Жеміс тұқымдарының ауданы
Жоспар:
І.Кіріспе ___________________________________ _____________2-3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Аймақтың топырақ климаттық жағдайына сипаттама ________4-6
2.2Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама _________7-11
2.3Жеміс бағын отырғызу жобасын құру _____________________12-15
2.4Жеміс бағын отырғызу жобасының сызбасы ________________16-19
ІІІ.Қорытынды ___________________________________ _________20
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер _______________________________21
Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет ,жеміс дақылдарының көшетін өсіру және жидек таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік анар, құрма, інжір, т.б., жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия б.з.б. 3 мыңыншы жыл, Қытай мен Үндістан б.з.б. 2-мыңыншы жыл, Қырым б.з.б. 700 жыл бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор.Жеміс-жидек өсіру -- жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г. Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л. Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру (Г.П. Адрианова, Е.М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М.М. Исин, Г.Н. Қайырова), егістіктерді суару (В.Х. Арст, А.И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В.П. Гудковский, Т.Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д.Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.
2.1.Аймақтың топырақ климат жағдайына сипаттама
Шығыс Қазақстан Облысының топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде тиісінше 600 - 800 м-ге және 1200 - 1300 м-ге дейін түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған.
Облыс климаты күрт континенталды, бір қалыпты ылғалдылығы жеткіліксіз, үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді және өзіне төрт климаттық аумақ енгізеді: далалы, шөлді, шөлейтті, тау бөктері және таулы аудандар.Жазықтық және таулы аймақтардағы климаттық жағдайы бір бірінен температура тәртібі бойынша да, және жауын-шашынның мөлшерімен де өзгешеленеді. Облыстың шөлді және шөлейтті аудандарындағы кенет континенталдық таулы және тау бөктері аудандарында едәуір бәсеңдейді. Ендік аймақтық заңымен сәйкес радиациалық теңдіктің көрсеткіштігі 46,1-ден 50,6-ға дейін ккалкв.см жылына солтүстіктен оңтүстікке артуы байқалады, сонымен қатар таудың биіктегенімен радиациада өседі.Облыс аймағындағы ауа райының түрі жыл маусымы бойынша келесі айналым жағдайымен ерекшеленеді: қыста батыс перифериясының ықпалымен Монғолдық қысым жоғарылық ауа райының антициклондық түрі орнатылады (тұрақты, ашық, аязды және бұлтсыз). Солтүстік-Атлантикалық жоғарылық ықпалы ауа райының циклондық түрінің қалыптасуына қысқы және жазғы кезеңдерде де себеп етеді (тұрақсыз, жылы, бұлтты, жауын-шашынды). Сонымен қатар атмосфераның айналымы жазда Солтүстік Мұзды мұхиттың қысымның көтерілу аумағы әсер етеді, ол жаздық антицикландардың дамуына жағдай жасайды . Жаздық айналымы оңтүстіктен тропикалық ауа массасының кіруімен және жергілікті таулы-аңғарлы желмен (таулы жерлерде) қиындатылады.Ең суық айдың (қаңтар) орташа айлық ауа температурасы -17 -18ºС, ал кейбір жерлерде -13С, -27ºС болады. Ең жылы қыс айларында орташа айлық температура облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде -10С төмен түспейді. Ең жылы ай (шілде) температурасы +16..+23ºС. Жылдық температураның өзгеруі 33-41ºС тең. Кейбір қыстардағы ең төменгі температура -43, -55ºС, ал жаздағы ең жоғарғы +35..+43ºС жетеді. Жазда таудағы орта температураның таралуы биіктігіне байланысты.Таулы және тау бөктері аудандарында аязсыз кезеңдер үш айдан кем созылады, басқа аймақтарында бес айға дейін болады. Жылы кезеңдегі жауын-шашындар бірқалыпты болып бөлінеді. Зайсан көлі ауданында 100мм аз, ал таулы және тау бөктері аудандарында - 300 мм және одан да көп жауын-шашын жауады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 165-тен 200 мм шөл және шөлейт аймақтарда 800-1500 мм Орловка, Кіші Үлбі, Тарбағатайдың таулы жерлері сәйкес өзгереді. Жылы кезеңдегі жауын-шашындар (сәуір-қазан) суық кезеңдердегі жауын-шашындардан (қараша -наурыз) басым болып келеді. Бұл облысқа тән континенталды белгісі. Облыстың барлық аймағында ең көп жауын-шашын жаз айларына келеді, көбірек екінші жартысына. Бірақ, бұған қарамастан, жаз бойы бұлыңғыр күндер саны ашық күндерге қарағанда үш-төрт есе аз болады.Қыс суық және ұзақ 5-6 ай. Облыс бойынша қар жамылғысы біркелкі болып түспейді; таулы және тау бөктері аудандарында оның биіктігі орташа 60-80 см және одан биікке жетеді, ал далалы және шөлейтті жерлерде 15-25 см, кейбір жерлерде 15 см де жетпейді. Қар жамылғысының біркелкі болып түспеуі топырақтың біркелкі емес тереңдікте қатуына әсер етеді.Қысқы кезеңде облыс аумағының көп бөлігінде оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттағы, жылы кезеңдерде - шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы жел басым болады. Желдің орта жылдамдығы 2,5-3,5 мс тең.Бірақ облыстың жекелеген аудандарында күшті жел 15 мс және одан да көп ерекше болып табылмайды, және осындай желдің бір жылдағы күндерінің орташа саны 18-20 жетеді. Желдің анағұрлым көп соғуы Жалғыз Төбе, Қарауыл, Жарма стансалары аудандарында байқалады. Көпжылдық орташа күзгі-қысқы кезеңдерде бұл жерде 70-тен 105-ке дейін күшті желді күштілігі 15 мс және одан да көп күндер байқалады.Облыс Солтүстік Мұзды мұхит, Карск теңізі бассейніне және ішкі ағынсыз Балқаш көлінің аумағына жатады. Су айырық Тарбағатай және Шыңғыстау жоталары бойынша өтеді. Карск теңізінің бассейнінің ең басты өзені - Ертіс . Негізгі салалары - Бұқтарма, Үлбі, Ұба, Шар, Қызылсу, Күршім. Қазақтың ұсақ шоқысының өзендерінің суы аз, олардың көбі - құрғап бара жатқандар Алтынсу, Шаған, Бұғаз, Бақанас, Қаракөл, Аягөз. Облыста 1968 көл орналасқан. Аумақтың көлдік жері 0,37 % құрайды. Аумақ бойынша көлдер бірыңғай орналаспаған, негізінен Ертіс өзенінің бассейінінде және оның салаларында, биік таулы - Берел сеңгір мұз төңірегінде. Үлкен сутоғандар өзен аңғарлары және тауаралық ойпаттармен ұштасады. Облыстағы ірі көлдер - Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл.Облыс шегінде Оңтүстік-Батыс Алтайда 350-ден астам мұздықтар бар,олардың жалпы жер көлемі 99,1 кв.км. олар биік таулы жерде орналасқан. Ең ірі мұздықтар - Үлкен және Кіші Бұқтырма. Бұқтырма бастауында 9 мұздық бар.
2.2.Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Облыс
Алма
Алхоры
Бүлдірген
Таңқурай
Шығыс Қазақстан
33
15
8
5
Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83 -- 88 % су, 7,5 -- 16 % қант, 0,2 -- 0.8 % қышқыл, 9,5 -- 18,5 % құрғақ қалдық, 0,28 -- 1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі.Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу - әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Қазақстандағы "Алмалы" ғылыми-өндірістік бірлестігі шығарған, бірден-бір көп тараған сорттардың сипаттамалары мынадай:
Іле алма сорты (1934 ж.) - Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі (аудандастырылған). 4-5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 89-90 кг алма түседі. Жемісі ірі (160 г) сопақша пішіндес, домалақ, шымқай қызыл, көкшілдеу, қыркүйекте піседі. Суыққа төзімді.
Алатау шапағы - алма сорты (1936 ж.) - Алматы облысында аудандастырылған. 5-6 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 158 кг (кейде 250 кг) алма түседі; ол біршама ірі (110 г), сопақша пішіндес, жасыл, қызғылт сары түсті, қыркүйекте піседі. Суыққа төзімді.
Салтанат алма сорты - Алматы облысында аудандастырылған. 7-8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 140 кг алма түседі; ол ірі (160 г), домалақ, қызғылт сары, қызғылт түсті, қыркүйекте піседі.
Алматы алқызыл алма сорты (1940 ж.) - Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. 7-8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 220 кг алма түседі; ол ірі (190 г), сопақша пішіндес, домалақ, қырлы, қызғылт сары түсті, қыркүйектің аяғында, қазанның басында піседі. Суыққа өте шыдамды.
1-сурет, Іле алма сорты
Алхоры -- раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта жемісі. Еуропада, Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, Шығыс және Орта Азияда өседі. Ағашынан 40-100 кг-ға дейін өнім алынады. Жемісінен тосап, сусын, шырын, шәрбат және т.б. дайындалынады. Алхоры (орыс тілінде слива) - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны - Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады.
Стенли сортының ауруларға төзімділігі жоғары, суыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz