Еңбекті қорғау


Жоспары:
І Кіріспе.
Еңбек қорғауға жалпы түсінік.
ІІ Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорындарда еңбек қорғауды ұйымдастыру.
2. Еңбек қорғаудағы бақылау және қадағалау қызметтері. .
ІІІ Қорытынды.
IVПайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады: • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан; • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан; • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан; • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен; • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді - қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
- құқықтық
- медициналық
- экономикалық
- техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
- Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
- Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
- Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
- Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кәсіпорындағы жұмысшылардың салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жазатайым жағдайларды және кәсіби ауруларды ескертуді ұйымдастыру жұмыстары еңбекті қорғау қызметіне жүктеледі.
Еңбекті қорғау қызметі келесі функцияларды орындайды:
- өндірістік жарақаттың және кәсіби сырқаттардың себептері мен жағдайларына талдау жасау, кәсіпорындағы жазатайым жағдайларды ескерту шараларын жобалайды және олардың орындалуын бақылайды;
- кәсіпорындарда жұмыс орындардағы санитарлы-техникалық жағдайды тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
- еңбекті қорғау шараларын орындау үшін қажетті арнаулы киімдерді, арнаулы құрылғыларды және т. б. жеке қорғаныс құралдарды алуға сұранымдардың дұрыс жасалуын бақылау;
- кіріспе нұсқау өткізуді және жұмысшыларды еңбекті қорғау сұрақтары бойыенша ГОСТ 12. 0. 004-93 сәйкес оқытуды ұйымдастыруды жүргізеді.
Еңбекті қорғау мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау саласындағы басшылар мен оларға бағынышты тұлғаларды оқыту мен білімдерін тексеру жүйесі, еңбекті қорғау саласында жақсарту бойыншажұмыс нәтижелерін бағалау жүйесін және еңбекті қорғау саласындағы қызметі үшін қызметкерлерді материалдық көтермелеу жүйесінің тиімділігі айқындалады. Кәсіпорындарда орындалатын жұмыстар түрі бойынша еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптары бар нормативтік құқықтық актілер тізбесі қалыптастырылып жатыр, болашақта кәсіби тәуекелдерді төмендету немесе болдырмау мақсатымен өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың жай-күйі және қабылданған шаралар туралы құжатпен ресімделген есептер зерделенеді. Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау жағдайын алдын ала талдау еңбекті қорғау саласындағы саясатты табысты анықтауға жұмыс берушіге мүмкіндік береді. Саясат еңбекті қорғау саласында дамудың жалпы векторын береді, қызметкерлер үшін тәртіптің нормаларын талап етеді және еңбекті қорғау саласында ресурстар мен күштердің орталықтандыруын қамтамасыз етеді. Әрі қарай ЕҚБЖ ұйымдық құрылымы әзірленеді, оның элементтері арасындағы өзара әрекет ету байланысы мен қағидаттары анықталады, бүкіл құрылымның қызмет етуін қамтамасыз ететін; ЕҚБЖ іс-шаралары жоспарланып жатыр, олардың басымдылығы кәсіби тәуекелдерді бағалау мен сәйкестендіру негізінде анықталады.
Кәсіпорынның тиісті деңгейлері мен функциональдық құрылымы арасында еңбекті қорғау бойынша ақпаратты ішкі табыстау мен алмасуды қамтамасыз ету маңызды. Тиімді ақпараттық жүйені қолдану құрылымдық бөлімшелер арасында ақпараттың үздіксіз қозғалысын, сондай-ақ қызметкерлердің және еңбекті қорғау бойынша олардың өкілдерінің сұрауларына жауаптарды, ойлар мен ұсыныстарды шапшаң қарастыру мен дайындауын қамтамасыз етеді
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу мақсатында Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) құрылған. ЕҚБЖ-не еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін орнататын ережелер мен іс-шаралар (еңбекті қорғау саласындағы нұсқаулар, бұйрықтар, рұқсаттар және т. б. нормативтік құжаттар) кешені кіреді. ЕҚБЖ мақсаты - қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмысшыларға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жою, өндiрiстiк жарақаттануды және кәсiби ауруларды ескерту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz