Биттер(Anoplura) морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігі

Қазақ Ұлтық Аграрлық Университеті

Кафедра: Өсімдік қорғау және карантин

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Биттер(Anoplura) морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Алматы 2018

Жоспар

I. Кіріспе

а) Биттердің(Anoplura) жіктелу жүйесі

б) Биттердің(Anoplura) морфологиясы

II. Негізгі бөлім

а) Биттердің(Anoplura) биологиясы

б) Өсімдікті зақымдау белгісі, зақымдалатын өсімдіктің мүшесі

в) Биттердің(Anoplura) табиғи жаулары мен аурулары

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Биттер - Ежелгі қытайлардың нанымы бойынша алғашқы алып адам Пань - гудың денесіндегі паразиттер, ол өлген соғ адамдарға айналған. Орта ғасырда Европада биттерді құдайдың меруерті санаған, олардың бойында христиан қаны бар, олардың қасиетті белгісі өмір бойы жуынбау еді. Бір- бірінен бит іздеу олардың достық белгісі еді. Италияндық поэт Джамбаттиста Марино ( 1569-1625) өзінің ғашығының. Бит және бүрге ағайынды. Гриммдерман ертегісінде бит су тасқынына себепші болады. Биттің болуы Украинада жаман белгі саналды, ерте өлімді білдірді. Орыстар арсында биттері көп жай адам бақытты және жолы болғыш саналады. Бұны орыстардың мақал- мәтелдерінен көруге болады. Бит бар жерде береке бар. Түс жорушы Миллердің айтуынша, түсінде бит көрсе, қайғы мен қасіретті, жағымсыз оқиғаларды білдіреді екен, ал славяндвқтар нанымы бойынша, керісінше, түсінде бит көрсе байлық пен ақшаны білдіреді. Осыдан 100 жыл бұрын Гарденбургтік шведтер бұл жәндіктің көмегімен губернатор сайлауын өткізді, - деп жазды П. И. Мариковский. Бұл орынға дәмелілер үстелді жағалай отырып, тура ортасына орналастырылған бұл жәндікке сақалдарын төседі. Кімнің сақалына бұл жәндік өрмелеп шықса, сол бургомистр болып сайланатын болған Г. К. Честерон(1874-1936) өзінің әлеуметтік бит, шаш және билік эссесінде ағылшындық пікірді қозғады, бит жапыспас үшін кедей отбасының қыздарының шашын өсіруіне тыйым салған. Паразиттердің пайда болуының шынайы себебімен үкімен күресудің орнына, кедей отбасы ата-аналарына көп мөлшерде айыппұл төлетті, - дер жазды автор. Бит( Anoplura ) - адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды.

бит2.jpg бит.jpg

Сурет 1. Биттер

Биттердің(Anoplura) жіктелу жүйесі

Домен: Эукариоттар

Патшалық: Жануарлар

Типі: Буынаяқтылар

Класс: Бөжектер(Insecta)

Отряды: Биттер мен мамықжегіштер

Отряд тармағы: Биттер(Anoplura)

Бит (лат. Anoplura ) - адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.

Биттің жануарлардың түгіне немесе адамдардың киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 тұқымдасқа бөлінген:

1. Генотип тұқымдасына (Hacmatopiidae) жылқы, сиыр, қоян, бұғы, шошқа т. б. жануарлар биті жатады;

2. Тікенекті биттер суда тіршілік ететін омыртқалы жануарларды кездеседі, мысалы, итбалық биті;

3. Педикулиттер тұқымдасына жататын биттер, тек адамдар мен маймылдарда масылдық тіршілік етеді. Адамда биттің 3 түрі кездеседі: бас биті (Pedikculus) , киім биті (P. vestimenti) және шап биті (Phthirus pubis) . Сүтқоректі жануарлардың биттері адамға ауыспайды және олар әр түрлі жануарлардың өзіне ғана тән болады. Бит денені қышытып мазасыздандырумен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек, оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажет.

Бұлардың 300-ге жуық түрі белгілі. Ішінде ең көп кездесетіні адам биті, яғни педикулиттер. Педикулиттердің өзі екі түрге бөлінеді:

1. Бас биті (P. Humanus capitis Deg. )

2. Шап биті (P. H. Humanus L. )

Ғалымдардың айтуынша, бұл екі биттің түрі бірі тіршілік еткен жерде басқасы тіршілік ете алмайды. Яғни бас битті шапта өмір сүре алмайды. Бас биті өзінің қалыпты температурасынан шаптағы температураға бой үйрете алмайды. Бірақ бұл әлі нақты дәлелденген жоқ. Қарсы пікір айтып жатқан ғалымдар да бар. Шап биті жұқпалы ауруларды тартпайды. Ал бас биті сүзек ауруымен қатар риккетсиозды ауруларды таратады.

Биттердің(Anoplura) морфологиясы

Биттер - қанатсыз, ұсақ (0, 3-6мм-ге дейін) және ақырын қозғалатын сүтқоректі паразиттер. Ол кішкене бастарымен, қысқа 3-5 жұп мұртшаларымен, ұстайтын қолдарымен, жазық бозғылттанған денесімен, сонымен қатар өзіне тән шаншып-сорғыш ауыз аппаратымен ерекшеленеді.

Бұлар мамандандырылған қансорғыштар, көздері редукцияға ұшыраған, кеуде бөлімінің сегментациясын жоғалтып, кеміргіш жақтың орнына үш жіңішке стилет қалыптасқан, тыныштық күйінде олар бірігіп тұрады. Жоғары ерін арқылы қалыптасқан жасырын қысқа тұмсығы гипофаринкске тән, яғни ерніне. Қанды сормас бұрын биттер қожайының үстіне алдымен тістерін орналасып алып болғаннан кейін, тұмсығын шығарып қолайлы орын іздей бастайды. Теріде әбден орнығып болғаннан кейін, эпидермиске сілекей бөліп жібереді. Олардың сілекейі антикаогулянт қасиетіне ие болғандықтан қанға түскен сілекей оны сұйылтады, сол арқылы қан сору процесі жеделденеді. Аяқтары 3 жұп, мықты фиксациялық қасиеті бар: тұяқтары қатты, қозғалмалы және жіліншіктің соңына қарай иіле алады, сол арқылы шашқа ұсталынып тұрады.

Биттердің басқа парзиттерден ерекшелігі олар қожайындарымен өмірінің соңына дейін айырылмай жүруінде. Тек қан арқылы қоректенеді. Аналық бит өзінің политрофикалық овариалда ұрықтанған ұрығын қосалқы бездің көмегімен шашқа немесе иесінің жүніне жабыстырып кетеді. Иенің температурасының тұрақтылығы биттердің көбеюіне, сонымен қатар тез таралуына қолайлы жағдай жасайды. Аналық безден түскен дернәсілдерше болады. Олардың жұқтыру жағдайы тек қана биттеген адаммен немесе, соның киімі арқылы ғана болуы мүмкін.

Бит паразиттерінің зияны екі есе, яяғни, олар біріншіден, қожайынды әлсіретеді, ал екіншіден жануарлар мен адамдар арасындағы жұқпалы ауруларды таратушы көз болып саналады. Жеке гигиеналық ережені ұсынатын адамдарда бұл сирек кездеседі, және салауатты өмір салтын ұстанған адамдар биттен тез құтыла алады. Биттер 44С жоғары температурада өледі.

Отрядтың негізгі морфологиялық белгілері: денесі сопақша келген, арқа-құрсақ бағытында тегіс болып келеді, ұзындығы 0, 5-6, 5 мм, ені 0, 2-2, 5 мм, бояуы ақшыл-қоңыр түсті, жаңа ғана қанды ішкен даралардың түсі сіңіру дәрежесіне қарай қызылдан қара түске дейін болады. Денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ бөліктен. Басы үлкен емес, алдыңғы жаққа қарай тарылған, бесбунақты мұртшалары (антеннлары) болады, олардың артында пигментке толы жай көздері орналасады. Басының алдыңғы жағында домалақ, кішігірім ауыз тесігі мен бітеді, ауыз аппараты шаншып-сору типті, үш стилеттерден тұрады: төменгі, үшкірленген - теріні тесу үшін қажет, үстіңгісімен қанды сорады, ортаңғысы - түтікшелі, сілекей бездерінің ағысынан жараға сілекей келіп түседі. Тыныштық кезде барлық стилеттер басының ішінде тығылып тұрады және сырт жағынан көрінбейді. Кеудесі трапеция тәрізді дөңестелген және бірігіп кеткен. Кеудесінің астыңғы жағында 3 жұп аяқтары бар. Құрсақ бөлігі 9 сегменттен тұрады, 6 сегменттің шет жақтарының формасы фестон тәрізді, әрбір фестонның жоғары жағынан тыныс алатын тесіктері (дыхальце) болады; аналығының құрсағының артқы жағы айырлы. Аяқтары өте күшті, бесбунақты, тазиктерден тұрады.

Аталықтары аналықтарына қарағанда кішілеу болады. Биттер жұмыртқа салады. Жұмыртқалары (сіркелер) сопақша (ұзындығы 1, 0 - 1, 5 мм), үстіңгі жағы жалпақ қақпақшамен жабылған. Сіркелер ақшыл-сары түсті, аналықта-ры жұмыртқасын салар кезде арнайы сірке бездері секреттерін бөліп шығара-ды, астыңғы жағымен шашқа немесе матаның талшықтарына сол арқылы бекінеді. Дамуы толық емес метаморфозды, үш рет түлеу арқылы дамиды. Барлық үш личинкаларының (немесе нимфаларының) ересектерден айырма-шылығы болады: сыртқы жыныс мүшелері жоқ, өлшемдерімен және денесі-нің пропорциясы басқаша. Нимфаларының басы және кеуделері үлкен және әрбір түлеген кезде өсетін құрсағы бөлінбеген қысқа болады. 3-ші түлеген-нен кейін аталыққа немесе аналыққа айналады, бұл уақытта жыныс мүшелері қалыптасады және биттер шағылыса алады. Биттер шаштың түбінде теріге жақын жерде орналасады, киім биті тек қана киімдерде болады.

Биттеген адамдармен жақын қарым-қатынаста болған адам битті жұқты-рады, мысалы, балалар ұжымында қарым-қатынас кезінде (бала-бақшаларда, интернаттарда, лагерьлерде және т. б. ), адамдар көп мінген көліктерде, киім-кешектерді, төсектерді, тарақты, щетканы бірге қолданған кезде және т. б. Ересек адамдар шат биттерді жақын (интим) қатынаста болған кезде, ал балалар, өздерін күтетін - үлкендерден, және де төсек арқылы жұқтырады.

Бас биті мен киім биттері бір туысқа (Pediculus) жатады және сыртқы түрлері бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан да көп уақыт бойы оларды бір түр асты ретінде немесе Pediculus humanis L. бір түр деп қарастырды. Тек 1978 жылы Бүкіләлемдік Паразитологтар Конгрегесінде оларды жеке түрге бөлді. Шат биті - өте сирек кездеседі және ол басқа туысқа Phthirus Leach жатады.

Биттердің арасында бас битінің медициналық маңыздылығы өте жоғары, өйткені олар бөртпе тиф қоздырғыштарын және волындық қалтырама қоз-дырғыштарын тасымалдайды. Биттердің барлық үш түрі тістеген кезде қатты қышу, бүртиіп ісу, бүртік пайда болады.

Картинка 23 из 12961

Сурет 2 . А, Б - бас биті (аталығы және аналығы) ; В - киім биті (аналығы) ;

Г - шат биті (аналығы) .

Бас биті - Pediculus capitis , киім битіне қарағанда кішкентай, аналығының денесінің ұзындығы 2, 1-3, 5 мм, аталығы 2, 0-3, 0 мм. Қоңыр түсті. Денесі арқа-құрсақ бағытында тегіс болып келеді. Ауыз аппараты тесіп-сору типіне жатады. Кеуде сегменттері бірігіп кеткен және 3 жұп аяғы бар. Құрсағы кеудесіне қарағанда біршама үлкен, ол 10 сегменттен тұрады. Аналықтарының құрсақ бөлімдерінде копулятивті аппараты бар. Құрсақтың екі жағында терең жырықтары болады, антеналары қысқа және тығыз, үшінші бунағы өзінің енінен сәл ғана ұзын болады (сурет 6) .

Картинка 14 из 12961

Сурет 3 . Бас биті

Бастың шаш бөлігінде бас биті өмір сүреді және көбейеді, көбінесе самайға және желкеге жұмыртқаларын салады. Сіркелерін бір шашқа мөлдір жабысқақ массаға жабыстырады, жұмыртқасының бос аймағы дөңес қалпақ-пен жабылады. Бас битінің сіркелерінің өлшемі 0, 75-0, 8 мм, дөңес қақпақпен әлсіз жабылған болады. Дамудың дәрежелеріне байланысты сіркелердің құрамы әртүрлі болады. Ол алдымен түйіршікті, ал соңғы кезеңдерінде қабықшаның астынан дамып келе жатқан ұрықты көруге болады. Дамуы толық емес метаморфозбен жүреді. Жұмыртқадан шыққан нимфа қоректен-геннен кейін шамамен 10-14 тәулік өткеннен соң келесі нимфалдық кезеңге өтеді. Ересек аналықтары қанның аздаған мөлшерімен (0, 5-0, 65 мг) жиі (тәулігіне 6-12 рет) қоректенеді, олар ұзақ уақыт (бір тәуліктен артық) аш жүруге бейімсіз. Қатаң түрде тек адам қанымен қоректенеді. Ұрпақ қалды-руы анау айтқандай көп болмайды (1-күнде 4 жұмыртқа, бүкіл өмірінде 88-140) . Эмбрионалды дамуы қысқа (9 күнге дейін) болады. Даралардың өмір сүру ұзақтығы көп емес, 27 күннен 38 күнге дейін. Лабораториялық өсірулер (культивирлеу) қиынға соғады Лабораториялық өсірулерді жүргізу қиынға соғады, өйткені бас биті тәулігіне 4 -ке дейін адамда қоректеніп, көбеюге қабылетті. Температураның және ылғалдылықтың өзгеруіне өте сезімтал келеді, шамамен +28°С, егер температура одан төмендейтін болса дамуы баяулай бастайды, ал +20°С жұмыртқа салмайды және дамуы тоқталады.

Бас биті (P. humanis capitis) қайталамалы сүзектің бір түрінің қоздырғы-шы спирохеталарды тасымалдаушы. Битті денеде сығып, қышыған жерін қасыған кезде спирохеталар теріге еніп адамға жұғады.

Киім биті - Pediculus capitis , бас битіне қарағанда, ірілеу болады, сырт-қы түрі мен дамуы бас битіне ұқсас, аналығының денесінің ұзындығы - 2, 3-4, 75 мм, аталығы - 2, 1-3, 7 мм, ақшыл түсті болады. Бүйір жырықтары бас битіне қарағанда тереңірек болып келеді (сурет 7) .

Сурет 4. Киім биті

Киім биті іш киім мен көйлектің қыртыстарында, әсіресе тігістерінде өмір сүреді, сол жерлерге матаның талшықтарына жабыстырып жұмыртқа-ларын салады; шаштан басқа адамның денесінің түктеріне жұмыртқаларын жабыстырып салады. Бас битіне қарағанда бұлардың сіркелері үлкендеу (0, 9-1, 0 мм) және сіркелердің қақпақтары төмен цилиндрлерден тұрады. Аналығы бірнеше жіптердің немесе шаштардың айқасқан жерлеріне сіркелерін жабыс-тырады. Ересек жәндіктер тәулігіне 2-ден 8 рет қоректенеді; бас битіне қара-ғанда, біруақытта (0, 7-1, 7 мг) қанды көбірек іше отырып, 3-10 минуттың ішінде тояды. Күнделікті 10 жұмыртқа салады, бүкіл өмірінде шамамен 200, максимальді 300-дейін жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтыңы 34 күн, макси-мальді - 46 күн. Қолайлы температура бас битіне қарағанда 2-4 градусқа жоғары, +30-32°С; +25-30°C кезінде 2-3 күн аш жүреді; ал температура жағ-дайы +10-20°С төмендегенде бір аптаға дейін аш жүре алады. Темпера-тура +37°С жоғары болса, дамудың барлық кезеңдері, жұмыртқасы да өте сезімтал келеді. Өте қатты ыстықты (47-50°С) биттер 10 минутқа дейін көте-ре алады, ал содан кейін өледі, сондықтан да киімдерді залалсыздандырғанда, осындай температураны қолданады. Температураның төмендеуі мен жоғары ылғалды-лықты биттер өздерін жақсы сезінеді, 13°С температурада тіршілік қабылетін 7 күнге дейін сақтай алады. Биттердің жоғары температураға кері өатынасы эпидемиологиялық жағынан өте маңызды, өйткені температурасы өте жоға-ры ауруларды биттер тастап, қоршаған адамдарға өтуі мүмкін. Жаға қорек-тендірушіні іздеу үшін биттер минутына 20-30 мм жылдамдылықта жылжып, тігінен көтерілуі мүмкін. 30 мм дейін терең құрғақ құм арқылы өтуге қабы-летті және суда 17°С температурада 2-тәулікке дейін тіршілігін сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биттер anoplura бөжектерінің морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері
Биттер отрядының жалпы сипаттамасы
Мамықжегіштер тобына жалпы сипаттама
Медициналық арахноэнтомология
Көбею мүшелері
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Синантропты насекомдармен күресу жолдары
Буынаяқтылар типі
Жалпы энтомология пәні
Биттер, бүргелер және қосқанаттылар отряды:. практикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz