Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700 орындық емхана аумағын көкжелектендіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Жеміс-көкөніс шаруашылығы және экология кафедрасы
Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700 орындық емхана аумағын көкжелектендіру

Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2016 ж

Мазмұны :

І.Кіріспе
Сәндік бақ шаруашылығының маңызы, тіршілік үшін қажеттілігі ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім
1. Облыстық топырақ, климаттық жағдайы, ауа-райы мен жауын-шашын мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Көкжелектендіруге пайдаланатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Ғимарат аумағын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Бас және дендрологиялық сызбаның үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
ІІІ . Қорытындысы
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сәндік бақ шаруашылығының негізі жасыл өсімдіктер болып табылады. Сәндік бақ шаруашылығынын көгалдандыруға құрылысында ағаштар, бұталар, көшеттер мен гүл шаруашылығы кіреді. Сәндік бақ шаруашылығының қасиеттерін формаларының әр түрлігі қаланың ландшафты сәулеттілігін көркейту болып табылады.Жасыл өсімдіктердің табиғатта алатын маңызы зор, ол балаларға деген сүйіспеншілікті сонымен қатар, қамқорлық сезімін ұялатады.Қазіргі кезде елімізде сәндік өсімдіктер саны жылдан- жылға көбейіп жатыр. Ертеден сәндік өсімдіктер азық пен дәрілік шикізат ретінде ғана бағаланды. Навуходоносор патшасының бұйрығымен шөл далада салынған Семирамиданың аспалы бақтары ертеде әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналған. Бұрыннан Ежелгі Грецияда өзіміз жақсы білетін гиацинт өсімдігін өсіреді. Ол грек тілінен аударғанда жаңбыр гүлі деген мағынаны береді. Көптеген ботаниктердің пікірі бойынша, адамдар гүлзарға отырғызған алғашқы гүл - нәркес болып табылады. Ежелгі грек аңызы бойынша , Нәркес есімді жігіт бұлақ суындағы өз бейнесін көріп , ғашық болып қалады. Ұйқы мен тыныштығын жоғалтып ол күнде бұлақ суына қайта оралатын , соңында мүлдем жоқ болып кетті.Ал бұлақ жағасында хош иісті ақ гүл өсіп шықты. Раушанды гүлдердің патшайымы деп атайды. Оның отаны - Парсы елі , ежелде Гүлістан раушан бағы деп аталған.Ежелгі гректерде бұл гүл махаббаттың , ал католиктерде ерекше рақымшылықтың символы болып саналатын. Францияда раушан гүлдерін өсіру құқығы бәрінде болмаған. Бүгінде раушан гүлдерінің 30 мыңнан аса түрі бар, олардың өсірілуі көбісі атақты адамдар немесе белгілі бір оқиғалармен байланыстырылған. Ертеден қараайым халықтың гүлдерге құмартып, оны сыйлайтын адамдарына сыйлап, ол туралы аңыздар шығарудың өзі гүлдер, өсімдіктердің, бақ шаруашылығының халық арасында қандай маңызы бар екенін көрсеткендей.
Менің семестрлік жұмысым бойынша қорғауыма тиісті жұмыс емхана ауласының көкжелектендірілуіне байланысты. Енді аурухана аумағын көкжелектендірілу жұмыстары үшін қажетті нұсқаулықтармен таныстырсам:
Емханаларды көкжелектендіру ол ауруханадан алшақтанған учаскеде орналасуы тиіс. Аурухана учаскесі көшелерден 20-30 метрден кем болмайтын қорғандық жасыл жолақтармен қоршалады.
Әрбір емдік корпус өз учаскесінде тыныш демалатын алаңшасы болуы тиіс. Алаңдар емдік бөлімшелермен және парк аймағымен қолайлы қатынасуы керек.
Аурухана паркін емдік корпустың оңтүстңк жағында орналастыру керек және оны биіктеу жерінде орналастыру керек. Ал кіре беріс есіктер солтүстік жағынан болуы керек. Аурухананың территориясының 60 пайызынан парк кем болмауы керек, себебі, өсімдіктер мен ағаштарда фитонцидтер береді. Олар микробтарды жойып отырады.
Менің жобам Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан емханаға арналған. Қазіргі уақытта облыста 931 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде 542 фельдшерлік - акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана санспедистанция эпидомологиядлық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап амбулатория Ардагерлер үйі, балаларға Тау самалы оқу-сауықтыру орталықтары ашылған. Облыс аумаңында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған Сарыағаш шипажайы, Арман санаторийі, тағы басқа сауықтыру орталықтары бар. Жұмысымның барысында облыстың топырақ, климаттық жағдайлары сызба нұсқалары қарастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ және климаттық жағдайы

Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі.

Климат

Облыс аумағының географиялық орнына және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7, -9 , оңтүстігінде -2, -4. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызаңқы. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29.Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады.Ең суық кезең Созақта тіркелген (-41° С) тіркелген.Жазы ұзақ,облыс түстігінде 8 айға дейін созылады.Қысы жылы:ең суық ай-қаңтардың орташа температурасы -2-9°С.Жазы ыстық :шілде айының орташа температурсы 19-29 °С.Ең ыстық кезең Шардарада( 47 °С) тіркелген.Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 ммм-ге дейін құбылады.Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады.Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым.Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азаяды.
Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады.Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады.Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9мс.Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойына таралуына, т.б метеорологиялық сипаттамаларына қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды.
Ерекшелігі жауын-шашынның негізгі мөлшері ( 62-67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қыраулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп
кетеді.Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады.Қысы қысқа -90 күндей.Жазы ұзақ -160 -170 күнге дейін созылады.
Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстары арасында
ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады.Қаланың және оның маңыдағы территориясының климатына маңызды әсер ететін ауа массалар басым осы аймақта пайда болады, яғни жергілікті циклогенез өте күшті болады.Оның басты себебі мұнда таулы климаттың ықпалы басым болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының метостанциясының желдің орташа айлық көрсеткіші


Ай
Желдің орташа жылдамдығы мсек
1
Қаңтар
1,8
2
Ақпан
1,8
3
Наурыз
2,1
4
Сәуір
2,4
5
Мамыр
2,2
6
Маусым
2,0
7
Шілде
2,0
8
Тамыз
2,0
9
Қыркүйек
1,7
10
Қазан
1,6
11
Қараша
1,5
12
Желтоқсан
1,5

Желдің орташа жылдық жылдамдығы
1,9

Шымкент қаласының басым жергілікті циклогенез болуына байланысты жазғы және қысқы маусымда,мұнда таулы-аңғарлы желдер басым болады. Өтпелі маусымдарда ауа температурасының кескін өзгеруіне байланысты жергілікті ауаның қозғалу жылдамдықтары кейбір кезде үлкен көрсеткіштер
жетеді,кейбір жағдайда оның көрсеткіштері 30 мсек жетеді.
Осы кезде желдің күші жағымсыз салдарына келтіру мүмкін,ескі немесе ауру болған ағаштар құлап қалу, электр желісі орнатылған тіреу столбалар қирап қалған жағдайларды кездестіруге болады.

Шымкент қаласы метостанциясының жауын-шашынның орташа айлық көрсеткіші

Ай
Жауын шашын мм,
1
Қаңтар
75
2
Ақпан
75
3
Наурыз
79
4
Сәуір
70
5
Мамыр
51
6
Маусым
17
7
Шілде
9
8
Тамыз
4
9
Қыркүйек
12
10
Қазан
42
11
Қараша
68
12
Желтоқсан
70

Ауаның орташа жылдық температурасы
572

Топырақ жамылғысы

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып,терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыртүктес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Ө.Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігі анықталды.Жалпы облыс жерінің топырағы екіге бөлінеді:1.Тау топырақтары.2.Тау аралығындағы аңғарлардың, тау бөктеріндегі, т.б биік және ойысты жазықтардың топырақтары.

Емхананы көкжелектендіруге пайдаланылатын өсімдіктер мен
архитектуралық бейнелерге сипаттама.

Мамыргүл (Syringa) - зәйтүн тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда қалаларда, саябақтарда, бақшаларда және демалыс орындарында кәдімгі әсемдік үшін өсіріледі. Биіктігі 2-8 м.-дей, жасыл түсті жас өскіндері безді, бір жылдық бұтақтары сұр түсті. Бүтін жиекті жалаң жапырақтары сопақша жұмыртқа тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 4-7 см. Сыпыртқы гүлшоғыры төбе жағына қарай бүйір, кейде соңғы бүршіктерінде орналасады. Ұзындығы 1,5-2 мм болатын 4 тісшелі тостағаншасы конус тәрізді, тісшелері үшбұрышты әрі өте қысқа, тісшелерініің арасындағы ойықтары доға тәрізді. Гүлі ұсақ, жұпар тәрізді. Күлтесі көкшіл немесе ақшыл түсті, ұзындығы 1 см-дей болатын түтікшесі бар. Аталығы 2, жатыны қос үйлі. Сопақша келген төрт қырлы қоңыр түсті қауашағы қос жармалы, сырты тегіс әрі жылтыр, ұзындығы 1-1,5 см. Тұқымы қабысыңқы, сыртында жарғақты жіңішке айдаршалары бар. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Гүлінің құрамында эфир майы мен глюкозид және тер шығаратын, ауруды басатын қасиеті бар. Гүлінің тұнбасын көкжөтелге және бүйрек ауруларына қолданады. Жапырағын жаралардың іріңін шығару үшін пайдаланады және халық медицинасында өкпе туберкулезін емдеуге қолданылатын шөптер қосындысының құрамына енеді.

Қызғалдақ - лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі - Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 - 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі - қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Қызғалдақ - пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік.Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, "Рембрант қызғалдағы" сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап оты

Қашқаргүл (кейде астра) -- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір ж көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі.Қазақстанда Алтай қашқаргүлі, альпі қашқаргүлі, Америка қашқаргүлі, кермек-жапырақты қашқаргүлі, попов қашқаргүлі, шөл дала қашқаргүлі, бурыл қашқаргүл, таролман қашқаргүлі деген түрлері бар.Халық арасында қырқүйекгүл деген атпен танымал. Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін, көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлық түрі қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Сондықтан да ол күзгі гүлдердің патшайымы болып саналады. Қашқаргүлдің сұрыпты түрлері де бар. Олардың гүлдеу мерзімі мамыр айына сәйкес келеді. Сондай-ақ кейбір біржылдық түрлері елімізде гүлдеп үлгермейді. Себебі, гүлдері өте кеш пайда болатындықтан алғашқы суыққа ұрынып қалады. Бір ерекшелігі, қашқаргүлді бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Себебі, бір жерде бірнеше жыл қатарынан өскен қашқаргүл ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан көгалдандыруда ауруға төтеп бере алатын сұрыптарын отырғызған жөн. Олардың қатарына Ostrich Plume, Starlight Rose, Milady жатады. Көгалдандыруда қашқаргүлді түріне қарай альпі шоқысына, гүлзарларға және жол жиегіне шарбақ ретінде өсіреді. Ең әдемі түрлеріне ағылшындық және испандық қашқаргүлдер жатады.

Барқытгүл (Tagetes) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның 35 - ке жуық түрі белгілі.
Барқытшөп табиғи жағдайда тек Мексикада өседі. Қазақстанда ұсақ барқытшөп, тік арқытшөп, ауытқы арқытшөп деген түрлері қолдан өсіріледі. Биіктігі 10 - 150 см-ге дейін жететін түрлері бар.
Сабағы тік, оған қауырсынды тілімденген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. сары, қызғылт сары, қоңыр түсті гүлдері себет гүлшоғырына топтасқан. Қорғаныш қызметін атқаратын 5 орамжапырағы жұмыр білікше тәрізді бірігіп өседі. Оның сыртында майлы зат (эфир майы) бөлетін бездері болады. Қос жынысты, тұқымынан көбейеді. Шілдеден қазан айына дейін гүлдеп тұрады. Жемісі - қара түсті, ұзынша келген тұқымша. Барқытшөп жарық сүйгіш, шөл мен суыққа төзімді өсімдік болғандықтан алаңдарды, гүлзарларды, саябақтарды, көшелерді көгалдандыру мақсатында өсіріледі. [
Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінде бір-екі жапырақ пайда болғанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі қаласы колледж
Түркістан облысы, Сарыағаш елді - мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру
Тараз қаласындағы 2000 орындық оқушылар сарайын көкжелектендіру
Жамбыл облысы, Тараз қаласының 2000 орындық институтты көкжелектендіру жобасын құру
Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы
Жаңаөзен - Маңғыстау облысындағы қала, қаланың әкімшілік орталығы
Қазақстанның туристік жерлері
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалды ескерткіш
Арал қаласы
Бие сүтінің құрамындағы пайдалы витаминдер
Пәндер