Жаздық бидай дақылының зиянкестері
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының табиғи климаттық жағдайына сипаттама
2.2. Жаздық бидай дақылының зиянкестері
2.3. Жаздық бидай дақылы зиянкестерімен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін зерттейтін ғылым саласын энтомомлогия атайды. Энтомология насекомдар туралы ғылым (грек тілінде: энтомос насеком, логос ғылым). Ауылшаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының ( немодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Практикалық маңызына байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организмдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін түрлер, топырақ пен орман төсенішін мекендеп, топырақ түзілуге қатысатындар, өсімдіктердің айқас тозаңдануын қамтамасыз ететіндер, сонымен қатар аса бағалы азық түлік және өндіріс шикізаттарын беретіндер жатады. Ал зиянды өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдарын, басқа да пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер, адамға және үй жануарларына қауіпті аурулар жұқтыратын әр түрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.
Энтомологияның негізгі міндеті зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейілінше азайту.
Бидай (лат. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады. Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған.
Жаздық бидай -- салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-2°С жылылықта өне бастайды. Алайда, тіршілікке қабілетті егін көгі +4-5°С пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С-та 13 күнде, +10°С-та 9 күнде, 15°С-та 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді -10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандану кезеңдерінде -1-2°С бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен өнеді. Себу -- көктеу кезеңінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптену кезеңіндегі температураның төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына оң әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Өсімдіктің жеке дамуына бұл кезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін органогенездің алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі білік, гүл шоғырының білігі қалыптаса бастайды, гүлшоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Ақмола облысы жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп-даму кезеңінде, әсіресе түптену-түтікке шығу және түтіктену-масақтану кезеңіндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуші фактор болып табылады. Бұл кезеңдерде жаздық бидай өсімдігі екінші жастық дәуренін ~ органогенездің 5-8 кезеңдерін (гүл дифференциациясы, жатыр мен аталықтардың қалыптасуы, түйін аралықтарының ұзара өсуі, масақтану кезеңінің аяқталуы) өтеді. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж. сияқты) -- маусымның соңында өтеді. Жоғары температурада гүлдену кезеңі де тездетіледі, жаздың бидай тіршілік шағының үшінші дәуренінің басы немесе органогенездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану-пісіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да, органогенездің 10-12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16-23°С. Жалпы алғанда, орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1900°С, ал оң температура жиынтығы 2200-2500°Сдейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа орта есеппен 110-115 күннен аспайды. Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дән массасына шаққанда 50-60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшін ол өзінің ағзасынан 400-500 өлшем су буландырады немесе транспирация коэффициенті 400-500 тең деген сөз. Біздің өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов Қ.К., 1998) жаздың бидайдың су пайдалану коэффициенті суармаған жағдайда 18,5-22,0 ммц, ал суармалы жерлерде 10,9-12,0 ммц болды. Жаздық бидайдың даму кезеңдеріне қарай ылғалды пайдалануы біркелкі емес: барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде 5-7% , түптенуде 15-20% , түптену мен масақтануда 50-60% , сүттене пісуде 20-30%, ал балауызданып піскенде 3-5% жұмсалады. Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі немесе қиын-қыстау кезеңі түптену-масақтану басқаша айтқанда, репродуктивтік органдарының пайда болу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңінде топырақтагы ылгал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс өсерін тигізеді де, егін өнімін күрт төмендетеді. Қолайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың қиын-қыстау кезеңі ауа райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтың 1 м қабатында 60-80 мм болғанда төмен, 100-120 мм орташа және 140 мм артық болганда жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Айта кету керек, жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидай мен тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап қояды. Тамыр жүйесінің сіңіру қабілетінің және оның басқа дәнді даңылдарға қарағанда айтарлықтай әлсіз дамитындығынан жаздық бидай топырақ құнарлылығын қажет етеді. Өсімдік тіршілігіндегі қоректік заттардың рөлі әр қилы. Азот жақсы түптенуге, қуатты сабақ пен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, фотосинтетикалық қызметті күшейтеді, биологиялық массаның қорлануын, дәндегі протеин мөлшерін арттырады. Фосфор (Р205) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдегі астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коәффициентін төмендетеді, жаздың бидайдың пісуін 5-6 күнге тездетеді. Калий (К20) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал ұстау және тамырдың ылғал сіңіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігін арттырады. Қоректік заттарды пайдалану өсімдік ылғал қажетсінуіне ұқсас. Жаздық бидайдың қоректену элементтерін шығару топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір ц астық пен тиісті сабанға шаққанда) азот (IV) -- 3,7-4,0, фосфор (Р205) -- 0,9-1,1 және калий (К20) 1,7-1,8 кг тең. Жаздың бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қоңыр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық жылдары өнімді күрт төмендетеді. Жақсы өнімді реакциясы қалыпты немесе әлсіз қышқыл топырақтарда алуға болады. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жаздың жұмсақ бидайдың Саратовская 29, Целинная 3 С, Целинная 24, Целинная Юбилейная, Казахстанскаяраннеспелая, Казахстанская 15, Карагандинская 70, әритроспермум 35, Акмола 2, т.б. аудандастырылып ойдағыдай өсірілуде.

Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысында орналасқан. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік - батысында Саратов,Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 -- 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 -- 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі -- құрғақ тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 -- 260 м, ең биік жері -- Ақтау (Бортау) тауы (263 м).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер бедері. Батыс Қазақстан облысы рельефінің айырмашылығы оның тегістік келуінде. Облыс бетінің бедері түстік шығыстан және оңтүстік батысқа қарай ойпаңдай түсуі. Географиялық ерекшелігіне қарай бес ірі геоморфологиялық аймаққа бөлінеді:1. Жалпы сырт 2. Оралтегі үстірті 3. Сырт алды жарлы биіктік 4. Каспий ойпаты 5. Орал өзені ортаңғы және төменгі ағыстарының алабы. Жалпы Сырттың Абсолюттік биіктігі 100-200 м аралығында.Жалпы сырттың өлке территориясындағы топырақ құрамы негізінен күрделі ауыр күлгін топырақ түрінен қалыптасқан. Немесе оны сырттық саздақ деп атаған. Батыс Қазақстан облыс территориясының көпшілігі Каспий ойпатының түстік бөлігін алып жатыр,бұл түстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай көлбеу бағытында орналасқан. Ойпат көлбеуінің абсолюттік биіктігі солтүстігінде 25 м шамасында болып осыдан оңтүстік бағытына қарай Каспий теңіз бағытына төмендей түседі де, Тайпақ елдімекенінен бастап каспий алды депрессияға айналады,яғни 10 м дейін күрт төмендейді.Каспий ойпаты облыс территориясындағы көпшілік бөлігі, көктемде су толатын тайыз ойпаттар және сайлар кеңінен таралған.Өлкененің қырат аймақшаларында микрорельефтері жақсы дамыған,оларда шійтабаққа ұқсайтын саршұнақ төмпешіктері,тереңдіктері 20-25 см және диаметрі 1-3 м шамасындай болып келетін микроойпатшалар жиі кездеседі.Облыстың оңтүстік және шығыс бөлігі территориясында құм массивтері кездеседі.

Климаты. Батыс Қазақстан облыс климаты неғұрлым континентальдығымен ерекшеленеді. Дәлірек айтқанда аударсақ солтүстіктен батысқа қарай, оңтүстіктен шығысқа қарай бұл ерекшелік үдей түседі. Климаттық жағдайдың күрт өзгеруі күні және түні, қысы мен жазы кезіндегі табиғи құбылыс тез ауысуы байқалады. Өлкенің көпшілік аудандарында климаттың тұрақсыздығы тән және жауын шашын ылғалына жеткіліксіздік тұрақты болып келеді. Облыстың барлық территориясы үшін ауа жылуының ұзақтығы орташа жылдық мөлшері +5.9 градусқа сәйкес келеді. Ең жоғарғы қар жабындысы наурызда да - 25-30 см солтүстік аймақта, ал 10-20 см оңтүстік аудандарда. Қыс кезінде ауаның төменгі минимальді температурасы артикалық ауаның араласуынан -30-35 градустағы аязды күндері болып тұрады. Кейбір өте аязды қыстары сынап бағанасы -40-45 градусқа дейін төмендейтін кездері болады. Қыс айларында желдің орташа жылдамдығы 4.5-5 мсек жетеді. Жаз айлары ыссы,құрғақ. Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері:Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері:300 мм -солтүстік аудандарда,140мм- оңтүстік аудандарда.

Топырақ жамылғысы. Батыс Қазақстан облысы топырағы Облыстың бүкіл солтүстік, Жалпы Сырттық бөлігін қара және қызыл -қоңыр топырақ жауып жатыр. Аратұра бұлардың арасында жер бетіне шығып жатқан пермь саздары мен жалаңаштанған апатжыныстарымен тығыз байланысқан қызыл -қоңыр сортаң топырақ тар жолағы кездеседі. Облыстың Сырттық шығысын ала Ойылға дейін түтастай дерлік күңгірт қызыл қоңыр топырақ алқабы созылып жатыр, бұлардың кейбір түстарына саздақ және құм айт құрамды ашық сарғылт түсті топырақ массивтері (Қараағаш, Көкөзен) сұғына ене түскен. Өзен аңғарларын бойлай ойдым-ойдым сортаңдар түзілген. Каспий маңы ойпаты шегінде алақұла топырақ жамылғысы қалыптасқан. Сырт алдындағы қыраттарға жапсарлас жатқан ойпатта қызыл қоңыр және ашық қызыл -қоңыр ойдымдармен алмасып келген күңгірт қызыл қоңыр топырақ тар басым. Бұлар дың оңтүстік таралу шегі шамамен Көшім тоқтау дәуіріндегі Каспий теңізінің жағалаулық шегімен сәйкес келеді. Бүл алапта ойдым-ойдым сортаңдар кездеседі. Эльтон және Қараөзен, Сарыөзен су айырықтарын, Көшім мен Жайықтың сол жағалауындағы кейбір жерлерді ашық қызыл қоңыр , қызыл -қоңыр , сортаң, шабындықты қызыл қоңыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz