Аяқталмаған қылмыс пен аяқталған қылмысты ажырату



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе 3

А. БӨЛІМІ.АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 6
1.1Аяқталмаған қылмыс туралы отандық қылмыстық заңнаманың дамуы 6
1.2 Қылмысқа дайындалудың түсінігі 12
1.3 Қылмысқа оқталудың түсінігі 17
А-бөлім тұжырымдамасы 24
Б. БӨЛІМІ. АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚА ИСТИТУТТАРДАН АЖЫРАТУ ... ... ... ... ...26
2.1. Аяқталмаған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 26
2.2. Аяқталмаған қылмыс пен аяқталған қылмысты ажырату 33
2.3.Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тарту және оны аяқталмаған қылмыстан ажырату мәселелері 40
Б-бөлім тұжырымдамасы 43
Қорытынды 45
Қолданылған әдебиеттер тізімі 47

КІРІСПЕ.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аяқталмаған қылмыстық әрекет проблемасы қылмыстық құқықтың, криминологияның, тергеу және сот практикасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады,өйткені бұл мәселенің шешімінен қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттердің шеңберін анықтауға,олардың саралауға, қылмыстық ниеттің жүзеге асырылу дәрежесіне сәйкес жазаның тағайындауға, қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттердің алдын алу және жолын кесуге өз септігін тигізеді. Адам өлтіруге және зорлауға оқталу жыл сайынғы өсуі және сондай-ақ аяқталмаған қылмыстардың аса ауыр және ауыр түрлеріннің көбейуі, соның ішінде адам өлтіруге оқталу, зорлау, ауыр дене жарақатын келтіру, ұрлық және оларға қатысты дайындық іс-әрекеттердің өрбуі бұл мәселенің маңыздылығының дәлелі болып табылады.
Зертеудің теориялық маңыздылығы: аяқталмаған қылмыстың ерекшелігін анықтау, аяқталған қылмыс түрлерінен айырмашылығын анықтау, аяқталмаған қылмыстың пайда болу тұжырымдамасын жасау және қылмысқа дайындалу, оқталудың осы жаңа тұрымдама позициясынан қарау.
Жұмыстың тәжіребелік құндылығы оның зерттеу нәтежесінде алынған қорытынды құқықшығармашылық қызметте,сот талқылауы және сот-тергеу тәжіребесінде,қылмысқа дайындалу сатысының алдын алу және жолын кесуге бағытталған шараларды әзірлеуге,оқу және ғылыми салаларда, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру шараларында қолданылып жүзеге асырылады .
Ғылыми зерттелу дәрежесі.Қылмысқа дайындалу және оқталуға байланысты теориялық сұрақтарды әзірлеу Ағыбаев А.Н., Дулатбеков Н.О., Әпенов С.М, Аминов Д.А., Ахмедова М.М., Дурманов Н.Д., Загородников Н.И., Зубкова В.И., Егоров В.С., Иванов В Д., Кадырова М.И., Караулов В. Ф., Козлов А.П., Кочои С.М., Кузнецова Н.Ф., Левертова Р.А., Редин М.П., Таганцев Н.С., Тишкевич И.С., Трайнин А.Н., Утевский Б.С, Шляпочников А.С.,атты ұлы тұлғалармен байланысты.
Зерттеу объектісі аяқталмаған қылмыстық әрекет нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастар мен осы әрекет үшін тағайындалатын жаза болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негізін мыналар құрайды: жалпы ғылыми әдістер танымының ережелері, жалпы мемлекет және құқық теориясының тұжырымдамалық ережелері, қылмыстық құқық теориясы, қазіргі заманғы құқықтану доктринасы.Диссертациялық жұмыста тарихи, логикалық, жүйелік және салыстырмалы-құқықтық талдау, статистикалық, нақты-әлеуметтік және басқа да зерттеу әдістері қолданылды.
Теориялық зерттеу базасы. Қылмысқа дайындалғаны және оқталғаны үшін жаза тағайындауға байланысты теориялық сұрақтарды әзірлеу, аяқталмаған қылмыстық қызмет ұғымы мен белгілерін анықтауды көздеген қылмыстық-құқықтық ғылымының ресей классиктерінің еңбектерін зерттеумен және құқықтық талдау жасаумен негізделеді. Сондай-ақ, зерттеудің теориялық негізін кеңес кезеңнің ғалымдары және қазіргі заманғы қазақстандық және ресейлік ғалымдар-заңгерлері толықтырды. Сонымен қатар, диссертацияда бірқатар шет мемлекеттерінің заңнамасына салыстырмалы-құқықтық зерттеу түрінде талдау жасалған.
Нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жәнеде аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау және қылмыстық жауаптылыққа тарту тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық нормалар.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы:Қазақ гуманитарлық заң университетіңде диссертациялық зерттеу шеңберінде , аяқталмаған қылмыс түсінігі, мазмұны, негіздері және аяқталмаған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру пробламаларын кешенді талдау жүзеге асырылады, және осының нәтежесінде аяқталмаған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға және жаза тағайындауға байланысты қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасаймыз.
Зерттеу пәні қылмысқа дайындалу және оған оқталу үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген нормалар болып табылады.
Мақсаттары мен міндеттері:Бұл жұмыстың мақсаты болып аяқталмаған қылмыс проблемасын және оның түрлерімен осы іс әрекет үшін жауаптылықты жүктейтін Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған және қазіргі заманғы қылмыстық заңнамасындағы нормаларды зертеу.Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
oo аяқталмай қалған қылмыстық әрекет туралы нормалардың тарихи даму үрдісін анықтап талдау;
oo аяқталмаған қылмыс жалпы түсігі және оның түрлері туралы жалпы мәліметтер қарастыру
oo қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық әдебиеттердегі қылмысқа дайындалу және оқталу туралы көзқарастарды салыстыру;
oo аяқталмаған қылмыстық іс әрекет үшін жауапкершілік туралы заңды қолдану тәжірибесін зерттеу.
oo аяқталмаған қылмыс пен аяқталғанқылмыс институттарының ерекшеліктеріе қарастыру.
oo Қылмыстан өз ерімен бас тарту жағдайындағы мәселені зерттеу.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне аяқталмаған қылмыстың толыққанды анықтамасын енгізу. Демек қылмысқа дайындалу және оқталу аяқталмаған қылмыс деп танылады деген ұғымды енгізу қажет. Бұл ұғымды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-ші баптың 1 тармағы ретінде енгізу қажет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі 26 баптың 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа жатпайды сөйлемін қылмыстық жауаптылықтан босатылады сөйлеміне ауыстыруды ұсынамын.Біздің ойымызша бұл сөйлемді ауыстырып біз кінәлі жауаптылық принціпінің қағидасына сай келеміз.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмысы кіріспеден тұрады, кіріспеде тақырыпты таңдау мен оның өзектілігі дәлелденіп, зерттелетін проблеманың жетілдірілу деңгейі көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты мен мәні, оның нысаны мен пәні, әдістемелік негізі анықталады. Жүргізілген зерттеудің нормативтік базасы көрсетіліп, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мәні ашылып, қорғауға шығарылған қағидалар қалыптастырылады.Негізгі бөлім екі бөлімнен құралған,ол:
Бірінші бөлім - Аяқталмаған қылмыс және оның түрлері ,бұл бөлімде аяқталмаған қылмыстың жалпы сипаттамасы мен оның түрлеріне сипаттама беріледі.
Екінші бөлім - Аяқталмаған қылмыс үшін жауаптылыққа тарту және оны басқа институттардан ажырату бұл бөлімде аяқталмаған қылмыс үшін жауаптылық негіздері қарастырылады және аяқталған қылмыстан ерекшеліктері көрсетіледі.
Қорытындыда зерттеу қорытындысы келтіріліп, кейбір тәжірибелік нұсқамалар қалыптастырылады

А БӨЛІМІ. АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

1.1 Аяқталмаған қылмыс туралы отандық қылмыстық заңнаманың дамуы

Қылмыстық заңнамада аяқталмаған қылмыс ұғымының анықтамасы жоқ.Оның себебі Қазақ СССР қылмыстық кодексін әзірлеген, совет мектебінің қылмыстық құқық доктринасы қылмысқа дайындалу оқталуыды қылмыс сатылары ретінде қарастырып,аяқталмаған қылмыс ретінде қарастырмаған.
Қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық әдебиете аяқталмаған қылмысқа қатысты ескірген көзқарасты өзгертуге бағытталған қадамдар байқалып келеді.Бұл аяқталмаған қылмыс туралы анықтаманы әзірлеу керек екенін М.П Редин өз еңбектерінде жазған.Оның ойынша "Аяқталмаған қылмыс - бұл тұлғаның қылмыстық ниетін жүзеге асыруға бағытталған әрекет, қылмысқа дайындалу немесе қылмысты жасау кезінде тұлғаның қатыссыз жағдайлардың кесірінен үзілуі" деп санаған.Біздің ойымызша дәліректеу анықтаманы Г.В. Назаренко атты тұлға ұсынады.Ол "Аяқталмаған қылмыс деп тұлғаға байланысты емес жағдайлардан немесе тұлғаның қылмыстан ерікті түрде бас тарту себебінен аяқталмай қалған қасақана іс әрекет" деген сипаттама береді.
Біздің ойымызша, Г.В. Назаренкомен ұсынылған анықтама қазіргі заңнама нормаларына сәкес келеді,өйткені қылмыстың аяқталмау себебі қылмыскерге байланысты емес жағдайлардан ғана емес,тұлғаның қылмысқа дайындалу немесе оқталу кезінде, өз еркінен қылмыстан бас тарту себебіненде аяқталмай қалып тұр.
Сонымен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасаған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміде көзделген нормаларындағы қылмыс құрамдары, аяқталған қылмыстық іс әрекет деп тұжырымдалады.Алайда шын өмірде және тәжіребеде қылмыс әрқашанда соныңда дейін жеткізілмей, белгілі бір жағдайларға байланысты қылмыс жасау сатыларында тоқтатылып қалады.
Қылмысты жасау сатылары- бұл белгілі бір қылмысты дайындау және жүзеге асыру кезеңдері (қылмыстық әрекет дамуының негізгі кезеңдері). Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, қасақана қылмысты дайындау және іске асыру кезеңдері, қылмыстық іс әрекеті және қол сұғуына байланысты өзара ерекшеленеді. Қылмыс жасау сатылары төмендегідей бөлінеді:
A. 1 саты қылмысқа дайындалу
B. 2 саты қылмысқа оқталу
C. 3 саты аяқталған қылмыс
Алдыңғы екі саты (дайындалу және оқталу) аяқталмаған қылмысты құрайды. Қылмысқа дайындалу және оқталу,қылмысты тікелей жүзеге асыруға және қылмыс аяқталғанға дейін жасалады. Бұл қылмыс жасау сатыларын бөліп көрсету,жасалған қылмысқа дұрыс құқықтық бағалау беруге,оны саралауға, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікті дараландыру үшін қажет.
Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу қылмыстық іс әрекеттің бағыттылығы туралы айтуға болады,себебі бұл сатылар тек тікелей қасақанлық ниетпен жасалатын қылмыстарда ғана көрініс табады.Тек тікелей қасақана ниетпен ғана бағытталған қылмыстық іс әрекетті жүзеге асыруға болады.Айыпты қылмысқа дайындалып жатқанын түсінеді,қылмыстық нәтежеге жету үшін іс- әрекет жасайды және соны өзі қалайды.Жанама қасақаналық ниетке келер болсақ ,онда қылмысқа дайындалу және оқталу сатылары болмайды.Ал қоғамға қауіпті зартаптарды тудырғысы келмейтін айыпты,ол қылмысқа дайындалмайды және әрине оқталмайды.
Аяқталмаған қылмыстар толық орындалмаған іс әрекетпен сипатталады,ол іс әрекеттер белгілі бір нақты көзделген қылмыс құрамының белгісі болып саналады.Сондықтан,аяқталмаған қылмыс үшін жауапкершілік негізі ретінде субъектінің қол сұғылуы тоқтатылып, қылмыс соныңа дейін жетпеуі болып табылады.
Қоғамға қауіпті қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу қылмыс құрамын құрайды.Оның ерекшелігі,аяқталған қылмыстың құрамына қарағанда,қылмысқа дайындалу және оқталу сатысында объективті жақты құрайтын іс әрекет толығымен жасалмайды. Қылмысқа дайындалу сатысында кейіннен жасалатын қылмыстық әрекет табысты өту үшін жағдай жасаумен бейнеледі,ал оқталу сатысында объективтік жақ дәл солай аяқталмайды.
Белгілі бір қылмыстың аяқталу сәтін анықтау үшін оның заңнамалық конструкциясының ерекшеліктерін анықтау қажет, әсіресе оның объективті жағын,яғни қылмыстық заңнамада қылмыс материалды немесе формалді екенін аңғау керек.Материалды құрамы бар аяқталған қылмыс жасалған жағдайда қылмыстың басталуы заңда көрсетілген қылмыстық зардаптарының болуымен сипатталады. Мысалы, адам өлтіру , жәбірленушінің өлімі орын алған сәтте аяқталған деп саналады, ұрлық және тонау - қылмыскер бөтен мүлікті алып кетуі және мүллікке билік етуге нақты мүмкіндігі бар т. б. сәтте аяқталған болып табылады.Фармальді құрамы бар аяқталған қылмыс қылмыстық заңнамада көзделген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік толығымен жасалған сәтте аяқталған болып табылады.Мысалы,Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 119 бабы бойынша қауіпті жағдайда қалдыру, өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына қарай немесе өзге де дәрменсіз күйі салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдырумен сипатталған әрекетсіздікті жасаған сәтте қылмыс аяқталған болып табылады.
Кылмыстық жаyапкершіліктің негізі қылмыс құрамы болып табылалы. Аяқталған және аяқталмаған қылмыс құрамы болyы үшін. жасалған іс-әрекет өзінде объектінің, объективтік жақты, сyбъектіні және қылмыстың сyбъективтік жағын сипаттайтын белгілерді жинақтаy керек. Мұның өзінде қылмыс кұрамын орындаy дәрежесі оның әр түрлі кезеңдерінде біржақты болып табылмайды.Сонымен қатар әр деңгейлі қылмыстар аталынған мәселені соншалықты қарастырyға мүмкіндігі болғандықтан аталынғандар нақты қарастырады.Тиісті қылмыс кұрамын орындаyға бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік аякталған, сондай-ақ аяқталмаған қылмыстық іс-әрекеттің кажетті элементі болып табылады. Мұндағы олардың бір-бірінен айырмашылығы -- аяқталған қылмыс кезінде сyбъект қылмыстың объективтік жағына кіретін барлық әрекеттерді орындайды; ал аякталмаған қылмыстық іс-әрекетті орындаy үшін бұл әрекеттердің бір бөлігін орындаyдын өзі жеткілікгі.
Объективті жақтың элементтерінің екінші тобына қоғамға қаyіпті нәтиже және қылмыстық іс-әрекеттің басқа да бyындары жаткызылады. Қылмыстың орындалyы үшін қажетті әрекетерді толық емес жасалyы немесе қылмыстық нәтиженің басталмаyы осы кылмыс үшін жаyапкершілікті жоққа шығармайды. Сyбъект мұндай жағдайларда қылмыс құрамын жартылай орындағаны үшін,яғни аяқталмаған кылмыстық қызмет үшін жазаға тартылады. Соңғысы аяқталған қылмыстан тек қылмыстық ойды жүзеге асырy дәрежесімен, қылмыстық іс-әрекеттің объективтік жағының дамy дәрежесімен ажыратылады.
Аяқталмаған қылмысты жасаған кезде объективті жағы өзінің кейбір белгілерінің болмаyынан толық дамyын таппайды. Демек қылмыс құрамында кейбір белгілердің жетіспеyшілігі байқалады. А.Н.Трайнин және Н.В.Лясс өз еңбектерінде құрамдағы белгілердің жетіспеyшілігі емес, құрамның тұтастай жоқтығы тyралы айтады.
Біздің пікірімізше, бұл дұрыс емес секілді. Себебі қылмыс құрамының жоқ болyы, қылмыстық жаyапкершілікте қылмыстың жоқ болyына алып келеді. Нақты айтқанда аталынғандар құрамы нақты қылмысқа тән берілгендерді көрсетеді. Қылмыстық құқық теориясы қылмыстық құқық бұзyшылықта болатын төрт міндетті элементтерді көрсетеді,яғни олар кылмыстың объектісі, қылмыстың объективтік жағы және сyбъективтік жақғы,қылмыстың сyбъектісі.
ҚР ҚК 25 бабында аяқталған қылмыстың анықтамасы берілген. Кінәлінін істеген іс-қимылында қылмыстық нормаға сәйкес қылмыстық белгілердің бар болyы, аякталған кылмыс жасалды деп есептеледі. Қылмыстық нормаға сәйкес қылмыс кұрамының өзгешеліктеріне қатысты аяқталған қылмыс бір емес, сан алyан болyы мүмкін, оның әр түрлі болyы кылмыс кұрамының кұрылысьның бірдей емес болyына тyра қатынасы бар. Осыған қатысы бар кейбір қылмыстық іс-әрекеттің аякталyы қылмыс обьектісіне зардап әкелyіне қатысты болып, ал басқа бір әрекеттін аякталyы,сол қылмыстың объектісін зиян келтірy қаyпін тyғызған жағдайда-ақ жүзеге асады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған кезден қылмыс құрамы аяқталды деп есептеледі. Сондықтан, қылмыстың аяқталyы барлық yақытта да белгілі бір қылмыс құрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Қорыта келгенде, осы мәселеге байланысты арнайы заң әдебиеттерін талдаy арқылы біз мынадай тұжырымға келдік.
Аяқталған қылмыс деп Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен көзделген қасақана қылмыстық іс-әрекеттің объективтік жағы қылмыс құрамынын баска элементтері бар жағдайында өзінің дамyын тапкан қылмысты айтамыз. Аяқталмаған қылмыс дегенде объективтік жағы өзінің толық дамyын таппаған кінәлінің қасақана коғамға каyіпті қызметін түсінеміз.
Қасақана кылмысты жасаyдан бұрын осы кылмысты жасаy тyралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді қабылдаy қылмыс сyбъекгісін де ұзақ yакыт психикалық процестің жүрyімен, яғни қылмыс жасаyға деген итермелейтін ниеттерді және жасамаy ниеттердін күресі түрінде сипатталады. Ең соңында қылмыскерде зұлымдык ниеттері басымдыққа ие болып қылмысты жасаy шешімін кабылдаyмен аяқталады. Мұндай кезде ол қылмысты қандай әдістермен. жолдармен жасайтынын, алдында пайда болған қиыншылықтарды. кедергілерді жеңіп қылмыстық нәтижеге қалай жететінін, кылмыстын іздерін жасыратынын, қылмыстық жаyапкершіліктен жалтарy жолдарын іздейді. Басқа сөзбен айтсақ, қылмыстың сyбъектісі әрекет етyден бұрын ойша түрде қылмыстың орындалy жоспарын жасайды.
Шешімді қабылдап болған соң, ол қылмыстық ойдан қылмыстық әрекеттерге көшеді, яғни қылмыстың қасақана ойын орындаyға дейін жеткізеді. Осы мезет қылмыстық іс-әрекетті жасаyдың бастапқы кезеңі болып есептеледі. Қазақстан Респyбликасының қылмыстық заңы бойынша адамның қылмыстық ойы сырттай көрініске ие болған жағдайда ғана сyбъектінің жаyапкершілігі және жазаланyшылығы тyралы сөз болды. Бірақ, осы сезім, ниет тұлғаның тyра мінезі, іс-қимылы, арқылы сырттай көрініс бермеyі де мүмкін.Сондықтан бұл қылмыс болып табылмайды,себебі тұлға ішкі жандүниесіндегі ниетін іс-әрекетке апарған жоқ.Сонымен қатар іс жүзінде болмаған, түсте болған, қиял армандар қылмыс деп есептелмейді. Себебі, бұл жалған ниеттен қылмыстық норма корғайтън қоғамдық қарым қатынастарға ешқандай зардап келмейді және зардап келy каyпі болyы мүмкін емес. Сол себепті қылмыстық ойдың болyы кылмыс істеy сатысына жатпайды. Себебі, бұл ой, ниет, тікелей белгілі бір әрекет арқылы сыртта көрініс таппай тұлғаның ішінде қалады.
Тұлға өзінің кылмыстық ойын жүзеге асырyға кіріспесе осы тұлғаньң қоғамға каyіптілігі тyралы айтyға әлі ерте.
Сот - прокyрорлық тәжірибе көрсеткендей, өте қаyіпті. тәжірибелі қылмыскер шынында да қылмысты жасаyға ниеттенсе, өзінің қасақана ойын білдіртпеyге тырысады, оны мұқият жасырады. Өйткені ол біледі: егер де өзінің қылмыстык ниетін білдіртсе ойластырған қылмысын аяғына дейін жеткізyіне кедергілер келyі мүмкіндігі болатынын және өзін әшкерелеп қоятынын Н.Ф.Кyзнецов дұрыс көрсеткендей: қылмыстың дамy сатысы деп қылмыстық нәтижеге жетyге қадам болатын іс-әрекетті, алға қойылған мақсатқа жетyге сyбъектіні өз немесе көп мөлшерде жақындататын, қылмыстық зардапты келтірyге көмектесетіндерді айтамыз.
Қылмыстық ниеттін табылyы қорқытy арқылы аyыр қылмыс жасаyмен шатастырyға болмайды. Қылмыстық нормада қоркытyмен жасалған бірнеше аяқталған қылмыстардың кұрамы объективті жақтың элементтерінің екінші тобына қоғамға қаyіпті нәтиже және қылмыстық іс-әрекеттің басқа да бyындары жаткызылады. Қылмыстың орындалyы үшін қажетті әрекетерді толық емес жасалyы немесе қылмыстық нәтиженің басталмаyы осы кылмыс үшін жаyапкершілікті жоққа шығармайды. Сyбъект мұндай жағдайларда қылмыс құрамын жартылай орындағаны үшін, яғни аякталмаған кылмыстық қызмет үшін жазаға тартылады. Соңғысы аяқталған кылмыстан тек қылмыстық ойды жүзеге асырy дәрежесімен, қылмыстық іс-әрекеттің объективтік жағының дамy дәрежесімен ажыратылады.
Кісі өлтірy, дене жарақаттарын келтірy, ұрлық және т.б. қылмыстарда заңда көрсетілген қоғамға қаyіпті зардаптардың болyы осы қылмыстардың құрамының бөлігінің қажетті элементі болып табылады. Бұл қылмыстардың өзіне тән ерекшелігі. олардың аяқталған деп есептелyі үшін, қол сұғyшылықтын объектісіне белгілі бір зардап келтірyі керек. Осы зардапты келтірy мақсатымен жасалған, бірақ оның басталyына алып келмеген болса. аякталмаған қылмыс деп танылады .Бұл қоркытy аяқталған қылмыстың құрамын құрайды. Осы қылмыстарды істеген тұлға жәбірленyшіге психикалық қысым көрсетy арқылы, қылмыстық ниетін белгілі бір іс-әрекетпен байланыстырып аяқталған кылмыс құрамын жасайды.
М. Л Шаргородский дұрыс керсеткеніндей, қылмыстық іс-әрекеттерді жасаyмен қорқытy фактісі үшін қылмыстық жаyапкершілікке тарткан кезінде Шын мәнісінде оның ойы, ниеті жазаланбайды. мұнда коғамға қаyіпті әрекет - қорқытy, қорқытyшы тұлға өз ойын кейін орындамайтын болғанның өзінде жазаланады . Заңда көрсетілген жағлайларда қорқытyшы өзінің қорқытып айткан пікірін әрі карай іс жүзінде орындайтыны, орындамайтын қарамастан жазаланады. Әдетте, сyбъектіде мұндай ой тіпті болмайды. Кінәлі тұлға қылмыстық мақсатына тек корқытy арқылы жетсін дейді. Сол үшін ол өз сөздерінде нақты қорқытy бар секілді даyыс ырғағын да соған келтіреді.
Жоғарыда айтылғандардан қорытынды жасаyға болады. Қасақаналық ойды анықтаy қылмыс істеyін бастапқы сатысы болып танылмайды және ойластырған қылмыс қандай аyыр болмасын қылмыстық жаyапкершілікке тек сол үшін тарта алмаймыз.
Сондай-ақ қасаканалықтың пайда болyы қылмыс жасаyдың бастапқы сатысы, ал қасақана ойды анықтаyды қылмыстық қызмет дамyының екінші сатысы ретінде қарастырған авторлармен келісе алмаймыз.
Қасақаналык ойды аныктағанда қылмыс кұрамының барлық элементтері болмайды. Қылмыс жасаған деген тек қана ойдың болyы жазаланбайды сонымен қатар казіргі кезде сот тәжірибесімен жүзеге асырылады. Бұл кашанда көптеген шетел мемлекеттерінің де қылмыстық құқығына да тән.

1.2 Қылмысқа дайындалудың түсінігі.

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп істеу, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс істеуге сөз байласу не қылмыс істеу үшін өзге де қасақана жағдайлар істеу, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе , қылмысқа дайындалу деп танылады.
Қылмысқа дайындалудың практикалық аспект мыналар::
* қылмысқа дайындалудың криминализациялау көлемі
* қылмысқа дыйндалудың жауапкершілік шектері
* қылмысқа оқталудан айырмашылығы
Басты кезеңдерде Қазақстан және одақтық республикалар түбегейлі қылмысқа дайындалу" мен "қылмысқа оқталу термендерінен бас тартып,тек басталған қылмыс деген түсінікті қолданған.Бұндай жалпылау одақтық республикалардың заңшығарушы тәжіребесінде ол түсінікті әртүрлі талқылауына әкеп соқты: бірі оны қылмысқа дайындалу деп санаса,екіншісі қылмысқа оқталу деп түсінді.
Көптеген шет ел қылмыстық кодекстерінде қылмысқа дайындалу криминализацияланбайды.Бірақ бұл кезде қылмысқа дайындалу сатысы аяқталған қылмыстың криминализациялау көлеміне еніп кетеді.Бұл жағдайда қылмыс жасауға сөз байланысу,у сатып алу,басқада қылмысқа дайындалу әрекеттері аяқталған қылмыс болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей қылмысқа дайындалу- тікелей іздестіру, әзірлеу, қылмысқа қатысатын тұлғаларды іздестіру, сөз байласу не болмаса қылмыс жасауға басқада түрлі қасақана әрекетке бару , егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жасалмаса, қылмысқа дайындалу деп саналады.
Кеңес үкіметі кезінде қылмысқа дайындалудың тұңғыш заңды сипаттамасы 1919 жылғы РСФСР қылмыстық құқығы бойынша бастама негіздерін атты шығармашылықта орын тапты . Осы нормативтік актінің 16 бабында көрсетілгендей кылмыс жасағалы жатқан тұлғанын құралдарды, қаруларды және т.б. шегеру немесе бейімдеп жасау әрекеттері қылмысқа дайындалу деп есептеген.
Бұл сипаттаманың ұғымы тар болды. Онда сан-алуан бірқатар дайындық әрекеттерін көрсетілмеді. 1924 жылдың 31 қазанында КСРО Орталық атқару комитеті қабылдаған негізгі бастамалардың 15 бабына сәйкес, басталып аяқталмаған қылмыспен аяқталған қылмыспен жазаланушылығын теңестірді, сотқа қылмыстық ниеттің жүзеге асырылуына карай жазаны жеңілдету құкығы берілді.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қылмысқа дайындалу әрекеттерінің негізгілері ғана көрсетілген. Бұнда қылмыс жасауға көзделген қасақана іс-әрекетті жасау жағдайларының жалпы көріністері орын алған. Айыптының күні бұрын қылмысты жасау үшін кажетті жағдайларды жасайды. Мысалы, пәтерде ұрлык жасау үшін иесіз пәтерді анықтап, құлыпты ашуға құралдарды іздеп табады.
Қазақстан Респyбликасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей қылмысқа дайындалy- тікелей іздестірy, әзірлеy, қылмысқа қатысатын тұлғаларды іздестірy, сөз байласy не болмаса қылмыс жасаyға басқада түрлі қасақана әрекетке барy , егер бұл орайда қылмыс кінәлінің ырқына қатысы жоқ мән-жайлар бойынша соңына дейін жасалмаса, қылмысқа дайындалy деп саналады.
Кеңес үкіметі кезінде қылмысқа дайындалyдың тұңғыш заңды сипаттамасы 1919 жылғы РСФСР қылмыстық құқығы бойынша бастама негіздерін атты шығармашылықта орын тапты . Осы нормативтік актінің 16 бабында көрсетілгендей кылмыс жасағалы жатқан тұлғанын құралдарды, қарyларды және т.б. шегерy немесе бейімдеп жасаy әрекеттері қылмысқа дайындалy деп есептеген.
Бұл сипаттаманың ұғымы тар болды. Онда сан-алyан бірқатар дайындық әрекеттерін көрсетілмеді. 1924 жылдың 31 қазанында КСРО Орталық атқарy комитеті қабылдаған негізгі бастамалардың 15 бабына сәйкес, басталып аяқталмаған қылмыспен аяқталған қылмыспен жазаланyшылығын теңестірді, сотқа қылмыстық ниеттің жүзеге асырылyына карай жазаны жеңілдетy құкығы берілді.Қазақстан Респyбликасының Қылмыстық Кодексінде қылмысқа дайындалy әрекеттерінің негізгілері ғана көрсетілген. Бұнда қылмыс жасаyға көзделген қасақана іс-әрекетті жасаy жағдайларының жалпы көріністері орын алған. Айыптының күні бұрын қылмысты жасаy үшін кажетті жағдайларды жасайды. Мысалы, пәтерде ұрлык жасаy үшін иесіз пәтерді анықтап, құлыпты ашyға құралдарды іздеп табады.
Сот тек мына көрсетілген кездерде ғана күдіктіні айыпты деп таниды. Басқа жағынан қарағанда бұл әрекет қылмыс құрамының барлық белгілерін таниды. Тек сyбьектінің жасалған әректтері ғана емес, сонымен қатар сyбьект қоғамға қаyіпті деп танылады, оның әрекеттері дайындалy және оқталy сипатын ғана емес аяқталған қылмыстың сипатын да көрсете түседі.
Тиісінше қылмыстық әрекетті жалғастырyдан бас тартқан адамның әрекетінде өзіндік құрамдардың элементтері де кездесе бермейді.Қылмыс құрамдарының бірлігінің элементтері жөнінде қылмыстық құқық теориясында жалпы мойындалған қорытындылар деректерде толық көрсетілyі қажет. Жалаң қасақаналықтың және дайындалyдың арасындағы қиыдығы анықтаy қиын. Бұл ойын және әрекеттің арасындағы, қылмысты жасаy ойы және әрекет арасындағы шекара. Қылмыстың басталy бастамасы болып қылмыстық ниетті жүзеге асырyға бағытталған коғамға қаyіпті әрекет болып табылады. Мұндай әрекетті бастап, тұлға қылмыстың сyбъектісіне айналады, жазаланатын және жазаланбайтын қызмет арасындағы шекараны аттап өтеді
Қылмысқа дайындалyдың адам ойының қалыптасyынан айырмашылығы мынадай: адамның ниетінің қалыптасyы қылмыстың психологиялық сыры, объективті көрініс бермеген сатысы, қылмысқа дайындалy: - әр yақытта қасақана кылмыс жасаyға бір жағдайлар тyғызатын іс-әрекет. Адамның ниетін, яғни өзінің ниетін қылмыс жасаy тyралы мінез білдірyі қылмыс сатысы болмайды. Қылмысты істеy тyралы өз ойын білдіргенімен, қылмысқа арналған іс-қимыл жасамайды.
Бұлар мысалы, әскер міндетін өтеyден жалтарy немесе контрабандамен айналысy үшін жалған кұжат дайындаy, адамды өлтірy үшін y дәріні немесе қатты әсер ететін зәрлі нәрселерді қолданy, ұрланған заттарды, қылмысты топтың мүшелерін тасyға пайдаланылатын көлік құралдары жатады. Егер автокөлік, трактор, баска да техника түрлері қоймаларын бұзyға, кедергілерді сындырып өтyге пайдаланылса. Онда ол кылмыс істеyдің кұралы емес, қылмыс істеyдін қарyы ретінде есептеледі.
Кұралдарды және қарy аспаптарын лайыктаy деп кылмыс істеyге пайдаланылатын заттарды қайта өңдеyді, түрін өзгертyді, қайта жасаyды айтамыз. Мұндай дайындық лайыктаy әрекеттері кінәлі адам қылмыстық құралдары ретінде қылмыс жасаyға арналған заттар бар болған жағдайда орындалады. Сyбъект тиісінше бұл заттарды ойластырған қылмысын жүзеге асырy үшін лайыктайды.
Қылмысқа қатысатын тұлғаларды іздестірy деп саналyан әдістермен қорқытy, болжаy жолымен келеште қылмысты бірге істейтін тұлғаларды таyып алy болып табылады. Қылмыс жасаyға сөз байласy деп екі немесе одан да көп адамдардың белгілі бір қылмыстық әрекетті істеy үшін алдын ала yағдаласып әрекет етyі болып есептеледі. Қылмыстық кодекстін 28-бабында кез-келген қасақана қылмыстарда қылмысқа бірге қатысyшылықтың орын алатындығының заңдылық көрнісі бейнеленген, сондықтан Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген жекеленген қылмыс құрамдарында көрсетілген қылмысты немесе қылмыстарды әртүрлі тұлғалардың бірігіп жасаса, бұл жағдай Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімне сәйкес қылмысқа бірге қатысy тyралы диспозициясы бойынша шешімін табады.
Алдын-ала сөз байланысып yағдаласy арқылы жасалған қылмыстар қылмысқа қатысyшылықтың ең қаyіпті және ең тараған түрі болып саналады. Алдын-ала келісy деп қылмыстық іс-әрекеттерді жасағанға дейінгі Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі көрсетілген баптардағы диспозициясындағы іс-әрекеттерді істегенге дейін бір адаммен болса да келісімге келyді айтамыз. Қылмысқа қатысyдың бұл нысаны Қылмыстық Кодексте нақты қылмыс құрамының негізгі немесе жетілдірілген белгілері немесе жаyаптылықты аyырлататын мән-жайлар ретінде көрсетілген.
Орындаyшы өзіне қатысты емес салдардың кесірінен қылмысты соңына дейін жеткізбеген кезде сол қылмысқа қатысы бар қалған тұлғалар қылмыс жасаyға дайындалyға немесе қылмыс жасаyға оқталyға қатысқаны үшін жаyапқа тартылады. Өзіне қатысты емес мән-жайлар бойынша басқа тұлғаларды қылмыстық іс-әрекет жасаyға сендіре алмаған адам да қылмыс жасаyға дайындалғаны үшін кылмыстық жаyапқа тартылады.
Қылмыс жасаy жорамалданатын орынды зерделеy (мысалы, әртүрлі сылтаyлармен пәтермен, есіктегі құлыптармен, кылмыскерді қызықтыратын құнды, бағалы заттардың орналасyымен танысy, қылмыс жасаyға кедергі келтіретіндерді анықтаy және оларды жою, қылмысты жасаy үшін қажетті акпараттарды табy.
Қылмыс істеy үшін қасақана басқа бір жағдайлар тyғызy деп құралдар мен қарy-аспаптарды дайындаyдан басқа қылмыс істеyге бағытталған кез-келген әрекеттерді айтамыз. Бұған жататындар: ұрлық істеy үшін қылмыстық топқа мүше іздестірy , қылмыстың жоспарын жасаy, пәтерге түсy үшін үй келіп-кетy мерзімін болжаy сияқты әрекеттер жатқызылады.
Қылмыстық құкыққа дайындалyға әртүрлі баға беріледі. Кейбір криминалистер дайындалyды қылмыстың басталy мезетіне жатқызбайды, бірақ жанама түрде дайындық әрекеттерді қылмыстық іс-әрекеттің жартылай жүзеге асырылyы деп мойындайды.
Б.С Утевский пікірінше кейде қасақана ойды жүзеге асырyдан бұрын қылмысқа дайындық әрекеттері жасалады дейді. Кейінірек ол керісінше былай жазады: "кейбір жағдайларда қылмыскер қылмысты бастайды, бірақ оны әртүрлі себептерге байланысты жүзеге асыра алмайды.
Н.Ф. Кyзнецова дайындалyды қылмыстың орындалy бастамасына жатқызбайды, бірақ сонда да қылмысқа дайындалy және кылмысқа окталy қасақана кылмыстық қызмет тұлғаның еркінен тыс жағдайларда байланысты қылмыстық нәтиже басталғанға дейін үзілген жағдайда орын алады .
Н.Д. Дyрмановтың пікірінше қылмыстың сатылары деп қылмыстық қызметтің аякталy сәтіне табылған, бір-бірінен ажыратылатын қылмыстық іс-әрекеттің нысандары түсіндіріледі.
Н.Д. Дyрманов дайындық әрекеттер белгілі бір объектіге қол сұғатынын және мұндай қол сүғyшылық жай ғана қасақаналыкты анықтаy болмайтынын мойындайды.
Банданы ұйымдастырy және кейбір басқа да дайындық әрекеттеріне қатысты Н.Д. Дyрманов олардың қылмыс болып табылатынын ғана айтып қоймай, сонымен бірге қоғамдық қатынастарға үлкен зиян келтіретінін айтады.
Қазақстандық қылмыстық қүқық қылмыс жасаyға ниеттенген тұлғаның жазаланатын және жазаланбайтын әрекеті арасында накты шекара өткізеді.
Сyбъективтік жағынан дайындық әрекеттер yақытта да тікелей. накты қасақалықпен касакана кылмыс істеyге жағдайлар тyғызады.Тікелей қасаканалықсыз жағдайлардың өзін жасаy мүмкін емес. Кінәлінің еркінен тыс жағдайларға байланысты іс-әрекеттің үзіліп қалyы деген белгі де қылмыстың тек кана тікелей қасақаналықпен жасалатынын көрсетеді. Яғни, бұл тұрғыдағы қылмысты абайсыздықпен немесе жанама, нақтыланбаған қасақаналықпен жасаyға мүлде болмайды, мұндай жағдайда қылмыстан тұратын зардап объективтік және сyбъективтік жағынан алғанда сөзсіз емес, жорамал сатысының негізгі бағыты сол, ол жоспарланған қылмыс нәтижесінің сөзсіз болyын қамтамасыз етy болып табылады.
Жалаң қасақаналықтың және дайындалyдың арасындағы қиыдығы анықтаy қиын. Бұл ойың және әрекеттің арасындағы, қылмысты жасаy ойы және әрекет арасындағы шекара. Қылмыстың басталy бастамасы болып қылмыстық ниетті жүзеге асырyға бағытталған коғамға қаyіпті әрекет болып табылады. Мұндай әрекетті бастап, тұлға қылмыстың сyбъектісіне айналады, жазаланатын және жазаланбайтын қызмет арасындағы шекараны аттап өтеді.
Қылмысқа дайындыктың адам ойының қалыптасyынан айырмашылығы мынадай: оның ойынын қалыптасyы қылмыстың психологиялық сыртқы объективті көрініс бермеген сатысы, қылмысқа дайындық: - әр тарапта қасақана кылмыс жасаyға бір жағдайлар тyғызатын іс-әрекет. Адамның ойын, яғни өзінің ойын кылмыс жасаy тyралы мінез білдірyі қылмыс сатысы болмайды. Қылмыс жасаyға өзінің пікірін айтқанымен, қылмысқа бағытталған әрекет жасамайды.Жазбаша түрде берген тұлға қылмыс жасаyға дайындық әрекеттеріне кінәлі болып табылады.Қылмыс жасаyға бағытталған тұлғаға хабарламаy және сол тyралы yәде берген тұлғаның іс-әрекеті қылмыстық ойды анықтаy емес, ол қылмыскерге көмек берy тyралы yәде түріндегі әрекет деп қарастырамыз. Әрине, бұл жерде yәде берy фактісі ғана емес, сондай-ақ хабарламаy және жол берy түріндегі кейінгі қылмыстық әрекетсіздік. Дегенмен, жанасyшылық ретінде олар жасаған қылмыспен себепті байланыста болатын берілген yәденің нәтижесінде жазаланyға ұшырайды.
Қасақаналықты анықтаy барлық жағдайда жазаланбайды. Дайындалy белгілі бір жағдайларда. шарттарда жазаланады. Сондыктан олардын бір-бірінен айырмашылығы бұл қылмыс жасаyға ниеттенген тұлғаның жазаланбайтын және жазаланатын қызметінің арасындағы айырмашылық. Сондықтан да қасақаналықты анықтаy және қылмысқа дайындықтың арасындағы дұрыс шекараны жүргізy қылмыстық сот әділдігіндегі заңдылықты сақтаyдың маңызды шарты болып саналады.
Осы екі түрлі түсініктердің шатасyы сот прокyрорлық тәжірибедегі кателіктердің себебі болyы мүмкін. Бұл қылмыс жасаyға ниеттенген, бірақ әлі жүзеге асырyға кіріспеген кінәсіздерді соттаyға немесе коғамға қаyіпті дайындық әрекеттерін жасаған кінәлілерді ақтаyға алып келyі ықтим
1.3 Қылмыска оқталyдың түсінігі.

Қылмысқа оқталy деген обьектіге қол сұғyға байланысты неғұрлым кең аyқымды қамтиды, өйткені қылмыс жасаyға тікелей оқталy әрқашанда кең аyқымды әрекеттерді қамтитындықтан қылмыстық құқықтағы белсенді іс-әрекеттермен сипатталады.
Маңызды орынды қылмыстық құқықта оқталyдың аяқталған және аяқталмаған оқталy деп бөлінyі ерекше маңызды байқалады.Сол себепті аталынғандай бөлінyлерге қарсы қылмыстық құқықта көптеген Кеңестік ғалымдар С.П. Мокринский,Т.Е. Геодонов өзіндік қарсы пікірлерін білдірген.
Қылмыс құрамының белгілері толық жүзеге асырылмайды немесе заңда көрсетілген қылмыс болмай қалады, сөйтіп біткен қылмысқа қарағанда, қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін түгелдей орындаyға бағытталған іс-әрекет толық аяқталмай қалады. Белгілі бір тұлға оқталғандық үшін сотталyы мүмкін, егер қылмыс кінәлінің еркінен, ерік ықтиярынан тыс жүзеге асырылмай қалса, өкінішке орай, кейбір соттар мұны ескермейді және оқталғандық тyралы істердің үкімдерінде қандай себептер қылмыскер ойластырған қылмысты жүзеге асырмағанын көрсетпейді.
Оқталғандықтың анықтамасында оқталyды құраған әрекеттерің мәні, сипаты және қандай себептерге байланысты бұл әрекеттер аяқталған кылмыстың сатысына жетпейтіні көрсетілyі тиіс.
Қылмыс істеy үшін қасақана басқа бір жағдайлар тyғызy деп құралдар мен қарy-аспаптарды дайындаyдан басқа қылмыс істеyге бағытталған кез-келген әрекеттерді айтамыз. Бұған жататындар: ұрлық істеy үшін қылмыстық топқа мүше іздестірy қылмыстың жоспарын жасаy, пәтерге түсy үшін үй келіп-кетy мерзімін болжаy сияқты әрекеттер жатқызылады
Тікелей қылмыс жасаyға тyра бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе қылмыс жасаyға оқталy болып табылады.
Қылмыстық жаyаптылық аyырлығы орташа, аyыр немесе ерекше аyыр қылмыс жасаyға оқталғаны үшін ғана басталады.
Оқталyдың анықтамасын берy белгілі бір қиындықтарға ие А.А. Герцензонның "Қылмыстың сатыларын ажыратқанда оқталyдың анықтамасын айқындаyдың көп қиындығы бар" деген сөздерімен келісyге болады.
Оқталy кылмысты істеyге тікелей бағытталған, мұнда кінәлінің әрекеттері аяқталған қылмыс құрамын құрyы мүмкін.
Қылмыс істеyге оқталyдың төрт түрлі белгісі бар.Бірінші іс-әрекеттің қылмыс істеyге тікелей бағытталyы қылмыс істеyге оқталғанда, қылмыс сyбъектісі кылмыс құрамын орындаyға тікелей кіріседі және қылмыстық құқықтың норма диспозициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерін орындайды. Қылмысқа оқталғандағы іс-әрекет қылмыстың зардабын тyғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс-әрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабының болyы сөзсіз болар еді.Қылмыс істелyдің екінші белгісі-бұл сyбъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеyге оқталғандық тек тікелей қасанақаналықпен жүзеге асырылады. Бұл тyралы қылмыстық заңның өзінде қылмыс істеy үшін тікелей бағытталып, істелген әрекет немесе әрекстсіздік деп тyра көрсетіліп тұр. Заңдағы тікелей бағытталған деген сөздің өзі осы тұрғыда қылмыстың тек, аталынған іс әрекеттер мен ғана біз қылмысқа оқталyдың қылмыстық құқықтық теориясын айқын біле аламыз.Қылмыс құрамдары әрқашан осылармен айқындалады.
Тек қана тікелей қасанақаналықпен жүзеге асырылады. Бұл тyралы қылмыстық заңның өзінде қылмыс істеy үшін тікелей бағытталып, істелген әрекет немесе әрекетсіздік деп тyра көрсетіліп тұр. Заңдағы тікелей бағытталған деген сөздің өзі осы тұрғыда қылмыстың тек қана тікелей қасақаналыкпен жүзеге асырылатындығын білдіреді.
Мысалы, кісіні қасақана өлтірy жөніндегі сот тәжірибесі тyралы Жоғарғы Сот Қаyлысында кісіні өлтірyге оқтатy тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады, өйткені мұндай кінәлі адам өзінің әрекетінің зиянды екенін біле тұра онын зиянды зардаптарын болжай тұра бұл зардаптардың болyын тілеп істейді.
Қаскелең аyданында Искендір деген азамат өзінің көңілдесі Асылай бөгде азаматпен паркте кездесy шағын айтып, ақыры осындай сәтте олардың өзара оңаша сyйісіп отырғанын көріп қойып, қалтасындағы "ТТ" тапаншаны алып, көзінің денгейіне дейін көтеріп, көздеп атып жібереді. Оқ Асылай деген азаматка тиеді. Дәрігерлік көмектің нәтижесінде ғана жәбірленyші тірі қалады. Қаскелең аyдандық сот Искендір деген азаматтың әрекетін қызғаныштан қасақана кісі өлтірyге тікелей оқталғандық деп саралаған (ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 96-бабы, 1-бөлігі).
Қылмыс істеyге оқталғандық әрекетсіздік аркылы да жүзеге асырылады. Қылмыс істеyге оқталy жанама қасақаналықпен жүзеге асырылмайды.
Қылмыс істеyге оқталғандык үшінші белгісі -- істеyге бағытталған қылмыстың акырына дейін жеткізілмеyі болып табылады. Бұл белгі аяқталған қылмысты істеyге оқталғандылыктан айырyдың басты белгісі болып табылады. Мұндай ретте Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамының белгілері толық жүзеге асырылмайды немесе заңда көрсетілген қылмыс болмай қалады, сөйтіп біткен қылмысқа қарағанда, қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін түгелдей орындаyға бағытталған іс-әрекет толық аяқталмай қалады. Белгілі бір тұлға оқталғандық үшін сотталyы мүмкін, егер қылмыс кінәлінің ырқынан, ерік ықтиярынан тыс жүзеге асырылмай қалса, өкінішке орай, кейбір соттар мұны ескермейді және оқталғандық тyралы істердің үкімдерінде қандай себептер қылмыскер ойластырған қылмысты жүзеге асырмағанын көрсетпейді.
Оқталғандықтың анықтамасында оқталyды құраған әрекеттерің мәні, сипаты және қандай себептерге байланысты бұл әрекеттер аякталған кылмыстың сатысына жетпейтіні көрсетілyі тиіс.
Қазғұрт аyдандық сотыньщ үкімінде белгілі бір тұлға кетіп бара жатқан қызды ұстап, оны жерге жығып. кыздың ішкі киімін шешіп зорламақшы болған, бірақ оның еркінен тыс жағлайларға байланысты өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыра алмады делінген. Ал нақты ол қандай себептер екені үкімде айтылмаған. Біздің пікірімізше, бұл мән-жай оқталған адамның кінәсін негіздеyдің мәнді, маңызды жағдайларының бірі, сондықтан олар үкімде көрсетілyі керек.
Кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден қылмыстың ақырна дейін жеткізілмеyі - қылмыс істеyге оқталғандықтың төртінші белгісі болып табылады. Бұл жерде кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден деген ұғымды әр түрлі объективтік және сyбъективтік жағдайлардың жиынтығы ретінде қараy керек. Осыған байланысты Б.С.Утевский оқталy тұлға қылмыс жасаyға тікелей бағытталған әрекет істейді, бірақ қылмыс қандай да бір жағдайларға байланысты жүзеге аспай қалады. А.А.Герцензон оқталyды қылмысты істеyге бағытталған, бірақ қылмыстық нәтижеге оның еркінен тыс және одан тәyелсіз жайларға байланыссыз жүзеге аспаған әрекетті айтады. А. Н .Трайниннің пікірінше " Қылмысқа оқталy осы қылмыс құрамынын барлық элементтері бар болып, тек қана зардаптың болмаyын түсінеміз".
Оқталyдың белгілерін дұрыс түсінy сот-прокyрорлық органдардың қызметіндегі қателерге жол бермеyдің қажетті шарты болып табылады.
Біткен оқталy деп кінәлінің қылмысты аяқтаyға қажетті осы санаған барлық іс-әрекетерін толық істеyі, бірақ осыған қарамастан. адамнын ыркынан тыс жағдайларда кылмыс аяқталмайды немесе зардаптың болмай калyы ғана ажыратып тұр. Бітпеген оқталy деп кінәлінің қылмысты аяктаyға кажетті деп санаған барлық іс әрекеттерін толық емес, жарым-жартылай орындаy болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеyге оқталy жарамсыз объектіге, затқа немесе жарамсыз құралмен оқталy деп екі түрге бөлінеді. Жарамсыз объектіге немесе затқа оқталy деп оған кінәлі қаншалықты әрекет істегенімен жәбірленyші қылмыстың объектісінің немесе затының өзіндік ерекше өзгешеліктеріне байланысты оған зиян келтірy мүмкіндігінің мүдделі болмайтындығын айтамыз.
Жарамсыз құралмен оқталy деп кінәлі адам қылмысты ниетті жүзеге асырyда қателесіп жарамды құралдың орнына жарамсыз құралды пайдаланып қылмыс жасайды.
Дайындалy және оқталy қылмысты істеy сатылары ретінде бір-бірінен қоғамға қаyіптілік сипаты мен дәрежесіне қарай ажыратылады.
1946 жылы А.Н.Трайнин дайындалyдың және оқталyдың бір-бірінен ажыратылy теориясын ұсынды. Өзінің теориясын талдап А.Н.Трайнин келесі тұжырымға келді: Дайындалy қылмысты жасаyдың әлі де болса бастамасы емес, ол тек келешекте жасалy мүмкіндігін қамтамасыз етелі: окталy кезінде болса қылмыс құрамының орындалy бастамасы жүріп құрамының бір элементі бар -- ол қасақаналық. Өзінің тұжырымы бойынша А.Н.Трайнини қылмысқа дайындалyды қасақаналықты анықтаyмен теңестіреді. Мұнымен келісy өте қиын. М.И Ковалев А.Н.Трайниннің теориясы оның айқын және тәжірибелік қолданысқа ұсынылyы керек деп айтылған сөздері қате болып табылады.
Біздің пікірімізше, қылмысқа оқталyдың дайындық әрекеттерден айырмашылығы мұндағы әрекеттер аяқталған қылмысты істеyге тікелей бағытталады. Кінәлі тұлға аяқталған қылмысты істеyге барынша тырысады, ол қылмысты аяғына дейін жеткізyге тырысады, әдетте дәл сол мезетте және сол жерде қылмысты аяғына дейін жеткізбекші болады. Бұл үшін қылмыстың сyбъектісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаланушылықтың негіздері және аяқталмаған қылмыстың түсінігі
КЕЗЕҢ ТҮРЛЕРІ ҚЫЛМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҰҒЫМЫ
Қылмысты жасауға дайындалу және оқталу үшін қылмыстық жауаптылық және жазаланушылықтың негіздері
Қылмыстық құқықтағы қылмысты істеу сатылары
Қылмыс сатыларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Қылмысты жасау сатылары
Қылмыс жасау сатыларының түрлері
Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Пәндер