Гистология пәнінің даму тарихы


Жоспар
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
Гистология пәнінің даму тарихы
Гистология пәніне үлес қосқан Қазақстан Республикасы ғалымдары
Цитология пәнінің даму тарихы
Эмбриология пәнінің даму тарихы
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Цитология, эмбриология, гистология пәнi - адам, жануар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесiнің дамуын, құрылысын, қызметiн зерттейтiн, олардың пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн, iс-тәжiрибе мүддесiне сай, дамуға бағытты ықпал жасау мүмкiндiгi туралы ғылым.
Биологияда цитология, эмбриология, гистология дербес пәндер болып келедi, ал ауыл шаруашылық оқу орындарында олардың iшкi байланыстары, мiндеттерi ортақ болғандықтан, «гистология, эмбриология, цитология» деп аталып, бiр пән есебiнде бiрiктiрiлiп, зерделенуде. Сондықтан ол - жасуша туралы iлiм-цитологияны және ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтiн ғылым - эмбриологияны қосады.
Цитология (грек. «суtоs», «kуtоs»-жасуша, торша) - жасушалар туралы ғылым - жануарлар мен өсiмдiктердің жасушаларын, тұрақты және тұрақсыз қосындыларды, олардың субмикроскоптық құрылысын, дамуын, тiршiлiк әрекетiн зерттейтiн ғылым. Цитология атауы тек қана ТМД мемлекеттерiнде қолданылады, шет елдерде оны жасуша биологиясы деп атайды. Цитология жалпы және арнайы деп, екiге бөлiнедi.
Эмбриология (грек. «еmbrуоn»-ұрық) - адам, жануар, өсiмдiк ұрығының онтофилогенездегi даму заңдылықтарын, организмнiң пайда болғанынан өлгенiне дейiнгi құрылысын және тiршiлiк әрекетiн зерттейтiн биологиялық ғылым. Бұл ғылымды тек кiтаптардан ғана оқып бiлуге болмайды. Ол үшiн зертханаларда гистологиялық препараттарды, электронды микроскоптағы фотобейнелердi, күрделi гистологиялық техника әдiстерiн, ғылыми тәжiрибе өткiзудi зерделеп, iс-тәжiрибе жұмыстар атқару шарт.
Гистология (грек. «histоs»-ұлпа, «lоgоs»-iлiм) - организмнің онтогенезi , филогенезiнде әртүрлi ұлпалар дамуын, оның микроскопиялық құрылысын, тiршiлiк әрекеттерiн, орналасу орнын, жiктелуiн, ұлпалар құрылым-қызмет бiрлiгiн қалыптастыратын және жасуша диффероны (14 бетті қара) өзара байланысын зерттейтiн биологиялық ғылым.
Гистология пәнінің даму тарихы
Гистология (грекше histos - ұлпа, logos - ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық кұрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Гистология үлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның, (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің «Жануарлар бөліктері туралы» деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан. Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты құрастырған екен деген мәлімет те бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі кұрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын байкаған. Осы «ұяшықтарды» Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып «ұяшық» немесе «клетка» деп атаған (гректің «китос» - қуыс деген сөзі) . Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп «жасуша» деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да - клетка. Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамыңда «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван Левенгук жануарлар клеткаларында - бірклеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып көрген. Бактерияларды да көріп суретін салған. Микроскоп құрылысының жабайы болуына байланысты XVІІІ ғасырдың ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты өткен Ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосьілмаған. Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеп көрген фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХVІІ және ХVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (ХVIII соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жаксартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксадаялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқаған. Осыдан кейін клетканың қалған құрылымын, тірі субстанциясын атау үшін Пуркинье протаплазма (1830-1840) деген терминді енгізген. Ядроны қоршаушы протаплазманы цитоплазма деп атаған, 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, клеткалық теорияны қалыптастырған. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенін көрсетті.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен микроскопиялық техниканың жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік берді. 1876 жьшы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи кешені ашылды. Осы органеллалардың ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті. Электрондық микроскопты қолдану клетканың құрылысы жөніндегі қалыптасқан түсініктерді өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның тіршілік әрекетінің көптеген процестерінің өзгеруін де жаңадан түсінуге мүмкіншілік берді. Электрондық микроскопия әдісімен эндоплазмалық тор, рибосомалар, микрофиламенттер, хромосомалардың микрофибриллалары, микротүтікшелер және синапстық көпіршіктер, лизосомалар, микроденешіктер және баска да құрылымдар ашылды. Ядро, ядрошық, митохондриялар, Гольджи кешені, клеткалық орталық, плазмалык және ядро кабықшалары сиякты ертеден мәлім болған құрылымдар электрондық микроскопиялық әдіспен зерттеліп олардың ультра кұрылыстары анықталды.
Ұлпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қалыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағұрлым аз екені анықталды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген; дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), «клеткалық» ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпалары. Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX гасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтың дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин» Ф. В, Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Арнштейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабухин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік құрылымын анықтаған, балықтардың электр органдарының гистофизиологиясын, көз бұршағын және иіс-сезім органын зерттеуге арналған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. А. И. Бабухин өзінің гистофизиологиялық бағытын онан әрі жалғастырған көптеген шәкірттер (И. Ф. Огнев, А. А. Колосов, Н. А. Арсеньев) тәрбиеледі. Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840-1919) . Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель, А. Е. Смир-нов, Д. А. Тимофеев, Б. А. Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы басқа көрнекті ғалымдар. Санкт-Петербург университетінде гистология кафедрасын 1864 жылдан бастап академик Ф. В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.
А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гистологтар мектебін ашқан ғалым. Ол өз еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің шәкірттерінің бірі - академик А. А. Заварзин (1886-1945) болды. Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірі М. Д. Лавдовский (1847-1903) қуықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының регенерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микрофизиология саласында да танымал.
Гистология пәніне үлес қосқан Қазақстан Республикасы ғалымдары
Қазақстан ғалымдарынан: академиктер Б. А. Домбровекий, Ф. Мұхамедғалиев, Т. Масенов, А. Мурзамедиев, профессорлар И. Чагиров, Ф. Халилов, М. X. Нұрышев т. б. гистология мен цитологияның дамуына белгілі дәрежеде өздерінің үлестерін қосты.
Цитология пәнінің даму тарихы
Цитология - клетка туралы ғылым. Цитологияның пәні болып көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар, қарапайымдылар және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар табылады. Цитология клеткалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.
Цитология - биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп болды.
Цитология - биология ғылымдарының ішіндегі ең жас ғылым, оның жасы шамамен - 100 ж. Ал «клетка» ұғымының жасы 300 ж. астам екен.
Клетка (жасуша) - біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізін құраушы бірлігі. Көп уақыттар бойы биология жануарлар мен өсімдіктердің құрылыстарының қасиеттерін, олардың көзге көрінетін макроскопиялық құрылысының негізінде зерттеп келді. Ағзалардың жасушалық құрылысын ашқаннан соң, клетканы тірі ағзалардың құрылымдық және функциональді бірлігі ретінде қарастырғаннан бастап, биология ағзалардың құрылысы мен қызметін неғұрлым терең зерттей бастады.
Клеткалар жай көзге көрінбейді, сондықтан тірі ағзалардың клеткалық құрылымын оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы және жетілуімен тығыз байланысты. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында жаратылыстану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. 1609-1610 жж. Галилео Галилей ең алғаш оптикалық аспапты ойлап құрастырды, ол тек 1624 ж. ғана сол аспапты тәжірибелерде пайдалана алу деңгейіне жеткізді. Бұл аспап 35-40 ретке ұлғайтатын болды. Бір жылдан кейін И. Фабер осы аспапқа "микроскоп” атын берді.
1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Роберт Гук микроскоптың көмегімен кездейсоқ алынған өсімдік объектісі - тозағашының кесіндісінен ара ұясы тәрізді қуыстарды көріп, алғаш рет өсімдіктердің "клеткалық құрылысын” анықтайды. Тозағашындағы бос ұяларды ол "cell” - яғни "клетка” деп атады. Уақыт өте келе "клетка” ғылыми ұғымға айналды. Гук тірі материяның барлық қасиеттерін клетка қабығымен байланыстырды.
XVII ғ. 70 ж. Марчелло Мальпиги өсімдіктердің кейбір мүшелерінің микроскопиялық құрылысын зерттеді. 1682 ж. Н. Грю "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы”деген еңбегін жазды.
XVII ғ. III жартысында голландиялық ғалым Антон ван Левенгуктың еңбектерінде жануарлар клеткасының құрылысы туралы зерттеулер орын алды. Ол микроскоп құрылысын жетілдіре отырып, жануарлар клеткаларын зерттеп, ұлпалар мен мүшелердің құрылысын қарастырды. 1696 ж. оның "Жетілдірілген микроскоптар көмегімен ашылған табиғат құпиялары” атты еңбегі жарық көрді. Левенгук алғаш рет эритроциттерді, сперматозоидтарды зерттеп, сипаттама берді, көзге көрінбейтін құпия әлем - микроағзаларды ашып, оларды инфузориялар деп атады. Левенгук - ғылыми микроскопияның негізін қалаушы болып саналады.
1715 ж. Х. Г. Гертель микроскоп объектілеріне жарық түсіруге алғаш рет айнаны пайдаланады, дегенмен тек 1, 5 ғасырдан кейін ғана Э. Аббе микроскоп үшін жарық түсіргіш линзалар жүйесін құрастырды. 1781 ж. Ф. Фонтана жануарлар клеткаларының небір құпияларын ашып, жануар клеткасын ядросымен қосып суретін салды. XIX ғ. I жартысында чех ғалымы Ян Пуркинье микроскоп техникасын жетілдіріп, клетка ядросын ("ұрық көбігі”) сипаттап, жануарлар мүшелерінің әр түрлі клеткаларын зерттеді. Ол клетка ішіндегі сұйықтыққа "протоплазма” деген ұғымды қолданды. 1831 ж. Роберт Браун жасуша ядросын маңызды да тұрақты құрылым ретінде сипаттап, "nucleus” - ядро ұғымын енгізді.
1838 ж. неміс ботанигі Матиас Шлейден цитогенез, яғни клетканың түзілуі теориясын енгізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz