Органикалық тыңайтқыш түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім . . . 6

2. 1. Органикалық тыңайтқыштарға жалпы сипатама . . . 6

2. 2. Органикалық тыңайтқыш түрлері . . . 8

2. 3. Тыңайтқыштарды тиімді қолдану шаралары . . . 14

2. 4. Органикалық тыңайтқыштардың маңызы, өсімдік тіршілігіне әсері . . . 16

Қорытынды . . . 18

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19

Кіріспе

Агрохимия - өсімдіктің, топырақтың және тыңайтқыштардың өзара қатынасын ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін топырақ құнарлалығын ұдайы жоғарылатуды зерттейтін ғылым. Агрохимия ғылымның басты мақсаты: өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері мен формаларының топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.

Ертедегі римдіктер мал көңінің, күл, гипс, әк сияқты заттардың топыраққа әсер ететін қасиетін біліп, оларды пайдалану арқылы жердің құнарлылығын арттырған. Римдіктер сол сияқты, бірдей мөлшерде тыңайтқыштарды қолдана отырып, бір дақылды алмастырып еккен кезде мол өнім алатынын да ескерген.

Француздың табиғат зерттеушісі Бернар Палисси 1563 жылы топырақтағы минералдық заттардың өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі туралы пікір айтты. Ол минералдық тыңайтқыштардың тегі, әсері жөнінде жазған шығармасында “тұз дегеніміз тірішіліктің және барлық егістің өсіп-өнуінің негізі болыптабылады”, -деген. Осыдан кейін 1656 жылы Глаубер “Өсімдіктің өсуіне селитра негіз болады”, -деген жорамал (гипотеза) ұсынды. 1766 жылы профессор Валлериус өсімдік күліне химиялық талдау жасап, оның құрамы топырақтағыдай емес екенін көрсетті де мынадай қорытынды жасады: топырақтағы органикалық заттар ғана өсімдік үшін қорек болады. Топырақтың басқа құрамдас бөліктері көмекші қызмет атқарады.

Жалпы XVIII ғасырда француз ғалымдары О. Б. Соссюр (1804 ж. ) мен Ж. Б. Буссенго (1836 ж. ) және неміс оқымыстылары Х. К. Шпренгель мен Ю. Либих (1840 ж. ) өсімдіктің қоректенуі туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. О. Б. Соссюр өсімдік күліне тыңғылықты талдау жасап, минералдық заттардың өсімдік организміне енуі кездейсоқ емес деген қорытындыға кел-ді. ”Тұздардың өте аз мөлшерде болуы олардың пайдасыз екендігінің дәлелі емес”‚-депжазды Соссюр. Ол құнарлылыққа қатысты шіріндінің маңызына тоқтала келіп, оның өсімдік құрамында да кездесетінін айтты.

Германияда өсімдіктің қоректенуі жөнінде Шпренгель: “Өсімдікте топырақтан және ауадан алатын органикалық емес заттардан, жарықтың, жылудың, электрдің және ылғалдың көмегімен органикалық заттар құралады”‚-деген. Шпренгель минералдық заттардың маңызы және оларды топыраққа қайтару қажет екендігі туралы айтқан.

3

Фотосинтез туралы тамаша зерттеулері нәтижесінде әйгілі болған, өсімдіктер физиологиясы саласындағы аса ірі ғалым К. А. Тимирязев, өзінің ғылыми қызметінің бастапқы кезінде Д. И. Менделеев бағдарламасы бойынша тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізді. К. А. Тимирязев егін шаруашылығында, бұршақ тұқымдастардың азот жинаушы өсімдіктер ретінде ерекше бағалы екенін ескертті. Ресейде агрохимиялық зерттеу жұмысын дамытудағы К. А. Тимирязевтің еңбегі - вегетациялық әдісті еңгізуі болды. Ол сонымен қатар агрономиялық мәселелерді шешуді вегетациялық және далалық әдісті үйлестіре қолдану керек екенін көрсетті.

1926 жылы Қазақстанда жер шаруашылығы комиссиараты жанынан топырақты зерттеу бюросы ұйымдастырылды. Бұл бюро кейінірек Қазақтың жер тыңайту және агротопырақтану институты, одан соң 1935 жылдан бастап В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік институты болып аталды. Осы уақыттан бастап біздің республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми жүйелері қалыптаса бастады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу жөніндегі алғашқы тәжірибелер, Қазақстанда 1929 жылы жүргізіле бастады. Бұл тәжірбиелердің нәтижелері Н. П. Корбут, И. И. Синягин, Н. Е. Крутиков, Г. М. Лобанов, К. И. Иманғазиев еңбектерінде жинақталып‚ қорытынды жасалды.

И. И. Синягин Оңтүстік Қазақстанның топырағындағы фосфордың органикалық және минералдық түрлеріне сипаттама беріп, түрлі фосфор тыңайтқыштарының ауыл шаруашылығы дақылдарына әсерін тексерген. Оның жетекшілік етуімен Қазақстанда тұңғыш рет 1934 жылы тыңайтқыштарды қолдану жөнінде анықтамалық жарық көрді.

Қазақстан агрохимиктері өткен ғасырдың екінші жартысында агроценоздарда минералдық қоректену элементтерінің биоциклдер заңдылықтарын білуге, тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақтардың құнарлығын сақтау мәселелерін ғылыми тұрғыда негіздеуге, регионда тараған негізгі топырақтарға агрохимиялық сипаттама беруге, негізгі ауылшаруашылық дақылдардың қоректенуі жөнінде қолайландыру және гидротермиялық қолайсыз жағдайларда тұрақты жоғары өнімдер алу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін айтарлықтай іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізді.

Кейінгі жылдары агрохимия саласында Д. К. Мәденов, А. Т. Пономарева, Б. С. Бәсібеков, тағы басқа көптеген ғалымдар өсіп жетілді.

4

Д. К. Мәденовтің жетекшілік етуімен Алматы және Қызылорда облыстарында қант қызылшасы, жүгері, күріш, қарбыз, жүзім, күздік бидай дақылдарына сұйық азот тыңайтқыштары мен карбамиформ, мочевина сыналды.

өсімдік

топырақ тыңайтқыш

Д. Н. Прянишников үшбұрышы.

Агрохимия өсімдіктер физиологиясы, топырақтану, биохимия, микробиология, егіншіліктану, өсімдік шаруашылығы, агрометеорология, химия, физика, математика, биология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Агрохимия ғылымының жетістіктерін талдай отырып, қазіргі кезеңде оның алдында шешуді қажет ететін мынадай басты міндеттер анықталды:

•Өсімдіктің қоректенуі мен оның өсу кезеңдерінде жүретін органикалық және минералдық заттардың алмасу құбылысын зерттеу. Физиологиялық-, қоректік элементтердің рөлін тереңірек талдау. Сөйтіп өсімдіктің қоректенуінің минералдық теориясын жетілдіру.

•Егіншілікте қоректік заттардың айналымы мен балансын зерттеу.

•Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың қасиеті мен құнарлылығының өзгеруін зерттеу. Топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын белгілеу.

•Өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес әрбір аймақ топырағының ғылыми тұрғыдан айқындалған, қоректік элементтердің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі деңгейін жасау.

•Тыңайтқыштың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету жолдарын іздестіру.

•Өсімдік өнімінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің мөлшерін қалыптастыру.

•Топырақ пен өсімдік құрамындағы макро- шекті деңгейін белгілеу.

5

Негізгі бөлім

Органикалық тыңайтқыштарға жалпы сипаттама. Тыңайтқыштарға, құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтері болатын және топырақ қасиеті мен құнарлылығын жақсарту үшін пайдаланылатын заттар жатады.

6

Органикалық тыңайтқышқа:

- көң;

-көң садырасы;

-құс саңғырығы;

-қордалар;

-шаруашылық қалдықтары;

-шымтезе;

-сапропель;

-сидераттар; т. б. жатады.

Органикалық тыңайтқыштардың маңызына тоқтала келіп академик Д. Н. Прянишников былай деп жазған: ”Химия өнеркәсібінің дамуына және минералдық тыңайтқыштардың кеңінен таралуына байланысты‚ көңнің маңызы кейінгі екінші кезектегі жоспарға қалдырылады деп ойлау мүмкін емес‚ керісінше‚ минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты көңнің мөлшері де арта түседі. Мұны химияландырудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай, көңді ауыл шаруашылығы дақылдарына ең басты тыңайтқыштар ретінде қолданудың бірі деп санауға мәжбүр етеді.

7

Көң қатты‚ сұйық бөліктен және төсеніштен тұрады. Малдың жеген азығының құрамындағы органикалық заттың 40‚ азоттың 50‚ фосфордың 80 және калийдің 95 пайызы көңге ауысады.

Көңнің құрамы мал түріне‚ оның жасына‚ азық түріне қарай өзгеріп тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық бөліктердің арақатынасына да әсер етеді.

Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық құрамы бірдей емес. Мұнда айта кететін бір жағдай - мал денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса‚ азоттың 50-70 пайызы және калий зәрмен бірге бөлінеді. Құрғақ зат‚ азот және басқа элементтердің мөлшері жылқы мен қой малдарының көңінде жоғары болатындықтан тезірек шіриді. Төсеніш-көңніңсапасын жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын төмендететін құрамдас бөлігі. Төсеніш ретінде сабан‚ шымтезек‚ ағаш үгіндісі т. б. материалдарды пайдаланады.

Төсеніштің агрономиялық маңызы зор. Ол шаруашылықта жиналатын көң мөлшерін молайтады. Төсенішпен көң құрамына қосымша қоректік элементтер енеді. Бұл элементтер микробиологиялық процестердің әсерінен өсімдікке сіңімді күйге ауысады.

Төсеніш малдың сұйық экскрементін (зәр) және пайда болған аммиакты азотты сіңіреді. Сөйтіп, бұл заттардың ысырап болуын азайтады. Мысалы‚ сабанның бір бөлігі 2-3‚ойпатты жердің шымтезегінің бір бөлігі5-7‚қыратты жердің шымтезегінің бір бөлігі 1015 бөлік малдың сұйық экскрементін сіңіреді.

Төсеніш көңнің физикалық‚ физика-химиялықжәне биологиялық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда‚ көңнің ылғалдылығыазды-көптітөмендейді‚ онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл ыдырайды.

Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң алынады.

Шаруашылықтағы көңнің қоры және оның құрамындағы қоректік заттардың (әсіресе азоттың) ысырап болуы малға пайдаланатын төсеніш мөлшеріне байланысты Төсенішті көң құрамында өсімдіктерге қажетті барлық қоректік элементтер болатын толық органикалық тыңайтқыш. Негізгі үш қоректік элементтердің (азот‚ фосфор‚ калий) ішінде көңде калий мөлшері жоғары және ол жылжымалы әрі өсімдікке сіңімді хлорсыз қосылыстар түрінде кездеседі. Сондықтан хлор элементіне сезімтал дақылдар (темекі‚ картоп‚ көкөніс‚ жидек) үшін көң хлоры бар минералдық тыңайтқыштарға қарағанда бағалы болып саналады Көңде фосфор негізінен қатты экскремент пен төсеніш құрамында

8

кездеседі. Ол көң садырасында өте аз болады. Органикалық заттардың

минералдану барысында, ерігіштік дәрежесі әртүрлі ортофосфор қышқылының

тұздары түзіледі. Бұл пайда болған ортофосфор қышқылының тұздары, көңнің органикалық заттарының әсерінен минералдық тыңайтқыштар құрамындағы фосфорға қарағанда химиялық жолмен байланысуы баяу өтеді.

Сонымен, ауыл шаруашылығы дақылдары үшін төсенішті көңнің, құрамындағы қоректік заттарды пайдалануы маңызды шараның бірі болып саналады.

Төсенішті көңді ыдырау дәрежесіне қарай жас немесе нашар ыдыраған‚ жартылай шіріген‚ толық шіріген және шірінді деп бөледі.

Төсеніш ретінде пайдаланған сабан әлі де болса өзінің бастапқы сары түсі мен беріктігін жоғалтпаса, оны жас көң дейді.

Жартылай шіріген көңнің төсеніші (сабан) берік емес және түсі күңгірт-қоңыр‚ал суының сүзіндісі қою‚ қара болып келеді. Мұндай көңнің массасы жас көңмен салыстырғанда20-30%азаяды.

Толық шіріген көң жабысқақ қара түсті масса. Оның суының сүзіндісі түссіз болады. Массасы жас көңнің массасынан 50% аз болады.

Шірінді органикалық затқа бай топырақ түстес‚ біртектес масса. Массасы жас көң массасынан 75% аз болады.

Ауыл шаруашылығында топырақ-климатжағдайларына қарай, толық немесе жартылай шіріген көңді пайдалану керек. Мұнда оңтүстік-шығыс аудандардың суарылмайтын қуаңшылық аймақтарында топырақты одан әрі құрғап кетуден сақтау үшін көктемде толық шіріген‚ ал ылғал жеткілікті аудандарда жартылай шіріген көң пайдалану ұсынылады. Жауын-шашыны мол аудандарда, вегетациялық кезеңі ұзақ дақылдарға күзде сүдігер жыртар алдында жас көңді қолдануға болады.

Төсенішті көңді сақтаудың бірнеше әдістері ұсынылады: Көңді малдың астында сақтау үшін, мал алаңдарға қалыңдығы 3050 см сабан төсейді. Малдардың астындағы төсеніш олардың денесінен бөлінетін қатты және сұйық экскременттермен бірқалыпты араласады әрі тапталады. Беткі қабаты өте дымқылданған жағдайда тағы да аздап сабан шашып тастайды. Көңді мал астында сақтағанда арнаулы қойма салудың қажеті жоқ. Сабанды уақтылы және мол пайдаланса, бүкіл көң садырасы көңде жиналады және аммиакты азоттың ысырап болуы байқалмайды. Тығыздалған күйінде сақтау үшін арнаулы көң қоймаларына жинайды. Мұнда көңді ені 5-6м, қалыңдығы 1м, ал ұзындығы жиналу мүмкіншілігіне қарай үйеді де, дереу таптайды. Мұның

9

үстіне келесі қабатты салып, оны да тығыздайды. Тығыздалған үйменің биіктігі2‚5-3метрге жеткенде үстін сабанмен жауып қояды. Көң анаэробты жағдайда ыдырайды және ылғал бірқалыпты сақталады. Көңді бұл әдіспен сақтағанда оның температурасы қыста20-250С‚ал жазда 30-35 Сжоғары көтерілмейді. Көң массасының арасындағы барлық қуыстар көмірқышқыл газымен‚ судың буымен қаныққандықтан көмірқышқыл аммоний аммиакқа‚ көмірқышқыл газына және суға дейін ыдырамайды. Басқа әдістерге қарағанда көңді тығыздап сақтау, органикалық заттар мен азоттың ысырап болуын анағұрлым азайтады. Жас көңді тығыздап сақтағанда ол3-4айда жартылай шіріген‚ 7-8айда толық шіріген күйге ауысады. Қопсытып-тығыздапсақтау үшін, мал қорасынан шыққан жас көңді қоймаға (апан) қалыңдығы бір метр етіп үйеді. Тығыздалмаған үйме температурасы60-700С(3-5күн) жеткенде таптайды. Тығыздалған үймеге келесі жас көңді төгеді‚ оны да3-5күннен кейін таптайды. Мұндай тәсілді үйме биіктігі2-3метрге жеткенше жүргізеді. Бұл әдіспен көңді сақтағанда микробиологиялық процесс бастапқы кезде(3-5күн) аэробты жағдайда өтеді. Органикалық заттар мен азоттың шамалы бөлігі ысырап болады. Екінші сатысында (тығыздағаннан кейін) көң массасының температурасы 30-35 Сдейін төмендейді және ыдырау процесі анаэробты жағдайда жүреді.

Көңді қопсытып-тығыздапсақтағанда, ол анағұрлым жылдам ыдырайды. Бұл әдіспен1‚5-2айда жартылай‚ ал4-5айда толық шіріген көң алуға болады. Көңдегі температураның жоғары көтерілуі түрлі ауру тудырғыш бактериялардың дамуына бөгет жасайды. Көңді қопсытылған күйінде сақтағанда үймені тығыздалмаған күйінде қалдырады. Бұл жағдайда көң аэробты жағдайда ыдырайды. Ақырында органикалық заттардың‚ азоттың және көң садырасының көп мөлшерде ысырап болуына әкеп соғадыТөсенішті көң сақтау мәселесіне жете көңіл бөлмейді. Көңді сиыр қораның‚ шошқа қораларының‚ жылқы қорасының төңірегіне қалай болса‚ солай үйе салады‚ осының салдарынан оның қоректік заттары текке ысырап болады.

Төсенішті көңді сақтау үшін мал фермасына жақын жерден апан қазады немесе жер бетінен көң сақтайтын қойма жасайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысаудандары үшін көңді апанда сақтаудың маңызы үлкен. Өйткені жер бетіне үйілген көң бұл аймақтарда тез кеуіп кетеді.

Көң сақтауға арналған апанды ыза суы терең жатқан жерде жасайды. Оның су өтпейтін цементтелген немесе асфальтталған табаны мен қабырғасы болады. Көң қоймасы мал қораларынан кемінде 50 метр‚елді мекеннен 500-

10

1000 м қашықтықта‚ жауыншашын мен қар суы жиналмайтын жерлерге салынады. Ыза суы жер бетіне жақын болса көң сақтайтын қойманың бүйірінен су өтпеу үшін айналасына биіктігі 0‚5 метр етіп цемент немесе асфальт құяды. Апан шұңқырдың сыртынан қалыңдығы 10 санитиметрдей топырақ бастырып қояды. Ол көңдегі азот қосылыстарының әсіресе аммиактың ұшып кетуіне кедергі жасайды. Көң шіри бастағанда көп іркілетін көң садырасын жинау үшін, қойманың ұзын бойына құдық жасалады. Көң қоймасының табаны садыра құдығы жаққа қарай еңкіштеу болу керек. Қойманың сыртынан іркілген су ылдиға ағып кету үшін‚ айнала арық қазып қояды. Көң қоймасының ішінекіріп-шығуүшін оның көлденең (қысқа) екі жағының ернеулерін кесіп жол салады.

Көң қоймасының үлкендігі мал санына‚ жиналатын көң мөлшеріне байланысты анықталады. Жылына бір рет тасып әкетілетін болса және тығыздалған үйме биіктігі 1‚5-2метрден аспаса әрбір ірі қара мал үшін 5 шаршы метр‚ екі жасқа дейінгі ірі қара төлі үшін 3‚ шошқа үшін 1‚5‚ қой мен ешкі үшін 0‚5‚ жылқы үшін 4 шаршы метр болуы керек.

Көктем мен жазда дала жұмыстарының көптігінен көлік құралдары жетіспеуі мүмкін. Сондықтан қоймадағы жартылай шіріген немесе мал қораларындағы жас көңді тікелей егістікке қыста тасу жұмыстарын ұйымдастырады. Ол үшін егістікте алаңды қардан тазартады‚ оған қалыңдығы 20-25см сабан төсейді. Оның үстіне ені3-4м‚ биіктігі2-2‚5м етіп көңді үйеді. Үйінді үстіне қалыңдығы15-25см сабан жабады.

Сабан. Сабанның құрамында орта есеппен 0, 5% азот, 0, 25% фосфор және 0, 8% калий бар. Сабанда органикалық қосылыстар түрінде 35-40%көміртек болады. Сабанды тыңайтқыш ретінде қолдану үшін оны топырақ бетіне шашып тастайды. Мұның өзі топырақтағы ылғал қорын сақтауға, физикалық-химиялыққасиеттерінің жақсаруына, су және жел эрозиясынан қорғауға, топырақ құрылымының едәуір жақсаруына ықпал етеді. Қазақ астық шаруашылығығылыми-зерттеуинститутының жүргізген тәжірибе жұмыстары қорытындылары бойынша әр гектарға 5 тонна сабанды шашып топырақ бетін бүркегенде, оның жыртылатын қабатындағы ылғал жақсы сақталып, жаздық бидай өнімі 2, 5 центнерге жоғарылаған. Ал топыраққа сабанды жамылғы ретінде қолданғанда, фосфор тыңайтқышының тиімділігі артып, қосымша өнім гектарынан 4-5, 6центнерге ұлғайған. Сабанды азот, фосфор тыңайтқыштарымен бірге жерді жыртар алдында еңгізу топырақ құнарлылығын сақтауда шешуші рөл атқарады.

Сабанды әуелі дискімен 8-10см тереңдікке сіңіреді де одан әрі терең етіп

11

жыртып тастайды. Азот тыңайтқыштарын сабанмен араластырып қолдану

көміртектің азотқа қатынасын жақсартып, олардың ыдырауын, азотты қосылыстардың сіңімділігін тездетеді.

Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдаланған танаптарға бұршақ тұқымдас немесе отамалы дақылдар сепкен дұрыс. Ғылыми мекемелердің зерттеу жұмыстары 5 тонна сабан құрамында 20-35кг азот, 5-7кг фосфор, 60-90калий, 10-15кг кальций, 4-6кг магний, 5-6күкірт және 28 г бор, 15 г мыс, 150 г марганец, 2 г молибден, 200 г мырыш болатынын есептеп, бұл элементтер бидай өнімін біршама арттыратынын дәлелдейді.

Жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқышты қолдану топырақ құнарлылығын арттырудың агротехникалық тәсілдерінің бірі. Жасыл тыңайтқыш үшін өсірілетін дақылдарды сидераттар деп атайды. Жасыл тыңайтқыш ретінде бөрі бұршақ, сераделла, сиыр жоңышқа, эспарцет, тригонелла, чина, шабдар, қыша, нут сияқты дақылдарды пайдаланады.

Жасыл тыңайтқыштар топырақтағы органикалық заттар мен азоттың қорын арттырады және фосфор, калий тағы басқа қоректік заттарды сіңімді түрлерімен байытады. Топырақтың ауа, су өткізгіштігі жақсарады. Микробиологиялық процестің жүруі жылдамдайды. Жасыл тыңайтқыш құрамындағы азотты өсімдіктің пайдалануы көңдегі азотқа қарағанда екі есе жоғары болады. Топыраққа еңгізілген жасыл тыңайтқыштар оның негізбен қанығу дәрежесін, сіңіру сыйымдылығын, буферлігін жақсартады.

Жасыл тыңайтқыштар жеке немесе басқа дақылдармен бірге егілуіне қарай дара және тығыздалған (аралас) болып екіге бөлінеді. Дара сидераттар алқапқа бір-екімаусым немесе бірнеше жыл қатарынан егіледі. Вегетациялық дәуірі қысқа негізгі дақыл жиналған соң, ол алқапқа жасыл тыңайтқышты орналастырады, күзге қарай көк балаусаны топырақты жырту арқылы сіңіреді де күздік дақыл себеді. Мұндай жасыл тыңайтқышты аралық сидерат дейді. Барлық алқапты немесе оның кейбір учаскелерін жолақ түрінде қамтуына қарай сидераттар жаппай және ықтырмалы болып бөлінеді. Оларды орып алу әдістеріне қарай жер бетіндегі өскіндері мен тамыр жүйелерін бірге, басқа жағдайда жер бетіндегі немесе тамыр жүйелерін жеке-жекепайдаланады.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында егілетін техникалық, отамалы және астық дақылдарына қолданатын азотты тыңайтқыштар мен көңнің орнына сидераттарды пайдалануға болады. А. А. Лукашев пен П. К. Ажигоев Жамбыл және Алматы облысында жағдайында жасыл тыңайтқыштармен егістік тәжірибе жүргізіп, сиыр жоңышқа, тасбеде, жем бұршақ, шабдар және басқа өсімдіктерді егіп сынады. Аталған облыстардың жағдайында күздік бұршақ,

12

сиыр жоңышқа, тас беде, ноғатық, шабдар мол көк балауса беретінін анықтады. Екі жылдың ішінде ноқаттың гектарынан орта есеппен 34 тонна көк балауса жиналды, 207 кг азот алынды, ас бұршақтың гектарынан 28 тонна көк балауса, 91 кг азот, сиыр жоңышқаның гектарынан 25 тонна көк балауса және 109 кг азот жиналды. Мұнда бір гектарға еңгізілетін тыңайтқыш мөлшеріне шаққанда сиыр жоңышқа мен ас бұршақ 20 тонна, ноқат 40 тонна көңнің орнына жүреді. Қазақ ғылыми-зерттеуегіншілік институтының арнайы жүргізілген тәжірибесі боз және қара қоңыр топырақтарда сидераттар көң мен салыстырғанда анағұрлым тез ыдырайтынын көрсетті. Осы ғылыми мекеменің мәліметі бойынша боз топырақты алқаптың гектарына 20 тонна көң еңгізілгенде 111 ц, толық минералдық тыңайтқыш қолданудан 114 ц, ал жасыл тыңайтқыш пайдаланудан 146 ц қосымша қант қызылшасының тамырының өнімі алынады. Жамбыл тәжірибе стансасында тасбеде сидератының орнына егілген қант қызылшасының әр гектарынан 535 центнерден, 20 тонна көң берілген жерден 527 центнерден, ал органикалық тыңайтқыш қолданылмаған әр гектарынан 480 центнерден өнім алынды. Гектарына 40 тонна көң қолданғанда картоп өнімі 244 ц, тасбедені жасыл тыңайтқыш ретінде қолданғанда 249 ц, ноқатты қолданудан 247 ц өнім жиналды.

Мақта егісінде ас бұршақ пен сиыр жоңышқаны күзде егіп, көктемде мақтаны екпестен екі апта бұрын жыртады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыш туралы ұғым. Тыңайтқыш қолдану жүйесі
Интербелсенді оқыту технологиясын ашып көрсету
Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Органикалық тыңайтқыштар енгізетін машиналары конструкцияларына шолу
Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
Тыңайтқыштар,тыңайтқыштардың түрлері,тыңайтқыш шашу технологиясы
Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz