Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама


Жоспар :
І. Кіріспе 1
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Аймақтың топырақ климаттық жағдайына сипаттама3
2. 2 Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама6
2. 3 Жеміс бағын отырғызу жобасын құру13
2. 4 Жеміс бағын отырғызу жобасының сызбасы
ІІІ. Қорытынды20
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер21
Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы - жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда, адам организміндегі қажетті витаминдер т. б пайдалы заттар орнын толықтырады. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала), жартылай бұталар (таңқурай), лиандар (актинидия, жүзім) . Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин), субтропиктік (анар, інжір, құрма), тропиктік (банан, ананас) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақылының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.
Қазақ жерінде жеміс өсімдіктерін өсірумен, оның жемісін тағамға пайдаланумен ерте заманнан айналысқан. Оған дәлел 610-639 жж қазіргі жеріміздің оңтүстік шығыс аймақтарын жайлаған үйсін руын билеген майқы бидің жинағында жеміс аттарының кездесуі. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс-жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Қазақстанда Қазан революциясына дейін бау бақша көлемі жеті мың гектарға тарта болды, мұның ішінде жетісуда 2. 5 мыңға, оңтүстік қазақстанда екі мыңға және батыс қазақстан аймағында 2. 4 мыңға жуық болды. Қазіпгі таңда республика тұрғындары үшін бір жылда медециналық мөлшер бойынша 1200 мың тонна жеміс қажет. Қазіргі кезде қазақстан республикасында жеміс жидек дақылдарынан аса сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор фермерлер, жеке шаруашылықтар саны көбейіп келеді. Мысалы, 1991 жылы республикада осындай шаруашылық саны 0. 3 мың гектар болса, 2001 жылы олардың саны бірмыңға жетті. Жеміс шаруашылығына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А. Ж. Жанғалиев, А. Н. Драгавцев, А. Н. Кацейко, В. П. Пономарчук, А. П. Андронов, К. Ж. Аяпов, О. А. Үкібасов жатады.
2. 1. Аймақтың топырақ климаттық жағдайына сипаттама
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысында орналасқан. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік - батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 - 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 - 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы) . Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі - құрғақ тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 - 260 м, ең биік жері - Ақтау (Бортау) тауы (263 м) . Жер бедері. Батыс Қазақстан облысы рельефінің айырмашылығы оның тегістік келуінде. Облыс бетінің бедері түстік шығыстан және оңтүстік батысқа қарай ойпаңдай түсуі. Географиялық ерекшелігіне қарай бес ірі геоморфологиялық аймаққа бөлінеді:1. Жалпы сырт 2. Оралтегі үстірті 3. Сырт алды жарлы биіктік 4. Каспий ойпаты 5. Орал өзені ортаңғы және төменгі ағыстарының алабы. Жалпы Сырттың Абсолюттік биіктігі 100-200 м аралығында. Жалпы сырттың өлке территориясындағы топырақ құрамы негізінен күрделі ауыр күлгін топырақ түрінен қалыптасқан. Немесе оны сырттық саздақ деп атаған. Батыс Қазақстан облыс территориясының көпшілігі Каспий ойпатының түстік бөлігін алып жатыр, бұл түстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай көлбеу бағытында орналасқан. Ойпат көлбеуінің абсолюттік биіктігі солтүстігінде 25 м шамасында болып осыдан оңтүстік бағытына қарай Каспий теңіз бағытына төмендей түседі де, Тайпақ елдімекенінен бастап каспий алды депрессияға айналады, яғни 10 м дейін күрт төмендейді. Каспий ойпаты облыс территориясындағы көпшілік бөлігі, көктемде су толатын тайыз ойпаттар және сайлар кеңінен таралған. Өлкененің қырат аймақшаларында микрорельефтері жақсы дамыған, оларда шійтабаққа ұқсайтын саршұнақ төмпешіктері, тереңдіктері 20-25 см және диаметрі 1-3 м шамасындай болып келетін микроойпатшалар жиі кездеседі. Облыстың оңтүстік және шығыс бөлігі территориясында құм массивтері кездеседі. Климаты. Батыс Қазақстан облыс климаты неғұрлым континентальдығымен ерекшеленеді. Дәлірек айтқанда аударсақ солтүстіктен батысқа қарай, оңтүстіктен шығысқа қарай бұл ерекшелік үдей түседі. Климаттық жағдайдың күрт өзгеруі күні және түні, қысы мен жазы кезіндегі табиғи құбылыс тез ауысуы байқалады. Өлкенің көпшілік аудандарында климаттың тұрақсыздығы тән және жауын шашын ылғалына жеткіліксіздік тұрақты болып келеді. Облыстың барлық территориясы үшін ауа жылуының ұзақтығы орташа жылдық мөлшері +5. 9 градусқа сәйкес келеді. Ең жоғарғы қар жабындысы наурызда да - 25-30 см солтүстік аймақта, ал 10-20 см оңтүстік аудандарда. Қыс кезінде ауаның төменгі минимальді температурасы артикалық ауаның араласуынан -30-35 градустағы аязды күндері болып тұрады. Кейбір өте аязды қыстары сынап бағанасы -40-45 градусқа дейін төмендейтін кездері болады. Қыс айларында желдің орташа жылдамдығы 4. 5-5 мсек жетеді. Жаз айлары ыссы, құрғақ. Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері:Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері:300 мм -солтүстік аудандарда, 140мм- оңтүстік аудандарда. Гидрографиясы. Облыс территориясында 200 ден астам өзендер бар. Олардың 65-і жаз айларының соңында түгелдей кеуіп қалатындар. Өлкедегі негізгі су көзі Орал өзені. Оның облыс территориясындағы арнасы 761км. Осы ұзындықтағы арнаның облыс территориясындағы су жинау кеңістігінің көлемі - 116678 шаршы км. Орал өзеніне сол жағалаудан құятын өзендер: Елек, Утва, Барбастау; оң жағалауына құятындар: Ембулат, Быковка, Рубежка, Шаған. Топырақ жамылғысы. Батыс Қазақстан облысы топырағы Облыстың бүкіл солтүстік, Жалпы Сырттық бөлігін қара және қызыл -қоңыр топырақ жауып жатыр. Аратұра бұлардың арасында жер бетіне шығып жатқан пермь саздары мен жалаңаштанған апатжыныстарымен тығыз байланысқан қызыл -қоңыр сортаң топырақ тар жолағы кездеседі. Облыстың Сырттық шығысын ала Ойылға дейін түтастай дерлік күңгірт қызыл қоңыр топырақ алқабы созылып жатыр, бұлардың кейбір түстарына саздақ және құм айт құрамды ашық сарғылт түсті топырақ массивтері (Қараағаш, Көкөзен) сұғына ене түскен. Өзен аңғарларын бойлай ойдым-ойдым сортаңдар түзілген. Каспий маңы ойпаты шегінде алақұла топырақ жамылғысы қалыптасқан. Сырт алдындағы қыраттарға жапсарлас жатқан ойпатта қызыл қоңыр және ашық қызыл -қоңыр ойдымдармен алмасып келген күңгірт қызыл қоңыр топырақ тар басым. Бұлар дың оңтүстік таралу шегі шамамен Көшім тоқтау дәуіріндегі Каспий теңізінің жағалаулық шегімен сәйкес келеді. Бүл алапта ойдым-ойдым сортаңдар кездеседі. Эльтон және Қараөзен, Сарыөзен су айырықтарын, Көшім мен Жайықтың сол жағалауындағы кейбір жерлерді ашық қызыл қоңыр, қызыл -қоңыр, сортаң, шабындықты қызыл қоңыр топырақ тар кешені жауып жатыр, бұлардың арасында қызыл қоңыр топырақ басым келеді. Бұл өңірдегі сор-сортаң алқап тар 15-20%, кейде 40% шамасында. Оңтүстікке жылжыған сайын топырақ құрамы жеңілдей түседі, саздақ құмайтқа ауыса береді, құм ақты ашық қызыл қоңыр топырақ бүл жерде бір тектес үлкен массивті құрайды. Әсіресе Сайқын, Аралсор-Пятимар-Қаршы-Өлеңтіге дейінгі табиғи шектен оңтүстікке қарай ойысқан сайын дала бедері тегістеле түседі. Жолшыбай далалық ойпаң жерлердегі шалғынды қызыл қоңыр топырақ үлесі де өзгеріп отырады. қоңырқай және ашық қоңыр қай топырақ түрлері облыстың оңтүстік шекарасын бойлай ойдым-ойдым болып кездеседі. Ойдымдарының ірісі Хаки сорының оңтүстігіне таман орналасқан, ал қалғандары Аралсордың оңтүстік шетінен Көшім сағасына, Тайпаққа қарай үздік-үздік жолақ болып өтеді. Жайықтың сол жағында бұлар Индер көлінің солтүстігінен Бүйрек құм дарына бағытталады. қоңыр топырақ ты алаптың оңтүстік беткейінде Нарын құмы жатыр. Батыс Қазақстан облысы өзендерінің жайылмасындағы аллювильді топырақтар мынандай түрге бөлінеді: 1. Орманды шалғынды топырақ өзен арнасына жақын орналасқан. Бұл көбіне Жайық пен Елек өзенінің арнасына жақын қалыптасқан. Қарашірік қабатының қалыңдығы 40 см, құнарлы органикалық бөлігі 2. 4% 2. Жазықтағы кіші өзендердің жайылмасында шалғынды жайылмалы топырақ қалыптасқан. Қарашірік қабатының қалыңдығы 50см, құнарлы органикалық бөлігі см, құнарлы органикалық бөлігі 3. 5-5%. 2. 2. Жеміс - жидек дақылдарының сорттарына сипаттама Қазақстанның жекелеген табиғи климаттық облыстары және аймақтары бойынша жеміс жидек өсімдіктерінің тұқымдары мен сорттарының проценттік қатынастары.Алма (лат. malus ) - раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83-88 % су, 7, 5-16 % қант, 0, 2-0. 8 % қышқыл, 9, 5-18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28-1, 0 % илік заттар, А, В 1 , В 2 , В 6 , С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т. б. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатаушапағы, Алматы т. б. ) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Батыс Қазақстан облысындағы алманың жаздық сорттары: Грушовка московская, Мальт багаевский . Күздік сорттары: Осеннее полосатое, Анис алый. Күздік-қыстық сорттары: Антовка обыкновенная, Скрыжапель, Анис полосатый, Спартак .
Антовка обыкновенный - алманың байырғы сорттарының бірі. Республикамыздың батыс облыстарында жиі кездеседі. Бұл сорт қысқа, суыққа төзімді. 6-8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Бұл сорттың жемісі қыркүйектің бас кезінде піседі, қантар айына дейін сақталады. Жемісінің ірлігі орташа. Дәмі қышқыл тәтті келеді, осыған сәйкес хош иісті болады. Анис алый - негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, ұзақ жасайды және мол өнім береді(орта есеппен әрбір ағаш 100-120 кг өнім береді) . Бұл сорттың жемісі тамызда піседі, қараша айына дейін сақталады. Тозаңдатқыштары Украинка, Мальт және Антовка Грушовка московская - жазда пісетін орталық орыс жерінің байырғы сорты. Қысқа төзімділігі жақсы. Мол өнім береді. Жемісі майда, түсі сарғылт қызыл, өте сүйкімді қышқыл тәтті дәмді болады. Шілде айында піседі. Піскеннен кейін жемісі тез түсіп қалады. Мальт багаевский - әдемі түсті жемісінің ірілігі орташа, аса бағалы жаздық сорт. Ағашы қысқа мейілінше төзімді және мол өнім береді. Алты жылдан кейін жеміс бере бастайды.





- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz