Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар


1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау кезінде қолданылатын құралдар ... . 4
3. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау кезіндегі құрылыс материалдары ... .7
4. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау кезінде жұмыс орнын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
5. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
6. Бір қабатты бөлгіш қабырға монтаждау С111 кезіндегі қауіпсіздік ережесі ... ... ..17
7.Қорытынды шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
8.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Құрылыс - халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі , онсыз ғылыми-техникалық Прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркəсіпке, ауылш аруашылығына, көлікке, əлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын.
Құрылыс нарығындағы бəсекелестік күресте құрылысқа жаңадан шыққан өнімділігі жоғары жəне жоғары сапалы құрылыс материалдарын, ілгері құрылыс технологияларын, келешегі зор ғылыми əдістемелерді ендіріп отыратын, білікті түрде даярланған құрылыс мамандарына, ең үздік менеджмент пен экономикалық көрсеткіштерге ие құрылыс кəсіпорындары мен фирмалар жеңіске ие болатыны түсінікті жағдай. Сонымен қатар елімізде орын алып отырған экономикалық реформалар жұмысшы мамандарды кəсіби даярлауда едəуір өзгерістерді тудырды. Нарықтық қатынастардың енгізілуіне орай еңбек нарығы қарқынды түрде қалыптаса бастады. Бүгінде жұмысқа қабылдаушылар жұмысшылардың санаты мен кəсіби біліктілігіне, яғни, кəсіптік оқу мекемелерінің түлектеріне сан-алуан түрлі талаптар қояды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өмірдің жаңаша жағдайларында КТУ-лардың алдында түбегейлі өзгертулерді қажет ететін мүлде жаңаша міндеттер туындайтыны түсінікті жағдай. Еңбек нарығын түсінудің қажеттігі, оның дамуын болжамдау, сондай-ақ кəсіби даярлықтың мазмұнын өзгертудің қажеттігі, тиісті біліктілікке ие мамандықтардың қажеттігін бақылап отыру, жаңаданматериалдардың, бұйымдардың, жұмысты ұйымдастырудың технологиялары мен əдістерінің туындауымен негізделген жаңадан мамандықтарды құру барған сайын үлкен мəнге ие бола бастауда.
Құрылыс өнімдерін жасау кезінде соның ақырғы кезеңдерінің бірі - əрлеу кезеңі өте үлкен
мəнге ие болады, ол аса көп еңбекті қажет ететін құрылыс процестерінен құралады, құрылыс жұмыстарының сапасына берілген ақырғы баға, құрылыс сəулеті мен ішкі панажайлар дизайнының көркемдік мəнерлілігі сол процестерге байланысты болып табылады.Осы оқу құралында "Кнауф" атты белгілі неміс фирмасы əзірлеп жəне құрылысқа енгізген жиынтықтық жүйелерді қолданумен əрлеу жұмыстарының ең кейінгі құрылыстық технологиялары көрсетілген.
Аталмыш материалдардың мұндай қажеттігі сонымен қатар келесі жағдаймен де
түсіндірілуде: қазіргі уақытта құрғақ əрлеу əдістері гипскартондық тақталарды құрғақ сылақ ретінде ғана емес, сондай-ақ кеңістікті бөлу жөніндегі кез келген сəулеттік-құрылымдық идеяны жүзеге асыру үшін де қолдануды ескереді.
Кешенді гипскартондық жүйелердің құрамына кіретін құрылыс материалдарының, бұйымдар мен бекіту элементтерінің атаулығын қолдана отырып кез келген құрылыстық
мəселенің шешімін табуға болады.
"Кнауф" фирмасының жетекші мамандарымен құрылыс практикасына сондай-ақ жаңа
кешенді жүйелер енгізілген, оларда "сулы" технологиялық процестер (тегістеу, сылау
жұмыстары, құйылмалы едендерді құру жəне т.б.) мен жұмыстарды орындаудың ілгері əдістері, осы технологияларды жүзеге асыруға арнап құрал-саймандарды, машиналар мен механизмдерді қолдану, сондай-ақ нұсқаулықтар мен техникалық құжаттар ескерілген.
Сонымен, бұл оқу құралының мақсаты "Кнауф" фирмасының əрлеуге арналған жоғары
сапалы өнімдерді жасаудағы ғылыми-техникалық жəне практикалық жетістіктерін баяндау, сондай-ақ оны құрылыс өндірісінде қолдану дағдыларын беру болып табылады. Оқулықта берілген материалды тыңғылықты игеру келешек əрлеуші-шеберлерге Кнауф жиынтықтық жүйелерін құрылыс өндірісіне енгізу жөніндегі практикалық шеберліктер пен дағдыларды жақсы игеріп алуға себін тигізеді, сол арқылы құрылыс өндірісінің сапасы мен тиімділігін елеулі түрде арттыруға жəне еңбек нарығында бəсекеге қабілетті құрылысшы-жұмысшылардың кейінгі буынын қалыптастыруға ықпал ететін болады.
2. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау кезінде қолданылатын құралдар.
Металды жəне ағаш элементтерден жасалған қаңқалар құрылымы əртүрлі аралық
қабырғаларды орнату, сыртқы қабырғалардың ішін қаптау кезінде, тұрғын үйлердің,
азаматтық жəне өнеркəсіптік ғимараттардың бөлмелеріне аспалы төбелер орнату кезіндегі
оларға ГКТ-ларды бекіту үшін құрылады. Қаңқаны орнату үшін ең алдымен бөлмені өлшеп,
осьтер мен аралық қабырғаларды, солардың арқалауыш тіректері, есік қуысы мен өзге де
қуыстардың сызбаларда келтірілген жобалық өлшемдеріне сəйкес орналасатын жерлерін
белгілеп алы керек. Бұл ретте бағдар ретінде өздеріне орнатылғалы отырған гипскартондық
жүйелер бекітілуі тиіс болатын бағаналар, пилястралар, терезе жəне есік қуыстары мен өзге де
құрылымдық элементтер қызмет етеді.

Белгі салуға арналған кері қайтқыш бау

Метростат 300
Белгі салу үшін төмендегідей аспаптар қолданылады: белгі салғыш кері қайтқыш бау, тіктеуіш, гидравликалық деңгей өлшегіш, аралық қабырғалардың бұрылатын жəне қиылысатын, есік қуыстары тұратын жерлеріне белгі салуға арналған қимаүлгілер, жиналмалы метр, орауыштар, метростат - ұзындығы 3 м болатын көпіршіктік деңгей өлшегіші баржиналмалы өлшеу құрылғысы, ол конструкция элементінің күйін бір мезгілде екі деңгейде бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, метростаттың арнайы қондырмасы болады, онымен ГКТ-ны төбеге орнату кезінде соны тіреп тұруға болады. Аралық жабындардың орнын белгілеу кезінде тиісті жағдайларда теодолитті қолдануғаболады. Көлемі үлкен болып келетін панажайлардағы аралық қабырғалар мен аспалы төбелерді жылдам жəне дəл өлшеп белгілеу үшін лазер қондырғысын қолдануға болады, ол автоматты түрде түзеледі жəне құрылыстық конструкциялардың тік жəне көлденең беттеріне лазер сəулесін шашады. Бет бойынша қозғалып жүрген жарықтық нүкте бөлу осьтері мен аралық жабындар мен аспалы төбелерді қоршағыш конструкцияларға жанастыру орындарын белгілеу ісін едəуір жеңілдетеді. Лазер панажайдың қажетті нүктесіне орнатылады жəне сəулені керекті бағытта қаратып ұстайды, осыдан кейін оның көлденең немесе тік жазықтықта одан арғы реттелуі автоматты түрде жүргізіліп отырады

Жылдам жəне жоғары дəлдікпен белгі салуға арналған лазерлік қондырғы

Барлық түрдегі гипскартондық тақталарды əсіресе кесуге, ажарлауға, жиектерін сүргілеуге, тесіктер тесуге арналған арнайы Кнауф аспаптары болған жағдайда өңдеу жеңіл ГКТ-ларды пішімдеу мен кесу жұмыстарының дəлдігіне қойылатын талаптарға қарай сондай-ақ төмендегідей өңдеу əдістерін қолдануға болады:
1) сызғышты, металды үшбұрышты қолданумен ГКТ-ны беті тегіс үстелге қойып қарапайым
түрде пішімдеу жəне ГКТ-ны кесуге арналған пышақпен немесе арнайы айлабұйымдарды - кіші кескіш пышақты (ені 120 мм дейін жететін жолақтарды кесу үшін) немесе үлкен кескіш пышақты (ені 630 мм дейін жететін үлкен енді жолақтарды кесу үшін) қолданумен кесу.

Қатырмақағазды кесуге арналған пышақ
2) ГКТ-ны дəл пішімдеу, мысалы, перфоратталған, оймакілтектелген немесе үйлестірілген
гипскартондық панельдерді пышағы жіңішке жəне тістері ұсақ кескіш пышақпен
немесе дискілік қол электр арасымен кесу кезінде.

Гипсокартонды кесуге арналған тісті кескіш
Саңылаулардың жиектері ажарлағыш түрпімен немесе зімпаралық қағазбен өңделеді. Егер
ПЛУК типіндегі ГКТ-лар қолданылып отырса, қысылған (жіңішкеленген) жиектемені есік
қорабының жанына орнатпаған дұрыс. Оны кесу қажет, себебі олай етпеген жағдайда есік
қорабын маңдайшамен тығыз жабу мүмкін болмайды, бұл бөлменің дыбыс оқшауламасының
төмендеуіне əкеп соқтырады.

Ажарлағыш түрпі
Жиектерді сүргілеуге арналған

Ажыратқыштарға, дəнекері алынған қораптар мен жасырын электрсымдарының розеткаларына арнап ГКТ-да ауыспалы қондырмасы бар бұрғымен домалақ тесіктер тесіледі .

ГКТ-ны кесуге арналған ұсақ тістері бар КНАУФ кішкентай арасы
ГКТ-ны 63 жолаққа дейін кесуге арналған үлкен КНАУФ кескіші
Диаметрі 5мм дейін болатын тесік тесуге арналған тескіш құрал

Шағын радиустық доғал жəне ойыс болып келетін қисықсызықты беттер қажетті өлшемдегі
арнайы өңделген ГКТ тақталарымен қапталады. Ол үшін ГКТ-ның қатырмақағаздық
қаптамасында 2-3 см адыммен көлденең кертпелер жасалады (доғал бетке арнап бет жағынан,
ал ойыс бетке арнап сырт жағынан)
Қатырмақағаздық қаптамасы кесілген немесе V-тəрізді ойықтары бар дайындаманы
қажетті бағытта бүгеді, нəтижесінде қажетті пішінге ие гипскартондық элемент алынады.
Радиусы 150-200 мм қисықсызықты бетті басқа əдіспен (көлденең бағытта кесусіз) алуға
болады, мысалы, қалыңдығы 9,5 немесе 12,5 мм болып келетін ГКТ-ны алдын-ала сулап
алумен.
Ол үшін ГКТ дайындамасын айналғыш үстелге төсейді, оны үстінен 10-12 сағатқа сулы
кенеппен жауып қояды, осыдан кейін ол қажетті əдіспен пішімсізделеді. Бұл процесті
жылдамдату үшін ГКТ-да кішкентай тесіктер жасау үшін келешек ойыс бетті шабақтары бар
білікпен өңдеп шығуға болады. Осыдан кейін ГКТ-ның сол беті ГКТ су сіңіруді
тоқтатқанша суға шыланған губкамен өңделеді. Дайындаманың ұштарын көзделіп отырған
конфигурацияға ие болу үшін бекітіп қоюға болады

3.Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау кезіндегі құрылыс материалдары.
Қаңқалық-қаптағыш гипсталшықты конструкцияларға арнап қаңқасының құрылымы бойынша гипскартондық жүйелерге ұқсас болып келетін металды жəне ағаш қаңқалар қолданылады. Гипскартондық жүйелерге арнап қолданғандай, өздерін жасау үшін кейбір жағдайларды санамағанда, гипскартондық қаңқаларға арналғандай пішімдер ұсынылатын
көбінеки металды қаңқалар қолданылады.
Қаңқалардың металды элементтері қалыңдығы 0,6 мм кем болмайтын көміртегілік, суық
илемделген мырышталған болат таспадан жасалады. Мұндай пішімдер төмендегідей
талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- пішімдер қимасының биіктігі мен ені бойынша номиналдық шамалардан ауытқу
мөлшері пішімнің əр 1 м ұзындығына қатысты 2 мм-ден аспауы тиіс;
- пішімдердің бойлық өсінің бойымен бұралуы пішімнің əр 1 м ұзындығына қатысты 2
мм-ден аспауы тиіс, пішімді көлденең жазықтыққа төсеп жəне пішімді конструкцияға
орнатумен жоюға болатын оның кез келген түрдегі бұралуына жол беріледі;
- жергілікті қисықтығы пішімнің əр 1 м ұзындығына қатысты 2 мм-ден аспауы тиіс;
жалпы қисықыстық пішімнің бүкіл ұзына бойындағы жарамды жергілікті қисықтықтың
мағынасынан аспауы тиіс;
- пішімнің бетіндегі толқындану 2,5 мм-ден аспауы тиіс, толқынның ұзындығы 150 мм-
ден аспауы тиіс;
- пішімдердің бетінде жарықшақтанулардың, кертіктердің, терең сызаттардың болуына
жол берілмейді.
Қисықсызықты конструкцияларға арнап зауыттық жағдайларда жасалған металды
пішімдерді қолдану ұсынылады.
Ағаш қаңқаларды құрастыру үшін 2 сұрыптан төмен болмайтын зарарсыздандырылған
ағаштан жасалған кесілген материалдарды қолдануға болады.
Ағаш қаңқалардың конструкциясындағы ағаштың ылғалдылығы 12+-3 пайыз шектерінде болуы тиіс.

Жиынтықтық материалдар мен бұйымдар Қаңқалардың элементтерін біріктіру үшін жəне оларды ғимараттардың арқалауыш конструкцияларына бекіту үшін өздерінің сипаттамалары мен арналуы төмендегі кестеде көрсетілген жалғағыш бөлшектер мен аспаларды қолдануға болады.



Жалғағыштар мен аспалардың атаулығы.

ГТТ-ны өзінің элементтері пішімдердің қабырғасының 0,7 мм-ден аз болып келетін
қалыңдығына ие болатын металды қаңқаға жəне ағаш қаңқаға бекіту үшін екі рет кіретін тең
пішімді бұрамасы, жасырын пішінді жоңғылағыш қалпақшасы, айқастырма тəрізді оймакілтегі
бар жəне ұшы үшкір болып келетін өзі кескіш бұрамашегелерді қолдану ұсынылады.
Бұрамалардың ұзындығы қаңқаның түрі мен қаптаманың қалыңдығына байланысты
белгіленеді.
ГТТ-ны металды пішімінің қалыңдығы 0,7-2,2 мм болатын металды қаңқаға бекіту үшін
болаттын жасалған, ұшы бұрғыланатын, жасырын қалпақшасы мен айқастырма тəрізді
оймакілтегі бар өзі кескіш бұрамаларды қолдануға болады. Бұрамалардың ұзындығы
қаңқаның түрі мен қаптаманың қалыңдығына байланысты белгіленеді.
Металды бөлшектерді өзара біріктіру үшін ұшы үшкір жəне айқастырма тəрізді
оймакілтегі бар өзі кескіш бұрамаларды қолдану ұсынылады.
Қаңқаның пішмдері мен аспаларды бекіту үшін анкерлік дюбельдер, ал аспалы жабдықты
тікелей ГТТ-ның қаптамасына бекіту үшін өздерінің атаулығы арнайы дюбельдер қолданылады.
Ағаш қаңқаның бір элементтерін екіншілеріне бекіту əрекеті шегелермен орындалады;
бұл жағдайда қалыңдығы 0,6 мм көміртегілік суық илемделген табақтық болаттан жасалған
қондырмаларды қолдану артықшылыққа ие болып келеді.



3.9- кесте. Дюбельдердің атаулығы.



Өзі кескіш бұрамалардың (бұрамашегелердің) атаулығы.

Дюбельдердің атаулығы.

Ғаныш талшық тақта

Жіктерді бітеуге арналған қоспа
"Фугенфюллер"

"Тифенгрунд" (Tiefengrund) астарламасы

.

4. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау кезінде жұмыс орнын ұйымдастыру

Қабырға монтаждау кезінде құрға әдіс жұмыс орнына төселетін қабырғаның монтаждау тұсы және оған іргелес жатқан алаңның бір бөлігі кіреді,осы маңға материалдарды,жабдықтарды,құрал-сай мандарды орналастырады және құрға әдіс маманының өзі жүріп тұратын жол қалдырады. Құрға әдіс маманының жұмыс орны үш зонадан құралады: жұмыс зонасы (1)- құрға әдіс маманының жұмыс істейтін ашық алаң; (2)-монтаждаудың монтаж мүмкіндігіне қарай монтаждалатын,ерітінді және бөлшектер орналасқан алаң; транспортқа (тасымалдауға) арналған зона(3)-бұл алаңда сылақшылардың материалдармен және басқа да сылау бөлшектерімен қамтамасыз ететін такелажшылар жұмыс істейді.Жұмыс орнының жалпы ені 2,5,,,,,,2,6 м.
Жұмыс орнындағы қоспаның немесе ерітіндінің артық мөлшері,оларға деген қажеттілікті 45 минутқа дейін қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.Ерітіндіні жәшіктерге тікелей жұмыс басталар алдында салады.Жұмыс орнына материалдарды тым артық мөлшерде үйіп тастауға және төсеніш сатылармен сатылы қоршауларға көп күш түсіруге болмайды.

5. Бір қабатты бөлгіш қабырға С111 монтаждау технологиясы
Белгі салу үшін төмендегідей аспаптар қолданылады: белгі салғыш кері қайтқыш бау, тіктеуіш, гидравликалық деңгей өлшегіш, аралық қабырғалардың бұрылатын жəнеқиылысатын, есік қуыстары тұратын жерлеріне белгі салуға арналған қимаүлгілер, жиналмалыметр, орауыштар, метростат - ұзындығы 3 м болатын көпіршіктік деңгей өлшегіші бар жиналмалы өлшеу құрылғысы, ол конструкция элементінің күйін бір мезгілде екі деңгейде бақылап отыруға мүмкіндік береді . Сонымен қатар, метростаттың арнайы қондырмасы болады, онымен ГКТ-ны төбеге орнату кезінде соны тіреп тұруға болады.
Аралық жабындардың орнын белгілеу кезінде тиісті жағдайларда теодолитті қолдануғаболады. Көлемі үлкен болып келетін панажайлардағы аралық қабырғалар мен аспалы төбелерді жылдам жəне дəл өлшеп белгілеу үшін лазер қондырғысын қолдануға болады, ол автоматты түрде түзеледі жəне құрылыстық конструкциялардың тік жəне көлденең беттеріне лазер сəулесін шашады. Бет бойынша қозғалып жүрген жарықтық нүкте бөлу осьтері мен аралық жабындар мен аспалы төбелерді қоршағыш конструкцияларға жанастыру орындарын белгілеу ісін едəуір жеңілдетеді. Лазер панажайдың қажетті нүктесіне орнатылады жəне сəулені керекті бағытта қаратып ұстайды, осыдан кейін оның көлденең немесе тік жазықтықта одан арғы реттелуі автоматты түрде жүргізіліп отырады.
Панажайдың жəне гипскартондық жүйелердің құрылымдық элементтерінің іс-жүзіндегі өлшемін ескере отырып қаңқаның қажетті элементтерін таңдап алып, кесіп жəне өңдейді. Көп жағдайларда ғимараттың арқалауыш қоршағыш құрылымдары мен қаңқалық элементтерін монтаждау немесе салу кезінде жіберілген қателіктер мен жобалық жағдайынан ауытқуларды ескеріп жəне түзетуге болады. Белгі салуды ұзақ тұратын бояумен орындайды. Аралық жабындардың жиынтық жүйелерінің көпшілігі металды қаңқаның отқа шыдамдылығы, монтаждаудың жеңілдігі, дыбыстық оқшаулау, коммуникацияларды төсеудің ыңғайлылығы, сантехникалық жабдықтарды ілу жəне т.б. талаптарға сүйенумен соны қолдануға негізделген. Аралық жабындардың металды қаңқалары бір немесе қос қаңқаға ие болуы мүмкін. Панажайлардың сенімді дыбыстық оқшауламасын қамтамасыз ету мақсатында қаңқаның бағыттаушы жəне тіректік пішімдері дыбыс оқшаулағыш тығыздағыш төсемелерге, мысалы, полиуретан немесе көбіктік резеңкеден жасалған өзі жабысатын таспаға орнатылады.

Аралық қабырғаны металды негізгі қаңқаның
қабырғасы мен еденге кергіш дюбельдермен бекіту:
1 - пішін бекітілген,
2 - бұрандасы бар керілгіш дюбель;

Қаңқалардың негіздерге бекітілу тораптарында төмендегідей жүктемелер туындауы мүмкін:
- аралық қабырғаларды қабырғаларға немесе кірпіштен, бетоннан жасалған арқалауыш аралық жабындарға бекіту кезінде - қиылуы;
- аралық қабырғаларды төбелік жабындарға бекіту кезінде - қиылуы, төбелік жабын иілген жағдайда керілуі немесе қысылуы;
- жалғанбалы немесе аспалы төбелерді темірбетоннан жасалған төбелік жабындарға бекіту, толтырғышы бар арқалықтық төбелік жабындарды бекіту кезінде
- керілуі (серпінді жүктемелердің есебімен), иіле отырып керілуі (төбелік жабындар иілген жағдайда).
Металды бағыттаушы пішімдер еденге, төбе мен қабырғаға бұрамашегелермен немесе дюбельдермен бекітіледі .
Іргелес орналасқан дюбельдердің арақашықтығы 0,8-1 м-ден артық болмауы тиіс. Əрбір пішім кемінде үш дюбельмен бекітілген болуы тиіс. Шеткі дюбель мен қабырғаның немесе төбенің өзара арақашықтығы 10 см-ден аспауы тиіс. Қаңқаның шеткі тік элементтерін қабырғаға, пилястраларға, ұстындарға бекіту нүктелерінің арақашықтығы 1м деп қабылданады.
Дюбельдерді пайдалану төмендегідей талаптардың орындалуын қажет етеді:
- дюбельдің түрі негіздің материалына қарай таңдалып алынады (бетон, тұтас денелі кірпіштен жасалған кірпіштік қалама, тесік кірпіштен немесе қуыс денелі блоктардан жасалған қалама, іші қуыс панельдерден жасалған қабырғалар);
- ғимаратты пайдалану барысындағы дюбельге түсетін жүктеменің түрі мен шамасы ескеріледі (кесілуі, иілуі, керілуі);
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркстан қаласындағы жануарлар ауруларын алдын-алу орталығы
Жамбыл облысы, Төле би ауылындағы денешынықтырусауықтыру орталығын жобалау
Құрылыс ауданы – Талғар қаласы
Қостанай қаласындағы қонақ үй – сауда кешенін жобалау
Мұнайды тұздан және судан тазарту
Балмұздақ сақтайтын тоңазытқыш қондырғысын жобалау
Уақытша ғимараттарды есептеу
Ампулалық құрылғылар
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Бұрғы қондырғысының негізгі жабдықтары
Пәндер