Азот тыңайтқыштарының түрлері


Жоспары:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 5
2. 1. Амидті тыңайтқыштарға толық сипаттама . . . 6
2. 2. Амидты тыңайтқыштарды алу жолдары, қасиеттері, қолданылуы . . . 8
2. 4. Ғылыми ізденістер . . . 10
Қорытынды . . . 13. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 14
Кіріспе
Өсімдіктер өз ағзалары - сабақтарын, жапырақтарын, гүлдерін, жемiстерін, түйнектерін түзу үшін әр түрлi қатынастарда минералды қоректік элементтердi қолданады. Әдетте топырақта өсімдікке қажетті барлық қоректік элементтер болады. Бірақ өсімдіктердің дұрыс дамуы үшін жекелеген элементтердің жеткіліксіздігі жиі кездесіп отырады. Құмды топырақта өсімдіктер магний тапшылығына, ал шымтезекті топырақта - молибден, қарашірікте - марганец тапшылығына ұшырап отырады. Элементтер тапшылығы көбінесе тыңайтқыштармен толықтырылып отырады.
Минералды тыңайтқыштарды қолдану - қарқынды қолданылатын егіншіліктің ең негізгі әдістерінің бірі. Жыртылған жерлерде тыңайтқыштар қолдана отырып кез-келген дақылдар егістігін қосымша шығынсыз арттыруға болады.
Химия өнеркәсібінде өндірілетін минералды тыңайтқыштар келесі топтарға жіктеледі:
а) фосфорлы (басты мақсатта жай және қос суперфосфаттар мен преципитат) ;
б) азотты (аммоний сульфаты, аммиакты селитра, кальций және натрий селитралары) ;
в) калийлі (хлорлы калий және аралас калий тұздары) ;
г) компелекті немесе кешенді, микротыңайтқыштар (осы элементтерден тұратын қосылыстары мен тұздары) .
д) микротыңайтқыштар; \
Неміс химигі, академик, агрохимияның негізін қалаушылардың бірі Юстус фон Либих (1803-1873) 1840ж. Өсімдіктің миниралды қоректену теориясын ұсынды. Ол көптеген анализдер негізінде әрбір өсімдікке қалыпты тіршілік ету үшін он элемент:
1-кесте. Юстус фон Либихтің өсімдік тіршілігіне қажет деп тапқан элементтері
3
қажет екенін дәлелдеді. Ол бұл элементтердің үшеуі ең маңыздысы болып табылатынын да анықтады.
2-кесте. Өсімдік тіршіліне ең қажет элементтер
Азот жер бетіндегі ең көп тараған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78% осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0. 04% құрайды
4
Негізгі бөлім
Тыңайтқыш ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Азот- селитра тудырушы (грекше) құрамында қоректік элемент-азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот жетіспесе орамжапырақ пен жүгерінің жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, жапырағы жұқа, шырыны аз, гүлі майда болады. Ақуыз құрамына кіреді. Көктемде аса қажет. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, өсімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды.
Азотты тыңайтқыштар - құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы - натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады.
Қазіргі кезде өндірілетін азот тыңайтқыштары 4 топқа бөлінеді.
3-кесте. Азот тыңайтқыштарының түрлері
Түйнек бактерияларының қатысуымен бұршақ тұқымдас өсімдіктер атмосферадағы бос азотты пайдаланады. Өсімдік нитратты азотты органикалық заттарды синтездеу үшін пайдалана алмайды. Ол әуелі аммиак түріне айналады.
5
Өсімдік қабылдаған нитратты азот аммиакқа дейін мына схема бойынша тотықсызданады:
нитрат нитрит ипонитрит гидросиламин аммиак
4-кесте Азот тыңайтқыштарын жіктеу
Топырақтағы азотттың негізгі көзі - қарашірінді. Оның құрамында шамамен 5% азот болады. Өсімдіктің азотпен қамтамасыз етілуі оның минералдық тұрлерінің мөлшеріне байланысты. Орта есеппен топырақтағы жалпы азоттың бір пайызы осылардың үлесіне тиеді. Өсімдіктің қоректенуіне қажетті минералдық азот органикалық заттардың ыдырауынан пайда болады.
Оны мына схема түрінде өрнектейді:
Ақуыздар, гуминді заттар амин қышқылдары, амидтер
аммиак
нитриттар
нитраттар
6
Мочевина, Со(NH 2 ) 2 - концентрленген азотты тыңайтқыш. Түйіршіктелген, түссіз, құрылысы кристалды, суда, спиртте, сұйық аммиакта жақсы ериді, ал эфирде, хлороформда ерімейді. Құрамында 46% азот болады. Аммиак пен көмір қышқылының өзара әрекеттесуінен алынады.
2NH 3 +CO 2 = CO (NH 2 ) 2 +H 2 O
Әр түрлі ауыл шаруылық дақылдары егілетін барлық топырақ тұқым себер алдында тыңайтқыш ретінде және үстеп қоректендіру үшін қолданылады. Мал азығында протеин орнына жүреді. Осы топқа жататын мочевина - формальдегид азот тыңайтқышы, ауаның ылғалдылығына төзімді, жақсы шашылады және нығыздалмайды. Мочевина мен формальдегидтің судағы ерітіндісін қышқыл ортада қоюлау жолымен алады, ол суда аз ериді, біраз уақыт өткеннен кейін өсімдікке 60 - 70%-ға дейін сіңетін азот тыңайтқышының аммиактық және нитраттық қосылыстарына айналады. Бұл тыңайтқышты суармалы егіншілікте, соның ішінде күрішті суға бастырып егу әдісіне қолданған өте пайдалы. Мочевина гигиеналық дәрілердің, косметикалық синтездік заттардың құрамына кіреді және мұнай өндірісінде мұнайдан парафинді бөлу үшін қолданылады.
Мочевина ақ түсті, ылғалды өзіне тартатын, түйіршікті (1-3мм), суда жақсы еритін, түйіршіктері бір-біріне жасбыспайтын тыңайтқыш. Кристалды мочевинаны түйіршіктегенде ыстық температураның әсерінен биурет пайда болады. Егер биурет мөлшері 3 пайызға жетсе өсімдіктердКристалды мочевинаны түйіршіктегенде ыстық температыһураның әсерінен биурет пайда болады. Егер биурет мөлшері 3 пайызға жетсе өсімдіктерді уландырады. Құрамында биурет көп мочевинаны тұқым себерден 2-3 ай уақыт бұрын енгізеді, өйткені биурет 10-15 күн ішінде толық ыдырап кетеді.
Кальций цанамиді. СаСN2 . құрамында 20-22 пайыз азот болады. Кальций цанамидін азотты кальций карбидімен байланыстыру арқылы алады:
СаС2 + N2 = CaCN2 + C
Бұл тығайтқыш жеңіл, майда, қара немесе күңгірт-сұр түсті суда өте нашар еритін улы зат. Негізгі тыңайтқыш есебінде сүдігер жыртар алдында қышқыл топыраққа қолданады. Қазіргі кезде кальций цанаидін тыңайтқыш үшн қолданбайды.
7
1-сурет. Тыңайтқыш беру сәті
Мочевина-формальдегидті тыңайтқыш. Ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын аммоний селитрасы, мочевина, аммоний сульфаты сияқты тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Суда жақсы еритін азот тыңайтқыштары кейбір жағдайларда тиімді бола бермейді. Оларды көп мөлшерде қолдананда топырақ ерітіндінің концентрациясы жоғарылап өсімдіктің даму, өсу қондықтан кейбір елдерде минералдық азот тыңайтқыштарын жасауға көп көғңл бөлінуде. Мұндай тыңайтқыштың жауын-шашын көп жауатын жерда өте баяу еритіндіктен оның дақылдарға арналған 2-3 жылдық мөлшерін бірден қолдануға болады. Бұл топқа дәл осы тыңайтқыш жатады. Оны мочевина мен формальдегидті конденсациялау арқылы алады.
Бұл тыңайтқыштың құрамында 38-40 пайыз азаот бар. Түсі ақ, өте үнтақ, нығыздалмайтын, ұзақ сақтағанда құрамы өзгермейді. Бұл тыңайтқышты алу үшін мына жағдайларды ескеру керек: мочевина мен формальдегидтің ара қатынасы 1:1, 6, орта әлсіз қышқылды, температура 30 градус және конденсациялау мерзімі 60 минут.
Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болады. . Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар. Бұл тыңайтқышты ылғалы мол және суармалы аймақта өсірілетін мақта, күріш, көкөніс, жеміс-жидек дақылдарына қолдану тиімді. Оның кемшілігі - өндіру қымбатқа түседі. Сондықтан аз мөлшерде қолданады. Бұл тыңайтқыш тиімділігін жоғарылатуыүшін оны суда еритін азот тыңайтқыштарымен ұштастырып қолдану тиімді.
8
Ол үшін тыңайтқышты күзде сүдігер жыртар алдында, ал амммоний селитрасын немесе селитраны үстеп қоректендіру кезінде қолданады.
Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз. Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр қуатын жұмсап, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді.
Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералдық тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады.
Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Құрамында «фосфордың қос үлесі» болғандықтан, ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат) . Қазақстанда бұл саланың «жоғарғы өндіріс қабаттары» көбірек дамыған, полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шығарылмайды. Сондықтан шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия - кешенінін; әлсіз тұсы болып есептеледі.
2-сурет.
2016 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы экспортқа шығрылған азотты тыңайтқыштар мөлшері
9
Мақтаның өсіп өркендеуіне мочевина және аммофос әсері
Мақтаға азоттың пайдалы әсер коэффициентінің жоғарлауы мен төмендеуінің маңызы зор, төмендеген кезде сыртқы орта нитраттардың және нитриттердің зиянды қосылыстарымен ластанады. Аммофостың азотының тиімділігін арттыруда оны нитрификацция ингибиторымен бірге қолдану жақсы көмек береді. Соның ішінде отандық өндірістегі АТГ мен КМП.
Қазіргі уақытта агрохимиялық ғылым көптеген фундаментальді өңдеулерге ие, оларды азотты тыңайтқыштарды жоғары эффективтілікте қолдану үшін қолданылады. Соңғы жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолдануға байланысты даму үстінде. Оны қолдана отырып жасалынған көптеген зерттеулер, азотты тыңайтқыштардың формасы мен мөлшеріне байланысты вегетациялық тәжірибелерде 50-60% аралығында және егістік тәжірибелерде 30-50% аралығында өзгеруі мүмкін.
Өсімдіктің өсіп өркендеуінде оның бойы, жеміс бұтағы жемісін саны негізгі көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Біз өз тәжірибемізде мақтаның 3-4 жапырақ, бутондау және жеміс пайда болу кезеңдерінде бақылау жұмыстары жүргізілді, алынған нәтежелер 1- кестеде көрсетілген.
Мыс элементінің мочевина және аммофос құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне әсерін зерттегенімізде мы элементінің мақтаның бойының өсуіне әсерін тигізгені анықталды. Маусым айында мыс аммофос құрамында өсімдікке берілгенде, бақылау вариантында 9, 9 см болды. Бұл көрсеткіштер шілде және тамыз айларында 44, 2; 44, 6; және 75, 3; 87, 2 см құрады, ал бұл көрсеткіштер бақылау вариантында 39, 4 және 75, 6 см -ді құрады. Тамыз айында өсімдіктің жеміс бұтағы аммофос құрмында мыс берілгенде 12, 2, ал мочевина құрамында 14, 3 дананы құраған болса, бақылау вариантында 1, 2 дананы құрады.
Мыс элементінің аммофос құрамында мақта жеміс бұтағына әсері тимегенін мыс элементі фосформен күрделі тұздар түзумен түсіндіруге болады. Тамыз айына келіп мыс аммофос құрамында көсек санына әсері тигізбеді, ал мыс мочевина құрамында 7, 7 дана болып бақылау вариантымен 1, 4 көсекке арттық болды.
Өсу кезеңдері соңына келіп көсек саны мыс аммофос құрамында 0, 5 ал мочевина құрамында 1, 5 көсекке артуына алып келді. Солай етіп мыс және күрделі тыңайтқыштар құрамында мақтаның өсіп өркендеуі және жеміс мүшелерін топтауда үлкен әсерін тигізеді.
10
Аммофос физиологиялық қышқыл тыңайтқыштарға жатады. Фосфордың қалыпты мөлшерін енгізген кезде топыраққа аммонийлі азоттың аздаған мөлшері түседі, ол топырақты қышқылдандырмайды. Азоттың фосфорға
тепе-теңдіксіз қатынасына байланысты аммофос негізінен фосфорлы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Аммофос қарапайым тыңайтқыштарға қарағанда үлкен концентрацияға ие, құрамында екі қоректік элемент бар. Сондықтан басқа жай тыңайтқыштарға қарағанда, оның топырақтағы қоректік элементтерінің айналымын өсімдіктерге басқаша қолданады.
Аммофосты күрделі тыңайтқыш ретінде зерттеу жақында басталды және әр түрлері типтегі топырақтарда әр түрлі жағдайда сұр орманды топырақтарда (Щерва С, Гуренович С. М. ), кәдімгі, оңтүстік және Кавказдық қара жерлерде (Кондратьев И. Г., Мельник Л. В. ), сары топырақтарда (Чуманов Я. И., Зеленин Н., Иргашев Э және т. б. ) жүргізілді.
Карбонатты топырақтармен әрекеттесу процесінде аммоний фосфаттары дикальций фосфатқа айналады. Сондықтан аммофостың тиімділігі приципитаттың әсеріне жақындау және жай супер фосфаттың тиімділігінен жоғары.
Аммофос мақта себетін аудандар үшін қолайлы тыңайтқыш болып табылды, Орталық Азияның Республикаларында мақтамен жүргізілген 67 егістік тәжірибелер жай тыңайтқыштарға қарағанда аммофостың артықшылығы көп екендігін көрсетті. Аммофостың есебінен мақта шикізатының өнімі орташа 2, 5 ц/га артты (Петербургский А. В. 1967) . Аммофосты енгізгенде нитраттардың топырақта алмасу реакциясына түспейтінін және аммонийге қарағанда суда жақсы еритінін ескеру қажет. Сондықтан аммофосты енгізгенде тек газ тәрізді жоғалтура ғана болмауы мүмкін. Сонымен қатар, азотты тамыр тіршілік қабатынан тысқары нитраттар түрінде жуу. Бұл өз кезегінде ағынды судың басталуына әкелуі мүмкін. Сондықтан аммофостың азоттың жоғалтуын төмендететін және қолдауң коэффициентін жоғарлататын шығару үлкен ғылыми өндірістік маңыздылыққа ие. Қазіргі таңда белгілі болғандай агрохимиялық ғылым мақта және басқада ауылшаруашылық дақылдарында қолданылатын жоғары нәтижелі минералды тыңайтқыштардың ғылыми негіздерін шығару үшін маңызды көптеген фундаментальді еңбектерге ие. Кейінгі жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолданумен байланысты аса жоғары дамуға жетті. 15N және 14N изотопты бөлігінің көмегімен топырақтағы азоттың тыңайтқышқа айналу табиғатымен әр түрлі жағдайларда оны өсімдіктерді қолдануын танып білу мүмкін болды.
1984-1985 жылдары АТГ, КМП ингибиторын мочевинаның құрамына енгізе отырып, бірнеше тәжірибелер жасалынды. Н. К. Закревская, З. Р. Анфимова (1980) нитраттау ингибиторларының арпамен жүргізілген
11
егістік тәжірибесінде азотты тыңайтқыштардың тиімділіген әсерін зерттеді. Ингибитор ретінде 3 препаратты қолданды:
ЦГ - циангуамидин, ЦП - цианпиримидин, АТГ - аминотриазол-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz