Франция тарихындағы Шілде революциясының тарихи маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. 1815-1848 жылдар аралығындағы Франция ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
0.1 1815 жылғы Вена конгресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.2 Франциядағы Бурбондардың қайтып келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .8
0.3 Шілде революциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
0.4 1815-1848 жылдар аралығына жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ бөлім. 1848-1849 жылдардағы революциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.11848жылғы төңкеріс. Франциядағы Екінші Республика ... ... ... ... ... ... . ... .14
2.2 Уақытша өкімет және оның саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Құрылтай жиналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4 Париж жұмысшыларының маусымдағы көтерілісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18
2.5 1848 ж. 10 желтоқсандағы президент сайлауынан
Екінші империяға дейін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.6 1851 жылғы мемлекеттік төңкеріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ІІІ бөлім. Франциядағы Екінші империя кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..22

3.1 Екінші империя. Наполеонның ішкі саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2Екінші империяның сыртқы саясаты.
Франция мен Пруссия соғысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Кейбір тарихи оқиғалардың маңыздылығы белгілі бір кезеңнің ішіндегі даму процесіне әсер етуімен шектеліп қойса, ал кейбіреулері белгілі бір тарихи дәуірдің барысына ықпал жасайды. Мұндай тарихи оқиғалар тарихи дамудың барлық жақтарына да өзінің ықпалын тигізеді. Франция тарихында, оның ішінде 1815-1870 жылдар аралығы сол маңызға ие болған тарихи оқиғалар жеткілікті.Әрине, тек 1815-1870 жылдар аралығы ғана емес, ІХ ғасырда құрылғаннан бастап елдің саяси өмірінде көптеген өзгерістер болып отырды. Соған қарамастан, қазіргі кезде Франция әлемдегі саяси жағынан, экономика жағынан және тағы басқа қырларынан өте мықты дамыған держава болып табылады. Францияның тарихи сахнасында болған саяси оқиғалар Францияның қазіргі уақытта мықты держава болуына әсер етуші факторларға айналып отыр.

Тақырыптың мақсаты: Францияның 1815-1870 жылдар аралығындағы саяси жағдайлардың өту барысы мен тарихи ерекшелігін зерттей отырып, Франция мемлекетінің шеккен зардаптары мен халықаралық және саяси-экономикалық жағдайын анықтау.
Тақырыптың міндеттері:
* 1815 жылғы Вена конгресінің жиналу мақсатын анықтау;
* Франциядағы Бурбондардың билікке қайтып келуі елге қандай саяси өзгерістер әкелгендігін анықтау;
* Франция тарихындағы Шілде революциясының тарихи маңызы;
* Екінші империяның ішкі және сыртқы саясатын көрсету;
* Франция және Пруссия соғысы.

Хронологиялық шеңбер
1814 жылы Наполеон соғыстарының нәтижесі Вена конгресінде қарастырылды.
1814жылы қыркүйек айында Вена қаласында 216 мемлекеттің өкілдері бас қосты.
1815 жылдың 9 маусымында Ресей, Англия, Испания, Австрия, Франция, Ұлыбритания, Португалия, Пруссия мен Швеция өкілдері Вена конгресінің Қорытынды бас актісіне қол қойды.
1815 жылдың 26 қыркүйегінде Қасиетті Одақтың құрылуы туралы актіге Ресей мен Австрия императорлары және прусс королі қол қойды.
1818 жылдың қарашасында Одаққа француз королі XVIII Людовик қосылды.
1815 жылдың 1 наурызында Наполеон Эльба аралын жасырын түрде қалдырып, Францияның оңтүстік бөлігіне келеді.
1814 жылдан Венада бас қосқан еуропалық мемлекеттер оған қарсы жетінші коалицияны құрды.
1815 жылдың 18 маусымында Наполеон Ватерлоо түбіндегі антифранцуздық коалициямен шешуші шайқаста жеңіліс табады.
1821 жылы Атлант мұхитындағы Әулие Елена аралында дүниеден өтеді.
1814 жылғы 4 маусымда Конституциялық Хартия қабылданды.
1815 жылы жаңа палата депутаттары сайланып, ол теңдесі жоқ палата деген атаққа ие болды.
1824 жылы Людовик қайтыс болғаннан кейін, билік басына Х Карл келді.
1823 жылы 1789 жылғы революциядан кейін жеке мүлкі сатылып жіберілген эмигранттардың шығынын өтеу туралы заң қабылданды.
1829 жылы Полиньяктың әлсіз үкіметін Мартеньяк үкіметі алмастырды.
1826 жылдағы өнеркәсіптік төңкеріліс, 1829-1830 жылдардағы депрессия құрғақшылық кезеңіне тұспа-тұс келді.
1829 жылы Бурбондар әулетінің кіші тармағының жақтаушылары орлеандық партияны құрды.
1830 жылы 29 шілдеде халық Тюильри сарайын басып алды, Полиньяктың және 1814 жылдың Хартиясының күшін жоюын талап етті.
1830 жылғы революция корольдің ауысуына алып келді.
1830 жылы 14 тамызда қабылданған жаңа Конституция бұрынғы Хартияның жағдайын сақтап қалды.
1839 жылы Бланки жыл мезгілі Қауымын құрады.
1848 жылы 24 ақпанда Луи Филипп өзінің немересі граф Парижскийдің пайдасына тақтан бас тартты.
1848 жылы 25 ақпанда Францияда Екінші республика жарияланды.
1848 жылы көктемде мыңдаған жұмыссыздар мен баспанасыздар, шеберханаларға жұмысқа орналасу үшін Парижге шет аумақтардан келді.
1848 жылдың 23-26 маусымында төрт күн бойы қаладағы көше ұрыстары аяқталмады.
1848 жылдың 4 қарашасында Екінші республиканың Конституциясын қабылдады.
1848 жылы 10 желтоқсандағы президенттік сайлау нәтижесінде Наполеон Бонапарттың жиені Луи Бонапарт жеңіске жетті.
1851 жылы 2 желтоқсанда Луи Наполеон және оның серіктестері елдегі билікті басып алды.
1850 жылдың сайлау заңы жойылды және Конституцияны қайта қарастыру үшін плебисцит өткізілді.
1852 жылы 2 желтоқсанда Екінші империя деген атау пайда болды.
1854 жылы Франция Ұлыбританиямен бірге Ресейге қарсы Қырым соғысына қатысты.
1856 жылы бұл науқан Париж бейбіт келісімімен аяқталды.
1859 жылы Франция Пьемонтпен бірге Австрияға қарсы Италияның бостандығы және бірлігі үшін соғыс жүргізді.
1860 жылы III Наполеон Еуропаға танылып, Францияда өзінің жағдайын нығайтты.
1865 жылы Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ үкіметі барлық француз әскерін Мексикадан шығаруын талап етеді.
1858 жылы итальяндық Орсини ағылшын өндірісіндегі жарылғыштың көмегімен Наполеонға қастандық жасалды.
1857-1858 жылдары және 1860 жылы Франция соғыстардан кейін тең құқықсыз келісімді Қытайға мәжбүрледі.
1858 жылы Вьетнамның бөлігін отарлады, ал 1863 жылы Камбоджаға протекторат орнатылды.
1860 жылдарға таман Франция оқшауланып қалды.
1863 жылы поляктардың көтерілісіне көмек бергені үшін және 1859 жылғы келісімді орындамағаны үшін Ресеймен қарым-қатынастар бұзылды.
1869 жылы Англияның мүддесіне қарсы Суэц каналын ашқаны үшін онымен қарым-қатынастар бұзылды.
1866 жылы жаңа экономикалық дағдарыс басталды.
1870 жылы Интернационалдың француздық федерациясы секциясы құрылды.
1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялады.

І бөлім. 1815-1848жылдар аралығындағы Франция

0.1 1815 жылғы Вена конгресі

Наполеонның соғыстарының нәтижесі 1814 жылғы Вена конгресінде қарастырылды. 1814 жылдың қыркүйегінде Вена қаласында 216 мемлекеттің өкілдері бас қосты. Оның жұмысы 1815 жылдың 9 маусымына дейін жалғасты. Конгресте шешім қабаылдауда 4 мемлекет - Англия, Австрия, Ресей, Пруссия жетекшілікке ие болды. 1815 жылы Францияда Бурбондардың билікке қайтып келуі нәтижесінде ол да өз тағдырына қатысты мәселелерге шешім қабылдауда қатысты. Сонымен қатар Вена конгресі барысында Францияның саяси беделін сақтап қалуда дипломат Талейран өз үлесін қосты. Талейран конгресс барысында легитизм деген қағиданы ұсынды. Ол бойынша жаңа аумақты өзгерістер белгіленгенде, еуропалық мемлекеттердің 1792 жылға дейінгі болған шекараларды сақтау қажеттілігіне мән берілді. Осы арқылы өз елінің де сақталуын қамтамасыз еткісі келді.
Конгресте Ресейден - I Александр, Ұлыбританиядан - Кеслри, ал кейіннен Веллингтон, Австриядан - I Франц пен Меттерних, Пруссиядан - Гарденберг қатысты. Венадағы басқосуда жетекші рөлді Австрияның сыртқы істер министрі князь Клеменс фон Меттерних алды.
Вена конгресі Наполеон жорықтарынан кейінгі көптеген мәселелерді шешті. Ең алдымен, территориялық өзгерістер орын алды. 1815 жылдың 9 маусымында Ресей, Англия, Испания, Австрия, Франция, Ұлыбритания, Португалия, Пруссия мен Швеция өкілдері Вена конгресінің Қорытынды бас актісіне қол қойды.Ол бойынша Франция барлық жаулап алған аумақтарынан айырылды. Оның аумағы 1792 жылғы шекараларында қалдырылды. Бельгия Голландиямен біріктіріліп, нидерланды корольдігін құрады. Оған Люксембург те қосылды. Рейннің сол жағалауында Пруссия мен Швейцарияның провинциялары орналасты. Италияда Сардиния корольдыгі қайта құрылып, оған Генуя қосылды. Онымен қатар оған Савойя мен Ницца қайтарылды. Ломбардия мен Венеция кіші итальяндық герцогтіктермен Австрияның бақылауына өтті. Тоскана, Модена және Парма герцогтіктері Габсбургтер әулеті өкілдерінің меншігіне айналды. Қасиетті Рим империясының 300-ден астам мемлекеттерінің орнына 38 мемлекеттен тұратын Герман одағы құрылды. Солтүстік Саксония мен Познань Пруссияға берілді. Сонымен қатар ол Померания мен Рюген аралын иемденді. Норвегия Швецияға берілді. Англия Ион аралдарын, Мальтаны алды және Азиядағы өзінің жаулап алған голландық отарларды бекітті. Ресейге Варшавамен бірге поляк аумақтары қосылды. Олар Поляк корольдығына бірігіп , Ресеймен әулеттік униямен байланысты болды. Сондай-ақ Финляндия мен Бессарабия жерлерін өзіне қосты.
Вена конгресі территориялық мәселемен қатар, еуропалық мемлекеттердің халықаралық ұйым шеңберінде негіз қалады. I Александрдың ұсынысымен еуропалық мемлекеттерден құралған Қасиетті Одақ құрылды. Қасиетті Одақтың құрылуы туралы актіге 1815 жылдың 26 қыркүйегінде Ресей мен Австрия императорлары және прусс королі қол кояды. Екі айдан кейін, 1818 жылдың қарашасында Одаққа француз королі XVIII Людовик қосылды. Кейіннен оның құрамына барлық мемлекеттер қосылды. Англияға келетін болсақ, ол ресми түрде оған кірмеді, бірақ Англияның өкілдері жиналысқа қатысты.
Вена конгресі XIX ғасырдағы маңызды оқиғаға айналды. Ол, біріншіден, барлық мемлекет үшін қиындықтар тудырған соғыстар сяқтады. Екіншіден, бірінші рет Еуропаның көптеген мемлекеттері аумақтық мәселені шешу үшін бас қосты. Жеткші еуропалық мемлекеттер алғашқы рет бір мақсат төңірегінде бірігіп, еуропалық концертті құрады. Олар Еуропадағы ұлт-азаттық қозғалыстардың таралуының алдын алу үшін Қасиетті Одақ құруға шешім қабылдады. Үшіншіден, Вена конгресінде дипломатиялық дәрежелердің де тәртібі белгіленді.
1.2 Франциядағы Бурбондардың билікке қайтып келуі.
Вена конгресі барысында Францияда елеулі өзгерістер орын алды. 1815 жылдың 1 наурызында Наполеон Эльба аралын жасырын түрде қалдырып, Францияның оңтүстік бөлігіне келеді. Ол 20 наурызда ел астанасына салтанатпен кіреді. XVIII Людовик пен оның министрлері елден қашты. XVIII Людовиктің саясатына қарсы болған халық та оны қуанышпен қарсы алды. Халық Наполеонға көп үміт артты. Олар Наполеоннан революциялық әрекеттерді күтті. Бірақ оның 22 сәуірде жариялаған қосымша актісі халықтың үмітін ақтамады. Оның мазмұны Бурбондардың Хартиясынан ерекшеленбеді. Наполеонның өзі де ішкі істерге араласпады. 1814 жылдан Венада бас қосқан еуропалық мемлекеттер оған қарсы жетінші коалицияны құрды. Қысқа уақытта жиналған армиясымен 1815 жылдың 18 маусымында наполеон Ватерлоо түбіндегі антифранцуздық коалициямен шешуші шайқаста жеңіліс табады. Осы уақытқа дейінгі оның билеу уақыты тарихта Наполеонның 100 күні деп аталынды. Жеңілістен кейін Наполеон тақтан бас тартып, Атлант мұхитындағы Әулие Елена аралына қайта айдауға жіберіледі. Сол жерде 1821 жылы дүниеден өтеді.
Наполеонның Франциядағы дәуірі аяқталғаннан кейін Бурбондар әулеті қайта билікке келеді. XVIII Людовик король болып жарияланды. 1814 жылғы 4 маусымда Конституциялық Хартия қабылданды. Ол бойынша парламенттің төменгі палатасына сайлау өткізілуі, барлық француздардың заң алдындағы теңдігі, жеке бостандықтар, ар-ұждан бостандығы, революция кезінде алынған жерлер мен мүлікті қосқандағы жеке меншіктің қолсұқпаушылығы, азаматтарға тең салықтың енгізілуі заңдастырылды. Король қасиетті тұлға ретінде көп билікке ие болды. Ол барлық атқарушы билікті иемденді, өзіне ғана және жоғарғы палатаның пэрлеріне жауапты министрлерді тағайындады. Заң шығару бастамасы мен заңды жариялау корольдың құзыреттілігінде бооды. 1815 жылы жаңа палата депутаттары сайланып, ол теңдесі жоқ деген атқа ие болды. Парламенттің құрамына ультрароялисттер кірді.
Францияда 3 саяси партия қалыптасты. Біріншісі - ультрароялистер партиясы. Көшбасшысы - корольдың бауыры граф де Артуа. Олар француздық консервативтік романтизм идеясындағы жаңа монархиялық тәртіпті орнатқысы келді. Екіншісі - Конституциялық партия. Олар ақ террорды жоққа шығарды. Ультрароялистерден басқару әдістері бойынша ерекшеленді.Оң қанаты - де Решелье, сол қанаты - Гезо, Барант. Олар ақсүйектер тобының, орта таптың басшылығының либералды бөлігінің қолдауына сүйенді. Үшіншісі - Тәуелсіздер партиясы. Ол тәртіпке қарсы шыққан республикашылдар, бонапартшылдар, орлеаншылдар сияқты барлық қарсыластарды біріктірді. Көшбасшылары: Бенджамин Констан, Казимир Перье және Лаффит. Бұл топ шіркеу ықпалына да қарсы болды.
1824 жылы Людовик қайтыс болғаннан кейін, билік басына Х Карл келді. Білім жүйесі католик шіркеуінің бақылауына өтті. Әйелдердің діни қауымдастығына рұқсат беріледі. Діни рәсімдері бұрмаланғаны үшін жазалау енгізіледі. 1823 жылы 1789 жылғы революциядан кейін жеке мүлкі сатылып жіберілген эмигранттардың шығынын өтеу туралы заң қабылданды. Буржуазиясы көп ұлттық гвардия тарқатылады. 1829 жылы Полиньяктың әлсіз үкіметін Мартеньяк үкіметі алмастырды. Жаңарту кезінде саяси үкімет ақсүйектер мен дінбасыларына жатса да, экономика капиталистік жолмен дамыды. Фабрикалар мен зауыттардың саны өсті, шаруалардың жіктелуі көрініс тапты. Жұмысшылардың саны жерсіз шаруалардың есебінен көбейді.
Өнеркәсіптік төңкеріліс және капитализмнің дамуы жұмысшы күшін пайдаланудың күшеюіне, кіші қолөнершілер мен кәсіпшілердің кедейленуіне әкелді. 1826 жылдағы өнеркәсіптік төңкеріліс, 1829-1830 жылдардағы депрессия құрғақшылық кезеңіне тұспа-тұс келді. Солшыл буржуазияның оппозициялығы күшейді. Ал 1829 жылы Бурбондар әулетінің кіші тармағының жақтаушылары орлеандық партияны құрды. Олар депутаттар палатасының кезекті сайлауынан кейін көпшілік дауысқа ие болды.

1.3 Шілде революциясы.
Қаржы топтарының Карлды конституциялық шаралармен шектеу талпыныстары, оның Конституцияға қарама-қайшы келетін қаулыларға - ордонанстарға қол қоюына итермелейді. Ордонанстар төменгі палатаны тарқатуды, депутаттар санын екі есеге қысқартуды, сауда және өнеркәсіптік патенттері барлардың барлығын дауыс беру тізімінен шығару, дауыс берушілердің ортасын тек ірі жер иеленушілермен шектеуді, газет пен журналдарды басып шығару үшін алдын ала рұқсат алу жүйесін егізуді қамтыды. Осындай жағдайда оппозиция бұқара халықты үкіметке қарсы шығуға шақырды. 27 шілдеде шерулер кең көлемді көтерілістерге айналды. 1830 жылы 29 шілдеде халық Тюильри сарайын басып алды, Полиньяктың және 1814 жылдың Хартиясының күшін жоюын талап етті.
Халық толқынының қысымымен Х Карл тақтан бас тартып, Англияға қашты. Мемлекеттік қайта құруды ұйымдастырушылар, Талейран мен Адольф Тьерді қосқанда, уақытша үкімет құрды. Патша тағын герцог Луи филипп Орлеанский иемденді.
1830 жылғы революция корольдың ауысуына алып келді. Республикалық партияның әлсіздігі революцияның тереңдеуіне, республиканы орнатуына кедергі болды. 1830 жылы 14 тамызда қабылданған жаңа Конституция бұрынғы Хартияның жағдайын сақтап қалды. Сайлаушылардың жастық цензі 25 жасқа, депутаттарда 30 жасқа дейін қысқартылды. Мүліктік кедергілер азайтылып, ірі буржуазияның өкілдерінің билікке келуіне жол ашылды. Нәтижесінде Франция тарихында бұл оқиға Шілде революциясы деп аталынды. Король заң шығаратын бастамасынан айырылды, вето құқығы парламенттің шешімімен жүзеге асты. Палата депутаттарының құқығы сәл кеңейтілді.Дауыс берушілердің саны көбейді. Мұрагерлікке пэрліктің берілуі жойылды. Пэрлар палатасы сайланбалы болды. Католиктік дінбасылардың құқықтары шектелді,уақытша цензура жойылды. Жергілікті жіне облыстық басқару енгізілді. Ұлттық гвардия қалпына келтірілді. Сауда-өнеркәсіптік және банк буржуазия басшыларының айрықша құықтары бекітілді.
1832 және 1834 жылдары көтеріліс ұйымдастырған легитимистер және республикандықтар корольға қарсы болды. Леон тоқымашыларының көтерілістері болды. Ұстамды республикашылдар сайлау құқығын кеңейтуді қолдады. Солшыл радикалдық қанат жалпы дауыс беру және әлеуметтік революцияны қолдады. 1839 жылы Бланки жыл мезгілі Қауымын құрады. Республикалық оппозицияның құлдырауы басталды.
Банкрот қаупі алдында жапа шеккен банкирлер мен кәсіпкерлер, корольді қорқыту және оның жеңілдіктер жасауы үшін қарсылық митингін ұйымдастырады. 1848 жылы 24 ақпанда Луи Филипп өзінің немересі граф Парижскийдің пайдасына тақтан бас тартты. Ал өзі Англияға қашады. 25 ақпанда Францияда Екінші республика жарияланды. Оның басшысы болып Дюпон дель Эр сайланды. Коалициялық уақытша үкімет құрылады. Уақытша үкімет үнемі қауіпті жағдайда болды. 1848 жылы көктемде мыңдаған жұмыссыздар мен баспанасыздар, шеберханаларға жұмысқа орналасу үшін Парижге шет аумақтардан келді. Шерушілер егерде шеберханалар таратылып, жұмысшылар таратылмаса, онда жағдай бақылаудан тыс қалатындығына үкіметті көндірді. Ұлттық шеберханаларды жою туралы шешім жарияланды. Шерудің жетекшілері сөзсіз қуғын-сүргін басталатынын біліп, көтеріліске шығуды шешті. Шеберханаларды жою туралы бұйрықтары елеусіз қалды, жұмысшылар қолдарына қару алып, баррикадаға шықты. 1848 жылдың 23-26 маусымында 4 күн бойы қаладағы көше ұрыстары аяқталмады. Олар қатаң басылып тасталды. Көтерілістердің ауқымынан қауіптенген үкімет 1848 жылдың қарашасында Екінші республиканың Конституциясын қабылдады.Ол бойынша президенттік лауазым енгізілді.
Қалпына келтіру және Шілде монархиясы жылдарында Францияда өнеркәсіп пен сауда, жол және канал құрылысы өсті, темір жол пайда болды. Капитализм ауыл шаруашылығына тереңдеп ене берді.
Өнеркәсіпте станоктары және бу машиналары бар өз заманындағы ірі фабрикалар пайда болды. Алайда Франциядағы өнеркәсіп төңкерісі Англиядағыдан гөрі әлдеқайда баяу жүрді. Фабрикаларға қарағанда мануфактуралар өте көп болды. Ұсақ шеберханалар басым еді, бұл жөнінен Франция Европада жетекші орын алды.
Француз деревнясында ұсақ, өте мардымсыз жер учаскелері бар қожайындар барынша басым болды, олар бүкіл семьясымен ертеден кешке дейін жыл бойы жұмыс істесе де тапқандары күнделікті өміріне бірде жетіп, бірде жетпеді.

1.4 1815-1848 жылдар аралығына жалпы шолу.
1814 жылдың наурызында одақтық әскер Парижге басып кірді. Наполеон тақтан бас тартып, Эльба аралына кетуге мәжбүр болды. Алесандр І-нің талабымен, Францияда мемлекеттік тәуелсіздік және Бурбондар әулеті қайтарылды. Революция француз қоғамын екі лагерьге бөлді: жақтастар және қарсыластар. Революция жылдарында жаңа меншіктенуші тобы құрылды, ал бұрынғылардың мүліктері қайтарусыз жоғалды. Людовик XVIII билігінің екі топ арасындағы мәмілеге тірелуі керек екенін түсінді.
1814 жылдың маусымында жаңа конституция қабылданды. Азаматтық бостандық, парламенттің болуы (2 палата депутаттары, перлер) сақталды. Алайда корольмен бірге бұрынғы революционерлерге қарсы террор бастаған эмигранттар да қайтып келді. Жаңа меншіктенушілерден мүліктерін тартып алғысы келді. Граф де Артуар басшы болды.
Людовик XVIII елден қашты және 15 маусымында Ватерлоо түбінде шайқас болды. Наполеон қайтадан бас тартып, оны Әулие Елена аралына жер аударды. Людовик XVIII қайтып келді. Корольдік парламентке сайлау ісі жүргізілді, сайлаушы 1000 франк салық төлеуге тиісті болды және 30 жастан жас болмауы керек, ал депутаттар 3000 франк төлеп, 40 жастан жас болмауы керек. Нәтижесінде, парламент кертартпа болды. Алайда ол да мүлік тәркілеу жөнінде заң қабылдай алмады. Бұрынғы қожайындардан тәркілеу түрінде 1 млрд франк алынды. Террор жұмсарды, бірақ ол жалғасты. 10 мыңға жуық адам жазаланды.
1818 жылы Францияға егемендік қайтарылды және оның территориясынан шетел әскерлері кетті. Франция 300 млн салық төлеп отырды. Людовик XVIII революцияда жаулап алынғандарды, үкіметтік жоғарғы шенеуніктер билігі - префектілерді сақтап қалды, якобиншілер жақтастары сақталды және 1817 жылы герцог Берийский өлтірілді. Қайтадан террордың дәуірленуі басталды. Өзін-өзі басқару шектелді. Бспасөз бостандығы тоқтатылды. Француз қоғамында шектен тыс тәртіпсіздік, қасиетті нәрсені қорлаушылық туралы заң қабылданды. Католик шіркеуін тонағаны үшін - өлім жазасы болды. Католик шіркеуін мемлекеттік дін деп жариялауға тырысты.
1824 жылдың желтоқсанында Карл Х таққа отырды. Таққа отырғызу көктемде Реймсте болды. Өзін либералды бостандықтың , цензураның жауы ретінде көрсетті, газеттерді жапқызды.
30 жылдарда Францияда буржуазиялық бастамаларда экономика дамуы болды. Яғни көмір өндіру, болат өндірісінің өсуі, 600 бу машинасы. Байлық Бурбондардың саясатына риза емес, буржуазиялықтардың қолдарында шоғырланды. Олардың ойларынша, протекционизм саясаты қажет, үкімет шығындарын бақылау, кәсіпкерліктің бостандығы керек. Буржуазия республикандық насихатты қаржыландыра бастады. Карл Х буржуазияға қолдау көрсету мақсатымен сайлаушылар құқығын кеңейтеді. Бірақ сайлаудың көрсетуінше, парламентте корольдің қарсыластары. Үкімет басында Полиньяк. Сайлауда жаңа жеңіліс тапқан Карл Х 1830 жылы 24 шілдеде сайлау заңын өзгертетін, цензура аса қатты қатайтатын қаулы - ордонансқа қол қойды. Артынша сол жылдың 26 - 27 шілдеде Парижде бассыздық орын алды. Үкімет оны баса алмады, буржуазияда басшылығында Лафайетпен ұлттық гвардия болды. Король жалғыз қалды. Астанада республиканы жария ету туралы шақырылымдар естілді. Сол кезде банкир Лафит, Талейран және депутаттар Филипп Эголиттің баласы - Луи Филиппты еске түсіреді. Ол генерал-штатгальтер лауазымына шақырылды. Карл Х бұл құжатқа қол қойып, тақтан бас тартты. Жаңа король Генрих V болу керек еді, бірақ парламент жіне Луи Филипп оны ұмытып кетеді. Жаңа король деп Луи Филипп жарияланады. Билік басына орлеандық династия келді. Луи Филипп кезінде: жаңа конституция қабылданды, сайлау құқығы кеңейтілді, билікке буржуазияның бет жағы келді, жаңа үкімет экономикалық дамуға әкелген, кәсіпкерліктің бостандығына жол ашты. Бұған өз наразылықтарын көрсете бастаған жұмысшылардың жағдайлары нашарлай бастады. Бұл 1832 жылы қараша айында жеңіліспен аяқталған лиондық тігіншілердің көтерілісіне себеп болды.
1834 жылдың көктемінде Парижде жұмысшылардың көтерілісі болды. Бұл буржуазияға елде еңбек пен капитал арасындағы конфликтіні көрсетті. Қоғамдағы шиеленістердің көбеюіне байланысты Луи Филипп ел ішіндегі тәртіптерді қатаңдатуға тырысты. 1835 жылы цензура қайтарылды, республикандық ұйымдарға тыйым салынды, бірақ ішкі саясатта жеңілістер болды. 1840 жылы үкімет басына Гизо тұрды. Елде экономикалық дағдарыс басталды. 1847 жылы азық-түлік бағасы өсті, үкімет ағылшын тауарларының нарығын жаппады. Өнеркәсіп буржуазиясы жаңа төңкеріліске бет бұрды - банкеттік компания. 1848 жылы 22-24 ақпан аралығында жаңа революция басталды және Луи Филипп Англияға қашты. Революциямен таққа отырып, революциямен тақтан түсірілді. Билік буржуазиялық республика мен басшылығында атақты поэт және тарихшы А. Ламартин болған бірқалыпты реформалар жақтастары басым болған Уақытша үкіметке өтті.

ІІ бөлім. 1848-1851 жылдардағы төңкерістер
2.1 1848 жылғы төңкеріс . Франциядағы Екінші Республика
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында құрлықты Еуропада мануфактуралық өнеркәсіптен машиналық фабрикалық түрге ауыса бастады. Сол кезеңде Еуропаның барлық дерлік мемлекеттерінде феодалдық-абсолюттік тәртіп болған, әлеуметтік қанау ұлттықпен араласты. 1848-1849 жылдары Париж, Вена, Берлин, Рим және басқа да еуропалық астаналар төңкерістік бастамалардың орталығына айналды. Сірә, Еуропа бұрын-соңды болмаған жалпы күрестің шиеленісуін, халықтық көтерілудің қарқынын және ұлттық-азат ету қозғалыстардың өрлеуін көрді. Алайда құрлықтың әр бөлігіндегі күрес бір деңгейде болған жоқ, көтерілген халықтың тағдыры әр түрлі болды, тек күмәнсіз ортақ бір мәселе: төңкеріс жалпыеуропалық көлемде болды.
Езілген халық еркіндік үшін, буржуазия мен ірі державалардың қаналған әлеуметтік топтары, ең алдымен төмендегі таптар феодалдық-абсолюттік қанауға қарсы күресті. 1848-1849 жылдары басталған төңкеріс 1845-1847 жылдары ауылшаруашылық дағдарысын тездетті және 1847 жылы бірден бірнеше мемлекеттерде болған экономикалық дағдарыс басталды.
Шілделік монархияның ішкі және сыртқы саясаты біртіндеп халықтың көптеген таптары - жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның көп бөлігін оппозицияны қолдауға итермеледі. 40 жылдардың ортасында дағдарысты жағдай ушыға бастады. Әсіресе қаржы аристократиясының билігіне наразылық өсе бастады. Насьональ және Реформа газеттерінің айналасында оппозиция топтасып, өкіметті халықтың талаптарын орындауға көндіруге тырысты. 1847 жылдың жазында Францияда халықтық саяси банкеттер науқаны етек алды. Банкетті науқан Францияның әр түрлі бөліктерінде таңдамалы реформа үшін күрестің дамуына себепші болды. Банкеттерде тілектің орнына саяси және әлеуметтік реформаларды талап еткен ұсыныстар айтылды.
1847 жылы желтоқсан айының соңында француз парламентінің заң шығарушы сессиясы басталды. Осы өте қызу жағдайда болып жатқан сессияда өкіметтің ішкі және сыртқы саясаты либералды оппозиция тарапынан қатты сынға алынды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синьхай революциясы
1912-1913жж синьхай төңкерісінің екінші кезеңі
Ұлы Морав мемлекеті
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі (1917-1930 ж.ж.)
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы
Иранға АҚШ президенті
Пәндер