Генетикалық инженерияның жаңа бағыты – клондаудың мәні мен маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ АГРОБИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«Қорғауға жіберілсін»

Ветеринария және агробиотехнология факультеті деканы,

Қ. Ж. Кушалиев.

«»2009 ж.

«Алдын-ала қорғаудан өтті»

«Биотехнология, мал және балық шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Есенгалиев Қ. Г.

«»2009 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Генетикалық инженерияның жаңа бағыты - клондаудың мәні мен маңызы»

Орындаған: БТ-41 топ студенті А. А. Жумашева

Жетекші а. ш. ғ. к., аға оқытушы А. Б. Ахметалиева

Сын-пікір беруші: б. ғ. к., доцент С. Г. Қанатбаев

ОРАЛ- 2009

Жоспар

бет

Кіріспе . . . 3

I Әдебиетке шолу . . . 5

II Клондау түсінігі мен даму тарихы . . . 25

IІІ Зерттеу материалдары мен әдістері . . . 31

3. 1. Клондаудың әдістері . . . 33

3. 2. Клондауға байланысты жүргізілген тәжірибелер . . . 38

3. 3. Клондау саласында шешілмеген негізгі мәселелер . . . 45

3. 4. Клондаудың этикалық және моральдық проблемалары . . . 46

3. 5. Клондау технологиясы алдында тұрған негізгі тапсырмалар . . . 48

3. 6. Клондаудың хронологиясы . . . 50

ІV Қорытынды мен ұсыныстар . . . 53

V Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 57

VI Қосымша . . . 61


Кіріспе

Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар саласындағы генетикалық және клеткалық инженериядағы осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен микроорганизмдер) мүмкiндiктерiн пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада да және стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде.
Табиғатта қиын да әрі нәзік механизм бұл жыныс жасушаларын өз функцияларын орындауға дайындау және оларға жаңа өмір сүруге бастама беру. Тірі организмнің жыныссыз жасушаларын пайдалана отырып, оның көшірмесін алу, яғни клондау, бұл табиғаттың заңдылығына қайшы келетін процесс.

Гендік инженерияның жаңа бағыты клондау әдісі болып табылады. «Клон» термині грек тілінен аударғанда өсінді, бұтақша деген мағынаны білдіреді. Клондау дегеніміз бір - біріне ұқсас жыныссыз жолмен ұрпақ алу. Басқаша айтқанда клондау генетикалық жағынан ұқсас жеке жасушаның немесе ағзаның көшірмесін алу. Демек бұл ағзалар сыртқы көрінісімен ғана емес, жалпы генетикалық жағынан ұқсас болып келеді.

Клондау әдісі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, медицина салаларында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер еңгізуде. Бастапқыда бір өсімдіктен вегетативті жолмен бір топ өсімдік алу мақсатында ауыл шаруашылығында қолданылды. Алынған өсімдік бастапқы өнім берушінің қасиеттерін дәл сол күйінде сақтап қалады, және де өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруда пайдаланылады. Бұл процеске қатысқан организмді клон, ал одан алынған ұрпақты клондау деп атады. Уақыт өте келе терминнің мағынасы жан-жақты зерттеліп, микробиология саласында бір жасушаның ұрпақтары ретінде бактерия культурасын өсіруде қолданыла бастады. Уақыт өте келе әсіресе биомедицина саласында жоғарғы жетістіктерге жетуде.

Бұл саланың негізгі мақсаты: 1) сүтінің сарысуында адам алгоамині бар сиыр шығару. Бұл сарысу күйікті және т. б. ауруларды емдеуге қолданылады. Халықаралық масштабта жылына 500-600 тонна қолданылады. 2) Клондау арқылы белгілі бір өнім бағытындағы (сүт, ет, жұмыртқа, жүн) немесе адамдарға қажет ферменттер (инсулин, интерферон, химозин ) бөліп шығаратын жануарларды алу. 3) адамдарға трансплантациялауға болатын жануарлардың органдарын жасап шығару. Қазіргі таңда бүкіл елде донорлық ағзалардың жетіспеуі орын алуда (бауыр, бүйрек, жүрек т. б. ) . 4) гендік инженерияны пайдалана отырып, трансгенді ауыл шаруашылық өсімдіктерін жасап шығару. Яғни бұл өсімдік-тер өздерін әртүрлі зиянкестерден қорғайды және де белгілі бір ауруларға қарсы тұра алады. Клондау әдісі бұл мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.

I Әдебиетке шолу

В. А. Струнниковтың (1) мәліметтері бойынша көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығы салаларында жоғары өнімді немесе дене бітімі мықты, төзімді жануарларды алу табиғи жағдайда өте сирек кездесетін процесс. Осыған байланысты қоғамда көптеген пікірлер айтыла бастады. Яғни жасанды жолмен өміршенділігі ұзақ, өнімі жоғары жануар жасап шығару. Рекордшы малдар ұзақ өмір сүрмей, ал олардан алынған ұрпақ ата - енесінен барлық қасиеттерді бірдей ала алмайды. Ағзаны қалыптастырған кезде барлық қасиеттері сақталып қалуы үшін анасының генетикалық ақпараттары ешқандай өзгеріссіз ұрпаққа берілуі тиіс. Бірақ табиғи жағдайда бұған мейоз процесі кедергі келтіреді. Жынысты жолмен алынған ұрпаққа ата-енесінің қасиеттері бірдей беріледі. Сондықтанда ғылымның дамуына байланысты клондау әдісі пайда болды. Бұл қиын биологиялық проблеманы медицина саласында терапевтикалық және хирургиялық жолмен шешуге болады.

В. И. Артомановтың ( 2) айтуы бойынша адамды клондау бүкіл әлемде кереғар пікір тудырып отыр дегенге келісуге болмайды. Бұл әдісті кейбір елдер ғылыми жобаларына еңгізіпте үлгерді. Клондау әдісінің адамзатқа берер тиімділігін ол екі сатыға бөліп қараған. Пайдалы жағы, осы әдіс арқылы ағзаның кейбір мүшелерін өсіріп, оны ісік, коллагенез, күйік және альцгеймер ауруларын емдеуге жағдай туғызуға болады. Бұл әдістің адам ағзасын алмастыруда болашағы бар. Ал зиянды жағы, ол бірінші этикалық жағы. Қазіргі кезде христиан және котолик шіркеулері адамды клондауды айыптауда. АҚШ президенті адамды клондауға тәжірибе жасауға тыйым салатын жарлық шығарған.

Н. С. Егоровтың (3) деректері бойынша клондау әдісі жасушаның дамыған ядросы барлық ағзаның қасиеттерін дәл сол күйінде сақтап тұратындығын дәлелдеу жағдайында ашылған. Осы салада ең алғашқы жетістікке жеткен Корнель университетінің профессоры Стюардом. Ол қажетті қоректік заттары мен дәрумендері бар ортада жеке дара жасушаны өсіріп, оның дамып екіге бөлінетіндігін көруге болатындығын дәлелдеді.

А. В. Акуличеваның (4) айтуы бойынша клондау дегеніміз - жасарудың бірден - бір жолы. Соңғы жылдары жасанды жолмен яғни клондау әдісі арқылы адамды алу туралы көптеген пікірлер айтылуда. Біреулері Гитлер немесе оған ұқсас, енді біреулері қарапайым халықты жойып жіберетін әлде бір құбыжықтар пайда болама деген қорқыныштарын білдіруде. Жағымды жақтарына келетін болсақ жетіспейтін ағзаларды алып, трансплантациялауға, баласы жоқ немесе баласы қайтыс болған адамдарға өз баласының өшірмесін алуға көмектеседі. Яғни қоғамда болып жатқан келенсіз мәселелерді шешуде маңызды роль атқарады.

М. Е. Лобашевтің (5) деректері бойынша биологияда клондау дегеніміз организмнің немесе белгілі - бір объектінің, мысалға, жасушаның әлде геннің дәл көшірмесін алу. «Клон» сөзі грек тілінен аударғанда өсінді, бұтақша деген мағынаны білдіреді. Бастапқыда бір өсімдіктен вегетативті жолмен бір топ өсімдік алу мақсатында ауыл шаруашылығында қолданылды. Алынған өсімдік бастапқы өнім берушінің қасиеттерін дәл сол күйінде сақтап қалады, және де өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруда пайдаланылады. Бұл процеске қатысқан организмді клон, ал одан алынған ұрпақты клондау деп атады. Уақыт өте келе терминнің мағынасы жан-жақты зерттеліп, микробиология саласында бір жасушаның ұрпақтары ретінде бактерия культурасын өсіруде қолданыла бастады.

К. В. Ваттидің (6) мәліметтеріне сүйенсек жануарларды репродуктивті клондау клеткалық технология мен гендік инженерияның жетістіктеріне байланысты пайда болды. Бұл әдіске көптеген ғалымдар мен қоғамда қызығушылықпен назар аударуда. Репродуктивті клондауда соматикалық жасушалардың жасушалық ядросын ядросы жойылған жұмыртқа жасушасына отырғызу тәсілі қолданылады. Ол өгей шешенің жатырына еңгеннен кейін әрі қарай дамып, одан донор ядросынан аумайтын, яғни ұқсас ұрпақ алуға болады. Ұрпаққа берілетін қасиеттің белгілі бір бөлігі митохондриальдік хромосом гендерінде сақталады. Клонды жұмыртқа жасушасының цитоплазмасынан алады. Өкінішке орай, әдістің қиындығына байланысты сүтқоректілердің дені сау бір клон түрін алу үшін осы әдісті 200-300 рет қолданған кезде ғана нәтиже береді. Соған қарамастан осы уақыт ішінде әлемге танымал Долли қойы және тағыда басқа ондаған жабайы, қолға үйретілген жануарлар түрлері алынуда. Репродуктивті клондау әдісі ғылымда ғана емес, соңымен қатар ауыл шаруашылығында жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сақтап қалуда, өнімділігін көбейтуде және жаңа түрін шығаруда қолданылады.

Б. В. Конюховтың (7) зерттеулері «Долли қойы заңдылық па, жоқ әлде кездей соқ оқиға ма?» бойынша жүргізілді. Юристер мен политиктердің арасында адамды клондау әліде шешілмеген мәселе. Жақында биология саласының білікті ғалымдары Долли қойын алу кезінде жүргізілген тәжірибенің күмәнді екендігі туралы өз пікірлерін білдірді. Бұл айтылған пікірлер генетиктер арасында үлкен дауға ұласты. Бірақ Шотландиядағы Рослинг университетінің ғалымы Ян Уилмут өз әріптестерімен бірге бұл күмәнді пікірлерді жоққа шығарды, өмірге Долли қойы келді. И. В. Березиннің (8) айтуы бойынша терапевтикалық клондау болашағы бар әдіс. Терапевтикалық клондау арқылы генетикалық жағынан донор ядросына ұқсас эмбрионы бар жыныс жасушаларын алуға болады. Алынған өнімді клеткалық терапияның материалы, гендік инженерияның шикізаты, болашақта медицина саласында тапшы ағзаларды өсіріп шығаруға қолданылатын материал ретінде пайдалануға болады. Мысалға, Паркинсон ауруымен ауыратын ағзаның ауру ДНҚ-нан эмбрион жасушасын бөліп алып, оны қайта өзін емдеуге пайдалануға болады. Кейін ол ауру ағзаның иммундық жүйесінен бөлінбей бірге қызмет атқарады. Бүкіл әлемде ғалымдардың бірнеше жылғы еңбегінің нәтижесінде терапевтикалық клондау әдісінің әдістемелік нұсқауы жасап шығарылды. Жақында Жапония мен АҚШ-тың бір топ ғалымдары гендік инженерия әдісі арқылы фибробласттың ересек терісінің клеткаларын қайта өңдеу арқылы одан адам денесінің клеткаларына ұқсас клетка алуға болатындығын дәлелдеген.

В. И. Артамоновтың (9) деректері бойынша клондау негізінен вегетативті көбеюге жатады. Өсімдіктерді өсінділерінен, жасушаларынан, тамырлары-нан көбейту 4 мың жылдай уақыттан бері белгілі. ХХІ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап өсімдіктерді клондау үшін шағын топтарды және соматикалық жасушаларды кең көлемде пайдалана бастады. Өсімдік жасушасының жануар жасушасына қарағанда айырмашылығы: өсу қарқыны мен оның тотипатенттілігі, яғни ядрода қалыптасқан барлық генетикалық ақпаратты дәл сол күйінде сақтап қалу қасиеті бар. Практикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, әрбір өсімдік жасушасы жаңа организмнің қалыптасуына септігін тигізеді. Бұл негізінен генетикалық және селекциялық әдістерге негізделген.

М. Е. Бекердің (10) айтуы бойынша клондау дегеніміз - бұл тірі ағзамен болатын процесс, нәтижесінде белгілі-бір тірі ағза алынады. Қазіргі таңда қоғамда клондау керек пе, жоқ па деген сұрақ туындап отыр. Time/CNN АҚШ-та азаматтарымен жүргізген сұхбатқа сүйенсек адамды клондауға 93%-ті, ал жануарды клондауға 66%-ті қарсы екендерін білдірген.

А. Б. Тыныбековтың (11) мәліметтері бойынша клондау қиын да, әрі қымбат әдіс болып саналады. Бізде америкалық ғалымдардай мүмкіндік жоқ. Олардың клондау әдісі біздің қалтамызды көтермейді. Дегенмен қазіргі биотехнологиялық даму заманында тек қана алға ұмтылу қажет. Азотпен қатырылған эмбриондар арқылы клондаудың қарапайым әдісін жүзеге асыруға болады. Ол үшін қойға салынатын эмбрионды екіге бөліп салып, қойды арнайы инкубаторда бақылауға аламыз. Бір жұма өткен соң екіге бөлінген эмбрион жатырға түсіп, өз нәтижесін береді. Бұл жерде «эмбрионды екіге бөле салса бітті, қой клондалып шыға келеді» деген ой қалыптаспауы керек. Бұл тәжірибе кейде сәтті шықпауыда мүмкін. Бір қызығы клондалған қойдың сырт пішіні, ағзалық құрылысы, құрылымы тәжірибеде қолданған қойдан ешқандай айырмашылықсыз болып шығады. Біз Англиядан әкелінген төрт қошқардан осы әдіс арқылы бұл күні 52 қозы алып отырмыз. Бұл - сирек кездесетін дүние. Асыл тұқымды малды көбейту мақсатында осы тәсілді қолдану - таптырмайтын әдіс, - дейді акдемик Мәкен Молдабайұлы.

Г. Н. Остроумовтың (12) деректері бойынша 1997 жылдың 23 ақпаныңда әлемде жаңа үлкен өзгеріс болды. Алғашқы рет адам жасанды жолмен ересек жануардың генетикалық көшірмесін, яғни сүтқоректіні алды. Долли қойының қарапайым тілмен айтқанда әкесі жоқ, оның дамуына анасының екі ген жиынтығы септігін тигізді. Бәрімізге белгілі, әрбір ересек ағзаның соматикалық жасушалары барлық нәсілдік қасиеттерді түгелдей сақтап тұрады. Ал жыныс жасушалары тек жарты генді алып жүреді, сондықтанда аталық және аналық жыныс жасушалары қосылған кезде ғана жаңа организм пайда болады. Соматикалық жасушаларды пайдалана отырып, тірі организмді алу процесі клондау деп аталады.

Н. Гриннің (13) пікірі бойынша клондау әдісінің бағасының қанша тұратының нақты айту мүмкін емес. Бұл жайт әзірше Батысқа ғана белгілі. Бірақ қарапайым «Жигулидің» бағасы емес, одан қымбатырақ екені айдан анық. Өз басым клондау әдісіне қарсымын дейді. Себебі әр адам - жеке тұлға. Адамды клондау дегеніміз - бір адамнан екінші адамның көшірмесін жасап шығару. Сондықтанда қазіргі таңда ғылымның осы бір түсініксіз тұсын «дамыту керек пе, әлде жоқ па?» деген мәселе төңірегінде мұқият ойлануымыз керек.

У. Стауттың (14) деректеріне қарасақ «Клонэйд» медицина компаниясы-ның президенті Б. Буасселье адамды клондау процесі жалғаса беретіндігін жасырып отырған жоқ. Осыдан біраз жылдар бұрын жатырдан тыс ұрықтандыру адамзатқа құбыжық дүние болып көрінген. Ал бүгінде әлемнің біраз елдерінде халықтың игілігіне айналып отыр. Бұл әдіс тиым салынбаған елдерде жүзеге аса беретіні анық. «Клонэйд» компаниясы 2002 жылы осы клондау әдісі арқылы «Ева есімді қыз дүниеге келді» деп жариялаған болатын. Бірақ аталмыш ұйым Еваның туғаның жөнінде жеткілікті дәйектемелер берген жоқ. Бұл жаңалық заңды құжаттармен дәлелденбеген. Сондықтанда әзірше клондау әдісінің төңірегіндегі жаңа-лықтарға сенімсіздікпен қараған жөн.

Ф. Киберштерннің (15) мәліметтері бойынша мүшелер мен жасушаларды клондау транспланталогия, травматология және тағы да басқа медицина, биология салаларының ең негізгі тапсырмалары болып саналады. Клондалған мүшені басқа ағзаға орналастыру кезінде рак немесе басқада аурулар пайда болама деген қорқыныш болмауы керек. Клондалған мүшелер - әртүрлі жол апаттарына немесе ауруларға ұшыраған (жүрек, бауыр т. б. ) адамдарды өлімнен аман алып қалудың бірден бір жолы. Клондаудың ең басты жағымды жағы бала сүйе алмаған адамдарға өз балаларын бағуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Республикалық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек әрбір алтыншы - жетінші жанұя бала көтере алмайды. Бұл өте қайғылы оқиға. Сондықтанда осы әдіс арқылы бұл мәселені шешуге болады.

М. М. Асланянның ( 16) деректері бойынша клондау әдісі қазіргі таңда жаңалық емес. Табиғатта қарапайым клондау кездеседі, бұл - бір бактерияның немесе амебаның көбеюі. Олар бірнеше жасушаға бөлінеді, бөлінген жасушалар бастапқысына дәл ұқсас болады - ол клон деп аталады. 60-шы жылдары өсімдіктерді клондауды үйрене бастады. Егер өсімдік жасушасын оның сыртқы қатты қабатынан босатып, оны өсу гармонымен өндесек ол бөліне бастайды, яғни каллус құрайды. Каллус - бөлінген жасушалардың жиынтығы. Ал әрбір бөлінген жасушаның жаңа өмір бастауға қабілеті бар. Егер каллустың бір бөлігін бөліп алып, топыраққа отырғысса одан бастапқы өсімдікке ұқсас өсімдік өсіп шығады. Бұл әдіспен Батыс Германияда Мельхерсом, Ресейде кореспондент мүшесі, өсімдіктер физиологиясы институтының академигі Р. Г. Бутенко айналысты. Селекционерлер үшін бұл өте маңызды. Себебі олар осы әдіс арқылы өздеріне қажет немесе жойылып бара жатқан өсімдік түрін ала алады. Қарапайым жануарларды немесе өсімдіктерді будандастырған кезде ата - енесінің қасиеттерінің ұрпаққа тек 50% ғана беріледі. Сондықтанда соматикалық жасушаны пайдаланып, жануарларды клондау көптеген генетиктардың арманы болды.

Е. И. Каликинскаяның (17) пікірі бойынша соматикалық жасушаның жыныс жасушасынан айырмашылығы тек оның бүкіл генетикалық ақпаратты сақтап тұратындығында емес. Бұл жасушалар дайындық кезенінен өткен немесе дифференцияланған. Әрбір ересек жасуша өз қызметін, өз функциясын біледі. Бауыр жасушасы жүйке жасушасынан құрылысы бойынша өзгеше, бірақ дифференциялау процесінен кейін екеуіде өзгеріп, ағзада өз қызметтерін дұрыс атқаруы жақсарды. Мысалға, дифферренция-лаудан өткен ағзадағы қызыл қан жасушасы, эритроцит, оның ядросы жоқ, демек ДНҚ мен тұқым қуалаушылық қасиеті жоқ. Сондықтанда ағзаның әрбір жасушасынан тірі жануар алына бермейді.

Е. И. Рогаевтің (18) зерттеулеріне қарасақ шыныменде дефференцияланған жасушаларда өзгерістер пайда болады. Тек сыртқы көрінісі ғана емес, ішкі құрылысыда өзгеріп отырады. Мысалға, жүйке жасушаларында өсінділер пайда болады, сол арқылы жүйке импульстері беріліп отырады. Сонымен қатар оларда ДНҚ өзгереді, кейбір бөлігі «өшіп» қалады, ал қалқаны жұмысын атқарады. Мұндай «өшіп» қалған ген бөлігін ДНҚ-да химиялық өзгерістер қадағалап отырады. Әр бір ағзаның жасушасының функциясы мен қызметі әртүрлі, ол бір жасушада белгілі бір геннің «өшкенің», енді бір жасушада басқа бір геннің «өшкенің» анықтауға мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі құрылысының өзгеруі. Мысалға, жыныссыз клеткалардың бөлінуіне байланысты хромосома соңы да қысқара береді. Сондықтанда жасуша үздіксіз бөліне бере алмайды, белгілі уақыттан кейін өліп қалады. Жыныс жасушаларында даму кезінде хромосома ұштарын әрдайым өсіріп отыратын арнай фермент қызмет атқарады. Рак жасушаларының ұштарыда үнімі өсіп отырады, сол себепті қазіргі таңда осы ферменттердің қызметін жоятын препараттар дайындалу үстінде. Ағзада дефференцияланған және дефференцияланбаған жасушалар арасында айырмашылықтың маңызы зор. Шотландтық ғалымдар дефференцияланған жасушаны пайдаланды. Бұл - өте қиын да, әрі қызық даму механизмі.

А. С. Кривохарченконың (19) айтуы бойынша клондаудың пайда болуына бастапқыда негіз болған, эмбриональді жасуша культурасымен зертханада жүргізілген тәжірибе, яғни ағзаның дефференцияланбаған жасушасы, ол үздіксіз шыны ыдыстарда көбейе береді. Кейін оны кез - келген рецепиент ағзаға отырғызып, одан тірі жаңа ағза алуға болады. 70-ші жылдардың басында осы әдісті пайдаланып, америкалық зерттеушілер Эванс, Мартин және Кауфман тышқанға тәжірибе жүргізді. Жатырға әлі түспеген тышқанның эмбрионынан жасуша алып, арнайы дайындалған қоректік ортаға отырғызды. Яғни олар жасанды жолмен жасушаны өсірді. Әлемге әйгілі Долли қойын алар кезде пайдаланылған эмбрион жасушасы бір жыл бұрын зертханалық жағдайда дайындалған. Мұндай жағдайда өсірілген жасушаға кез - келген қажет генді орналастырып, өзімізге қажет болған генотипі бар жануарды алуға болады.

В. И. Кузнецовтың (20) пікірі бойынша клондау дегеніміз - бұл жасанды жолмен ағза - клонды алу, генетикалық жағынан донор организмге ұқсас. Жануарларды клондауда ең алғашқы «оң» нәтижеге жеткен ағылшын эмбрионологі Дж. Гордон. Ол 1970 жылдың орта шамасында амфибияға тәжірибе жүргізді. Амфибияның жұмыртқа жасушасындағы ядроны алып тастап, оның орнына ересек бақаның соматикалық жасушасын салды, нәтижесінде дернәсіл пайда болды. Клондау технологиясын пайдалану фенотипі мен генотипі бірдей жануар алуға мүмкіндік береді. Олар арқылы ауыл шаруашылығындағы және биомедицина салаларындағы әртүрлі теориялық және практикалық шешілмей жүрген тапсырмаларды орындауға болады. Клондау әдісінің арқасында рекордшы мал санын көбейтуге, өнімділігін жоғарылатуға және селекциялық генетика жұмыстарын тездетуге мүмкіндік туды.

В. А. Игнатованың (21) деректері бойынша трансген мен клондау әдісі бірігіп, қосымша құнды биологиялық белсенді ақуыз алуға мүмкіндік береді. Олар адамдардың әртүрлі ауруларын емдеуге мүмкіндік береді. Жануарларды клондау әртүрлі медициналық препараттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни олар «жануарларға зиян ба, жоқ па?» деген сұрақтарға жауап алудың бірден - бір жолы. Медицина саласында клеткалық терапия бөлімі үлкен жетістіктерге жетуде. Бұл сала клондалған жасушалармен жұмыс жүргізеді. Бұл жасушалар ағзада жетіспеген жасушаларды толықтырып отырады, әсіресе олар трансплантациялау кезінде бөлініп кетпеуі керек. Жануарларды клондау технологиясы, сонымен қатар, кең көлемде ағзаларды , яғни адамға қажет мүшені сәйкес келетін клондалған жануардан алу мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар биотехнологиясы. Аналық малды ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру
Жасушылық инженерия
Жасушалық инженерия туралы
Гендік инженерия негіздері. Трансгендік ағзалар, медицинамен фармацияда қолданылуы
Клеткалық инженерияның мәселелері
Трансгеноз сатылары және трансгенді ағзалардың бағыттары
ДНҚ молекуласын енгізу
Жануарларды клондау
Ағзаларды клондау
Клондау әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz