Жеңге және жезде мектебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жеңге және жезде мектебі
Жоспар: Кіріспе
1,Жеңге жезде мектебіндегі адамшылық оқу
2.Жеңге,жезде мектебінің өміртану сабақтары
3.Женге,жезде мектебінде үйретілген ұлы сөздер
Қорытынды
Әебиеттер
Кіріспе
Қазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузында,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасынан бастап,әулет,ру,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ,жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап,қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан,келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа,ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік және қарттық (Тәңертең төрт аяқпен,күндіз екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?-деген жұмбақты еске түсіріңіз.)үш кезеңнен тұрады. Өмірге келген күннен бастап,қырқынан шық-қанға дейінгі бала-қызылшаха(кей өлкеде шарана, шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа дейін-сәби (кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш-он бес жасқа дейін-балалық шақ.Балалық шақтың тіршілік тұрағы,тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең отағасы(отанасы) аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже)делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген, мақсатты, жүйелі тәрбиелік іс-қимыл әрекетті, тәлім-тәрбиелі үлгі-өнегені-ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес. Әулет мектебі-кім-кімге,нені, қалай үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын,тұнық шыныдан жасалған,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кеде й,шенді-шекпенді, хан-қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп. Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге, тайпа дәрежесіне жеткен.Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан.Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі, Құрман-ғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі т.б.Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі,адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі. Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,құрбы-құрдас немесе абысын-ажын мектебі,жеңге-жезде мектебі,бала думаны,ақшам мектебі, мереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәст үрлерден айыра. тану оңай емес.Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп.Оның бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған,мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі үшін,жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады.Оларды жалпы алғанда,қазақ- жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген. Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды. Ал,ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен, дәстүрмен,өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп,табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған.Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді.Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай ұйымдастырып,оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру нәтижесінде,қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған.Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан, бірлескен ,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ. Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және сөз,ырым және әдеттер,ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,на ным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер, атамекен-ел-жұрты,тұтынған ас суы,киім-кешегі,баспанасы,өскен өлке,ата-баба моласы,зираты т.б .Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет мектебіне де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар Айтыс аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы емес.ол-әулет мектебінің бір түрі. Айталық,балалар айтысы: тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс; жаңылтпаш жарысы;мақал-мәтел жарысы : қараөлең айтысы; жұмбақ жасыру сайысы ;сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы,қүлдіргі айтыс ,аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар.Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүге дек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған.Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,шенді шекпен жаппайтын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын. Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау , ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау-қо лпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту,дауыс шығару , көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер,өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер,бата-тілектер,аңыз әңгімелер,ертегі- хикаялар,шешендік сөздер, өлең-жыр,толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып,нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да,нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен,тұрғанды отырғызған,жатқанды тұрғызған,есенгірегеннің еңсесін көтерген,еліргеннің екпінін басқан, бір ауыз сөзбен тірілтіп, бір ауыз сөзбен өлтірген. Тіптен, Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- Тіл өнері болған.Осылайша,қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген.Қазақ тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді.Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті,әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді. Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналға. Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА-АНА болуға әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады.Өмірге есті де,епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі,бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатын Үшінші. Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат сәйкестігі, ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын.
Қазақ әулет мектебінің ішінде өзгешелегі тым молы жеңге және жезде мектебі.Балдырған шағында ұл мен қыз тәрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек қыз баланың киім киісі сәнді, жүріс-тұрысы әсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың амал-тәсілдерін ойластырып, сол үшін де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін қойған. Мәселен, екіден бес жас аралығындағы қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме, түйреуіш-тана тағып, үкі қадап тақия,кестелеп пешпет, кеудеше, бүрмелеп көйлек, сырмалы жағалы жейде кигізуі, жеңіне желпілдетіп жеңұш, қолына білезік, саусағына сақина салуы, олардың нәзіктігімен үндестік тауып, әдептілік пен әсемділіктің алғы шарты болған.Себебі қазақтар, қыз баланы киіміне,әсіресе, саусағына,алақанына,жеңіне қарап өседі деп түсінген.(Қазақтар қыз баланыңқай жастағысы болсын алақанын,білегін,бөтенге көрсетуге,ұстатуға құлықсыз болған) Бұл қағида - адамтану қазақ ілімінен орныққан бұлтартпас ақиқат еді. ...Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді.Бұл кезеңде ата-аналар оларға кіші балаларды бағып-қағуды,мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады...Бес,жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де,жаңа әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие болады-деп жазған И.С.Кон. Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын Х.Арғынбаев, Қазақтың отбасылық дәстүрлеріатты еңбегінде: Қыз балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйренеді,үй жиып,кір жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен жағымды қылықтарды үйренеді-деп тамаша көрсеткен.Мұның екінші жағы,сол жас шамасындағы балалар тәрбиесінде қыз және ұлға айырмашылықпен қарау қажеттігін аңғартады. Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап,олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай білген.Қазақ тәрбие ілімінде; Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала деген хас қағида бар.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім. Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл - ойының ұшқыр болуына ата - анасы, ағайын - туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда , патшасындай қарайды. Солай етуге ата - анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл - аймағы міндетті болған .Екінші жағынан,бұл жаста-ойын баласы себепті өзіндік еңбегі,тіршілігі бар ересектерден тәуелсіз күн кешуге тиіс. Сондықтан қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім, тастанды аталмаған. Жетім деп айтудың өзі қорлаумен тең болған-ды. Бес жастан кейін ұл- ұяты әкеге, қыз - ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы, шеше көрген тон пішуі шарт. Қыз бен ұл әке - шешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5 - 15 жасқа дейінгі бала әке - шешенің назарынан тыс қалуға бірде - бір жағдаят болмауы тиіс.Оларды әке - шеше қосшысындай бағалауы қажет. Ал он бестен асқан соң олардың досы болуы абзал.Солай болған да еді. Қыз бала жеті жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың басталуы деп есептеген), ес біліп қалды, етек - жеңін жинай-тын шақ болды" деп, қолғабыс жасау, даяшылық ету, анасына көмектесу,іс қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тән білік-дағдыларды игерткен. Ол үшін, олар біз ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік ұстап алаша, өрмек тоқуға араласқан. Жүн түтіп, майдалап шүйкелеумен қатар ұршық ұстап жүн иірген. Шүйкеден жіп есіп,бау құрастырған. Киімін жамап, түйме, түймебау қадаған.Су әкеліп, самауырын қойған, шәйнек асқан, мосы көтерген, пеш жаққан, отын терген, кір жуысқан, мал сауысқан.
Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралық-бозбала (бойжеткен) сын кезең ұлға да, қызға да бірдей.Балалықтан байсалдылыққа өтер басқа өткел де,жол да жоқ.Бірақ олардың сол сыннан сүрінбей өтуіне сүйеніш болар адамдар:ата-ана,құрбы-құрдас,туыс-т уған екені белгілі.Қазақ ғұрпында,ана қызға ең әуелі ақылшы,әрі жанашыр.Ана ақылынан титтей де аулақ кету, ауытқу болмаған десе болады.Қыз барлық өнегені анасынан алған.Сондығы болар,қыз ұяты шешеге" деген ғой."Қыз жағадағы құндыз".Ол баршаның бақыты.Көптің тәлімімен өсетін, нәзік қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ. ".Әдепті, тәртіпті қыз ауылдың мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік.Бой-жеткендерге "қырық үйден тию" қойып, қыз қылығымен" дегенді.ерекше ескерткен.Бірақ мұның бәрі де қыз тәрбиесі үшін жеткіліксіз(бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай жүр).Бойжеткен қыздарға ата-әже, әке-шеше жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас кейбір жағдайды шешуде өзі тәрізді тәжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек артып,сүйену қажет?.Өмірдің өзі-"Жеңге,жеңге." деп көрсетіп, сыбырлап: тұр емес пе?! Осы негізде қазақ әулетінде "Жеңге мектебі" өмірге келген."Қызы бар үйдің қызығы бар" болатындықтан әр күн өткен сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп,жаңа тосын жағдайлары көбеюі рас. Осының бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді? Әрине жеңге, ол болмаса әпекесі.Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы,бақ береке нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше."Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол" дейтін қазақ атамыз келінін кейде "қызым" дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю, бала асырап-күту, отбасындағы еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала әулетте ерекше бағаланады.Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ.Дүниеге қыз келіп,ата-анасы:Ырыс алды-қыз-деп қуанған.Әсіресе,қазақтар тұңғышының қыз болғанын қалаған.Оның себебі, осы отбасына әлі талай ұрпақ келер,оларды асырап бағуға анасына жәрдемші болар,қыз туса екен!-деп армандаған. Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре білген,онымен үн қоса білген жаратылысынан ерекше дарын иелері.Олар-ән-күй,өлең-жыр, қолөнердің небір баға жетпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида еткен,өзінің ақ пейілді,нәзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа таратып,ел есінде мәңгі қалдыру ата салтымыз.Осы салтты жүзеге асырушылар- жезделер мен жеңгелер, балдыздар мен қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа тәрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады.Бұл тәрбие жақсы нәтиже берді.
1 Жеңге,жезде мектебінің адамшылық оқулары
1.1. Адамгершілік оқуы.Әулет мектебінде алты түрлі пән оқытылған.Олар: Сөз өнері, Адамгершілік оқуы, Зерде және сауат ашу, Тарих- шежіре, Табиғаттану, Қол өнері.Бұл пәндер - әулет мектебінің қай түріне де ортақ,осы пәндер аумағында білім , тәрбие берілетін.
Қазақ ұғымында,олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, күліп-жылап,қуанып-мұңая алатын,сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ,көкірегі ояу,көзі ашық - ұлт өкілі.Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген - адам.Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам болар баланың,кісіменен ісі бар,адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі.Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі.Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі кісі(үнді), тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет,құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.
-Мына ұл- кісі болғанша,шашым ағарып бітетін шығар!-Ой,бауырым-ай,ол да ертең-ақ.Жас өсіп,жарлы баю лезде,әне-міне дегенше ер жетер,тек,үлгі-өнегесі оң болсын!
Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамгершілік жоғары бағаланады.Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде,өмірдегі кесір қырсық,жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.Күрес бар жерде күрескерлік дәстүр қайткен күнде қажет.Қазақтың күрескерлік дәстүрі тек адамгершілікке жат қылық мінездермен күресу барысында қалыптаспады.Қазақтың түп тұқияны Жұмыр жерге келіп тіршілік жасағаннан бастап әуелі табиғат апатымен,қоршаған ортаның адамға жағымсыз құбылыстармен күресуге,тірі жүріп тіршілік етуге тура келгендіктен күрестің жаңа дәстүрі туындады.Ол- еңбекқорлық пен жасам паздық дәстүр еді.Уақыт өте келе олар мекендеген жерін,өлкесін,қоғам мүшесін жыртқыштар мен жаулардан қорғау қажет болды.Осы негізде ерлік,батырлық дәстүр қалыптасты. Топтасып, қауымдасып тіршілік ету үшін адамдар арасындағы қатынастың барлық түріне жазылмаса да тым қарапайым болса да ереже қажет болды.Бұл әдепті өмірге әкелді.Ал әдептің өзі белгілі бір сенім -нанымға негізделмесе тұрақты болмады.Күрес нәтижесі екінші жағынан адамдарға ортақ ұстан-ымдар мен қасиетті игеріп оған бойұсынуға мәжбүрледі.Ол мәжбүрлік,әр адамда әртүрлі қолдау немесе қарсы тұру сезіміне сай әр дәрежедегі мінез-құлықтарын пайда болдырды.Адамдық қасиеттер мен мінез - құлық қалыптары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, нәсілдік жалғасу арқылы,қанға сіңіп,әр ұлттың ерекше мінез бітісін,адамгершілік қасиетін көрсете алатын болды.Адамрешілікте жалпы адамзаттық ортақ қасиеттер бар.Мінез-құлықта ондай ортақтық аз болумен қатар адамдардың жеке басына тән ерекшеліктер көп кезігеді. Мысалы баршаға ортақ көркем мінез үлгісі бар болғанымен әр адамда оның дәрежесі әрқилы.
Адамгершілік-қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,адамдар арасындағы адамдық қарым қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік,ұлттық игі іс-әрекеттер,мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,әдептіліқ қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Адамгершілік-адамның тұлғалық жақсы қасиетін танытады.Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары.Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адам-гершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк-адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып,пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды Тәрбиелеу қазақ үрдісін зерттеген, әдебиет танушы-ғалым Ш.Ахметов:Біріншіден,тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген,әке-шеше баласына әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған... деп,әулет мектебіндегі тәрбиеісінің бағытын ашық көрсеткен.Қазақ әдептану ілімі тәрбиелеу ілімімен қатар туып,онымен иық тіресіп,бір-бірін демесіп, біздің дәуірімізге келіп жетті.Ұлттық тәрбиелеу іліміне сүйеу болған,адамдардың тұрмыс тіршілігінде еңбек-іс әрекетіне және өндіріс қызметінде өзара қарым- қатынасын реттейтін іргелі жүйеге айналды. Адамргершілік асыл қасиетті жас ұрпақ санасына құюдың басты жолы-ізеттілік нұрымен нұрландырып, мейрімділік бесігіне бөлеу.Тәрбиелеу қазақ ілімінде:Ойлағаныңыз тек оң болсын,өйткені ойлағаныңыз-сөздеріңіз болады.Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз-әрекетіңіз болады.Әрекетіңіз тек оң болсын,өйткені әрекетіңіз-әдетіңіз болады.Әдеттеріңіз тек оң болсын,өйткені әдетіңіз-құндылығыңыз болады.Құндылығыңыз тек оң болсын,өйткені құндылығыңыз-тағдырыңыз болады.-деген қағида бар.Қазақтың кісілік дәстүрінің бір саласы-ізеттілік пен мейрімділік.Ұлттық тәрбиелеу ілімінің хәкімі М.Жұмабаев: Адамға қалай да болса көмек келтіретін ой мен іс-ізгілік деп аталады.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысында өзінде бар нәрсе-деген.Ал,Ж.Баласағұн:
Жасы кіші,жүзі нұрлы көрікті,
Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті!
Жомарт, ойлы,білер істің шамасын,
Әділ таза,сақтар жұрттың арасын.
Қиянаттан сақтайды адам баласын,
Шаң тигізбей ұстар намыс жағасын.
Қайда барса іс- қиюын табады, Сөйлесе ақыл-тілінен бал тамады. Жүзі игі барлық жерге сыйым-ды, Табыстырар қиыспайтын қиырды.Көзі жіті қырдағыны шалады,Қандай істе еш таймайды табаны. Жас ақылы-шығар сөлі шырынның, Ақыл қайда болса,соған қарай жығылған:Кішісінде- махаббат,кәрісінде- мархабат, Бәрі жақсы ізгілікпен өтсе жүгін арқалап! Ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжырымдар.Фараби данамыз:Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып,екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады десе халық:Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды-дейді Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді-деген,Сайф Сараи.Ізгілік іс-әрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем өз бойына мына адами құндылықтарды сіңіріпалған:ілтипттылық,әдептілік, инабаттылық, кішіпейіл-ділік,қарапайымдылық;Сыпа йылық,жақ-сылық және оны сатпау; Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі,шыншылдық.Сондығы болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады, ұмытыл-майды.Ұрпақтан - ұрпаққа сол ізгілікті,елдің мерейін көтерген сол рухани өмірді көкпардай қағып алып,мерейін өзінен кейінгі ұрпаққа табыстап келген,ата-бабаларымыздың тарихы,ғұрып-салты,тіл байлығы ешкімнен кем емес екенін мақтаныш етеміз.Жеткіншектің ой санасына осы мақтаныш сезімін құя білсек, жүре-гіне ұялатып, жанына жылу берсек тәрбиелегеніміздің белгісі болмақ.Адам ізгілік туралы жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуге тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істе-ген жақсылығыңа өкінбе.Ізгі ниет ақ көңілмен жасалған әр ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта. Ізгілік пайда үшін емес,адамдардың қуанышы үшін жасалады.Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қай -тады!-деп отыратын қарттар сөзінде терең мағына,адами қатынастың әсем үлгісі жатыр.Адамдардың мінез-құлқы,ішкі әлемі әр түрлі болады.Біреу ақжарқын,кең пейілді,өте мейірімді,ақкөңіл жайдарлы,бауырмал,кішіпейіл болып келеді.Ал біреулер тек өз пайдасын ғана ойлайтын өзімшіл,өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа,атаққа қол жеткізу үшін ондай адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады.Мұндай адамдардың сөзі мен ісі келіспейді.Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты.Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайрым-дылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады.Адам қолымен жасалған ізгі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.Жанында жүрген адамдардың қуанышын бөлісіп,қиындығын ортақтаса алатын адамның іс әрекетінде ізгіліктің негізі жатады.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза,сезімі сергек болады.Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі.Рахым, қанағат, әділдік және қайрымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін,рахатын көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.Туған-туыстар, достар, жора-жолдастар,көрші таныстарымен сыйластықтықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.
Күнделікті тіршілігімізде бір-біріміздің көмегіміз мен қызметімізге қаншама зәру боламыз. Бір-біріміздің ыстық құшағы-мызды аңсайтын кездеріміз аз емес.Бір-біріміздің жылы сөздер-імізді естуге інкәр болатын сәттеріміз қаншама!Көршінің-көршіге, ауылдастың ауылдасқа, жолдастың, достың досқа, туыстың туысқа ісі түспейтін күні қашан да болмаған шығар-ау.Ауырып қаласың.Әйтеуір бір өзің тік тұрып,тік жүріп тіршілік жасай ал-майсың.Қуанышыңды бөлісер ,қайғыңды серпісер адам іздей-сің. Ағайын-туысыңа арқа сүйейсің,жолдасыңды тірек етесің, көрші-ауылдасыңның көмек-кеңесін күтесің. Адамның күні адаммен. Адамның адамдығы адамгершілік қарым- қатынасында;бір-біріне арқа сүйегенінде,бір-бірінің әжетін шығарғанында, қуанышына ортақтасып,ауыртпалығын көтеріскенінде,арман талабына жетуіне көмектескенінде.
Адам баласының әр күнгі тіршілігі осындай қарым-қатынасқа толы болғандықтан туысына, көршісіне, ауылдасына,жолдасына,досына көмек көрсетіп, қайырымдылық, мейрімділік жасаудың тамаша үлгісін қазақ халқы ежелден қалыптастырған.Оны жас ұрпақ бойына сіңіру үшін нақтылы іс-әрекетті көзбе - көз жасап,қолма-қол атқарып отырған.Адам жақсылықты есеппен жасамайды. Ертең қайтара алама,жоқ па?-деп тоғыз тарау ойға қалып біреуге көмек жасау,қызмет көрсету адамгершілік іс емес.Керек кезінде,зәру уақытында кімге де болсын досына,туысына, жолдасына, көршісіне, ауылдасына,бәр-бәріне алаламай,алаңдамай,көмектесіп жібер, жанашырлық көрсете біл,аянып қалма. Міне,адамгершілік деген осы!Ал,жақсылық жасаған адамға қалайда қаруын қайтару парыз ба?Парыз деп санау қажет пе?Бұл жайындағы пікірімізді халқымыздың бір ауыз мақал сөзімен білдіреміз. Жақсылыққа жақсылық таң қалдырар іс емес.Жақсылыққа жамандық, адамдықтың ісі емес!Адамгершілік алыс-беріс жасайтын саудагерліктің ісі емес.Данышпан Абай: Татулығы,достығы бәрі сату, біреуге көмектескенде ертеңгі бас пайдасын ойлайтын,сол дәуір бірер адамдарының шын бейнесін,нақтылы ойын әдемі көрсеткен-ді.Адамда басқа жанға жақсылық жасай алатын қабылет болу үшін оның бойында адами қасиеттер:-Ізгілік,мейрімділік, сыпайылық,көпшілдік;-жылы лебіз, ізгі ниет, ізгілік әдеттері;-адал ниет,ізгі іс қалыптасқан болу керек. Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста Ы.Алтынсарин.Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқАбай.Өмірдің өкінбейтін бар айласы,ол айла-қиянатсыз ой тазасы.Мейірім,ынсап,әділет,адал еңбек,Таза жүрек,тату дос-сол шарасыШәкәрім.Нағыз ізгі жанды, мейірбанды адамдар өздерінің істеген жақсылықтарын біле де бермейді,олар жақсылық жасауға дағдыланған және мұнысына мәз болмайды.Оларға істеген жақсылықтарын мойындата алмайсың!Ал,енді біреулер сәл нәрседен оңай жерден өздерін жалтыратып көрсетіп қалғысы келіп,алақтаумен жүреді.Ондайды халық: Кең пейілдінің ішінде кен жатады.Тар пейілдің ішінде тас жатады деп,көрсетеді.Жақсылық ағаш басында,жамандық аяқ астында. Қайрымдылық әркімнің қолынан келеді.Халық ұғымында жас та,кәрі де басқаға сәулесін түсіре алады, жақсылық жасай алады.Тек пиғылы түзу болса болғаны. Туысқандық мейірім,Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді, Ағайынның азары болса да безері болмайды, Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан деп,қазақ,туыс-тың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.Қазақ болашақ ұрпағын,үрім-бүтағын байланыстырған сүйек-жекжатына үлкен мән беріп,бірін-бірі сыйлап,көмектесіп, әдеттенуге тәрбиелеген.Туысқандық мейрім-отбасындағы,әулеттегі ынтымақтың,береке бірліктің қайнар көзі.Туыстық мейрімнің негізі адамның қоршаған ортаның сұлулығын сүю,оны аялай білу сезімінің жемісі болумен қатар адамдардың бір-біріне құштарлығынан қуат алатын,жүректен шыққан асқақ көңіл.Дұшпандарымыздың осы бір қазақтың бауырмалдық,туысқандық қасиетін жою үшін,оған таптық рең беріп,қанаудың барлық түрі осы ағайындықтың артында жасырылған деп жар салуы тегін емес.Қандастық қайырымның қандай болатындығы соңғы ширек ғасыр да дүние жүзіне жарқырап көрінгенде,пасық ойлы ондай антұрғандар аузына құм құйылды! Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді,басқаныкін басыңа көтерсең де оған жетпейді. Қазақ сұраса келе,қарын бөле болып шығады, Тегі бірдің-түбі бір, еншісі бөлінбеген,барлығы-бір алаштың баласы, Біріңді,қазақ, бірің дос,көрмесең істің бәрі бос(Абай)Бар қазақтың бір ата баласы екенін,бір-бірін жатсынудың еш негізсіз екенін Шәкәрім де,шегіне жеткізіп айтқан.Қазақ бала бойындағы ерекше қабылетті,ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды өте жоғары бағалаған. Атасына тартып ақын болыпты, нағашысына тартып әнші, әкесіне тартып күйші,анасына тартып биші болыпты деп,бала-ның икемі мен талабына сүйсіне қараған. Ата өнері- балаға мұра,ата кәсібі-бала нәсібі.Жас ұрпақтың тәлім алып,үлгі-өнеге үйреніп,өнер ұғатын-ұстаздық ортасын,ағайын туысын қадірлеп құрметтеу, олардың мейірім шапағатына бөлену бала үшін таптырмас табыс.М.Шаханов: Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес. Туған өкпеге қиса да,өлімге қимайды. Тұрман құйысқандай болмайды,тумаң туысқандай болмайды.Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жерДостық мейірім Достық! Осы бір қасиетті сөзді әрдайым ілтипатпен айтамыз.Өйткені өмірдің мәні де,сәні де ең алдымен шынайы достықта,сыйластықта.Адамның бір-бірімен достасуы өмірге нәр беріп,көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз,ұранымыз.Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін,рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі,біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Достың мәні мен маңызы туралы адамзат қоғамында өмір сүрген даңқты адамдардың,ғұлама ғалымдардың,ақындар мен жазушы-лардың,ойшыл,өнер қайраткерлерінің оралмағаны айтпағаны жоқ деуге болады.Себебі достық жалпы адамзатқа тән қасиет.Мәселен: Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам(араб), Жақсы дос нағыз-қазына(қытай), досы көпті жау алмайды, жүз сом ақшаң болғанша,жүз досың болсын(қазақ) барлығы ұқсас мазмұнмен бағалаған.Әл-Фараби данамыз,достық туралы тамаша тәлім айтқан. Достықтың екі түрі болады.Оның бірі-адал дос та,екіншісі айнымалы дос.Адал досқа үнемі ілтипатпен қарап,одан айрылып қалмау жағын көздеген дұрыс,адамдар бір-біріне жақсылық,өзара қамқорлық жасауы қажет.Жақсы достың сенімін ақтаған абзал.Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып,нені болса да бірдей көретін болады.Жалған досқа адам өзінің құпиясын,мінез құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ.Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген ғанибет.Бір-біріне дұшпан көңілді адамдардың да екі түрі болады.Бірі-өшпенділігі мол,жаулығы басынан асқан адамдар да,екіншісі-көре алмаушылықтан жауығатындар.Бұлардың біріншісінен ерекше сақ болып,олардың ой-пікірін үнемі қадағалап,біліп жүру,осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай,тиісті жерінде аямай әшкерлеу қажет. Бейтарап адамдардың да жолдастық достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз болады.Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ,кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ,олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс.Бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ой-тілектері араз адамдарды татуластыруға,олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орнатуға жәрдемін тигізеді.Сондықтан бұларға көңіл бөліп,іс-әрекетіне демеу беріп отыру керек.Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп,,байыптылықпен қарым-қатынас жасап отыру керек.Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: -Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып: -Достықтың екі түрі болады.Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық. -Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады.,адал дос қашан да жаныңнан табылады.Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды.А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын7 Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме, Ахмет,бар болса егер баста миың. Ә.Нұршайықов-достық қағидасын терең талдаған ойшылдардың бірі. Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.Жерге түскен әрбір ұрықтың өнуі үшін Күннің нұры,топырақтың қызуы қажет.Сол сияқты әр сәбидің жүрек түпкірінде жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп,өсіп,гүлденуі үшін едәуір уақыт керек.Баланың есі кіріп,сана сезімі оянып,кемелдене бастаған шағында оның жүрегіндегі,достық пен махаббат бүршік жаруға талпынады. Бірақ бұл екеуінен бұрын балдырған-бөбектер арасында жолдастық басталады.Өйткені, жолдастық-достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.Жолдастық достыққа жетелейді.Адал достық асыл махаббатқа апарады Өзіңе қарай досыңды таңда:тең теңімен жарасады,Досты барда да сына,жоқ та да сына.Адамды екі нәрсе қартайтпай-ды:Бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз. Ақ болсаң, қараға жуыма;аққа қара тез жұғады. Әйелдің жалғыз жетістігі бар;ол-дақ түспеген ары (Ж.Баласағұн). Адамгершілігі қалыптасқан әрбір адам басқаға баянды достық жасауды-өзінің борышы деп есептейді.Абай дана, досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол дейді.Достық тек дос болған адамға жасалмайды,халқымыз адам болсаң, адамға достық жаса әмандадеп уағыздайды.Бірақ достың да досы бар, айнымалыдос тек өзін ғана достық жасауды ұнатып,өзгеге достық жасағанын бұлдайды. Халық:Ақымақ достан, ақылды дұшпан артықдеген.Келіп-кетіп, көп жүріп, мен досыңмын деп жүріп,жоқ нәрсені шатады,сөйтіп құдай атады,-деп ұлы Абай атамыз жалған достың жамандығын әшкере етеді. Доссыз,қимас жолдассыз өмірде мән жоқ екені белгілі.Бір-екі рет сыйласуға,қадірлесуге,құрметтесуге келген тәп-тәуір адамның аяқ астынан құбылып,ойламаған жерден бөтен мінез танытып,сыр білдіріп қойса оған не дерсіз?Дос-жолдас болып жүріп байғұс жүрегіңнің дал-дұлын шығарып кетсе,ол адам тірі жүрсе де-өлі. Өлді кейі,кейі-жау, жүрегім менің қырық жамау-болатыны да рас. Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады Жүректің қалауымен ғана ғұмыр кешкен жанның келешегі кемел,алды жарқын! Жаман дос көлеңке:күн ашықта қойныңда,күн жабықта мойныңда-дейді.Жақсы дос достықты-борышым, адамгершілік міндетім деп есептейді, достығын бұлдамайды, есептеспейді.Халықта ажырасар дос ердің артқы қасын сұрайды деген мақал бар. Есептескен дос достық жасай алмайды,Достық-бұлдауға,есептесуге қарсы, қасиетті ұғым. Достықтың жоғарғы асқары-халықаралық достық. Дос болу- киелі үғым.Ертеде дос болу үшін ер азаматтар, Ақсарбас айтып сойып,малдың бауыздау қанына жейделерін матырып,оны ауыстырып киіп,жүректерін түйістіріп,ғұрып жасап,рәсім өткізген. Кеуделері түйіскен,қанды көйлек киіскен достардың бұл рәсімі:-бір-біріміз тамшы қанымыз қалғанша достықты сақтаймыз- деп,серт беріп,ант-су ішудің бір түрі. Жанымыз жақын,жүрегіміз бір болады-деп кеуделерін түйістірген.Кәзіргі құшақтасып амандасу соның салдары.Дос болудың,қазақ халқында,әр дәуірде әр түрлі рәсімдерін қалыптастырған. Серттесу, Анттасу, Уағдаласу, Ант-су ішу, Ақ дәм тату. Қару алмасу т.б. Шынайы достықтың арқауы-олардың өмірге көзқарастарының,тұрмыс салтының,моральдық бейнелерінің, рухани азығының,ақыл-ойларының,сезім дүниелерінің ұқсас келіп,бір арнаға құйылып жататындығының тазалығы.Мұндай достық - мәңгілік.Шынайы достар бір-біріне қол ұшын беруге әзір.Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі.Бірінің абыройына,беделіне, бақытына екіншісі де бар жан тәнімен шаттанады.Өмірде бұрыс басқан қадамдары болса,бір-біріне ашық та батыл айтып,жөн сілтеп отырады.Дәлірек айтқанда, бір-біріне ұстаз.Бүгінгі таңда,дос таңдай білу өте маңызды. Кәзіргі қазақ қоғамы көптеген этнос ұл-қыздарына,көптеген наным-сенімді қөзқарасты жастарға, ұстамы мен құндылықты бағалау дәрежесі әртүрлі топтарға толы. Халық,ұлт өкілінің көпшіл,қоғамшыл болуын,қара басының қамы үшін ғана емес,халқы үшін қызмет етуін талап етіп,абыройлы азамат тәрбелеп,оның азаматтық борышты адал атқаруын үнемі қадағалап отырған.Халық әдебиетіндегі қай қаһарман болсын,ертедегі күшті мен тістіге,,кәрлі мен зәрліге,жат ортаға,адамзат баласы басып көрмеген батыл қиындыққа барып,біреулері, ел үшін, ата-анасы үшін,халқы үшін күресіп жанын пида етеді, екіншілері,бар жауызды,бар қиянатшыл зұлымдарды жоқ етіп,халық бақытын паш етеді.Халық өшпейтін,өлмейтін құдіретті күш. Сондықтан, халық күш-қуатын тасқын суға теңеп, Елдің күші- селдің күші деп бағалаған.Халық ер азамат,жас ұрпақты ел бірлігіне,қорғанының беріктігіне жұмылдырып, көптік қайда болса, тоқтық сонда,не көрсең де еліңмен бірге бол, көппен көрген ұлы той, үйірлі құлан ақсағын білдірмейдідейді. Әрбір адам өз өмірінде туған елін,Отанын жақсартып,гүлдендіріп кетуге тиіс. Ер жігіт бір күнде бір кісілік,бір күнде мың кісілік.Осыдан болып, өз елімнің басы болмасам да,сайының тасы болайындеген.Халық кім болсаң да,ұлт мүддесіне,арман мұратына қарсы болма дегенді жастарға жалықпай ұқтырған. Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпайтынын ескертіп, жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас десе, адам құдіреттілігі,қуаттылығы ұйымшылдық пен бірлік екенін алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді, кеңесті ел азбайды, Бірлігі мықты елдің,белін ешкім сындырмас, қосылғанның қолы ұзын,ұйымдасқан ұтады. Ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық қай заманның адамы болса да қажетті қасиетдеген ғой. Ауыл болсаң қауым бол, саусақ бірікпей, ине ілікпейді немесе Көрген сайын сіз десіп,сыйласқанға не жетсін,шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін Төле би жас кезінде талай жасы үлкен абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.Төле бала әуелі әкесіне барыпты.Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ,ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Қалай еткенде бірлік болады,оның күші қандай болмақ дегенді сұрайды.Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.:-Балам мынаны сындырып көрші.Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. -Енді сол шыбықты бір-бірлеп сындыршы?Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп ол оңай сындыра береді.Әлібек би:-Бұдан не түсіндің,балам?-дейді.Сонда,Төле бала: -Түсіндім,әке бұл мысалыңыздың мәнісі:ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да,дау да ала алмайды. Саяқ жүрген таяқ жейді демекші,бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой -Бәрекелді, балам, дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке,ынтымаққа шақыра біл. Бақ қайда барасың дегенде,ынтымаққа барамын дегенінің мәнісі осы,-депті. Халқымыз өз Отанын,өз ұлтын,өз тілін,ғұрып-салтын, жалынды жүрекпен қорғай білген,аялап сүйе білген,жас ұрпағын осы рухта тәрбиелей білген. Атамекен-алтын бесік деп,ата-бабамыз тегін айтпаған.Ол өз перзентіне барын,нәрін береді.Төсінде тербетіп аялап әлпештейді.Әр адам өз атамекенін мақтаныш етеді,қадір түтады.Атамекенге қызмет ету-әрбір азаматтың игі арманы,мақсат,мүддесі. Ұлтарақтай болса да,ата қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болса да,туып өскен ел қымбат-деп түсінген қазақ атамыз,елін,жерін сүйген патриоттарын тәрбиелегенде өткен дәуір тарихын,бабалардың жасаған жалынды ерліктерін,Отанын,жерін қорғаудағы қолы жеткен табыстарын үлгі өнеге тұтқан.Өз Отанын,өз ұлтын,өз тілін,халықтық тамаша ғұрып салттарын жалынды жүрекпен сүйген,еліміздің озық ойлы адамдары басыбайлылық пен меш-еулікті,көз сүзгендік пен біреудің қолына қараушылықты мейлінше жек көрді,отаршылдық пен қанаушылыққа,сол қездегі қоғамдық құрылыс пен саяси тәртіпке,жымысқы саясат пен бөлшектеп ыдырату,қырып-жоюға қарсы күресіп келді.Міне осы негізде қазақтың бас құндылығы-күрескерлік дәстүрі нығайып қалыптасты. Алтын анам,Отаным!Сенен аяр жаным жоқ,сенен іркер күшім жоқ.(М.Әуезов)Халықтың қажетіне жарап,ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың көрінісі.Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп,оның жарқын болашағына сенеді.Отанын қастерлеп,білімі мен еңбегін елінің мүддесіне,игілігіне жұмсайды,Адам-қоғамдық тіршілік иесі.Оны қоғам туғызады, тұлға етіп шыңдайды,ұлты өз өкілі болдырып өңдейді,жұрты-кісілік дәстүрмен суарады,зерлейді, осылай ол әлеуметтік өмірде белгілі бір қызмет атқарады.
Ұлттық тәрбие қазанында қайнап,тірлік мектебінде талқыға түскен-жас қазақ-азамат аталады, халық алдында борыш арқалап,күреске түседі. Азаматтық ұғымы адамгершілік биік болмысты,азаматтық белсенділікті,ойлау мәдениетінің жоғарлығын,ізгілікті іс-әрекеті,ізгі қарым-қатынасты,дүниетаным тереңдігін,әділдік пен адалдыққа құштарлықты,мақсат-мұрат биіктігін білдіреді.Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі мәнді,үйлесімді болады.Ол адамдардың өзара түсіністігін,сыйластығын туғызып,өзін және өзгелерді құрметтеуге,дәріптеуге жеткізеді.Қазақ, адамгершілігі мол,өз елінің қамын ойлаған адамды азамат деген.Халық азаматтарға үлкен сенім артады.,оған құрметпен қарайды.Қазақ азамат жігітті нарға балайды. Нар жолында жүк қалмас,-дейді.Нар деп отырғаны-қандай сынға да басын байлайтын,соған қайрат жасайтын адам.Елім деген жігітке ер,қор болмайсың! Өзім деген жігіттен сақ болғайсың! Азаматтық-елге,жерге деген қалтқысыз адалдық, адамдар арасындағы сыйластық пен жарасым,ар-ұждан мөлдірлігі және адамгершілік парыз.Туған жер,ана тіл,дәстүр,салт-сана,тарих бұлардың бірі жоқ жерде екіншісінің болуы мүмкін емес.Туған жер,ана тіл, дәстүр,салт-сана,тарихқа деген сүйіспеншілік,құрмет-нағыз азаматтықтың көрінісі.Қандай бір энциклопедия-лық анықтамадан кем түспейтін, Қазыбек кеменгердің:Алтын ұяң-Отан қымбат, Құт берекең - атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат, Асқар тауың әкең қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пенен ар қымбат. Өзің сүйген жар қымбат.- деген дана ойы,әр қазақтың жадында мәңгі сақталатын,жас ұрпақ жаттап алатын,тұмар етіп мойнына тағатын асыл сөз.?Халық жақсылық жолға талпынған жасқа әуелі көпшіл бол деумен қатар қара басына емес,еліне жақсылық істеуді, азаматтық борышты адалдықпен атқаруды талап етеді. Адам- қоғамдық тіршілік иесі.Оны тәрбиелейтін де, дайындайтын да,қалыптастыратын да қоғам.Әрі ол қоғамда белгілі міндет атқарып,борышын өтейді.Ол ұлттың өкілі.Туыс та,емес,дос та емес,алаштың жай ғана азаматы.Үлкеннің де,кішінің де көңілінен шығатын,ерекше еңбексүйгіштік, адамға деген мейрімділік,ілтипаты бар адамды қазақ-Азамат- дейді. Азамат деген атақ жақсы адамға халықтың таққан айдары, көптің көңілі,елдің ықыласы.Сондықтан бабалар жақсымын деп мақтанба,халық айтпай,-деген.Әр дәуірде, әр ортада,әр өлкеде үлкен беделге ие болған,құрметке бөленген адамдар болған. Ондай адамдар қандай жұмыс атқарғанына қарамастан,үлкенге іні,кішіге аға дегендей, ағынан жарылып, іске ұйтқы болып жүреді,Нағыз атпал азаматтар осылардан суырылып шығады. Оларды,Қаныш кеменгер: Қазақ акедемиктері деген.Бұқара оларды-ақылман ғұлама дейді.
Жетек деген көрегенге жолыққан шұбартаулық ақылгөй Байқотан:-Қияннан асқан бар ма,арқардың ізін басқан барма,ұлардың үнін ұққан барма? Соны іздеп келемін,-депті.Сонда Жетек: -Е,сенің іздегенің менің іздегенімнен де, қиын екен.Мен адам-адам болса екен,ардан безбесе екен, намыстан қашпаса екен,ерлікке бастаса екен,елдің шырқын бұзбаса екен,ел басшысыз болмаса екен,жер жаңбырсыз болмаса екен,сөз тыңдаусыз болмаса екен деп соны іздеп барам-депті.Ал,Шәкерім атамыз: Ар демек-адамшылық намыс деген,Арың кетпес жағыңа қарыс деген, Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу, Сөз емес күншіл болып алыс деген. Намыс сол өзің қорлан кемдігіңе, Құрбың мен ұмтылып бақ теңдігіңе, Алмай оз алдыңғының аяғынан, Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе. ...Сабыр,сақтық,ой,талап болмаған жан Анық төмен болмай ма хайуаннан? Ынсап,рақым, ар,ұят табылмаса,Өлген артық дүниені былғағаннан. Азаматтық борыш дегеніміз кісіге міндеттелген әрі мүлтіксіз орындауға тиісті, оның ішкі моральдық қажеттілігі бола алған,қоғамның қоятын талаптарының жиынтығы.Азаматтық борышын өтеу ердің ерінің қолынан келетін асқақ талап болумен қатар ешкімнің қолы жетпес қияли арман да емес.Талаптанған, талпынған,ізденген,ұмтылған кім де кім ол борышты өтей алады.Халық борыштылық деп әркімнің өзіне жүктелген тапсырманы абыроймен орындап шығуын айтады.Бабалар ұғымында борыштылық-азаматтың өзін белгілі бір ұлттың өкілімін деп түсініп,сол ұлт алдында,сол жұрт аумағында жауапкершілік жүктейді.Жауапкершілік өте күшті,өте айқын,тым маңызды, тым терең сезімге негізделуі керек.Әркім адамгершілік талаптарын, борышын орындауда бұқара тәжірибесіне сүйеніп, өзінің ар-ожданының сыпатына сай әрекет етеді.Адамгершілік қажеттілігі-борышқа адал берілгендік-үлкен күш.Алайда,бір ғана борыш адамдардың бүкіл адамгершілік үрдісін реттеп отыра алмайды.Адам біреуді құтқара отырып өзі опатболуы мүмкін. Борыш- басқа біреудің қайғы қасіретіне көмектесу.Бірақ қоғам біреуге көмектесе отырып,опат болуға міндеттемейді.Мұндай қадам жасауға адамды не итермелейді?Бұл әрине адамның адамгершілік көрсеткіші-ар-ұждан нәтижесі.Ар-адамның өз әрекеті үшін өзінің алдында моральдық жауапкершілікті түсіну және сезіну,сонымен қатар әділетті болуға деген ішкі ниет.Ождан үні-бұл адамға қойылатын қоғамдық талаптардың басқа түрге айналдырылған үні және адам адамгершілігінің қөрсеткіші.
Қоғамның моральдық өмірінде ар-адамның мінез-құлықтарын реттеуші қызметін атқарады.Бір жағынан ол іс-әрекеттерді бағалайды,екінші жағынан оны кейбір іс-әрекеттерге итермелейді,басқаларынан сақтандырады.Ар түсінігінен тиімділік және эмоциональдық компененттер біріктірілген.Ол ожданды пайымдауда көрінетін іс-әрекеті үшін өзінің жауапкершілігін түсінуді және қуаныш пен мақтаныш немесе ұялу мен өкініш сезімдерінен көрінетін рухани қанағаттануды немесе жәбірленуді қамтиды.Ождан белгілі бір құндылығымен және тұрақтылығымен сыпатталатын өмірлік іс-әрект бағытына негіз болып табылады,борыш туралы ұғым да осыған сүйенеді. Атақты Шаңды жорықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта туыстық қатынасты меңгертудің педагогикалық және психологиялық негізі
Тіл және мәдениет жайлы
Үш жұрт
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖОСПАРЫ
Қазақтардың дәстүрлі туыстық қарым- қатынасы
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ
Cөз әдебін қалыптастыру жолдары
Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері
Қайын жұрты
Пәндер