Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта сөз бостандығы, ауызша да, жазбаша түрде бейне алуда. Журналистер үшін өз ойларын білдіру емес, оларды аудиторияға жеткізу үлкен проблема. Бір американдық жазушының айтуынша: Құдайдың разылығымен біздің елге үш нәрсе бұйырды: сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы және айтылған екі нәрсемен де қолдануға мүмкіндік бермейтін сана. Адамзатқа сөз бостандығын берудің маңыздылығы неде? Бұқаралық Ақпарат Құралдарының сөз бостандығына ие болуы - ақпараттық қауіпсіздіктің басты кепілі. Себебі, бұл біріншіден, халықты нақты, әрі шыншыл ақпаратпен қамтамасыз етеді. Екіншіден, қоғамды теріс насихаттау және монипуляцияның басқа түрлерінен қорғайды, ал үшіншіден, социалды жүйенің жаңару мен көбеюін қадағалап, оған жаңа леп береді. Сөз бостандығына ие журналистің пікірі, қоғамдағы ойды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бұл түсінікті және әділ критерий болып табылады, өйткені адамдар мүмкіндігінше кез-келген оқиғалар мен заттар туралы білуі керек, нағыз демократиялық басылым бағыт-бағдар бойынша өмір сүре алмайды және онымен өмір сүрмейді де, бұны естен шығармағанымыз жөн. Сөз және баспасөз бостандығы, қоғамдағы айқын реформалар сөз бен қағаз жүзінде ғана емес, практикалық өмірде де жүзеге асырылып, ел беделін арттырып, оны дамыту үшін керек. Себебі, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, ой бостандығы, ашықтық, айқындық, әділдік пен демократия ұғымдарымен толық үндеседі. БАҚ билікке немесе халыққа байланысты. Ең бастысы, оның ойлары мен мәлімдемесі халықтың ой-санасына айналады. Бостандық - бұл халық пен билік арасындағы қарым-қатынас, оларды біріктіру.
Журналистика адам мен билікті байланыстыратын үлкен көпір. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға барынша шыншыл ақпаратты таратуы үлкен маңызға ие, десек те бұған цензура кедергі. Сөз бостандығының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өміріндегі ойнайтын рөлін талдай отыра, жоғарыда айтып кеткен кедергі, цензураны жою жолдарын айқындау ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі болып табылады. Сондай-ақ Азия және Еуропа елдеріндегі журналистиканың деңгейін салыстыра отыра, тәуелсіздігіне не бәрі 27 жыл толған Қазақстанның дәстүрлі және жаңа медиа салаларын нығайту жұмыстарын арттырып, әлемдік деңгейге жеткізу үлкен мәселе.
Диплом жұмысының жаңалығы. Сөз бостандығының даму тарихына терең үңіліп, қазіргі деңгейінің күрт төмендеуінің себебі мен салдары анықталып, зерттелді. Сөз еркіндігінің БАҚ өкілдері өміріндегі маңыздылығын анықталды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Азия және Еуропа елдеріндегі сөз бостандығын салыстыру.
- Сөз бостандығының моральдық өзектілігін зерттеу.
- Цензураның кері әсерін айқындау.
- БАҚ еркіндігінің маңыздылығына талдау жасау.
- Сөз бостандығының әлемдік деңгейде, кешегі мен бүгінгіні салыстыру.
- Сөз бостандығына немесе цензураға ие елдердің хабар жасау әдістерін анықтау.
Зерттеу барысында ғылыми-теориялық жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы бар келесі нәтижелер алынды:
- Сөз бостандығының бүгінгі маңыздылығы;
- Еуропа және Азия елдеріндегі журналистиканың өзгешіліктері
- Цензураның қоғамға ықпалы
- Сөз еркіндігінің журналист өміріндегі рөлі
Жұмыcтың тeopиялық-әдicнaмaлық нeгiздepi: Ғылыми жұмыcтың зepттey көзi peтiндe, Еуропа және Азия елдеріндегі ақпарат құралдарында жapық көрген eңбeктep, түpлi мaқaлaлap мeн сарапшылар пікірлері негізге алынды. Тaқыpыпты тepeңipeк зepттey бapыcындa шетел журналистикасы, оның даму тарихы жайында жарияланған оқулықтар бacшылыққa aлынды.
Зepттeyдiң тeopиялық жәнe пpaктикaлық мaңызы: Диплoм жұмыcын жoғapғы oқy opындapындaғы жypнaлиcтикa фaкyльтeттepiндe жүpгiзiлeтiн шетел журналистикасы, комуникация ерекшіліктері, сияқты пәндерге семинар, практикалық сабақтар барысында қолдануға болады.
Жұмыcтың құpылымы: кipicпeдeн, екі тараудан, қорытынды бөлім, пайдалынған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау
Сөз бостандығы. Құқықтық негіздер
" . . . Тәуелсіз БАҚ, оларға ештеңе байланысты еместіктен де, тәуелсіз деп аталады . . . " (2004 жылдың ақпанында Алматыда мәдениет қызметкерлерімен өткен жиналыста айтылған сөз)
Өзі сөз бостандығы жағында және оны қорғайтынын баса айта отырып, Президент халық мұндай бостандыққа деген қарым-қатынасты өзгерту қажеттігін талап етуге құқылы және онысы дұрыс болып табылады. Ол Бас прокуратураны жасқаншақтығы үшін кінәләді да, БАҚ-тың қалай қаржыланып отырғанын, олардың иесі кім екенін және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңдардың қалай орындалып отырғанын тексеруге тапсырмалар берді, тексеру нәтижесінде қаржыландырудың шетелдік көздері табылуы мүмкін деген жорамал білдірді. Бұл орайда Президенттік заңдардың дәл және біркелкі пайдаланылуын Конституция бойынша ең жоғарғы деңгейде қадағалануы тиіс. Бас прокурорға Парламент Сенатында айтқан сөздері есте қаларлықтай: "Мен оған баспасөздің, саяси партиялардың сынына құлақ аспау керек деп қаншама рет айттым. Құқық қорғау органдарының басшыларына баспасөз бетінде аз сөйлеп, көп жұмыс істеген дұрыс болады. Заң бойынша депутаттар ғана сөйлеуі керек, өзгелер жұмыс істеуі тиіс. " Осы тұрғыдағы сөздер айтудан іс жүзінде Премьер-министр де қалысқан жоқ. Мысалы, Үкіметтің 2004 жылдың қаңтарында өткен мәжілісінде сөйлеген сөзінде үкімет басшысы өзіне тән әдептілігімен шенеуніктерге былай деп ескертті: "БАҚ-тың алдында сөйлеуге ешкімге тыйым салынбайды . . . Солай бола тұрса да, бір бағытты ұстану керек ешқандай ауытқу, пікір түю, пікір таластыру, не қиялға берілу болмасын . . . Егер газет беттерінде немесе теледидарда әлде бір әріптестеріңізбен жаман оймен әдейі пікірталасқа түскілеріңіз келсе, бұл мәселелер оп-оңай ғана шешіледі. Пікірталасқа түскісі келетіндер өздерінің көпшілік алдындағы сүйкімділігін жоғалтатын біраз жағдайлар бар . . . "
Тағы да қаңтарда Үкімет мәжілісінде былай деді:
"Министр Радостовец өз сөздеріне мейлінше мұқият болуы керек. Әсіресе БАҚ-тағы сөздеріне. Партияның, Парламенттің мүшесіне, кәсіподақ қайраткерлеріне рұқсат етілген нәрселерге министрге рұқсат етілмейді. "
2004 жылдың мониторингі мемлекеттің жоғарғы лауазым иелерінің осы сияқты сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің 9-ын анықтады.
Парламент те, сондай-ақ оның екі палатасының баспасөз қызметі де, Президент пен Үкімет әкімшіліктерінің өкілдері де бұқаралық ақпарат құралдарына деген аса бір ықыласпен ерекшеленген жоқ жоқ. Мәселен, Парламент Мәжілісі ақпанда депутаттық сұраныстарды мәжілістің тек соңында, залда журналистер болмайтын кезде қарау туралы шешім қабылдады. Мамырда Мәжіліс баспасөз қызметінің жетекшісі Парламентте жұмыс істейтін журналистерді "күйіп тұрған деректерге" әуес деп кінәлап, олардан Парламент жұмысын көрсетудің сарынын өзгертуді талап етті. Маусымда Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары соңғы кездері БАҚ тарапынан заң бұзушылықтың 6 жағдайы анықталғанын айтты, ал "Талап" газетіне елдің аумақтық тұтастығын бұзуға үндеді деген айып тағылды. Бірақ, БАҚ-қа жетекшілік ететін министрлік те, прокуратура да бұл деректерді растамады. Жоғарғы органдардан кейбір аймақтардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен қарайтын министрліктер пен ведомстволарды" да басшылары да қалысқан жоқ.
Жоғарыдан берілген екпін, әрине, төменгі органдар мен қызмет иелерінің қимыл-әрекеттерінде де көрінбей қалған жоқ. Прокуратураның, Көлік және коммуникация министрлігінің айыптауларымен сотта бірқатар БАҚ-тың тоқтатылуын, эфирге шықпауын талап еткен бірқатар істер қозғалды, бақытқа орай, іс алғашқылардың пайдасына шешілмеді. Журналистерге Президентке тіл тигізді (ҚР ҚК 318-бабы), ал БАҚ пен редакциялардың қызметкерлеріне ҚР ӘҚБ Кодексінің 188-6-бабы бойынша - конституциялық құрылыстың негізіне қастандық жасағаны, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін деген айып тағылған бірқатар қылмыстық істер мен әкімшілік қараулар қозғалды. Қарағанды облысында ІІБ бастамасымен және облыстық прокуратура, Әділет басқармасы, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің қатысуымен БАҚ-та адамгершіліктің сақталуы жөніндегі Кеңес құруға әрекет жасалды. Ақыры тағы да Қарағанды облысы бойынша мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің БАҚ-ты олардың Президентке, Премьер министрге және басқа да ықпалды қайраткерлерге, "Қазақстан - 2030" даму стратегиясына байланысты жарияланымдарына қарап, ниеті түзу, бейтарап және оппозициялық деп жіктеуге, олардың қоғамдық санаға әсер ету деңгейі және ықтимал әлеуметтік зардаптарын, БАҚ-тың іргелес мемлекеттер мен аймақтарға ақпараттық әсер деңгейін анықтауға әрекеттенді. Мұндай жұмыстардың кімге бағытталып отырғаны туралы түсіндірменің қажеті аз деуге болады.
Осындай жағдайда ресми адамдардың ақпарат беруден тікелей де, әлде бір себептер айтып, жанамалай да бас тартуы, БАҚ-ты мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу және олармен алалап қарым-қатынас жасау, көпшілік шараларында "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңның қызмет етуін қамтамасыз етпеу, өзгеше ойды ұстанушыны тіркеуден бас тарту жиі кездесетіні таңқаларлық емес. Осы бөлімде 2000 жылы ресми қызметтегілердің қимыл-әрекеті немесе әрекетсіздігінен БАҚ пен журналистер құқы бұзылуының қоғамдық маңызы бар 68 жағдайы тіркелді. 2000 жылы қалыпты шығармашылық қызмет жасауына да мемлекеттік шендердің БАҚ-қа деген теріс көзқарасының әсері болмай қалмағаны байқалады. Жыл бойы БАҚ қызметіне қатысты бар болғаны 4 заңдық және өзге де нормативті-құқықтық акт қабылданды. Заң актілерінің тағы үш жобасы Парламентке ұсынылды және қаралу үстінде. Олардың ҚР "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңына енгізілген, БАК қызметін өкілетті органның тоқтатуы құқынан айыру туралы өзгерістен басқасының бәрі БАҚ пен журналистердің жағдайын едәуір қиындатады [11] .
Мәселен, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің бұйрығымен бекітілген "Журналистерді тіркеу ережелері . . . " ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңындағы журналистерді БАҚ-тың өзі тіркелуін қарастыратын 22-баптың 1-тармағын бұзып, бұл мәселені журналисті тіркейтін органның құзырына берді, ал ол органның журналисті тіркеуден айыруға құқы бар, мұның өзі журналисті тіркейтін органға басымен беру деуге болады.
Қылмыстық Кодекстің 172-бабындағы өзгеріс мемлекеттік құпия болып есептелетін мәліметтерді жариялағаны үшін ғана емес, осындай мәліметтерді жинағаны үшін де жауапкершілік белгіледі, және бұл бапқа іс жүзінде ең алдымен журналист түсуі қаупі бар.
Дегенмен де, ҚР Салық кодексінің жаңа жобасы және ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға өзгерістердің Парламенттің қарауына 2004 жылдың желтоқсанында ұсынылған екі жобасының біріншісі ерекше алаңдаушылық туғызады. Үкімет ұсынған редакция бойынша қабылданған жағдайда олар БАҚ-тың жағдайын едәуір нашарлатып қана қоймайды, Қазақстанда қалыптасқан ақпараттық құқық жүйесін, сондай-ақ ақпараттық нарықтағы жағдайды түбірімен өзгертеді. Мысалы, Салық кодексінің жаңа жобасында баспа БАҚ-тын, қазіргі Кодекстегідей, газет-журнал өнімдерін өндіру және тарату құқығына қосымша салықтан босату қарастырылмаған (Заңның 10. 12. 1999 жылғы редакциясындағы 57-баптың 17-тармағы) .
Бұл жаңа жоба қабылданған жағдайда, Отандық БАҚ-тың да, сондай-ақ сырттан әкелінетін газет-журнал өнімдерінің де, Флоренция келісімі бойынша мұндай өнімдердің салықтық режимі, іс жүзінде отандық БАҚ режимімен теңестірілуі (төмен болмауы керек) керекті болғандықтан, айналымына ҚКС салынады деген сөз. Мұның бәрі БАҚ өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі және таратылуының азаю жағдайында болып отыр. Жоғарғы қызметтегі кейбір шенеуніктердің көрсетілген мәселелерді 2030 жылға дейін шешу туралы уәделеріне сенім аз. ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңына өзгертулер енгізу жобасында виртуальді көрсетілім беттерін қоса барлық веб-сайттарды, олар да, принципінде, адамдардың өте кең топтарына арналғандықтан, бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатқызу және осыған байланысты тіркеуден өту, бақылау және жауапкершілікте болуы туралы ұсыныс жасалған. Әрине, Интернет бетіндегі ақпараттық "терроризмді" емін-еркін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бүркеншік беттерді ешкім де қостамайды. Бірақ, мұндай "террористі" анықтау және жауапкершілікке тарту жолында нақты жұмыс істеудің орнына әлемдік ақпараттық жүйенің отандық мүшелерінің бәрін БАҚ санатына жатқызу жағдайды түзей қоюы екіталай. Қару-жарақ айналымына деген мұндай әдістер өзіндік жемістерін іс жүзінде берді де - заңмен өмір сүретін азаматтардан өзгелері, яғни бүкіл қылмыс әлемі қаруланды. Жоба сондай-ақ:
- шетелдік БАҚ-тың теле және радио бағдарламаларының жалпы көлемінің 20 пайызын ғана берумен шектейді, бүл шектеу эфирлік және эфирлік-кабельдік теледидарға жүрмейді;
- БАҚ-ты тіркеуге алуды іс жүзінде рұқсат берумен ауыстырады;
- БАҚ-тың тіркелу куәлігінің өз күшін мерзімді басылымдар мен ВЕБ-сайттар жарты жыл, және өзге БАҚ бір жыл жарық көрмеген, эфирге шықпаған жағдайда сотсыз-ақ жою тәртібін енгізеді;
- БАҚ-ты күмәнді мәліметтерді таратқаны үшін, ал мұның өзі баспа және электроңды БАҚ-тың жұмыс ерекшелігінен туындайды, жауапкершіліктен босататын негіздемелер қатарын азайтады;
Бұл жаңалықтардың барлығы Қазақстанның ТМД және Кедендік одақ аясында қабылданған жалпы ақпараттық кеңістікті дамыту туралы халықаралық міндеттемелеріне, азаматтық туралы заңдарға қайшы келетіні көрініп тұр. Бұлардың азаматтардың мемлекеттік құпиялардан өзге кез-келген ақпаратты заң жүзінде тыйым салынбаған жолдармен еркін алуға және таратуға деген конституциялық құқығымен үйлестігі де шамалы. Көрсетілген өзгертулердің барлығы кіріспесі бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, мемлекеттік бостандығын орнатуға енгізу үндейтін заңға енгізілуге ұсынылуының өзі қарама-қайшылық деуге болады. Тұтастай алғанда, мониторинг мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 2004 жылы бұқаралық ақпарат құралдарының күн кешу ахуалы қолайсыз болды және бүл ахуал одан әрі де нашарлай түсуге бағыт алды. Құқық бұзушылықтардың екінші тобын БАҚ-тың тәуелсіздігін, шығармашылық еркіндігін, ақпаратты алу мен тарату еркіндігін шектеу жағдайлары құрап отыр. Саны аз болса да БАҚ үшін елеулі болып отырған бұл шектеулер редакцияның ішкі өміріне араласу, тираждауға кедергі келтіру, жарияланатын материалдарды алдын ала цензурадан өткізу немесе материал сипатын таратпау немесе тіпті керісінше, ана немесе мына материалды міндетті түрде жариялау туралы талаптар. Автордың аты-жөнін, ақпарат көзін айтуды талап ету, ал, кейде жариялануы орынсыз деп табылған материалдарды алдырып тастауға тікелей қарекет етулер аз кездеспейді. Мұның бәрі конституциялық кепілдемелер мен ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары" заңының нормаларын бұзуға келіп тіреледі. Мысалы, нарықтық реформалар өткізіліп отырғалы тұтас бір он жылдың өткеніне қарамастан, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жергілікті органдарына БАҚ-тың штатына аудармашы енгізу (Қарағанды) туралы бұйрық беру, эфирде белгілі бір ақпараттың берілмегені үшін сөгіс жариялау және кінәлілерді жұмыстан шығаруға уәде беру (Атырау) немесе соттың өз күшіне енбеген шешіміне сүйеніп газет шығаруға тыйым салу [11]
Кейбір прокуратура өз атына баспасөз бетінде немесе эфирде шыққан кез-келген сынды "Прокуратура туралы" Заңға сүйене отырып БАҚ-тың қазіргі заңдарды бұзуына айналдырғысы келеді, "кінәлі" журналистерді айыптап, ұрысуға бейім тұрады. Жарияланған ақпараттардың алдын-ала көрсетіліп алынбағаны үшін ҰҚК органдары (Өскемен, Петропавл) тарапынан кінәләулар аз емес. Полицияның лауазымды қызметкерлерінің өз мүддесіне орай ақпараттық материалдарды (Шымкент, Өскемен), немесе, көшедегі сауданы реттеу деген желеумен сол жерде сатылып тұрған газет-журналдардың барлығын алдырып тастау жағдайлары болды.
БАҚ аталған құқық бұзушылықтардың зиянды салдарларын реттеуді біршама үйренді, бірақ, олардың тарапынан заңсыз қимыл-әрекеттерді кес-кестеуге және моральдық шығынды төлетудің құқықтық мүмкіндіктері бірде-бір рет пайдаланылған жоқ.
Құқық бұзушылықтың үшінші тобын бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу және жарық көруін (эфирге шығуын) тоқтату тәртібіне қатысты атқарушы және құқық қорғау құрылымдарының қимыл-әрекеттері құрайды. Мысалы, БАҚ-ты тіркеуге қажетті, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 11-бабымен бекітілген құжаттардың барлығы да түгелдігіне қарамастан Ақпарат министрлігі бұрынғысынша құрылтайшылық және ішкі ұйымдастырушылық құжаттарды талап етіп, БАҚ-ты тіркеуді БАҚ жұмысына рұқсат беруге айналдырды. БАҚ-ты тіркеу мерзімі аталған заңның 10- бабында бекітілгендей 15 күн ішінде бұзылды.
Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір органдары іс жүзінде, теле және радиостанциялардың қызметін тоқтату туралы негізсіз сот талаптарымен басы қатты. Радио эфирді өз бетімен өшіру, сөйтіп, БАҚ қызметін сотсыз тоқтату жағдайлары да болды.
"XXI век" газетінің тираждалуына кедергі жасау және "Солдат" пен "Начнем с понедельника" газеттеріне моральдық зиянды өтеу үшін еш сәйкессіз және негізсіз талаптарды орындау іс жүзінде олардың жабылуына және сондай-ақ қайта тіркеуден өтуіне әкелді.
Құқық бұзушылықтың жеке бір тобын БАҚ мүлкіне байланысты құқық бұзушылықтар құрайды. Оларға мейлінше ортақ сипаттарды атаған заңдарда материалдық емес деп есептелетін абырой, мәртебе және іскерлік беделді қорғау үшін берілген талаптарды орындау барысында соттардың БАҚ-тың мүлкі мен есеп шотын тұтқындау туралы негізсіз ұйғарымдары, соттар мен сот орындаушыларының газет тиражын мүлік ретінде тәркілеу туралы негізсіз шешімдері,
- тиражды, бұл зат пен тауардың оңдаған мың оқырманға арналған және бұдан басқа ешқандай құндылығы жоқ ерекшелігін ескермей, контрабандалық тауар ретінде алып қою және құрту,
- БАҚ мәліметтерінің компьютерлік базасына рұқсатсыз ену.
Ақыр соңында, бесінші топқа, мәселен, мониторингте тіркелген, мемлекеттік органдарды" "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңның 26-бабындағы ережелердің жүзеге асуын және оның ішінде кемшілік шараларында мемлекеттік немесе орыс тілдерінің аудармаларын қамтамасыз етпеушілік, жасалған қылмыс бұзушылықтар туралы БАҚ хабарлары бойынша шара қолданбауды, дау-таласты сотқа дейін реттестіру, бекерге шығаруларды жариялау, т. б. туралы заң талаптарын бұзушылықты жатқызуға болады.
1. 1 Еуропа елдері журналистикасы. Сөз бостандығы
Болгария Конституциясы сөз бен баспасөз бостандығын қарастырады. Соңғы жылдарда Болгарияның бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсiз заңдары түсiнiксiз күйде. Қазiр радио және телестанцияларға лицензия алуға жаңа шарттар қалыптасты. Жаңа заң бойынша, телевидение үкiметке мүлде тәуелсiз. Өткен жылдардағы заңдарының сенiмсiздiгiне қарамастан, радиобағдарламаның ақпарат көздерi “парасатты бостандықты” пайдалануда. Бiршама уақыттан соң ғана телекөрсетiлiмдер қолға алынды. Мынадай фактілер бар: ақпан айында “Hushove” атты сатиралық телебағдарлама Үкiметке қарсы сыни материал жариялағаны үшiн қуғындалған. Мемлекет үкiметiнiң мұндай сынға ұшырауын Болгария ұлттық телеарнаның директоры қарапайым жарнамалық ереженi орындау деп түсiндiредi.
Жаңа жарлық бойынша, соттан басқа ешкiм бұқаралық ақпарат құралдарына санкция қолданбауы керек. Егер кiмде-кiм телевизиялық немесе радиостанцияны жапқысы келсе, сот үкiмiне жүгiнуi қажет. Мемлекеттiк қызметкерлер бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қателiк жiберсе, қоғамның қудалауына ұшырайды. Олар қоғамның қызығушылығын тудыратын жеке өмiр, қызмет жөнiндегi ақпараттарды жасыруға қақысы жоқ. Бұл ақпарат қоғам назарына ұсынылуы қажет.
Соңғы екi жыл iшiнде, саяси ұйымдар әртүрлi бюллетеньдер, газет және журналдар шығарды. Әрине, материалдық негiзгi бөлiмi олардың саяси көзқарастарымен, бағдарламаларымен тiкелей байланысты. Адам құқығы уақыты ұйымның хабарлауынша, аз уақыт iшiнде бұқаралық ақпарат өкiлдерiне қарсы күш қолдану, газет мекемелерiн бомбалау секiлдi iрi 11 шабуыл жасалған. Сол арқылы басылым журналистерiн қорқытуға тырысты. Әдетте, жалған айыптаулар қылмыстық кодексте жазаланатыны белгiлi. Кодексте, сондай-ақ адам құқығы, журналистiк этика нормаларының қорғалуы айтылған. Болгарияда репортерлердiң жалған сөздердiң құрбаны болып түрмеге жабылған екi уақиға тiркелген.
Ақпарат құралдары, соның iшiнде Ұлттық телевидение және радиосы жөнiнде жаңа заң қаулысы шығарылуы күтiлуде. Көптеген баспасөз шолушыларының пiкiрiнше, шектен тыс парламенттiк бақылау мемлекет басқарудағы Болгария коммуникация құралдарындағы жалған ақпараттардың белең алуына ықпал етуде. Жалпы ұлттық болып екi мемлекеттiк телевидение саналады. Үкiмет өз жоспарында келешекте екi арнаның бiреуiн не тоқтату, не жекешелендiру жөнiнде қаулы қабылдады. Бұл процестiң басы көрiндi: жаңалықтар ағымы күнiне бес минутқа қысқартылды; уақыттың негiзгi бөлiгi ескi киноға, мұрағат материалдарына бөлiндi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz