Есті зерттеудің ассоциативті бағыты


Мазмұны
І Кіріспе
1. 1 Ес туралы жалпы ұғым
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Есті зерттеудің ассоциативті бағыты
2. 1 Г. Эббингауздың ұмыту қисығы
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
Ес туралы жалпы түсінік
Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.
Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.
Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз. Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады. Ес дегеніміз бұынғы тәжірибені бейнелеу болып табылады. Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасында біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.
Егер де ес болмаса, онда біз қазіргі қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана есте сақтаған болар едік. Бүкіл қабылданғанның бәрі бізге жаңа сияқты көрінер еді. Адам есті болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.
Ес іс-әрекет және басқа психикалық үрдістерді дамыту үшін мәні орасан зор. Ес үрдісі біздің қабылдауларымызды байытады. Неғұрлым адамда елестетулер мен бекітілген білімдер бай болса, соғұрлым қабылдауларымыз мазмұндырақ, толығырақ және дәлірек, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің және ерік-жігердің қызметі жемістірек болады.
Ес адамзат қызметінің барлық түрлерінде маңызды рөл балаларда кейбір білімдердің, ептіліктердің және дағдылардың болуын қажет етеді. Кез-келген еңбек - дене, ақыл-ой еңбегі қажетті білімнің, икемділіктердің және дағдылардың болғанында ғана мүмкін. Әсіресе, оқыту үрдісіңде естің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бірінші және негізгі міндеті оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.
Ес адамға қажетті күрделі үрдіс, бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістерден тұрады. Ол адамға жеке өмірлік тәжірибені жинақтауға, есте сақтауға және кейін пайдалануға көмектеседі. Барлық бекітілген білімдер мен дағдылар естің жұмысына жатады.
Психология ғылымы өзінің алдына ес үрдісін зерттеу туралы бірнеше күрделі мәселелерді қойып отыр.
Ес психологиясы төмендегі мәселелерге жауап беруді қажет етеді: қаншалықты бұл іздер адам есінде ұзақ сақталады, қысқа және ұзақ мерзімдерге іздерді сақтаудың амалдары қандай, адамның таным үрдістерінің іске асуына қалай әсер етеді?
Ес психологиясы психология ғылымының жан-жақты зерттелген бөлімдерінің бірі ретінде саналады. Бірақ, қазіргі кезде естің заңдылықтарының одан әрі зерттелуі оның психология ғылымының әлі де өзекті проблемасы екендігін дәлелдейді. Ес проблемасын белгілі дәрежеде зерттелінуі әртүрлі ғылымдардың дамуы, оның тілінде психологиядан қашық делінген ғылым салаларымен (ең алдымен техникамен) байланысты екені белгілі.
Ертедегі гректерде есті ерекше қастерлеген. Естің құдайы әйел адам Мнемозина болған. Ол өнер мен ғылымның жаратушы анасы деп есептелген.
Бұл қарапайым түсініктерде терең ой жатыр: ес барлық жаңаны жасаудың, демек, шығармашылықтың негізі шарты.
Адам үздіксіз қандай да болсын жаңаны ойлап табады: ол автомобиль немесе станоктар, музыка немесе кинофильм, ғылыми теориялар немесе жердің жасанды серіктері. Жеке адамдардың жасаған тәжірибесі іс-түссіз, сақталмай жоғалып кетуі мүмкін емес. Тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар жалпы кез-келген адамзат қабілеттіліктерінің дамуынсыз, адамның алға қарай қозғалысы мүмкін болмас еді. Адам ешнәрсеге үйренбеген болар еді. Үйрену дегеніміз - белгілі бір тәжірибені меңгеру, оны сақтау, болашақ өмірде қолдану. Ал бұл тәжірибені ес үрдісі сақтайды.
Адамның есін жануарлардың тәжірибе жинақтауға қабілеттілігімен салыстыруға болмайды. Олар әртүрлі, демек, ес ағза дамуының, оның ішінде адам ағзасы дамуының қажетті шарты болып табылады. Демек, ес - кез-келген іс-әрекеттің қажетті шарты. Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.
Ұлы орыс физиологі И. П. Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді.
Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Л. С. Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі турі екендігін көрсетіп берді.
А. А. Смирновтың және П. И. Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.
Есті зерттеудің ассоциативті бағыты.
Ассоциативті теория - негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық) . Эббингауз - есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г. Эббингауз (1850-1909) қарастырды. Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді. Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады. Естің ассоциативті теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық құрылымды-функционалды байланыстар негізінде уақыт өте ассоциативті теория проблемалармен соқтығысты, олардың біріншісі, адамзат есінің таңдамалығы. Асоциациялар кездейсоқ негізде жасалады, ал ес адам миына келген және сақталған белгілі бірақпаратты таңдайды. ХІХ ғ. аяғында ассоциативті теорияның орнына есті зерттеуші гештальт психология келді. Ес феноменін түсіндірудегі негізгі принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-гештальт «тұтас», «құрылым», «жүйе» деді. Гештальт теориясында материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді. Ассоциативті теория шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды. Ол ақпаратты ұмыту заңын «ұмыту қисығы» түрінде берді, яғни уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін бейнелейді.
Тәжірибе барысында бұндай буындарды бірінші қатесіз қайталаудан кейін бастапқыда ұмыту өте тез жүреді. Бір сағат өткеннен кейін барлық алынған ақпараттың 60%-і ұмтылады, ал 6 күннен кейін алғашқы жатталған буындардың есте 20%-і ғана қалады. Сонымен қатар ол сәйкесінше қарапайым, бірақ адамға үлкен әсер қалдыратын оқиғалар адам есінде тез сақталып, ұзақ уақыт болады. Және де күрделі, қызықты оқиғаларды адам бастан бірнеше рет кешуі мүмкін, бірақ ол есте көп сақтала бермейді-деді. Ұзын қатарды есте қалдыру кезінде материалды қайта жаңғырту жақсы жүреді. (эффект края) -осының бәрін Эббингауз анықтады. «Ес туралы» (1885) еңбегінде көрсетілген.
Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік (А. А. Смирнов, П. И. Зинченко) психологиясында естің психологиялық табиғатын зерттеудегі іс-әрекеттік бағыты. Француз ғалымы П. Жане ең алғаш материалды есте қалдыруға, өңдеуге және сақтауға бағдарланған әрекеттер жүйесі ретінде есті қарастырды. Француздық психологиялық мектепте естің адамның іс-әрекетіне тікелей тәуелділігі дәлелденген. Отандық психологтар ырықты мнемикалық іс-әрекеттің күрделі түрін зерттеуді жалғастырды. Онда ес процестері ойлау процестерімен байланысады. А. А. Смирнов пен П. И. Зинченконың (зерттеулері) іс-әрекеттің психологиялық теориясы тұрғысынан жүргізілген зерттеулері адамзаттың мағыналы іс-әрекеті ретінде ес заңдарын ашты, есте қалдырудың қойылған міндетке тәуелділігін және күрделі материалды есте қалдыру тәсілдерін бөліп көрсетті. Мысалы: Смирнов, іс-әрекет ойларға қарағанда есте жақсы қалады, ал әрекеттердің ішінде, әсіресе, кедергілерді жеңумен байланысты болған әрекеттер мықтырақ есте қалады. Ырықты есте қалдыру-есте қалдыру үшін мақсат қою. Көпмәрте қайталау, материалды есте қалдыруға мүмкіндік береді. Алдыға мақсат қойып, жаттауға Смирнов эксперимент өткізді, яғни ол тілді дұрыс білмейтін адамға эксперимент жүргізді. Эксперименттің мәні-мәнсіз буындарды жаттаудан тұрды. Есте қалдыру үшін бірнеше қайталау керек болды. Зерттелуші оны 20, 30, 40, және 46 рет оқыды, бірақ экспериментаторға оны есте қалдырғандығы жөнінде белгі бермеді. Психолог енді оқығанын жатқа айт дегенде, зерттелуші тілді нашар білмегендіктен эксперименттің мақсатын да дұрыс түсінбей, «қалай?» «мен оны жатқа айтуым керек пе?»-деді. Сосын ол оны қайта 6 рет оқыды, оны қатесіз қайталап берді. Жақсы есте қалдыру үшін мақсат қою керек, яғни материалды қабылдап, түсініп қана қоймай, оны есте қалдырам деу қажет. Ал отандық психолог Зинченко адамның тікелей әрекеті ретінде есте қалдыруға бағытталу (установка) өздігінен есте қалдыру үрдісін эффективті етпейді. Нақтырақ айтсақ ырықсыз есте қалдыру ырықтыдан эффективтірек болуы мүмкін. Зинченконың картинканы ырықсыз есте қалдыру (есте қалдыру керек деген мақсат қоймай) арнайы есте қалдыру керек деген жағдайдан жоғары болды. Осы проблемеға байланысты Смирнов ырықтыға қарағанда ырықсыз есте қалдыру сенімдірек деді, яғни зерттелушілерге 2 фраза берілді: Мысалы, «менің ағам қытайша оқиды», және «қытайша жазып, оқу керек» деген, сосын оны осыған ұқсас ары қарай фраза ойлап табулары керек болды. Фразаларды есте қалдыру талап етілмеді, біраз күн өткеннен кейін зерттелушілерге сол фразаларды есте түсіруді сұрады. Нәтижесінде экспериментатор берген фразадан гөрі олар өздері ойлап тапқан фразалары 3 есе естерінде жақсы қалыпты.
Г. Эббингауздың ұмыту қисығы
Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді - балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.
Механикалық есте қалдыру - бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей бірізді есте қалдыру. Материалды механикалық есте қалдыру білімді формалді меңгеруге жиі әкеліп соқтырады. Сонымен қатар механикалық есте қалдыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, ол мағыналық есте қалдыруға қарағанда біршама көп уақытты қажет етеді. Бірақ механикалық есте қалдыруды мағыналық есте қалдырумен дұрыс ұштастыра білгенде пайдалы.
Мағыналық есте қалдыру ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдың мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді.
Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама- қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру - адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсені барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидыңбірқалыпты жұмысын қиындатар еді. Эксперименттік тексерулерге қарағанда қайта жаңғыртылған материалдардың дәл болып келуі өте сирек кездеседі. Материалды қайтадан құрастыру кезінде оның көлемі кемиді онша маңызы жоқ ұсақ жерлері шығып қалады да, негіз түпкі мағынасы ғана қорытылып есте қалады. Қабылдаған материалдың біздің тіршілік қажетімізге жарайтындары ғана (түрлі жолдармен арнайы есте қалдырыл- ғаны) көбінде ұмытылмайды. Ал біздің тірлімізге тікелей байланысы жоқтары өзнен-өзі ұмытылып отырылады. Ұмыту түрліше жағдайлардакөрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдемілеп ескетүсіруге не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні кате тану, не әдейлеп ескетүсіре алмаудан болады. (Материалды оқыған бойда (көлемді күрделі түрлерін) оны бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ, бұларекі үш күнненкейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кeшігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейін балалар мен төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі үлкен, күрделі материалдарды бірден толық айтып беруге шамалары келмейді де, ойларына келген жеpiн айта береді. Ой-әрекетінің (Біртіндеп күрделенуіне және есте қалдырудың меңгеребілуге байланысты ересек адамдарда реминисценция құбылысы көп кездеседі. Ұмытудың заңдылықтарын зерттеген Г. Эббингаузға тоқталып кетсек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz