АДАМ МЕН МАШИНАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
АДАМ МЕН МАШИНАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Оқу-әдістемелік кешен

Алматы – 2009 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітемін
Ғылым және халықаралық
байланыстар жөніндегі
проректор
___________К.Ж.Қожахметова
__________________2009ж.
.

АДАМ МЕН МАШИНАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Оқу-әдістемелік кешен

Күндiзгi - шифр, мамандық, семестр, кредит саны, бақылау формасы:
2 жылдық: 6N0602- Информатика 1 семестр - 2 кредит, емтихан;

Алматы – 2009 ж

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі дайындаған жалпыға
міндетті білім беру стандарты және типтік оқыту бағдарламасы негізінде
құрастырылған.

Оқу-әдістемелік бағдарламаны құрастырушы: ф.-м.ғ.к., доцент м.а.
Э.А.Бакирова

Кафедраның ____ _______________ 2009ж. мәжілісінде
талқыланған, хаттама №___

Кафедра меңгерушісі _____________ т.ғ.к.,доцент Г.И.Салғараева

Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде
талқыланып, бекітілген ____ ____________ 2009 ж. Хаттама №___

Факультет ОӘК төрағасы ______________п.ғ.к., доцент С.Е.Елубаев

КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы ______________ ф-м.ғ.к., доцент С.Ә.Исаев
____ _______________ 2009 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus

Оқытушылар туралы мәліметтер
ф.-м.ғ.к., доцент м.а. Э.А.Бакирова

Байланыс түрі:
ж.т. 233-18-41
Кафедрада болатын уақыты: 830 – 1800

ПӘН БОЙЫНША ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Адам мен машина өзара әрекеттестігінің проблемалары мен әдістерін
зерттеу. Бұл когнитивтік психология, түрлі ақпараттық жүйелерді өңдеу
қағидаларының, интерфейстер дизайнының сауалдарын зерттеуді,
магистранттардың компьютерлік ғылымдар аумағындағы білімін кеңейтуге өз
әсерін тигізетін адам мен машина өзара әрекеттестігі аймағындағы жаңа
ғылыми жұмыстармен таныстыруды қамтиды.
Пәнді оқыту мәселелері: түрлі ақпараттық жүйелердің өңдеулерінің
ғылыми қағидаларына, тиімді интерфейстерді құруға үйрету.
Бұрын оқытылған пәндер тізімі: программалау тілдері web-программалау.
Білім, біліктілік және дағды минимумы: адам проблемаларын түсіне алу
(мүгедектер проблемаларын да), usability қағидаларын ақпараттық жүйелерді
құруда қолдана білу, адам мен машина өзара әрекеттестігі тұрғысынан
түрлі ақпараттық жүйелерге баға беру.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Адам мен машинаның өзара әрекетестігі арнайы курсын оқытудың мақсаты
– магистранттарды компьютермен әрекеттестігін және оны әртүрлі салада
қолдану мүмкіндіктерімен, негізгі әдістерімен және құралдарымен толық
таныстыру. Адам-компьютер интерфейсінің құрамдық бөліктері, көп терезелі
интерфейстерді пайдалана алатындай деңгейге жеткізу. Интерфейсті қолдайтын,
бағдарламалық қамтамасыздандыру, кез-келген жүйеде тапсырманы орындау
процесінен бөлек қарастырыла алады.

Адам мен машинаның өзара әрекетестігі пәнінің негізгі міндеті -
магистранттарға базалық енгізу-шығару процестерінің мысалында диалог
құрылымдарының негізгі қасиеттерін, адам-компьютер интерфейсінің жақтауында
бағдарламалық қамтамасыздандыру туралы негізгі білімді беру. Пәнді оқып
болғаннан соң магистранттар диалог түрлерін, қолданушының дайындық
деңгейіне диалогтың адаптация мүмкіндігін, диалогты көрсетудің аналитикалық
әдістерін білулері тиіс. Магистранттар қолданушының әр түрлі статусында
адам- компьютер жүйесінде интерфейс құру мүмкіншілігі және мәселелерді оқу,
интеллектуалды интерфейс құрудың негізгі аспектілеріне анализ жасай алулары
қажет.
Пәннің пререквизиттері:
- объекті-бағытталған бағдарламалау;
- жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру;
- жүйелік бағдарламалау.

Пәннің постреквизиттері:
- компонентті технология;
- ақпараттық жүйені жобалау;
- интеллектуалдық желілер;
- жасанды интеллект теориясы.

Курстың саясаты мен процедурасы
Курстың саясаты – бұл оқытушының курсты оқыту барысында магистрантқа
қоятын талаптар жүйесі. Төменде ұсынылатын талаптар тізімі көрсетілген:
✓ сабақтан кешігуге оны жіберуге болмайды;

✓ сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіру;
✓ барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау;
✓ сабақ үстінде сағыз шайнамауын, оқытушы ұсынған сабақ жоспарын
мұқият тыңдап, оған белсенді түрде қатысу;
✓ себепті жағдаймен қатыспаған сабағын (деканаттың рұқсатымен)
қайта тапсыру.
✓ өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасау;
Академиялық этика ережесі:
✓ тәртіп сақтау;
✓ тәрбиелік;
✓ адамгершілік;
✓ шыншылдық;
✓ жауапкершілігінің бар болуы.
Оқу топтарындағы келіспеушілік жағдайларды оқытушылар немесе
тьюторлардың қатысуымен ашық түрде талқыға салу керек, шешілмеген
жағдайда деканат қызметкерлері көмегімен қарастырылады.

Білімді бақылау және бағалау бойынша ақпарат

Қорытынды бағалауға:
Рейтинг қорытындысы – 100%
Емтихан - 100%
Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:
Қ
мұндағы:
ҚБ - қорытынды бақылау;
Р1 – бірінші рейтинг бағасының сандық эквиваленті;
Р2 – екінші рейтинг бағасының сандық эквиваленті;
Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтижелерге сәйкес
төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
✓ І-рейтингтік бақылау (макс. балл-100)
✓ ІІ-рейтингтік бақылау (макс. балл-100)
✓ емтихан (макс. балл-100)
✓ Қорытынды бағасы (макс. балл-100)

Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама
қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA – магистранттың оқу
жетістіктері деңгейінің орташа бағасын – анықтау үшін қажет бағалау жүйесі
көрсетілген.
Әріптік жүйе бойыншаБалдардың цифрлік Балдары Дәстүрлі жүйе
бағалануы эквиваленті бойынша бағалануы
А 4,0 95-100
Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89
Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74

Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Дәрістер мен семинарлар графигі


№ Тақырыптар Сағаттар саны
ДәрПраМОӨМӨЖ
іс ктиЖ
ка
1-Модуль. Адам мен машина өзара әрекеттестігініңнегіздері
1 Адам мен машина өзара әрекеттестігінің негіздері. Даму 1 1 2 6
тарихы
2 Адам мен машина өзара әрекеттестігінің ақпараттық 1 1 2 6
технологиялардағы орны
3 АМӨӘ мультипәндік мінездемесі. АМӨӘ базалық түсініктері 1 1 2 6
4 Адам факторлары.Когнитивтік психология негіздері. Кіріс – 1 1 2 6
шығыс арналары: көру, есту, сезіну, иіс дәм сезу,
қозғалыс. Кіріс сигналда-рының интерпретациясы, иллюзиялар
5 Адам жадысының теориясы. Сенсорлық жады, қысқамезімді 1 1 2 6
жады, ұзақмерзімі жады және олардың мінездемелері
6 Ұзақмерзімі жады құрылымы мен үрдістері. Пайдаланушының 1 1 2 6
шешімдер қабылдау үрдісі. Пайдаланушылардың индивидуалдық
айырмашылықтары
7 Пайдаланушылардың айырмашылықтарының әлеуметтік 1 1 2 6
аспектілері, мәдениет, тіл аспектілері
2-Модуль. Адам факторлары
8 Интерфейс 1 1 2 6
9 Пайдаланушы графикалық интерфейсін құру 1 1 2 6
10 Интерфейс дизайнының қағидалары 1 1 2 6
3-Модуль. Дизайн үрдісі
11 Өзара әрекеттестік модульдері. Норманн бойынша өзара 1 1 2 6
әрекеттестік, фрейм өзара әрекеттестік
12 Өзара әрекеттестік стильдері. Дизайндағы пайдаланушы 1 1 2 6
модельдері. Пайдаланушы модельдерінің классификациясы
13 Ментальдік модельдер. Метаформалар. В№, TAG модельдері. 1 1 2 6
GOM8 моделі
14 Қолданушылық (usability). Қолданушылық концепциялары. 1 1 2 6
Анықтама. Қолданушылықты қолдау қағидалары.
Қолданушылықты тестілеу. Тестілеу формалары:
Қолданушылықты тестілеу амалдары. Тестілеу әдістері
15 Пайдаланушыға бағытталған программалық жабдықты құру. 1 1 2 6
Пайдаланушы интерфейсін құру кезеңдері: пайдаланушыдан
келетін ақпаратты жинау, пайдаланушы интерфейсін құру
Барлығы 15153090

Пән бойынша тапсырмаларды орындау графигі

№ Жұмыс Тапсырма ҰсынылғанОрындалуБақылау Балл Тапсыру
түрі мазмұны және әдебиеттеұзақтығытүрі (Рейтингмерзімі
мақсаты рге шкаласын
сілтеме а
сәйкес)
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Жеке Адам мен 1 нег. 1-апта Тапсырмала15 1-апта
тапсырммашина өзара [1-4] р,
а әрекеттестігіні4 нег. есеп
ң негіздері. [1-3]
Даму тарихы
2 РефератАдам мен машина3 нег. 1-апта реферат 15 2-апта
өзара [5-13]
әрекеттестігіні
ң ақпараттық
технологияларда
ғы орны
3 Жеке Когнитивтік 1 нег. 1-апта Сұрақ-жауа14 3-апта
тапсырмпсихология [15-20] п
а ннегіздері. 2 нег.
Кіріс – шығыс [5-10]
арналары. Адам
жадысының
теориясы
4 Жеке Пайдаланушының 1 нег. 1-апта Тапсырмала14 4-апта
тапсырмше- шімдер [21-23] р,
а қабылдау үрдісі2 қос. есеп
[15-18]
5 Жеке Пайдаланушылард3 нег. 1-апта Тапсырмала14 5-апта
тапсырмың [14-17] р,
а индивидуалдық 1 қос. есеп
айырмашылықтары[13-15]
6 Жеке Интерфейс 4 нег. 1-апта реферат 14 6-апта
тапсырм [20-23]
а 2 қос.
[14-18]
Магистранттың өздік жұмыс тапсырмалары 14 7-апта
I-Рейтинг 100
8 Жеке Өзара 5 нег. 1-апта есеп 15 8-апта
тапсырмәрекеттестік [14-17]
а модельдері 2 қос.
[13-15]
9 Жеке Дизайндағы 5 нег. 1-апта Тапсырмала15 9-апта
тапсырмпайдаланушы [23-25] р,
а модельдері есеп
10 РефератҚолданушылық 6 нег. 1-апта Тапсырмала14 10-апта
қағидалары [35-40] р,
1 қос. есеп
[30-34]
11 Жеке Сұрақ- жауап 6 нег. 1-апта Тапсырмала14 11-апта
тапсырмжәне меню [48-50] р,
а түріндегі 1 қос. есеп
диалог құрылымы[63-65]
12 РефератТестілеу 6 нег. 1-апта Тапсырмала14 12-апта
формалары, [53-55] р,
әдістері 2 қос. есеп
[72-75]
13 Жеке Пайдаланушыға 7 нег. 1-апта реферат 14 13-апта
тапсырмбағытталған [20-23]
а программалық 1 қос.
жабдықты құру [14-18]
Магистранттың өздік жұмыс тапсырмалары 14 14-апта
II-Рейтинг 100
15 Өткенді еске 15 апта
түсіру
Емтихан 100
Қорытынды бағасы 100

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын магистранттардың өзіндік жұмыстары
бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
(МОӨЖ) (30 сағат)

№ Тапсырма Жүргізу Әдістемелік нұсқау Нұсқалатын
формасы әдебиеттер
1 Жүйенің бөлек Тренинг Адам – компьютер [3] нег.
компоненті интерфейсінің мағынасы. 10-40
түріндегі Интерфейсті жүйенің бөлек [6] нег. 9-20
адам-машина компоненті түрінде жобалау
қатынастарының стратегиясы. Дұрыс жобаланған[2] қос.
негізгі интерфейстің баға 17-52
концепциялары критерилері.
2 Адам-компьютер Тренинг Бағдарламалы [1] нег.
интерфейсінің қамтамасыздандыру мен 76-86
құрамдық қолданушы көзқарастарынан [2] қос.
бөліктері интерфейстің құрамдық 112-119.
бөліктері.
3 Ақпараттың әр Тренинг Шығару құрылғылары. Енгізу [1] нег.
түріне арналған құрыл-ғылары. Өңделетін 87-104
енгізу-шығару деректердің маз-мұны мен [2] қос.
процесстері форматы. Енгізу-шығару 112-131
көлемі. Шектеулердің түрлері.
4 Диалогтың әр Тренинг Диалогтың процессі. Диалогты [1] нег.
түрлі құрылымы енгізу әдістері. Кіретін 87-104
хабарларды қолдайтын формат. [2] қос.
112-131
5 Сұрақ-жауап және Тренинг Сұрақ және жауап түріндегі [2] нег.
меню түріндегі диа-логтың ерекшеліктері. 23-30
диалог құрылымы Меню түрін-дегі диалогтың [2] қос.
ерекшелігі. Шығару 43-59
критерилері. Ортақ қасиеттер.
6 Экрандық форма, Тренинг Экрандық форма негізіндегі [1] нег.
команда диалог-тың қасиеттері. 23-30
негізіндегі Командалық тіл негізіндегі [2] қос.
диалог құрылымы диалогтың қасиеттері мен 43-59
құрылымы.
7 Аралас құрылымдарТренинг Әр түрлі жүйелерде диалогқа [3] нег.
қойылатын талаптар. 109-114
Негізгі құрылымдарды [2] қос.
біріктіру. 77-89
8 Көп терезелі Тренинг Компьютерлік жүйелердегі [2] нег.
интерфейстер терезелер концепциялары. Көп 402-417
терезелі технологиялардың
артықшылықтары мен
кемшіліктері.
Дисплейді басқару процессі,
буферлермен басқару
функциялары.
9 Өту желілері жәнеТренинг Диалогтың сипаттамасы, [2] нег.
өнімді жүйелер динамикасы және иерархиясы. 402-417
Өнімді жүйелердің міндеттері.[2] қос.
Қолданушы интерфейсін басқару12-37
жүйесі.
10 Интеллектуалды Тренинг Адам және компьютер [7] нег.
интерфейстер қатынастарының кеңейуі, 76-86
ерекшеліктері. [2] қос.
Интеллектуализациялаудың 527-539
мәселелері мен шектері. Даму
перспективалары.

Магистранттардың өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін
сабақтардың жоспары (МӨЖ) (90 сағат)

№ Тапсырма Әдістемелік нұсқау Нұсқалатын
әдебиеттер
1 Адам- компьютер Адам мен мешина интерфейсінің [1] нег.
ин-терфейсі есептеуаспектілерін көрсету, қанша аспектілері 87-104
жүйе-сінің бар және интерфейстің [2] қос.
аспектілері. әр түрлі мінездемелерінің әсерлерін 112-131
Интерфейстің әр көрсету.
түрлі
мінездемелері.
2 Көп қолданушылық Жекелеген қолданушының талаптарының [2] нег.
және жекелеген өзгеруін және көп қолданушылық 283-287
қолданушылық жүйелерге қойылатын талаптарды анықтау.[1] қос.
жүйелер. 12-52

3 Адам- компьютер Адам мен машина интерфейсінің негізгі [2] нег.
интерфейсінің компоненттері анықтау. 290-294
негізгі [2] қос.
компоненттері 22-63
4 Диалогты Диалогты процесстерді жіктеу және оларды[5] нег.
процесстер. бағалауға үйрену. 86-90
[2] қос.51-68

5 Енгізу- шығару Енгізу- шығару процесстерін қандай [5] нег.
процесстері. деңгейлерге бөлуге болады? 76-86
[2] қос.
69-73

6 Диалог қасиетінің Диалог қасиетінің критерилерін көрсету [3] нег.
критерилері. және 519-521
диалогтың негізгі құрылымдарын анықтау.[2] қос.
74-81
7 Сұрақ- жауап және Диалог құрылымдары-ның, яғни сұрақ- [4] нег.
меню түрлері. жауап және меню түрлерінің ұқсастығы 519-521
көрсету. [2] қос.
81-86
8 Экрандық формадағы Экрандық форма дегеніміз не және [2] нег.
диалог құрылымы. экрандық форма негізіндегі диалог 521-524
құрылымының ерекшеліктері. [1] қос.
56-641
9 Командалық тіл Командалық тіл базасының құрылымы қандай[1] нег.
базасының құрылымы.қолданушыны ойластырады? 246-265
Аралас құрылымдар. Аралас құрылымдар қашан пайдаланылады [2] қос.
74-81
10 Көп терезелі Көп терезелі интерфейстің қандай [6] нег.
интерфейстер артықшылықтары бар? 114-123
[2] қос.
82-88
11 Өту желілері. Өту желілері нені көрсетеді? [1] нег.
215-237
[2] қос.
74-81
12 Өнімді жүйелер. Өнімді жүйлердің қызметтері. [7] нег.
Компьютерлік Компьютерлік жүйелердің 359-360
жүйелер. интер-активтілігінің жаңа формалары. [1] қос.34-45
Интерактивті Интерактивті жүйенің мінездемесі.
жүйелер.
13 Интерфейсті бағалауИнтерфейсті бағалау критерилерін [7] нег.
критерилері анықтау. 359-360
Интерфейсті жобалауИнтерфейсті жобалау принциптері мен [1] қос.
принциптері. стратегияларын көрсету. 46-51
14 Интерфейс Диалогтың әртүрлі құрылымдары [1] нег.
жақтауларындағы Интерфейс жақтауларындағы адаптация 346-354
адаптация құралдары. [1] қос.
құралдары. Диалогтағы хабарлардың мазмұнымен санын55-68
Диалогта қатысатын анықтау.
хабарлардың мазмұны
және саны.

Негізгі әдебиеттер тізімі

Негізгі:
1. Л. Preece, H. Rogers, Yvonne, Interaction Design Beyond Human-
Computer Interaction. 2002 PaperBack
2. Dix, J.Finlay, G.A and R.Beale. НитагьСотрШег Iпіeraciion. 1993
Preпіісе Наіі.
3. Thomas A. Powell. Web Design: The complete reference. (2)(1)1
McGraw-Hill
4. C. Faulkner. The essence of Human-Computer Interaction 1998
Prentice Hall.
5. P. Booth. An introduction to Human-Computer Interaction. 1995
Lawrence Erlbaum
6. D.F. Rogers. Procedural Elements for Computer Graphics, 1989 McGraw-
Hill Book Company
7. S.K.Card, T.P. Moran, A.Newell. The Psychology of Human-Computer
Interaction. 1983 Lawrence Erlbaum
8. Торрес Р. Дж. Практическое руководство по проектированию и
разработке пользовательского интерфейса 2002 Издательский дом Вильяме
9. Раскин Д.Интерфейс. Новые направления и проектировании компьютерных
систем. 2003 Издательство Символ-Плюс

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Стелков Ю.К. Инженерная и профессиональная психология: учебное
пособие.-М.: Издательский центр Академия. Высшая школа, 2001г.
2. Вудсон У., Коновер Д. Справочник по инженерной психологии для
инженеров и художников- конструкторов.-М., Мир,1968г.
3. Жарков Ст. Shareware: профессиональная разработка и продвижение
программ 2002 СПб.: Издательство БХВ-Петербург
4. Никитина Т. Самоучитель по развитию памяти. 2000 Москва.Международное
агентство A.D.&T
5. Стрелков Ю.А. Инженерная и профессиональная психология 2001 Москва:
Академия
6. И.Вудсон У, Коновер Д. Справочник по инженерной психологии для
инженеров и художников. 1968.
7. Мандел Т. Разработка пользовательского интерфейса. 2001 Москва ДМК
Пресс
8. Головач В. Дизайн пользовательского интерфейса. 2001-146с
9. Торрес Р. Д. Практическое руководство по проектированию и
разработке пользовательского интерфейса.-М.,2002-01-01 6. Раскин Д.
Интерфейс: Новые направления в проектировании компьютерных систем.-
СПб,2003г.
10. Жарков С. Профессиональная разработка и продвижение программ.-СПб,
2002 г.

Емтихан сұрақтары

1. Адам мен мешина интерфейсінің негізгі компоненттері
2. Адам- компьютер интерфейсі есептеу жүйесінің аспектілері. Интерфейстің
әр түрлі мінездемелері.
3. Көп терезелі интерфейстер
4. Интерфейс жақтауларындағы адаптация құралдары.
Диалогта қатысатын хабарлардың мазмұны және саны.
5. Жүйенің бөлек компоненті түріндегі адам-машина қатынастарының негізгі
концепциялары
6. Ақпараттың әр түріне арналған енгізу-шығару процесстері
7. Өзара әрекеттестік модульдері. Норманн бойынша өзара әрекеттестік,
фрейм өзара әрекеттестік.
8. Пайдаланушының шешімдер қабылдау үрдісі
9. Пайдаланушылардың индивидуалдық айырмашылықтары
10. Когнитивтік психология негіздері. Кіріс – шығыс арналары: көру, есту,
сезіну, иіс дәм сезу, қозғалыс.
11. Сенсорлық жады, қысқамезімді жады, ұзақмерзімі жады және олардың
мінездемелері.
12. Интерфейс дизайнының қағидалары. Өзара әрекеттестік модульдері.
13. Пайдаланушылардың айырмашылықтарының әлеуметтік аспектілері, мәдениет,
тіл аспектілері.
14. Қолданушылықты тестілеу. Тестілеу формалары: Қолданушылықты тестілеу
амалдары. Тестілеу әдістері.
15 Ментальдік модельдер. Метаформалар. В№, TAG модельдері. GOM8 моделі.
16. Қолданушылық (usability). Қолданушылық концепциялары. Анықтама
Қолданушылықты қолдау қағидалары.
17. Пайдаланушы графикалық интерфейсін құру. Интерфейс дизайнының
қағидалары
18. Өзара әрекеттестік стильдері. Дизайндағы пайдаланушы модельдері.
Пайдаланушы модельдерінің классификациясы. Ментальдік модельдер
19. Пайдаланушы интерфейсін құру кезеңдері: пайдаланушыдан келетін
ақпаратты жинау, пайдаланушы интерфейсін құру.
20. Эргономика. Ақпараттық және программалық жабдықтаулар үшін
мемлекеттік стандарттар.

№ 1 Дәріс Адам мен машина өзара әрекеттестігінің негіздері. Даму тарихы

Адам мүмкіншіліктерінің және олардың машинамен қарым-қатынасының
шектеудің жүйелі зерттеуі соңғы жүз жылдық басында қол еңбек фабрикаларында
басьалды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарым қатынас зерттеуге ынта тудырды,
себебі жауласушы жақтар ең эффективті қару көбірек өндіруге ұмтылды. Бұл
осы аймақтағы зерттеушілердің санының көбеюіне және 1949 жылы Эргономика
зерттеу қоғамының қалыптасуына әкеп соқты.
Әдеттегідей эргономика (ergonomics) машиналар мен жүйелердің физикалық
сипатын және олардың пайдаланушы жұмысына әсерін зерттейді. Адамдық фактор
осы мәселелермен айналысады. Эргономика, адам фактор терминдері бірмәнді,
бірақ адамдық фактор термині АҚШ-да әдетте қолданылады. Не компьютер, не
механизм болса да, осы пәндердің екеуі де пайдаланушының жұмысын әр жүйеде
зерттейді.
Қазіргі таңда әлемде көптеген бағдарламалық өнімдердің көп болғанына
қарамастан, тек олардың ішіндегі кейбіреулері қолданушының программалық
интерфейсттің практикалық маңызымен ерекшеленеді, ал жоғары деңгейлі
практикалық қасиетіне ие бағдарламалық өнімдердің саны одан да аз.
Маманданған өнім жасау үшін бір көрнекті интерфейс жеткіліксіз.
Әмбебаптылығымен және тереңдігімен ерекшеленетін эстетикалық интерфейс
талап етіледі. Бағдарламалық өнімдерді құру барысында пайдаланушылық
интерфейс басты мәселесі болатынына анық.
Жақсы интерфейс жасауда қазіргі таңда онша мәлім емес принциптер
қолданылады. Пайдаланушылық интерфейс жасау адамның қабылдау мен
танушылығынан басталады. Пайдаланушының психологиялық және физикалық
мүмкіншіліктері қарастырылады. Проект қолданушы стиліне бағытталғаны туралы
көптеген мәліметтер мен әдістер көрсетеді. Пайдаланушыға бағытталған
жобалау кезінде пайдаланушылық интерфейстің негізгі принциптерін есте
сақтау жөн.
Адам мен компьютер арасындағы әрекеттестік зерттеу мақсатын қарастырамыз.
АКӘ жақында басты қиыншылыққа айналатындығы түсіндіріледі. АКӘ бірқатар
анықтама беріледі және оның дамуына әсер тигізетін пәндер қарастырылады.
Жобалаушылар пайдаланушыны, оның жұмыс ортасын, анық талаптарын
түсіну керек. Компьютер жүйелері пайдаланушыдан көп ақпаратты есте сақтауды
талап етеді, олар ең кіші қателіктерге өте төзімсіз. Бұл және басқа
сұрақтар жобалу кезінде ескеріледі.
Жоғарыда айтылған мысалдар қатынас аймағының зерттеу қажетін
анықтайды, бірақ неліктен осы мәселе тек соңғы жылдары үлкен мәселеге
айналды.
Алдыңғы он жылдықты компьютерлік пайдаланушының көбі әрі программисттер,
әрі жобалаушылар болған. Сондықтан компьютерлік жүйені қолданылған адам,
осы жүйе құрушы индевид болған. Бірақ соңғы жылдар пайдаланушылар
компьютерлік мамандар емес жай пайдаланушылар ғой. Нәтижесінде жобалаушы
пайдаланушыға тең болмады. Бұл жағдайда жобалаушы пайдаланушының
мүмкіншіліктерін шектейтін құрал-әдістерді қажет етеді. Қорытындылай келе,
адам мен компьютер арасындағы әрекеттестік аймағындағы зерттеу мақсаты
компьютерлік жүйемен жұмыс істейтін адамдардың өмір сапасын жақсарту. Адам
іскерлігінің барлық аймақтарында компьютерлік жүйелер рөлі өседі.
Адам-машина интерфейс қайшылықтың маңызы Cooley (1987) айқын
көрсетілген: біз тарихи айналдыратын кезеңде тұрмыз. Алғашқы 5-10 жылда
қабылданған шешімдер адам-машина қатынасында салыстырмалы технологиялық
дамуына әсер етеді.
Адам-машина интерфейс маңыздылығы және оның келешекте әсері үлкен рөл
атқарады.

№2 Дәріс Адам мен машина өзара әрекеттестігінің ақпараттық
технологиялардағы орны

Адам мен компьютер арасындағы әрекеттестік жүйелер арасындағы
қатынастарды зерттейді. Қазіргі күнде әртүрлі есептеуді жүргізу үшін бүкіл
жерде компьютер пайдаланады. Пайдаланушылар компьютерлік эксперт болуы
мідетті емес.
АМӨӘ жаңа дамып келе жатқан пән. Бұл статикалық аймақ емес, себебі
бұған адам туралы білім кіреді.
АМӨӘ мәліметі өзгермелі, күрделі және қайшылықты. Онық басты мақсаты –
пайдаланушының мақсатын түсіну.
Сезгіштік және дағды не туа пайда болады, немесе тәжірибе жүзінде
келеді. Жобалаушылар интерфейсті жүйенің функционалды мүмкіншіліктеріне
қарасты, ауыр болмайды, себебі екі пән тығыз байланысты. Егер интерфейс
нашар болса, функционалды мүмкіншіліктер көрінбейді. Егер жақсы жасалса,
онда пайдаланушы есебін шешуге арналған мүмкіншіліктер мәнді.
Осыған сүйене отырып, информатика мұғылімдері АМӨӘ ескеруі тиіс. Адам
мен компьютер арасындағы әрекеттестік курсы не жеке лекция, не жалпы
информатика құрылымында оқылуы тиіс. Информатикадан басқа адам мен
компьютер арасындағы әрекеттестік пәндерінде ерекшеленген пән ретінде
оқылуы тиіс.
АМӨӘ – мультидисциплинарлы пән. Идеалды дизайнер көптеген аймақтарда
маман болу керек

Сурет 1.2. Адам мен компьютер арасындағы әрекеттестік дамуына әсер ететін
әр түрлі пәндер
АМӨӘ – мультидисциплинарлы пән болғанымен, ол тәжірибелік пән. Ол басты
пәндерді зерттеуге негізделген: информатика мен психология олардың көбінесе
танушылық көзқарастан болады. Жасанды интеллект атты компьютерлік ғылым
аумағында интелектуалды машина мәселелері қарастырылады.
Қазіргі компьютерлер әдетте мәліметтерді өңдеу жоғарғы деңгейін
көрсетеді. Ал келешекте сөзсіз адамша іс атқарады.
1996 жылы Филадельфия, Пенсильванияда өткен компьютер апталығында
Гари Каспаров Deep Blue IBM компаниясының өнімі, шахмат компьютерімен 6
партиядан тұрған ойын ойнайды.
Компьютер алғашқы партияны жеңсе де, ойынды Каспаров 4:2 есебімен
жеңді. Бұл ойын компьютерлік ақыл туралы дебаттарды туғызды. Каспаров айтуы
бойынша компыотерлік жасанды ақыл шынайы белгілері бар. (Мандел, 1997)
Жасанды ақыл аймағы құған жүктелген сенімді ақтай алмауы туралы ойлар
бар, жұмысқа кіріскеннен жасанды ақыл басқа пәнге мысалы мәлімет қорын
анализдеуге айналады. (Shpilberg)
Жасанды ақыл туралы әртүрлі көзқарастар болғанына қарамастан,
программалық жасау эволюциясы-адам мұқтаждықтарын компьютер мұқтаждығына
өтуінің тізбекті қадамдары.
Жасанды ақыл аймағында маман Feigenbaum программаны: адам талаптары,
мақсаттарын компьютер командалық тіліне айналдырушы құралдар. Ал соңғы
жетістіктер пайдаланушыларға олардың тілектерін өз терминін қолдана отырып
жүзеге асыру.

№ 3 Дәріс АМӨӘ мультипәндік мінездемесі. АМӨӘ базалық түсініктері

АМӨӘ бес қосымша анықтамаларға бөлінді. Бір жағынан бұндай бөліну АМӨӘ
мақсатын және есебін дұрыс түсінуге бағытталған., бірақ шын мәнінде бұл
аймақтарды бір-бірінен бөлу қиындыққа түседі. Шын көрініс қиыншылықтардың
тізбектелген түріне мультидисциплиналарлы жол. Адам менк омпьютер
арасындағы әрекеттестік әсер ететін пәндердің әсері басты сұрау туғызады.
Программалық жасау және ақпаратты әдістерді зерттеу
Компьютерлік интерфейстің ақпараттық жасауға: пернетақта, манипулятор-
тышқан трекбол түрінде, жүйелік блок, монитор.
Программалық жасау пайдаланушыға көре, сезе алатын және жұмыс істеген
ақпараттан тұрады. АМӨӘ қазіргі кездегі енгізу-шығару қатынасын зерттеп
қана қоймай, онымен қатар сөз айқындау технологиясы сияқты жаңа
технологиялар құрып, олардың ыңғайлы қолдануын ұсыну.
Сәйкестілік моделіндерін зерттеу
АМӨӘ пайдаланушымен компьютер жүйесінің қатынасын зерттейді. Коспьютерлік
жүйе моделдері жүйелерге сай болу керек. Сәйкестілік пайдаланушыны есебін
түсінуін талап етеді. Жүйемен жұмыс істеу үшін, олардың басты болжалдық
және баяндамалық пайдаланушы меңгерлі болу керек.
АМӨӘ пайдаланушының білімін модельдеу үшін әдістерді құру керек. Оның
мақсаты жобалаушыларға қолданушылық жүйелердің сапасы мен санын көбейту.
Есептерді зерттеу
Бұнда есептің табиғатын, оның ерекшелігі және пайдаланушының ақпараттық
қажеттілігіі зерттеледі. АМӨӘ мақсаты есепті зерттеп, пайдаланушының
қаншалықты ақпаратқа мұқтаждығын анықтап, сәйкес формада беру.
Дизайнды зерттеу
АМӨӘ дизайн процесін зерттейді. Көптеген программалық өнімдер адекватты
емес спецификамен кемістенеді. Спецификация – жүйе функциясымен талаптары
келіскен түрде, немесе жобалаушыларға құжат ретінде берілген.
Дизайнның ең басты қиыншылығы – назардың көбі техникалық әсемділікке
кетіп, ал олардың практикалық жарамдылығы кемшілікке ұшырайды. АМӨӘ мақсаты
пайдаланушы мұқтаждығын жақсарту болып табылады.
Ұйымдастырушылық қатынасты зерттеу
АМӨӘ жаңа жүйелердің ұйымдарға, тұоға әсерін зерттейді. Белгілі ұйым
ішіндегі топтарға және жеке пайдаланушыларға бағытталған эксперименттік
зерттеулер.
Бұның басты мақсаты топтар арасындағы қайшылықтарды алдын алатын
дизайн және әдістерді құру.
Адам мен компьютер арасындағы әректтестік термині пәнге тек жалпы
анықтама береді, ал осы тақырыптың шын қиыншылықтары мен
мультидисциплиналары мағынасын ашпайды. Тақырыптың көпжақтылығы келесідегі
5 анықтаманы ашу мүмкіндігін береді. Бұл анықтамалар зерттеудің әр түрлі
аймағын айқындайды. (Сурет 1).

Сурет 1. Зерттеудің әртүрлі аймақтары көрсетілген.

№ 4 Дәірс Адам факторлары.Когнитивтік психология негіздері. Кіріс – шығыс
арналары: көру, есту, сезіну, иіс дәм сезу, қозғалыс. Кіріс сигналда-рының
интерпретациясы, иллюзиялар
Экрандағы мағлұмат тез ауысса, сіз оны түсінбей тітіркенуге ұшырайсыз.
Бұл компьютерлік жүйенің біздің мұқтажымызға сай емес екендігінің мысал
бола алады. Мағлұматты беру уақытты адам санасының мүмкіндіктерімен
байланысты болу керек. Біздің қабылдау жүйемізге стимулға реакция беру үшін
және көзді мағлұмат нүктесіне аудару үшін қажет.
Қабылдау-енгізу жолы, тәжірибе және бұрынғы білімнің комбинацияланған
информационды бағыт. Қоршаған ортада ақпарат көп, біздің сезіміміз оны
қабылдайды, ал миллионын өңдейді. Көбіне алынған ақпарат бұрыс өңделеді.
Мысал:

Классикалық экспериментте адамдарға басты (Л) әрпі немесе
екітаңбалы (21) саны көрсетілген. Одан үлгіні көрсетіп, көргенін сұрадық.
Әріпті көрген адамдар бұл В әрпі деп таныды, ал сан көрсеткендер 13 деген.
Ақпаратты қабылдау сезім мүшелері: көру, есту, дәс сезу, иіс сезу, сипап
сезу арқылы қабылданады. Алғашқы екі ең маңыздысы.
Көру
Қазіргі кезде ақпараттың көбін адам көру арқылы қабылдайды, бірақ клешекте
басқа сезім мүшелердің компьютерлік жүйедегі орны зор. Адамның басым
бөлігіне визуальды аспект ең бастылардың бірі.
Көру жарықтан басталады. Жарық көзі күн немесе электр шамы болуы
мүмкін. Көзге түсу алдында жарық басқа заттардан сындырылады, бұл заттар
көру аймағына кіреді, бұл көре алатын аймақ.
Көз бұршағы (lens) - екі жағынан дөңес линза. Негізгі функциясы:
жарық сәулесін сындыру және көріністі торлы қабыққа (retina) жеткенде
төңкерілген көрініс береді. Торлы қабатта 2 түрлі фоторецпторлар бар:
таяқшалар мен сауытшалар, олар импульсті биполярлы кейін ганглиозды
жасушаларға береді. Ганглиозды жасушалардың аксондары көру жүйкесін түзеді.
Таяқшалар жарыққа өте сезімтал және қараңғы жағдайда қызметін атқарады,
бірақ олар жарық сәулесін таба алмайды.

Сурет 2.1. Адам көзінің схемасы.
Таяқшалар саны 130 миллион. Сауытшалар, керісінше (жақсы) жарықты
талап етеді және жарық сәулесін таба алады. Сауытшалар 6-7 миллион. Іс
жүзінде бұл адам қараңғыда заттың тек пішінін сақтап, оның түсін ажырата
алмайды. Бұл екі фоторецептор түрі бірге қызмет атқарады.
Көру нерв-жүйкесі (optic nerve) миға сигнал жібереді, ол заттың
пішінін дұрыс орынға келтіреді. Сауытшалар торлы қабықтың алдында
орналасқан, оны соқыр дақ (fovea) деп атайды, ол жарыққа сезгіш емес, ал
таяқшалар шетте орналасады. Бұл адам түсті затты тек көз алдында жақсы
ажырата алады, ал шеттегі заттардың түсін. Нашар ажырататындығын
дәлелдейді. Бұл (жаңа жүйелерді) үлкен экранды немесе бірнеше экранды
қолданылатын жаңа жүйелер үшін өте маңызды.

Сурет 2.2а. Қара дөңгелектердің аралығы олардың диаметріне тең.

Сурет 2.2б. Тиченер иллюзиясы – ортадағы екі дөңгелектің өлшемі бірдей.

Сурет 2.2в. Миллер иллюзиясы – екі түзудің ұзындығына тең.
Көз бұршағының сындырылған күші тұрақты емес, бірақ оның дөңес пішіні
болуының арқасында диоприийі 19-дан 33-ке дейін өзгереді. Өмір бойы көз
бұршағы өз қасиетін жоғалтады, бұлар эластикалық және мөлдірлік қасиеті.
Аккомодация күші азайып, анық көру нүктесі алысқа қашықтайды. Кәрілік
алыстан көрушілік дамиды.
Жоғарыда сипатталған көз жұмысы – өте қарапайымдалған. Көру үрдісі ми
жұмысына байланысты екенін есте сақтау жөн. Ми алынған ақпараттарды
өңдейді, бірақ сол өңдеу кейбір болмыстарға жауап береді. Адам мен
компьютер арасындағы әрекеттестік қарым-қатынасында кез келген болмысты
болдырмау қажет. Көрудің кейбір негізгі қасиетін қарастырайық.
Көру қабілетінің дәрежесі (visual acuity) – бұл адамның затты нақты
көру қабілеті.
Күн жарығында көру қабілетінің дәрежесі ең үлкен, егер зат көздің
алдында орналасса – бейне соқыр даққа түседі. Соқыр дақта (fovea)
сауытшалар көп. Затты зерттеу үшін заттың бейнесі торл қабықтың ортасында
орналасқанша көз қозғалу керек. Ал шетінде орналасқан бейнені көрмей, тек
заттың бар екендігін анықтайды. Бұны көру үшін басты зат ораласқан нүктеге
бұру қажет.
Затты қоршаған жарық торлы қабыққа жеткенде өзгермелі бұрмалы бейне
түзеді. Бейненің өлшемін – көру бұрышы (visual angle) анықтайды. Көру
бұрышы заттың өлшемін және қандай қашықтықты орналасқанын анықтайды. Көру
бұрышы градуста немесе доға минутында, бұнда 1 градус 60 доға минутына тең,
ал 1 минут 60 доға секундына тең. Көру аймағы – орташа адамға көрнекті
градуспен берілген диапазон. Егер қолданушының басты қозғалуын ескерсек,
диапазон 100-120 градусқа тең. Көру аймағы экран өлшемін анықтауда маңызды.
Бастың үлкен қозғалу дискомфортты және көздің кернеулігін үлкеюін
тудырады. Адамның көру жүйесінің ұзындығы 400-700 км-ге дейінгі
толқындардың электромагнит энергиясын қабылдайды. ( 1 км – 10-9). Зат
немесе оның көзі. Көру аймағы ахроматикалық болып табылады. Ахроматикалық
объектінің көзі ақ көрінеді, ал сындырылған ахроматикалық объект көзі ақ,
қара немесе сұр. Құрамында 80 пайыз ақ сәуле болған объектінің ақ, ал 3
пайызы аз қара болып көрінеді.
Егер зат несесе оның көзіне түскен сәуле ұзын болса, онда объект
хроматикалық болып табылады.
Түс көрсету үшін келесі көрсеткіштерді қолданады: қаныққандылық,
жарықтық, тон.
Тон – жарық сәулесінің ұзын талшығымен анықталады. Тон түстерді ажырату
мүмкіндігін береді. Көгілдір түсте – қысқа толқын, жасылда – толқын
ұзындығы орташа, ең ұзын толқын – қызыл түсте.
Интенсивтілік – жарық сәулесінің интенсивтілігімен, энергиясымен
анықталады. Қабылдайтын түс саны көздің қабылдау қабілетімен анықталады.
Жарықты қабылдау субъективті және жеке бас қасиетіне тәуелді.
Қаныққандылық немесе тон жиілігі – сәуле құрамындағы ақ түстің үлесіне
байланысты. Таза жарықта бұл үлес 100 пайызға тең және ақ түстің
қосылуымен азаяды.
Конустар сәуле толқынына өте сезгіш. Конустардың 3 түрі бар, оның
әрқайсысы өз түсін анықтайды – көгілдір, жасыл, қызыл. Біз миллион түс
ажырата аламыз.
Қолданушымен әр түрлі түстер әртүрлі қабылданады. Аз түстерді қалаған
жөн. 8 пайыз еркек және 1 пайыз әйелдер түстерді ажырата алмайтындығаын
білумаңызды. Әсіресе жасыл, қызыл түстерді.

Сурет 2.3. 8% еркек және 1% әйел түстеді ажыратпайды.
Жарықтық (brightness ) – жарық деңгейлеріне субъективті реакция.
Жарықтық сәулеліктерге (luminance) байланысты.
Cәулелік – физикалық мінездеме және фотометрмен өлшенеді. Неғұрлым
сәуле көбейсе, соғұрлым көру қабілетінің дәрежесі көбейеді. Жарықтаулық
дискомфорт тудыру мүмкін. Бұл қолданушының бас ауруының себебі болатындығын
дәлелдеген.
Контраст – объектінің және фонның сәулелігімен анықталады. Суретте
төрт бірдей сұр квадрат, әр түрлі фондарда көрсетілген. Бұл 4 квадрат ақшыл
немесе күңгірт болып көрінеді. Егер фон ақщыл болса, онда орталық сұр
квадраттар күңгірт болып көрінеді.
Есту
Адам мен компьютер арасындағы әрекеттестіктің екінші ең басты байланысу
түрі – есту. Дыбыс ауа вибрациясынан басталады. Дыбыс толқыны құлаққа
жеткенде олар механикалық қысымның өзгеруін тудырады., ал бұл өзгеру есту
рецепторны қоздырады. Құлақ 3 бөліктен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі.
Сыртқа құлақ – құлақтың көрінетін бөлігі. Ол құлақ қалқаныныан, сыртқы
дыбыс жолынан тұрады. Дыбыс жолында резонатор маңызды рөл атқарады, ол
өзінің толқыну жиілігіне байланысты.
Ортаңғы құлақ – бір-бірімен байланысты байланысты сүйек жүйесінен
тұрады. Үзеңгі – денедегі ең жеңіл сүйек. Балғашаның бір бөлігі дабыл
жарғағына байланысты, ал үзеңгі – сопақша көзімен байланысты. Дыбыс
сүйекшелері рычакты түзейді, бұл дыбыстың кеңістікте дыбыс толқынының тез
ыңғайлы сыртқы құлақтан ішкі құлаққа өтуі қамтамасыз етеді.
Ортаңғы құлақта екі шықет бар, бұл дабыл жарғағын кернейтін бұлшықет
және баспалдақты бұлшықет. Оның біріншісі баспалдақшыға бекітілген. Бұл
бұлшықеттер құлақты жарақаттанудан сақтайды.
Ішкі құлақ – ортаңғы құлақпен сопақша тереземен байланысты. Есту
жүйесінің әрекет потенциалы. Электр қозудан өңделіп, ми орталығына
берілдеді.
Дыбыс мінездемесі Дыбыс биіктігі – дыбыс жиілігі. Төменгі жиілік
– төменгі биіктігі, ал жоғарғы жиілік – жоғарғы биіктікті түзейді. Жиілік
герцпен өлшенеді. Адамның көбі дыбысты 20Герцтен – 15 Гецке дейін ести
алады.
Қаттылық – дыбыс амплитудасына пропорционал. Дыбыс қаттылығы
децибелмен өлшенеді. Есту табалдырығы 0 децибелмен анықталады. 20 децибел-
сыбыр, 50-70 децибел – сөйлеу. Егер дыбыс 140 децибелден жоғары болса,
құлақ зақымдалады.
Тембр – дыбыс түрін анықтайды, дыбыс бірдей биіктікте, қаттылықта
болу мүмкін, бірақ тембр әр түрлі болады. Аудиторлық жүйе үнемі жұмыс
істейді, ми үнемі ақпаратты өңдейді, бұл санасыз болуы мүмкін.
Кеш эффект деген әрекет байқалады, бұнда сіз көп адамдармен бір
бөлмеде отырып, сөйлесип отырсаңыз біреу сізді атымен атаса, сіз бұрыласыз.

Бізді қоршаған ортадағы өзгерістер біздің назарымызды аударады.
Сондықтан компьютерде көптеген қоңырау дыбыстары қолданылады.
Қай кезде дыбыстар қолданылады? Егер:
• Ақпарат қысқа және нұсқа болса;
• Алынған ақпаратты көп қолданылмаса;
• Алдын алу үшін;
• Визуалды жүйе әрекетсіз болса.
Дыбыс – назар аударудың жақсы жолы, себебі адам естіген дыбыстарды тез
қабылдайды.

Ақпарат

Сурет 2.4. Зерде түрлері.
Сипап сезу
Сипап сезу қасиеті – қоршаған орта туралы көрініс береді. Бұл пернетақта
тәріздес құрылым үшін өте маңызды. Сипап сезу – шулы орртадағы
пйдаланушының назарын аударудың бірден-бір жолы.
Дәм және иіс
Адам негізгі 4 дәмді сезеді: ащы, тұщі, қышқыл және қалғандары осылардың
туындысы болып табылады. Адамда 10000-дай дәм сезгіш бүртік бар, бұлардың
көбі тілде орналасқан.
Иіс сезу адамдарда төмен: адам жағымды және жағымсыз иісті ажырата
алады. Адам мен компьютер арасындағы әрекеттестік иіс және дәм сезу
мүшелері қатыспайды, бірақ эмоциалды сезімде олардың ролі сөзсіз.

№ 5 Дәріс Адам жадысының теориясы. Сенсорлық жады, қысқамезімді жады,
ұзақмерзімі жады және олардың мінездемелері

Біздің қалыпты әрекетіміз жадыға сүйенген. Бірақ жады қалайша жұмыс
істейді? Әртүрлі ақпаратты қалай есте сақтаймыз? Неліктен адамдардың
бірінде есте сақтау қабілеті басқалардан жақсы жетілген? Бұл сұрақтарға
жауап беру үшін адам зердемсінің мүмкіншілігін және шектеулілігін есте
сақтау қажет.
Адам мен компьютер арасындағы әрекеттестік үшін жалпы форма жоқ, бұл
3 түрлі жадының болуымен сипатталады:
• Сенсорлы жады;
• Қысқа мерзімді жады;
• Ұзақ уақытты жады;
Сенсорлы жады
Сенсорлы жады – сезім мүшелерінен түскен ақпаратты өңдейтін саналық жады.
Адам ақпараттың өте үлкен бөлігін өңдейді, бұл санасыз процесс болуы
мүмкін.
Сенсорлы блок арқылы алынған ақпарат жұмысшының есіне беріліп
жоғалады, оның үстінен жаңа ақпарат қысқа мерзімге өту үшін зер салу қажет.

Зер - өзара бәсекелес оймен стимулдардың ішінен тек біреуінде
концентрациялау. Адам өзінің зерін таңдау бойынша концентрациялайды. Бұл
біздің ойлық және сенсорлық мүмкіншіліктеріміздің шектеулігінен болады.
Қысқа мерзімді жады
Ауызша 36*5 көбейтіңіз. Осы амалды біртіндеп орындайсыз. Мүмкін 5*6 кейін
30*6 немесе 2*35, кейін 3*70. Бұл түрлі есепті шығару үшін есте аралық
есептеуді жасау керек.
Басқа мысал: мәтін оқыңыз. Мәтін түсіну үшін, алдыңғы сөйлемді есте сақтау
қажет. Аталған мысалдарда қысқа мерзімді жады қолданған. Бұл зерде уақытша
жады болып табылады.
Қысқа мерзімді жады шектелген. Жаңа ақпарат ескі ақпараттың орнын
толтырады. Егер ақпарат қолданылмаса онда ол тез ыдырайды.
Қысқа мерзімді жады, ойлау қабілетіне байланысты болғанынан жұмысшы
жады деп аталынады.
Адамдар қысқа мерзімді есте сақтау үшін көп әдістер қолданады.
Жадының зақымдалғандығы анықтаудың 2 негізгі әдісі бар.
Біріншісі, бірнеше секунд ішінде символдарды және сандарды есте
сақтауын анықтау. Бұнда адам 7+-2символдарды немесе цифрларды есте
сақтайды. Бұл Миллер Г.А. экспериментінде анықтады. Мына символдарды есте
сақтаңыз:
Е И В В А С О Е Й Т Д И М З
Енді есте сақтағаныңызды жазыңыз. Қанша символды жаздыңыз? 9 немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу
Visual Basic ортасында чат бағдарламасын құру
Адамды ұйымдық ортаға кіргізу үлгісі
Сигналдарды өңдеу жабдықтары
АЖӘ үлгінің құрылымы
Термодинамика бастамаларының дүниетанымдық мәні
Жергілікті есептеу желілерін жобалау туралы ақпарат
Кеден қызметі ақпараттық жүйесін құру. Кедендік пост ішкі жүйесі
Жергілікті есептеу торабы
Пәндер