Алматы облысы, Қапшағай қаласында қызанақты зиянкестері мен арамшөптерінен қорғау шаралары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы, Қапшағай қаласында қызанақты зиянкестері мен арамшөптерінен қорғау шаралары

Алматы 2016

Жоспары:

Кіріспе

  1. Негізгі бөлімҚызанақты өсіру ауруларыҚызанақтың зиянкестері
  1. Қорғау шараларыАурулардан қорғау шараларыЗиянкестерден қорғау шаралары

Қорытынды

Кіріспе

Қызынақтың отаны- Оңтүстік Америка. Мексикандықтардың ата-тегі оны «томатель» деп атаған, осыдан қазіргі томат деген атауы пайда болған, ал италяндықтар «помидор», яғни « алтын-алма» деп қошеметтеген. Қызанақ көкөніс дақылы ретінде 1778 бастап белгілі.

Томат (қызанақ) - бұл негізінен бір жылдық сабақыты өсімідік. Қызанақтың жемісінде мыналар болады, %: құрғақ заттар- 4, 5-8, 1, ерігіш қант - 50, органикалық қышқыл - 3, 5-8, 5, целлюлозалар - 0, 87-1, 7, пектиналық заттар- 0, 13-0, 23. 100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0, 6, мыс - 0, 097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0, 189. Дәрумендер, мг/1 кг: В, - 0, 3-1, 6; В2 - 0, 5-6, 0; РР - 4, 3-5, С - 200-450, каротин және басқалары. Томат жемісін томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын, консервілеу, тұздау үшін пайдаланады. . Томаттың жемісі тамақ дацындауға қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Томаттың негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы өнімін алуға болады. Қоңыржай климатта қызанақ бір жылдық шөптесін өсімдік саналады. Сабағы күшті бұтақтанып, көптеген бүйірлік өркендері-өгей бұтақтарды қалыптастырады. Сабақта 7-10 жапырақтан кейін гүл шоғыры пайда болады да, ол өсуін тоқтатады. Негізгі сабақтың қызметі жоғары бүйірлік өренге ауысады. Қызанақтың қуатты, тез дамитын тамыр жүйесі бар. Ересек өсімдіктің тамыры, әсіресе, көшетсіз өсіргенде, 1, 5 метрге дейін бойлайды, жан-жағынан 1, 2 м дейін жайылады. Екі түртектес жапырағы бар: әдеттегі тілімді дара қауырсынды және картоп түртектес. Олардың түстері жасыл, сарғылт-жасыл болады. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, бұтақбасқа шоғырланған. Гүл шоғырының 3 түртектесін ажыратады: карапайым (1-түртектес) -жемістері бір желіде орналасад; күрделі-желі бірнеше реттарамдалады (3-түртектес) және аралық- желі бір-ақ рет тарамдалады. Қызанақ-өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ ыстық құрғақ ауа райында жел мен бунақденелердің көмегімен айқас тозаңдануыда мүмкін. Жемісі әртүрлі пішінді (шар тәрізді, жайпақ, қырлы, қара өрік тәрізді) және әртүсті (қызыл-күрең, қызыл, қызғылт, сары, ақ, алтын түстес және т. б) болады. Олардың массасы 10 грамнан 1200 грамға дейін болады. Жемісі өзінің дамуында екі кезеңнен өтеді: гүлдегеннен кейін 27-32 тәулік бойы өседі, сосын өсуін жалғастыра отырып, 12-15 тәулік бойы пісіп жетіледі. Мұндайда ол түсін жасылдан бозғылтқа, сосын қызғылт және қызыл түске ауыстырады. Тұқымы жайпақ, үшбұрышты-бүйрек пішіндес, қою түкті . Мың тұқымның массасы 2, 7-3, 3 г.

Алматы облысы Қапшағай қаласының климаттық жағдайы

Алматы облысы Қапшағай қаласы Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан. Облыстың батыс жақ бөлігін ұлан - байтақ Балқаш бойы шөлді жазығы алып жатыр, ал оңтүстігі Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың таулы жоталарымен көмкерілген, мұның өзі облыс климаты мен топырағына алуан түрлі сипат береді. Мұнда барлық ландшафтарды, табиғат аймақтары мен климаттарды - құрғақ ыстық шөлден альпілік және субальпілік шалғындарға, сондай - ақ мәңгі қар басып жатқан биік таулы климатқа дейін кездестірге болады.

Алматы қаласының климаты шұғыл континентальды, жазы ылғалды да ұзақ және қары мол түсетін орташа мерзімдік қысы бар. Мұндай климаттық режим облыстың еураоазиаттық материктің ішінде, оңтүстік шығыс беткейде орналасуына, атмосфераның алмасу ерекшелігіне, жер бетінің төселу сипатына және басқа да факторларға байланысты. Климаттың континенттілігі метеорологиялық элементтердің ауытқуымен, және олардың тәуліктік, айлық және жылдық бағытында айқын көрінеді. Жазы жауынды және ұзақ. Бұл кезеңде температурада шұғыл өзгеріс байқалмайды. Шілденің орташа температурасы 26-29° С. Температураның абсолюттік жоғары көрсеткіші облыстың басым бөлігінде 39-42° С. Қаланың солтүстігі мен оңтүстігіндегі қысқы температурадағы айырмашылық айтарлықтай байқалады. Мысалы, ең суық қыс айы - қаңтардағы орташа температура солтүстікте -18, 0° С, ал оңтүстігінде -6, 0° С. Солтүстікке қарай ашықтық ауа массаларының облыс аумағына енуіне мүмкіндік береді және қысқы мезгілде күрт суытуға әкеледі. Ауа температурасының абсолюттік минимумы -41° С. Ауаның орташа тәуліктегі температурасы 0° жоғары кезең 240-280 күнге созылады. Ылғалдылық - қала климатының ерекше сипаты. Жауын-шашын орташа мөлшерде түседі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 150-210 мм жетеді және жыл мезгілдері бойынша әркелкі түседі: барлық жауын-шашынның 60% қысқы-көктемгі кезеңде жауады. Қаланың бүкіл аумағында солтүстік-шығыстан жиі және қатты жел соғады. Оның орташа жылдық жылдамдығы 3, 1-ден 6, 0 м/с-қа дейін ауытқып отырады. Қыста төмен температура кезіндегі қатты желдер болар-болмас қар ұшқындарын үрлеп тастайды, сондықтан жердің жоғарғы қабаты тереңдеу қатады және жарылады. Жазғы уақытта шаңды жел соғады. Қаланың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстікпен оңтүстіктің қара топырағынан - далалық топырақтарға ауысады. Топырақ жамылғысы шалғанды, тосапты- шалғынды, шалғынды -батпақты, тақырылы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады. Шалғында топрыақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармақтарында көп кездеседі. Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шөлге айнала бастаған тосапты-шалғынды топрыақтыр мен сортаңдардан тұрады. Оның Іле өзенінің төменгі сағасындағы суармалы жерледрді игерде болашағы өте зор. Шөлді - далалық аймақтың климаты жоғары континенттілігі мен және қаңшылығымен ерекшеленеді. Жазы құрғақ әрі ыстық. Маусымның орташа температурасы 23-25 °С жылылыққа тең. Өте ыстық жылдары температура 42-45 °С жылылыққа дейін жетеді. 0 градсустан жоғары кезеңде температуралардың қосындысы 3800-4000°С, 10°С-тан жоғары кезеңде 3500-3600 °С аралығында ауытқып отырады. Көктемгі ызғар көп жылдарда 15-26 сәуірде басылады. Күзде алғашқы ызғар қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында, ал кей жерлерде қазанның екінші он күндігінде түседі. Аязсыз кезеңнің ортша ұзақтығы 155-190 күн. Қаңтар айында 9-10°С аяз. Ең төменгі температура 37-47 градс аяз. Қар жамылғысы желтоқсанның бірінші оңкүндігінде түсіп, 75-100 күн тұрақтап жатады. Қардың қалыңдығы 10-25 см жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм, оның үштен екісі жылы кезеңде жауады. Өсімдік жамылғысы бетегелі-жусанды және ебелек, изен, эфемерлер аралас жусанды өсімдіктерден тұрады. Аймақтың топырақтары - бозғылт қызыл қоңыр және кәдімгі сұр топырақтар. Таудағы жеміс шаруашылығы, картоп шарашылығы және етті мал - сауын сиыр шаруашылығы аймағы. Бұл қоңыр салқын, ылғалды аймақ Іле сырты Алатауының солтүстік беткейі мен Кетпен жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Климат жағдайы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы үйлесушілігімен ерекшеленеді, мұның өзі тәлімі егіншілікті өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Маусымда температура әдетте 22-23°С жылылықтан, қаңтардағы температура 5-6°С аяздан аспайды. 0 градустан жоғарғы температурадағы жылы кезеңде оң температуралардың қосындысы - көптеген аудандарда 2400-3400°С, шығыс аудандарда 2000-2400°С. Аймақтың төменгі шекарасында ауаның температурасы 10 °С тан жоғары кезең сәуірдің екінші оңкүндігінде басталып, қазанның бірінші оңкүндігінде аяқталады. Аймақтың батыс бөлігінде жылына 600-800мм жауын - шашын жауса, шығыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 350-400мм аспайды. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айының басында түсіп, 3-ай және одан да көп уақыт жатады. Қардың қалыңдығы батыс бөлігінде 60-70 см жетсе, шығыс бөлігінде 35-40 см. Топырақ жамылғысы: күңгірт қызыл қоңыр, таулы қара топырақ және таулы - шалғынды топырақ.

1. 1. Қызанақты өсіру технологиясы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Қызанақты әр түрде өсіруге болады. Жылда бір ғана сорт еге бермей алмастырып отырыңыз. Қызанақ - картофелдің жақын туысы. Егер сіз тәжірибе жасағыңыз келсе, онда жас қызанақты, немесе оның мұртшасын картофелдің сабағына апарып қондырыңыз. (прививка) . Тәжірибеңіз сәтті шықса жоғары жағынан қызанақ, тамырынан картофель өнімін аласыз.
Қызанақ күн шуағы мол түсетін ашық тыңайтылған жерде жақсы өседі. Көктемнің ортасында өскіндерді тұрақты жеріне әр өскіннің арасын 60 см, ал қатар аралықтарын 75 см қондырады, бұны түптеп егу дейді. Өскінге тіреу қажет, сондықтан да ағаш қадалар, керілген сым темір не ескен жіптер тарту керек. Топырақ ылғалды болу үшін, үнемі суғаруды тілейді. Қосымша қоректендіруді әр он күн сайын қайталап отыру керек. (Көңнің езілген қойыртпағын әр түпке жеке жеке құю керек. )
Күздің қара суығы түскенше өнім негізінен пісіп үлгереді. Пісіп үлгермегендерін тамыр сабағымен қоса жұлып алып қалқа жерге іліп қойса, сапасын жоғалтпай піседі. Қызанақты жинаған кезде гүл табанымен үзіп алу керек.
Қызанаққа көптеген аурулар мен зиянкестер әуес. Инфекциялық аурулардан қызанақтың қысқы ауруы, картофель өрнегі, сұр және жапырақты шіру, фитофтора. Зиянкестерден ақ көбелек, бит, қызыл торлы қандала, темір құрттар. Су жеткіліксіз болса қызанақ жарылып қақырап кетеді.

Топырақты дайындау және тыңайту.
Қызанақтарға механикалық құрамы бойынша жеңіл, 2%-тен жоғары гумуспен қамтылған топырақтар жарамды. Оңтайлы pH 6-7. Қызанақтар үшін еріп ағушы, ауа жіберушілігі нашар жерлер жарамсыз.
Жерді дайындау, күздегі 27-30 см-ге жырту және ерте көктемде тырмалаумен тырнауға байланысты. Тағы көшеттерді көшіріп егер алдында егу алдыңғы тырнауды жүзеге асырады.
Органикалық тыңайтқыштарды ізашар астына 30-40 т/га балғын көң ретінде енгізген жақсы, бұл қоректік заттарды пайдалануды оңтайландырады. Минералдық тыңайтқыштарды топырақтың жалпы агрохимиялық анализі негізінде енгізген жөн. Фосфорлық және калийлық тыңайтқыштарды күздік тырнау астына P2О5 100-110 K2О 170-190 кг ә. з. /га енгізеді. Азоттық тыңайтқыштарды көктемнен бастап вегетация кезеңі бойына бірнеше кезеңде (негізінен 3-4) енгізу керек. Бұл ретте бір га-ға азот мөлшері N 100-120 кг ә. з. көлемінде болу керек. Тыңайту кезінде кальций мөлшеріне көңіл аудару қажет. Егер ол жеткіліксіз болса, немесе қол жетерліксіз болса, өсімдікті Са-ды жоғары қамтыған минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Көшетті өсіру.
Өнеркәсіптік қызанақты көшеттік және ашық топыраққа егу арқылы өсіреді. Қызанақты көшет арқылы өсіру кезінде дәндерді көшіріп отырғызу мерзімін және көшет жасын есепке алып жүргізеді. Бұл ретте дәндер санын 10-15% өсіреді. Көшеттерді айырып отырғызусыз кассеттарда өсіреді. Субстрат еккенге дейін, нығыздалып қалуы үшін, бірнеше күн бұрын дайындалып (және суарылып) тұру керек. Еккеннен соң, оңтайлы ылғалдықты сақтап тұру үшін, дәндерді құммен немесе вермукулитпен жабу керек. Дәндердің өсіп шығуының оңтайлы температурасы 25-27°С. Ол 13-15°С дейін түспеу керек және 42°С -ға дейін көтерілмеу керек - бұл өсу үшін биологиялық минимум және максимум. Көгеріп шығулар 7-10 күндерде пайда болады. Көгеріп шығулар пайда болған соң ауа температурасын, көшеттің шынығуы 10-12°С -ға дейін түсіреді, бұл ауруларға қарсы тұрушылығын нығайтады. Содан соң температураны күндіз 24°С -ға дейін, түнде 19-20°С -ға дейін көтереді.

Көшетті отырғызу/дәндерді егу .
Қызанақтарды мамырлық суықтар қауіпі өткен соң көшіріп отырғызады (1-10 мамыр Украина далалығы, 20-25 мамыр солтүстік) . Отырғызу кезінде тамыр жүйесінің жағдайына ерекше көңіл бөлінеді, оның бүтіндігін максималды сақтау қажет. Дәндерді отырғызу дәл егу сепкіштерімен 1-2 см тереңдікке жүргізіледі. Көгеріп шығуларды 8-14 күндері алады. Далалық аймақта 5-20 сәуірде және солтүстікте 10-15 күнге жайырақ. Егулерді дәндердің жақсы шығуы үшін нығыздаған жақсы.
Отырғызу/егу сызбасы өсу күшіне, сонымен қатар буданның басқа да ерекшеліктеріне, құю жағдайына, сонымен қатар өсіру тәсілдеріне байланысты. Мысалы: 120+60×35 см (31, 7мың. өсімдік. /га), 70×35 см (40, 8 мың өсімдік. /га), 90+50×30 см (47, 6 мың өсімдік. /га) .
Егу алаңына қарай егуді көшет егуші техника көмегімен немесе қолдан жүргізеді. Бұл мақсаттар үшін негізінен отандық, сондай-ақ шетелдік өндірістің жалғалмалы агрегаттары пайдаланылады. Отырғызғаннан соң, немесе одан кейін өсімдікті міндетті түрде суарады. Суару тікелей отырғызу кезінде немесе одан соң жүзеге асырыла алады. Бірақ еш жағдайда да өсімдіктің кебуі мен солуына жол бермеу керек. Суару мөлшері 0, 5 л/өс. кем болмау керек. 3-4 күннен кейін құлаған өсімдіктердің егуін жасап, қайтара суарады.

Суару.
Ылғалдылығы жеткіліксіз аймақтарда қызанақты маусымына 400-500 м³/га мөлшерінде 6-9 ретке дейін суарады. Сонымен қатар көшетті егуден соң (0, 5-1 л/өсімдік) суару міндетті болып табылады. Қызанақ топырақтық ылғалдықта және ауаның салыстырмалы төмен ылғалдылығында жақсы дамиды, сондықтан тамшылап суармалауды пайдалану бұл дақылда, әсіресе Солероссо F1, Классик F1 және т. б. типтерде айтарлықтай өнім алуға мүмкіндік береді.

1. 2. Қызанақтың аурулары

Қызанақ дақылында макроспориоз, септориоз, бактериялы қара дақ, бактериялы рак, төбе шірігі, мозаика, стрик және столбур аурулары кездеседі. Сонымен қатар зиянкестеріне кеміргіш түн көбелектері, жылыжай аққанаты және колорад қоңызы жатады.

Септориоз - қызанақта кең таралған ауру. Бұл аурудың белгісі өсімдіктің залалданған мүшелерінде ұсақ, түсі ақ - сұр, айналасы қоңыр жиекті дақтар пайда болуы арқылы білінеді. Дақ бетінде қара пикнидалар түзіледі (1-сурет) . Кесел алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында дамып, кейін жоғарғы жапырақтарына жылжиды. Залалданған жапырақтардың түсі қоңырланып, ширатылып, қурап түседі. Сонымен қатар сағақтар, тостаған жапырақшалар кейде жемістер де ауруға шалдығады. Ауру қоздырғышы - Septoria lycopersici Speg. саңырауқұлағы. Инфекция қоры - шірімеген ауру өсімдік дақылдарында сақталатын пикнидалар мен пикноспоралар.

Антракноз, септориоз или пятнистость

Септориоз

Төбе шірігі -қызанақ егілетін жылыжаыйларда және егістіктерде кездеседі. Бұл ауруға көк және пісіп жетіле бастаған жемістер шалдығады. Кесел жас жемістерде, алғашқы бірінші немесе екінші жеміс шоқтарында кездеседі. Жеміс төбесінде алғаш майда, сулы дақ пайда болып, кейін өсе келе қоңырланып, сәл басылады. Залалданған жеміс қатайып қурайды

(2-сурет) . Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулыға айналады. Өсімдікке су мөлшерінің жетіспеуі, әсіресе алғашқы жеміс байлану кезеңіндегі ылғал тапшылығы, сондай-ақ ыстық, құрғақ ауа райы, азот тыңайтқышының топырақтағы артық мөлшері және кальцийдің жетіспеуі сияқты факторлар төбе шірігінің тууына себебін тигізеді. Фосфор, кальий тыңайтқыштарын топыраққа мезгілінде енгізсе, онда өсімдіктің ауруға төзімділігі артады. Бұл аурудың қоздырғышы - Pseudomonas persicum Burg. бактериясы. Бактериялар өсімдік қалдықтарында және алқа тұқымдас арамшөптерде сақталады.

гниль томатов

Төбе шірігі

Столбур - қызанақтың кең таралған ауруларының бірі. Столбурға шалдыққан өсімдіктің төбесі мен жас өркендері қызылдау немесе күлгін түсті болады. Жаңа шыққан жапырақтар пішінін өзгертіп (жіңішкеріп немесе попоратник жапырағына ұқсап), жоғары бағытталып, тікірейеді. Өсімдіктің төменгі жапырақтары сарғайып, жүйкелері астыңғы жағынан күлгін түске енеді. Тостаған жапырақшалары бір-бірімен қосылып, көлемі ұлғайып, пішіні қоңырау тәрізді болады. Гүліндегі аталықтары семіп, аналығы қысқарып, кейіпсізденеді. Күлте жапырақшалары ұсақталып, түсі көбнесе жасыл болады. Ауруға шалдыққан гүлде жеміс түзілмейді. Түйін түзілу кезінде залалданған өсімдіктің жемісі піскенде түсі қызыл-сары болып, оның төменгі бөлігі торланып, қабығы жұқарады. Залалданған жемісте түтікті талшықтардың ксилема клеткалары қарқынды дамып, тұқым ұялары кішірейіп, тұқымдары жетілмей, әлжуазданады, кейде мүлдем түзілмейді, жемістері қатайып, дәмсіз бодады. Ауру қоздырғышы - микоплазмалық организмдер. Инфекция қоры арамшөптерде сақталып, цикадалармен тарайды (3-сурет) .

disease of tomatoes

Столбур

Аурулар туралы негізгі деректер

Дакылдың аурудың және ауру қоздырғыштың аттары
Қыстайтын стадиясы қыстайтын жері

Инфекцияның

көзі

/жиналатын жері/

Зақымд ал атын бөліктері аурудың белгілері
Өсімдіктің дамуын ескеріп дәрілерді қолдану мерзімі
Дакылдың аурудың және ауру қоздырғыштың аттары: Астықтың сызықты (сабақ) таты. Puccinia graminis Pers. f. tritici Eriks.
Қыстайтын стадиясы қыстайтын жері: Телоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.
Инфекцияныңкөзі/жиналатын жері/: Урединоспора
Зақымд ал атын бөліктері аурудың белгілері: Сабағын залалдайды. Бетінде қоңыр-қызыл түсті сызықшалар п. б.
Өсімдіктің дамуын ескеріп дәрілерді қолдану мерзімі: Вегетация кезеңінде
Дакылдың аурудың және ауру қоздырғыштың аттары: Ергежейлі қара күйе. Tilletia controversa Kuehn.
Қыстайтын стадиясы қыстайтын жері:

Саңырауқұлақ

споралары өсімдік қалдықтарында топырақта қыстайды.

Инфекцияныңкөзі/жиналатын жері/: Телиоспора
Зақымд ал атын бөліктері аурудың белгілері: Өсімдік өскінін залалдайды. Түсі қара-қоңырланып, қарайып көрінеді.
Өсімдіктің дамуын ескеріп дәрілерді қолдану мерзімі: Вегетация кезеңінде
Дакылдың аурудың және ауру қоздырғыштың аттары: Бидайдың қатты қара күйесі. Tilletia caries саңырауқұлағы.
Қыстайтын стадиясы қыстайтын жері: Саңырауқұлақ споралары дән бетінде қыстайды
Инфекцияныңкөзі/жиналатын жері/: Телиоспора
Зақымд ал атын бөліктері аурудың белгілері: Тұқымды өну кезінде ғана зақымдайды.
Өсімдіктің дамуын ескеріп дәрілерді қолдану мерзімі: Вегетация кезеңінде

1. 3. Қызанақтың зиянкестері

Жылыжай аққанаты - Trialeurodes vaporarium Wstw. Қиярды, қызанақты, бұрышты, салат жапырақтарын, бүлдіргенді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.

Ересек аққанаттың сары денесінің ұзындығы 1, 5 мм-ге дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Ұрғашылары ақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобымен салады, жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінде 10-20 данадан салады. Жұмыртқалары жапырпақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес. 1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске енеді. Ұрықтық даму 7-13 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері, одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымен қоректеніп, олардың өсуін қатты әлсіретеді. Қою шырынды (қанттанған) сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды, олар жапырақтың фитосинтетикалық қызметін әлсіретеді. Сондай-ақ саңылаулары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады. 7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады. Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады (4-сурет) .

Күресу шаралары . Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою. Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру. Аз зақымданатын дақылдарды (қызанақ) өсіру. Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады, желімді торлар құрады. Ол үшін фанер кесіндісін алып, оны сары немесе ақ түске бояйды, бұлар бунақденелілерді тартады және оларды вазелинмен, бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды. Жәндіктер оған қонады да, жабысып қалады. Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатысында энкарзиялар жібереді. Тіршілік кезеңінде «Тізімге . . . » сәйкес инсектицидтермен өңдеу жүргізеді.

Stock Photo #1566-0180407, Whiteflies (Trialeurodes vaporarium)

Жылыжай аққанаты - Trialeurodes vaporarium Wst

Колорадо қоңызы - Leptinotarsa decmlineata Say. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы) . Қызанақты, зақымдайды, сондай ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді.

астық қоң. 2.jpg kolorads.jpg kolorad].jpg

Картоптын колорадо қоңызы - Leptinotarsa decmlineata Say

Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасында дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әр бір қанат қабығында бес бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызанақ дақылын өсіру
Қызанақ көшеттерін өсіру
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ дақылына жалпы сипаттама. Қызанақ дақылына зиян келтіретін бунақуденелілер және олармен күресу шаралары
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Алматы облысы, Медеу ауданында алманы өсіру технологиясы және зиянкестерімен ауруларына кешенді химиялық қорғау жүйелерін пайдалану
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
Қызанақты өсіру технологиясы
Қызанақ дақылы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz