Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедрасы: Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру

СӨЖ
Тақырыбы: Қоғамдық өндіріс негіздері

Орындаған: Асанқұл Н.
Тобы: ЗР-207Қ
Қабылдаған: Асанов Б.

Алматы, 2018

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қажеттіліктер және олардың жіктелуі
2.2 Қоғамдық өндірістің құрылымы. Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
2.3 Өнім өндірістің соңғы нәтижесі ретінде
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Глоссарий

Кіріспе

Экономикалық теория - бұл өндірістік қатынастар туралы ғылым. Материалдық өндіріс - адам өмірінің негізін құраушы болып табылады. Өндірістік қатынастар жүйесі өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну саласындағы қатынастармен анықталады. Материалдық игіліктерді жасау мақсатында біріккен өндіріс құралдары мен жұмыс күші қоғамның өндіргіш күштерін құрайды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бірігіп өндіріс тәсілін құрайды және олар диалектикалық бірлікте дамиды. Бұл кезде өндіргіш күштер өндіріс тәсілінің материалдық-заттық мазмұнын, ал өндірістік қатынастар - олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік-экономикалық нысанын құрайды.
Өндіріс - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету үрдісі. Өндіріс процесінде игіліктрді өндіру үшін әр түрлі өндірістік ресурстар мен өндірс факторлары пайдаланылады.
Ресурстар дегеніміз - материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үрдісінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндірістік элементтердің жиынтығы. Ресурстардың түрлерін 1-сызба бойынша жіктеп қарастыруға болады:
1-сызба. Ресурстар түрлері.
Қоғамдық өнім өндірісі және оны тұтыну үздіксіз жүріп отырады. Бұл үздіксіз процесс кез келген қоғамдық-экономикалық формацияда жүзеге асады. Үздіксіз қоғамдық өндіріс процесі тұрақты өзара байланыс және бөлу, айырбастау және тұтыну салдарында қайталануы қоғамдық ұдайы өндірісті ұсынады.
Оны жүзеге асыру үшін барлық өндіріс факторлары іске кірісуі керек.
Адамдар өндіріс процесінде табиғатпен қарым-қатынасқа келеді. Бір жағынан адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, бұл қарым-қатынас табиғат ішінде сипатталады. Ал басқа жағынан олар тірі табиғаттың басқа өкілдерімен де қатынасқа келеді. Бұл қатынастардың ерекшелігі - адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімделеді.
Сонымен, өндіріс табиғат заттарын қалыптастырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімдейтін адамның табиғатпен өзара әркеттесу процесін ұсынады.

Негізгі бөлім

2.1. Өндірістің мәні және өндірістік ресурстар мен өндірістік факторлар
Қажеттіліктер - адамның өмір сүруі үшін, ағзаның және тұлғаның дамуы үшін керек. Яғни, қандай да бір заттың қажеттілікті объективті түрде қанағаттандыру талабы: тағам, киім, кино, білім, спорт және т.б. Адамның қажеттілігі сан түрлі және қанағаттандыру тәсіліне қарай әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге жіктеледі.
Қажеттіліктердің жіктелуі:
+ Биологиялық (физиологиялық) қажеттіліктер - адам өмірі үшін аса маңызды табиғи сипаттағы қажеттіліктер: тамақ, киім, демалыс, ұйқы.
+ Материалдық қажеттіліктер - тауар арқылы және қызметтер (көлік жөндеу, заңгерден кеңес алу және т.б.) арқылы да қанағаттандырылдады. Материалдық қажеттіліктерге сонымен қатар фирмалар мен мекемелердің ғимараттары, құрылыстары, транспортқа және т.б. деген сұраныстарын да жатқызамыз.
+ Рухани қажеттіліктер - ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу, адамгершілікті жетілдіру және т.б. барысында қанағаттандырылады. Яғни, рухани қажеттілікке адамның қабылдайтын барлық ақпарат түрлері жатады.
+ Әлеуметтік қажеттіліктер - қоғамдық сипаттағы көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты материалдық және рухани қажеттіліктер.
Бүгінгі таңда американдық ғалым А.Маслоудың қажеттіліктер теориясы кең тараған. А.Маслоу теориясы бойынша қажеттіліктер бес топқа бөлінеді.
Олар 2-сызбада көрсетілген:

Қажеттіліктердің даму заңы бойынша қоғамдық өндіріс көлемінің дамуымен байланысты қажеттіліктер арта түседі, адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарады, ал өз кезегінде қажеттіліктер мәдениет пен сауаттылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдық өндірісті жетілдіре түседі.
2-сызба. А.Маслоудың адам қажеттіліктерінің пирамидасы
А.Маслоудың адам қажеттіліктерінің пирамидасы
Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы заттар - экономикалық игіліктер деп аталады. Экономикалық игіліктер шексіз және шектелген түрде болады. Шексіз игіліктерді (мысалы: ауа) еркін игіліктер, ал шектелген игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: материалдық өндіріс және материалдық емес өндіріс саласы.
+ Материалдық өндіріс сферасында заттық (материалдық) игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.)
+ Материалдық емес өндіріс сферасына - өндірістен тыс игіліктерді (рухани игіліктер) өндіру және өндірістен тыс қызмет (рухани қызмет) көрсету жатады. Мысалы: ғылыми кеңес беру, денсаулық сақтау, білім беру, өнер, кітап жазу сурет салу және т.б.
Негізгі өндірістік қорларға өндіріс үрдісінде тікелей пайдаланылатын немесе өндірісті жүзеге асыруға ықпал ететін қорлар (зауыттар, фабрикалар, көлік және т.б.) жатса, өндірістік емес қорларға - өндірістік емес мақсатта пайдаланылатын қорлар - баспана, ауырухана, мектеп, институттар, мәдени орындар, көңіл көтеру кешендері және т.б. жатады.
Өмір ағымы сияқты қоғамдық өнім қозғалысы да, қажеттіліктер де үздіксіз болады. Өндірістің өзінен бастап бөлу, айырбас сатыларынан өте отырып, тұтынумен аяқталады.

2.2. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы. Ұдайы өндірістің түрлері мен типтері.
Нәтиже өндірісі - бұл алғышарттарды тұтыну, ал алғышарттарды тұтыну - нәтиже өндірісі болып табылады. Қоғамдық өндірістің жүйелік құрылымы келесі түрлерге бөлінген:
1. Нәтижені өндіру-қоғамдық өндірудің бастапқы сатысы, ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті игіліктерді өндіру процесі. (заттар, ұйымдар, ақпараттар, адамдар)
2. Өндірісте өндірілген материалдық игіліктер әр қилы таптардың, әлеуметтік топтардың жеке адамдардың үлесіне қарай бөлінеді.
3. Айырбас - бір жағынан өндіріспен бөлу, екінші жағынан өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты көрсетеді. (заттармен)
4. Тұтыну - қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруға пайдалануы. Тұтыну өнім қозғалысының соңғы сатысы. (заттар, адамдар, ұйымдар, ақпараттар)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Экономикалық жүйедегі өндірістің орны
Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар
Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері
Ресурстарды сақтау саясаты
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары туралы
Халықаралық еңбек бөлінісі
Адам ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер