Қонақжайлылық тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

Туризм кафедрасы

Қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау пәні бойынша
Қонақжайлылық тарихы тақырыбындағы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған:
Тур-35 тобының студенті
Мырзалиева Р.Б.

Тексерген:
э.ғ.к., доцент
Л.М.Муталиева

Астана - 2017
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1 ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ 4
1.1 Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы 4
1.2 Қонақ үй шаруашылығының даму үрдісі 6
1.3 Әлемдік қонақ үй кешенінің даму тенденциялары 8
2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13
2.1 " Қазақстан " қонақ үйінің сипаттамасы 13
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 23
3.1.Отандық нарықта Қазақстан қонақ үйінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру бағыттарын тағайындау 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ
Қонақ үй сферасы туризм саласының негізгі әрі құрамдас бөлігі ретінде қазіргі заманғы шарттарға сәйкес әлемдік экономиканың динамикалық дамушы секторы, әрі капитал салымының тиімді көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: Біз еліміздің бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік, - деп көрсеткен болатын. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына қонақ үй шаруашылығы да жатады.
Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі - бүкіл әлем бойынша миллиондаған табыстар әкелетін экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Жылдан жылға елімізде қонақ үйлердің саны артып келеді. Қонақ үйлердің көбеюі бәсекені күшейтіп, қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып келеді.
Қонақ үй бизнесі Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарды тұрғынжай, аспен қамтамасыз ететін және басқа да әртүрлі қосымша қызметтерді ұсынатын маңызды сала болып табылады. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, халықтың әл-ауқатының өсуі, отандық нарыққа ірі халықаралық қонақ үй тізбектерінің келуі қонақ үй қызметтерінің қарқынды дамуы мен олардың сапасының әлемдік стандарттарға сай көтерілуіне септігін тигізді.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Республикамыздағы қонақ үй бизнесін басқа дамыған және дамушы елдердің қонақ үйлерінің және мейрамханалық кешеннің даму деңгейімен салыстыра отырып, қазіргі әл-ауқатын, жағдайын көрсету, сонымен қатар, еліміздегі қонақ үйлердің қазіргі даму барысындағы кемшіліктеріне назар аудара отырып, болашақ мүмкіндіктерін болжау.
Курстық жұмыстың мақсаты - қонақжайлылық индустриясының даму үрдісін талдай отырып, заман ағымына сай алдағы уақыттағы даму жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі ретінде Алматы қаласындағы Қазақстан қонақ үй кешені қарастырылған.
Қойылған мақсаттарға жету барысында келесі міндеттер анықталды:
oo қонақ үй шаруашылығының тарихына шолу;
oo қонақ үй бизнесінің дамуына әсер етуші факторлар мен тенденцияларды айқындау;
oo отандық қонақ үй бизнесінің даму ерекшеліктерін қарастыру;
oo Қазақстан қонақ үй кешенін мысалға ала отырып, еліміздің қонақжайлылық индустриясындағы болашағын көрсету, даму жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың ақпараттық қорын - Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің жинақтамалары, Қазақстан қонақ үйлері және мейрамханалары ассоциациясы мен Қазақстандық туристік ассоциациясының материалдары, ғылыми басылымдардағы жариялымдар, www-серверлердің мәліметтері және ғылыми зерттеу нәтижелері құрады.
Қонақ үй секторы дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Аталмыш проблемаларды шешу үшін қонақ үй қызметтерінің қазіргі даму деңгейін талдап, тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу қажет.
Көп басылымдар, қонақжайлылық индустриясындағы менеджменттің т аспектілеріндегі түрлі тәсілі, осы бағыттағы эмпирикалық және зерттеу жұмысы, мәселелердің маңызды екеніне куә және қонақ үй саласындағы менеджменттің тәжірибелі маңызының өсуін растайды [1].
Халықаралық практикада қонақ үй индустриясы мен мейрамхана бизнесі барынша пайдасы жоғары және экономиканың барынша динамикалық саласының бірі деп саналады. Шетелде осы саланы алтын жұмыртқа әкелетін тауық деп атайды.
Алдағы тұрған республиканың инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша шетелдік серіктестермен диалог шеңберінде Елбасының қатысуымен өтетін оқиға - қабылдаушы тарап ретінде қонақжайлыққа өте жауапты халық екенімізді дәлелдеу. Шетелдік қонақты қонақ үйде түсіне білу, оған жайлы тұрмыс қамтамасыз ету, туристік тамашаларды тартымды көрсете білу, дәмді тағам алдына тарта білу - бұлардың барлығы өңір мен ел туралы тұтас оң әсер қалдыруға мүмкіндік беретін ұсақ - түйектер.
Қазақстанның қонақ үй саласы бірнеше жылдық тарихқа ие, бұл бір жағынан қонақжайлықтың түрлі бай дәстүрлерінің барлығын, екінші жағынан - кеңес үкіметі уақытындағы қалыптасқан шаблондар жүгін білдіреді. Сол себепті де қонақжайлылық саласын елімізде түбегейлі қалыптастырып, әрі қарай өзіндік дамыту мен басқарудың құрастырымдық бағдарламаларын әзірлеу, отандық индустрия дәстүрлерін жақын және ұзақ мерзімді перспективада жетілдіру жолын қарастыру, қонақ үй шаруашылығы арқылы еліміздің туристік әлеуетін көтеру - біздердің, яғни жас мамандардың мақсатына айналуы шарт.

1 ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы

Қонақ үй бизнесі индустриясындағы орналастыруға және тамақтанып демалуға арналған кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Сурет 1 - Қонақ үй бизнесінің қалыптасу кезеңдері
Ескерту - мәліметтер [1] әдебиет негізінде автормен ұсынылған

Қонақжайлылық түсінгі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себептерімен тығыз байланысты. Кейбіреулері қонақжайлық сөзі ескі француз сөзі ospis - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреуі латын сөзі hospitalis дегенді, яғни - қонақжайлылық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған.
Алғашқы қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускрипптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын көрсеткен. Тавернаға келушілердің құрамы әр түрлі болған.
Ал қазақтар қонақ үй деп атап келе жатқан отель сөзі XVIII ғасырда Ресторан сөзімен бірге шыққан. Отель (hotel) сөзі латын тілінен ежелгі Римдік хоспитеумс сөзінің түбірінен пайда болған. Алғашында отель деп пәтерлері айға, аптаға, тіпті бір күнге тұруға берілген көп пәтерлі үйлерді атаған. Францияда қолданылған бұл сөз кейінірек Америкада да қолданысқа енді. Көптеген таверналарды сол ғасырларда отель деп атай бастады.
Қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына орта ғасырдағы діндік дәстүрлер де үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Сол кезеңде осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742 - 814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушылардың демалысына арналған үйлер ұйымдастырды. Осындай үйлердің бірі, Ронсельваль шатқалындағы монастырлер - өз қақпаларының алдында келген қонақтарды кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қосымша қызметтерін ұсынды [2].
Уақыт өте келе, мұндай орындар тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға арналған мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу Шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылап, шатырларда, кей кездері керуен-сарайдарда, әртүрлі адамдардың түнеу орындары мен қонақ жай кешендеріне жайғасты. Сауда байланысының дамуының әсерінен Еуропада қонақ үй шаруашылығының жағдайы біршама деңгейге жоғарылады. Мысалы XIV ғасырда Миланда 150 қонақ үй орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақ үй шаруашылығының деңгейі ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлың деңгейі өте төмен болды.
XVIII-XIX ғасырағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының дамуына өз ықпалын тигізді. Қонақ үй жұмысы осы ғасырлар аралығында үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.
Сондай-ақ, дәл осы кезеңде теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында, табиғаты керемет жерлерде ірілі-ұсақты қонақ үйлер құрылысы бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте жақсы жағдай жасалынып, қызмет көрсетудің түрлері мен әдістері өзгерді.
Қонақ үй шаруашылығының дамуының келесі кезеңі Еуропадағы ат күшімен іске асқан пошталық және транспорттық желінің пайда болуымен байланысты. Пошталық жолдар бойында қазіргі мотельдерге ұқсас саяхаттаушыларды орналастыруға арналған кәсіпорындар орналасты. Сонымен қатар, онда тұру тәртібі де осы күнгі орналастыру орындарында бекітілген тәртіптерге ұқсас болды.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Америка мен Еуропаның ірі қалаларында жаңа миллионерлердің сұраныстарын қанағаттандыратын қымбат отельдер пайда болды.
ДТҰ мәліметі бойынша ХХ ғасырдың басында 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ірілері Шератон, Рамада, Марриот, Редиссон қонақ үй класстарына орай Апартамент, Кондоминниум түрлері пайда болды.
Жоғарыда айтылғандай, қонақ үйлер ұзақ уақыт бойы даму сатысынан өтіп,қалыптасты. Бүгінгі күні Қонақжай индустриясы дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын-сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайтын .кең көлемді комплекс болып табылады.

1.2 Қонақ үй шаруашылығының даму үрдісі

Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлылық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруға түрткі болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.
Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше рольді АҚШ атқарды. Тарихшылардың ойынша, алғашқы керуен сарайлар Еуропадан кейін 1607 жылдан бастап пайда бола бастады.
Америка континентіне келген Еуропалық көшкіндер өздерімен қонақ сарайлардың құрылысы мен басқарудың тәжірибесін алып келді.
Сәулетшілердің көзқарасымен қарағанда, американдық қонақ үйлер еуропалықтарға ұқсас келіп, кішкене ғана ерекшеленді. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық қонақ үй сарайлары коммерциялық бағытта болды, пайда табу мақсатында құрылды.
Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй Нью-Йорк Бродвейіндегі 70 бөлмелі Сити-отель болды. Бұл мәнді оқиға 1794 жылы болды. 1829 жылы Бостонда Тремонт отелі ашылды - АҚШ-тағы алғашқы классты отель - коридорлы, тіркелетін орнымен, әр номерде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Мұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығыс, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларға жайылды.
ХІХ- ғасырдың аяғында бұд жерде қонақ үйлер екі типті болды. Біреулері үлкен және сән-салтанатты, кей біреулері кең вестибюльді, балға арналған зал, лифт, сантехника, электрожарығы және де бір қатар басқа ыңғайлығы бар архитектуралық шедевірлі болды. Басқалары - төмен бағамен ұсынушы кішігірім және ескірген.
1898 жылы Лондонда Савай отелі ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц (қазіргі уақытта Ритц-Карлтон отельдері оның атымен аталған).
Шетелде ХІХ-ХХ ғасырларды қонақжайлық индустриясы қажетті саланың біріне айналды. Қонақ үйдің құрылысымен, кадрды дайындаумен, баға қою мәселелерімен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғам, корпорациялар айналысты. 1906 жылы әлемнің әр елінің 4700 қонақ үйдің иелерімен бірлескен халықаралық қонақ үй иелерінің бірлестігі ұйымдастырылды.
Ресейде 1910 жылы қонақ үй сарайлары мен номерлі трактирлерді санамағанда, жеке иелікте болған 4685 қонақ үйлер тіркелген. Ең атақты қонақ үй Метрополь қонақ үйі, ол Мәскеуде 1897-1907 жылдары Петербургтік акционерлік қоғамымен құрылған Люкс қонақ үйі [3].
Октябрь революциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй шаруашылығына үлкен зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстарығ қайта жабдықтау басталды.
1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының 1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті. Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтады:
oo Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы;
oo Өнеркәсіптің өсуі;
oo Ғылым және мәдениеттің өсуі;
oo Өнердің дамуы;
oo Адамдардың материалдық жағдайының өсуі, т.с.с.
Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс-сапарға және демалысқа шығатындардың санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу олимпиадасының қарсаңында, КСРО-да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген жаңа, ірі, өте жайлы қонақ үйлер салынды. Ресейдегі аса ірі, үлкен қонақ үйлердің бірі 10 мың орындық қонақ үй комплексі Измайлово қонақ үйі болып саналады.
Өкінішке орай, еліміздегі 1990 жылдардағы экономикалық және саси жағдайлара байланысты қонақ үй қызметіне деген сұраныс құлдырап кетті. Дәл осы жылдың аяғында Ресей Федерациясы мемлекеттік комитетінің берген статистикалық мәліметтері бойынша, Ресей жалпы орын саны 390931 болатын 5043 қонақ үй типіндегі мекемелерді игерген.
Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар, қонақ үйлер, жалпы айтқанда орналастыру орындары пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа қонақ үйлер мен сәйкесінше қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда.
Қорытындылай келе, қонақ үйлер желісінің бүгінгідей қалыптасуы бірнеше факторлардың негізінде жүзеге асқандығын тағы да айта кетуге болады. Яғни өнер мен мәдениеттің дамуы, жаңа қалалардың салынуы адмадардың материалдық деңгейін көтеруге себепші болып, қонақжайлылық индустриясының алға жылжуына елеулі ықпалын тигізді. Сұраныстың жылдан-жылға жоғарылауы қонақ үйлер арасындағы бәсекелестікті туындатып, әр түрлі жаңалықтардың тууына түрткі болуда

1.3 Әлемдік қонақ үй кешенінің даму тенденциялары

Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясына келесілерді айтуға болады:
oo қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі,
oo халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
oo кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
oo жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі.
Соңғы уақытта дәстүрлі толық сервисті отельдермен қатар, қызметтері қысқартылған мамандандырылған кәсіпорындар пайда бола бастады. Кәсіпорындардың мамандануы әр түрлі болуы мүмкін. Қонақ үйлер қызметі анықталған туристік нарық сегментімен бағыт алады: мысалы, өз демалыстарын гольф ойындарына, шаңғы тебуге арналған клиенттерге, жәрменкеге, конгрестерге, көрмеге келген туристерге арналған.
Қонақжайлық кәсіпорындарының мамандануының тереңденуі халықырылық шынжырлардың қажетті тенденцияларымен өзара байланыста, олар жоғары қызмет ету стандартын жылжытуда және өңдеуде үлкен рөл атқарады.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің қонақжайлылық индустриясының ғылыми зерттеу орталығының директоры Е.А. Джанджугазова әлемдік қонақжайлылық индустриясының сегіз даму тенденцияларын бөліп көрсеткен. Ол бойынша қонақ үй әлемдік нарығының негізгі даму тенденцияларына келесілер жатады:
oo Қонақ үй бизнесі мүдделерінің басқа саладағы кәсіпорындар ұсынатын өзге қызмет көрсетулер мен өнімдер сферасына таралуы; мысалы, тамақтану, ойын-сауық, көрмелік қызметтегі ұйымдары және т.б.;
oo Көпшілік тұтынушылар үшін қонақ үй қызметінің қол жетімділігін көтеруге айтарлықтай деңгейде жағдай жасайтын қонақжайлылық индустриясын үдемелі демократияландыру;
oo Әртүрлі белгілерді ескере отырып тұтынушылардың белгілі бір буынына барынша нақты бейімделуге мүмкіндік беретін қонақ үй бизнесінің мамандандырылуына күш салу;
oo Тақырыптық бағыттары тұтынушылардың кез-келген категориясының қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік беретін және туристік өнімді сан қырлы қып көрсететін жаңа туризм түрлерінің дамуы, мысалға, экстремалдық, экологиялық, шытырман оқиғалы;
oo Туристік бірлестік және конақ үйлік тізбектің құрылуында қажет ететін қонақ үй бизнесінің шоғырлануы мен жаһандануы, сонымен қатар қонақ үй қауымдастығы, одақ, халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың құрылуы;
oo Қызмет көрсетуді жетілдіру және клиенттің сауалдары мен қажеттіліктеріне толық зер салу;
oo Терең және жүйелік экономикалық диагностикалауды өткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар мен байланыстың жаңа құралдарын енгізу;
oo Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу. Соның ішінде, қонақ үй қызметі мен өнімдерін алға жылжыту мақсатымен кең түрде Ғаламтордың қолданылуы, сонымен қатар брондау мен резервтеудің заманауи компьютерлік жүйесінің таралуы.
Қонақжайлылық индустриясы екі топқа бөлуге болатын факторлардың әсерінен дамып келеді-сыртқы және ішкі. Сыртқы факторлар қонақжайлылық индустриясының қызметіне қатысы жоқ қоршаған болмыстың құраушыларының өзара іс-әрекетімен анықталады. Ішкі факторлар қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының қызметі мен ұйымының ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Сауданың дамуы. Орналастырудың көптеген кәсіпорындары туристік тауарлардың саудасының дамуынан түсетін пайданы сезіне бастады, және қазірде әрбір отель туристік тауарларды иемдену, туристік тауарлардың орындалуы бойынша қызметтерді, және туристік жұмыстарды қонақ үй өнімінің кешендік құрылымы ретінде де, бөлек қосымша қызмет ретінде де ұсынады.
Технологиялық факторлар. Ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері қонақжайлылық индустриясында да кеңінен қолданылады, соның ішінде көліктік тасымалдау, дистрибуция және тұтынушылық ақпарат секілді облыстарда да. Телебайланыс технологиясының дамуы онлайн режиміндегі орналастыру құралдарында орындарды брондауға мүмкіндік беретін брондаудың компьютерленген жүйесінің құрылуына әкелді. Дистрибуцияның ғаламдық жүйесі миллион қолданушылар үшін жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді: енді қолданушы өзі өзінің турпакетін құра алады, қажетті брондауды жүргізе алады және өзі құрған маршрут бойынша сапарға аттанады.
Халықаралық туризмнің дамуын анықтайтын сыртқы факторлардан бөлек, салаішілік факторлардың үлкен тобын да бөліп, нақтылау керек, оларға келесілер жатады: қонақ үй өнімінің жетілдірілуі;қонақ үй қызметінің даму сферасы; қонақ үй тезбегі мен қауымдастығының құрылуы; дистрибуция жүйесінің дамуы; еңбек ресурстарының факторы, маркетингтік факторлар.
Қонақ үй өнімінің жетілдірілуі. Қонақ үй қызметі турөнімнің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған сәйкес конақ үй қызметінің одан арғы модернизациясы мен сапасына көп көңіл бөлінеді. Қонақ үй қызметінің сапасы көп жағдайда қоршаған ортаның жағдайы мен инфроқұрылымға байланысты, бұл қатынаста қонақжайлылық атмосферасын құру үшін күш біріктіруге және қажетті инвестицияларды тарту үшін туристік ұйымдардың рөлі үлкен: аймақтық туристік әкімшілік, үкіметтік құрылым, кәсіби қауымдастықтар.
Қонақ үй қызметінің даму сферасы. Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі туристік нарықтың ең табысты сегменттерінің біріне айналды. Қонақ үй қызметтері туристке максималды жайлылықты ұсынатын кешендік қонақ үй өнімі түрінде жиі елестетеді. Қонақ үй кәсіпорындарының автономды өмір сүруін көлік, байланыс, турпораторлар мен турагенттер, экскурсиялық және анимациялық ұйымдастыру кәсіпорындарымен отельдерді біріктіру процессімен алмастырылды.
Қонақ үй тізбегі мен қауымдастығының құрылуы.Соңғы онжылдықта ақпараттық технологиялар мен байланыстың пайда болуы мен дамуына байланысты ірі қонақ үй бизнесінің құрылымын қонақ үй тізбегіне бизнестің дамуына реттеу, сонымен қатар табыстың біркелкі таралауы мен өсуі мақсатымен біріктіре бастады. Атақты қонақ үй тізбектері Мариотт, Шератон, Холидей және басқалары туристтерге ұсынылып отырған қызметтің сапасының кепілі ретінде қызмет атқарады. Сонымен бірге қонақ үй қауымдастықтары да кең тарала бастады. Ең ықпалды фирма болып Халықаралық қонақ үй қауымдастығы (ХҚҚ) табылады.
Дистрибуция жүйесінің дамуы.Бұндай жүйелер қонақ үй өнімін жеткізушілерді, сатушылар мен сатып алушыларды бірыңғай тізбекке түйістіреді. Жаңа ақпараттық технологиялар қонақ үй қызметінің дистрибуция жүйесін айтарлықтай жеңілдетуге, оны барлық қатысушылары үшін барынша ақпараттық және тиімді етуге мүмкіндік береді.
Еңбек ресурстарының факторы. Қонақжайлылық индустриясының дамуы дамушы елдердің дамуында да жұмысбастылықтық санын көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге дамыған елдер және белігілі туристік дестинацияларына тән нәрсе (Түркия, Египет, БАӘ) , ол- жұмыс күшінде жеткіліктерге ие бола отырып, белсенді түрде басқа әлем елдерінен жұмыс күшін импорттау. Түркия мен Египет отельдерінде осылайша Ресей мен Украинадан келген аниматорларды, Польша мен Белоруссия, Қазақстаннан келген экскурсия жетекшілерін оңай кезіктіруге болады.
Маркетинг- туристерді қабылдау мен оларға бәсекеге қабілетті және сапалы қызметтерді ұсынуға бағытталған кез-келген орналастыру кәсіпорындарының қызметінің негізгі элементтерінің бірі [4].
Маркетингтік зерттеулер қонақүйлерді түнейтін жер секілді құрастыру орналастыру мәселесін шешпейтінін көрсетті. Елде болып жатқан процесстер орналастыру құралдарына деген талаптардың өсуіне алып келген, енді қонақтарға олардың қайда тұратыны және оларға кім қызмет көрсететіні аса маңызды. Ерекше мән берілетін жайттар ұсынылып отырған қызметтің саны мен сапасы, қонақ үй менеджментінің заманауи әдістерін қолдану және халықаралық стандарттарға сай қонақ үй қызметшілерін дайындау. Бұл нөмерлік қордың толтырылуының айтарлықтай өсуіне және кірістің артуына әкелді. Бұдан бұлай көптеген қонақ үйлердің мағынасы тек тұру бойынша қызметтерді ұсынумен ғана шектелмейді, ендігі мәні уақытша тұру кезінде және ілеспелі қызметтерде халықтың қажеттілігін қанағаттандыруда.
Әлемдік қонақ үй бизнесінің дамуына ерекше серпін алып келген - қонақ үй шынжырларының пайда болуы еді. 90-шы жылдардың ортасында әлемдік қонақ үй қорының 30% ірі қонақ үй шынжырларының және бірлестіктердің бақылауында болды. Қонақ үй шынжырларының пайда болуы АҚШ-та басталды. Әсіресе, қонақжайлық экономикасына бұл процесс интенсивті 60-шы жылдары ендіріле басталды. 90-шы жылдардың басында американдық қонақ үй шынжырларының әсері әлемде басым болды. Олар, әлемдегі он алдыңғы қатарлы қонақ үй шынжырларынан еуропалық Travelodge International және Master Hosts International шынжарларды ығыстырып шығарды, қазіргі уақытта тек екеуі қалған - Accor (Франция) және Forte PLC (Ұлыбритания).
Қонақ үй шынжырларының басты жаңалығы - орналастыру орындарының қызмет көрсету үрдісін біртекті ұйымдастыру моделін ұсынуы болды. Аталмыш модель бүгінгі қонақ үйлердің қызмет ұсыну тетігіне негіз салды десек, еш жаңылысқанымыз емес.

Сурет 2 - Қонақ үй ұсынатын қызметтерінің жіктелуі
Ескерту - Мәліметтер [5] негізінде автормен ұсынылған

Жоғарыда ұсынылып отырған суретте (сурет 2) қонақ үй шынжырларының қызмет жіктелімі көрсетілген. Бүгінде әлемнің барлық дерлік қонақ үйлері қызметтерін негізгі және қосымша деп бөліп қарастырады. Айта кететіндігі негізгі ұсынылатын қызметтер түрі барлығына ортақ болса, қосымша қызметтер қонақ үйдің дәрежесі мен деңгейіне орай қалыптастырылады.
Қонақ үй бірлестіктері мен қонақ үй шынжырларының пайда болу тенденциялары соңғы жылдары ТМД мемлекеттерінде де айқын байқалады. 1997 жылы Мәскеуде алғашқы ресей қонақ үй шынжыры - Норд отельінің ашылуы, Мәскеудің Солтүстік Батыс округіндағы ұйымдастыру-құқықытық формалары он екі қонақ үй кәсіпорындардың бірлесуін көрсетті, олар Алтай, Байкал, Восток, Восход, Заря, Звездная, Золотой Колос, ММК Молодежный, Останкино, Саяны, Турист, Ярославская, ГЛО Москва (Мәскеуде 25% қонақ үй орындарын қамтиды). Ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына сәйкес Норд-отель күні бүгін жабық акционерлік қоғам.
Қонақ үй шынжырларынан басқа әлемдік туристік нарықта мамандандырылған бірлестіктер белсене қызмет жасауда, олардың негізгі мақсаты - қонақ үй бизнесінің өкілдерінің ең жақсыларын біріктіру. Мысалы, 1928 жылдан бастап Алдыңғы қатарлы әлем отельдері атты халықаралық корпорациялар ең үздік әлем отельдерін анықтау жұмысын жүргізді. Ол өзінің арнайы каталогында жылда ең үздік кәсіпорындарды басылымға шығарады. Осыған ұқсас жұмысты 30 жыл көлемінде Әлемнің айрықша отельдері мен курорттары атты халықаралық ұйым жұмыс жүргізуде. 1968 жылдан бастап Әлемнің ең танымал отельдері атты халықаралық қонақ үй ассоциациясы жұмыс жасауда, олардың штаб-пәтері Парижде. Бұл ассоциацияға кіргенде келесі үш критерийлермен бағаланады:
oo табиғи және қоршаған ортаның жағымдылығы;
oo ғимараттың жайлылығы мен қонақ үй интерьерінің пішінінің ерекшелілігі;
oo заманның талабына сай жауап беретін қонақжайлық пен керемет асхана;
Соңғы он жылдықта қонақжайлық индустриясына жаңа компьютерлік технологияны енгізуден кәсіпорынның өнімділігі, ұйымдастырушылық жағдайы мен кәсібилігі көтеріліп, қонақ үй бизнесі түбірімен өзгерілді, кәсіпорын иелері бір қатар проблемаларын шешіп, клиенттерге көп ыңғайлы жағдай жасай алды.
Қазір әлемде мотелдерді қосқанда 300 мыңнан астам қонақ үй бар. Олардың әр түрлілігі бір қабатты қонақ үйлерден 88 қабатқа дейін, жүзіп жүретін және су астында орналасқан, кішігірім (бірнеше нөмірлі) және үлкен (бірнеше мың нөмірлі), арзан (бір күні 20-30 доллар тұратын) және қымбат (бір күні бірнеше мың доллар тұратын), ойын-сауыққа арналған казино-қонақ үйлер мен оңаша орналасқан тыныш қонақ үйлер және тағы басқа болып бөлінеді [5].
Жоғарыда айтылғандай, қолданушылардың түрлі қажеттілігін икеміне келтіріп, қолданбалы бағдарлама пакетін өңдеу, ынталы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырылу бүгінде қонақ үй бизнесінің алға жылжуына стимул болды. Ал стимул өз кезегінде бәсекелестік пен қонақ үйдің әр түрлі, кең ассортиментті жаңа қызметтерінің ашылуына түрткі болды.

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 " Қазақстан " қонақ үйінің сипаттамасы

Қазақ - стан қонақ үйі Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты 3 жұлдызды мейманхана.
1977 жылы Ю.Г.Ратушный және Л.Л.Ухоботов сынды сәулетшілердің қолынан туындаған бұл ғимараттың керемет архитектуралық үлгісі, қайталанбас сұлулығы мен сызықтарының тұжырымдылығы, жалпы түрі - осының бәрі жинақтала келе, қаланың сыртқы көрінісі мен еліміздің дамуына көп ықпал етті. Өзінің ерекше пішінінің арқасында бүгінде бұл қонақ үй -- Алматы қаласының символдарының біріне айналған.

Сурет 3 - Қазақстан қонақ үйі
Ескерту: [6] мәліметтер негізінде автормен ұсынылған

Қонақ үй классификацияларына сәйкес кәсіпорын келесідей критерийлерге жауап береді:
oo Нөмірлік қорына байланысты - сыйымдылығы жоғары қонақ үй.
oo Қызмет жасау уақытына байланысты - жыл бойы қызмет жасайтын кәсіпорын.
oo Қабаттылығына байланысты - жоғары қабатты қонақ үй (25 қабат).
oo Бағаларына байланысты - жоғары дәрежелі қонақ үй (бағалары 18000 теңгеден, 57000 теңгеге дейін)
oo Меншік түріне байланысты - жеке меншікті қонақ үй.
Қонақ үйдің негізгі ерекшелігі - XX ғасырдың құрылысшыларымен соғылған сәулеттік тұлғасы заманауи өркениеттің жетістіктерін қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлылығымен біріктіруінде, сондай-ақ аталмыш 26 қабатты ғимарат Алматы мегаполисінің ең биік тарихи ескерткіші болып табылады.

Қонақ үйде 150 кеңсе, 350 нөмір, 600 орынға есептелген салтанат сарайы, 300 кісіге арналған мейрамхана, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм және қонақжайлылық индустриясының тарихы
Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
Дәстүр тарихы
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Қонақжайлылық индустриясы менеджментінің жалпы сипаттамасы
Қонақжайлық индустриясының даму тарихы
Пәндер