Қазақстанда тауар нарығының дамуын басқару жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Аймақтық кешенін дамыту әлемдік қаржы дағдарысына қарсы іс-шаралардың
негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Тауарлар нарығындағы
агромаркетингті жетілдіру осы бағыттағы әрекеттер жоспарын жүзеге асыру
тетіктерінің негізі болып отыр. Бұл жағдай маркетингтің рөлі мен маңызы
туралы көзқарастарға сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың
ақпан айындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты" атты Жолдауында: "Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға
өсу үстінде және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда,
сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет"- деп атап өтті. Сондықтан, ауыл
шаруашылығы өнімдерінің нарықтағы тиімді орналасуының маңызы зор. Салынған
ақша нәтижелі болуына қол жеткізу үшін, аграрлық өнімдердің тауарлар
нарығында нық орнығуының мәні үлкен.
Нарықты экономика жүйесінде ойдағыдай қызмет етіп, тұтынушыларды
барынша қанағаттандыру және пайда табу үшін маңызды мәселенің бірі агро-
өнімдерін қай нарыққа шығару қажеттігін анықтау екендігі мәлім.
Өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы агроөнімдер маркетингі көп ретте
жарнама және тауар өткізу ісіне бағытталған. Бұл бірқатар объективтік және
субъективтік себептермен түсіндіріледі. Нақтырақ айтқанда, нарықтық қаты-
настар дамуының төмен деңгейі, қаржы болмауынан туындаған қиындықтар,
мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектеулілігі, берілген жүйе
бойынша ғылыми-зерттеулер мен ізденістердің жетіспеушілігі, нарықтық
тауарлар инфрақұрылымының төмен деңгейлігі және кәсіпорында маркетингтік
кызметті дұрыс жолға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі, яғни дә-
лірек айтқанда, маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін әдістердің әдістемелер деңгейінде ғана қолданылуы сияқты келеңсіз
факторлар себебінен жарнамалық қызмет деңгейінде қалып отыр.
Агромаркетингті жүзеге асыруға арналған еңбектер шетел тәжірибесін
қолдануға бағытталғандықтан Қазақстандағы экономикалық жүйенің ерекше-
ліктері мен жағдайларын ескере бермейді. Маркетингтің негізгі заңдылықтары
мен әдістері біріңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың
барлық саласында қолданылады. Шетелдік деректерге сүйенсек, олар нақты бір
фирмаға жан-жақты жасалған талдау арқылы құрылған ғылыми негіздемесі болған
жағдайда ғана маркетингті табысты түрде қолдануға болады деп тұжы-рым
жасайды. Қазақстанда нарық кезеңінде маркетинг қызметімен айналысу тә-
жірибесінің аздығына байланысты қалыптасқан жағдайда қиындықтар кезде-суде.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік тауарлар нарығында немесе тұтынушылар нарығында
болсын агромаркетингті жетілдіруде экономикалық-математикалық әдістерді
қолдану жағдайы сирек кездеседі. Сондықтан, маркетингті іс жүзінде
ұйымдастыру және оның тиімділігі мен сапалылығын көтеру маңызды мәселе
болып табылуда.
Сонымен, жоғарыда көрсетілгендей, агроөнімдер маркетингін жетілдіру-
дің қажеттілігі осы диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігін
айқындайды және оның маңыздылығын сипаттайды.
Маркетингтік зерттеулердің мақсаты нарықтан алынған ақпараттар негі-
зінде оңтайлы басқару шешімдерін жасап, шаруашылық қызметте пайдалануға
ұсыну. Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымының маңызды бөлігі
ретінде өнеркәсіп тауарлары нарығы саласын дамытуға көп көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, оның дамуы қарқынын Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуына
себепші болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы
агроөнімдер маркетингін жетілдірудің экономикалық-ұйымдас-тырушылық
жақтарын зерттей отырып, осы өнімдердің нарықтағы алар орнына талдау
жүргізу және өнімдерді тиімді орнықтыруда әдістемелік нұсқаулар дайындап,
нақты тәжірибелік ұсыныстар беру. Айтылған жұмыстың мақсатына қол жеткізу
үшін келесі міндеттер алға қойылды:
- Қазақстандағы өнеркәсіп тауарлары нарығына шолу жасай отырып,
агромаркетингті қалыптастырудың тетіктерін анықтау;
- тауарлар нарығындағы агроөнімдерді тиімді орналастыру бойынша
жүргізіліп отырған іс-шаралар мен бағдарламалардың бағыттарын талдау;
- өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы агроөнімдерді тиімді
орналастырудың негізгі бағыттарын анықтау;
- агроөнімдерді орнықтырудың және тауарлар нарығындағы агроөнімдердің
үлесін арттырудың тиімді тетіктері бойынша ұсыныстарды енгізу;
- агроөнімдер маркетингін жетілдіру мен оның тәжірибелік нәтижелерін
бағалауда кластер құрудың тиімділігін ғылыми негіздеу;
- өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы агроөнімдер маркетингін жетілдіру
бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Агроөнімдерді нарықта орнықтыру ерекшеліктерін зерттей келе,
диссертацияның ғылыми жаңалығын анықтайтын келесі тәжірибелік нәтижелер
алынды:
- іздену жұмыстарының негізінде агромаркетингтің нарықтағы
экономикалық мазмұны жан-жақты тиянақталды;
- агроөнімдердің өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы орналасуына ықпал
етуші факторлар және олардың агроөнімдік тауарлар нарығын бөлшектеудегі
мәні мен ерекшеліктері анықталды;
- агроөнімдер нарығын жетілдірудегі мемлекеттік реттеу іс-шараларының
негізгі бағыттарын анықтау мақсатында агромаркетингтік қызметтің
ерекшеліктеріне баға берілді;
- агроөнімдер маркетингін жетілдіруде кластер құру қажеттілігі мен
шарап өндіруші кәсіпорындардың қаржылық мүмкіншіліктерінің артатындығы және
осы саланың табыстылығын көтеруге мүмкіндіктер болатындығы ғылыми
негізделді;
- агромаркетингті жетілдірудің тиімді жолдары мен агроөнімдердің
нарықтағы үлесін арттыратын экономикалық математикалық үлгілері ұсынылды.
- өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы агромаркетингті
қалыптастыру мен дамытудың теориясы мен әдістемесі;
- агроөнімдер маркетингін жетілдіруде кластер құру
қажеттігінің және шарап кластерінің осы саланы
жандандырудағы мүмкіншіліктерінің ғылыми негіздемесі;
- өнеркәсіптік тауарлар нарығында аграрлық өнімдерді
орнықтырудың және агромаркетингті жетілдірудің тиімді
жолдары;
- агромаркетингті жетілдіру мен келешектегі даму бағытын
анықтайтын экономикалық - математикалық үлгілері мен
нәтижелері.
Ғылыми-тәжірибелік маңызы шарап және сыра өндіруші кәсіпорындарының
ұйымдық-экономикалық іс-әрекеттерін жетілдіру жолдары осы диссертацияда
қолданылған әдістемелік тәсілдер және ұсыныстар мен қорытындылардың іске
асыру мүмкіндігі анықталады. Бұл өндіріс шығындарын азайтуға, өндірістік
қорларды ұтымды пайдалануға және тұтынушылардың талғамын ескере отырып,
өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

1.Тауарлы шаруашылықтың мәні
1.1 Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы
Тауар нарықтарының дамуын басқару iшкi нарықта тауарларды еркiн өткiзудi
қамтамасыз ету, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен елiмiз халқының оларға
деген төлем қабiлетiнiң сұранымын неғұрлым толық қанағаттандыру, отандық
тауар өндiрудi дамыту және әлемдiк тауар нарықтарында еркiн сатуды
қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Осы аталған мақсаттарға сүйенiп, Қазақстан Республикасының атқарушы
органдары төмендегi мiндеттердi шешудi қамтамасыз етедi немесе ықпал
жасайды:
жоғары тиiмдi, iшкi және әлемдiк нарықтарда бәсекеге қабiлеттi
өндiрiстердi қалыптастырады;
ұлттық тауарлық нарықтарды iшкi нарықтардың келеңсiз ықпалынан,
арамза бәсекелестiктен қорғайды;
экономиканы монополиясыздандырады және Қазақстанның нарықтарында
бәсекелестiктi дамытады, тауар нарықтарында шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң үстемдiк жағдайын терiс пайдаланудан сақтандырады және
болдырмайды, монополиялық құрылымдар құруға немесе сақтауға қарсы iс-қимыл
жасайды;
өндiрушiлер мен экспорттаушылардың баға саясатын үйлестiредi;
iшкi тауар нарықтарының дамуында әкiмшiлiк-аймақтық кедергiлердi
жояды;
әлеуметтiк және экономикалық маңызы бар тауар өндiрудiң басымдылығын
анықтайды және ынталандырады;
елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн, азық-түлiктiк және энергетикалық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
отандық өнiмдердiң әлемдiк тауар нарықтарына өтуiн және жеткiзiлуiн
тиімдiлiкпен реттеп отырады.
Тауар нарықтарының дамуын, iшкi нарықты қорғауды мемлекеттiк басқару
экономикалық реттеулер жүйесi мен әкiмшiлiк шаралар арқылы жүзеге
асырылады, оған:
мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру;
тауар нарықтарының дамуына болжау жасау;
басым және әлеуметтiк маңызы бар өндiрiстердi дамыту үшiн
орталықтандырылған инвестицияларды бағыттау және сыртқы заемдарды тарту;
отандық тауар өндiрудiң дамуын ынталандыру және оның жеделдетiлген
амортизация, жеңiлдетiлген салық салу мен басымдылықпен несие беру арқылы
экспорттық әлеуетiн көтеру;
сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу;
тауарларды импорттауға қатысты тергеулер жүргiзу және қорғау
шараларын енгiзу;
техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық
және экологиялық стандарттар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлар сапасын
бақылау;
iшкi сауда ақпараты жүйесiн және ақпараттық-консультациялық
қызметтердi құру арқылы республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн
ақпараттық қамтамасыз ету;
экспорттық несиелердiң кепiлдiгi мен сақтандыру жүйесiнiң жұмыс
жасауын қамтамасыз ету;
тауарларды экспорттауды дамыту жөнiнде жарнама шаралары мен
нарықтарын жүргiзу жатады.

2. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері
2.1. Тауар-ақша қатынастарының дамуы. нарықтық шаруашылықтың негізгі
сипаттамасы
Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. тауар-ақша қатынастарының дамуы. нарықтық
шаруашылықтың негізгі сипаттамасы
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға
бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және
тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады.
Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.
Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген
өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.
Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге
болады.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі
болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының
қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік
береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа
шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін
өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:
- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға
бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда өндірдік- тұтындық- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі
кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік
рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан
экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп-
өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім
шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі,
яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жеке меншіктің болуы; тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары
арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы
қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы
өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін
қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу
қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің
екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен
сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен,
жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан
тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші
шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз.
Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды
жасайтын бір еңбектің екі жағы.
Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық
еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның
мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен
(ҚҚЕШ) өлшенеді.
Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының
көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік
ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар
айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе
бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп
шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы
басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл
құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа
тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент
деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен
алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс
алады.
Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета
алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета
храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы
сонда болған.
Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен
тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін
несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда
басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады.
1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің банкнот деп аталатын қағаз
ақшаларын шығара бастады.
Тауар айырбасының дамуына байланысты ақша теориясы дүниеге келді.
Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды,
яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте
айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны
екінші тауардың құнына теңестірілді.
Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға
тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен
салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде
арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент
рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта
ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент
рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну
құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б.
Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық
қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі
ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды: яғни
· металдық
· номиналдық
· сандық теорияларна байланысты болады.
Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни
ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік
ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері меркантелистер мектебінің
өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны
әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді-
ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және
бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай
байланысы жоқ. Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және
американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін
қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық
негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі
айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.\
Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң
кезінде 1769 жылы пайда болды.
Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен
тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны
талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.
Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан
тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.
2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады,
себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім
сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл
қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады.
Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның
қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін
әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет
3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта
отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын,
жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие
қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель,
банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша.
Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың
өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.
4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және
жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге
пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін
қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің
белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық
кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу
үшін маңызды.
5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі
тұрақты валюта болып табылады.
Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші
орында болады.

3 . Қазақстанда тауар нарығының дамуын басқару жолдары
3.1. Мониторингтi және тауар нарықтарының дамуын басқаруды
Қазақстанның тауар нарықтарының дамуын басқару республикалық
және аймақтық мемлекеттiк органдар арқылы жүзеге асырылады, оларға
төмендегi мiндеттер:
iс-қимылды үйлестiру және бақылау, мемлекеттiк саясатты iске асыру,
нарықта заңды және жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасау;
шетелдiк технологияларды, ноу-хауды, инвестицияларды тарту арқылы
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстi дамытуға ықпал жасау;
осы Тәртiптiң 2-бөлiмiндегi 6-15-тармақтарына сәйкес тауар нарықтары
бойынша ақпараттар жинау мен тарату;
экспорттың тиiмдi жүйесiн арттыру мен қалыптастыру;
елдiң өндiрушiлерi мен экспорттаушыларының әлемдiк нарықтағы
мүдделерiн қорғау;
қолда бар экономикалық жағдайларға зерттеу жүргiзу, тауар нарықтарын
дамытуды басқару, Қазақстанның және оның шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғау жөнiнде халықаралық сауданың
экономикалық саясатын жасау және Үкiметке ұсыныстар әзiрлеу, экспорттық
ахуалды, экспорттық инфрақұрылымдарды, экспортты рәсiмдеудi ықшамдау
мәселелерi бойынша Үкiметке ұсыныстар дайындау және консультация беру;
ұлттық экспорттық дамудың бағдарламалары мен жоспарларын жасау және
олардың орындалуын қамтамасыз ету;
тауарлардың қозғалысы жөнiнде халықаралық, аймақтық және ұлттық
ұйымдармен тұрақты байланыстарды жолға қою;
өндiрушi-экспорттаушылардың тәуелсiз, мемлекеттiк емес, коммерциялық
емес бiрлестiктерiн қалыптастыру және дамытуға ықпал жасау;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жаңа өнiмнiң маркетингi, жаңа
нарықтарға шығуы, әлемдiк және iшкi нарықтарға баға беру бойынша шаруашылық
жүргiзушi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
Қаржы нарығының мәні мен механизмі
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Дүниежүзілік туристік қызметтерді ұйымдастыру және басқару
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының бағыттары мен жағдайы
Пәндер