Қара топырақ микрофлорасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлгі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Қара топырақ микрофлорасы

Орындаған: Асанқұл Н.

Тобы: ЗР - 207Қ

Қабылдаған: Сарыбаева Д.

Алматы 2018

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Топырақ микрофлорасы.

Ә) Топырақ түрлері және қара топырақ.

Б) Қара топырақтың микрофлорасы және оның маңызы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Микробиология ( гректің “ микрос”- кішкене “ биос” тіршілік, “ логос” - ілім деген сөзінен шыққан) өте ұсақ тірі организмдер - микробтар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестердегі олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым- қатынасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Бактериялардан басқа микробиология актиномицеттерді, ашытқыларды, зең саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды, риккетсияларды зерттейді. Өйткені бұлардың сыртқы пішіні, құрлысы бір- біріне өте ұқсас әрі тіршілік ортасына биохимиялық әсері жағынан алып қарағанда да ортақтығы мол.

Микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар топырақта, суда, және ауада кең тараған. Микроорганизмдердің табиғатта өтіп жататын көптеген өзгерістерге тікелей қатысы бар. Олардың белсенді әрекетінің жануарлар мен өсімдіктердің күрделі органикалық заттарға бай өлекселері, қалдықтары минералды қосылыстарға айналады. Ол қайтадан табиғаттағы заттар айналымына енеді. Қазір ғылымда бүкіл микробтар дүниесінің он-ақ проценті белгілі. Ал қалғандарын тауып, олардың пайдалы жақтарын адам баласыигілігіне кеңінен қолдану, зиянды түрлерімен тиімді жолдармен күресу - микробиология ғылымының бүгінгі таңдағы төл ісі.

Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған Голландия ғалымы Антон Ван Левенчук (1632-1723) . Ол заттарды 160-300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық құрал, яғни “жабайы” микроскоп жасады. Осы микроскоптың көмегімен ол ет тағамдарында өскен зенді, тұрып қалған қақ сулардағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінің, түрін және қозғалысын сипаттап жазды.

Микробиология ғылымының одан әрі дамуына орыс ғалымы М. М. Тереховский (1740-1796) көп еңбек сіңірді. Ол Ресейде бірінші болып микроорганизмдерді бақылап, зерттеді. Өз зерттеулерінде микроорганизмдерге температураның, химиялық заттардың, электр тоғының тигізетін әсерін зерттеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында оба ауруын ұзақ жылдар зерттеген орыс ғалымы Д. Самойлович (1724-1810) осы ауруды қоздырғыштардың көзге көрінбейтін микроорганизмдер екенін дәлелдеді.

Картинки по запросу виноградский Картинки по запросу луи пастер Микробтар морфологиясы және онда эволюциялық принциптерді қолдану жөнінен бірқатар еңбек сіңірген орыс ғалымы Л. С. Ценковскийді де (1822-1887) атап өту қажет. Микробиология тарихында Л. Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың мәнісі аса зор. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1868 жылы жібек құртының індетін ашты. 1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол микроорганизмдерден вакцина жасады. Ол 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді. Сібір жарасы ( топалаң) микробын тауып, бөліп алып, зерттеген Л. Пастер, ал одан кейін Роберт Кох (1843-1910) болды. Р. Кох микробиологияда зерттеу жұмысына арнап көптен әдіс -тәсілдерді ұсынды. Әсіресе, оның белгілі бір микробты зерттеу үшін, арнайы қоректік орта дайындау керек деген пікірі өте құнды және ол іс жүзінде қазір микробиологиялық практикада қолданылады. К. Рох өз әдісін қолдана отырып, өкпе ауруын қоздырушы микробтарды тапты. Микробиология дамуына айта қаларлықтай үлес қосқан орыс ғалымы И. И. Мечников (1845-1916) болды. Оның фагацитоз жөніндегі ілімі бүкіл әлемге әйгілі. Ғалым ашқан жаңалық қазір медицинада кеңінен қолданылады. И. И. Мечников ілімін одан әрі жалғастырушы академик Н. Ф. Гамолея (1859-1949) . Ол көп жылдық еңбектің нәтижесінде микробтар әлеміндегі ерекше организмдер - бактериофагтарды ашып, зертеді. Сөйтіп қазіргі кезде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалады. Микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің (1864-1920) қосқан үлесі мол. Ол осыған дейін ешкім зерттемеген темекі теңбілі мен рябуха деген ауруларды зерттеп, олардан қоздырғыштарын тапты. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенің және бұл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын анықтады, кәдімгі бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, млшері жағынан өте кішкене вирустар деп аталатын микроорганизмдердің ерекше тобын тапты. Ивановскийдің осы еңбегінің арқасында вирусология ғылымының негізі жасалады.

Топырақ саласында микробиологиялық жұмыстармен көзге түскен ғалымдардың бірі С. Н. Виноградский (1856-1953) еді. Бастапқы кезде ол табиғатта кездесетін күкірт бактерияларының күкіртті сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатынын дәлелдеді. Осы реакция барысында бөлінетін энергия ауадағы көмірқышқыл газын күкірт бактерияларының сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл бактериялар органикалық қалдықтар жоқ жерде тіршілік ете береді. Бұл құбылысты С. Н. деп атады. С. Н. Виноградскийдің ашқан елеулі жаңалықтарының біріне топырақта тіршілік етуші ерекше бактериялар тобы жатады. Оларды нитрификациялаушы бактериялар деп атайды. Топырақта азот қышқылының түзілуі екі сатыда жүреді екен Оның біріншісі аммиактың алдымен азотты қышқылға, онан соң азот қышқылына дейін тотығуы. Бұлар да көміртегі көзі ретінде көмір қышқылын сіңіреді. С. Н. Виноградский микробиологияда арнаулы қоректік ортоны дайындаудың негізгі принциптерін жасап берді.

Негізгі бөлім

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т. б. элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериалар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны -10 млрд. жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК-сәулелері, құрғақшылық т. б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады. Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3 - 4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді. Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдығына және т. б. байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН-ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдықта, 25-450 С температурада дамуға қабілетті.

Топырақта азот бекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas, Mycobacterium және т. б. ) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк -жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Похожее изображение

1-сурет. Топырақ.

Топырақ - Bacillus және Clostriclium туыстастығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac. мegaterium, Bac. subtilis және т. б. ), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың минералдануына қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum ) .

Ішек бактериялары (тұқ. Enterobacteriaceae) - ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары - нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, оның санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұрғысында) .

Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.

Қарапайымдылар мөлшері 1г топырақта 500-5-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қөректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.

Топырақ - табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с. е. солтүстігінде) ; қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с. е. аралығында) ; қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с. е. оңтүстігінде) .

Картинки по запросу топыра0

5-сурет. Қазақстанның топырақ картасы.

Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25, 5 млн гектар жерін (9, 5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

1-сызба. Топырақ құнарлығының түрлері.

Орманды-дала және дала белдемдерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, лессті борпылдақ жыныстарда түзілетін аса құнарлы топырақ. Бұл белдемдердің табиғи ерекшелігі- климатының қоңыржайлылығы. Ауадан түсетін ылғал мөлшері мен жер бетінен буланатын ылғал мөлшері бір-бірімен тең. Мұндай жағдайда топырақтағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар солтүстіктегі белдемдердегідей ауадан түскен артық ылғалмен жуылып-шайылып кетпейді. Ал оңтүстіктегі құрғақ шөлді-шөлейтті белдемдерге тән сораң, сор топырақтар бұл жерлерде кезхдеспейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Микроорганизмдер экологиясы
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Орталар құрамы
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Мигроорганизмдер
Жүн және тері, шикізаттардың микрофлорасы.Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Терінің микрофлорасы
Органикалық тыңайтқыштар мен өңделген топырақ микрофлорасы
Қоршаған ортада микробтардың таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz