Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Мен ұсынып отырған Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі ғылыми жобамда қазақ халқының тарихындағы кеңес дәуірінен бергі жазу үлгісінің өзгерістері мен оны қабылдаудың өзіндік қарама-қайшылықтары туралы таныстырмақпын.
Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын қарпін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.

Бұл ғылыми жұмыс кіріспе және 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
Негізгі бөлім.
1. Латын қарпіне көшудегі А. Байтұрсыновтың пікірі ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
2. Жазу үлгісін өзгертудегі кеңес өкіметінің саясаты ... ... ... ... ... ... ... .7 бет
3. Латын қарпіне көшудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12 бет



КІРІСПЕ
Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің
позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.
Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды
жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап
әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуі-
міз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе..
Н. А. Назарбаев
Кез-келген халықтың жеке өзіндік ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі ерекше орын алады.
Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әлібиіндегі өзгеріс Латын қарпіне көшу тақырыбы болып отыр.
Баршамызға белгілі, Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне ауысуды мақсат етіп айқындап берген болатын. Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын қарпін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, табиғи таза қалпының сақталуына мүмкіндік береді.
Қазақ халқы сонау XVIII ғасырдың басынан бері Ресей патшалығы қол астына кіргеннен бастап білім беру , ағарту саласында үздіксіз өзгерістерді орыстандыру саясатының барысында толып жатқан қиыншылықтарды бастан кешті. Кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағарту ісінде үлкен маңызға ие болған халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесінде реформалар жасады. Бұл реформалаудың негізінде қазақ алфавитін ауыстыру 2 рет өзгертілді. 1929 жылы араб жазуының латын жазуына көшуі болды. Бұл шешім 1924 жылы үкімет қабылдап қойған шешімі еді.осының негізінде латын әлібиі жасалды.
1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негiзiнде жасалған қазақ әліпбиін жетiл-дiрдi. Жетiлдiрiлген араб әліпбиі қазақтарға кез келген түркi тiлдi басылымды, соның iшiнде шетелдерде шығатындарын да оқуға мүмкiндiк бердi, бiрақ бұл саяси жағынан
зиянды деп есептелдi. 1929 жылғы араб әріпінен латын әріпіне көшу бiлiм беру жүйесi үшiн қатты соққы болып тидi. Араб әріпімен оқып, сауатын ашқан жүз мыңдаған қазақ-тарға ендiгiде жаңа әліппені меңгеру керек болды. Бүкiлхалықтық сауаттылық үшiн күрес жүргiзе отырып, билiк басындағылар қазақтарды араб әрпімен жазылған кiтап-тарды оқудан, ғасырлар бойы келе жатқан рухани мұрадан айырғысы келдi. [1-159]
1940 жылы латын жазуының кириллицаға ауысуы кеңес өкіметінің негізгі саясатының көрнісі болды.
Қазіргі таңдағы латын қарпіне көшу ол заман талабы болып отыр.
2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуниакциялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек, - деген еді.


Зерттеудің мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы араб әліпбиін ауыстыру барысындағы А.Байтұрсыновтың еңбектерін қарастырып, пікірлерін зерттеу.
1940 жылғы кириллица әрпіне ауысудағы кеңес өкіметінің шешімдеріндегі саясатының мақсатын және қазіргі уақыттағы туындап отырған мәселелерін анықтау.
1. Мектепті бітіріп кеткен аға буындардың латын қарпін оқуы.
2. Латын қарпіне көшудің баспалар мен ақпарат құралдарына әсері.

Зерттеудің міндеті: еліміздің жазу жүйесіндегі өзгерістерде бастан кешірген қиыншылықтары мен қазіргі латын жазу үлгісінің тиімді жақтарын ашып көрсету.

Зерттеудің өзектілігі: ХХ ғасырдың 1924-1928 жылдар аралығында араб әріпінің ауысуына ықпал еткен кеңес өкіметінің саясатына қарсы Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылар тобы арасындағы қарама-қайшылықты анықтау.
1940 жылы кириллицаға ауысу ісі ешқандай халық ішінде талқыланбастан кеңес өкіметінің бұйрығымен болған. Бұл шешімнің орыстандыру саясаты негізінде жасалғанына көз жеткізу.

Зерттеудің жаңашылдығы: Араб әрпінен латын әрпіне көшуде Ахмет Байтұрсыновтың алфавитті өзгертуге қарсы пікірлерін қарастырып және кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің орыстандыру саясаты екенін дәлелдеу.
Латын қарпіне көшудің қазіргі заман талабы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің теориялық мәні: Латын білім, ғылым және өндірісті ұштастырған тіл. Латын қарпіне көшу - заман талабы. Кез-келген инновациялық технология, компьютер, смартфон мен гаджеттердің бастапқы программалары латын қарпімен жазылатынын дәлел ете отырып латын қарпіне көшудің тиімділігін айқындау.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Жұмыс кіріспеден, Негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Латын қарпіне көшудегі А. Байтұрсыновтың пікірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы заң қабылданды.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген төте жазу пайдаланылған.
1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде бекітілген араб жазуының тағдырын кеңестіктер шешіп те қойған еді. Бірақ жаңа құрылған кеңес өкіметі түркі халқының жазуын бірден орыс жазуына ауыстыруға сақтықпен қарады. Сөйтіп алдымен латын әліпбиінің қажеттігін дәлелдейтін желеулер ойлап тапты.
Араб жазуына дінге жақын деген айдар тағылып, күшпен өзгертілді. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында Бүкілодақтық І түріктанушылардың Съезі шақырылып, күн тәртібіндегі негізгі мәселе - түркі тілдес халықтардың жазуы және оның латын әліпбиіне көшірілуі болды. Съезге Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұлов сынды мемлекет қайраткерлері қатысты. [1-164] Бұл жиын ғалымдардың екіге бөлінген таласымен өтті. Осыған байланысты сол жиынға қатысып сол уақыттың ағымына қарай латын тіліне ауысудың қиындықтары туралы Ахмет Байтұрсынов өз пікірін ашық айтқан. Оны қолдаған адамдарға дін таратушы деген айыптар тағылған.
Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жиынтығы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы [3-325]
Араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу біраз уақыт талқыланған, бірақ соған қарамастан кеңес өкіметі латын жазуына күшпен ауыстырған.
Араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу барысында А.Байтұрсыновтың пікірі қандай болды? Әріп ауыстыру деген жеңіл мәселе емес. Бұл ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мәселе екендігін еске алып отырып шешетін нәрсе. Үстін қарап, ат үстінен айтқандай сөзбен жеңіл шеше қоятын мәселе емес. Салақ қарауға болмайтын салмақты мәселе.
Араб әріпін латын әрпіне алмастыру мәселесі қозғалғаннан бері көп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Сол терең тексеру арқасында екі әріптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаты көзге түсті.
Екі әріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нәрселері мыналар болуға тиіс:
1 - тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?
2 - қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?
3 - қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?
4 - қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы да сонда)?
5 - үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6 - көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық? [3-327]
Осы талаптарды алға тарта отырып Ахмет Байтұрынов ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген төте жазу пайдаланылған. Өйткені мұнда халқымыздың тіліне орыстану саясатының қаупі төніп тұрды. Сол кезде түркі жұртының 90% араб әрпін пайдаланған. Қалыптасып қалған жазу арқылы мәдениеті дамып хат танып отырған халыққа бір дегеннен әріп ауыстыру оңай мәселе емес еді. Латын әліпбиінде әріп ұлылы1-кішілі болып, екі-екіден келеді. Латын жүйелі әріптер баспаға әбден икемделген, ол икемделуі Европа жұрттарының өздеріне даяр болғанымен, бізге даяр емес. Түрік жұрттары олардың даяр тұрғандарын сол күйінде алып пайдалана алмайды. Ең кем болғанда 25-30% өзгертіліп алынады. [3-333]
Сол жылдардағы латын әрпіне көшудің қиындықтары туралы пікірін айтқанда Ахмет Байтұрсынов бірінші болып латынша әріпке ауысқан әзербайжандықтардың жағдайына тоқталған. Әзербайжандарда латын әріпін жазатын жазу машинасынның болмағандығы, оны 5-6 айдан соң жасатып алдыртқанда онымен жұмыс істейтін адамның болмағаны туралы айтады. Көптен келе жатқан латыншылары бар, жетілген кент мәдениеті бар, өнерлі кәсібі бар әзербайжандар әліп-би бастыруға сонша әурешілік шексе, басқа түріктер, әсіресе біздің қазақ сияқтылары оп-оңай дайын қып ала алмас деген. [3-333] Иә, бұл сонау ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің экономикасы да, әлеуметтік жағдайы да көтере алмайтын еді.
Бірақ соған қарамастан кеңес өкіметі латын жазуына күшпен ауыстырған. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.
2. Жазу үлгісін өзгертудегі кеңес өкіметінің саясаты.
1940 жылы Кеңес үкіметі Балтық жағалауындағы елдер мен грузин, армян жазу-ларынан басқа халықтардың барлығының жазуын кириллицамен алмастыру шешімін қабылдады.
1940 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің V сессиясы Қазақ жазуын латындықтан орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитке ауыстыру туралы заң қабылдады. Қазақ тілінің жаңа алфавиті кириллица негізінде құрылды, ол үшін орыс алфавитінің 32 әрпіне 9 ерекше әріптер қосылды (ә, ө, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, һ).
Бұл саясат - біріншіден, түбі бір түркі тектес халықтарды бір-бірінен алшақтау, тарихынан қол үздіру болса, екіншіден, олардың өскелең ұрпақтарын орыстандыру пиғылында жатты. Осылайша қайта-қайта өзгерген жазу үлгісі аз уақыт ішінде халқымыздың сауат ашуы тілдің дамуына, әдебиетіміздің көркеюіне кері ықпал етті. Әсіресе, орыс графикасына көшу барысында жасалған қысым қазақ тілінің үндестік заңы арқылы тіл бұзылуына, дұрыс сөйлеу мен жазу емлесіндегі қайшылықтарға әкеп тіреді. Біздің ана тіліміз өзге туыстас тілдерге ұқсамайтын үндестік заңына бағынады. Амал не, тіліміздің де, грамматикамыздың да орыстануына шеттен келген кірме сөздер, әсіресе орыс тілі және сол арқылы үндіевропа тілдерінен енген сөздер үндестік заңына бағынбасын деген солақай саясаттың ықпалы әсер етті. [2-164]
Араб графикасынан латынға одан кириллицаға ауыстыру нәтижесінде халқымыз ғасырлар бойы ұлттық рухани мәдениетті қалыптастырған журнал, газет ғылыми еңбектер шығарған, тарихи материалдар байлығын жинаған өз жазуларынан кішкене уақыт аралығында айырылып қалды.
Бұл жағдай жер-жерде ұлттық мектептердің жабылуы, жаппай орыс тіліндегі мектептердің көбеюі, жоғары оқу орындары мен мектептерден қазақ тілін алып тастауға дейін әкелді. Оған дәлел ай аттарын орыс тілінде айтып, орыс тілінде жаздық, қаңтар айын январь, кеңес сөзін совет, т.б. сонымен бірге жер-су аттарыда өз ұлттық атауын жоғалтқан еді Алматы - Алма-Ата, Семей - Семипалатинск деген сияқты атаулармен аталды.
Осы кезде ана тіліне араша түсер азаматтар да табылды. 1944 жылы наурыз айында жазушы Ғ.Мүсірепов үкімет басшыларына хат жазып, оқулықтар мен қазақ тіліндегі кітаптардың тіліне сын айта келіп, былай деп жазды:
1) Газет тілі аударма тілге айналып кетті; қазақ сөзінен құрылған сөйлемдердің өзі орысша құралады. Термин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Қазақ жазуының латынға келу тарихы
Баспасөз материалдарына шолу
Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу үдерісі
Қазақ жазуының бастаулары
Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі
Пәндер