Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен гүл табанының құрылысында
Кіріспе
Раушангүл тұқымдасы - түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған, кейбір түрлері оңтүстік ендіктегі елдерде де өседі.Раушангүлдер жалпы алғанда табиғи тұқымдас болғанымен, олардың вегетативтік және генеративтік (репродуктивтік) органдарының құрылысы алуан түрлі болып келеді.Өмірлік формалары - мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады. Жапырақтары қарапайым және күрделі, жапырақ серігі бар немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ-салалы жүйкеленген болып келеді. Бір түрлерінде гүлдерінің және жемістерінің белгілерінің біршама қарапайым болып келуі, бұларды көп жемістілерге жақындатады, мысалы пестиктерінің санының көп болуы. Екінші біреулеріне гүлдің жекелеген бөліктерінің (мүшелерінің) редукцияға ұшырауы және прогрессивтік белгілерінің болуы, мысалы жатынының төмен болуы тән. Гүлдерінің мамандануы көп жағдайда жемістерімен дәндерінің таралуына негізделіп бағытталған бейімделушіліктің пайда болуына қарай жүрген. Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен гүл табанының құрылысында. Гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және генецейі көп апокарпты немесе гүл табаны ойыс және генецейі ценокарпты болып келеді. Осындай бір-бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формаларда болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне,гүл табанынан басқа, гүлдің басқа да бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшалардың, аталықтарының түп жағы кейде тіптен тостағаншаның астыда қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып етженді және шырынды жағдайға келеді, ол дегеніміз жемістерімен дәндерінің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады.Раушангүлдер сарғалдақ гүлдермен мынадай белгілері арқылы ажыратылады: гипантиі жақсы жетілген; жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы; кейде гүлдерінің астында тостағанша асты жапырақшаларының (подчащия) болуы, әсіресе шөптесін формаларында, гүлдері барлық уақытта актиноморфты, циклді, гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі (сиректеу 4 мүшелі) және аталықтары көп мүшелі, олар 5 қатар шеңбер түзіп орналасады.Раушангүлдердің шөптесін формаларының ішінде сарғалтақгүлдер тұқымдасы секілді мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдіктер жоқтың қасы, алайда улы түрлері өте сирек кездеседі.Раушангүлдер тұқымдасын гүлдерінің және жемістерінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай төрт тұқымдастармағына бөледі: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.
2.1 Раушангүл немесе итмұрын туысы (Rosa).
Полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5-мүшелі түксіз қосарланған,сиректеу жартылай түкті гүл серігі болады. Солтүстік ендікте кең таралған.
Жартылай орманды-далалық шөлейтте және шөлейт жерлерде, әдетте жарық ормандарда, орманның шетіндегі ашық жерлерде, өзендердің жайылмаларында, жыралы сайларда өседі. Таулы аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады. Түрлерінің саны аралық формаларының орасан көп болуына байланысты, әлі күнге дейін толық анықталмаған. Бір деректер бойынша туыста 120-150 түр, ал екінші деректер бойынша 300-350 түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 150-дей түрі бар, оның 60-ы эндемдер, яғни тек бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ғана кездеседі. Ал Қазақстанда 24 түрі бар. Олардың ішінде мәңгі жасыл және жапырағы жылма-жыл түсіп отыратын формалары да бар. Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2, Р, К және провитамин А мен комплексте болады. Бұл жағынан ең құндысы ақгүлді (беггера итмұрыны- R.beggeriana, іле итмұрыны - R.iliensis) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын - R.cinnamomea, қатпарлы итмұрын - R.rigosa). Қызғыл гүлді түрлерінің гипантиясында (ит итмұрыны - R.canina, 202-cурет, киіз итмұрын - R.tomentosa) витамин С біршама аз, ал сары гүлді түрлерінің гипантиі де (тікенекті итмұрын - R.spinosissima, сасық итмұрын - R.foetida) олар өте аз, бірақта таниндер мен танидтер көп.Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қолданады. Раушангүл (итмұрын) сәндік гүлдер өсіру шаруашылығында бұрыннан белгілі және танымал объект болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстанда да сорты аудандастырылып сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Оның ішінде тікелей Қазақстан ғалымдары шығарған сорттар да бар.Таңқурай (ежевика, малина -Rubus) туысы.500-дей түрі бар үлкен полиморфты (өзгергіш) туыс; бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 45 түрі бар, ал Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай және салқын климатты зоналарында өсетін бұталар. Алғашқы ағаш тәрізді формалары субтропикада өседі. Оңтүстік ендікте туыстың өкілдері Жаңа Зеландияға дейін жетеді. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай (малина обыкновенная - R.idaeus) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде және Солтүстік Американың жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарының төменгі ярусын (қабатын) түзеді. Сонымен бірге таңқурайдың бұл түрі ағашы кесілген және өрт шалған жерлерде, тау шатқалдарындағы өзендердің бойында өсетін бұталардың арасында кездеседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өсіріледі. Қожақат таңқурайы (ежевика - R. caesius) табиғатта кең таралған, кейде мәдени жағдайда да өсіріледі. Қой бүлдірген (костяника- R.saxatilis) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің және сібірдің қылқанжапырақты ормандарында кең тараған өсімдік. Аласа таңқурай (морошка приземистая - R.chamaemorus) және арктика таңқурайы (R.arcticus) өмірлік формасы жағынан редукцияға көп ұшыраған түрлер, Субарктикалық райондарда өседі.
202 сурет. Итмұрын раушан (Rosa canina):
А-гүл шанағы; Б-гүл (жалпы көрінісі және көлденең кесіндісі); B - күлте жапырақшалар ; Г-аналық: Д-гүлдің диаграммасы ; Е- гүлдеп жеміс беретін өркен; Ж-жемісі-біріккен жаңғақшасы (тікесінен жасалған кесінді).
Құлпынай туысы (земляника - Fragaria).Оның 50-дей түрі бар. Ұзынсағақты жапырақтарынан розетка түзілетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тостағаншасының астында, тостағанша асты жапырақшалары болады. Аналығы ойыс, етженді болып келген гүлтабанына орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы (земляника лесная - F. vesca) (203-сурет) және жасыл бүлдірген (клубника немесе полуница - F.viridis) екі үйлі өсімдіктер, олар бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде , Сібірде, Орта Азияда, бұталардың арасында және шалғындарда, сонымен бірге Кавказдың жарық ормандарында да өседі. Ананас құлпынайы (F.ananasa)тек мәдени жағдайда ғана белгілі, оны құлпынайдың виргинская (F.virginiana) және чилийская (F.chiloensis) деп аталынатын түрлерін будандастыру арқылы алған деп шамалайды.
203-сурет. Орман бүлдіргені (Fragaria vesca):
А-жалпы көрінісі; Б-гүл (тікесінен жасалған кесіндісі): В- аналық (тікесінен жасалған кесіндісі); Г- гүлдің диаграммасы; Д-жемісі біріккен тұқымша (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі)
Ол мәдени жағдайда өсірілетін, жемісі үлкен болып келетін сортқа біріктірілген. Тұқымдастармағының шөптесін өкілдерінің ішінде тек дәрілік шелна (кровохлебка аптечная - Sanquisorba officinalis) деп аталынатын бір ғана түрдің мал азығы ретінде үлкен маңызы бар. Оны медицинада және ветиринарияда дәрі ретінде емге қолданады. Бұл ылғалды шалғындарда өсетін өсімдік. Гүлі қоңыр-қызыл түсті, шоқпарбас болып келетін гүлшоғырына жиналған. Кейде мәдени жағдайда өсіреді.
Алмалар тұқымдас тармағы (яблоневые) - Pomoideae
Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі . Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5 , бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2-3, кейде тіптен 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүлінің формуласы:
*Сa(5) Co5 Ainfinity G(1-5).
Жемісі жидек тәрізді - алмалар, алмұрттар, айвалар және т,б.
Алма туысы (яблони - Malus).Туыстың құрамында солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін 30-дай түрі бар.Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бұталардың 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная - M.sylvestris). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіндегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная - M.orientalis) Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарында; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси - M.siversii) - Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарында өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларында өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға) . Недзвецкий алмасы (яблоня Недзвецкого - M.nedzwetzkyana) аса сәнді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоцианды түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі үй алмасы (яблоня домашняя - M.domestica) деген атпен топтастырылады. (204-сурет).
204 - сурет. Кәдімгі алма (Malus domestica):
А - гүлдеп жеміс беретін; Б-күлтесіз гүл (тікесінен жасалған кесіндісі); В-гүлдің диаграммасы; Г-жемісі тікесінен және көлденеңінен жасалған кесіндісі).
Алмұрт туысы (груша - Pyrus). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20 - дай түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 17 түрі белгілі, ал Қазақстанда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен , формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмұрт (груша обыкновенная - P.communis) табиғи жағдайда өзгергіш болып келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман түзіп өседі (бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік батысында және Кавказдың, Орта Азияның, әсіресе таулы аудандарындағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы түрден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына уссурий алмұртының (груша уссурийская - P.ussuriensis) (Қиыр Шығыс,Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмұрттың (груша лохолистная-P.elaeagnifolia) қатысы улкен болады.
Шетен туысы(рябина-Sorbus).Cолтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі белгілі.Бұрынғы ССРО-ның флорасында 34-түрі,ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі.Аса кең тараған түрі кәдімгі шетен(рябина обыкновенная-S.aucuparia),оның ақ түсті гүлдері улкен қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған.Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады(варенье,қақ,компот).Шет еннің осы түрінен И.В.Мичурин қош иісті тәтті жемістері бар сорттар шығарды.
Қараөріктер тұқымдас тармағы (сливовые) - Prunoideae
Ағаштар , бұталар. Гүл табаны ойыс, бірақ ол гүл түйінімен (жатынмен) бірікпеген. Гинецейі бір ғана жеміс-жапырақшасынан тұрады, тұқымбүрі -2, оның тек біреуі ғана жетіледі. Гүлінің формуласы *Ca(5) Co5 Ainfinity G1.
Жемісі шырынды, сиректеу құрғақ, сүйекті.
Шие туысы (вишня - Cerasus). Бұл туыстың 150-дей түрі белгілі, бұрынғы БОР-ның флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесін (вишня садовая - С.Vulgaris) (205-сурет) және құс шиесін (черешня- C.avium) кеңінен отырғызады.Бақ шиесі өсімдіктердің табиғи қауымдастықтарында мүлдем кездеспейді. Құс шиесі Украинаның Карпат тауларында, Кавказда, Молдовада табиғи жағдайда қалың тоғай түзеді. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін жетеді.
Қараөрік туысы (cлива, терн - Prunus). Бұл туыста 35 түр бар. Кәдімгі қараөрік (слива домашняя - P.domestica). Қараөрік мәдени жағдайда көптеген аудандастырылған және жергілікті сорттардың арғы тегі ретінде (исходная форма) кең таралған өсімдік. Табиғи жағдайда белгісіз. Алша (алыча- P.divaricata) биіктігі 9-10 м болатын ағаш немесе бұта. Кавказда және Орта Азияда өседі. Осы жерлерде көп жағдайда тікенекті қараөрікті (терн- P.spinosa) отырғызады. Ол өте тікенекті бұта, көп жағдайда күн жақсы түсетін күнгей беткейлерде, орманның арасындағы ашық жерлерде, бұталы қопаларда және жыралар мен сайларда өседі (БОР-дың европалық бөліктерінің орталық және оңтүстік зоналарында ,Кавказда, Батыс Сібірде).
Өрік туысы (абрикос- Armeniaca). Табиғи жағдайда шығыс Сібірде , Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған 8 түрді біріктіреді. Кәдімгі өрік (абрикос обыкновенный - A.vulgaris) өндірістік мақсатта арнайы өсіріледі.
205-сурет. Кәдімгі шие (Сerasus vulgaris):
А- гүлдеп жеміс беретін өркен; Б-гүл (тікесінен жасалған кесіндісі); В- гүлдің диаграммасы; Г-жеміс (сыртқы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі).
2.2 Бұршақтар тұқымдасы (бобовые, или мотыльковые)- Fabaceae, Papilionaceae
Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.Негізгі өмірлік формалары: ағаштар,бұталар,көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан , ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор . Мысалы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадығы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес (207-суретті қара). Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді).
Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша,және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Андроцейі 1 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір түрлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) түтік түзеді, оның ішінде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтіккі бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен , ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. (206-сурет). Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:
↑Ca(5) Co3+(2) A(9)+1 G1
Жемісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz