Азаматтық құқықтың қайнар көздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.Азаматтық құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
0.1 Азаматтық құқықтың пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.Азаматтық құқықтың қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..11
3.Азаматтық құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .15
4.Азаматтық құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ..18
5.Азаматтық құқық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
6.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
7.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 26

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқық пәні,түсінігі,сипаттамасы тақырыбыңда толық зерттеу жұмысын жүргізу.
Курстық жұмыс міндеттері:
:: Азаматтық құқық пәнінің түсінігін айқыңдау;
:: Азаматтық құқық пәнінің жалпы сипаттамасына анықтама беру;
:: Азаматтық құқық пәнінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін анықтау және олардың шешілу жолдарын ұсыну.
Өзектілігі:
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда әлемнің терезесі тең елдермен қатар тиісті дәрежеге жеткен құқықтық мемлекетті орнықтыруға барыңша талпынып жатыр. Бұған бәріміз куәміз. Ел аумағында барлық саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен өзге де міндетті заңдық күші бар нормалар барлық қатынастарды реттеуде. Алайда,сол нормалардың тиісті деңгейде реттеп жатқандығы - бүгінгі күнде өзекті мәселе ретінде қамтылып отыр. Мысалға алатын болсақ, менің курстық жұмысымның тақырыбы болып отырған азаматтық құқық пәнінің осы аталмыш саланы қандай деңгейде реттейтіндігіне тоқтала кетейін. Азаматтық құқық- Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттіңөзімен, оныңәкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты құқық саласы. Азаматтық құқық жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдайлары мен оларды қорғауды жүзеге асыру, олардың жекеленген түрлері;мәмілелер мен олардың жекеленген түрлері; меншік құқығы;міндеттемелер және өзге құқықтар, міндеттерді оқытады. Азаматтық құқық өмірдегі нақты құқықтарды реттейтін пән болғандықтан, оны оқыту процесінің өзі де күрделі болып табылады.Сондықтан мен осы курстық жұмыста азаматтық құқықты жеке сала ретінде және қандай құқықтық қатынастарды реттейтініне тоқтала кеткенді жөн санадым.Әрине бұл жұмыста азаматтық құқықты толық қамтып шығу мүмкін емес,дегенмен ең негізгілеріне тоқталып өтемін.

1. Азаматтық құқық туралы ұғым

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған.Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан civil атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс - тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.
Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни атап айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшіліктерін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-бабының 1- тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынасар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субьектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы "азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын" атай келе, "азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады" десе, осы баптың келесі тармағында "тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы" атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субьектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
1. Азаматтық заңдарда 1994 - жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыэдағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған.ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда "Нормативтік құқықтық актілер туралы"1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
2. Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 - бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқықтық нормалары бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншік тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншік мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтырдың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатыныстарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында жатыр.
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24- тараудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны болып табылады.
Азаматтық құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына арыласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан немесе сан жағынан бір кемшілігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқықтық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру- осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрәнің де заң арқылы белгілі салдары болады.

0.1 Азаматтық құқықтың пәні
Азаматтық құқық дегеніміз -- азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -- мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз -- заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -- материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату -- сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -- мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын -- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқық объектлері мен субъектлері:
Объектлері:
а) мүліктік игіліқтер мен құқықтарға жататындар: заттар, ақша шетел валютасы құнды қағаздар жұмыс кызмет шығармашылық-интелектуальдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері фирмалық атаулар тауарлық белгілер;
б) жеке мүліктік емес игіліқтер мен құқықтарға жататындар: жеке адамның өмірі денсаулығы қадыр-қасиеті абыройы исқерлік бедел есім алу құқығы
Субъектлері:
а) жеке тұлға
з) заңды тұлға
в) мемлекет
г) әкімшіліқ-аумақтық бөліністер
Жеке тұлға- Қазақстан Республикасы азамаматтары,шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.
Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс - мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылу жүйесі. Оның негізінде мемл. өкімет пен басқару органдары құрылып, тиісті жұмыстар атқарады. Қазақстан Республикасында Әкімшілік-аумақтық бөлініс облыстық, қалалық, аудандық, округтік бірліктен тұрады.

2.Азаматтық құқықтың қағидалары
Қағидат (Принцип) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) - ол нормтаивтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасының заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек, азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылымүмкін болады.
Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алады.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
1. азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2. меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3. шарт еркіндігі;
4. жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5. азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6. нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7. азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары деп аталатын 2 бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнгың азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы принциптерді талдасақ.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдіг. Азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни, бұдан азаматтық құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті , әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан да ол бұл орайда қызмет көрсету құралын бәрінен де жоғары қояды.
Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие.
Шарт дегенімііз - шаруашылық қызметінің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез-келген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік пен басқару органдарының, ата-аналардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салынады.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты.
Нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбі мүліктік қатынастармен байланысты. Демек, олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі - құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіруді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау принципі.Соттың қорғауын қамтамасыз ету принципі. Бұл конституциялық принцип: әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану ролі төмен болып келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін.
Моральдық зиян Азаматтық кодекстің 951-бабына сәйкес адамның және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардың айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері
Құқық нысаны
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Аграрлық құқық
Азаматтық сот ісін жүргізу құқығының ұғымы және жалпылама сипаттамасы
Роман - герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Халықаралық жеке құқық туралы
Пәндер