Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот органдарының маңызы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1. Тұлға ұғымының мәні мен
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...8
1.3. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның жеке құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Мемлекет пен тұлғаның өзара қарым – қатынасының қағидаттары мен құрылымы
2.1 Мемлекеттік билік жүйесіндегі жеке тұлға
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот
органдарының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 14
2.3 Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік — құқықтық
мемлекеттің белгісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам
және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қорғау [1]. Мемлекет мен
азаматтардың өзара жауаптылығы мемлекеттің бұл екі субъектінің тең тұрғыда
қарастыруы.
Мемлекеттің ғана жауапкершілігінің жоғары болуы, оның саяси жүйесі мен
тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі тек формалды
тұрғыда қалады. Құқықтық мемлекетте мемлекет тұлғаның алдында, ал тұлға
мемлекеттің алдында өзара жауаптылықта болуы шарт. Қылмыс туындағанда
кінәлі тұлға өзінің жауаптылығын мойындауы, сондай-ақ мемлекет азаматтың,
жәбірленуші тараптың құқығын қорғауы міндетті. Мемлекет тұлғаның
жауаптылығын атқару міндеттілігіне жағдайлар жасауына кепілдік беруі шарт.
Осыған орай, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты
Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына
сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның
25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп
тұр.
Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам
басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере
алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.
Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге
айналдырамыз! - деп атап өткен болатын [2].
Қазіргі таңда құқықтық мемлекет қалыптастыруда оның нығаюына азаматтар
тарапынан да өздерінің құқықтық жауапкершілігін орынды сезініп, пайдалана
алмайтындығы және мемлекет тарапынан кейбір заң нормаларының жетімсіздігі
де байқалады. Жалпы құқықтық тәртіп пен заңдылықты орнықтыру үшін тек
мемлекетке ғана арқа сүйемей, азаматтық қоғамның барлық субъектілері
бірлесіп, олардың өзара жауаптылығы мойындалып, нақты жүзеге асырылғанда
ғана көздеген мақсаттарға жетуге болатындығын ғылыми-теориялық және
тәжірибелік зерттеулерге сай жеткізе білу.
Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз
етудегі құқықтық қатынастар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні: жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық
мәртебесінің кепілдіктері, сондай-ақ мемлекет пен тұлғаның өзара қарым –
қатынасының қағидаттары мен құрылымы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның
конституциялық-құқықтық мәртебесі, ұғымы, қағидалары мен құрылымын зерттеу.
Жұмыстың мндеттері:
1. Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесінің
негіздері жайлы баяндау;
2. Тұлға ұғымының мәні мен түсінігін ашу;
3. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымын қарастыру;
4. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның жеке құқықтары мен
міндеттерін талдау;
5. Мемлекет пен тұлғаның өзара қарым – қатынасының қағидаттары мен
құрылымына тоқталып кету;
6. Мемлекеттік билік жүйесіндегі жеке тұлға орнын қарастыру;
7. Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот
органдарының маңызын көрсету;
8. Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік — құқықтық
мемлекеттің белгісі ретінде түсіндіру.
Курстық жұмыстың зерттеу деңгейінің негізі ретінде көптеген авторлардың
еңбектері болды. Атап айтқанда, Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К., Турлаев
А.В., Баишев Ж., Мухамеджанов Э.Б., Удербаева Б.А., Сапарғалиев Ғ.,
Сагиндыкова А.Н. оқу құралдары қарастырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңы қолданылды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Ғ.Сапарғалиевтің Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығы еңбектерінен жеке тұлғаның
конституциялық-құқықтық мәртебесі, ұғымы, қағидалары мен құрылымының өзекті
мәселелеріне салыстыру әдісі қолданылды.
Құрылымы: кіріспеден, екі тарауынан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі
Тұлға дегеніміз – нақты қоғамдық – экономикалық құрылымның мүшесі
ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Тұлғаның
қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының өкілі
ретінде адамға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды: оларға ұлты, кәсібі,
әлеуметтік жағдайы оның қоғамда алатын орны, жауаптылығы, тағысын тағылар
жатады. Тұлғаның осындай жалпы сипаттарының жиынтығы оның әлеуметтік
бейнесін айқындайды. Дәлірек, айтсақ, жұмысшының, ғалымның, саясаткердің,
зейнеткердің, қылмыскердің тұлғасы туралы айтуға болады.
Қазақстан Республикасында тұлға нарықтық қатынастарға өту жағдайында
материалдық игіліктер өндірісі саласында, оны бөлу мен айырбастауда жоғары
деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір азамат өнеркәсіп
кәсіпорынның, сауда мен өзге де қызмет көрсету салаларындағы
кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі, яғни орташа немесе ірі
бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не
субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де
мүмкін. Оған мысал ретінде адаманың жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны
іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті [3, 96 б.].
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология,
психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің
субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен
процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене
отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады.
Тұлға - әлеуметтанудың өзекті
проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар
мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-
әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері
арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы
тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы
қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет)
өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып
саналады. Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін адам,
индивид, тұлға деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты
біліп алуымыз керек. Адам деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа
биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Индивид адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр
адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның
екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз, адамның тек табиғи-
биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана
қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы
деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс
адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын
сапасы [4, 86 б.].
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді
және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек
қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол
қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-
анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол
жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы,
жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың,
басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар
еді.
Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың
алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған
фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың
барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп
жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа
ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына
келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман
ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта.
Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы
ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның,
алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін
өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру
ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек
құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын
меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен
қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара
адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни
жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті
материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана
алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық
қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады [5, 32 б.].
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп,
оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа
шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір
уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік. Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен
құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және
формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін,
ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын
саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы,
құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық,
ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам
ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен
психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете
алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның
үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай
қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет
атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес
әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес
келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның
идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді.
Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
1). Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар
жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
2). Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі
ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі.
Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет: биологиялық, генетикалық дамудың
алғы шарттары. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта
болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет.
Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады.
Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады [6, 23 б.].
1.2.Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымы.
Тұлғаның құқықтық мəртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде
бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік)
мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе
дегеніміз субъектілердің құ-қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар,
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік рөлдерін
орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған
жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды. Құқықтық
мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
- құқықтар мен міндеттер;
- заңды мүдделер;
- құқықсубъектілік;
- азаматтық;
- заңды жауапкершілік;
- құқықтық қағидалар.
Құқықтық мəртебе жалпы, арнайы жəне жеке-дара болып бөлінеді.
Жалпы мəртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда
бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.
Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің,
соғысқа қатысушылардың, зейнет-керлердің жəне т.б.) жағдайының
ерекшеліктерін бекітеді, олар-дың арнайы функцияларды жүзеге асыру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жеке-дара мəртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы
жағдайы, лауазым жəне т.б.) көрсетеді жəне тұлғаның жеке дараландырылған
құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының
нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен
анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен
еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен
еркіндігін қамтиды [7, 31 б.].
Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік
ұйымының толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де
құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен
міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұны, оның құқықтары,
бостандықтары және заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді
болуы үшін белгілі бір алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның құқықтық
мәртебесінің алғышарты оның құқықылық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі
, сондай-ақ азаматтыққа қатыстығы болып табылады.
Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады.
Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде
бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы Заңымен [8], ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар
жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы
азаматтығына анықтама бермейді.
Азаматтық ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңның
преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен
бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси
құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды
түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан
мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының
мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат
мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс
жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады.
Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында
тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие
болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың
мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен
пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы
және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі
белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы
Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған.
Азаматтыққа тұру жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары,
туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі.
Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал
актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы
құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан
Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл
азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.
Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Саяси билікті
шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен
оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-
қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның
бостандығын заң-шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері
мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің
азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер мен қарым-
қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді
өз мойнына алуы тиіс [9, 89 б.].
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза
алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі əкімшіліктік қателіктерді
болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға
Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-
келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары
мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-ланғаны, қызметтік
жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне
қылмыстық жауапкершілігі , т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды
бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында
есеп беруі жəне т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құқықтық
бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-дану құқықтық сипатта
болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жəне жасалған құқықбұзушылықтың
ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-
қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс [10, 86
б.].

міндеттері
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995
жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған
Конституцияда анық тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әркім Қазақстан
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге
міндетті. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті
төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы
және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер
бойынша әскери қызмет атқарады.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз
мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып,
тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс.
Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне
үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде
қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір қасиетіне қауіп төнсе әр
адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы.
Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің
құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Респубика Президентіне жүгінуге
құқылы. Бір де бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың
құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда,
оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы
тиіс.
Ең маңыздысы адамның табиғи құқығы – өмір сүру құқығы: әркімнің өмір
сүру құқығы бар; ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ.
Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде
заңмен белгіленеді. Ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы
арыздану құқығы беріледі. Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше
қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда
қолданылады.
Заң адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да зорлық зомбылығын
қорғайды. Егер кім де кім адамды өз бетімен бостандығын айыруға әрекет етсе
ол адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе де ол адам қылмыстық
жауаптылыққа тартылады. Егер адам қылмыскерді ұстау және оны құқық қорғау
органдарына тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, ол жауаптылыққа
тартылмайды. Өйткені ол өзінің азаматтық міндетін орындайды. Егер де
лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, адамды бостандығынан заңсыз
айырылса, онда ол билігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін жауаптылыққа
тартылады. Оның үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алынған
жауаптың заңдық күші болмайды [2, 88 б.].
Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді де
білдіреді. Үй иесінің келісімнсіз ешкімнің де басқа адамның пәтеріне басып
кіруіне құқы жоқ.
Сонымен қатар, Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы
құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Жеке меншік құқығы
заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.),
сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте
және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына
құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық
реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз
етеді.
Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі
мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің
борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың
қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде
бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін
орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі [2, 88 б.].
2. Мемлекет пен тұлғаның өзара қарым – қатынасының қағидаттары мен
құрылымы
2.1 Мемлекеттік билік жүйесіндегі жеке тұлға орны
Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар жеке тұлға мен
мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеруіне әкеліп
соқтырады. Қазақстанның қазіргі кездегі мемлекеттік дамуы жалпы гуманистік
құндылықтарды, соның ішінде адам құқықтарын құрметтеу, оның құқықтық
қорғауын қамтамасыз ету, жеке тұлғаның автономиясын, яғни мемлекет пен
қоғамның араласуынан тәуелсіз сферасын танумен тығыз байланысты. Адам
мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаралған-қағида поссоветтік
Қазақстанның қазіргі кездегі негізгі конститутциялық қағидасы ретінде
танылған.
Адам жеке дара қоғамнан тыс өмір сүруі мүмкін емес, оның себебі оның
табиғатында. Индивидтің бостандығы оның құқықтарының қорғалуымен
байланысты. Ал құқық міндеттемені туындатады, яғни ендігі жерде қоғам және
жеке тұлға арасындағы тәуелділік байланысы пайда болады. Қоғам өз тарапынан
адамды қорғау міндетін алатын болса, жеке тұлға оның билігіне бағынады.
Қоғам өз тарапынан адамды қорғау міндетін алатын болса, жеке тұлға оның
билігіне бағыну міндетін алады. Әрине, бағына отырып жеке тұлға өз
бостандығын жоғалтады деуге болмайды. Осы жерде билікке мынадай анықтама
беруге болады: билік дегеніміз-адамдардың мінез-құлқына, қызметіне қандайда
бір құралдар-ерік, авторитет, құқық, күш қолдану және т.б. арқылы әсер ету
мүмкіндігі және қабілеті [11, 56 б.].
Биліктің негізгі элементтері субъект, объект және құралдары болып
табылады. Билік субъектісі белсенділік, бағыттаушы бастауға ие жеке тұлға,
органдар, ұйым, әлеуметтік бірлестіктер болуы мүмкін және бұл субъектілер
билік ету еркіне, беделге ие болуы керек, сонымен қатар басқарушылардың
тыныс-тұрмысынан хабардар болу, өкілетті атқарушы қызметіне сай, білімді
іскер болуы қажет.
Биліктік қатынастардың мазмұны бұйрық, өкімдер арқылы, жекенің
еріктерін біріктіре отырып жалпы ерікті қалыптастыру, жаза шараларын
қолдану арқылы оны бұзғандарға әсер ету, мінез-құлықтарды нормалау арқылы
жалпы мүддеге сай ережелерді қалыптастыру болып табылады.
Билік әр кезеде де екі жақты байланыс, яғни ол қатынас субъект және
объект арасында болады. Билік объектісіз өмір кеше алмайды, ол дегеніміз
блікке бағынушы халық, әрине тарихта объектінің субъекті билігіне қарсылығы
да жиі кездесіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz