Пісіру процесінің мәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

3

Дәнекерлеу - қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру. Дәнекерлеу пісірудің бір түріне жатады, бірақ пісірулерден айырмашылығы бар. Негізгі айырмашылығы қосылатын металл жиектері балқытылмайды, дәнекердің балқу температурасы негізгі металл балқу температурасынан төмен болып алынады. Атомдар аралық байланыспен қатар адгезиялық байланыс қалыптасады. Дәнекерлі қосылыстың беріктігі пісірілген қосылыстан төмен болады.

Қосылыстың беріктігі көп жағдайда қосылатын беттердің дәнекерленуіне байланысты. Металдарды дәнекерлеу кезінде дымқылдау сапасы әдетте беттің тазалығына байланысты - онда металл тотықтары немесе органикалық майлар мен майлар болмауы тиіс. Ластануды жою, беттік керілуін төмендету және дәнекердің ағуын жақсарту үшін флюстер немесе бетті белсендірудің ультрадыбыстық әдістері қолданылады. Металл емес беттерді (керамика, шыны) немесе тез балқитын дәнекермен дәнекерлеу кезінде химиялық флюстер дымқылдандыруға көмектеспейді, сондықтан беттің ультрадыбыстық активтендірілуін қолданады.

1. Дәнекерлеу

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

4

Дәнекерлеу деп қосылатын металдарды олардың балқу температурасынан төмен қыздыру, оларды дәнекермен сулау, дәнекердің саңылауға ағуы және оның кейіннен кристалдануы нәтижесінде атом аралық байланыстармен қосылыстардың түзілуін атайды. Дәнекеріленетін материалдар мен дәнекер бетінен оксидтерді жою және дәнекерлеу процесінде олардың түзілуін болдырмау үшін дәнекерлік флюс деп аталатын, қосымша материал қолданылады. Дәнекерленудің берілген режимі кезінде материалдардың дәнекерленген қосылыс түзу қасиеті дәнекерленушілік деп аталады.

Балқытылған дәнекердің пісірілетін бет бойымен ағуы және оның негізгі металмен өзара әрекеттесуі шартты түрде үш сатыда өтеді:

- дәнекердің металл беті бойымен қарсы алдынан жылжуы дәнекердің және негізгі материалдың әлсіз өзара әрекеттесуімен сипатталады; температура жоғарылаған кезде немесе ұстауды ұлғайту шамасына қарай бұл саты келесіге өтеді;

- дәнекердің жергілікті жылжуы және дәнекерленетін металдың сұйық дәнекерде еруі оңай балқитын құрылымдардың (эвтектикалардың, ликвидус қисығындағы минимуммен қатты ерітінділердің) түзілуімен сипатталады;

- металдың дәнекерде қарсы алдынан еруі дәнекердің дәнекерленетін металмен қарқынды жалпы өзара әрекеттесуімен сипатталады.

Сол немесе өзге сатыда нақты құрылымдардың қалыптасуы дәнекерленетін ұзақтығымен және температурасымен, сондай-ақ өзара әрекеттесуші металдардың табиғатымен анықталады.

Аса берік және икемді дәнекерленген жіктер қатты ерітінділердің түзілуі кезінде қамтамасыз етіледі, олар кристалл торлардың жалпы типін иеленетін және атом аралық ара қашықтықтардың жақын мәндері бар металдарды дәнекерлеу кезінде пайда болады. Эвтектикалық құрылымды жіктің беріктігі аз болып табылады. Егер пісіру эвтектикалық құрамды дәнекерлермен (ПОС61, ПСр72) жүзеге асырылса немесе негізгі металл және дәнекердің құрамына кіретін металдар, кристалл торлардың типі бойынша жеткіліксіз ұқсас болған жағдайда, осындай құрылым түзіледі. Дәнекерленген жіктердің беріктігіне морт интерметалл қосылыстардың бар болуы теріс әсер етеді. Металдарды дәнекерлеу процесінің балқытып қаптастыру арқылы дәнекерлеу процесімен ортақ жері көп. Алайда дәнекерлеу пісіруден келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді:

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

5

- дәнекерлеу екі қосылатын металдың немесе тым болмаса біреуінің балқу температурасынан төмен температурада жүргізіледі;

- дәнекерлеу процесінде қосылатын тетіктердің арасында белгілі моментте дәнекердің сұйық металды жұқа қабаты болады;

- балқытумен пісіруден ерекшелігінде дәнекерленген қосылыс қосылатын тетіктер металдарының тікелей өзара әрекеттесуі нәтижесінде емес, ал дәнекер мен негізгі металдың өзара әрекеттесуі салдарынан түзіледі;

- дәнекерлеудің міндетті шарты дәнекерленетін беттерді дәнекермен сулау, дәнекер компоненттерінің негізгі металл жағына қарай және негізгі металл компоненттерінің дәнекер жағына қарай диффузиясы және сұйық жұқа қабаттың кейіннен кристалдануы болып табылады. Бірнеше тетіктерден тұратын, пішін үйлесімі бойынша күрделі тораптар мен тұтас конструкцияларды бір өндірістік циклде (қыздыру) дәнекерлеумен жасауға болады, бұл дәнекерлеуді (дәнекерлеуден ерекшелігінде) материалдарды қосудың топтық әдісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және оны механикаландыру мен автоматтандыруға оңай берілетін, жоғары өнімді технологиялық процеске айналдырады. Дәнекерлеу қалдық кернеулер мен деформацияларды азайтады, ал кейде толығымен жоққа шығарады. Дәнекерлеудің өте маңызды артықшылықтарының санына әр текті металдардың, сондай-ақ металдардың металл еместермен қосылу мүмкіндігін жатқызу керек. Дәнекерлеудің көмегімен ажыратылмайтын және ажыратылатын қосылыстарды алуға болады. Соңғысы баспа тақшасында орнатылған, ақаулы аспаптарды жөндеу немесе ауыстыру кезінде бөлшектеу қажеттілігі пайда болғанда, радиоэлектрондық аппаратура өндірісінде өте маңызды болады. Дәнекерлеумен қосылатын беттердің өлшемдерін (айқассалын шамасын) түрлендіру мүмкіндігі негізгі металмен беріктігі тең қосылыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге түйіспелік пісіруге қарағанда, кернеулері аз шоғырланатын аса қолайлы пішіні алынады. Дәнекерлеудің жоғарыда аталған артықшылықтары оны өндірісте аса кең қолданыс тапқан, ілгері технологиялық процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

6

Дәнекерлі конструкциялардың негізгі артыкшьшықтары мынада.

1. Конструкциялар массасын кемітумен металл шығыны 15-20%-ға үнемделеді. Ол тойтармаға арналған тесіктері болмай, бөлшектердің созылған аймағындағы қимасын толығымен пайдалану және ұтымды конструктивтік түрі арқылы орындалады. Дәнекерленген құрамалы арқалықтардың түйісі көмекші бөлшектерсіз жасалса, тойтармаланған арқалықтар түйісі бастырмалар көмегімен әзірленеді. Дәнекерлеу кезінде өз ара тікше жазықтықтарда орналасқан бөлшектер тікелей қосылса, тойтармалаған кезде бүрыштамалар арқылы қосылады.

Дәнекерленген конструкцияларда балқыған металдың массасы негізгі металл массасының 2%-нан аспайды. Тойтармаланған конструкцияларда тойтарманың массасы 3, 5-4%-ға дейін жетеді.

2. Металл өндеу операциялары санының азаюы және олардың жеңілдеуі арқасында конструкцияларды әзірлеу еңбексыйымдылығының төмендеуі.

3. Дәнекерлі жіктердің тығыздығы және герметикалығы, бұл әсіресе резервуарлар мен газгольдерді әзірлеу және жинақтау кезіңде маңызды.

2. ТҮРЛЕРІ

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

7

Дәнекерлі жіктер бірқатар белгілері бойынша бөлінеді:

1) конструкциясы бойынша олар түйістік және бұрыштық болуы мүмкін. Түйістік жіктер ұтымды түрі болып табылады, себебі кернеулер шоғырлануы аздау келеді. Бірақ, жақсы дәнекерленуі үшін, олар жиектерінің қосымша өңделуін талап етеді. Жиектерін өндеу пішініне сәйкес түйістік жіктер V, U, К, Х-түрінде болады. Жіктерді өндеу өлшемдері дәнекерлеу әдісіне (қолдық немесе автоматтық), дәнекерленетін элементтердің қалыңдығына, жіктің сипаттамасына (біржақты немесе екіжақты) байланысты.

Түйістік жіктер дәнекерленетін металдар арасындағы кеңістікті балқыған металмен толтыру арқылы орындалады. Бұрыштық (білікшелік) жіктерді орындау үшін дәнекерленетін элементтер арасындағы бұрыш балкыған металмен толтырылады. Әсер ететін остік күштеуге параллелді орналасқан бұрыштық жіктер қапталдық, ал оған тікше орналасқаны маңдайлық деп аталады;

Дәнекерленетін элементтердің жиектерін әзірлеу түрлері

2) тағайындалуы бойынша дәнекерлі жіктер жұмысшы және байланыстырушы-конструктивтік болады. Байланыстырушы жіктер конструкцияның беріктігіне әсерін тигізбейді. Оларды конструктивтік талаптар бойынша белгілейді. Жұмысшы жіктер әсер ететін күштеуге есептелулері керек;

3) орындау орны бойынша дәнекерлі жіктер зауыттық және құрастырулық болып бөлінеді. Зауыттық жіктер стационарлы жағдайларда конструкцияның жөнелтетін элементгерін әзірлегенде, ал құрастырулық жіктер элементтерді ірілендіру жинағы кезінде құрылыс алаңыңда орындалады;

4) дәнекерленген кезде кеңістіктегі жайы бойынша жік төменгі, тік, горизонтальды және төбелік болуы мүмкін. Олар жіктің бойлық және көлденең өстерінің бұрылу бұрышына байланысты Мемлекеттік стандартпен белгіленеді;

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

8

5. Ұзындығы бойынша дәнекерлі жіктер үздіксіз, үзілмелі (шпонкалы) болып

бөлінеді.

Дәнекерлі қосылыстар дәнекерленетін элементтердің өзара орналасуына

Байланысты түйістік, қаусырмалық, бұрыштық, таврлық және құрастырмалы болып бөлінеді.

сурет. Дәнекерлі қосылыстардың түрлері

в-түйістікті; б-каусырмалықты (1-маңдайлық, 2-қапталдық жіктер) ;

в-құрастырмалы; г-бұрыштықты; д-таврлы

Түйістік деп бөлшектері бірімен бірі бүйірімен немесе шетімен қосылып, бір бөлшсгі екіншісінің жалғасы болатын қосылыстарды атайды. Түйістік қосылыс түзу немесе қиғаш түйістік жікпен орындалады. Аталып шыққаң қосылыстардың қалғандары бұрыштық ( біліншілік) жіктермен жасалады.

Біріктіруді топтаудың негізгі белгісі ретінде мыналар қабылданған: тұтастық, біріктірудің жылжымалығы, беттіңьпішіні, біріктіруді құрудың тәсілі.

Біріктіруді құрудың тәсілі бұйымның құрама бөлімін құрастырған кезде бірікпенің құрылуының құрылымдық және технологиялық ерекшеліктерін сипаттайды.

Пісіру деп пісірілетін бөлімдерді жергілікті немесе жалпы қыздырып, пластикалық деформациялап немесе осыларды бірлестіре әсер еткізіп, айтылған пісірілетін бөлімдер арасында атом аралық байланысты құру жолымен ажырамайтын бірікпені алу ісамалын айтады. Пісірумен металл, керамика, пластмасса, шыны, т. б. материалдардан жасалған тетіктерді біріктіреді.

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

9

Қазіргі заманда пісірудің көптеген тәсілдерін қолданады.

Дәнекерлеу деп дәнекерленетін жерді қыздырып, қосылатын тетіктер арасындағы қыздырылған саңылауды балқытылған дәнекермен толтырып және кейінірек оны кристалдандырып ажырамайтын бірікпені жасау процесін айтады.

Желімдеу деп желімдеу жолымен ажырамайтын бірікпені жасау процесін айтады. Желімдердің әсері, олардың және желімделетін материалдардың арасында адгезиялық байланысты пайда болғызуға негізделген.

Баспалау деп қапсыратын тетіктің диаметрі қапсырылынатын тетіктің диаметрімен салыстырғанда кіші болатын жағдайда, серпімді деформацияның күшін (керілісті) пайдаланып тетіктердің ажырамайтын бірікпесін жасау процесін айтады.

Тойтару деп тойтарма көмегімен тетіктерді біріктіру тәсілін айтады.

Шырқайналдыру бірікпесі деп қапсырылынатын тетікті кеңейту немесе қапсыратын тетікті қысу жолымен құрама бөлімдерді біріктіру тәсілін айтады.

Газдардың жанатын қоспасының жылуын металды балқыту үшін қолданатын газбен пісіруді, алдымен XIX ғ. аяғында оттегіні, сутегіні және ацетинді өндірісте шығарып, содан кейін қолдана бастады. Бұл тәсіл металдарды пісірудің негізгі тәсілі болып кетті. Өндірісте ацетиленді пайдаланатын газбен пісіру ең көп қолданысты тауып келді. Қазіргі заманғы өндірісте газбен пісіру жұмысының көлемі едәуір қысқарды, бірақ та пісірудің бұл тәсілін балқытып қаптастыру жұмыстарында, болат, алюминий және олардың қорытпаларының жұқа қаңылтырларынан жасалған бұйымды жөндегенде, мыс, жез және басқа түсті металдарды, олардың қорытпаларын дәнекерлегенде және пісіргенде табысты қолданады. Қазіргі заманғы өндіріс цехының жағдайында, дайындаушы және жинақтаушы операцияларды орындаған кезде, газтермиялық кесуді кең қолданады. Электр тогы өткенде, пісірілетін бөлімнің түйісетін аймағында бөлінетін жылуды қолданып іске асырылатын жанастырып пісіруді, қысымды қолданып пісіретін тәсілге жатқызады. Бұл тәсілді былай ажыратады: нүктелік пісіру; түйістіріп пісіру; жікпен пісіру; бұдырлы пісіру; конденсаторлы түйістіріп пісіру. Автомобиль шанағының жұқа қаңылтырлы құрылымын біріктірген кезде қолданылатын пісірудің механикаландырылған тәсілдері ішінде, жанастырып пісіру тәсілі алдыңғы орынды алады. Түйістіріп пісіруді қолданып, теміржол рельстерінің және құбыржол құбырларының түйісетін жерлерін біріктіреді. Жікпен пісіруді жұқа қабырғалы сыйымдылықтарды жасаған кезде қолданады. Бұдырлы пісіру, жазық жұқа қаңылтырлы панельдерді және құрылыста қолданылатын темірбетон құрылымның арматурасын пісіргенде, өнімділігі ең жоғары тәсіл болып саналады. Конденсаторлы түйістіріп пісіруді Пісіру және құю технологиясы 7 радиотехникалық өндірісте микросұлбаны жасағанда кеңінен қолданады. Пісіру өндірісінің болашағы мол бағығыттарының бірі болып механикаландырылған және автоматтандырылған пісіруді қолдану саналады. Бұл жағдайда пісіру процестерін механизациялау және автоматтандыру, пісіру құрылымын жасаумен байланысты жұмыстардың барлық түрін (дайындаушы, жинаушы, т. б. ) кешенді механизациялау және автоматтандыру, тағы да ағымды және автоматты өндіріс тізбектерін жасау туралы айтылып отыр. Ереже бойынша, қүрделі пішіні бар құрылымдарды, ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстардың көмегімен жеке элементтерді (тетіктер, құрастыру тораптары) бір-бірімен біріктіріп жасайды. Жеке тетіктерді пісірумен жасаған металл құрылымын пісірілген, ал бір-бірімен жанастырып орналастырылған пісірілген тетіктерден тұратын құрылымды пісірілген торап деп атайды. Пісірумен көбінесе металдан жасалған тетіктерді біріктіреді, бірақ та пісірумен біріктіруді металл емес тетіктер үшін де (пластмасса, металды керамикамен үйлестіріп біріктіру) қолдануға болады. Балқытып пісірген кезде, тетіктің бірігетін жиегін сыртқы жылу көзінің әсерімен балқытады. Балқыған металл жалпы көлемге құйылып, пісірудің сұйық шомылығын құрады. Осы сұйық металл салқындаған кезде металл қатайып, пісірілген жікті пайда болғызады. Жік мыналардың есебінен пайда болады: пісірілетін жиек металының балқымасы; пісірілетін жиек металы мен пісіру шомылығына қосымша кіргізілетін қосқыш металдың балқымасы. Қысыммен пісірген кезде, пісірілетін тетік жиектерін біріктіріп пластикалық деформациялайды. Пластикалық деформацияның арқасында қосылатын бөлімдерде атом аралық байланысты орнату жеңілдетіледі. Процесті қарқынды жүргізу үшін, қысыммен пісірген кезде тетікті қыздырады. Қысыммен пісірудің кейбір тәсілдерінде, пісірілетін металдың бетін немесе аралық қосымша төсемді қыздырып балқытады, ал қысыммен үздіксіз немесе үзілмелі әсер етеді.

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

10

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

11

Пісірілген бірікпелер - пісірумен жасалған ажырамайтын бірікпелер. Пісірілген бірікпелерге мыналар кіреді: пісірілген жік; оған жанасатын құрылымы өзгерген негізгі металдың аймағы (осы аймақта пісірудің жылулық әсерімен құрылымдық және басқа өзгерістер жүрді, яғни бұл аймақта термиялық әсерлер пайда болды) ; соңғы аймаққа жанасатын құрылымы өзгермеген негізгі металл бөлімдері. Пісіру жігі - пісіру шомылығында балқыған металдың кристалдануы нәтижесінде пайда болатын пісірілген бірікпенің бөлімі. Негізгі металл - қосылатын бөлімдері пісірілетін металл. Термиялық әсер ету аймағы - пісірген немесе балқытылып қаптастырған кездегі қыздырудың нәтижесінде құрылымы мен қасиеті өзгеретін, бірақ та металы балқымайтын негізгі металдың бөлімі. Пісіру шомылығы - балқытумен пісірген кезде сұйық күйде болатын пісірілетін жіктің бір бөлімі. Доға қысымының әсерімен және жік металының көлемді шөгуімен табалдырық аяғында пайда болатын үңгілді пісіру шөгісі деп атайды. Пісіру шомылығындағы балқытылған негізгі металға қосымша еңгізілетін металды қосым деп атайды. Балқытылған қаптама - балқытылған пісіру шомылығына еңгізілген немесе негізгі металға қаптастырылған қосым материал. Негізгі және балқытып қаптастырылатын металдармен немесе тек балқытылған негізгі металмен құрылған қорытпаны жіктің металы деп атайды. Пісіру процесінің мәні. Пісіру деп пісірілетін бөлімдерді жергілікті немесе жалпы қыздырып, пластикалық деформациялап немесе осыларды бірлестіре әсер еткізіп, айтылған пісірілетін бөлімдер арасында атом аралық байланысты құру жолымен ажырамайтын бірікпені алу ісамалын айтады. Пісірумен біртекті және бірдей металл мен Пісіру және құю технологиясы 9 қорытпаларды, металдар мен кейбір металл емес материалдарды (керамика, графит, шыны, т. б. ), тағы да пластмассаларды біріктіреді. Пісіру - экономикалық ұтымды, өнімділігі жоғары және едәуір дәрежеде механикаландырылған технологиялық процесс. Айтылған пісіру машинажасаудың барлық саласында кең қолданылатын тәсіл. Пісіру процесінің физикалық мәні болып дайындаманың қосылатын беттеріндегі атомдар немесе молекулалар арасында берік байланыстарды құру саналады.

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

12

3. Бірікпелерді құрау көздері

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

13

Бірікпелерді құрау үшін келесі шарттарды орындау қажет: пісірілетін беттерді ластанудан, тотықтардан және оларда адсорбацияланған жат атомдардан тазалау; бір-бірімен әсерлесуді жеңілдету үшін беттік атомдарды энергетиялық белсендету; пісірілетін беттерді металдардағы атом аралық арақашықтықпен салыстыруға болатын аралыққа жақындату. Көрсетілген шарттар, пісіру аймағындағы материалға энергетикалық әртүрлі әсер ететін әр алуан тәсілдермен іске асырылады. Энергия пісірілетін жерге жылу түрінде, серпімдіпластикалық деформация түрінде, элоктронды, ионды, электрмагнитті әсер етумен және әсер етудің басқа түрлерімен кіргізіледі. Нәтижесінде металдардың және кристалдық құрылымы бар металл емес материалдардың беттік атомдарын біріктіретін жалпы кристалдық тор дайындамада құрылады, ал пластмассаның бетінде молекулярлық тізбек бөлімдері бірігеді. Пісіруге икемділік - бұл металдың немесе металдар үйлесімінің қасиеті. Айтылған қасиет пісірудің қалыптасқан технологиясын қолданып, бұйымның құрылымы мен пайдалану жағдайы талап ететін бірікпені құруға мүмкіндік жасайды. Материалдардың пісіруге икемділігі, пісірілген бірікпенің берілген қасиетінің қаншалықты негізгі металдың аттас қасиеттеріне сәйкес болатындығымен және оның жарық, кеуек, қож қоспасы сияқты пісіру ақауларын құруға қаншалықты бейім екендігімен бағаланады. Осы белгілер бойынша материалдарды жақсы, қанағаттанарлық және жаман пісіруге икемділігі бар деп бөледі. Көптеген әр текті материалдар, әсіресе металдар мен металл еместер, өзара әрекетке түспейді. Осындай материалдар тәжірибелік пісірілмейтін материалдардың санына жатады. С. Ә. Мәшеков 10 Материалдардың пісіруге икемділігі негізінен пісірген кезде пісірілген бірікпеде пайда болатын құрылымның типімен және қасиетімен анықталады. Бір текті металдар мен қорытпаларды пісірген кезде, әдетте, қосатын жерде біріктірілетін дайындамалардың құрылымына жақын немесе ұқсас құрылым құрылады. Мұндай жағдайға материалдың жақсы пісіруге икемділігі сәйкес келеді. Әр тектес материалдарды пісірген кезде, олардың физика- химиялық қасиеттерінің айырмашылығына байланысты, қосылатын жерде материалдардың біреуінің торы сақталатын қатты ертінді немесе бастапқы материалдардың торларынан қатты айырмашылығы бар тор құралып, химиялық немесе интерметаллидті бірікпе пайда болады. Қатты ертінділердің, әсіресе химиялық немесе интерметаллидтік қосылыстардың механикалық және физикалық қасиеттері біріктірілетін материалдардың қасиеттерінен едәуір айырмашылықта болуы мүмкін. Мұндай материалдарды қанағаттанарлық пісірілетін материалдар қатарына қосады. Егер пісірілген бірікпеде морт сынатын және қатты құрылымдық сынарлар пайда болатын болса, онда пісіру кернеулері әсер еткен жағдайда жікте немесе жік айналасындағы аймақта жарықтар пайда болуы мүмкін. Соңғы жағдайда материалдарды жаман пісірілетін материалдарға жатқызады.

Өзг.

бет

Аты-жөні

Қолы

Күні

бет

14

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нанның ескіру процесінің мәні
Нанды пісіру кезінде жүретін өзгерістердің теориялық негіздері
Көміртекті аспапты болаттар
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Пісіру өндірісінің технологиясы
Шыныны пісіру
Қолмен дәнекерлеу сайманы
Бидайды ұнтақтау кезінде алынатын өнімдер
Құлмақ ашытқысындағы нан құрамы
Пайдалы қазындыларды кесектеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz