Ультранегізгі магмалы жыныстар
Жоспары:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .. 2
2.1. Магмалы тау жыныстары туралы тусінік ... ... ... . 3
2.2. Магмалы тау жыныстарының жіктелуі ... ... ... ... 4
2.3. Қышқылды магмалы жыныстар ... ... ... ... ... ... ... 6
2.4. Орташа магмалы жыныстар ... ... ... ... ... ... ... 8
2.5. Негізгі магмалы жыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... 11
Жіктелуі
Магмалы тау жыныстары екі үлкен топқа бөлінеді: тереңдіктегі (интрузивті) магманың жер қойнауында қатуынан пайда болады және ақтарылған (эффузивті) магманың, яғни, лаваның жер бетінде қатуынан пайда болады.
Келтірілген жіктелу ең бірінші кезекте тау жыныстарының пайда болу жағдайын көрсетеді және ол текті жіктелу болып саналады. Жоғары және жан жақты қысым мен температура әсерінен және оның баяу төмендеуі магманың тереңдікте қатуына тиесілі. Міне, осындай жағдай мен үйлесімді қалыпты уақытта магманың күрделі үрдісі қалыптасып, онда минералдардың кристалдануы толық жүреді - нақтылы дәнді, кесекті-кристалды жыныстар түзіледі. Керісінше, қоршаған ортаның төменгі температурасында және лаваның тез қатуынан, төменгі қысым мен магмадан минерализаторлардың шығуы оның кристалдану үрдісінің толық жүруіне мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда вулкандық лава, әйнектілер және басқа жыныстар, яғни, кристалданған, жартылай кристалданған массалы заттар түзіледі.
Магманың құрамында кремнезем басым, ол оның қоймалжыңдығын анықтайды: SіО2 бай магма өте қоймалжың, ал SіО2 - аз болса, сұйық және жылжымалы келеді (сол температурамен қысымда). Магманың қоймалжыңдығы оның жер қабығында қатуына тікелей әсер етеді.
Барлық магмалы тау жыныстары кремний қышқылының мөлшері бойынша 4 топқа бөлінеді:
1 Қышқылды - SіО2 мөлшері 65% көп
2 Орташа - SіО2 мөлшері 52-65%
3 Негізгі - SіО2 мөлшері 40-52%
4 Ультранегізгі - SіО2 мөлшері 40%
Осы төрт топтағы кремнеземнің әр түрлі болуына байланысты олардың минералогияның құрамы бір-бірінен күрт өзгеше болады.
Қышқылды магмалы жыныстарда кварц пен дала шпаттар мөлшерінің көп болуына байланысты олардың түсі ақшылдау келеді. Орташа жыныстарда кремнезем мөлшері аздау, сондықтан кварц жоқ немесе аздап кездеседі. Негізгі жыныстарда басты жыныс құрушы минералдар болып күңгірт түсті темірлі-магнезиялық силикаттар - оливин, мүйізді алдамыш, авгит, ал дала шпаттарынан - плагиоклаз кездеседі. Сондықтан олардың түсі негізінен күңгірт келеді.
Магмалы жыныстар мүсіндерінің жату сипаты. Магмалы жыныстардың пайда болу жағдайына байланысты литосферада мүсіндерінің орналасуы әр түрлі. Интрузивті магмалы жыныстардың негізгі мүсіндерінің жатуы мынандай: батолит, шток, шоғыр, желі қабаты, лакколит (11 сурет).
Батолит (а) деп үлкен тереңдікте магманың кристалданып қатқан, үлкен көлемді қамтыған денесін айтамыз. Оның беткі жағы күмбезденіп, бүйірі тік келеді, тереңдікке қарай көлемі ұлғаяды. Беткі көлем мөлшері ондаған немесе жүздеген, мыңдаған километр квадратты қамтиды.
Шток (b) - батолит сияқты, бірақта, одан көлемі аз.
Лакколиттер (с) деп - дөңес бетті, негізі тегіс денелерді айтады. Олар литосфераның ортаңғы қабаттарында қалыптасады, көлемі бірнеше км2 қамтиды. ТМД мемлекетіндегі лакколит өкілі болып Пятигорск қаласы маңындағы Бестауды атауға болады. Шоғыры бетінен иілген жасымық мүсінді түрін лополит дейді. Ол интрузивтің енген кезінде түбінің терең түскенінен пайда болмақ.
Желі қабаты (d) - магмалы жыныстардың шөгінді жыныстар қабатына еніп қатқан кезде пайда болады. Қабат қалыңдығы бірнеше сантиметрден жүздеген метрге дейін жетіп, мыңдаған километр квадрат аумақты қамтуы мүмкін. Қалыңдығы аз болған жағдайда желі қабаты қалыптасады.
Қышқылдық және тереңдіктегі жыныстардың жату мүсіндеріне байланысты мынандай ерекшеліктер байқалады:
- ультра негізгі және негізгі жыныстар - интрузивті шоғырлар факолиттер, лакколиттер; орташа және қышқылды да - лакколиттер, батолиттер және дайқалар қалыптасады.
- эффузивті магмалы тау жыныстары жер бетіне ақтарылып шыққан лавалардың қатуынан пайда болады. Олар бірден қарқынды үгілу үрдісіне тап болады.
11 сурет - Магмалы интрузивтің жату мүсіндері
а - батолит; b - шток; с - лакколит; d - желі қабаты.
Сол себепті төгілмелі магмалық жыныстардың алғашқы көп мүсіндерінен жабынды, ағынды және күмбезді түрлері ғана жиі сақталынған.
Жабынды деп - лаваның ондаған километр квадратқа ақтарылып жайылуын айтамыз.
Ағынды деп - лаваның жіңішке жолақ боп аңғар бойынша орналасуын айтамыз. Олардың ұзындығы бірнеше метрден ондаған километрге созылуы мүмкін.
Жабынды мен ағындылар негізінен сеңді немесе толқымалы келеді, олар газдар шыққан кездегі лаваның қатуынан пайда болады.
Күмбез деп - коймалжың магманың көтеріліп қатқан кездегі пайда болған үрдісін айтады, оның беті тіктенген күмбезден тұрады.
Магмалы жыныстардың мүсінін зерттеу тек табиғи жағдайда немесе оның экспедиция кезінде алынған суреттерінен, жазбаларынан немесе түсірілімінен көруге болады.
Магмалы жыныстардың сыртқы белгілері
Магмалы жыныстардың басты сыртқы белгілері болып құрылымы мен түзілімі саналады.
Тереңдіктегі (интрузивті) жыныстарға тән қасиет толық кристалданған дәнді құрылымы. Мұндай құрылымның пайда болуына магманың баяу суынуының салдарынан барлық минералдардың біртіндеп және біркелкі кристалға түсуінде. Жыныстың барлық массасы минералдардың айқын байланысты кристалдарынан тұрады (гранит, габбро).
Дән массасында басым бөлшектердің түріне байланысты бөлінеді: 1) өте ірі дәнді құрылым, кейбір кристалдарының ұзындығы 10 мм көп; 2) ірі дәнді - дән мөлшерлері 5-тен 10 мм-ге дейін; 3) орта дәнді - дән мөлшері 2 ден 5 мм-ге дейін; 4) майда дәнді - кристал ұзындығы 2 мм-ден ұлғайтқыш шынымен кристалы әрең көрінетін деңгейге дейін.
Эффузивті жыныстардың сипаттамасы толық кристалды емес афонитті және әйнекті құрылымнан тұрады. Құрылымның мұндай түрі магманың (лаваның) тез қатуынан болмақ.
Афонитті (нығыз) құрылымда көзбен немесе ұлғайту шынымен қарағанда кристалды дәні байқалмайды (базальт, диабаз).
Порфирлі құрылымның негізгі массасы нығыздалған, майда дәнді немесе әйнекті, осы реңде кейбір кристалдар айқын байқалады. Бұл кристалдардың басым көпшілігі кварц, дала шпаттары, ал кейде амфиболдардан тұрады. Мұндай құрылым трахит, андезит және порфирге тән.
Әйнекті құрылымның негізі түгелдей кристалданып үлгермеген магмалы массадан тұрады (әйнекті). Эффузивті жыныстардың әйнекті құрылымдарының сынықтығы негізінен шаянды болып келеді, ал басқа магмалы жыныстарға сынықтық негізгі белгісі болып саналмайды. Барлық обсидиандардың құрылымы әйнекті.
Кейбір магмалы жыныстардың құрылымы пегматитті. Олар екі қоспалардың бір мезетте кристалдануынан пайда болады. Мұндай жағдайда минералдардың бір-біріне өскені байқалады (дала шпатының кварцқа бірігуі). Пегматитті құрылым пегматитті жыныстарға тән (жазба граниті).
Магмалы жыныстардың түзілімі массивті және кесекті келеді. Массивті жыныс минералдардың бір-біріне тығыз бекіген бірікпелерінен тұрады. Кеуекті жынысты көзбен қарағанда каверн немесе майда тесіктер байқалады. Мұндай түзілім кейбір эффузивті жыныстарда байқалады (көбікше). Барлық интрузивті және эффузивті жыныстардың басым көпшілігі массивті түзілімге ие.
Магмалы жыныстардың сыртқы белгілерін оқыған кезде оның құрылымы мен түзілімінен басқа түсін, сыбағалы салмағын және басты жыныс құраушы минералдарын анықтау керек.
Түсі - магмалы жыныстардың түсі олардың минералогиялық құрамы мен анықталынады және ол әр түрлі - ашықтан қараға дейін ауысады. Қышқылды және орташа қышқылды жыныстар - кварцпен, далалы шпаттармен байытылғандықтан түстері сұр, көкшілдеу немесе қызғылт келеді. Негізгі және ультра негізгі жыныстар, магнезиальды - темірлі минералдардың басым болуына байланысты түстері күңгірттеу, яғни, күңгірт-көктен қараға дейін ауытқиды.
Жыныстың түсін анықтау өте қиын емес. Магмалы жыныстар көп жағдайда бір түстен тұрмайды, өйткені олар көптеген минералдардың жиынтығынан тұрады, олар әр түрлі түске боялған. Сондықтан түсті анықтаған кезде жыныс массасында басым түс нұсқасымен атау керек.
Тау жыныстарын анықтағанда, оның сыбағалы салмағы, жуықтап қолмен салмақтап анықтауға болады. Қышқылды кристалды жыныстардың (гранит) сыбағалы салмағы 2,5-ден 2,7 дейін, орташа (диорит) - 2,7-2,8, негізгі (габбро) - 2,9-3,1; ультра негізгі (перидотит) - 3,1-7,25.
Магмалы жыныстардың минералогиялық құрамы әр түрлі, ол магманың химиялық құрамына және қату жағдайына байланысты. Магма қатқан кезде ол ыдырап, яғни, тарамдалып және жіктелу үрдісіне түседі, ол әр түрлі минералдардың біртіндеп кристалдануына алып келеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz