Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
Мазмұны
Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
1.1.Қара қошқыл оймақгүл гликозидтері
1.2.Ірігүлді жəне түкті оймақгүлдердің гликозидтері
1.3.Сарыгүл гликозидтері және Жалынгүл гликозидтері
1.4.Інжугүл гликозидтері және Комбе строфанты гликозидтері
Терапевтік дозалардағы жүрек гликозидтерінің фармакодинамикасы
2.1.Жүрекке əсері
2.2.Оң мəнді инотропты (кардиотониялық, систолалық əсерлері)
Миокардтағы электролиттер алмасуына əсерлері
3.1.Миокардтың энергетикалық алмасуына əсері
3.2.Оң мəнді тонотропты əсерлері.
3.3.Теріс мəнді дромотропты əсер.
3.4.Гемодинамикаға əсері.
3.5.Зəр айдаушы əсері.
Фармакокинетика.
4.1.Аралық полярлы жəне липофилды қасиеттері бар жүрек гликозидтері.
Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикалық параметрлері (көрсеткіштері).
5.1.Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикалық параметрлері (көрсеткіштері).
Жүрек гликозидтері (грекше glykys - тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жетімсіздігін емдеу мақсатында қолданылады. Созылмалы жүрек жетімсіздігі термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жетімсіздігімен халықтың 0,5-2%-і ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар. Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жетімсіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1,7 жыл, əйелдерде 3,2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі - сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жетімсіздігі.
Жүрек гликозидтерінің химиялық құрылымының бір үлгісі.
Бұл патологияда жүректің шығару көлемі төмендейді, пост күш түсу, жүректің жиырылу жиілігі, циркуляцияда қан көлемі өседі, артериалы вазоконструкция, гипертрофия жəне миокардтың ремоделденуі дамиды. Жүрек жетімсіздігіне нейрогумаралды факторлардың балансының бұзылысы тəлі, вазопрессин, норадреналин, адреналин, эндотелиндердің, ренинның, цитокиндердің секрециясы күшейеді, азот тотығының, простоциклин жəне эндотелинды гиперполярлаушы фактордың секрециясы төмендейді. Жүрек жетімсіздігінің алғашқы белгілері бар ауруларды компенсация сатысында ұстауда натрийуретикалық пептидтердің маңызы зор. Аурудың дамуына қарай бұл пептидтердің қандағы мөлшері көбейеді (əсіресе ми натрийуретикалық пептидтері). Бұл қауіпті болжам белгісі болып табылады жəне өткір жүрек жетімсіздігі мен жүрекшелердің фибрилляциясы қаупін көрсетеді. Жүрек гликозидтерін дəрілік өсімдіктерден алады: қара қошқыл оймақгүл (Батыс Еуроппа), ірі гүлді оймақгүл (Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Солтүстік Кавказ, Орал), түкті оймақгүл (Балқан түбегі, Молдавия), сарыгүлден (Ресейдің Еуропалық бөлігі, Орта Азия, Қырым, Солтүстік Кавказ), көктем жалынгүлінен (Ресейдің Еуроппалық бөлігінің оңтүстігі жəне орта жолағы, Украина, Орта Азия, Сібір), масыр інжугүлінен (Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Кавказ), Комбе строфанты (Шығыс Африка), теңіз пиязы (Орта жерорта теңізі).
1. Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер.
Жүрек гликозидтері бар өсімдіктердің дəрілік қасиеттері Көне Мысырда белгілі болған. Біздің дәуірімізге дейін 1600 жыл бұрын теңіз пиязы оның тітіркендіруші қасиетіне қарай құстыратын, қабынуға қарсы, іш жүргізетін жəне зəр айдаушы дəрі ретінде қолданылады. XVIII ғасырдың соңында ғылыми медицинада жүрек гликозидтері қолданыла бастады. 1785 жылы ағылшын дəрігері Уильем Уитерингтің (1741-1799) Оймақгүл жайлы, оның емдік əсердері жайлы хабарлау атты еңбегі жарық көрді жəне келесі бір оның еңбегі Ісінулерді жəне басқа ауруларды емдеу. Уитеринг 163 науқастың ауру тарихтарын анализден өткізді. Олардың барлығы шеменмен ауыратын жəне емдік мақсатта қара қошқыл оймақгүлдің жапырақтарының тұнбасын немесе ұнтағын қабылдады. Уитеринг тұнғыш рет өсімдікті жинау ережелері мен дəрілік заттарды əдістерін ұсынады; оймақгүл жапрақтарының дозасын (0,12-0,36г күніне2 рет) көрсетті жəне қолдану схемасын (улану белгілері пайда болғанда дейін тағайындау, сосын біраз уақытқа қабылдауды тоқтату) көрсетті. Оның кітабында улану белгілері (құсу, қозу, түс ажыратудың бұзылуы, зəрді жіберіп қою, бродикардия, құрысулар) айтылады жəне оны емдеу қажеттігі жайлы жазылған. Уитеринг оймақгүлдің жүректің жиырылуын күшейтетіндігі, ал оның зəр айдаушы əсері шеменде екінші орында тұратынын тапқан. 1875 жылы Освальд Шмидерберг оймақгүл гликозиды-дигитоксинды ашты. Ресейде оймақгүлді жүрек дəрісі ретінде зерттеу 1785 жылы хирург С.А.Рейх бастады. Өсімдік əлемінің географиялық жолдарын меңгеру құрамында гликозидтері бар жаңа өсімдіктерді ашуға мүмкіндік берді, 1865 жылы Д.Ливингстон жəне Д.Кирк тегіс строфантаның ұрығынан алынған удың бродикардиялық əсерін тапты. Осы жылы Петербург медико-хирургиялық академияның профессоры Евгений Венцеславович Пеликан строфанттың жүрекке спецификалық əсерін, ал 1 жыл өткен соң-олеандрдың əсерін дəлелдеді. 1885-1890 жж. Ағылшын ғалымы Томас Фрезер стрфантинды бөліп шығарды. XIX-ғасырдың соңында жүрек гликозидтердің зерттеудің ірі орталығы С.П.Боткинның клиникасы болды, мұнда тəжірибелік зертханалық жұмыстарды И.П.Павлов басқарды. С.П.Боткинның жəне И.П.Павловтың шəкірттері қан айналымға жалынгүлдің жағымды əсерін анықтады (Н.А.Бубнов), аязгүл (Н.Я.Чистович), кендіргүл (Д.А.Соколов).1896 жылы Томск университетінің фармакология кафедрасының негізін қалаушы П.В.Буржинский химик Э.А.Леман тапқан периплоцин гликозидының оймақгүл гликозидтері секілді жүрекке əсер ететін ашты жəне жүрек гликозидтерімен уланудың өтпелі жəне улы фазалары туралы жазды. Өсімдікте біріншілік (генциндік) жүрек гликозидтері болады. Өсімдіктерді құрғатып сақтағанда жүрек гликозидтерінен глюкозаның 1 молекуласы бөлінеді, сонымен екіншілік жүрек гликозидтері түзіледі. Медицна тəжірибесінде біріншілік жəне екіншілік жүрек гликозидтері қолданылады. Жүрек гликозидтерінің молекулары 2 бөліктен тұрады- қантты (гликон) жəне қантсыз (агликон), олар бір бірімен эфир байланыстары арқылы жалғасқан. Гликондар жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасына əсер етеді. Гликондар табиғатта кең тараған қанттермен беріледі Д-глюкоза, Д-фруктоза, Д-ксилоза, L-рамноза, сонымен қатар тек қана жүрек гликозидтері құрамына кіретін қантамырмен - Д-дигитоксоза, Д-цимароза, Д-алеандрозамен беріледі. Спецфизикалық қанттары бар жүрек гликозидтері бауырда биотрансформацияға баяу ұшырайды жəне ұзақ əсер етеді. Ірі гүлді оймақгүлде, түкті оймақ гүлде жəне олеандрада қантқа сірке қышқылының қалдықтары жалғанған. Агликондар биологиялық белсенділіктің тасушалары болып табылады, сонымен қатар жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасына əсер етеді. Олардың цис-пішіндемесі бар сақиналы (циклопентанпергидрофенантрен) стероидты құрылысы бар. Стероидты сақинадағы метилды жəне альдегидты топтар кардиотоникалық əсерді күшейтеді. Жүрек гликозидтерінде фармакодинамикасы үшін стероидты ядроның С17 орнында жалғанған қанықпаған лактон сақинасының зор маңызы бар. 5 мүшелі лактон сақиналары бар жүрек гликозидтері карденолидтер деп аталады. 6 мүшелі лактон сақиналары бар жүрек гликозидтері буфадиенолидтер классына жатады. Көптеген жүрек гликозидтері карденолидтер болып табылады. Буфадиенолидтер теңіз пиязында, бақаның тері бездерінің бөліндісінде табылған. Жануарлар жүрек гликозидтерін түзіп оны жыртқыштардан сақтану құралы ретінде пайдаланды. Агликондардағы гидроксилдер саны олардың померлығын анықтайды, сонымен қатар олардың липидтерде жəне суда ерігіштігін анықтайды. Оймақгүлдің, сарыгүлдің, жалынгүлдің, інжугүлдің жəне строфантанның гликозидтерінің химиялық құрамдары кестеде көрсетіледі.
1.1 Қара қошқыл оймақгүл гликозидтері
Пурпуреагликозид А Пурпуреагликозид В
(Дезацетилдигиланид А) (Дезацетилдигиланид В)
↓ (-глюкоза) ↓
Дигитоксин Гитоксин
↓ (-3 дигитоксозы) ↓
Дигитоксигенин Гитоксигенин
1.2 Ірігүлді жəне түкті оймақгүлдердің гликозидтері
Ланатозид А Ланатазид В Ланатозид С
(Дигиланид А) (Дигиланид В) (Дигиланид С)
(- сірке қышқылы) (- сірке қышқылы)
↓ ↓ ↓
Дезацетилдигиланид А Дезацетилдигланид В Дезацетилдигланид С
(Пурпуреагликозид А) (Пурпуреагликозид В)
(- глюкоза) (- глюкоза)
↓ ↓ ↓
Дигитоксин Гитоксин Дигоксин
(- 3 дигитоксозы) (- 3 дигитоксозы)
↓ ↓ ↓
Дигитоксигенин Гитоксигенин Дигоксигенин
1.3 Сарыгүл гликозидтері және Жалынгүл гликозидтері
'''Сарыгүл гликозидтері''' '''Жалынгүл гликозидтері'''
Эризимозид Аденитоксин
(- глюкоза) (- рамноза)
↓ ↓
Эризимин Адинотоксигенин
(- дигитоксоза)
↓
Страфантидин
1.4 Інжугүл гликозидтері және Комбе строфанты гликозидтері
Інжугүл гликозидтері Комбе строфанты гликозидтері
Конвалязид К-строфантозид
(- глюкоза) (- β - глюкоза)
↓ ↓
Конвалятоксин К-строфантозид - β
(- рамноза) (- α - глюкоза)
↓ ↓
Строфантидин К-строфантин - α
(цимарин)
(- рамноза)
↓
Строфантидин
3. Терапевтік дозалардағы жүрек гликозидтерінің фармакодинамикасы
3.1 Жүрекке əсері
Жүрек гликозидтері оң мəнді - инотропты, тонотропты, теріс мəнді - хронотропты жəне дромотропты əсерлер көрсетеді.
3.2 Оң мəнді инотропты (кардиотониялық, систолалық əсерлері)
Жүрек гликозидтері жүрек жетімсіздігінде оң инотропты (грекше is-ілік септігі, inos-тапшық, бұлшықет, tropos-бағыт) əсер көрсетеді, сонымен бірге сау жүректің жиырылуын күшейтеді. Денсаулығы қалыпты адамдарда жүрек гликозидтері миокардтың жиырылу қызметін күшейтумен қатар брадикардияға жəне шеттік артериялардың спазмына алып келеді, сондықтан қанның минуттық мөлшері төмендейді, ал жүрек қызметінің күшеюі жоғарғы тамыр қарсылығын жеңуге бағытталады жəне мүшелердегі қан ағысының жақсаруымен қатар жүрмейді. Жүрек жетімсіздігіне жүрек гликозидтері күшейген симпатикалық тонусты төмендете отырып, катехоламиндердің жіне ангиотензин ІІ-нің шамадан тыс түзілуін азайтады, жүректің жиырылу жиілігін қалпына келтіреді, артериялардың кеңеюіне жəне олардың қарсылығының азаюына мүмкіндік береді. Нəтижесінде декомпенсацияланған миокардтың жиырылуының күшеюі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Жүрек гликозидтерінің əсерімен систола қуатты жəне қысқа болады, Франк-Старлинг қисығы (жүректің жиырылу күшінің қарыншалардың қуысындағы қан қысымына тəуелділігі) жоғары жəне солға ығысады. Сонымен жүрек жетімсіздігін емдегенде систолалық шығару көрсеткішінің өсуі бұлшықет талшықтарының жоғары дəрежеде созылуымен (тоногенды дилатация) емес, миокардтың жиырылуының күшеюіне негізделген. Мұның үлкен терапевтік маңызы бар, себебі сол қарыншаның айқын дилатациясында (соңғы диастолалық көлем 260мл ден көп) немесе оның қуысындағы соңғы диастолалық қысымның 18-20 мм.сын.бағ. да көбейсе Франк-Старлинг механизмы əсер етуін тоқтатады. Қарыншалардың ары қарай қанмен толуы жүрек шығару көрсеткішінің күрт төмендеуіне, митралды регургитацияға жəне жүректің оттегіге деген сұранысының өсуіне алып келеді. Жүрек гликозидтері электролиттер алмасуын жəне жиырылушы миокардтың биоэнергетикасын өзгерте отырып кардиотоникалық əсер береді. Жүрек гликозидтері оқшауланған папиллярлы бұлшықеттердің, ұрықтың жүрегінің жиырылуын күшейтеді, яғни ұрықта жүректің өткізгіш жүйесі мен нерв аппараты құрылмағанда.
Миокардтағы электролиттер алмасуына әсерлері
Жүрек гликозидтері кардиомиоциттерде бос ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz