Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 БӨКЕЙ ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫП, ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... . ..
1.1 Бөкей Ордасы тарихына қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Бөкей Ордасының құрылуы және оның саяси жүйесі ... ... ... ... ... ... ...

2 ЖӘҢГІР БӨКЕЙҰЛЫ ТҰСЫНДАҒЫ БӨКЕЙ ОРДА ... ... ... ... ... ...
2.1 Жәңгір хан және оның саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Жәңгір Бөкейұлы жүргізген аграрлық реформалардың алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХІХ ғасырдың басында саяси-территориялық құрылым ретінде дүниеге келген Бөкей хандығының маңызы зор. Бөкей хандығындағы аграрлық саясат, оның ерекшеліктері, әлеуметтік өмірге деген әсері терең, әрі жаңаша зерделеуді талап етеді. Хандық территориясының бір жағынан отарлаушы Ресей империясы, екінші жағынан Орда билеушілері бастамасымен реформаланғандығын, әрқайсысының өзіндік ішкі есептері болғандығын және олардың бір-біріне үнемі қайшы келіп отырғандығын назарға алсақ, тақырыптың өзектілігі ашыла түседі. Ішкі Орда билеушілерінің ортақ мүдде, яғни ұлт тәуелсіздігі мен территория тұтастығын сақтау жолындағы күресін зерттеу өте маңызды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендері аралығында, яғни ұлы Ресей империясының территориясында дүниеге келген Бөкей хандығы патша өкіметінің жіті қадағалауы мен бақылауында болды. Орданың саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік дамуына қатысты мәліметтер хандық құрылғаннан бастап жинақтала бастады.
Бөкей Орда тарихына қатысты тың мәліметтер тарих ғылымдарының докторы Т.З.Рысбековтың Өскен өлке тарихы атты еңбегінде көрініс тапты. Т.З.Рысбеков Бөкей Ордасының құрылуы, саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, ондағы орын алған өзгерістер, көрші елдермен қарым-қатынасын зерделеуде үлкен еңбек сіңірді[1].
С.М.Гиззатовтың Бөкей ордасындағы жер үшін күрес деген еңбегінде жер мәселесі және аграрлық саясат жайында маңызды мәліметтер берілген. Монографияда Бөкей хандығының құрылуы, ондағы жер мәселесінің маңызы, Ресей империясының Ішкі Ордада жүргізген аграрлық реформалары, отарлаушылардың көздеген мақсаттары баяндалады. Сонымен қатар Жәңгір Бөкейұлы жүргізген аграрлық реформалар, олардың кезеңдері, әсер етуші факторлар, қорытындылары бұрын жарық көрген еңбектерді басшылыққа ала отырып, тың мұрағат құжаттары арқылы кешенді түрде зерттелген [2].
Бөкей Орда тарихын жан-жақты зерттеген И.Кенжалиев БӨКЕЙ ОРДАСЫ еңбегін нақты деректерге сүйеніп жазған. Осы еңбекте Жәңгір хан және оның саясаты жан-жақты баяндалады [3].
Тақырыптың мақсаты. Бөкей Ордасы және оның саяси жүйесі, сонымен қатар Жәңгір Бөкейұлы тұсындағы Бөкей Орда туралы тарихи мәліметтерді пайдаланып, баяндау.
Тақырыптың міндеттері.
* Бөкей Орда тарихы жайында қысқаша баяндау;
* Бөкей Орданың құрылуын тарихын баяндау;
* Бөкей Орданың саяси жүйесін қарастыру;
* Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету;
* Жәңгір хан жүргізген аграрлық реформалардың мәнін анықтау.
1 БӨКЕЙ ОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫП, ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Бөкей Ордасы

1786 жылғы Кіші Жүз ханы Нұралының өлімінен кейін хан тағы үшін күрес басталды. Таққа басқа сұлтандар отырды, бірақ олардың халық арасында беделдері болмады. Елде ру араздықтары күшейіп, үлкен айтыс-тартыс басталды. Бақталастарды татуластыру үшін патша өкіметі Хан кеңесін сайлады, оның төрағасы Бөкей сұлтан болды. Алайда Бөкей Россияға тәуелділікті мойындамады. Негізінен таққа отыру кезегі Қаратай сұлтанға берілуі болатын. Бөкей өзінің жақтастарымен қарамағындағы адамдары Жайықтың арғы бетіне өтуге үгіттеді.Бірақ бұл үшін Россия үкіметінен рұқсат керек болды, өйткені бұл жерлер Орал казак әскерлерінің жері болатын.
1801 жылдың басында Бөкей сұлтан өзінің қарауындағы көшпелі ауылдармен Россияға бодан алуға өзі атынан өтініш жасап, Жайықпен Еділ арасында мәңгілік көшіп қоніға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде І Павел патшаның жарлығы шықты: ...Хан кеңесінде төрағалық ететін қырғыз - қайсақ Кіші Жүзінің Нұралы-хан-ұлы Бөкей сұлтанды өзіме өте қуанышпен қабылдаймын. Оған қай жерде болса көшіп қонуына рұқсат етемін. Өзімнің алғысымның белгісі ретінде оған менің суретім бар алтын медаль тапсырамын.
Алғашында Бөкей сұлтанмен бірге Жайық - Еділ аралығына 5000 түтін көшті, 1803 жылы ол 7500-ге жетті. Кейіннен жаңа құрылған Бөкей Ордасының шекарасы белгіленді: солтүстігінде - Самара губерниясының Новоузен уезі, оңтүстігінде - бұрынғы канцлер Безбородко және князь Юсуповтың мұрагерлерінің каспий жағалауындағы саяжайлары болды, батысында Астрахань губерниясының Царевский уезі, шығысында жайықтың оң жағалауына жетті. Барлығы Бөкей ордасы қазақтарының иелігінде 6 миллион десятина жер болды.
Бөкей сұлтан хан тағына тек 1812 жылы келіп, 1815 жылы қайтыс болды. Артында қалған үш ұлы өте жас болғандықтан орыс әкімшілігі билеуші сұлтан ретінде Бөкейдің інісі Шығайды сайлады. 1824 жылы хан тағына Бөкейдің баласы Жәңгір келді. Ол билеген кезеңде орада 16550 түтін болды. 1845 жылы Жәңгір өлімінен кейін ордадағы хан билігі жойылды. Ордада Ішкі Орданы билейтін уақытша кеңес құрылды. Бұл ішкі істер министрлігіне қарады. Жайықтың арғы бетіне көшкен кездегідей Жәңгір тұсында да негізгі көшпенділерді он екі ата байұлы тайпасы құрады. Беріш, Шеркеш, Масқар, Адай, Жаппас, Таз, Есентемір, Байбақты, Алаша, Тана, Қызылқұрт.
Орда территориясында Жетіру Тайпасының үш руы - Тама, Кердері, Табын және Кете руы мекендеді. Осындай негізгі рулардан басқа Ордада әлеуметтік топтар да болды. А.Харузин оларды өзіндік рулар деп көрсетеді: сұлтандар, қожалар-500 түтін, төленгіттер-1000-ға жуық түтін, ноғайлар-11000-ға түтін. Ноғайларды топқа да руға есептеуге болмайды, өйткені ноғайлар - этнос. А.Харузин былай деді: Ноғайлар Бөкей даласында қалмақтарға дейін өмір сүрген. Бұдан ноғайлардың бөкейліктерден бұрын Жайық пен Еділ аралығында мекен еткені көрінеді. Бұл жерде өткенге қайта оралу керек.
ХІІІ ғасырда Алтын Орда құлағаннан кейінгі Ноғай Ордасының негізгі территориясы осы Еділ-Жайық аралығы болды. Ноғайлар қазақтармен туыстас халық, бұл екеуінің құрамына да түрік тектес рулар мен тайпалар енген. Бұл халықтар тек өмір сүру дәстүрі ғана емес рухани жағынан да ұқсас. Астрахань хандығының Россияға қосылуымен Ноғай ордасы бірнеше иеліктерге бөлінеді. Жайық-Еділ арасындағы Ноғайларда осылардың бір бөлігі болып табылады. Сөйтіп Орданың негізгі тайпалары Байұлы, азғана Жетіру мен Әлімұлы болды. Орда қазақтары негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Ең құнарлы жерлер Үлкен және Кіші өзен аралығы болды, оны 1873 жылы 130539 десятина мөлшерінде Орал казак әскерінің пайдасына берді.
Түтіндер санының өсуіне байланысты және жайылым жерлері тарылған бөкейліктер жаңа жер іздеуге мәжбүр болды. 1863 жылы министрлер кабинетінің жарлығы бойынша көшпелілерге Еділ бойын және Ахтуба жерлерін қыстауға рұқсат етілді [1, 56-58 бб].

1.2 Бөкей Орданың құрылуы және оның саяси жүйесі

Батыс Қазақстан жеріндегі шаруашылық құлдырау, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей хандығы немес жағрафиялық орналасуы бойынша ішкі Орданың құрылуына алып келді.
XVIII ғасырдың аяғына дейін бұл жер Астрахань даласы деп аталып келді. Мұнда көшпенділердің тұрақты қонысы болмады. Жыл мерзімдеріне сәйкес оны қондыр, астрахань татарлары, қалмақтар мен қазақтар қоныстанып отырды. Жекелеген қазақ қоныстары мен шаруа шаруашылықтары Жайық бойы мен теңіз жағалауларында орын теуіп отырды. XVIII ғасырдың орта кезінен бастап қазақтардың ішкі өзен аралығына өтуінің себептері мен мөлшері өзгерді. Егер де бұрынырықта бұл жерге сұлтандар шаруашылығының жылқыларының табыны айдалса, Сырым Датұлы көтерілісі басталғаннан кейін көшу процесі жаппай реттеуге келмейтін сипатқа ие болды. Өкімет мұндай жағдайда көптеген қазақтардың тілектерін ескеруді дұрыс деп ұйғарды. 1771 жылы Жоңғарияға қашқан қалмақтардың бос жерлерін бере отырып, Кіші Жүздегі әлеуметтік күрестің күрделілігін шешуге тырысты, өйткені бұл шиеленіс отарлаушылыққа қарсы бағытталған сипат ала бастаған болатын. Ал бос жатқан жерлерге қоныс аудару патша үкіметінің отаршылдық саясатына сәйкес келетін, себебі Кіші жүздің күштерін бөлектеді, қазақтардың бір тобын империяға тәуелді етті, қазақтардан алынатын алым-салықтың күшеюін және сауда қатынастарының дамуын қамтамасыз етті. Мұны Бөкей ханың сол кездегі замандастары мен інісі сұлтан Шығайдың айтқандарынан толық көруімізге болады: 1803 жылы мұнда 7500 үй болса, 1825 жылы 10490, ал 1845 жылы 52129 үй қоныстанды.
Саяси тұрғыдан алғанда бұл ерекшелік 1812 жылы ғана заңдық сипат алды. Дәл осы жылы Кіші жүзде хан болып сұлтан Шерғазы, ал Ішкі Ордада Бөкей тағайындалған болатын. 1815 жылы Бөкей өлгеннен кейін кәмелетке келмеген Жәңгірдің орнына орданы басқару ісін сұлтан Шығай іске асырды. Жәңгір бұл кезде Астраханьда губернатор үйінде тәрбиеленді. 1824 жылы 24 шілдеде Орал қаласында Орынбордың шекаралық басқармасының жоғарғы шенді шенеуніктерінің қатысуымен хан жарияланды.
Жәңгірдің хандық құру кезеңі мерзімі жағынан ұзақ, әрі қоғамдық өмірде әртүрлі уақиғаларға толы қайта құруларға негізделген түзілістік сипатта болды. Бірінші рет қазақ хандықтарының тарихында жер жартылай отырықшылыққа бет алған көшпенділердің жеке меншігіне өте бастады. Оның кезінде тархандық басқару қайта жандана бастады. Өзінің жеке билігінің нығаюымен Жәңгір ескі салық жүйесін қайта құра бастады. Енді тұрақты салық ретінде ең алдымен зекет, содан кейін соғым, ең соңынан қызметкерлерді ұстап тұру үшін жасауыл ақы жиналды. Олардан бөлек төтенше салықтар да жиналып отырады.
Жәңгірдің тұсында бірнеше қызмет атқаратын бөлімдерден тұратын басқару аппараты да құрылды: кеңсе, депутаттар тобы, 12 бидің кеңесі, жасаулдар институты, базарлық сұлтандардың тобы, 14 адамнан құралған хан шабармандары, ханның басты діни қызметкері ретінде ахун лауазымы бекітілді.
Хандықтың территориясында 30-шы жылдарда елеулі сауда орталықтары, соның бастысы хан ставкасы пайда болды. 1832 жылы құрылған бұл жәрмеңкенің сауда айналымы бір миллион сомнан жоғары болды.Жәрмеңкенің көлемі мен ақша айналу сипатын мына көрсеткіштер де дәлелдей түсетін сияқты: 89 үйдің 46-сы дүкендер, яғни лавка, ал 19-ы сауда қоймалары болатын.
Хан ордасында мұсылман мектептері көп болды, шын мәнінде әр рудың, әр бөлімшенің өз молдасы болды. Кейін осы мектептердің көптеген түлектері өз білімдерін Бұхара және Шаш медреселерінде жалғастырды. Жәңгір ханның оқу жүйесіндегі тұжырымы тек Бөкей Ордасында ғана емес, бүкіл Қазақстанда 1841 жылы ашылған алғашқы азаматтық мектептен көрінісін тапты.
Бөкей хандығындағы мәдени өмірдің елеулі көріністерінің бірі ретінде қазақ қолөнершілерінің жоғарғы дәрежедегі шеберлігін дәлелдейтін Қару-жарақ бөлмесінің жасақталуын да айтуға болады.
Хан Жәңгірдің өзі кезінде Қазан университетіндегі ғылыми-тарихи қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Ол қазақтың бірнеше шежіресі мен эпикалық дастандарын жазып алды.
Хан Жәңгір 1845 жылы қайтты. Одан кейінгі кезеңде хандық басқару қалпына келген жоқ. Орданы уақытша кеңес басқарды.
Бөкей ордасының пайда болу тарихына тоқтала отырып көңіл аударатын жағдайлар мыналар: біріншіден, қандай себептер қазақтардың ішкі ордаға қоныс аударуына әсер етті, және екіншіден, олар кімдер еді?
Сұрақтың бірінші жартысына жауапты мына себептермен байланыстырған жөн: Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басқарған көтерілісі басылғаннан кейін ішкі жаққа халықты қоныстандыру қажеттігі туды, бұл күрестің басқа жағдайда және деңгейдегі өзіндік жалғасы сияқты болып табылды. Хандар мен патша отарлаушылары ру арасындағы және бөлімдер ішіндегі өзара қырқысуды басқаша пайдалану мақсатын көздеді. Әрине мұндай арандатушылық жағдайында негізгі ауыртпалықты көтеретін көшпенділер болды. Шаруашылықтың құлдырауы және еңбекші бұқараның күйзелісінің шеңберінің терең сипат алғаны соншалықты тірі қалу мен қиын кезеңді бастап өткізу басты мәселеге айналды.
Жаңа жағдайда өкімет қазақтардың тілегін ескеруге бет алуға ұйғарды. Сол арқылы халықтың сеніміне енуді көздеді. Патша өкіметі қоныс аудару ұйымдасқан түрде, белгілі бір көсемнің басқаруымен өтуіне ерекше назар аударды. Мұндай адам сұлтан Бөкей болды. Ол осы кезде хан кеңесінің төрағасы еді. Әрине жалғыз Бөкейдің әсері аз еді. Сондықтан Сырым батырдың үлгісі мен күшті еркі де қажет болды. Сырым өз кезегінде Бөкей сұлтанның ойын іске асыруға күш сала отырып, қазақтарды қоныс аударуға көндірді.
Баса назар аударатын жағдай - қазақтардың империяның ішкі бөлігіне өтуіне жер мәселесі ерекше рөл атқарды. Малшылар жайылымға ие болуды, өзінің шаруашылық жағдайын түзеуге үміттенді. Алайда қоныс аударушылар ішкі орданың жер жағдайын білетін. Сондықтан жайылым мәселесі бірінші қатарда тұрды деп айтуға болмайды.
Бөкей хандығының территориялық шекарасы 1806 жылы 19 майда бекітілген Ережеде көрсетілген. Хандықтың жалпы жер көлемі 6500 мың десятина, ал оның 100 мың десятинасы шабындық, 12 мыңы - қамыс, 5200 мыңы жайылымға іске асатын жерлер деп саналады.
Ішкі Ордаға қоныс аударушылар - негізінен мал басының саны көп емес, киіз үй орнына күркелерді пайдаланған кедей семьялар болды. Асессор Кузнецовтың губернатор Эсенге жолдаған хабарламасында Жайықтан Бөкей хандығына қоныс аударушы қазақтардың кедейлігі соншалықты көпшілігі 100 қойдан артық айдап келе алмаған. 1809 жылы алынған есеп бойынша 946 киіз үй келген. Олардың барлығы 434 түйе, 1567 жылқы, 1124 ірі қара және 15273 қой болған, немесе әр үйге орта есеппен 1 - 2 жылқы, 1 - 2 сиыр және 16 бас қойдан келген. Мұндай шаруашылық жағдай әбден кедейленудің нәтижесі болатын.
Кейбір революцияға дейінгі авторлардың көшпенділердің басым көпшілігі ханның қолшоқпары болған топтың өкілдері деуі негізсіз. Мұндай пікір тіпті патша шенеуніктерінің ішінде де болған емес [1, 58-61 бб].

Саяси құрылысы.Қазақстаннның басқа бөлігінде ХІХ ғасырдың 20 жылдары бас кезінде хандық басқару жойылған болса, ішкі Ордада ғасырдың ортасына дейін тіршілік етті. Сол кезде хан өкіметіне қарсы үш оппозициялық топтың: бұрынғы ақсүйектер, жаңа жерде билікке таласушы сұлтандар және қарапайым халық арасында болуына байланысты хан өкіметінің патша үкіметіне арқа сүйеуіне тура келді.
Бөкей хандығында басқарудың үш сатысы және соған байланысты үш түсінік қалыптасты: Жалпы қадағалау, таяу қадағалау және басты жергілікті басқару. Жалпы қадағалау ісін арнайы түрде СІМ және оның азиаттық департаменті, ал 1838 жылдан бастап мемлекеттік мүлік Министрлігі іске асырды; таяу қадағалау органы Орынбор әскери губернаторлығы және Орынбор шекаралық комиссиясы болды, ал басты жергілікті басқару ханның өзіне жүктелді.
Хан Жәңгірдің тұсында бұл байланыс нығая түсті. Ол Бөкей ордасын басқарудағы тұрақты еңбектері мен көрсеткен қамқорлығы үшін Андреев лентасындағы медальмен, бірінші дәрежелі Қасиетті Анна орденнің алмаздық белгісімен, Қасиетті Анна орденімен марапатталды. 1831 жылы оған Генерал-Майор шені берілген болатын. Алғашқы екі он жылдықта Орданың ісімен Орынбор және Астрахань губернаторлығы айналысып, есеп талап етіп отырған болса, 30-шы жылдардан бастап, Жәңгірдің сенімге енуіне байланысты Орданың ішкі ісіне араласу тоқтады.
Қазақстан тарихында алғаш рет хан үкіметі қазақ қоғамының ішкі өмірінің дәстүрлі мәселелерін шешумен қатар оның шаруашылық, әлеуметтік, мәдени және саяси өмірімен де айналысты.
Жер қатынастарын қайта өзгертумен қатар өз билігін нығайту мақсатында тархандар институтын жандандырды.
Сондай-ақ хан сұлтаны, хан биі, хан қызметкері деген атақтарды да енгізіп, хан билігін, әмірін орындаушы ақсүйектер мен сенімді адамдардың еңбегін жоғары көтерді. Тархандардың жеңілдіктері көп болды және ол мұралық болып саналады.
Ханның әлеметтік саясатының құрамдас бөлігі діни қызметкерлердің беделін арттыру болды. Хан салықтарының ішінде зекеттің бірінші орында болуы да соның айғағы сияқты.
Елдің ішкі және сыртқы саясатын хан негізінен алдымен өзінің туыс, сұлтандарынан құралған көлеңкелі кабинетімен шешті.
1827 жылдан бастап әр рудан енетін 12 бидің кеңесі құрылды.Оның мүшелері арнайы хабарламаларда хандық кеңестің билері атанды. Бейбіт кезеңде олар жиі жиналмайтын. 1835-1837 жылдар аралығында жылына 3-4 рет бас қосты. Әрбір руда ру басқарушы наместникпен бірге ханның биі болды. Алғашқылар ханның қаражат және жер саясатын іске асырушылар болса, екіншілері жоғары өкіметтің жергілікті жердегі жалпы саясаты мен еркін іске асырушылар болды.
Басқару аппаратында хан депутаттарының ықпалы айтарлықтай болатын. Олардың міндеті: шекарадағы жағдайды қадағалау және оны өтуге тиым салу; Орда тұрғындарының мүддесін көздей отырып, шекаралық комиссия жүргізіп отырған тергеу істеріне қатысу; ордада орыс шенеуніктерін алып жүру және жәрдем көрсету; өз учаскесіндегі кінәлілерді іздеу; ру арасындағы таласты шешу.
Ордада есаулдар институты болды. Олар негізінен старшындардан тағайындалды.Барлығы 14. Олар ру басшыларының үкіметін нығайтуға ат салысты.
Хандықтағы товар айналымының және товарлық - ақша қатынасының өсуімен базарлық сұлтандар тобы да пайда болды. Олар елде сауда салықтарын жинаумен айналысты.
Хандықта 14 адамнан құралған хабаршылар да болды. Әр ру 1 хабаршы бөлді. Олар байланыс қызметін іске асырды. Әрру әрбір хабаршыны ұстау үшін 128 сом күміс ақша төледі.
Ханда негізі немесе орыс және татар кеңсесі болды. Негізгі кеңсе құрамына басқарушы, оның орынбасары, арнайы тергеуші, іс жүргізуші, тілмаш және 2-3 хатшы болды. Екіншісіне - басқарушы, орынбасары және 1-2 хатшы енді. Жылына бұл кеңсе қызметкерлері 6 мыңдай документті кіргізіп-шығарып отырды.
Басты рухани адам ахун болды. Астрахань қазақтарының 100 адам, астрахань қалмақтарының 50 және орал қазақтарының 25 адамнан тұратын әскери жасақ та болды.
Жергілікті басқару жүйесінде орталық фигура указдық старшындар болды. ХІХ ғасырдың 40 жылдары олардың саны 200-ге жетті. Олар 100-ден 250 киіз үйге жететін ру бөлімшесін басқарды.
30-шы жылдың аяғы - 40 жылдың басынан бастап үкімет хан өкіметін шектеп шекаралық органдардың ықпалын күшейтуге әрекет жасады. Рулық ұжымдардағы старшындық топтардың рөліне үлкен көңіл бөліне бастады. Ханға жер және салық-қаржылық саясатты бәсеңсету, ахундардың, татар молдалары мен саудагерлердің ықпалын шектеу ұсынылды. Алайда Жәңгірдің өлімімен бұл жобаны іске асыру қажеттігі болмай қалды, өйткені орданы басқару басқаша бағыт алды [1, 61-64 бб].

2 ЖӘҢГІР БӨКЕЙҰЛЫ ТҰСЫНДАҒЫ БӨКЕЙ ОРДА
2.1 Жәңгір хан және оның саясаты

Байұлы тайпасы рулары көптеген бергі атамекенге оралу мақсатына жетіп, Еділ-Жайық аралығына жаңа ғана көшіп келіп, орнығып жатқанда дүниеге Жәңгір келді. Авторлар оның туған жылын еш бір сенімді дерексіз әртүрлі айтады. Көбі Жәңгір 1801 жылы туған десе, өлкетанушы Ж.Ақпай "Жәңгір" деген кітабында 1804 жылы десе, Ж.Қасымбаев 1803 жылы туған депті. Зерттеушілер Жәңгір 12 жасында Астраханьға оқуға барған, - дейді. Бөкей хан 1813 жылы 12жасар Жәңгірді ілестіріп Астраханға бара жатып, жолай Исатай ауылына тоқтап, баламды оқуға апара жатырмын, үлкен үміт артамын болашақта орнымды басады, - деті. Келгелі баланың озбыр, өпірім, өзімшіл т.б. мінездерін байқап отырған жаста болса, сұңғыла Исатай сабырлы сөзімен:
-Балаңыз хан болса,біздің күніміз не болады, оның алды қан, арты шаң болады, - депті. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын Исатайдың бұл сәуегейлігінің дұрыстығын тарих көрсетті. Хан 19 жасында, оқуын бітіргесін үйленген. Екіншіден, 1837 жылы мамырды губернаторға жазған жауабында: Жүзім Асрепова 30 жаста, ұлдарым Ескендір 16 жаста, Сейіткерей 7 жаста, - деген. Жәңгір 1837 жылы 11баласын атаған. Жерлестерінің дәлелдеуінше, ол 6 әйел алған. Соңғысы, Қарауыл қожаның 17 жасар қызы Салиха. Бөкейде 4 ұл болған, үлкені Тәуке, 1799 жылы туған арабша сауатты, Ысық руының рубасы болған, архив қағаздарында оған еш кінә тағылмаған. Ал інісі Меңдігерей алымсақ, озбыр екені жөнінде шаруалардың шағымдары бар. Бұл да рубасы Жәңгір Астраханда әскери училище бітіргесін, 1823 жылы 22 мамырда патшаның жарлығымен "поставлен ханом под зависимостью Оренбургской Пограничной комиссии" - делінген. Бұл кез Бөкей ордасының қалыптасып, шаруашылығы біркелкі түзеліп, сауда ісі жанданып, дамып, халқы орнығып, тұрақтап, үй-жай, қора-қопсы салып, саяси жағдай тыныштала, тұрмысы отырықшылыққа бейімделіп келушілер көбейген шақ еді. Ішкі тарапта 1824 жылы 10500 шаңырақ, яғни 52,5 мың адам тұрған. Бұл Ресейдің бір уезі халқы санынан көп кем ұсақ әкімшілік-территориялық бөлініс еді. Оны "хандық" демей, "Внутренняя Букеевская Орда" деп 1828 жылдан ресми атаған. Бұл кезде отаршылар бөкейліктерді оңай олжа көріп, жағалай казак әскерімен қоршап, ешқайда ұлықсатсыз шығармай, қамауда ұстап, әрі орыс помещиктері, купецтері, казак әскері күш жұмсап, жерін, дүние-малын тартып алып, болмашы кінә тағу, арандату мен айыптап, қанауының күшейген шағы еді.Мал саны өскенімен, хан жайылыс, тебін, суат мәселелерін шешуге ұмтылады. Содан 1827 жылы қыста көп мал боранға ұшырап, шығын болды. Орал казак әскері Сары, Қара өзендер аралығындағы шабындығы бар, жайылымы, суаты мол алқапты тартып, Алаша, Байбақты т.б. рулардың ауылдарын қуып, құмға тықты. Ханнан жәрдем, ара түсу болмады. Наразылық өршіп, 1827 жылы көктемде толқу көтеріліс басталды. Жәңгір хан бұдан зәресі ұшып, тағын тастай қашып, Камышинге барып, Орынбор басшылары талабын орындамай келмеді. Тек казак әскері конвойымен оралды. Бас көтерілісшілердің талабы - жерімізбен қыстауымызды қайтып бер, озбырлық болмасын деген. Әскер күшімен толқу басылды. Санкт-Петербургтен сенатор Ф.И.Энгель келіп, жағдайды біліп, көтеріліс себебін сұрағанда Жәңгір: "Я защищал интересы русских" депті. Жәңгір патша әкімшілігінің сүйікті кісісі болды. Оған мынадай себеп болды. Жәңгір тырбынып жүріп, 1826 жылы Николай І таққа отыру рәсіміне баруға рұқсат алды. Жол шығыны "ел қамы үшін" деп хан елден жылу жинап, патшаға сыйлық апарып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкей ордасы және Жәңгір хан
Жәңгір хан кім
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Жәңгір ханның саяси ұстанымы
Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты
Жәңгір ханның өмірбаяны
Қазақ хандары жайлы
Бөкей ордасының қазақтары
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс
Пәндер