Күрішті жинау
Жоспары:
І Кіріспе
Тары өсімділігінің маңыздылығы, таралуы, өнімі
ІІ Негізгі бөлім
А) Тарының сорттары , ерекшеліктері
Ә) Күріш - маңызды астық тұқымдас дақыл
Б) Күріштің құрамы, маңыздылығы
ІІІ Қорытынды
Ғылыми ізденістер
Пайдаланылған әдебиеттер
Тары - өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдардың ішіндегі олардың алатыны да, тұрмыстық ерекшеліктеріне ыңғайлысы да тары болған. Өзендер мен көлдерді жағалай қоныс теуіп, жаз айларында қысқа мерзімде пісіп үлгеретін тарыны егіп, өздеріне қыстық азық жинап алуды көшіп-қонып мал баққан қазақтар да өте ерте үйренген. Қазақстан жерінде қоныс тепкен тайпалардың ежелгі мекендері мен қола дәуірінде өмір сүрген сақ тайпалары көсемдерінің обаларын, ерте және орта ғасырлық қалалар мен қорғандарды қазу кезінде тары сабанының және дәндерінің табылуы осының айғағы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі антикалық автор , "тарих атасы" Геродот Қосөзен бойында болған Вавилония мемлекетінің жерінде басқа дәнді дақылдармен бірге тарының да егілгенін атап кетеді. Осы Геродоттың айтуынша, сол замандарда Днепр мен Буг өзендерінің бойын мекендеген скифтер де тарыны көп өсірген. Қазба жұмыстары Франция мен Грекия жерінде қола дәуірінде, Австрия, ГДР, Польша, Югославия, ФРГ мемлекеттері территориясында темір дәуірінде немесе бұдан он мың жылдай бұрын-ақ адамдардың тары өсірумен шұғылдана бастағанын көрсетеді. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады.
Жер бетінде жыл сайын тары 25 млн га. Жерге өсіріледі. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан т.б. Жерлерде өсіріледі. Орта есеппен 10 жылда (1997-2006 ) жыл сайын елімізде 98,6 мың га. Жерге тары өсіріледі.
Оның
48,4 - Павлодар
22,6 - Батыс Қазақстан
12,5 - Ақтөбе облысына болды
Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумаңы өсуге тиіс. Бұрындары оны 800 мыңға га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары - биікт. 70 - 100 см, сабан сабақты, шашақ тамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады. Уақытымен суарған жағдайда жоғары өнім береді. Вегетацив кезеңі 60 - 120 күн. Тарының дәні өну үшін 8 - 10 oС жылылық қажет. Суыққа төзімсіз болғандықтан Тарыны басқа масақты дақылдарға қарағанда кеш себеді, кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. - 2 - 3 oС-та қатты зақымданады, - 3 oС-тан төмен темп-рада өледі. Құнарлы қара және қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар жақсы алғы дақыл бола алады. Бір жерге қайталап себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек, бір егілген жерге тек 4 - 5 жылдан кейін ғана егілуі тиіс. Оны бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де отырғызуға болады. Себілетін Тары тұқымы тазаланған, сортталған болуы тиіс, майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Тары 5 - 6 см ылғалы бар тереңдікке отырғызылады. Тарының дәндері бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша алғаш піскендері жерге төгіліп қалмауы үшін, алдымен дестеге салып алады. Дестелеу кезінде Тары сабағы 12 - 15 см биіктікте орылады. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен бірдей. 1 кг Тары сабанында 0,41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары жармасының құрамында крахмал (81%), белок (12%), май (3,5%), қант (0,15%) бар, мұндағы ақуыздың мөлшері күріш, қара құмық жармаларынан едәуір көп. Тарының мал азығы ретінде маңызы зор, құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланады. Тарыны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары шұғылданады. Елімізде ең көп тараған сорттары - Саратов-3, Саратов-6, Орал-109.Қазақстандағы егіс көлемі 55,5 мың гектар (2002), орташа түсімі гектарынан 7 - 12 центнер. Тарының гектарынан ең жоғары өнімді (201 ц) 1943 жылы Ақтөбе облысында Ойыл ауданында, "Құрман" ұжымдық шаруашылығында Ш.Берсиевтің звеносы алған
Тары 400 түрді біріктіретін Panicum туыстығына жатады. Барынша кең тараған түрі - кәдімгі тары. Сіпсебасының құрылысына байланысты бұл түр бес түр тармағына бқлінеді.
Қомақты
Тармақты
Қысылған
Сопақ
Тұтас
Қазақстанда өсірілетін тары сорттарының сіпсеастары негізінен қысыңқы, кейде тармқты келеді.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сортттар:
Саратовское 3. Ресей Оңтүстік-Шығыс АҒЗИ де шығарылған. Орташа мерзімде піседі, қуаңшылыққа өте төзімі, шашылуға төзімді, өсімдіктердің сақталуы жоғары деңгейде жаппай шашақтануы және пісуімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 6,8-7,2 г. Жарманың шығымы 70 ппйыз. 1981 жылдары Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарына аудандастырылған.
Саратовское 6 Ресей Оңтүстңк Шығыс АҒЗИ де шығарылған сингвинеум түршесіне жатады. Орташамерзімде пісетін сорт жапырылуға төзімд және шашылуға орташа төзімді, қара күйеге жоғары төзімдіоігімен ерекшеленеді. 1000 дәннің массасы 7,2-9,3 г 1985 ж Павлодар, солтүстік Қазақстан облыстарында аудандстырылған.
Тары жаздық түрде ғана өсіріледі. Тары сорттары вегетациялық кезеңіннің ұзақтығына байланысты көптүрлілігімен ерекшеленеді: 50-70 тәулікте өсетін ерте сорттарымен қатар , 100-120 тәулікте өсетін кеш сорттары да бар. Қазақсанда өсетін сорттарының вегетациялық кезеңі 75-85 тәулік.
Тары басқа да өсімдіктер сияқты алты өсу кезеңінен тұрады:
-егін көгі 3-20
- түптену 10-30
- түтікке шығу
- шашақтану
- гүлдену
- пісу
Көктеуден шашақтануға 25-80, шашақтанудан пісуге жейінге уақыт 25-80 тәулік
Өсіру технологиясы.
Алғы дақыл. Тың және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер қыртысына орналастырған дұрыс. Тарыға отамалы және дәнді бұршақ дақылдары да жақсы ылғал, сүріден кейінгі екінші дақыл болғанда да тәуір өнім береді.
Топырақ өңдеу және қар тоқтату. Себу алдында арамшөптерден таза және тығыз топтарда себу алдында бір-ақ рет культивация жүргізеді. Ал арамшөптермен ластаанда танапты жақсы тазарту мақсатыда оны екі мәрте культивациялайды. Соның арқасында тары тұқымы топыраққа біркелкі сіңіріледі. Тарының құрғақшылыққа төзімділігіне қарамай қыста қар тоқтатулың маңызы зор. Еліміздің оңтүстік-шығысында орта есеппен 20 жылда қар тоқтатудың тарыдан алынған қосымша астық өнімі 3.8 тан 5.6 ц жетті
Тыңайтқыш қолдану. Тарының тамыр жүйесінің сіңіру қабілеті мжоғары емес. Сондықтан оған жеткілікті мөлшерд сіңімді қоректік заттар бүкіл вегетация кезеңінде болған дұрыс. Оның 25 ц астығы мен 50 ц сабаны топырақтан 35 кг фосфор, 75-80 кг азот және 87-90 ц калий шығындайды.
Тұқымды себуге дайындау. Тры тұқымынан қиын ажыратылатын қоспаларды ажырату күрделі астықтұқым тазалағыш машиналарды қолданады. Олардан өткен тұқым біршама іріленеді, алайда толық іріктелу пневматикалық сорттағыш құрылымдардан өткізгенде ғана қол жеткізеді.
Себу алдында тары тұқымы құрғақ-ауада қыздырылады немесе 50 градус жылылықта 15 минут жылы суда ұстаады. Кейіннен дәріленеді ( виватакс, фундазол)
Себу мерзімі
Топырақтың 10 см қабатында темпратураның 10-12 градусқа жетуі;
Егін көгінің көктемгі бозқыраумен ұрынуы;
Тарының күзгі бозқырауға ұрынуы,
Тұқымның сіірілу тереңіндегі топырақ ылғалдылығы;
Себу алдында танаптарды арамшөптердн тазарту мүмкіндігі;
Солтүстік облыстарда - мамырдың соңы- маусымның алғашқы бескүндігі
Орталықта - 23-25 мамыр
Батыс қазақстан - 5-15 мамыр
Шығыс Қазақстан - 21-25 мамыр
Оңтүстік - 30 сәуір - 31 мамыр
Тұқымның сіңіру тереңдігі. Тары тұқымы ылғалды қабатқа себілуі тиіс: 4-5 см, ал беткі қабаты кеуіп кеткен жағдайда 8-9 см.
Себу тәсілі мен мөлшері.
Солтүстік - жаппай қатардағы 2,5-3,5 млн, кең - 1,5-2 млн
Орталық - жаппай 2-2,5 млн, кең 1,5-2 млн
Батыс - жаппай 2,5-2,7 кең 1,2-1,5 млн
Оңтүстік 2,4-3 млн, кең 1,8-2,4 млн
Егістікті күтіп-баптау. Сепкеннен соң 3-5 тулліктен соң егістік тырмаландаы. 20-25 тәуліктен соң, 1,5-2 аптадан кейін. Тарының түптену кезеңінде базарин, лонтрел, луварам қолднылады.
Егінді жинау. Дестеге шабуды сіпсебастың орта түсына пісу жақындаған кезде жинаған дұрыс.
Шығанақ Берсиев 1881 жылы Ойыл ауданының Ащыойыл ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Шығанақтың отбасында жеті адам болған, олар: ата-əжесі, əкесі - Бердісүгір, анасы - Шəкір, өзі жəне інілері - Таңатар жəне Тұңқар.
Берсиевтің əкесі аңшылықпен, балық аулаумен жəне диқаншылықпен айналысқан, ал анасы - тігумен жəне зергерлікпенайналысты.
Шығанақ 7 жасында Орал қаласындағы 2 жылдық мектебіне түсті, оны бітірген соң Көкжар жəрмеңкесіндегі шəйханада есепке алушы болып қызмет етті.
1920-ншы жылдардағы ауыртпалық кезеңінде Шығанақ отбасымен Қоңыратқа көшеді. Ол жақта Берсиев алғаш рет тары өсіреді.
Күріш (лат. Oryza) - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.
Күріш қолдан б.з.б. 2000 - 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар.
Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты Жібек жолы Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы - Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі.
Бұл деректер Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе Күріш (satіva) - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі.
Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар.
Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңд. дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды.
Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғары жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.
Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар.
Қазақстанда көбірек таралғаны - Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзенібойында өсіріледі. Маржан сорты - Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 - 70%-ын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz