Депрессия ұғымына анықтама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кірспе
Негізгі бөлім:
1. Депрессия ұғымына анықтама
2. Депрессия ұғымына ислами көзқарас
3. Депрессияның алдын алу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазір әлемде халық арасында көптігі жөнінен жүрек қан-тамырлары аурулары бірінші орында. Ал мамандар 2020 жылы адамдардың депрессия дертіне шалдығу көрсеткіші дүние жүзі бойынша бірінші орынға шығады деп даурығып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта Жер планетасының әрбір бесінші тұрғыны психикасының бұзылуы салдарынан зардап шегеді.
Депрессия қазақтың сөзі емес. Десек те, қазір қазаққа тән ауру болып тұрған сыңайы бар. Біздің түсінігімізде ол -- жанның күйзелуі, қайғыға салыну, әлденеге қамығу... Қазақстан депрессияға ұшыраған елдер арасында алдыңғы қатарда тұр деседі. Ал осы жан күйзелісінің ең соңғы нүктесі -- адамдардың өз өзіне қол салып өлуі деңгейі бойынша, соның ішінде жасөспірімдердің арасындағы суицидтің көптігінен, өкінішке қарай, көштің басында кетіп бара жатырмыз. Бұлай кете берсек, қайда барып тоқтарымыз белгісіз.
Жұмыр басты пенде болған соң тірлікте түрлі қиын жағдай болатыны, сол қиын жағдайларға жаның күйіп, көкірегің шерге толатын кездерің болады. Кіп-кішкентай жас баладан тарлан тартқан кәріге дейінгілердің арасында әлденеге өкпелі болып жүртіндер көп. Олардың дені -- бұйығып, өз сырын өзімен ғана бөлісетіндер, ішіндегі жарасын жалғыз өзі жалап жазуды қалайтындар.
Қазір әлемде адамдардың 10 пайызы психикалық аурулармен ауырады, оның саны 10 жылдан кейін 15 пайызға жететін көрінеді. Қазақстанда тұрғындардың 10,8 пайызы жан күйзелісіне ұшыраған. 16 млн халқы бар Қазақстан үшін бұл аз емес.

Депрессия (лат. depressio -- көңілсіздак, жабыраңқылық) - жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы.
Бұл өзі нарықтық қоғам орнаған соң ең көп қолданылатын әрі ең бір сәнді сөзге айналды. Депрессияда жүр едім, депрессияның салдарынан жұмыстан кеттім болмаса депрессиядан айыққан соң бәрін жаңадан бастаймын деген тіркестер бір ауыздан шығып, екінші біреулердің құлағына ілініп жатады. Құлағына ілінетін себебі - тыңдаушының өзі депрессияда жүр...
Көбінесе күйзеліс, жабығу ең алдымен мегаполис тұрғындарына тән. Өйткені көптеген психологтар депрессияның қалалы жерлерде үлес салмағы басым екенін жазады. Сосын оны үлкен қаладағы өмір ырғағының жоғарылығымен түсіндіреді. Мегаполис тұрғындары үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, басқаша айтқанда екеуінің дәмін тең татып күнелтуге мәжбүр. Техника мен технология алысты жақын етіп, қол еңбегін жеңілдеткенімен, мобильді телефонмен күніне бірнеше рет сөйлесу, радио, теледидардан керекті-керексіз ақпараттар алу, негізінен батыстық менталитетті бейнелейтін агрессиялық фильмдер көру, нарықтың басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүру, сөйтіп әке-шеше, туған-туыс, қатар құрбыдан алыстау арқылы өз-өзіне тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, депрессияға ұшыратады. Биік-биік ғимараттар да жүйкесі әлсіз адамның мысын басуы мүмкін. Оның бер жағында жұмыстан шығып кетпес пе екенмін?, бастығым ұнатпай жүр, пәтерақының уақыты жақындады, т.б күдік-күйзелістер де мегаполис адамының еңсесін көтертпей, нарықтың күресініне лақтыруға бейіл... Нарықтық экономикадағы халықтың кешкі тоғыз-онға дейін жұмыс істеп, дқрыс дем алмауы да әсер етеді. Кейде жексенбі күндері де шаруа бітірулері тиіс. Уақыттары есептеулі. Шаршап жүреді. Ашуланшақ. Өйткені нарықтың өз заңы, өз моралі бар. Нарық қылтың-сылтың еркелікті көтермейді...
Заманауи зерттеулер бойынша қазір әлемде жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия дерті тұр. Яғни, адамзаттың жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды қауіптендіруде. Әлемдік статистикаға сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы психикалық аурулар болып келеді екен. Осыдан келіп біздің үлесіміз қаншалықты дейтін заңды сауал туындайды.
Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз. Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т.б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды. Маман дәрігер невроз жағдайында адам ұйқысынан айрылып, күші кетіп, жыламсырайтынын, қорқыныш, үрейдің құшағында тұншығып, өмір сүруге құлшынысы азаятынын, дегенмен, осының бәрінде өзін бақылауда ұстап, сана-сезімінен толықтай ажырамайтынын, сөйте тұра кейде өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін, психоз жағдайында кісі өзінің ауру екенін де сезбейтіндей дәрежеде есін жоғалтатынын алға тартады. Есесіне психоз аурулары тәуелсіздік орнаған тұста да кеңес заманындағы бір пайыздық үлеспен тұр екен. Жылдан жылға өсіп бара жатқан ауру - невроз. Оның ішінде депрессия. Астана қаласындағы жүйке аурулар диспансерінде бүгінде он екі мың ауру ресми есепте тұрады. Онда кәрілердің де, жастардың да арасында жүйкесі тозғандар өте көп. Бірақ олардың көпшілігі есепте тұрмайтын дерттілер. Оның үстіне наркологиялық диспансерлер мен полицияларда есепте тұратындардың да көпшілігі белгілі дәрежеде жүйкесі тозыңқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Адам мінез-құлқысының гегиенасы
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Эмоцияларды басқару
Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы
Этика ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы
Маңызды мәселе - психикалық ауруы бар пациенттердің медициналық қызметкерлерге қарсы агрессиясы
Психологиялық аурулардың тұқымқуалауы
Физиологиялық күйзеліс
Пәндер