Психологиялық кеңес берудің типі, түрі және деңгейлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Психологиялық кеңес берудің типі, түрі және деңгейлері . Топтық және жеке кеңес және оның әлеуметтік қызметтегі сипаты. Қайталанатын және қайталанбайтын кеңестер. Жеке қарым-қатынас бойынша кеңес, әлеуметтік-психологиялық қызмет бағытындағы кеңес, алдын ала зерттелетін және зерттелмей берілетін кеңес, түзету әдістерін енгізетін және енгізбей берілетін кеңес, оқшауланған және аралас кеңес.

Кеңес жүргізудің құрылымы . Психологқа жолығудың мақсаты. Консультант іс-әрекетінің схемасы. Кеңес беруде қарым-қатынасты орнату. Сұраныстармен жұмыс. Психологиялық диагноз қою (клиентпен кездесу, танысу, кіріспе әңгіме, шиеленіскен мәселенні анықтау, эмоционалдық күйін қабылдау, мүмкін болған шешімді анықтау, жұмыстың жоспарын құру, жоспарды іске асыру) . Кеңес беру қарым-қатынасының мазмұны. Кеңес беру сессиясының аяқталуы.

Психолог ғалымдар Г. С. Абрамова, Ю. Е Алешина, А. А. Бодалев, Г. В. Бурменская, И. В. Дубровина, В. Н. Карандашев, А. Г. Лидерс, Е. И. Рогов, В. В. Столин кеңестік дәуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.

оғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О. М. Анисимова, Н. М. Владимирова, М. Д. Дворяшина, М. В. Зюзько, Н. С. Копеина, Б. Б. Коссов, Н. Н. Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т. А. Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А. Р. Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е. Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т. б. бірқатар зерттеушілерді атап өту

ге болады. Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.

Психологиялық кеңес беру - оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру) . Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.

Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері

Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты - психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау) .

Клиентті сұрау кезеңі . Кезеңнің мақсаты - раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы - вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі - консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.

Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat. kz

Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.

Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру

Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.

Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.

10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.

Психологиялық кеңес :

1. Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі мүмкін.

2. Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы мүмкін.

3. Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.

Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері

Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау. мәселен, бала мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т. б.

Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.

Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру керек.

Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру.

Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеіес алғаннан кейінгі ойын салыстыру. Кейбір жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп жатады, ал кей кезде мүлдем алшақ болуы мүмкін.

Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көз жеткіз.

Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:

1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

2. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т. б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

3. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.

4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж. т. б. ) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері.

Әртүрлі жастағы балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру

Кіші жастағы оқушылардың психикалық дамуында кездесетін қиындықтарды түзеті (коррекция) жолдары.

Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін және осыған байланысты баланың бойында кездесетін психофизиологиялық өзгерістерді ескермей оқыту процессін жүргізу мүмкін емес.

Бала мектепке келген кезде осы уақытқа дейін ұйымдастырылған және жүргізілген жұмыстар заңды түрде шыңдала түседі. Кейбір балалар жалпы психикалық дамуының кешігуіне байланысты әртүрлі сәтсіздікке ушырауы мүмкін. 15-20% бірінші сынып оқушылары алғашқы оқу процесс барысында жағымсыз әсер мен қиындықтарға тап болады.

Кіші жастағы оқушылармен өткізетін түзету жұмысы үлкендердің (ата-ана, мұғалім) өтінішінен басталады. Өтініш түскен жағдайда психолог балаға жеке тереңдетілген диагностикалық жұмыстар жүргізіп түзету жолдарын анықтайды. Психолог түзету сабақтарының бағдарламасын жасап әр баламен сабақтың ұйымдастыру формасын (жеке, топпен, шағын топпен т. б. ) анықтайды. Жеке баламен, шағын топпен, топпен өтілетін түзету сабақтары аптасына 1рет 10-12 сабақтан аспағаны дұрыс. Әр сабақтан кейін психолог балаларға үйге тапсырма беріп оны ата-анамен бірігіп орындауын талап етеді. Тапсырмалар: сурет салу, ертегілер оқып оны талдау, ойындар т. б.

Түзету жұмыстарының бағыттары:

-танымдық процестер барысын дағы түзету

-қызығушылық саласын түзету

-жүріс-тұрыс барысын түзету

-эмоционалдық жағдайын түзету

-тұлғалық саладағы түзету

-қрым-қатынас саладағы түзету

Түзету жұмысының ең бастысы психологтың баламен тіл табыса білуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Информатика курсы бойынша оқу процессін жоспарлау
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқытудың модульдік оқыту технологиясы
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Бейіндік оқытудың жүйесі
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz