Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары
Жоспары
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Топырақ құнарлығы, оның түрлері мен топырақты мәденилендіру
2.2 Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақ - дегеніміз өсімдіктердің, жануарлардың , климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі.Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң Орыстың қара топырағы (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақ түзілу процессі - топырақтың күрделі жүйелі қалыптасу кезеңдерінің ауысуы: тау жыңыстар минералдарының және топырақтың айналуы (трансформациясы), топырақта органикалық қалдықтардың жиналуы және жүйелі трансформациясы, органо-минералдық қосылыстардың күрделі жүйесінің пайда болуымен минералдық және органикалық заттардың әрекеттесуі, топырақтың беткі бөлігінде биофилдық элементтердің, біріншіден қорек элементтердің, жинақталуы (аккумуляциясы), топырақ кескінінде және оның беті бойынша су ағысымен топырақ түзуші өнімдерінің тасымалдануы (миграциясы). Топырақ түзілу процесі биофизика-химиялық процесстердің категориясына жатады. Қандай болса да топырақтың генезисы, минимум, 3 кезеңдік сатыдан тұрады:
1-кезең: Топырақ түзілуінің басталуы немесе бастапқы топырақ түзілу процессі;
2-кезең: Топырақтың даму сатысы, бұнда аналық жыңыстың субстраты топыраққа сипатты қасиеттерін біртіндеп қалыптастырады. Осы сатыда топырақ түзілу факторларымен тепе-теңдіктің болмауы - топырақ түзілу процессі дамуының себебі;
3-кезең: Топырақтың жыңысы қалыптасқан сатысында айналымдық қайтымды процесстер басымды болады; биогеоценоздардың топырақ қасиеттері және биоөнімділік деңгейлері тұрақты, топырақтың орта факторларымен тепе-теңдікке жақын болуынан.
Топырақтың құнарлығы және оны ұдайы өңдіру егіншіліктің теориялық негіздерінің біріне жатады.

Топырақ құнарлығы - өсімдік және басқа да организмдердің өмір сүру ортасы болуы,оларды керекті факторлармен қамтамасыз етудің көзі және экологиялық міндеттерді атқару қабілеттілігі. Құнарлы топырақ мынандай талаптарға сай болу керек:
oo өсімдікке қажетті оңтайлы су ауалық және жылу жүргілерін қамтамасыз ету;
oo қоректік заттардың сіңімді түрлерінің жеткілікті болуы;
oo өз қорынан және сырттан енгізілген қоректік заттарды топырақтың тиімді қабылдауын,шоғырлануын және айналып өзгеруін қамтамасыз ету;
oo эрозияға қарсы тұру қабілеттілігі мен жаңа агротехнологияларға биімділігінің жоғары болуы;
oo аз мерзім ішінде топырақтың фитоулылығын, фитопатогендерін жою, пайдалы және зиянды топырақ организмдерінің арасындағы тепе теңдікті орнату, арамшөптердің тұқымдары мен вегетативті көбею органдарынан таза болуы.
Топырақ құнарлығының екі түрі бар: табиғи және жасанды немесе тиімді. Бірінші құнарлылық адамның араласуынсыз топырақ түзілуінің табиғи процестерінің нәтижесінде пайда болады. Қазіргі кезде таза түрінде бұл құнарлылық тың жерлерге тән болады. Топырақты ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалана бастағанда, оны өңдеу, әртүрлі дақылдар себу, тыңайтқыштар енгізу, суару т.б шаралардың салдарынан оның табиғи дамуында, жүргілері мен қасиеттерінде өте елеулі өзгерістер пайда болады. Адамның іс әрекетінің нәтижесінде туындайтын, топырақта болатын сапалық және сандық өзгерістер құнарлылықтың жаңа түрі тиімді құнарлылыққа айналады. Әрбір топырақта қоректік заттардың белгілі қоры болады, өсімдік оның бір бөлігін пайдаланып отырады. Бұдан барып потенциалды құнарлылық деген ұғым туады. Мысалы , қара топырақты потенциалды құнарлығы жоғары топырақ десек, сұр топырақты аталған құнарлылығы төменге жатқызамыз. Топырақ құнарлылығының белгілі бір кезеңде өзгеруі оның бастапқы деңгейімен салыстырылып сипатталады. Топырақ құнарлылығы белгілі кезеңнен кейін бастапқы құнарлылық деңгейінен төмендеп кетсе,оны толық емес ұдайы өндіріс деп атаймыз, ал құнарлылық бастапқы қалпында сақталса, жай ұдайы өндіріс, бастапқыдан жоғары болған жағдайда кеңітілген ұдайы өндіріс деп атаймыз.
Топырақты мәденилердіру деп - оның маңызды табиғи қасиеттерін агромелиоративтік шаралардың арқасында өсімдік өсуіне қолайлы етіп өзгертуді айтады. Топырақ жүгірлері мен қасиеттерінің өсімдік өсіп дамуына сәйкес келуіне байланысты топырақтар нашар,орташа,жақсы және жоғары деңгейде мәденилендірілген болып бөлінеді. Топырақтың әртүрлі қасиеттері оның тиімді құнарлығына теріс әсер етуі мүмкін. Бұлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: топырақтың артық сілтілігі мен қышқылдығы; жер асты суының жоғары орналасуы және топырақта еритін тұздардың көп болуынан оның қосымша тұздануы; топырақтағы өсімдік тамырының өсіп таралатын қабатының тапшылығы; микрожербедерінің тегіс еместігі; баурайдың өте тіктігі, егістікте ағаш бұталардың, олардың түбірлерінің, төмпешіктердің, тастардың көп болуы, арамшөптер, зиянкестер, ауру қоздырғыштардың молдығы; топырақ улылығы; топырақтың сіңіру сиымдылығының төмендігі; қарашіріндінің аздығы; топырақтың микробиологиялық белсенділігінің нашарлығы; өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың мөлшерден тыс көптігі немесе тапшылығы; топырақ тығыздығының, байланыстылығының және басқа агрофизикалық қасиеттерінің ауыл шаруашылығы дақылдарына және топырақ эрозиясын тудыратын қолайсыз көрсеткіштері. Топырақты жақсартуға кедергі болатын аталған факторлардың әсерін жою үшін әртүрлі агромелиоративтік шаралар қолданылады.
Топырақ құнарлығын бағалау үшін өніммен тікелей байланысты болып келетін оның агрофизикалық, биологиялық және агрохимиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz