Мансардаларды монтаждау технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Мансардаларды монтаждау технологиясы»
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
1. Кіріспе . . . 3
2. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау кезінде қолданылатын
құралдар . . . 4
3. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау кезіндегі Кнауф құрылыс
материалдары . . . 9
4. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау кезінде жұмыс орнын
ұйымдастыру . . . 18
5. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау технологиясы . . . 19
6. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау кезіндегі қауіпсіздік ережесі. . 22
7. Қорытынды шығару . . . 25
8. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26
Кіріспе
Құрылыс нарығындағы бəсекелестік күресте құрылысқа жаңадан шыққан өнімділігі жоғары жəне жоғары сапалы құрылыс материалдарын, ілгері құрылыс технологияларын, келешегі зор ғылыми əдістемелерді ендіріп отыратын, білікті түрде даярланған құрылыс мамандарына, ең үздік менеджмент пен экономикалық көрсеткіштерге ие құрылыс кəсіпорындары мен фирмалар жеңіске ие болатыны түсінікті жағдай. Сонымен қатар елімізде орын алып отырған экономикалық реформалар жұмысшы мамандарды кəсіби даярлауда едəуір өзгерістерді тудырды. Нарықтық қатынастардың енгізілуіне орай еңбек нарығы қарқынды түрде қалыптаса бастады.
Құрылыс - халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, онсыз ғылыми-техникалық Прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркəсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке, əлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын.
Бүгінде жұмысқа қабылдаушылар жұмысшылардың санаты мен кəсіби біліктілігіне, яғни, кəсіптік оқу мекемелерінің түлектеріне сан-алуан түрлі талаптар қояды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өмірдің жаңаша жағдайларында КТУ-лардың алдында түбегейлі өзгертулерді қажет ететін мүлде жаңаша міндеттер туындайтыны түсінікті жағдай. Еңбек нарығын түсінудің қажеттігі, оның дамуын болжамдау, сондай-ақ кəсіби даярлықтың мазмұнын өзгертудің қажеттігі, тиісті біліктілікке ие мамандықтардың қажеттігін бақылап отыру, жаңаданматериалдардың, бұйымдардың, жұмысты ұйымдастырудың технологиялары мен əдістерінің туындауымен негізделген жаңадан мамандықтарды құру барған сайын үлкен мəнге ие бола бастауда.
Құрылыс өнімдерін жасау кезінде соның ақырғы кезеңдерінің бірі - əрлеу кезеңі өте үлкен
мəнге ие болады, ол аса көп еңбекті қажет ететін құрылыс процестерінен құралады, құрылыс жұмыстарының сапасына берілген ақырғы баға, құрылыс сəулеті мен ішкі панажайлар дизайнының көркемдік мəнерлілігі сол процестерге байланысты болып табылады. Осы оқу құралында "Кнауф" атты белгілі неміс фирмасы əзірлеп жəне құрылысқа енгізген жиынтықтық жүйелерді қолданумен əрлеу жұмыстарының ең кейінгі құрылыстық технологиялары көрсетілген.
Аталмыш материалдардың мұндай қажеттігі сонымен қатар келесі жағдаймен де
түсіндірілуде: қазіргі уақытта құрғақ əрлеу əдістері гипскартондық тақталарды құрғақ сылақ ретінде ғана емес, сондай-ақ кеңістікті бөлу жөніндегі кез келген сəулеттік-құрылымдық идеяны жүзеге асыру үшін де қолдануды ескереді. Ендігі уақытта қоғамдық жəне тұрғын үйлердің интерьерін құру кезінде гипскартондық тақталарды қолдануға қатысты идея жай ғана бетті механикалық түрде қаптауға ғана емес, "Кнауф" иілген металды пішімдерден жасалған иілгіш қаңқаларда сан-алуан түрлі жұқа қабырғалы беттерді құруға негізделген.
"Кнауф" фирмасының жетекші мамандарымен құрылыс практикасына сондай-ақ жаңа
кешенді жүйелер енгізілген, оларда "сулы" технологиялық процестер (тегістеу, сылау
жұмыстары, құйылмалы едендерді құру жəне т. б. ) мен жұмыстарды орындаудың ілгері əдістері, осы технологияларды жүзеге асыруға арнап құрал-саймандарды, машиналар мен механизмдерді қолдану, сондай-ақ нұсқаулықтар мен техникалық құжаттар ескерілген.
Сонымен, бұл оқу құралының мақсаты "Кнауф" фирмасының əрлеуге арналған жоғары
сапалы өнімдерді жасаудағы ғылыми-техникалық жəне практикалық жетістіктерін баяндау, сондай-ақ оны құрылыс өндірісінде қолдану дағдыларын беру болып табылады. Оқулықта берілген материалды тыңғылықты игеру келешек əрлеуші-шеберлерге Кнауф жиынтықтық жүйелерін құрылыс өндірісіне енгізу жөніндегі практикалық шеберліктер пен дағдыларды жақсы игеріп алуға себін тигізеді, сол арқылы құрылыс өндірісінің сапасы мен тиімділігін елеулі түрде арттыруға жəне еңбек нарығында бəсекеге қабілетті құрылысшы-жұмысшылардың кейінгі буынын қалыптастыруға ықпал ететін болады.
2. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау кезінде қолданылатын құралдар.
Мансарда - бұл үйдің шатыр астындағы кеңістігінде орналасатын панажай.
![]()
Мансардалық панажай
Шатырастын тұруға жəне өзге де пайдалы құрылыстқы көлемдер мен аудандарға арнап
пайдалану жолдарын сонау XVII ғасырда француз сəулетшісі Франсуа Мансар ұсынған
болатын, шатырасты панажайлардың атауы осыдан туындап отыр. Уақыт өте келе
мансардалар еуропа елдерінде, ал кейінірек - Америкада көбірек салына бастады. Украинада
мансардалар XIX ғасырда белсенді түрде салына бастаған, кейіннен кеңес үкіметі кезінде
олардың құрылысы тоқтап қалды, олар тек ендігі уақытта ғана жаңа үйлерді салу кезінде де,
сондай-ақ пайдаланудағы үйлерді қайта құру кезінде де кеңінен қолданыла бастады, мұнысы
мансардалық құрылыстың тиімділігін білдіреді. Кейбір мəліметтерге сəйкес тұрғын үйлердің
шатырасты панажайларын əртүрлі мақсаттағы мансардаларға арнап пайдалану тұрғын үй
қорының көлемін 15-15 %-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мансардаларға
жұмсалатын шығындар жаңа тұрғын үйдің құрылысына жұмсалатын шығындардың 10 %-нан
аспайды. Егер жаңадан тұрғын үй салу кезінде мансардалардың құрылысы жобамен
ескерілетін болса, онда оларды салу кезінде ешқандай қиындықтар туындамайды. Егер
пайдаланудағы көлемді қайта құру жүргізіп жатса, онда мансарданың құрылуы мен оның
қызметі негізінен үйдің конструкциясына, сатылық алаңшалардың, инженерлік
коммуникациялардың орналасуына, шатырдың конструкциясына жəне зөзге де факторларға
байланысты болып келеді. Мансардалар құрылысының тəжірибеге енгізілуі олардың
жоспарлық ерекшеліктері мен мансардалық панажайларды жарықтандыру ерекшеліктерінің
арқасында оларды айтулы панажайларға айналдырды жəне жоғарғы қабаттар проблемасын
жоққа шығарды. Мансардаларды орнату пайдаланудағы үйдің шатыры итарқалық
конструкцияға ие болып келетін жағдайда аса тиімді болатыны түсінікті нəрсе, дегенмен де
басқа жағдайларда да шатырдың конструкциясын айырбастау кезінде мансарданы орнатуға
болады, себебі мансардалық қабаттың салыстырмалы түрдегі жеңіл болуының арқасында көп
жағдайларда одан төмен жатқан арқалауыш конструкцияларды күшейту қажет етілмейді. Шатырасты кеңістігінде мансарданы орнату əрекеті үйдің шатырының, төбесінің жəне шатырасты жабынының конструкциясын мұқият түрде тексеруден басталады, содан кейін пайдаланудағы конструкциялардың техникалық күйі мен олардың физикалық тозу дəрежесі анықталады. Осының есебімен қайта құрылып жатқан үйдің жекелеген элементтерін, түзілімдерін немесе тұтастай конструкцияларын күшейту немесе айырбастау жөніндегі тиісті ұсыныстар əзірленеді. Бұл ретте аса маңызды факторлар ретінде шатырдың құрылымдық сұлбасы, өздеріне итарқалар тіреліп тұрған тіректер мен қиғаш тіректердің орналасуы жатады,
себебі мұның барлығы жұмыстардың еңбек сыйымдылығын анықтау үшін маңызды рөл атқарады. Шатырасты кеңістігін түбегейлі түрде жоспарлау үшін төбелік жабынды қайта құру,
тіректердің орнын ауыстыру, қиғаш тіректерді көлденең элементтерге айырбастау қажеттілігі
туындауы мүмкін. Мұндай қайта құру итарқаларды ілу, жаңадан тіректік элементтерді монтаждау жəне жойылып жатқан элементтерді артынша шешім алу жөніндегі қосымша шараларды орындауды қажет ететіндігі түсінікті жағдай. Шешіліп алынған элементтердің
орнына орнатылған жаңа элементтер шатырдың қажетті арқалауыш қабілетін қамтамасыз етіп
қана қоймай, сондай-ақ мансарда панажайының көмкермесіне айналуы тиіс. Шатырасты кеңістіктің құрылымдық сұлбасын өзгерту жөніндегі техникалық шешімдер көптеп саналады.
Алайда əрдайым мынадай қағидаға сүйеніп отыру керек: мансарда ыңғайлы болып жəне сонымен қатар үй шатырының конструкциясының қажетті беріктілігі мен орнықтылығын қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Шатырды қайта құру барысында (қажет болған жағдайда) итарқаларды, мауэрлаттарды күшейту немесе оларды ішінара айырбастау жұмыстары орындалады. Төбелік жабынның жағдайына ерекше көңіл бөліп отыру керек. Егер төбелік жабын мен шатырдың бөлшектері белгілі дəрежеде, мысалы, 30%-дан асып тозған болса, онда оларды айырбастау керек. Төбелік жабынның жанасу түзілімдерін, үлкен құмыраларды (ендова), науаларды, науашықтарды олар аз дəрежеде тозған жағдайдың өзінде айырбастау керек. Барлық алдын-ала жұмыстар орындалғаннан кейін, сонымен қатар ағашқа антисептиктер сіңіріліп жəне оған антипирендер жағылғаннан кейін мансардалық терезелерді орнатып жəне келесі жұмыстарды орындауға кіріседі. Құрғақ құрылыста қабылданған терминологияның төмендегідей ұғымдарын айыра білу қажет: Жалғап орнатылатын (жалғанбалы) төбелер - өздерінің конструкциялары бүйірлік бетпен бекіткіш бөлшектермен қатқыл түрде байланыстырылған жазық жəне əдетте тегіс болып келетін қаптамалар; Аспалы төбелер - арқалауыш конструкцияға бекіткіш құралдармен бекітілетін немесе ілінетін қаптамалар.
орнатып жəне келесі жұмыстарды орындауға кіріседі.
Гипскартон бұрыннан бері шатырасты панажайлар мен мансардалық қабаттардың ішін
қаптауға арнап пайдаланылып келеді. Ол мансардалардың ішкі кеңістігін құрастыру мен
безендіру үшін пайдаланылады. Асқын дəрежедегі отқа төзімділік қасиеттеріне ие гипскартон
(ГКТО), сонымен қатар шатырасты жəне мансардалық панажайлардың отқа шыдамдылығын
арттырады жəне шатырдың арқалауыш конструкциялары мен төбелік жабынды жалыннан
қорғайды.
Жылу оқшаулағыш материалдарды төбелік жабынды жылылауға арнап пайдалану
мансардалық жəне шатырасты қабаттардағы жылудың сақталуына ықпал етеді, мұнысы сумен
қамту жүйелерінің жоғарғы құбырларын, сондай-ақ тұтастай үйдің құбырларын орнату кезінде
айрықша өзектілікке ие болып келеді.
Шатырасты кеңістіктер мен мансардаларды орнатудың екі нұсқасы бар.
I - шатырастының ауданын толығымен пайдалануға болатын.
II - шатырдың құламасы мен итарқалардың арасындағы кеңістік пайдаланылмайтын.
Жоғарыдағы екі нұсқаның бірін таңдап алу жылулық оқшауламаны төсеу мен бекіту əдісіне, сондай-ақ шатырдың ылдилық жазықтығы мен мансардалық панажайдың бүйірлік қабырғасымен түзілген кеңістікке қатынау қажеттігіне байланысты болып келеді.
Мансардаларды мүмкін болар орнату нұсқалары:
а - шатыр астының ауданы толықтай пайдаланылады;
б - шатырдың құламасы мен итарқалардың арасындағы кеңістік пайдаланылмайды
Барлық түрдегі гипскартондық тақталарды əсіресе кесуге, ажарлауға, жиектерін сүргілеуге, тесіктер тесуге арналған арнайы Кнауф аспаптары болған жағдайда өңдеу жеңіл ГКТ-ларды пішімдеу мен кесу жұмыстарының дəлдігіне қойылатын талаптарға қарай сондай-ақ төмендегідей өңдеу əдістерін қолдануға болады:
- сызғышты, металды үшбұрышты қолданумен ГКТ-ны беті тегіс үстелге қойып қарапайым
түрде пішімдеу жəне ГКТ-ны кесуге арналған пышақпен немесе арнайы айлабұйымдарды - кіші кескіш пышақты (ені 120 мм дейін жететін жолақтарды кесу үшін) немесе үлкен кескіш пышақты (ені 630 мм дейін жететін үлкен енді жолақтарды кесу үшін) қолданумен кесу.
Қатырмақағазды кесуге арналған пышақ
2) ГКТ-ны дəл пішімдеу, мысалы, перфоратталған, оймакілтектелген немесе үйлестірілген
гипскартондық панельдерді пышағы жіңішке жəне тістері ұсақ кескіш пышақпен
немесе дискілік қол электр арасымен кесу кезінде.
Гипсокартонды кесуге арналған тісті кескіш
Саңылаулардың жиектері ажарлағыш түрпімен немесе зімпаралық қағазбен өңделеді. Егер
ПЛУК типіндегі ГКТ-лар қолданылып отырса, қысылған (жіңішкеленген) жиектемені есік
қорабының жанына орнатпаған дұрыс. Оны кесу қажет, себебі олай етпеген жағдайда есік
қорабын маңдайшамен тығыз жабу мүмкін болмайды, бұл бөлменің дыбыс оқшауламасының
төмендеуіне əкеп соқтырады.
Ажыратқыштарға, дəнекері алынған қораптар мен жасырын электрсымдарының розеткаларына арнап ГКТ-да ауыспалы қондырмасы бар бұрғымен домалақ тесіктер тесіледі .
Шағын радиустық доғал жəне ойыс болып келетін қисықсызықты беттер қажетті өлшемдегі
арнайы өңделген ГКТ тақталарымен қапталады. Ол үшін ГКТ-ның қатырмақағаздық
қаптамасында 2-3 см адыммен көлденең кертпелер жасалады (доғал бетке арнап бет жағынан,
ал ойыс бетке арнап сырт жағынан)
Қатырмақағаздық қаптамасы кесілген немесе V-тəрізді ойықтары бар дайындаманы
қажетті бағытта бүгеді, нəтижесінде қажетті пішінге ие гипскартондық элемент алынады.
Радиусы 150-200 мм қисықсызықты бетті басқа əдіспен (көлденең бағытта кесусіз) алуға
болады, мысалы, қалыңдығы 9, 5 немесе 12, 5 мм болып келетін ГКТ-ны алдын-ала сулап
алумен.
Ол үшін ГКТ дайындамасын айналғыш үстелге төсейді, оны үстінен 10-12 сағатқа сулы
кенеппен жауып қояды, осыдан кейін ол қажетті əдіспен пішімсізделеді. Бұл процесті
жылдамдату үшін ГКТ-да кішкентай тесіктер жасау үшін келешек ойыс бетті шабақтары бар
білікпен өңдеп шығуға болады. Осыдан кейін ГКТ-ның сол беті ГКТ су сіңіруді
тоқтатқанша суға шыланған губкамен өңделеді. Дайындаманың ұштарын көзделіп отырған
конфигурацияға ие болу үшін бекітіп қоюға болады
Бұл ретте айта кететіні, майыстыруға ылғал күйдегі, сондай-ақ құрғақ күйдегі ГКТ-лар
келе береді. Ылғал күйдегі ГКТ-ны ең төмен ию радиустарын қалыңдығы төмендегідей
шамаларға тең болатын ГКТ-ларға арнап қолдану керек: 6, 5 мм - ию радиусы 300 мм; 9, 5 мм -
500 мм жəне 12, 5 мм - 1000 мм. Құрғақ күйдегі ГКТ-лардың дəл осындай қалыңдықтарына
соған сəйкес келесідегідей ию радиустары сəйкес келеді: 1000, 2000 жəне 2750 мм. Радиусы
белгілі ГКТ-ның қажетті ұзындығы келесі формулалар арқылы анықталады: - α орталық
бұрышы = 90° тең болған жағдайда:
L = г•π/2;
- α = 180° жағдайында:
L = г•π;
- кез келген шамадағы α бұрышы жағдайында:
L = αгπ /180°.
Айта кететіні, жоғарыда көрсетілген ГКТ-ларды ию радиустары қатырмақағазды алдын-
ала перфорациялау немесе кесу қажетігінсіз көрсетілген. Алайда есте сақтайтын бір нəрсе,
ГКТ-ны əрдайым еніне емес, ұзындығына қарап таңдау керек, себебі ГКТ-ны ию əрекеті
3. «КНАУФ» Мансардаларды М 682 монтаждау кезіндегі Кнауф құрылыс
материалдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz