Адамтану қазақ ілімі


Адамтану қазақ ілімі
Жоспар: 1. Адамтану қазақ іліміне кіріспе
2. Адамтану қазақ ілімі
3 . Қорытынды.
Әдебиеттер
1. Адамтану қазақ іліміне кіріспе
Қазақта: «Таңертең төрт аяқпен, түсте екі аяқпен, кешке үш аяқпен жүреді. Ол кім?»-деген жұмбақ бар. Мұнда адам ғұмырының үш кезеңі жасырылған. Қазақ осы тәрізді адам жан дүниесінің ішкі сырынан бастап, жас ерекшеліктерінің сипаттамасын өте айқын айтып келген. Әрі сол негізде тәрбие құралдарын таңдап алып, әдіс-амал, тәсілдерін ұсынған. Қазаққа тәрбие нәтижелі болуы үшін адамның жас ерекшелігін жете білу қажет болған. Қазақ ұғымында адамның жасы: балалық, ересектік, қарттық болып үш кезеңге бөлінеді. Қаныш атамыздың сөзімен айтқанда: біздің«академик-әжелеріміз» тұқымның жатырдағы дамуын былай сипаттайды:«Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік басым. Жүктіліктің жетінші күні «көбік» деп анықталады. Мұнда адамның көбіктен жаралады деген көзқарастың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар. Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптас-ады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда шарана адам әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни балаға жан кіреді(кім, қайдан әкеліп салады?) . Жеті айда шақалақ атануға дайын. Сегіз айлық шарана өмір сүрмейді. Тоғыз ай, тоғыз күнде жарық дүние есігін ашады»Адамтану қазақ ілімінде текті жан -толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып, кезеңдерінен өтуі тиіс. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда, бауыр аяқ жасап, қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды. Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды. Бір жас аумағында- шарана, шақалақ, нәресте атаулары қоланылады. Бір мен екі аумағында, қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді. Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген, еркелеткен атаулар өте көп. Шаранадан аяғын басып тік тұратын халге жетіп, сөйлей алуы-бұл нақтылы Текті жан болғандығы. Текті жан болғанға дейінгі шағы адамтану қазақ ілімінде «жанды бақа» аталады. Жанды бақадан текті жанға өту кезеңі психологиядағы алғашқы «дағдарыс»-дамудың ең үлкен белесі. Қазақ танымы бойынша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге ие. Анасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айналасындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табысып, басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі». Үштен бес жас аралығында балдырған(ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала (ұл), балақай(қыз), 3-12 жас арасы ойын баласы, 7-13 жас жасөспірім, 13-15 жас арасы ересек бала, жас жеткіншек, 15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт, қыз аталады. Қазақ қызы, қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар. Отау иесі болғаннан, немере (не жиен) сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып, тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген. Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата (әже) делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған. Қазақтың кең өлкесінде бұларды құлпыртып әр түрлі атайтыны бар. Мысалы: балалық шақтың бөбектік кезеңін кей аймақтарда: «мың сұрақ жасы», біреулер: «қарт әже жасы» дейді. Қай-қайсының да, дәлелі, өзіндік ерекшелігі бар. Ал, сәбилік кезеңнің басында, балалар: «мен, мен . . . »дегенді көп айтатын болса, орта шағында «сен, сен . . . » деп соңында «ол, ол. . »деп сілтей сөйлеуге құмар келеді. Сол себепті бұл кезеңді «үш жақ жасы» атайтындар бар. Ал, баланың еңбекке қатысу, араласуына сай, ата-аналар; «ермегім, қолұшым, атқосшым, қолғанатым, асыраушым» деп атап, олардың қозы жас жылқы жастағы міндетін атқаратын шаруасын ұқтырып, үйреткен, әрі соған дайындаған. Бөбектің тілі шығысымен қоршаған ортадағы заттар мен денелерді, болмыс-құбылыстарды, өзгерістерді танып білуге талпынады, ол сөзбен өрнектеледі. Алайда тәжірибесі мен білімі жете бермейтіндіктен басқадан көп нәрсені әртүрлі жолмен сұрай береді. Мұны қазақ:«көп неге жасы, қадалған шеге жасы жабысқан кене жасы» деген ғой. Ал, өздерінен бір нәрсені басқа біреу сұрай қалса, білсін-білмесін тартымбай: «мен, мен айтамын» деседі. Осы кезеңде бала, білуге құштар, істеуге әзір, ойынға құмар болады. Уақыттың қалай өтіп кеткенін де білмей қалады Егер сол кезеңдегі баланың еңбегін төлеу қажет болса, есептей алсаңыз, ең көп «іс тындырған адам» сол бала болар еді. Сөйлей берген, істей берген, ақыры шаршап-шалдығып отырған орнында ұйқыға кеткен. Сондықтан осы жастағы бала қимылын, күйбеңдеген әже еңбегіне балап, «қарт әже жасы» дейтіндер бар. Сәбилік жастың орта кезеңінде, оларға(бірнешеуі қатар тұрғанда) қандай бір сұрақ қойсаңыз, оның жауабын айтуды бір-біріне сілтеп, «сен айтшы, сен айтшы» деп сылтауыратуға бейім тұрады, баяғыдағы «мен, мен» дейтін қызбалық қалып қояды. Ал, сәбиліктің соңғы кезеңінде «мен де», «сен де» доғарылып, «ол айтадыға» көшеді. (Үшінші бала қатарларында болмаса да айтылады. ) «Үш жақ» жасындапғы балалардың бір ерекшелігі осы болмақ. Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да, еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны, әулеттегі қолғабысы орасан зор болған. Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес, тайдың мінісі білінбес» деген ғой. Әсіресе бақташылар мен бағбандардың, балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді. Әрі өмірге дайындау, осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан, баланың жасына сай, игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш, әрі парыз болған. Ал, ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым, серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы жас; қой жас; жылқы жас; патша жас; аңдушы; қағушы; суқұяр:атқосшы; көрікші; соғушы; аутартар; ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды. Төл аяқтандыру, қырқын, төл пішу, шөп шабу, егін ору, соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен, қазақтар, салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған. Мысалы:сірге жинар, төстік қаптар, соғым бас, көгентүп жасау, пішен той, сабан той т. б. Қазақ ұғымында ең қызық, ең бақытты, ең жақсы дәурен сүретін жас-30-ға дейінгі жас. Алайда оның бір мүшел кезеңі балалық бал дәуренге тиесілі. Бірінші мүшелдің алғашқы бес жылы уайымсыз, риясыз өмір кешетін, күл шашатын, ойын қуатын, жерден таяқ жеп, мазақтамалар мен санамақтарға тілі әзер келіп, бал тілімен басқаларды мәз ететін жас. «Зыр жүгіріп дедектеп, Күлді әркімдер сөйлетіп, Балалық кезде ешкімнен, Именбедік көред деп, Жалаң аяқ, жалаң бұт, Тілі тәтті бөбек деп. . »Бұдабай Қабылов(1848-1911) Ал, Тұрмағанбет Ізтілеуов(1882-1936) былай сипаттайды «Атаның әуелінде белінде еттің, Екінші ана қарны теңінде еттің, Тоғыз ай, тоғыз сағат, тоғыз күндей, Қадірлеп құдыретіңмен шегінде еттің, Бұрыннан қамқоршылық қылып бізге, Ананы ақ сүт беріп желіндеттің. Алты айда отбасына отырғызып, Жан-жаққа күл шашатын төгінді еттің. Жүргізіп жыл толған соң апыл-тапыл, Бойымды бұрыңғыдан жеңілдеттің Сөйлетіп екі жаста оны-мұны, Тірліктің тілін түрлі кебінде еттің!Мәделі Жүсіпқожаұлы(1816-1888) : «Ал, енді тыңда келдік бір жасыңа, Қосылып балалардың іңгәсіна. Бір күні ә, дегенше екі келді, Аяқта әл, шама жоқ бір басуға. Торғайдай ұшып қонған үште келді, Сөйлеткен қызық-қызық тілді ашуға Бір күні төрелердей төртің келді, Күл шашып шарқ ұратын үй қасына. Бір күні бәйге кердей бесің келді, Ойнадық балалармен қыр басында, -деп үш жаста-торғай, төрт жаста-төре, бесте бәйгекер сынды балалардың жас ерекшелігін дөп басып айтқан. Жалпысынан алғанда, адамның жас ерекшелігі туралы пікір білдірмеген қазақта ақын жырау, би шешен сал-сері, ойшыл-ғұлама болған емес Балдырған бал-бөбектер кімге де ермек, әсіресе, ата-әже үшін тіпті орны бөлек. Сондықтан қазақтар: «Өз балаңды өскенше асырайсың, немереңді өлгенше асырайсың» деумен қатар, немерені бауырға басып, қолына алатын ғұрып қалыптастырған. Шөберенің өзің «ата баласы, осы шаңырақтың кенжесі»-деседі. Қарашаңырақты сол «кенжелер» басып қалатын-ды. Бұл өмір қажетінен туындаған ғұрып болғандықтан салтқа айналған. Қарттарға қолұшын беріп, майда-шүйде шаруаға көмектесіп тұратын, әрі оларға ермек, алданыш болатын, көзі өткір, ойы ұшқыр, қозғалысы ширақ жас қажет. Әжесі:Ботам, қайдасың?Көзі құрғыр көрмейді, мына инені сабақтап жібер! Ой, айналайын, сабақтадың ба?Жарығым менің, сен менің көзімсің ғой!Атасы:-Құлыным қайдасың?Тізе құрғыр тұрғызбайды. Демеп тұрғызып жібер, таяғымды алып берші! Ой, рахмет. Айналайын, атасының сүйеніші емес пе?Осылай кезі келгенде бір-біріне демеу болу үшін, ата-әже немере-шөберені бауырына салып, шаңырағына ие болатын ұрпағын тәрбиелеп дайындаған. Қазақта отау иесін, шаңырақ иесін дайындау тым терең ойластыр-ып, зор мән беріліп, жүзеге асырылатын үрдіс. Егер шаңырақ иесі дұрыс таңдалып, оңды дайын-далған болса, қартайған шағында қарттар шалқып отырып балалрының бақытына бөленіп, қызығына батып, жасы келгенде бақиға армансыз, уайым-қайғысыз аттанатын болған. Қазақ үшін «бар игілікті жасап-жасап, кәдімгі адам болып өлгеннен» артық бақыт болмаған. Қазақбайдың інісі Зерделіге берген жауабын тыңдап көрелік. Зерделі:-Несиеңіз тие ме?-деп, сұрағанда, Қазақбай қарт:- Жасымда несием, қартайғанда несібем екен. Үй тігіп, қымыз сапырып отырғаным соның арқасы-депті. Бұл сұрақ пен жауаптың табиғи мәнісі мынау екен. Несиең тие ме дегені-балаларың күте ме, жасыңда сіз оларды бағып-қағып өсіріп едіңіз, енді сол еңбегіңізді өтей ме дегені екен. Қария:-Дұрыс тәрбиелеп, жақсы өсірген бала, немере қартайғанда бақыт екен. Балаларымның қызығын көріп отырмын-дегені екен ғой! Міне, қазақтың «балаларыңның қызығын көр» деген ақ тілегі осылай орындатын:Қазақта мүшел жас ерекше жиі қолданады және оны есептеу үшін жыл қайыру амалы енгізілген. Көптеген халық жылды мүшелмен есептейді. Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар он екі түрлі жануардың атымен аталадыБұлардың алтауы-үй жануары, алтауы түз тағысы. Осы кезде, кәзіргі жыл санау мен ескі жыл айыруды кестелеп пайдалану жиі қолданылуда. Бірінші мүшел-13 жас(балалық шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады Қазақ атамыз, сәбилік, балалық шақтан соң жастық шақты атайды. Ол-онбестен жиырма бес жасқа дейін Екінші мүшел-25 жас. (Ұлтжан-дылықтың ұшқыны қоздайды. ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу, азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы. Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің, талап жігердің алаулау жасы. Есею шақ жиырма бестен отыз үш жасқа дейін. Кемелдену шақ-отыз үш жастан, жетпіс төрт жасқа дейін. Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап, ой жүгіртетін, ақыл тоқтатқан, азамат атанған, «орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті, нағыз жас қазақ. Төртінші мүшел-49 жас. Елағасы болуға жараған, өнердің асқарына шыққан, орта жастағы толысқан қазақ Бесінші мүшел-61 жас. Дәулет ырысы молайған, адамдық барлық қасиет толық қалыптасқан, ақыл-ойы кемелденген, «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деуге тұрарлық асыл қазына жасы. Алда пайғампар жасы тұр. Дән -дәулет, ырыс-береке, мал-мүлкі молайған, тамыры тереңге кетіп, бұтағы төрт құбылаға тең тараған ата қазақ. Алтыншы мүшел-73 жас. Үрім бұтағының келешегіне үнемі көңіл бөліп, қайғы уайым ойлайтын, күш қуатына шек келтіре бастаған, қарттық жасы таянған, ақсақал қазақ Жетінші мүшел-85 жас. Қарттық жас. Қазақ дұрыс қартая білген. Бұл жаста қазақ ақ өңді киімдерді тұтынатын, қол-аяғын, үсті -басын мұнтазадай таза ұстайтын, бала-шағасы жас баладай мәпелеп, асырап-сақтап, күтіп-бағатын ақуыз балапан жас. Қосағымен қоса қартайған нағыз бақыттылар жасыыны еске алып есептесең де 75 қазақтың орта жасы болған. Кәрілік жетпіс төрт жастан басталады. Қарттар-тарих, қазына, ел қазығы. «Есік алды төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Ақылды қартың болса, жазып қойған хатпен тең», «Ақылды қария-ағып жатқан дария», «Қариясы бар үй-құты бар үй» екені ақиқат. Аталарымыз:«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер» деп тілей. жүріп, қарттық келмей қоймай-тын табиғи құбылыс екендігін түсінген. Асыл қарттарымыз-ұлы байтерек болса, біз соның бүрші-гіміз. Қыңырды жөнге, қисықты тезге салған, осы қарттардың жолымен талай ұрпақ тәрбие алып, өнер-білімнің жолын тауып, шыңдалып жетілді, тасты тесіп өскен шынардай заңғар да, айбынды қазақтар- бабалар сынығы, асылдар тұяғыХалық өз ұрпағына қайрым-дылықты ес біле бастағаннанүйретіп тиісті талапқою, дағдыландыру арқылы, оның тұрмыстық салтына, адамгершілік дәстүріне енгізе білген. Адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі-қарттарға қамқорлық көрсету болмақ. Отбасындағы үлкеннің кішіге көрсеткен қамқорлығы, кішінің үлкенге көрсеткен ізеті, бір-бірімен үйлесіп, баланың ата-анаға, әке-шешеге, өз кезегінде, оның бала-шағасына мейір-шапағаты ұласып, ер азаматтың еліне қызмет ету қайрымдылығының қайнар көзіне айналады. Абыз ақсақалды, шежіре кеуделі анасы бар шаңыраққа бас сұқсаң, ашулы кітап, шашулы қазынаға тап боласың. Мұндай отбасылар саны азайғанмен, Аллаһқа тәубә, жұрнағы үзіле қоймаған, жалғасы жапырақ жайып келеді. Ал, 100-120 жасқа келген қазақтар бұрын да болған, кәзір де бар. Сегізінші, тоғызыншы, оныншы мүшелер 97, 109, 121 жасқа сәйкес келеді. Олар адамның ұрпақ сүю, немере шөбересінің қызығын көру, бақытқа кенелу жас, абыз жас. Абыз жасына жеткен кез-келген қазақ -адамтанушы. Ол: жасты келешекте кім болатынын жазбай танып, батасын бере алатын болған. Қазақ танымында әр жылдың құт берекесі, игілік несібесі бар. Тышқан жылы-тірлікті жыл. Құштарлықты-бірлікті біл. Сиыр жылы-еңбекті жыл. Сыйлы жыл боп еңбек бұл жыл. Барыс жылы сәтті құтты. Баян етер сәттілікті. Қоян жылы құт қонады. Кейде малға жұт болады. Ұлу жылы әрекетті. Ұлғайтады берекетті. Жылан жылы құрғақ болар, жылға дымы құрғап қалар. Жылқы жылы-мархаб-батты. Жырғап өтер әр талапты. Қой жылы мол өнім болар, қораларың төлге толар. Мешін жылы бақ жарасым. Мереймен іс атқарасың. Тауық жылы -арманды жыл. Тауып істі шару-аңды біл. Ит жылы тым мазасыздау. игермесең азасың-ау! Доңыз жылы-байсалдылық, Дос табады жайсаң құлық. Аталарымызжыл қайыруды ауызша өте жылдам жүргізетін. Олар жасын сұрағанға: жылы не екенін ғана айтатын. Басқаның туған жылын анықтағанда қай жылғы екенін білсе жеткілікті болатын, қалғанын өзі есептеп алатын. Қазақ адамтанушылары жұлдыздама ашып, балалардың бейімділігін, икемін анықтап, оның келе-шегіне болжам жасайтын. «Жұлдыздама» атты адамтану қазақ ілімі ұлт өкілінің өсіп жетілу, нығайып кемелдену, жан дүниесінің өзгешелігін, мінез бітісінің ерекшелігін тамаша талдап, этнопсихологиялық мәселелерді әжептәуір шешкен. Осы күндері қарттарымыз жыл қайыру үшін, әрқайсысының қолында қол телефон болғандықтан. өздері жасап алған кестені көбірек керектенуде. Аталған жыл цифрін он екіге бөледі де, қалдығына қарап қандай жыл . екенін біле қояды. Мысалы; 2016:12=168қалдық 0-. мешін, қалдық-1-тауық, 2-болса ит, 3-болса доңыз, 4- болса тышқан, 5-болса сиыр, 6-болса барыс, 7-қоян, 8-болса ұлу, 9-болса жылан, 10-болса жылқы, 11-болса қой. Бүгінгі қарттарымыз, бүкіл халық болып, ел болып дінімізге бет бұрғандықтан күн тізбегін Хижра жылы бойынша есептеуге де жаттығып алды. Тіпті ауыз ашу, сәре ішу, намаз уақытын да болжай алатын, дәл білетін дәрежеге жетеқабыл болған. Бұл істе, мұсылман мәдениетін тарату, қолдау орталықтарының көмегі шексіз. Біздің заманымыздың 622 жылы арабша бірінші жыл болып есептеледі. Бұл жыл яғни 622 жылы шілденің 16 жұлдызында қараған түні Мұхаммед(с. ғ. с) Меккеден Мәдине қаласына көшті. Хижра күнтізбесі осы күннен басталады. Хижра (хижрат) араб сөзі, туған жерінен көшу, елінен ауу деген мағынаны білдіреді. Хижра мен Григорий күнтізбе аралығындағы айырмашылығы мына амалмен есептеледі. Мысалы хижраға - 1434жыл, біздің 2013:Ал, біздің 2014 жыл хижраша 1435, 2015 жыл-1436, 2016-1437. Есептеу амалы; 1437-ні 33-ке бөл. 1437:33=43 бүтін 28 қалдық 1437 ден 43 -ні шегер. 1437-43=1394, оған622-і қос. 1394+622=2016 шығады. Григориянша 2015 жыл хижраша нешенші жыл? 2015 тен 622-ні шегер2015-622. =1393. Айырманы 32-ге бөл. 1393:32=43(17) оны1393-ке қос1393+43=1436. . Демек 2015жыл хижраша 1436 жылекен. «Адам өмірі» деген ертегіге зер салсақ, жаратушы адамға 30 жас беріп, былай деген екен: «Сен адам, жаралғандар ортасында түр-сипатың артық. Басқа мақұлықтар бәрі сенен төмен болып, сенің әміріңде болады, олардың баршасына сен үкім қыларсың. Саған сөйлеуге сөз, ойлауға ақыл бердім. Тепсең темір үзетін күш-қуатың бар, жұмыс жасарлық аяқ-қолың бар. Жарық дүниенің патшасы өзің боларсың! Алайда, адам азырқанып, алмай кеткен басқа жануар-лардан жас қосып алған екен. Мәселен, есектің жиырма жасын, иттің 20 жылын, маймылдың 30 жасын жалынып сұрап алған адам 100 жасайтын болған. Адам 30-50 жас аралығында есектей ауыр жұмыс жасап көп мехнатпен ғұмыр кешеді. 50-70 жасқа дейін адам, өзінің үй маңындағы оны-мұныларын қарап күзетуге, бас-көз болуға құмар. Кейде не болса соны кәдік көргіш келеді. Сол кезде кім болса соған айқайлап, сүйекке таласудан таймайды. Бұл адамның иттен алған жасы болмақ. 70-тен асқан соң адам аз-аздап ақылынан айрылады. Бала тәрізді болады. Ол уақытта белі бүкірейіп, денесі иіліп те кетеді. Балаларға әңгіме, ойын болады, бұл маймыл жасы екен. Адамның жас ерекшелігі мен оның сипаттамалары туралы ұғымдар тым мол. Бір ақын қыз: «5 күшік, 10 ит, 20 бөрі, 30 арыстан, 40 қабылан, 50 өгіз, 60 арқан, 70 тұсау, 80 шідер, 90 торғай, 100 жұмыртқа» деп адамның жас ерекшелігін, күш-қуатын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz