Шыбындар- DIPTERA –Ұзынмұрттылар морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: «Шыбындар- DIPTERA -Ұзынмұрттылар морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері

Орындаған:

Тобы: Тексерген:

Алматы 2018

Жоспары

I. Кіріспе

a) Шыбынның жіктелу жүйесі.

б) Шыбынның морфологиясы.

II. Негізгі бөлім

а) Шыбындардың биологиясы.

б) Шыбындардың өсімдікті зақымдау белгісі, зақымдалатын өсімдіктің белгісі.

в) Шыбындардың табиғи жаулары мен аурулары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

I. Кіріспе

Қос қанаттылар (Diptera) - бөжектер класының бір отряды. Жер шарында кең таралған, 150-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 отряд тармағы (ұзынмұрттылар және қысқамұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Қазба қалдықтары триас кезеңінен белгілі. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қос қанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенеді. Қос қанаттылар арасында синантроптар да (үй жануарлары, өсімдіктер және микроорганизмдерге қатысты; мысалы, ышқан, шыбын) бар. Қан сорғыш жәндіктер (масса, шіркей, т. б. ) адам мен малға безгек, энцефаломиелит, күйдіргі сияқты жұқпалы аурулар таратады. Гессен шыбыны, швед шыбыны, ұзынсирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі - аулы шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қос қанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны - өсімдіктерді тозаңдандырады; жеміс шыбыны (дрозофила) генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері (тахина) зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; хирономид дернәсілдері - балық жемі; шегіртке, маса, шыбынды құртады. Қазақстанда 6 түрі (мыс., алып шыбын, жетілмеген эфедрома, құмыты шыбыны, т. б. ) “Қызыл кітапқа” енгізілген.

Картинки по запросу Diptera)

1-сурет. Шыбын

Ұзын мұрттылар отряд тармағы - Nematocera. Көп бунақтан тұратын ұзын мұртшалары бар, дене пішіні маса тәрізді қос қанаттыларды біріктіреді. Личинкаларының бас капсуласы көпшілігінде жақсы жетілген, қуыршағы ашық, шыбын ұшып шығар кезде қуыршақ қабының арқа тігісі бойлай сөгіледі. Біздің елде бұл отряд тармақтың құрамына 32 тұқымдас, солардың ішінде ұзын сирақты шыбындар, маса, галлица, шіркей және басқалары кіреді.

Шыбын (Brachycera) - қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады.

Картинки по запросу Brachycera Картинки по запросу Brachycera

2-сурет . Шыбынның құрылысы.

А - Мұртшасы, Е - фасетті көздері, На - кеудесі, аяғы, Аб - құрсағы, П - қанаты.

Шыбындардың денесі бас, кеуде, құрсақ деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Дене бөліктері айқын бөлімдерге бөлінген.

Бас. Шыбынның басы шар немесе жартышар пішінді болып келеді. Басы көзіне қарағанда, едәуір кіші. Бастың тканьдері мейлінше тығыздалған, мидың сауыты болып есептеледі. Ол өзара бітісіп кеткен 5 бөлімнен тұрады:

  1. Маңдай- Frons
  2. Төбе- Vertex
  3. Самай - Tempora
  4. Бет - Genae
  5. Шүйде -Occuput

Бастың денеге орналасуы опистогнатикалық, себебі шыбындар сұйықтықпен қоректенушілер. Басында қосалқы мүшелері, яғни фасетті және қарапайым көздері, мұртшалары орналасады.

Фасетті көздері. Шыбынның күрделі көздері 1жұпты, бастың екі жағында орналасады. Көздері едәуір үлкен, тіпті басынан да үлкен болып келеді. Көздері өте ұсақ фасетті ұяшықтардан тұрады. Фасетті ұяшықтары 2000-4000 аралығында болады. Олардың іші оммотидтерге толып тұрады. Ол көздің жақсы көруін қамтамасыз етеді.

Глаз мухи

3-сурет. Шыбынның фасетті көздері

Қарапайым көздері. Шыбынның қарапайым көздері 1-3 аралығында болады. Бастың алдыңғы бөлігінде орналасады. Түнде жарық сезу және тез ұшқанда кедергілерін қабылдау қызметін атқарады.

Мұртшалары. Шыбынның мұртшалары қысқа, қылшықты, 1жұпты болады. Мұртша тізбектен және қылшықтан тұрады. Соңғы бунақтың қыр жағы жалаңаш немесе қауырсынды болып келеді. Көз аралығында орналасады. Иіс және сезім қызметін атқарады .

Шыбынның ауыз аппараты - жалағыш болып табылады. Жалағыш ауыз аппаратының негізгі конус тәрізді бөлімі, бастың өсіндісі рострум деп аталады, оған төменгі жақтың қалдықтары енген. Рострумнан кейін тартқыш немесе гаустеллум орналасқан. Ол қан сорғыш екі қанаттылардың төменгі ерніне сәйкес келеді. Тартқыштың пішіні науа тәрізді, оның жоғарғы жағын жоғарғы ерін жауып тұрады, оның астын сілекей жеткізетін көмекей немесе гипофаринкс орналасқан. Жалағыш аппаратта жоғарғы жақ болмайды. Гаустеллумның бас жағында, жалап сору қызметін атқаратын, екі жақты жарма немесе лабеллум орналасқан. Лабеллумның ортасында, төменгі еріннің науасымен жалғасқан тұмсық тесігі болады.

Тірі шыбындарда рострум, гаустеллум мен лабеллум бүгіліп жабылып және ашылуға бейімделген. Тұмсықтың ең күрделі болып келетін бөлігі лабеллум. Оның бет жағында сүзгіштік қасиеті бар, ішкі жағында бүкіл ұзындығы бойынша хитинді ұсақ тесіктері бар жалған кеңірдектен тұрады.

Қоректену барысында екі жақты жарма, лабеллум жалған кеңірдектер субстратқа жабысқаннан кейін, тұмсық тесігі арқылы сұйықтық сорылады. Содан кейін гаустеллум түтікшесіне жетеді. Қоректің қатты бөліктері сүзіліп өтпей қалады. Қатты заттармен қоректену кезінде лабеллумдар жоғары қарай көтеріліп субстраттан ажырайды, содан кейін тұмсықтың ішінен тұмсық тістері шығып, қатты заттарды қырып - үгітеді. Лабеллумдар қайта иілгенде тұмсық тесіктері қайта орнына келеді, сол кезде сүзгішті қатыстырмай, тұмсықтың ойығы арқылы қатты заттарды жұтады.

4-сурет. Мускойдты ауыз апаратының (Б. Н. Шванвич бойынша, өңделген) pcm - рострум, гст - гаустеллум, лаб - лабеллум, в. г - жоғарғы ерін, мк. щ - төменгі жақ қармалауыштары. 1 - төменгі жақ қармалауыштары, 2 - көмекей, 3 - тұмсық тесігі, 4 - екі жақты жарма лабеллум, 5 - жалған кеңірдектер.

Кеуде. Шыбынның кеуде бөлігі жақсы дамыған. Кеудесі 3 бөліктен тұрады:

1) Алдыңғы кеуде- prothorax;

2) Ортаңғы кеуде- mezohtorax;

3) Соңғы кеуде- metothorax;

Бөліктердің әрқайсысы арқа немесе тергит деп аталатын жоғарғы жарты сақинадан, төс немесе стернит деп аталатын төменгі жарты сақинадан және плейрит деп аталатын бүйір жағындағы бөліктерден тұрады. Арқасы алдыңғы, ортаңғы, соңғы бөлімнен тұрады, төсі алдыңғы, ортаңғы, соңғы бөлікке бөлінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүл шыбындары
Шыбынның жіктелу жүйесі
Гессен шыбыны биологиясы есептеу әдістемесі зиянды фазассы және таралуы
Биттер, бүргелер және қосқанаттылар отряды:. практикалық маңызы
Жәндіктер
Биттер отрядының жалпы сипаттамасы
Қауын дақылының өсіру технологиясы
Ызылдақ шыбын
Синантропты насекомдармен күресу жолдары
Фазия шыбындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz