Тұрақты даму концепциясы. Қала тұрғысында даму
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экология және география кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні: Әлемдік экология
Тақырыбы : Тұрақты даму концепциясы
Орындаған: 5В060800 - Экология мамандығының 3 - курс бакалаврлары Сейдрахимов А., Бекжанов Е., Айқынұлы А., Рамазанов Д. Тексерген: Құмарбекұлы С.

Өскемен, 2018 ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Тұрақты даму түсінігі
Орнықты даму тұжырымдамасы
Орнықты даму принциптері
Қоршаған орта
Әлеуметтік сала
Қалалық жоспарлау және даму
Пайдаланылған әдебиеттер
Анықтамаларға түсініктеме
Тұрақты даму түсінігі
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы Біздің жалпы болашағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды.
Тұрақты даму дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық (БҰҰ материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму концепциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Кедейлікпен күрес Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі - қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
- СПИД-пен күреске жұмылдыру;
- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
- бала өлімін кеміту;
- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- балалардың денсаулығын қорғау;
- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау. Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі - энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану.Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес.Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес .Шөлдену - бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану.Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жоюРадиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі.Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 13-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру - адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция
- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
БҰҰ-ның арнайы Даму бағдар-ла-масын басшылыққа ала отырып, тұрақты дамудың институттық негізін қалыптастыру қазір жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл тарапта өз елімізде де аталмыш үдеріске баса мән берушілік байқалуда. Қазақстанның тұрақты дамуға көшуі тұрғысында бірқатар елдермен арада бай-ла-нысты берік орнықтыру жағы да дұрыс жолға қойыла бастады.
Осы ретте Қазақстанның тұрақ-ты даму үдерісіне өтуінің тиім-ді-лігін арттыруға қатысты Рио-де-Жанейро қаласындағы (1992) өткен қоршаған ортаны қорғау және оны дамыту жөніндегі Бүкіләлемдік конференцияда, Йоханнесбург қаласындағы (2002) тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммитте қабылданған міндеттемелерді ерек-ше айтуға болады. Сол міндетте-мелерді орындау мақсатында 2004 жылы еліміз Үкіметі жанынан тұрақты даму жөніндегі Кеңес құрылған-тын. Оны құрудағы басты мақсат - бірінші кезекте экономи-калық, әлеуметтік және эколо-гиялық тетіктердің жоғары деңгейде интеграциялануына қол жеткізу болатын.
Кеше Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен халықаралық семинардың тақырыбы осы бағытта өрбіді. Оған еліміздің Парламент депутаттары мен түрлі министр-лік-тер өкілдері, сонымен қатар Литва, Ресей секілді өзге де мемлекеттен келген сала мамандары мен сарапшылары қатысты.
Дәл қазіргі таңда мемлеке-тіміздің осындай стратегиялық бағытты бетке алуы аса маңызды саналады. Сол себепті еліміздің бұл үдеріске көшуге талпынысы, яғни белгілі бір белесті бағындыруға деген ұмтылысы - уақыт талабы. Мемлекетіміздің осы ретте арнайы тұжырымдама әзірлеуге кірісе кетуі де қажеттіліктен туындап отыр, - деді өз сөзінде Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов. - Ал онда экологиялық тұрақ-ты-лық мәселесінің көтерілуі көп нәрсені аңғартса керек.
Сала мамандарының айтуынша, Қазақстанның тұрақты дамуға ұмтылысы кезең-кезеңмен жүріп отыратын болады. Мәселен, 2009 жылға дейін мемлекеттің түрлі сала-ларын ілгерілетуге мүмкіндік беретін басымдықтары айқын-да-лып, сол бағыттар негізге алынбақ. Ал 2018 жылдары Қазақстан та-биғи ресурстарды тиімсіз пайда-лануды барынша азайтып, басқа мемлекеттердің арасында өзін тұрақты экологиялық тетігі жоғары деңгейге жеткен ел ретінде таны-тып, әлемдік аренадан лайықты өз орнын алуға қол жеткізуі керек.
Жиынға қатысқан сала маман-да-ры еліміз экономикасының әлемдік дәреже деңгейіне дейін интегра-ция-лануын басты жетістік ретінде қа-былдағандықтан, осы басымдықты ойдағыдай жүзеге асыруда эколо-гия-ның елеулі тетік болып енгізілуі маңызды саналып отыр, деген пікірлерін жеткізді.
Орнықты даму тұжырымдамасы
Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)
Орнықты даму терминінің пайда болу тарихы
Орнықты даму термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.
Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының [1] баяндамасы болып табылады.
1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды.
1980-ші жылдары орнықты даму термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды.
1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады: Орнықты даму - Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: Орнықты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадйы емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі.
Орнықты даму принциптері
XXI ғ. күн тәртібі -- әрекеттер жоспары
1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму комиссия эгидасымен өткен Әлемдік жер Саммитінде Планетаның орнықты даму проблемалары талқыланды. Әлемнің 179 елдерінің басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ орнықты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау.
XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда 2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді.
Орнықты даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz