Көлденең тұндырғыштар


Мазмұны
Кіріспе
1 Көлденең тұндырғыштар 4
2 Тік тұндырғыштар 5
3 Радиалды тұндырғыштар 6
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұну процесі дегеніміз судағы қалқыма бөлшектердің ауырлық күші әсерімен және олардың судың тығыздығынан тығыздығы үлкенірек болғанына байланысты төменге шөгіп судан бөліну процесі.
Өнеркәсіпте тұндыру процесін қатты фазаның бөлшектерін бөлу мақсатында суспензияны қоюландыру немесе жіктеу үшін, газдарды ірі шаңдардан тазалау үшін және эмульсияларды бөлу үшін қолданады. Аз ғана қозғалатын күш (ауырлық күші) болғандықтан, тұндыру процесінде тек үлкен бөлшектерді ғана бөлу мүмкін болады. Сондықтан тұндыру процесі - гидродинамикалық ортаны бөлудің ең қарапайым және арзан процесі болып табылады. Осыған байланысты оны көбінесе гетерогенді қоспаларды қиынырақ тәсілдермен бөлуді арзандату үшін біріншілік бөлу ретінде қолданады.
Тұндыру процесін тұндырғыштар деп аталатын аппараттарда жүргізеді.
Тұндыру процесі әртекті жүйелерді бөлу үшін қолданылатын басқа да процестерге, мысалы, сүзуге қарағанда әлдеқайда арзан процесс болып табылады. Бұдан басқа, әртекті затты сүзу арқылы бөлу тепе-теңдік кезінде сүзілетін затты алдын ала тұндырған кезде шапшаң жүреді. Сондықтан тұндыру процесі бөлудің бастапқы сатысы ретінде қолданылады, яғни, оның мақсаты тұтас фазадағы ірі қатты заттарды бөліп алу.
Судағы қозғалыс бағытына және конструкцияларына байланысты тұндырғыштарды былай айырады: көлденең, тік, радиалды.
1 Көлденең тұндырғыштар
Көлденең тұндырғыштарды өнімділігі 30 мың м 3 /тәуліктен жоғары су тазарту станцияларда қолданады. Бұл тұндырғыштар өзінің құрылысы бойынша су тарататын және су жинайтын құрылғылармен тазалайтын суды жеткізетін және тұндырылған суды әкететін құбырлармен, онымен бірге оқтын-оқтын тұнбаны кетіретін құрылғымен жабдықталған тікбұрышты бассейн сияқты.
Станцияның биіктік схемасына байланысты тұндырғыштың биітігін
3-5 м-ге тең қабылдайды. Ұзындығы мен көлденең ені есеп арқылы анықталады. Тұндырығыштың ұзындығының биігіне қатынасы 10-нан кем болмау керек.
Тұндырғыштың көлемін пайдалану дәрежесін көтеру үшін көлденеңінен ұзына бойы қалқалар ені 3-6 мм бойы бірнеше корижорларға бөлінеді. Тесік қалқаларды дөңбек қабырғалардан 1-2 м қашықтықта орнатады. Бұл қалқалардың тесігінде судың қозғалыс жылдамдығы 0, 5 м/с тең етіп қабылдайды. Тесік қалқалар және суағарлар тұндырғыштың қимыл қимасы бойынша суды бірқалыпты таратуға арналады. Оқтын-оқтын тұнбаны шығарып тұру үшін тұндырғыштың түбінің еңістігін 0, 02-0, 03-ке тең етіп қозғалыс бағытына қарсы жасайды.
Тұндырғыштан тұнбаны кетіру үшін түбіне орналасқан тесігі бар құбырды немесе қорапты қолданады. Бұл қораптың немесе құбырдың бас жағындағы ысырманы ашқанда тұнба тұндырғыштағы судың салмақ қысымы арқасында қораптың тесігінен ішіне еніп, осы қораптың науасымен канализацияға әкетеді.
Тұндырғыштардың нәтижелік жұмыс істеуі біріншіден жапалақ пайда болатын камерадан келетін жапалақтың түріне байланысты. Тұндырғышқа келе жатқанда бұл жапалақтар бұзылса, олардың екінші іріленуі өте ұзаққа созылып суды жақсы тазаламайды.
1 - сурет. Көлденең тұндырғыш
1-су әкелетін құбыр; 2-су үлестіретін құбыр; 3-тұнбаны ағызатын құбыр; 4-суағар;
5-тұндырғышты секцияларға бөлетін қалқа; 6-тұндырғыш; 7-тесікті қалқа; 8-науа; 9-құйын тәрізді жапалақ пайда болатын камера; 10-жинағыш канал; 11-тұнған суды жинайтын науа; 12-су ағызар; 13-суды әкететін құбыр.
3 Тік тұндырғыш
Тік тұндырғыш өнімділігі 3 мың м 3 / тәулікке дейінгі станцияларда қолданылады, өзінің құрылысы бойынша планда дөңгелек немесе квадрат сияқты су жеткізетін құбырмен, иірімді жапалақ пайда болатын камерамен, мөлдіретілген суды жинайтын науамен және оқтын-оқтын тұнбаны шығарып тұратын құбырмен жабдықталған резервуар.
Бұл тұндырғыштарда тазаланатын су төменнен жоғары қарай тік бағытымен қозғалады. Бөлшектердің шөгу жылдамдығы мен су қозғалысының жылдамдығы айырмашылығы арқасында қалқыма заттар судың өрлеп келе жатқан ағынында шөге бастайды.
Тұндырғыштың құрамына кіретін тұндыру аймағының биіктігін станцияның биіктік схемасына байланысты 4-5 м-ге тең етіп қабылдайды. Тік тұндырғыштың ортасында иірімді жапалақ пайда болатын камера орналасады, оның биіктігі тұндыру аймағының 0, 9-на тең.
Камераның қабырғасымен тұндырғыштың қабырғасының екі арасында судың өрлеп келе жатқан ағынының есеп жылдамдығы 0, 5-0, 6 мм/с. Тұндырғыштың диаметрінің тұндыру аймағының биіктігіне қатынасы 1, 5-нан артық болмау керек.
Көлденең және тік тұндырғыштардың тұнбаны жинау аймағының көлемі тұнбасы 8-24 сағат ішінде қабылдап жинауын қамтамасыз ету керек.
Тұндырғыштың төменгі тұнба бөлігінде жиылатын тұнбаны оқтын-оқтын өз бетімен су қабатының қысымымен ағызып тұру керек, ол үшін диаметрі 150-200 мм-ге тең тұнбаны ағызатын құбырда ысырманы ашу керек.
Көлденең сызықпен конустың қабырғасының арасындағы бұрышы
50-60 0 -ке тең болады. Тұнбаны өз бетімен ағызуға мүмкіншілік болмаса оны сорғышпен сорып шығарады.
2-сурет. Тік тұндырғыш.
1-цилиндрлік бөлігі; 2-орталық құбыр; 3-ойық(желоб) ; 4-конустық бөлігі
4 Радиалды тұндырғыштар
Өте лайлы суда 2000 мг/л-ден артық алдын ала тазалауға ірі су тазартқыш станцияларда (өнімділігі 50 мың м 3 /тәулік) қолданады, онымен бірге өндіріс айналма су жабдықтау жүйелерінде де пайдаланады.
Радиалды тұндырғыш өзінше планда суды жеткізетін және әкететін құбырлармен, суды тарататын және оны жинайтын құрылғылармен, олармен бірге шөккен тұнбаны тұндырғыштан үзіліссіз шығарып тұратын қырғыш механизммен жабдықталған дөңгелек бассейн.
Тазаланатын су тұндырғышта көлденең бағытымен орталықтан шетіне қарай қозғалады. Радиалды тұндырғыштың ортасында тесіктері бар цилиндр сияқты су тарататын құрылғы орнатылады, ол су таратумен бірге көбінесе жапалақ пайда болатын камераның міндетін атқарады. Тазалайтын су цилиндрдің ортасының төмен жағынан келтіріледі. Цилиндрдің қабырғасындағы тесіктердің мөлшерін анықтағанда, ондағы судың қозғалыс жылдамдығы 5-8 см/с-ке тең болуын еске алуымыз керек.
Тазаланған суды жинау үшін айналма суағар немесе қабырғада орналасқан тесігі бар айналма науа қолданады.
Кейбір радиалды тұндырғыштарда судың қозғалысы шетінен ортасына қарай болады. Мұндай тұндырғыштарда судың таратуы шетінде орналасқан тесігі бар құбырмен немесе айналма науамен жасалынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz