Орта мектеп жүйесін ақпараттық жобалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Орта мектеп жүйесін ақпараттық жобалау
Мамандық 5В070300 - Ақпараттық жүйелер

Орындаған: Әнапия Р., күндізгі оқу
нысанының 4 курс студенті

Тексерген: Күзенбаев Б.А., АЖ кафедрасының
аға оқытушысы

Есептің қорғауы
болған күні ___ _______20__ ж.
Бағасы_________________

Қостанай, 2018
Мазмұны

Кіріспе 3
1. AutoCAD бағдарламасы туралы жалпы мәлімет 4
1.1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 4
1.2 Түзу сызықты кесінділер 5
1.3 Көмекші құрау сызықтары 8
1.4 Көріністерді басқару құралдары 9
2. Күрделі объектілерді құру 10
2.1 Поли сызық құру 10
2.2 Сплайндар 10
2.3 Штртихталған аймақтар 11
2.4 Мультисызықтар 11
2.5 Эскизді сызықтар құру 12
3. Тәжірибелік жұмыс 13
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

AutoCAD бағдарламасы - сызбалармен жұмыс істеуге арналған программа.Бұл программаның бірнеше нұсқалары бар. Алайда, олардың бір-бірінен айырмашылығы аса үлкен емес.
Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 - автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.
AutoCAD бағдарламасын пайдаланатындар көбінесе сәулетшілер, техникамен жұмыс жасайтын,бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар.Мұндай қолданушылардың бұл программаның оқып үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігін сондай-ақ AutoCAD бағдарламасындағы қажетті объектілердің мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. AutoCAD бағдарламасының бір артықшылығы осы бағдарламаны пайдалана отырып көптеген жұмыстарды атқаруға болады.
AutoCAD бағдарламасы жөнінде мағұлмат жеткілікті,олар негізінде орыс,ағылшын тілдерінде,ал қазақ тілінде аз болып келеді.
Ұсынылып отырған курстық жұмысымда осы AutoCAD бағдарламасы бойынша орта мектептің модельін жасау.

1. AutoCAD бағдарламасы туралы жалпы мәлімет
1.1 AutoCAD-ң негізгі құралдары

AutoCAD бағдарламасының алғашқы нұсқасын американың Autodesk фирмасы XX ғасырдың 80-жылдары шығарды. Бағдарлама бірден өзіндік дайындауы мен қолданушыға ыңғайлығымен өзіне назар аудартты. Жүйенің үнемі дамуы, ескертулер есебі, басқа фирмалардың жаңа өнімдерінен байланысуы (бірінші болып Microsoft) Auto CAD бағдарламасын бағдарламалық қамсыздандыру нарығының әлемдік басшысы етті. AutoCAD жүйесі қондырылатын дербес компьютер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Мұндай талаптарға сай болу үшін 500 МГц процессорлік Pentium III-тен жоғары болатын компьютер, 256 Мбайт оперативтік жады, 2 Гбайт винчестер (қатты диск), винчестор бағдарламалык қамсыздандыру үшін 350 Мбайт, жұмыс жасау кезіңде құрылатын уақытша файлдар үшін 250 Мбайт бос болуы қажет. Сонымен қатар компьютерде операциялық жүйелердің бірі қондырылуы керек. Бағдарламаны іске қосу үшін жұмыс үстелінде орналасқан жарлығын тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту қажет. Бағдарламаны іске қосудың тағы да бір жолы Іске қосу Бағдарламалар -- AutoCAD 2006 -- AutoCAD 2006 бұйрық жолдарын орындау арқылы жүреді. Auto CAD 2006 бағдарламасы толықтай жүктелгеннен кейін жұмысты бастау (Start up) сүқбаттасу терезесі пайда болады. Бұл терезеде керекті жұмыс режимін таңдауға болады. Көрсетілген батырмаларды шерткенне кейін, таңдалған үлкен батырма өзінің жағдайын басылған күйге, ал терезенің жоғарғы оң жағындағы жазба мәтін мазмұны батырма атына өзгереді. Сұқбаттасу терезесімен жұмысты аяқтау үшін ОК батырмасын шерту қажет.
Егер жаңа бос сурет қүру керек болса, онда Startup (Жұмысты бастау) терезесіндегі Start from Scratch (Қарапайым шаблон) батырмасын пайдалану керек. Бұл режим келісім бойынша ұсынылады. Бұл шаблонда ең аз орнатуымен жаңа бос сызу құрылады. Қолданушы оның қандай өлшем бірлікте жұмыс жасайтынын білу керек: Imperial (feet and inches) (ағылшынша -- фут пен дюйм) немесе Metric (метрикалық). Екінші нұсқа біздің жағдайда ыңғайлы.
Қолданушы Use a Template (Шаблон бойынша) режимін таңдауда жұмысты толықтай жаңадан бастамай, әртүрлі форматтағы дайын шаблондарды қолдана алады (жиектеулер, штамптар және т.б.сызықтар мен орнатулар болуы мүмкін). Use a Wizard (Шеберді шақыру) режимі жаңа суретті баптауға шебер бағдарламаларының бірін шақыруға мүмкіндік береді. Start from Scratch (Қарапайым шаблон) режимін келісім бойынша қолданады. Ашылған терезеде AutoCAD жұмыс алаңы элементтерімен танысайық. Экранның орта бөлігі -- бұл суреттің көрінетін бөлігі тұратын негізгі жұмыс алаңы (қалған бөлігі жоғары, төмен, оң және сол жақтарда орналасуы мүмкін). Курсорды бұл бөлікте (одан әрі қарай графикалық экран деп аталады) қозғаған кезде, курсор қиылысу нүктесінде төртбұрышты нысаналы сызықтардың қиылысу түрінде болады. Қиылысқан сызықтардың ұзындығы CURSORSIZE жүйелік айнымалы көмегімен беріледі. Графикалық экранның төменгі сол жақ бұрышында координаттар жүйесінің өстер белгісі орналасқан (4 цифрмен белгіленген). Экранның жоғарғы қатары меню қатары деп аталады. Қатар File (Файл), Edit (Түзету), View (Түр), Insert (Енгізу), Format (Формат), Tools (Сервис), Draw (Сурет салы), Dimension (Өлшем), Modify (Редакт), Express (Экспресс), Window (Терезе), Help (Анықтама) менюлерінен тұрады. Әрбір менюдің ішкі бұйрықтары бар. Графикалық экранның төменгі жағында Model (Үлгі), Layout 1 (1-парақ) және Layout 2 (2-парақ) (7-элементтер) қосымша батырмалары орналасқан. Қосымшалар үлгі кеңістігі мен парақтар арасындағы ауыстыру кезінде қолданылады. Қосымшалар атының сол жағындағы үшбұрышты батырмалар қосымшаның тізімдері бойынша екі бағытта да қозғалуға мүмкіндік береді. Қосымшаның оң жағында графикалық экран үшін көлденең айналдыру сызғыштары орналасқан. Тік айналдыру сызғыштары графикалық экранның оң жағында орналасқан. Экранның төменгі жағында (11) Command: (Бұйрық:) формасында қолданушының жүйемен сұқбаттасуы жүреді. Бұл жерде енгізілген бүйрықтар мен AutoCAD жауаптары (немесе сұрақтары) көрінеді. Бұл аймақ бұйрықтар қатарының аймағы деп те аталады. Command: (Бұйрық:) соңғы жолы бұйрық қатары деп аталады. Бұйрықтар қатарының төменгі аймағында координат есепшісі мен режимдердің төртбұрышты батырмалары бар қалып-күй қатары орналасқан. Режим батырмалары: SNAP (ҚАДАМ), GRID (TOP), ORTHO (OPTO), POLAR (ОТС-ПОЛЯР), OSNAP (БАЙЛАНЫСУ), OTRACK (ОТС-ПРИВ), LWT (BEC), MODEL (ҮЛГІ). Координат есепшісі сызу аумағында бағыттау үшін қолданылады. Ол өзінің үш координаттық мәнін тышқан көрсеткішін графикалық экран бойынша қозғалу кезінде өзгертеді. Есепші Ғ6 функционалдық пернесі арқылы сөндірулі болуы мүмкін. Аталған пернені таңдау арқылы қайтадан қосуға болады. Есепшіні қосу және сөндірудің тағы да бір тәсілі тышқанның сол батырмасымен есепші қатарында шерту керек.

1.2 Түзу сызықты кесінділер

Line(Кесінді): Ең көп орындалатын бұйрық. Ол Draw құралдар панелінде орналасқан. Бұл бұйрық қалағаныңызша рет қайталана беруге жататын бұйрықтар тобына жатады. Сондықтан, әрбір кезекті басты нүктені енгізгеннен кейін, AutoCAD жаңа бас нүктені енгізуге шақыруды қайталап тұрады.
Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:
1. Бас нүктені енгізгеннен кейін мынадай шақыру шығады: Specify next point or [Undo]:. Бірінші және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін бұл шақыру екі рет қайталанады. Тышқанның таңдауымен кесіндінің келесі бас нүктені белгілейді. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Undo бұйрығын таңдасақ(немесе "u" әрпін бұйрықтық жолға енгізу арқылы ), онда AutoCAD бұйрықтың орындалуынсыз соңғы сынықтың құрылған сегментін өшіреді.
2. Минимум екі сегмент құрылғаннан кейін шақыру мәтіні өзгереді: Specify next point or [CloseUndo]: (Келесі нүктені енгізіңіз немесе [ЖабуБас тарту]:. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Close бұйрығын таңдасақ, онда AutoCAD соңғы бас нүктені, алғаш бас нүктемен қосады да сызық құрады.
Егер Line бұйрығының алдында басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.
Rectang(Тіктөртбұрыш): AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Төртбұрыш, екі қарама-қарсы шыңын белгілеу арқылы сызылады.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.
Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.
Rectang бұйрығы полисызық құрады. Яғни Rectang, келешекте бір объект негізінде қолдануға болатын AutoCAD қарапайымы.
Polygon(Көпбұрыш): Бұл бұйрық Draw құралдар панелінде орналасқан. Polygon бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және ұзындығы бірдей қабырғалы болады. AutoCAD-та көпбұрыштың қабырға саны 3 - 1024 арасында болуы мүмкін.
Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін қабырға саны берілуі
керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:
Edge: ол үшін тышқанның оң батырмасын басылғаннан кейінгі шыққан контекстті менюдегі Edge бұйрығын таңдау, немесе "е" әрпін енгізу керек. Содан кейін көпбұрыш қабырғасының әрбіреуінің жерін анықтайтын екі нүкте белгілеу керек.
Inscribed in circle: тышқанның оң батырмасын басқаннан кейінгі шыққан контекстті менюдан шеңбердің орталығы берілгеннен кейін Inscribed in circle(шеңберге жазылған): бұйрығын таңдау қажет. Осылайша көпбұрыш шеңбер ішінде пайда болады да, шеңбер оның шыңдарымен түіседі.
Circumscribed about circle: бұл параметрдің таңдау жолы да сондай, бірақ көпбұрыш контекстті менюдан Circumscribed about circle: параметрін таңдап немесе бұйрықтық жолға "с" әрпін енгізу арқылы пайда болады. Сөйтіп біз шеңбер сыртында пайда болған көпбұрыш аламыз.
Polygon бұйрығы да, соңында бір объект деп қабылданатын сынықтар сызады.
Circle (Шеңбер): Бұл бұырықты Draw панелінен таңдай аласыз. Таңдауға жауап ретінде AutoCAD параметрлер тізімін шығарады:

3Р(3 нүкте): бұл параметрді таңдасақ, шеңбердің ортасын, және екі нүктесін белгілеу арқылы шеңбер құрамыз.
2Р(2 нүкте): бұл жерде шеңбердің екі нүктесін ғана енгіземіз.
Tan tan radius: бұл параметрді қолдану үшін "t" немесе "ttr" аббревиатураларын енгізу керек. Specify point on object for first tangent of circle: пайда болатын шақыруға жанама болатын нүкте көрсету керек. Кейін шығатын Specify point on object for second tangent of circle: шақыруына екінші нүктені көрсету керек. Соңғы этап - радиус белгілеу.
Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері түрлі шеңберлер сызады.
Arc(Доға): Бұл параметрді қолдану үшін Draw құралдар панеліндегі Arc батырмасын басыңыз. Одан кейін шығатын шақыруларға, сізге сәйкес жауап қайтару арқылы, қалаған доғаңыз пайда болады.

Angle(орталық бұрыш)
Center(орта) Length of chord(хорда ұз-ғы)
Endpoint(ақырғы нүкте)
Angle(орталық бұрыш)
Start point Direction(бағыт)
End(соңы) Radius(радиус)
ARC Center point(орталық нүкте)
2nd point(2ші нүкте) Endpoint(ақырғы нүкте)
Angle(орталық бұрыш)
Center(орта) Start(Басы) Length of chord(хорда ұз-ғы)
Endpoint(ақырғы нүкте)
Ellipse(Эллипс):
AutoCAD-та эллипстың сызылуы Ellipse бұйрығымен жүзеге асырылады. Ол бұйрық Draw панелінде орналасқан. Сұхбат процесінде AutoCAD-ң сұрайтын ақпараттан басқа, эллипстың белгіленетін өс бағытын білу қажет. Эллипс өстері координаттар өсіне параллель бола бермейді. Бұл бұрыш, сіздің екінші белгіленген өс нүктесімен белгіленеді. Ал екінші өстің бағыты болса, әрқашан бірінші өске перпендикуляр.
Ellipse arc(Эллиптикалық доға): Бұл Draw панеліндегі жаңа бұйрық. Бұл бұйрықты таңдағанда Arc параметрлі Ellipse бұйрығы орындалады.
Point(Нүкте): Бұл өте қарапайым, бірақ кең қолданымда болған параметр. Ол Draw панелінде. Таңдалғанынан кейін мынадай ақпарат шығады:
Current point modes: PDMODE=34 PDSIZE=0.0000 Specify point:
Мұндағы PDMODE - нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды
PDSIZE - нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatPoint
Style менюінде өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.
1.3 Көмекші құрау сызықтары

Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.
XLine: Line бұйрығынан айырмашылығы, ол соңсыз болады. XLine Draw құралдар панелінде орналасқан.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [HorVerAngBisectOffset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:
Hor: горизонталь көмекші сызық жасау үшін пайдаланылады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға "һ" әрпін енгізіп, Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені енгізу керек.
Ver: вертикаль көмекші сызыққұрау үшін пайдаланылады. Қолдану үшін "v" әрпін енгізіп Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
Ang: бұл параметрді қолдану үшін "а" әрпін енгізу керек. Содан кейін AutoCAD ReferenceEnter angle(0): шақыруын шығарады. Егер бір сан енгізсек, онда AutoCAD бұл санды бұрыштық параметр ретінде қабылдап, сызықтың өтуі керек нүктені сұрайды. Егер бас сұраққа "r" әрпін енгізсек, бұрыш санауы басталатын сызықты көрсету керек болады. Кейін, бұрыш шамасын және сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
Bisect: бұл параметр оныңшыңдары мен бұрыш жақтарында орналасқан екі нүкте арқылы бұрыш биссектрисасын құруға болады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға "b" әрпін енгізіп, Angle vertex point: шақыруына, құрылып жатқан сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек. Angle start point: шақыруына алдыңғы нүктемен сәуле құрайтын нүкте белгілеу керек, ал Angle and point: шақыруына екінші сәулені анықтайтын нүктені беру керек.
Offset: бұл параметрдің көмегімен әрбір көрсетілген кесіндісіне және сызбаның түзу сызықты элементіне параллель түзу жүргізуге болады. Бұл параметрді қолдану үшін "о" әрпін жазып, екі тәсілмен түзу орнатуға болады:
1) Базалық түзуден белгілі қашықтықта орналастыру. Ол үшін "o" әрпін енгізгеннен кейін арақашықтық шамасын енгізу керек. Side to offset? сұрағына жаңа түзу базалық түзудің қай жағында орналасу керегін тышқанмен көрсету керек.
2) "о" әрпін енгізгеннен кейінгі Specify through point: сұрағына жаңа түзудің өтуі керек нүктені көрсету керек
. Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан.
Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.

1.4 Көріністерді басқару құралдары

Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:
Window(Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді.
Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және "панорамалау" мүмкіндіктерін туғызады:
:: Панорамалау режимі: "крестикті" терезе құрады. Ол сызбада еркін қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.
:: Масштабтау режимі: терезенің оң жағында "стрелканың" көрінісі пайда болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб өзгереді.
Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін "x" әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін "xp" суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.
Center(Орта): бұл параметр экран үстіне шығарылатын сызба аймағы ортасының жаңа жағдайын енгізу мүмкіншілігін туғызады.
In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.
Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.
Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін, экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды. Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына келтіреді.

2. Күрделі объектілерді құру
2.1 Поли сызық құру

Поли сызық - сызықтық сегмент пен доғаның қатарласуын қамтитын объект. Поли сызықтың оң жағы, ол әртүрлі қалыңдықты доға мен сызықты сызуға мүмкіндік беретін сызық ені. Поли сызық сызу үшін Draw панеліндегі Polyline батырмасына басыңыз. Сонда Specify start point: шақыруы шығады. Оған поли сызықтың бастапқы нүктесін белгілеу қажет. Келесі Specify next point or [ ArcCloseHalfwidthLengthUndoWid th]: шақыруының параметрлер мағынасы мынадай:
Arc - қосымша параметрлер жиыны көмегімен доға жүргізу мүмкіндігін туғызады.
Close - соңғы сегменттің соңғы нүктесімен поли сызықтың бастапқы нүктесі арасында сызық жүргізеді.
Halfwidth - поли сызықтың бастапқы және соңғы нүктесінде сызықтың жартылай енін белгілеуге мүмкіндік береді.
Length - алдыңғы доғаға жанама немесе алдыңғы сызыққа бағыттас келесе сызықтың сегмент ұзындығын белгілейді.
Undo - соңғы сегментті өшіреді.
Width - поли сызықтың бастапқы және соңғы нүктесінде сызықтың енін белгілейді.
Поли сызықтарды редакциялау болса, Pedit бұйрығы және Properties сұхбатты терезе көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

2.2 Сплайндар

Сплайн дегеніміз - белгілі мөлшердегі нүктелер арқылы өтетін қисық.
Сплайнды сызу үшін Draw құралдар панелінен Spline батырмасына басыңыз. Specify first point or [object]: Pedit бұйрығының Spline параметрі арқылы құрылған сплайнды таңдау керек немесе жаңа қисық құрғыңыз келсе, сплайнның бастапқы нүктесін белгілейміз. Бастапқы нүктені белгілегеннен кейін Specify next point: шақыруы шығады. Оған жауап ретінде сплайнның екіні нүктесін белгілеу қажет. Екі нүкте белгіленгеннен кейін жүйе мына шақырудыф шығарады: Specify next point or [ CloseFit tolerance] Start tangent:
- Close: берілген жанама бағыты бойынша үзіліссіз қисықтың соңғы нүктесін біріншісімен қосады.
- Fit tolerance: белгіленген нүктелерге қашықтықта сплайн өтуін енгізу керек.
- Start tangent: ең соңында AutoCAD қисықтың бастапқы және соңғы нүктесінде жанама бағытын көрсетуге шақырады.

2.3 Штртихталған аймақтар

Hatch(Штрихтау): Draw панелінде орналасқан бұл батырманы басқанда сіз Bhatch бұйрығын активтендіресіз және Boundary Hatch терезесі ашылады

Штрих түрін Type немесе Pattern(немесе"...") батырмаларына басып таңдай аласыздар. Штрих түрінің иілу бұрышын Angle аймағында енгізе аласыз. Штрих масштабын белгілеу үшін сәйкес шаманы Scale аймағында енгізуіңізге болады.
Ең қиыны штрих параметрлерін енгізу емес, штрихталуы тиіс аймақты белгілеу. Егер сызбаңыз өте күрделі болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері
Мектеп оқушыларының мәліметтер базасы
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Пәндер