «Қобыланды», «Алпамыс», «Едіге» жырлары талданады. Бұлардың көркемдігі мен тілі, образдар жүйесі, композициялық құрылысы т. б. - бәрі де әдебиеттану талабы тұрғысынан қарастырылады. Бұл өзгешеліктер, негізінен, сол тұстағы ғалымдардың фольклорды көркем әдебиеттің бір саласы деп қарастырғанынан туындаған.

Бұл кезеңде тек оқу құралдары ғана шығып қойған жоқ. Сондай-ақ оқу хрестоматиялары да басылым көрді. Мәселен, М. Әуезовтің орта мектептің 6-класына арналған «Әдебиет хрестоматиясы» 1937 және 1938 жылдары екі дүркін жеке кітап болып басылған. Бұл екі басылымның арасында айырмашылық бар. Егер алғашында, яғни 1937 жылғы хрестоматияда, бар-жоғы 4 фольклорлық мәтін төңірегінде ғалым пікірі берілсе («Қамбар жырының қысқаша мазмұны», «Алдаркөсе», «Жиренше шешен», «Қожанасыр»), ал, кейінгі 1938 жылғы хрестоматияға тағы да үш нұсқа турасындағы пікірлері қосылып, бар-жоғы 7 сипаттама енген («Қырық өтіріктің мағынасы», «Қамбар жырының мағынасы мен түр ерекшеліктері», «Қобыландының Тайбурылы туралы») . Мұнда ғалым М. Әуезов фольклор ұғымына мынадай анықтама береді: «Фольклор деп- халық әдебиетінің ішіндегі ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ, тақпақ және неше алуан салтқа байланысты жар-жар, беташар, жоқтау, естірту, қоштасу сияқты жырларды айтады», - дейді. Демек, ғалым фольклорды халық әдебиеті деп дұрыс анықтаған және оның ішкі жанрларын біршама дұрыс ажыратқан. Бұл атаулардың қазірде де қолданыста болуы - жас ғалым М. Әуезов қолданысындағы терминдердің өміршеңдігін көрсетеді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлттық қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан. Ә. Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д. Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады [4] . Бұл зерттеуде Ә. Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә. Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы [5] белгілі ғалым С. Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтқан [6] . Өзінің мақаласында Ә. Бөкейханов қазақ тұрмысы мен мәдениетіне ислам ықпалының күшеюін, жырдағы әйелдер бейнесін талдау арқылы дәлелдеуге тырысқан. Ең алдымен ол халық шығармашылығын мазмұн мен пішін, түр жағынан әр түрлі болатынын айтады. Бұлардың біразы жиналса да, біразы әлі жиналмағаны, олардың о басында эпикалық пен лирикалық өлеңдерге жататыны сөз болады. Әрбір эпикалық та, лирикалық өлеңдер бойында айтушының субъективті ерекшеліктерін, яғни оның өмірге деген көзқарасы, арманы мен мақсаты т. б. аңғарылатыны да сөз болады. Және де осы қасиеттері үшін қазақтар өз өлеңдерін жоғары бағалайтыны да, бір де бір той, бір де бір ас жыршыларсыз өтпейтініне де автор дұрыс көңіл бөледі.

Одан әрі Ә. Бөкейханов тікелей «Қобыланды батыр» жырындағы әйелдер бейнесін талдаудан бастайды. Мұндағы Құртқаның өзі, оның шешесі Көктен кемпір бейнесінде шамандық түсінік молырақ сақталғандығы сөз болады. Мәселен, Құртқаның алда не болатынын күні бұрын болжай алатын қасиетін көне замандағы шамандық сананың жемісі деп қарастырған. Сонымен бірге Құртқа бейнесінде исламның тағдырға мойынсұну, күйеуіне қарсы шықпау туралы шарты да айқын көрінеді. Ендеше қазақ әйелдері тағдыры арқылы қоғамдағы көне саналардың бір орында тұрмай, өзгеру ерекшеліктерін т. б. алғаш сөз қылу - сол кездегі фольклортану ғылымы үшін үлкен жетістік болды.

Ә. Бөкейханов қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т. с. с. - әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз. Кеңес үкіметі кезінде фольклорды зерттеу ісі кең жолға қойылды. Мәселен, 1925 жылы РКП(б) -ның Семей губерниялық комитеті Атқару комитетінің органы ретінде шығып тұрған «Таң» журналының 1-санында (119-120 б. ) және 2- санында (115-118 б. ) Мұхтар Әуезовтың «Қобыланды батыр» деп аталатын көлемді зерттеу мақаласы жарияланды. Мұнда автор эпос дамуында халық қиялы мен арманының атқаратын танымдық, тәрбиелік қызметтеріне баса назар аударған. Одан әрі ғалым жырдың түп негізін тарихи оқиғалармен салыстыра қарауға баса назар аударды. Мәселен, ғалым: «Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан басталады. Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. Қобыландының батырлық әңгімесі ел өлеңінде осы уақиғаның айналасында болады. Біз ел әңгімесінің осы жерін тарихтың қай кезіне келетінін тексермекшіміз», - дейді [7, 49 б. ] .

Міне, бұл тараптағы ғалым Мұхтар Әуезов пайымдаулары сол кездегі фольклортану ғылымында орын тепкен «тарихи мектеп» концепциясына негізделген. Бұл «тарихи мектеп» теориясы негізін ХІХ ғасырда ғалым В. Ф. Миллер қалады. Мұнда фольклор шығармаларының түп төркінін тарихтан іздестіру мәселесі тұрды. Біраз эпостық жырларға қарағанда сол тұста «Қобыланды батыр» үлгісі біраз зерттелді. Жоғарыдағы М. Әуезов мақаласынан бөлек, бұл жырды С. Сейфуллин, С. Мұқанов, А. С. Орлов, Б. Кенжебаев, Қ . Жұмалиев, М. Ғабдуллиндер де қарастырған [8] . Бұлар өздерінің еңбектерінде, көбінесе жырдың әдебиеттік жағын, - маңызын, көркемдік ерекшеліктерін қарастырды . Сондай-ақ олар жырдағы

оқиға, образдар жүйесі, жер-су аттары т. б. қай кезде, қандай тарихи кезеңге байланысты туды деген мәселелер төңірегіне ерекше көңіл аударды. Бұл мәселе бойынша алғаш пікір айтқан М. Әуезов жоғарыдағы еңбегінде «Қобыланды батыр» жырын XVI ғасырда туды дей отырып, дәлел есебінде, оқиға негізінде орыс патшасы Иван Грозныйдың Қазан қаласын 1552 жылы өзіне бағындыруы жатыр деген ұстанымын белгілейді. Кейіннен бұл пікірді С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиев те өз еңбектерінде қолдап шығады. Алайда бұл пікірдің теріс екендігін М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев өздері де кейіннен анықтап берді. Ең алдымен Қобыланды жырындағы Қазан қаласын Иван Грозныйдың алуымен байланысты туды деушілік тарихи шындыққа жатпайтындығы ашылды. Батырлар жырында жер-су, қала аттарын қарап, белгілі бір тарихи дәуірді үнемі іздей беруге болмайды. Мұндай жер-су, қала аттары батырлар жырының қандай тарихи жағдайларға байланысты туғандығын көрсетерлік ғылыми дәлел болмайтындығы және де ондай әдіс халықтық мұраларды тексерудің әрқашан да ғылыми дұрыс жолы еместігі анықталды.

1930 жылдарда қазақ халық ауыз әдебиеті туралы ғылыми және ғылыми-көпшілік зерттеулер пайда болды. Сол тұста М. Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» (1939) . С. Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ. Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә. Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939), Б. Кенжебаевтың «Қазақтың халық эпосы туралы» (1939) туралы еңбектері жазылды. Зерттеулерде қазақ фольклорының тарихы, даму жолдары ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» еңбегі Леонид Соболевпен бірлесе отырып орыс тілінде жазылған. Алғашында Мәскеуде «Литературный критик» журналында (1939, № 10-11; 1940, № 1) жарияланды, кейін «Песни степей» атты кітаптың (Мәскеу. 1940) алғысөзі болып шықты.

Жалпы, М. Әуезов пен Л. Соболев бұл мақаласында халық ауыз әдебиетін негізгі бөлімдерге бөліп, оның әрқайсысын орынды сипаттап өтеді. Олар халық ауыз әдебиетін мынадай негізгі жанрларға бөледі: 1) халық поэзиясының шағын түрлері; 2) ертегі, аңыздар, мақал- мәтелдер, жұмбақтар; 3) батырлар жыры; 4) ғашықтық жырлары; 5) тарихи жырлар; 6) айтыс өлеңдері [9, 158-159 б. ] . Негізінен алғанда қазақ фольклорын осылай етіп жанрларға бөлу қалыптасқан қағидаға айналып отыр.

М. Әуезов пен Л. Соболев осы мақалада халық ауыз әдебиетінің поэтикалық тіліне де арнайы тоқталып өтеді. Мақалада «жар-жар» бойында әрі фольклорлық театрдың, әрі айтыстың элементтері бар екеніне алғаш назар аударылуы авторлар пікірінің құндылығын арттырары сөзсіз. Қазақтың төл ертегілерін сөз еткенде, ғалымдар олардың мейлінше молдығына, бірақ бар нұсқаның ғылыми тұрғыда жазылып алынбағанына назар аудара отырып, оларды сол кездегі қазақ фольклорының ең аз зерттелген саласы деп қарастырады [9, 172-187 б. ] .

М. Әуезов пен Л. Соболев оларды жіктеп, талдау ісі әлі аяқталған жоқ дейді. Сол себепті мақала авторлары қазақ ертегілерін шартты түрде 5 топқа бөлген: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілер, балаларға арналған ертегілер, аңыз ертегілер.

Міне, мұндағы ертегілердің алғашқы үш түрі- қазіргі таңдағы фольклортану ғылымында ертегілердің классикалық түрі болып табылады. Мәселен, бұған дейін ертегілердің қиял-ғажайып түрін қазақ фольклортану ғылымында ешкім ажыратпаған болатын.

Жалпы М. Әуезов пен Л. Соболев қазақ эпосын іштей дұрыс ажыратқан: а) батырлар жыры, ә) ғашықтық жырлары, б) тарихи жырлар [9, 188-205 б. ] деп. Ғалымдардың ой-пікірлерінше, батырлар жыры, көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады дейді. Эпостық жырлардың шығу тегі сөз болғанда, олар тұрмыс-салт жырларының негізінде туды дегенді де айтады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары жазылған бұл еңбек - қазақ фольклорының барлық дерлік жанрларын қамтыған тұңғыш көлемді мақала деуге болады. Әсіресе, қазақ ертегілерін іштей жіктей отырып, оларға алғаш анықтамалар берілуі, ерекшеліктері ескерілуі - бәрі, сөз жоқ, қазақ фольклортану ғылымының дамуына ерекше үлес ретінде бағалануға лайық.

С. Мұқанов та сол кезеңнің өзінде қазақ фольклортану ғылымына үлкен үлес қосқаны даусыз. Мұндағы Сәбит Мұқанов құрастырған «батырлар жырының» жеке жинақ болып шыққаны, жинақтың бір жанрға ғана арналғаны қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі екені сөзсіз. Алғысөз барысында фольклордың барлық дерлік жанрлары жан-жақты талдауға түсіп, өзіндік ерекшеліктері фольклорлық процесс негізінде қарастырылады. Сондай-ақ фольклорлық мәтіндер тарихи зерттеу әдісі негізінде қаралып, олардың эстетикалық қызметтері сараланады. Кейіпкерлері әдеби образ ретінде талдауға түсуі-бәрі, сөз жоқ, С. Мұқановтың қазақ фольклортану ғылымы қалыптасуына қосқан елеулі еңбегі екені анық [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклор және әдебиет
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Фольклорлық практика есебі
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Ұлы қазақ билері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz