Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

II. 1Арамшөптермен күресу әдістерін топтау

II. 2Арамшөптермен алдын-ала күресу шаралары

II. 3Арамшөптермен агротехникалық жолмен күресу

II. 4 Арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері

II. 5Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері

II. 6 Қоршаған ортаны қорғау шаралары.

II. 7Арамшөптерді есепке алу.

III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Арамшөп - егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.

Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.

ССРО-да арамшөптің 1500 түрі кездеседі. Республикамызда жиі ұшырасатын арамшөптер: қара сұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт қалуен, сары қалуен т. б.

Егіс танабының арамшөптерден тазалығы егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Арамшөптермен күрес-егісті күтіп баптаудағы аса маңызды агротехникалық шаралардың бірі.

Арамшөптер келтіретін зиян. Жергілікті жағдайға барынша бейімделіп алған арамшөптер мәдени өсімдіктердің қоректік заттары мен ылғалдың асыл қорын алып, олардан гөрі тезірек өсіп жетіледі. Олардың ірі жапырақтары мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп жарық түсірмейді. Арамшөптер топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды пайдаланады да, мысалы, оларды күріш өсімдігіне аз қалдырады, нәтижесінде олардың өнімін 15 . . . 20 процент кемітеді. Ал егістік қалуен көген тамырлары арқылы 1 гшектар жерден 67 кг азот, фосфор және 160 кг калий, ал шайқурай 1 ц құрғақ зат құрау үшін 623 ц су пайдаланады.

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығындағы ең басты салаларының бірі - ауыл шаруашылық өндірісі. Өйткені, ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен, мал шаруашылығын жемшөп қорымен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамсыз етіп отыр. Бұл міндетті түбегейлі іске асыра беру үшін колхоз, совхоз қожалықтар мен жекеменшілік шаруашылықтары, акционерлік қоғам ұжымдары әрбір гектар жердің құнарлылығын арттырып, одан алынатын өнімдерді молайтуға күшү жұмылдырулары керек. Бұл үшін әр түрлі агротехникалық шараларды, оның ішінде арамшөптерді жою шараларын кең көлемде жүргізу керек. Ал, арамшөптер егістіктің ең басты жауы. Олай дейтін себебіміз, арамшөптер топырақтың қоректік заттары мен ылғалдың ауыл шаруашылық дақылдарынан тартып алып, олардың өніп-өсуіне кедергі келтіреді, жердің құнарын кетіреді. Соның салдарынан әр гектар жерден алынатын өнім де күрт төмендейді.

Бұған дәлел ретінде мынадай бір мысал келтіруге болады. Академик А. И. Бараев атындағы қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деректеріне қарағанда, республиканың ең астықты Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тек қана қарасұлының кесірінен ғана бір жылдың ішінде 175 млн. пұт астық кем жиналған екен.

II. Негізгі бөлім

II. 1Арамшөптермен күресу әдістерін топтау

Ауыл шаруашылық ғылымы мен практикасында зерттеліп дәлелденген алуан түрлі арамшөптермен күресу әдістері мен тәсілдері айтарлықтай. Олардың мәнділігі биологиялық және шаруашылық тиімділігіне, орындалу қиындылығына және материалдық шығындарына байланысты өзгеше болады. Сондықтан, арамшөптермен күресудің шаралары мен әдістерін жүйелеп, орынды пайдалана білу өте қажет.

Арамшөптермен күресу принципінің негізіне арамшөп өсімдіктерінің басты биологиялық, ең алдымен олардың тұқымдарымен және жер астындағы вегетативті органдарымен өніп-көбею ерекшеліктері алынған. Жаңа өсімдік тек тұқымы арқылы өсіп шығатыны белгілі, сондықтан олармен күресудің бірінші принципі - арамшөптің тұқым салуына, тұқымдануына жол бермеу, сонда ғана тұқымның топыраққа түсуі болмайды. Бұл принципті аз жылдықтармен қатар көп жылдық арамшөптерге де қолдануға болады, оның сақталуына бірқатар зерттеушілер айрықша мән беріп арамшөптердің тұқымының топыраққа түсуіне жол беруге болмайтындығын бірнеше рет дәлелдеген.

Топырақта болатын арамшөптер тұқымы - жаңа өсімдіктің шығатын тұрақты көзі. Арамшөптер тұқымының қаулап өсуі, олардың оянуын және биологиялық тыныштық қалпынан шығуын қамтамасыз ететін белгілі жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан күресудің екінші принципі - тұқымның өніп-өсуіне жағдай жасап, онан әрі олардың көгін өңдеумен құрту болып табылады. Іс жүзінде бұл принцип өршіту (қозғау салу) деген атақ алды. Өршіту жолымен арамшөптердің үлкен бөлігін мәдени дақылдар себілгенге дейін құртуға жол ашылады.

Көп жылдық арамшөптер тұқымын басқа, едәуір елеулі дәрежеде вегетативті органдарымен көбейеді. Вегетативті органдарының көмегімен арамшөптер әзірге олардың қоректік заттарының қоры болғанға дейін жаңаруы мүмкін. Сондықтан олардың жер асты бөлімдеріндегі жиналған қоректік заттардың қоры тез таусылуын қамтамасыз етіп, ұсақ бөлшектерінің тамырлануына жол бермеу керек. Ол үшін арамшөп жаңадан көктеп шыққан кезде оны үзбей құртып отыру керек. Осыған орай күресудің үшінші принципі - фотосинтезді және қоректік заттардың жиналуын болдырмау арқылы жер астындағы органдарын (тамырларды, тамыр сабақтарын) күш жиғызбай әлсірету болып табылады.

Сонымен аталған принциптерді еске ала отыра, арамшөптермен күрес әдістерін жіктеу үшін негізі ретінде екі маңызды белгі алынған, олар: біріншіден, нысандарына байланысты арамшөп өсімдіктерінің пайда болу көзі (өсімдік тұқымдары, жемістері, тамыр сабақтары, тамыр өркендері және т. б. ), олардың таралу жолдарын жою және соған бағытталған шаралар; екіншіден, арамшөптердің өсуін тежейтін, жоятын немесе олардың пайда болу көзін ысыратын және оларды болдырмауға бағытталған тәсілдер мен әдістер.

Бірінші белгі бойынша арамшөптермен күресу үш типке бөлінеді: алдын ала сақтандыру, жою және арнайы шаралар.

Алдын ала сақтандыру шаралары - арамшөптердің ұрығын егістікке жібермеу мақсатымен олардың өсу ошақтарын жою, таралу жолдарын бөгеу.

Оларға жататындар: тұқымды тазалау, көңді дұрыс дайындау және қолдану, суғару суының тазалығы, азықты малға дұрыс дайындап беру, өнімді дер кезінде жинау, жолдың жағалауындағы және басқа өңделмейтін жерлердегі өсетін арамшөптерді ұдайы отап отыру, машиналарды (сеялка ж. б. ) арамшөп тұқымдарынан тазарту және карантиндік шаралар.

Арамшөптерді жою шаралары - ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерде және егістікте өсетін арамшөптерді, топырақтағы олардың генеративті және вегетативті көбею органдарын жою және арамшөптердің тіршілік қабілетін төмендету.

Арнайы шаралар - арамшөптердің әрі қарай таралу аумағын азайтып, зияндылығын азайту, содан кейін ең зиянды, потенциалды қауіпті, әсіресе карантиндік арамшөптерді жойып жіберу.

Екінші белгі бойынша арамшөптерге қарсы қолданылатын құралдың сипатына байланысты күресу тәсілдері мына түрлерге бөлінеді: физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялық, ұйымдастыру, кешенді әдістер.

Физикалық тәсіл - отты пайдалану, учаскелер мен егістікті сумен бастыру, электрді, электр магниттік өрісті қолдану және арамшөптердің көбею мүшелерінің өміршеңдігінен айыру.

Механикалық тәсіл - қолмен немесе топырақ өңдеу құралдарының арамшөп өсімдіктерін жұлу немесе кесу. Арамшөптердің барлық биологиялық топтар өкілдерімен ластанған егістіктерде қолданылады. Әдіс - негізгі, себу алдындағы, себу кезінде және себу соңындағы өңдеу жүйесінде тиімді.

Химиялық тәсіл - оларды гербицидтердің көмегімен жою.

Биологиялық тәсіл - оларды мамандандырылған зиянкестердің, саңырауқұлақ және бактериялардың көмегімен азайтатын немесе жоятын тәсілі.

Фитоценотикалық тәсіл (бой көтертпей тұншықтыру немесе бәсеке әдісі) - ауыл шаруашылық дақылдарының арамшөптермен салыстырғанда жоғары бәсекелестік қабілеті пайдаланылып, арамшөптердің өну-өсуін нашарлату.

Экологиялық тәсіл - мәдени өсімдіктердің мұқтажын толық қамтамасыз ету, ал арамшөптрге теріс әсер ететін жағдайларды, әсіресе топырақ қасиеттерін күшейту арқылы іске асырылады (аэрация, ылғал, температура, топырақ реакциясы, биологиялық әрекеті, мұндағы қоректік заттардың мөлшері т. б. )

Ұйымдастыру тәсілі - ауыл шаруашылығында жерлердің жалпы мәдени агротехникалық жағдайын жақсартатын немесе жанама көмегі болатын тәсілдер мен жұмыстардың түрлері, танаптардың арамшөптену картасын жасау.

Кешенді тәсіл - бірін-бірі толықтырып, әсерін күшейтетін, арамшөптердің түрлерін және санын едәуір азайтатын ғылыми негізде қолданылатын күресу шараларының жиынтығы.

Арамшөптермен күрес шараларын жоспарлауда олардың түрлі құрамы, биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ арамшөптер өсімдіктерінің жағдайы негізге алынады. Әсіресе егістіктердің ластану дәрежесінің елеулі мәні бар.

Танапта арамшөптердің бірнеше биологиялық топтарының өкілдері кездеседі, олар бір мезгілде көген тамырлы, аз жылдық, атпа тамырлы, кіндік тамырлы және тамырсабақты болып ластануы мүмкін. Арамшөптенудің бұндай күрделі түрлері олармен күрестің жүйелігін қажет етеді. Сондықтан шаруашылықтарда арамшөппен күресті жыл бойы, олардың түрлі шараларын оның ішінде ең тиімді тәсілдері мен әдістерін орынды пайдалана білу қажет.

II. 2Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары

Егістіктерде арамшөп өсімдігімен күресу жолында алдын ала сақтандыру шараларының маңызы күрделі. Олар арамшөптердің жаңа тұқымдарын танапқа түсірмеуге, арамшөп өсімдіктерінің көздерін, ошақтарын анықтауға, оқшаулауға, жоюға және олардың таралу жолдарын кесуге бағытталған.

Алдын ала сақтандыруға карантиндік қызмет, тұқымды тазалау, көңді дұрыс дайындап қолдану, суғару суының тазалығы, азықты малға дұрыс дайындап беру, егін өнімін дер кезінде жинау, жолдың жағалауындағы және басқа өңделмейтін жерлердегі өсетін арамшөптерді ұдайы отап отыру және т. б. шаралар жатады.

Карантиндік шаралар. Карантиндік шаралар мемлекеттік ауқымда арнайы өсімдік қорғау және карантинді мекемелерімен жүргізіледі. Бұл шаралардың міндеті басқа елдерден арамшөптер тұқымының тасымалдануына жол бермеу - сыртқы карантин деп және бір ауданнан екіншісіне қауіпті арамшөптердің таралуының алдын алу - ішкі карантин деп аталады.

Карантиндік арамшөптер таралуының алдын алу үшін төмендегідей ережелерді қатаң сақтау қажет: - арамшөптермен ластанған ауылшаруашылық өнімдерін сақтау мен тазалауды жеке бөлінген жай ішінде жүргізу; - мемлекеттік тұқым инспекциясының куәлігінсіз тұқымдық материалды басқа шаруашылықтарға тасуға қатаң тиым салынады; - карантиндік арамшөптер ошағы бар учаскелерге тұқымдық егістікті орналастыруға рұқсат етілмейді; - карантиндік арамшөптер ошағы бар танаптан жиналған өнімді тазалағанда түскен қалдықтарды жемдік мақсатында тек түйілген және буланған күйінде пайдалануға болады, ал жемге пайдаланбаса, актілі рәсімдеумен өртеп жіберу керек; - карантиндік арамшөптермен ластанған сабан мен шөпті тек олар алынған шаруашылықтарда пайдалануға рұқсат етіледі; - органикалық тыңайтқыштар - көң бір жерге жеке төмпешіктер етіп жиналады, тек әбден шіріген соң пайдаланады; - астық қоймаларының, ыдыстардың, машина мен құралдардың тазалығын қатаң бақылау қажет.

Тұқымдық материалды тазарту. Ол мәдени өсімдіктер мен армшөптер тұқымдарының физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды пайдалану негізінде құрылған. Тұқымдық материалды астық қоймаларында сақтауда көптеген арамшөптер тұқымдарының өміршеңдігі 3-10 және одан да көп жылдар бойы төмендемейді.

Тұқым тазалаудың үш әдісі бар: алғашқы, негізгі және арнаулы тазартулар. Алғашқы тазалау тұқымдық материалдан жеңіл бөлінетін ірі және ұсақ қоспаларды бөледі. Негізгі тазалаудың міндеті - алғашқы тазалаудан кейін қалған арамшөптер тұқымдары мен жемістерін кетіру. Тұқымды алғашқы және негізгі тазалауда астық тазалау агрегаттар кешені, сондай-ақ астық тазалайтын тасқынды желілер пайдаланылады. Жоғары сапалы тұқымдық материал алу үшін тасқынды желіге сорттаушы машина тіркеледі.

Қиын ажыратылатын тұқымды арамшөптерден дақылдардың тұқымдарын тазалау үшін арнаулы өңдеу қолданылады. Әсіресе тұқымдық учаскелер қатты ластанған жағдайда көп жылдық шөптердің тұқымын тазалау мен сорттау қиын.

Органикалық тыңайтқыштардың ластануын азайту жөніндегі шаралар. Малдың ішек-қарын жолдарынан өткен арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістері өсіп-өну қабілетін жоғалтпайды және қи шіріндісінде жинала береді.

В. Р. Вильямс атындағы Ресей БҒЗИ-ның деректері бойынша, 1 тонна қида 43-тен 56 мыңға дейін арамшөптердің өміршең тұқымы, құс қиында - 120-412 мың болады, ал шошқа қиының қатты және лайлы фракциясында олардың сакны миллионға дерлік жетеді екен. Қиды сақтау үдерісінде арамшөптер тұқымдарының өміршеңдігі едәуір кемиді, бірақ тіптен жоғары температурада да толық жойылып кетпейді. Органикалық тыңайтқыштардың терең тыныштықтағы ескіден жатқан тұқымдарды ынталандыратыны белгілі.

Егістіктің ластануына жол бермеу үшін қиды топыраққа шіріген күйінде енгізген жөн. Ғылыми-зерттеулер деректері бойынша 1 кг жаңа қида тұқымдар өсімталдығын жоғалтпаған арамшөптер саны - 297, ал шірігенінде - 22, бөрткендерінде - 4 болды.

Арамшөптер тұқымдарының өміршеңдігін төмендету үшін органикалық тыңайтқыштарды дайындаудың «ыстық» әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша ең алдымен қиды қатарлап немесе сұйық қабаттарымен көңжинағышқа салады, содан кейін тығыздайды. Микробиологиялық процестердің күшейуінің нәтижесінде қидың шіру үдерісінде оның температурасы 60-70°С-қа жетеді, бұл арамшөптер өскіндерінің жансыздануына әкеледі.

Арнаулы қондырғыда тауық қиындағы арамшөптердің тұқымдарын күйдіру әдісімен өңдеуде олардың өміршеңдігі 90-100% төмендейді.

Сумен арамшөп тұқымдары егіс алқабына келмес үшін, алдын ала мынандай шараларды жүзеге асыру керек:

•каналдардың жиегіне шыққан арамшөптерді, олардың тұқымы пісіп жетілмей тұрғанда жою (гербицид арқылы немесе шабу арқылы) ;

•су жүретін каналдардың түбін, қабырғаларын бетондау;

•каналдардан судың егістікке шығатын жеріне тұқымдарды жібермей ұстап қалатын тор қою

II. 3Арамшөптермен агротехникалық жолмен күресу.

Қазіргі егіншілікте арамшөптермен күрестер арасында жетекші орынды ұзақ уақыт бойында агротехникалық әдістер алып келеді. Басқа әдістермен салыстырғанда агротехникалық әдістер тиімді әрі арзан, сонымен қатар бұл әдістер дақылдарды өсіруге қажет топырақ өңдеудің әдепкі тәсілдерімен үйлеседі. Өсіп шыққан арамшөптерді түрлі топырақ өңдегіш машиналар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық түрде жояды.

Механикалық әдіс дақылдар жиналғаннан кейін танаптардағы арамшөптердің тұқымын жою үшін пайдаланылады. Топырақтағы арамшөптердің тұқымдары өніп-өсу үшін қолайлы жағдай жасалады, өніп шыққан соң, буыны қатпай тұрып топырақ өңдейтін құралдармен жояды. Бұл әдіс арамшөпті арандату деп аталады. Арандату әдісі республика егіншілігінің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында күздегі негізгі я болмаса көктемде тұқым себер алдындағы топырақ өңдеу жүйелерінде жүргізеді.

Арамшөптердің вегетативтік көбею мүшелерін агротехникалық әдістермен жоюда келесі тәсілдер қолданылады: әлсірету, тұншықтыру, аздыру, кептіру, үсіту, тарап алу және басқалары. Аталған тәсілдер арамшөптердің түрлі биологиялық топтарына немесе олардың жеке түрлеріне қолданылады.

Арамшөптерді әлсірету - топырақтағы атпа тамырлы арамшөптердің вегетативті өсіп-өну органдарын әртүрлі тереңдікте дүркін-дүркін кесу арқылы жою тәсілі. Бұлай өңдегенде өркеннің өсуіне керек болатын қоректік заттардың шығыны көбейіп, оның орны толмайды. Бұл заттардың қоры толық біткенде өсімдіктің тамыр жүйесі барлық вегетативті көбею органдарымен бірге әлсіреп, қурап жойылады.

Көп жылдық атпа тамырлы арамшөптермен ластанған егістіктерді, олардың өсуін әлсірету үшін 10-12 см тереңдікте сыдыра жыртады. Арамшөптер өскіндері пайда болғаннан кейін шамамен 2-3 аптадан соң, өңдеу қабаты тереңдігін бойлата шым аударғышты соқамен жерді жыртады. Мұндай технологияны сақтау көп жылдық арамшөптермен ластануды 70-75% азайтуға мүмкіндік береді.

Арамшөптерді тұншықтыру - жатаған бидайық, ажырық, қырықбуын сияқты арамшөптердің көген тамыр жүйелері жатқан тереңдікте олардың жерасты мүшелерін өңдеу құралдарымен ұсақтап, тамырларының үзіктерін топыраққа терең сіңіру арқылы жою.

Арамшөптерді аздыру - одан әрі жоюға жататын жаңа өркендердің өсуіне қосымша азықтық заттар шығынын көбейту үшін арамшөптердің өсу мүшелерін әрдайым отау. Көп жылдық және екі жылдық арамшөптермен ластанған егістіктерде қолданылады. Әдіс атпа тамырлы өркендерді арамшөптерге қарсы топырақты сүдігерлік өңдеу жүйесінде ерекше тиімді.

Арамшөптерді кептіру - арнайы әдіспен топырақты өңдеп, оның жоғары қабатын құрғату арқылы арамшөптерді жою жолы. Белгілі әдіспен тамырсабақтар топырақтың бетіне жақын орналастырылса, 15-30 күннен кейін олар қурайды. Содан кейін оларды топыраққа терең сіңірсе, өсіп шықпайды.

Арамшөптерді үсіту - суық күзде терең жыртуда көп жылдық арамшөптердің жерасты мүшелерін топырақтың бетіне шығаруды көздейді. Төменгі температурада олар өміршең қабілетін жоғалтуы керек. Көбіне қары аз, қысы аязды аудандарда қолданылады.

Арамшөптерді тарап алу әдісі - жатаған бидайық, ажырық, жауқияқ сияқты арамшөптердің жер бетіне жақын орналасқан мықты, үзілуі қиын көген тамырларын жою үшін қолданылады. Ол үшін серіппелі жұмыс органы бар культиваторлармен танапты перпендикулярлы екі бағытта бірнеше мәрте жүргізіп, ондағы көген тамырларды жер бетіне шығарады да жинап жағып жібереді.

II. 4Арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері

Биологиялық әдіс - арамшөптерді іріктеп жоюға мамандандырылған бактерияларды, саңырауқұлақтарды, жәндіктерді, жұмыр құрттарды, кеміргіштерді, басқа организмдерді және өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін мақсатты пайдалану. Механикалық және химиялық тәсілдермен салыстырғанда арамшөптермен күрестің биологиялық әдісінің артықшылықтары бар. Бұл әдіске жұмсалатын шамалы бастапқы шығындардың өзінде мамандандырылған организмдердің арамшөптерге тигізетін әсерінің және ұзақ ықпалының арқасында едәуір экономикалық тиімділікке қол жеткізіледі. Алқаптың нақты жағдайында биологиялық әдістердің нысандарының (өсімдіктер, бактериялар, саңырақұлақтар және басқалары) қауымдастықтағы әрекеті көрінеді

Ермен жапырақты ойран шөппен күресте басқа өсімдіктерге зиянын тигізбейтін, құрты тек амброзия (ойран шөп) жапырақтарымен қоректенетін түн (жұлдыз) көбелегін пайдалануға болады.

Қызғылт укекіремен күресте көп қоректі зиянкес құрттардың бір түріне сынақ жүргізілді. Оның личинкасы көктемде жапырақтар қолтығына түседі, сол жерде көп беріш құрай отырып, олар ақырында сабақ тіндерімен қоректенеді. Соның салдарынан келесі жылы қызғылт укекіренің 50-60% қырылады, ал қалған өсімдіктердің зиянкестігі төмендейді.

Кейбір арамшөптерді құрту үшін, мәселен, егістік тікен қурайын тот бастыратын індетті (патогенные грибы) саңырауқұлақтарды пайдалануға болады. Басқа жақтардан жеткізілген арамшөптермен күресте биологиялық агенттердің келешегі бар, өйткені жаңа жағдайларда олардың табиғи жаулары жоқ. Жөргем шөп, егістік арамсояуды зақымдайтын Alternaria cuscutacidae саңырауқұлағының штамдары бөлінген. Саңырауқұлақтың суспензиясын егістік арамсояумен зақымдалған егістікке шашқанда 12-20 күннен кейін ол толық жойылады.

Арамшөптермен күресте биологиялық әдісте пайдаланылатын шаралардың қолданылатын алқабы өте тар. Жоғарыда аталған әр түрлі биологиялық организмдер тек белгілі бір арамшөпке ғана әсер етеді. Сондықтан да, бұл әдістің кемшілігі олардың әрекетінің тар таңдаулылығы болып табылады.

Егістіктің ерекшеліктері мен арамшөптердің түрлеріне байланысты биологиялық әдістің әр түрлі шаралары қолданылады. Олардың бастысы жоғарыда сипатталған насекомдар мен жұмыр құрттармен қатар фитоценотикалық шаралар, өсімдіктер аллелопатиясы және ауыспалы егіс.

II. 5Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері

Арамшөптермен және олардың вегетативтік көбею органдарымен күрес алдын ала жою шараларымен, агротехникалық және биологиялық әдістермен қатар өте тиімді химиялық әдіспен жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы дақылдар егістеріндегі, бақ және жүзімдіктегі, шалғындық пен жайылымдағы және т. б. жерлердегі арамшөптермен күресу үшін химиялық препарат гербицидтер қолданылады.

Гербицидтер - шөпжойғыштар(лат. herba - шөп және caedo - өлтіремін) - арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін гербицидтер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамды гербицидтер. Гербицидтердің біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін, екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісте арамшөптерге қарсы химиялық және биологиялық күрес шараларын ұйымдастыру
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Арамшөптердің аттары
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестері
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Жануарлар ген инженериясы. Топырақты өңдеу жүйелері
Қарақұмық топырақ таңдайтын дақыл
Тамыр және түйнекті жемістілер
Топырақ өңдеу тәсілдері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz