Қайта өркендеу дәуіріндегі білім


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ

Әлем жаңа бір ғылым заманына компьютерлік қоғамның үстемдігіне душар болды. Олардың құрған торларынан айналып өте алмаймыз. Ғылым дәуіріне кіре алмаған ұлттар, білімді қоғам мен ұйымдардың боданы, қүлдары болатыны айдан анық. Бұл жаңа заманды басқа жағынан алып қарағанда бір үлкен апат күтіп түр. Өндіріс пен технология ғасырында тек қана адам мәселесі; компьютерлер, роботтар және машиналар арасында "роботқа айналған адам" қаупі бар . . .

Автоматиканың дамыған, компъютерлердің үстемдік еткен шағында, жаратылғандардың ішіндегі ең қасиеттісі, табиғаттың "жасылы" болған адам және оған деген сүйіспеншілік екен . . . кім білсін?!

Достық, туыстық және махаббат . . . Бұлар адамзат баласы үшін бүгінгі таңдағы аса қажет, ертең де керек болатын ең маңызды ұғымдар . . . Бүкіл адамзатты шектеген ең үлкен апаттан құтылудың бірден бір жолы "руханиятқа" оралу болып табылады. Адамдықтың қадір қасиеті - мәдениетіне көңіл бөлуде және руханият арқылы арылу, тазаруында жатыр. Міне, дәл осы жерден біздің яғни, Түркияның міндеті басталады. Біз, адамзатқа керек руханияттың бізде екендігін, адамды адам еткен ең ұлы жаратылыс, біздің рухани жаратылысымызда екендігін түсіндіруіміз, ұғындыруымыз керек-аң.

Ең алдымен жүзеге асыратын іс - адамға деген сүйіспеншілік, түсіністік және ғылымға ден қоюды негізге алған Ахмет Йасауи мен шәкірттерінің жолына бет бұру, оларды тану болып отыр.

"Жетпіс екі ұлысқа бірдей қарап, тең көрмеген жан, шариғатта әулие болса да хақиқатта адасқан" деген Жүніс Әмренің, жаназасын мұсылмандар, христиандар мен пұтқа табынушылар бірлесіп шығарған "Көңілдердің Сұлтаны" - Әзіреті Мәулананың, адамдарға сыпайы, мейіріммен қатынасып, білімдегі екі негізгі ұғымды көңілге ұялатқан Қажы Бектас әулиенің, " . . . Сүннет екен кәпір де болса ренжітпеу . . . " деген Ахмет Йасауидың ілімі адамға деген сүйіспеншіліктің, әлемдегі елдердің арасындағы достық пен туыстықтың арта түсуіне, дүниедегі бейбітшіліктің өмір сүруіне үлкен манызды ықпал етуі мүмкін . . .

Дамыған технологияның барлық мүмкіндіктері мен салаларын пайдалану арқылы ұлттық мәдениетіміздің қайнар көзі болған тұлғаларымыздың пікірлерін, ілімдерін бүкіл адамзатқа, халқымызға жеткізуіміз керек.

Ахмет Йасауидың, Қажы Бектас Әулиенің, Сары Салтұқтың және т. б. бізге үйреткеніндей " . . . адам -әлемнің өзі, көздің қарашығы . . " екендігін, олардың қалдырған мұраларының әр түрлі мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана отырып, бүкіл адамзат баласына ұсынуымыз керек.

Бұларды іске асыра алсақ, келесі ғасыр тек қана ғылым мен білімге сүйенген тек білімді қоғам дәуірі ғана емес, сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік заманы болады.

Сөздерін көңілден таса қылмауымыз керек.

Дұрыс түсінуіміз және дұрыс түсіндіруіміз керек. Еш кешеуілдетудің керегі жоқ, іске кірісуіміз керек. Кідірместен өлкемізді ғылым дәуіріне енгізіп, білімді қоғам дәрежесіне жеткізуіміз керек. Ол үшін атқарылатын істер белгілі:

  1. Білім дәуірінің негізінде ар-ождан бостандығы мен пікір бостандығы жатыр. Кемшіліктерімізді жоюмен қатар құқықтық қоғам жасап, ең маңыздысы, бір бірімізді оятып, мәдени ортамызды шын мәніндегі демократиялық жүйегекелтіруіміз керек.
  2. Ғылыми сана жоқ жерде білім де болмас. Ғылым жоқ жерде білімді қоғам да болмайды. Ғылыми сананы жетілдіру үшін, оқу-тәрбие жұмысын, жүйесін реттеу асыл мақсатымыз болуы шарт.
  3. Отан бюджетінен ғылымға, зерттеу істеріне керекті мөлшердегі қаржы сөзсіз бөлінуі тиіс. Университеттеріміз шынайы университет дәрежесінде болуы керек. Халықтың ғылым, білім орталықтарына қол жеткізуінде кедергі атаулының барлығы жойылуы тиіс.
  4. Компьютер бағдарламасы мен технологиясы үшін керекті орталықтар құрылып, ғылым секторы ең жоғары дәрежеде жылдам іске асырылуы керек.
  5. Білім дәуірінің негізі болған ғылыми сана, әдістемелік зерттеу қабілеті, аянбай тер төгу, қалау бостандығы мен машықтану-бұлардың бәрі ұлттық мәдениетімізден және рухани қазынамыздан нәр алған, бүгінгі тіршілігіміздің негізгі жол көрсетушілері болуы керек.

" . . . Ғұламалар түрікшеңізді жаратпайды, ал арифтер болса "көңіл өлкесіне жол ашады", - дейді. Аяттардың, хадистердің мағынасын түрікше айтып, түсіндірген дұрыс. Мағынасын білгендер оның айтқанына бас иеді. Міскін, шарасыз Қожа Ахмет Жеті атасына рахмет. Парсыша жақсы біледі, түрікше сөйлеу тілегі . . . ".

Жоғарыдағы сөздер Ахмет Йасауидың хикметтерінен алынған. XII ғасыр, яғни, сұлтан Санжар тұсында Түрік әлемінің ең үлкен мемлекеті Селжұқ империясыиың дәурені жүріп тұрған кез болатын. Мемлекет түріктердікі болғанымен ресми тілі парсыша еді. Ғұламалар парсыша жазатын. Әдеби тіл парсыша . . . Бұл осылайша жалғаса бергенде кең жайылған түрік тілі бүгінгі дәрежесіне жетпеген болар еді.

Ахмет Йасауи тұңғыш түрік-ислам сопысы ретінде түріктерге Исламды және сопылық жолды түсіндіру үшін "парсышаны өте керемет меңгергеніне қарамастан" хикметтерін түрікше жазды. Хикметтер түрік әлемінің түкпір-түкпіріне кең жайылды . . . Түрік тілі қайтадан жаңдана бастады. Өйткені Йасауидың жолындағылардың барлығы да түрікше сөйлейтін еді.

Ахмет Йасауи деген кім?

Кіріспемізде "Аллаға барар жол адамға қызмет етуден басталады" деп сөз бастап, асыл мақсаттың да махаббат екендігін баяндаған едік. Ислам дінін ықыласпен жасалған ғибадат ретінде түсіндіріп, діни төзімділіктің маңызын аштық. Йасауи ілімдегі әйелдің орнының маңыздылығына, еңбекті қанаушылықтың жоқ екендігін, оның білімді діннің негізі ретінде танығандығын айттық. Бұларды Ахмет Йасауидің таза Ислам түсінігін жайғандығының көрінісі ретінді? таныттық. Енді артына осындай өлмес мұра қалдырған адамның аты мен затын білуіміз керек емес пе?

Ахмет Йасауи деген кім?! Ахмет Йасауиді Фуат Кепрүлү "Түрік әдебиетіндегі алғашқы суфилер" атты кітабында "ең алғашқы түрік ислам суфи-пірі еді", -дейді. Ірі ойшыл, ақын Я. К. Бейатлы да "ұлттығымызды оған борыштымыз", "Ахмет Йасауи деген кім? Зерттеп көріңіздер! Біздің ұлттығымыздың негізін содан табасыздар!", -дейді.

Түрікменстанда жарық көрген Ахмет Йасауи туралы кітапта түрікмендер оны "Мәдинада Мұхаммет, Түркістанда Қожа Ахмет" ретінде танытады.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Тәжікстан, Ауғанстанда Ахмет Йасауи бабамызды "Екінші пайғамбар" (Ахмед-и Сани) деп санайды. Бұл түсінікті Пайғамбарымыздан кейінгі екінші адам деп түсінуіміз керек. Ұлы Түркістанда Ахмет Йасауиді Исламды Түркістанға жайған адам ретінде пір тұтады.

19 ғасырда Ұлы Түркістанды аралаған ғалымы Вамбери Армин саяхатнамасында '"Әрбір түрік- ауылында Ахмет Йасауидің хикметі мен мінәжатын кездестірдік.

Білімсіз, білімнен жырақ қалғандарды Йасауи атамыз надан дейді. Надан-білімсіз, білімді үйреніп, арттыруға тырыспайтындар деген сөз. Ахмет Йасауи Хикметінде:

"Алдымен жақсылар кетті, жалғыз қалдым,

Надандардан бір жақсы сөз естімедім.

Дана кетті надандардан шектім жапа,

Жол таба алмай, адасып қалдым міне"

Тағы бір хикметінде:

"Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет қылғын!

Ғалымдардың сөзін естіп, амал қылғын!

Амал қылып Хақ жолында жаңынды бер!

Амалсыздар дидар көрмес ей достарым!"

Білім-ақиқатқа ұласуды, болмысты тануды қамтамасыз етеді. Болмысты танудың жолы-білім жолы. Болмысты танығандар өздерін де таниды. Өзін танудың жолы да білім. Өзін білген-Алласын біледі. Алланы танудың жолы да-білім. Алла-шексіздік. Шексіздік тікелей өзі танылмайды. Яғни, Алланың заты танылмайды. Бірақ, Оның жаратқандарын тану арқылы Алла туралы танымыңызды арттыруға болады. Бұл таным жолы да білім арқылы жүзеге асады. Ең қажетті білім- ғылыми таным, яғни, ғылым әдістерімен игерілген білім.

Шынайы сопылық жолшылары білімге үлкен мән берген. Өйткені, Алланың жаратуындагы мақсат "өзінің танылуы үшін" деген түсінік сопылықтың негіздерінің бірі. Алланы махаббатпен сүйетін адам үшін ол танудың жолы ал білім болса, махаббат та білімнен кете алмайды.

Исламдағы танымал ғұламалардың бірі- Хз. Мұхамедтің немересі Жафар Садық әрі дін ғұламасы, әрі жаратылыстану ғылымдарын жетік меңгерген данышпан болатын. Нобель сыйлығының иегері Абдуссалам "Мұраттар және Ақиқаттар" атты кітабында Құранда 750 аяттың муминдердің білім мен ғылымды, ақиқатты зерттеуді бұйырғандығын анықтаған. Құран муминдерге "Аспанға, жерге, аспан денелеріне, түн мен күндіздің ауысуына адамдардың өмірге келіп, қалыптасуына, кемелердің теңізде жүзуіне, адамдардың түсі мен тілдерінің әртүрлі болып келуіне, тарихта өткен қауымдардын тарихына қараңыз дегенде жай ғана қарау емес, ғибрат алуларын айтқан болу керек, сірә!

Исламның алғашқы екі жүз жылдың тарихынан бастап мұсылмандар Құранның бұйрықтарын дұрыс түсініп, "хикмет муминнің жоғалған малы, қай жерден тапса, алсын" деген

Хз. Пайғамбар сөзінің мәніне жетіп, ой қуған, зерттеген. Міне, Ислам өркениеті осылай қалыптасып, әсерлі ықпалымен Европаны оятқан, әлемді өзгерткен, бүгінгі өркениеттің құрылуын қамтамасыз еткен болатын.

С. Нюнкенің "Европада атқан Ислам таңы" деп аталатын кітабында осы шындықтар сөз болады. Ол "Құран түспегенде Ислам өркениеті болмас еді. Ислам өркениеті болмағанда, адамзаттың бүгінгі өркениеті тумас еді, әрі адамзат әлі де қараңғылық пен надандық шырмауында өмір сүрген болар еді", -дейді. Ия, бұл айтылғандардың барлығы рас. Дегенмен бұдан да ащы шындық бар, ол-өкінішке орай Европаның ағартушылық дәуірі кезінде Ислам өркениеті өз ішіне тығылып, жабық қалып, Құранның рухынан алыстап, білім мен ғылыми санадан мақрұм қалған болатын. Ислам әлемінде еркін ойлау мен философияны күпірлік деп, соқыр сенімді дін орнына қойып, бұрынғы жаттанды мәліметтерді қайталауды өнер, білім деп білген түсінік жайлаған еді. Мұның нәтижесі құлдырау мен кертартпалық болатындығы белгілі еді. Солай болды да.

Ал, Түркістанда Ұлықбек астрологияның шыңына көтерілсе, ұлдары оның абсерваториясын қиратып жатқан болатын. Осы тұста Туркияда да ғұлама, ғылымның саясы Фатих Мехметтен кейін немересі Селим Хан кезеңінен басталған сананың тұншығуы құбылысы Ақшамседдиннің "ақ таңынан" Әбусуудтын "қараңғылығына" алып келді. Нәтижеде Қадизадалар 4-ші Мүрат Ханды айтқанына көндіріп, жаратылыстану ғылымдарын күпірлік деп медресе бағдарламаларынан алдыртып тастады.

Бір қызығы осы қараңғылыққа қарсы күрескен, өнер мен білімнің еркін ойлаудың жақтаушысы да суфилер болатын. Ол Сивастан шыққан Абдуләзиз еді. Бірақ жеңілді. Мұсылман қоғамдарының құлдырауының себебін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ! Бұл белгілі тарихи оқиға. Реті келген соң еске салайын дегенім. Дегенмен, осы тарихты жиі еске салып түрғанымыз абзал деп ойлаймын.

Жол-білім жолы, ақиқатқа ұласу үшін қолданатын әдіс, тәсіліміз де ғылыми әдістер болу керек деп ойлаймын.

Білім-өмірдегі ең шынайы ұстаз.

Йасауи ілімінде еңбекті қанаушылық жоқ

"Фақрнама" Йасауи жолының негізгі дерек көзінің бірі болып табылады. Осы еңбегінде Ахмет Йасауи жалған шайхтарға сипаттама береді: "Олар (шайхтар) муридтерінен дәме қылады . . . Егер муридтері оған сый-сияпат бермесе "Мен де бизар, Алла да бизар", -деп айқайлап ұрысады. Бұл жердегі "шайх" риякерлікпен муридтерге жол көрсетіп жүрмін дейтін дін бұзар дүмшелер. Дін ұстазы көрінетін, айналасына адамдарды жинап алып, оларды қолданатын қанаушылардың барлығы осы дін бұзарлардан шығады. Бұл туралы Ахмет Йасауи Хикметтерінде былай дейді:

"Суфи болғансын, нәпсің мен әр дем есікке қарайсың,

Сияпат алып келді ме деп келген кісіге қарайсың.

Алланың лағнетін мойныңа әр дем тағасың,

Суфи - сипат болдың, бірақ еш мұсылман бола алмадың"

Міне, көрдіңіз бе шайхтың, дін ұстазы болуды немесе дін жолында шәкірт болуды да күнкөрістің көзіне айналдыруы муминдер үшін ең қауіпті іс. Мұндайларға қол беру одан да қатерлі. Соңында иманнан да, дүниеден де, ақыреттен де жұрдай болудан асқан қандай қатер бар? Ахмет Йасауи атамыз мұсылмандардың бұл істе өте сақ болуын ескертеді. "Шайтанның ең қауіпті тозақтарының бірі дінбұзарлыққа итермелеу" болып табылады.

Бұл істе қалай ояу болу керек, қалай сақтану керек?! Оның негізгі жолы-өздеріне қол бергендерді қанап, сауда мен саяси күшке айналдырған шайхтардан аулақ болу керек. "Пәленшелерге депутаттық тізімнен орын беру арқылы олардың қолдауын тіленіп жүрген саясатшыларды қайда қоямыз?, -деп сұрасаңыз, олардың да мұндай істен бас тартып, тобасына түсіп, жаман әдеттерін қайталамауларын тілеуден басқа не деуге болады?!

Ахмет Йасуи мыңдаған ұстаз тәрбиелеп түркі әлемінің түкпір-түкпіріне жіберген кезінде бала-шағасын өзі жасаған ағаш қасық пен шөміш сатып асыраған. Бұдан артық не деуге болады?! Тағы да қасық мәселесіне назар салыңыздаршы! Тоғыз ғасыр бұрын Ахмет Йасауи мұсылмандар асты қасықпен жесін деп, қасық жасаған.

Ал бүгін әлі күнге дейін қолымен ас жеуді сүннет деп жүргендерде не деуге болады? Екі арасы жер мен көктей емес пе?! Йасауи жолында дүниеге құл болу да, өндіруді, еңбек етуді қойып, тіленші болу да атымен жоқ.

"Суфи болмай қайтсін, үйде қылатын ісі жоқ,

Сопылық жолға түсер, халыққа берер асы жоқ.

Ах-ух дегенмен, көзінде тамшы жасы жоқ,

Суфи монтаны "әулиевсің", бірақ еш мұсылман болмадың".

Яғни, адамзат алдымен еңбек етіп, өндіреді, халыққа ас береді. Сосын халыққа риякерлік жасамайды. Алла үшін, Алла жолында болады. Йасауи жолының өкілі, үлкен ұстаз Жүніс Әмре де бұл туралы:

"Еңбек ет, табыс тап, же, жегіз!

Жарлының көңілін тап, ұшыртып қиял атын!

Мың қағбадан да артық, -деңіз

Бір көңілге жасаған зияратың. "-дейді.

Йасауи іліміндегі әйелдің орны

"Диуани Хикметте" ақын Жүсіп Бейзауидің екі шумақ өлеңі бар:

"Естіпті Баба Мачнн сол заманда, Ахмет деген шайх шықты деп Түркістанда. Бірге сұхбат қылады екен қыз бен еркек, Деп, тиым салуға Түркістанға келді достар.

Келді де көреді сол машайықты, Сенбісің ей шайх аздырушы адамдарды. Ия азғын да, адасқан да менмін, білгін, Деп, Әзірет оған жауап берді достар. "

Йасауидің мәжілістерінде әйелдер мен еркектердің бірге отырғандығы мәлім. Бұған қарсы шығушылар, керемет иесі әрі ғұлама Баба Мачинді оларға діни тұрғыдан тиым салу үшін Түркістанға жолдайды. Баба Мачин өз күші мен біліміне, кереметіне сеніп Ахмет Йасауидің алдына шығып, оған үгіт насихат бере бастайды. Хикаяның аяғында Баба Мачин жағдайды егжей-тегжейлі түсініп, кейіннен өзінің ағаттығын мойындайды. Бұл туралы Жүсіп Байзауи: "Баба Мачин сол уақытта ей Ахметім, Келмегенде рәсуа болар едім халық арасында. Бұл хәліммен өліп кетер едім, мен, деп, Жылап-сықтап, хәлін ұқтырады достар!

Атаның күшін білді, Риязат етіп. жолға, кірді. Атамен үш рет қылуетке кірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары
Макиавеллидің саяси философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Қайта өрлеу және философиясы
Қайта өркендеу дәуірінің медицинасы
Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Қоғамның гуманизациясындағы философияның рөлі
Театр өнерінің ерекшелігі
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz