Өзендер және классификациясы, морфометриялық сипаттама
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт
Жаратылыстану - математика факультеті
Арбашова Арай Маханбетиярқызы
Өзендер және классификациясы, морфометриялық сипаттама.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ғылыми жетекші: Ахметова Э. Б.
аға оқытушы
Қостанай, 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.ӨЗЕН ЖӘНЕ СУ АЛАБЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Өзеннің гидрографиялық желісінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ...5
1.2. Су режимі. Өзендердің қоректенуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 6
2.ӨЗЕНДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1. Өзендердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2. Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі ағысы.Атырау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3. Өзен желісінің иректілігі, ұзындығы және жиілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.4. Өзен алабы.Алаптардың морфологиялық сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.5. Өзен аңғары және арнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі:
Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын рөлі аса зор әрі сан алуан. Академик В. Вернадскийдің сөзімен айтсақ Біздің планетамыздың тарихында судың орны бөлекше. Негізгі, ірі геологиялық үдерістерге ықпалы жөнінен суға тең келетін зат табиғатта жоқ. Сондықтан да соңғы кезде өзі салалас ғылымдар ішінен гидрологияға деген көзқарастың күннен-күнге ұлғаюы әбден түсінікті болып отыр.
Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуы мен сақталуы үшін өте зор.
Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатынын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану, су көлігін дамыту, жер суару және басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлкедегі аумақтардың су қорларын пайдаланумен тығыз байланысты.
Үстіміздегі ғасырдың басына дейін өзендеріміз бен көлдерімізді негізінен тек су жолы ретінде және жер суару үшін қолданып келгеніміз белгілі. Ескертетін жайт: өзендер мен көлдердің энергетикалық қуат қоры да өте мол.
Жұмыстың мақсаты: Өзендер туралы жалпы түсінік, өзеннің гидрографиялық желісінің қалыптасуын зерттеу, Воейков жасаған қоректенуі бойынша өзендердің классификациясымен танысу, өзендердің морфометриялық сипаттамасы туралы түсінік қалыптастыру, өзендердегі тіршіліктің дамуын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Өзендердің пайда болуын анықтау.
2. Өзендердің желісінің құрылымын буындарға бөліп қарастыру.
3. Өзеннің бастауы. Атырау туралы түсінік.
4. Өен аңғарларының қалыптасуына және оның тұрпаттарына
сипатттама беру.
5. Өзендердің қоректенуі бойынша талдау жасау.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 тараудан, 7 бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында өзеннің пайда болып, қалыптасуы, климаттық жағдайы мен су жинайтын алабының мөлшеріне байланысты, гидрографиялық желі құрап, оның құрылымы талданып көрсетілген. Қоректенуге байланысты өзендердегі су мөлшерінің өзгерістеріндегі себептер қарастырылған.
Жұмыстың екінші тарауында өзеннің морфометриялық сипаттамасы туралы айтылған, өзеннің бастауы, ағыстары және атырау түрлері туралы деректер көрсетілген. Өзеннің иректігінің өзгеруінің есептеу формулалары келтірілген, өзендердің жылдық ағындысының сипаты кестесі берілген. Орыстың белгілі метеорологы, климатологы, географы - Александр Иванович Воейковтың анықтамасы бойынша, өзендердің классификациясы көрсетілген.
Зерттеу әдістері: Мәліметтерді жинақтау, топтау, жүйелеу, тарихи әдіс, демонстрация. 1. Өзен және су алабы
1.1. Өзеннің гидрографиялық желісінің қалыптасуы
Өзен деп едәуір мөлшерде айқын қалыптасқан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық жауын-шашындармен әрі жер асты суларымен қоректенетін ағын суды атаймыз.
Өзен арнасы әдетте, тұрақты ағын су, ал кейбір құрғақшылық аудандарда уақытша тартылып қалуы мүмкін, климаты қатаң, суық аудандарда қатып қалады.
Ағып өтетін жердің бедеріне байланысты өзендер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жазық жер өзендері - биіктігі 300-500 метрлік ойпаттар мен жазықтарда ағады; 2) тау өзендері - бедері 300-500 м-ден биік тау жоталары мен қыраттарды басып өтеді.
Климаттық жағдайы мен су жинайтын алабының мөлшеріне байланысты, өзендер тұрақты немесе уақытша әрекет етуі мүмкін. Аумақтағы тұрақты өзендер мен уақытша ағын сулар, көлдер және батпақтар жүйесі осы аумақтың гидрографиялық (өзен) желісінің құрылымын мынадай буындарға бөлуге болады.
Қолат - гидрографиялық желінің ең жоғарғы буыны. Беткейлері шымдақ әрі көлбеу жатқан, табаны тегіс келген еңістеу жердің ойдымы.
Өзек - қолаттан өзінің қазған орының тереңдігі, беткей-биіктігі және құламасымен ерекшеленеді.
Құраңғар - гидрографиялық желінің беткейлерінің ассиметриялығымен жіне ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.
Аңғар - тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрографиялық желінің соңғы буыны.
Гидрографиялық желінің негізгі элементтерінің (мөлшері, қазу тереңдігі, беткейінің құламалығы) қалыптасу үдерісі ұзақ уақыттар бойы істеліп келсе, ал осы буын табанында әрі беткейлерінде қазіргі уақыт эрозиясы жер бетін жыру, опыру, жарлауыттар қазу арқылы бұл жұмыс жалғаса беруде.
Басқа ағын сулар (жылғалар, бұлақтар, өзендер) келіп құятын, әрі өзі көлге немесе теңізге құятын өзендерді негізгі (басты) өзен дейміз, ал оған құятын өзендерді оның салалары деп атаймыз. Басты өзенге тікелей келіп құятын өзенді бірінші дәрежелі сала, оның саласын - екінші дәрежелі және т.б. деп атайды. Салалардағы былайша жоғарыдан төмен сұрыптау нобайы, яғни белгілеу дәрежесі басты өзеннің бастауынан оның сағасына қарай кішірейте жүргізілуі гидрографиялық сипаттамалар жасауда кеңінен қолданылады. Бұл нобайдың елеулі кемістігі - ірі өзендер мен жылғалардың бір қатарға қойылу мүмкіндіктерінде болып табылады.
Американдық гидролог Хортон салаларды белгілеудің өзгеше жоғарылау (төменнен жоғары) нобайын ұсынды. Бұл нобай бойынша гидрографиялық желінің ең жоғарғы буыны бірінші дәрежелі салаға жатқызылады, ал бірінші дәрежелі екі саланың қосылуынан екінші дәрежелі сала басталады және т.б. Бұл нобай бойынша негізгі өзен ең үлкен дәрежеге ие болады. (2.2 - сурет).
Мөлшері шамалас екі өзеннің қайсысы бас өзен, қайсысы оның саласы екенін анықтау үшін олардың суының көлемі, ұзындығы, су алабының аудандары және даму тарихы қарастырылуы тиіс. Басты өзен саласы туралы тарихи қалыптасқан түсініктің шындыққа қайшы келуі өмірде жиі кездеседі. Мысалы, Енесейдің саласы болып есептелетін Ангара өзенінің суы Енесейге қарағанда 2-5 есе көп; суы жөнінде Еділ өзенін Кама өзенінің оң саласы деп есептеу дұрыс болған болар еді, сонымен бірге Кама өзені Еділден (қосылған жерге дейін есептегенде) 194 км-ге ұзынырақ.
Өзен желілерін (көрінісі) сұлбасына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:
а) ортаға ұмтылушы - негізгі өзеннің салалары радиус бойынша орталыққа бағытталған;
б) ағаш бұтақтарына ұқсас - өзен желісінің сұлбасы ағаш бұтақтарын еске түсіреді; қауырсын көріністі - қауырсынның құрылымына ұқсайды. Өзен желілерінің бұдан өзге сұлбалары да кездеседі.
1.2. Су режимі.
Су режимі деп су нысандарындағы уақытқа байланысты су деңгейінің, су өтімінің өзгеру ерекшеліктерінің бірлескен жағдайын айтамыз. Бұл анықтаманың кеңірек түсінігі - су нысандарының гидрологиялық режимі.
Өзеннің гидрологиялық режимі көпжылдық, маусымдық және тәуліктік құбылмалығымен ерекшеленеді: 1) су деңгейі (су деңгейінің режимі), 2) сулылығының (ағынды режимі), 3) мұздық көрсеткіші (мұздық режим), 4) судың температурасы (термикалық режим), 5) ағыспен тасылатын қатты заттардың мөлшері мен құрамы (тасындылар режимі), 6) еріген заттардың шоғырлануы мен құрамы (гидрохимиялық режимі), 7) өзен арнасының өзгеруі (арнадағы үдерістер режимі).
Өзен арналарында оның гидрологиялық режимі әсер ететін, гидротехникалық ғимараттардың бар-жоғына қарай реттеліп, табиғи немесе тұрмыстық режимдерге жіктеледі.
Гидрологиялық режимнің сипаттамаларының ішінде ерекше орын алатыны - өзендердің ағындысы. Ол су мөлшерінің дәрежесін, энергиялық су қорларын және осы аймақ көлеміндегі су жолының шамасын сипаттайды.
Өзендердің қоректенуі.
Өзендер қоректенуінің негізінен төрт көзі бар: жауын, қар, мұздық, жер асты. Қандай да болсын қоректенуі көзінің ролі олардың уақыт ішіндегі ұштасуы мен бөлінуі, негізінен алғанда климат жағдайларына тәуелді. Мысалы, ыстық климатты елдерде қармен қоректену болмайды, тереңде жатқан грунт сулары да өзенді қоректендірмейді, қоректенудің бірден-бір көзі жаңбыр суы. Суық климатты елдерде өзенді қоректендіруде жазда қар суларының, ал қыста жер асты суларының маңызы зор. Қоңыржай климатта қоректенудің әр түрлі көздері ұштасып келеді.
Қоректенуге қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер өзен деңгейінің ауытқуларынан байқалады. Өзен деңгейін үнемі қадағалап отыру уақыт ішіндегі өзендердегі су мөлшерінің өзгерістеріндегі заңдылықтарды - олардың режимін анықтауға мүмкіндік береді.
Қоректенуде еріген қар суы маңызды роль атқаратын қоңыржай-суық климат өзендерінің режимінде 4 фаза немесе гидрологиялық маусым: көктемгі су тасу, жазғы межень, күзгі тасқын мен қысқы межень айқын бөлінеді. Басқа климаттық жағдайлардағы меженьдер режиміне су молдығы, су қайтымы мен межень тән болып келеді.
Су тасу - жыл сайын белгілі бір маусымда қайталап отыратын деңгейінің көтерілуіне алып баратын өзендегі су мөлшерінің біршама ұзақ және едәуір көбеюі. Бұл жазықтарда қардың көктемгі еруінен, тау басындағы қар мен мұздың жазғы еруінен; жаңбырдың молдығынан болады.
Түрлі жағдайларда су тасудың басталу уақыты мен ұзақтығы әр түрлі болады. Жазықтардағы қар еруінен болатын су тасу қоңыржай климат жағдайларында көктемде, суық климатта жазда болады, тауларда көктем мен жазға созылады. Жаңбырлардан болатын су тасуы муссонды климатта көктем мен жазды қамтиды, экваторлы жерде күзге тура келеді, ал жерорта теңіздікте қыста болады. Су тасуы кезінде кейбір өзендердің ағыны жылдық ағынның 90% -дей болады.
Межень - жер асты қоректенуі басым болғандағы өзендегі судың ең төменгі күйі. Жазғы межень топырақтың жоғары инфильтрациялық қабілеттілігі мен күшті булану нәтижесінде, қысқы межень беткі қоректенудің болмауы нәтижесінде болады.
Тасқын - жаңбыр және еріген судың өзенге қосылуынан, сондай-ақ бөгеннен судың жіберілуінен туған өзендегі су деңгейінің біршама қысқа уақытқа және периодсыз көтерілуі. Тасқынның биіктігі жаңбырдың немесе қар еруінің интенсивтігіне байланысты.
2.1. Өзендердің классификациясы.
Өзендерді, олардың бассейндерінің климатының жемісі ретінде алып қараған А. И. Воейков 1884 жылы қоректену жағдайларына қарай өзендердің классификациясын жасады. Воейковтың өзендерді классификациялауының негізінен алынған идеялар талай классификацияларда ескерілген. Ең толық және нақтылы классификацияны М.И.Львович жасады. Өзендер қоректену көзі мен жыл бойындағы ағынның бөліну сипатына қарай классификацияланады. Қоректенудің төрт көзінің әрқайсысы (жауын, жер асты суы, қар мұздық) белгілі бір жағдайларда барлық қоректің 80% -тен астамын құрап, бірден-бір дерлік (түгелдей дерлік) бола алады, өзендерді қоректендіруде маңызы ерекше (50-ден 80%-ке дейін) және сондай-ақ мұнда елеулі роль атқаратын басқа да көздердің арасында басым (50%-тен астам) болуы мүмкін. Соңғы жағдайда аралас қоректену деп аталады.
Ағын көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы болады. Мұнда ол жылдың төрт мезгілінің бірінде, түгелдей дерлік (80%-тен астам) немесе негізінен (50-ден 80%-ке дейін) шоғырлана алады. Немесе бұлардың біреуі басым бола отырып (50%) жылдың барлық мерзімінде өтіп жатады.
Қоректену көздерінің түрлі комбинацияларының жыл бойында ағын бөлінуінің түрлі варианттарымен табиғи ұштасуы өзендердің су режимінің типтерін бөліп алуға мүмкіндік берді. Су режимінің басты заңдылықтарына сүйене отырып, оның негізгі зональдық типтері: полярлық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік және экваторлық болып бөлінеді.
Полярлық типті өзендерді поляр мұздары мен қарларының еріген сулары қысқа кезеңді қоректендіреді, жылдың көп бөлігінде олар қатып жатады.
Субарктикалық типті өзендер еріген қар суларымен қоректенеді, олардың жер асты қорегі өте аз болады. Өзендердің көпшілігі, тіпті үлкен өзендер де қатып қалады. Көктемнің кеш түсуі мен жазғы жаңбырдың салдарынан өзендердің ең жоғары деңгейі жазда болады (жазғы су тасуы).
Қоңыржай типті өзендер 4 типшеге бөлінеді: 1) қар жамылғысының көктемгі еруі есебінен қоректің басым болуы; 2) жаңбыр молдығының да қар еруінің де салдары ретінде көктемде ағым барынша көп болған кезде жауындық қоректің басым болуы; 3) жыл бойында жауын-шашынның азды-көпті біркелкі таралып бөлінуінде қыста жауындық қоректің басым болуы; 4) муссондық текті ақ жауын есебінен жазда жауындық қоректің басым болуы.
Субтропиктік типті өзендер негізінен алғанда қыста жаңбыр суларымен қоректенеді.
Тропиктік типті өзендер шағын ағынымен көзге түседі. Жазда жаңбыр қорегі басым болады, қыста жауын-шашын аз келеді.
Экваторлық типті өзендер бүкіл жыл бойына мол жаңбыр қорегін алады; ең көп ағын тиісті жарты шардың күзінде болады.
Таулы облыстардың өзендері үшін вертикаль белдеуліктің заңдылықтары тән болып келеді.
Ағын өзгермелі, өйткені өзен бассейндеріндегі жағдайлар өзгермелі. Мұның өзгерістері периодты және периодсыз болуы мүмкін. Біріншісіне ағынның маусымдық ауытқулары жатады, екіншісі, мысалы, адамдардың іс-әрекетіне тәуелді бола алады. Ағын шамасының орташасынан ауытқуларының уақыты мен масштабын күні бұрын білудің гидроэлектр станцияларын салу, сумен жабдықтау, кеме шаруашылығы т.б. үшін маңызы өте зор.
Ағынды алдын ала болжап айту жауын-шашын мөлшерінің мүмкін боларлық өзгерістерінің, булану, қар еруі интенсивтігінің, грунт суы қорлары ауытқуларының, олардың жату тереңдігі өзгерістерінің есебіне негізделеді.
Ағынды реттеп отыруға, яғни оны тұтынуға сәйкес уақыт ішінде бөліп таратуға болады. Бұл үшін ағаш отырғызу, қар тоқтату, сай-жыраларда плотиналар салу т.б. жолымен бассейндегі беткей ағынға (өзен ағынының бастапқы буыны) ықпал етеді. Бірақ ағынды реттеудегі ең басты нәрсе - ағын тым мол болған кезде және ол жетімсіз болған кезде пайдаланғанда бөгендерде суды қорландыру. Тәуліктік, апталық, маусымдық, көп жылдық реттеулерді қолданады. Тәуліктік және апталық реттеу, әдетте ағымның ауытқуларынан емес, оны әркелкі тұтынудан туады. Маусымдық реттеуде, ағынды қайта бөліп тарату маусым араларында, көп жылдық реттеуде шағын сулы және көп сулы жылдар арасында болып жатады. Ағынды реттеп отыру гидростанцияларды энергиямен біркелкі жабдықтауға, бірқатар жағдайларда су басып кетумен қосарланатын өзендердің көктемгі тасуын жоюға, жаз кезінде жерді суғаруға, түгелдей өн бойымен бүкіл жыл ішінде өзендерді кеме жүретіндей етуге мүмкіндік береді.
2.2. Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі ағысы. Атырау.
Кез-келген өзеннің басталатын жері, яғни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қайнап шығатын бұлақ, батпақ, көл, мұзарт немесе екі саланың қосылатын орны болуы мүмкін.
Көлден басталатын өзендердің басталуының айқын көрінісі бар. Бұған Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немесе Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.
Жазық аудандарда өзендер әдетте батпақтардан бастау алады. Оған Пин батпақтарынан ағып шығатын Днепр мен Висла өзендерінің салалары жатады. Екі өзеннің қосылу жағдайында бастау болып үлкен өзен, ал екі өзеннің ұзындығы тең болса, онда бастау бетінде сол жақ саласы қабылдануға тиіс. Әдетте ірі өзендерді жоғары, орта және төменгі ағыс үлескілеріне бөледі. Бұл бөлу ағын судың молдығына, жердің орографиялық жағдайына, ағыс жылдамдығына, көліктік-шаруашылық пайдалануына жіне басқа да сипаттарына қатысты жүргізіледі.
Өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығымен, тайыздығымен, айтарлықтай жуып-шаю және тасымалдау әрекетімен сипатталады.
Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.
Ал, төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағыста жуып-шаю шикізатының шөгіндіге түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасының кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.
Өзеннің басқа өзенге; көлге (бөгенге) немесе теңізге құятын жерін өзеннің сағасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теңіздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яки атырау пайды болады.
Өзен атыраулары әдетте екі типке: дельта мен эстуарийге бөлінеді.
Дельта деп тарамдалып кеткен, теңіздің тайыз бөлігіне келіп құятын өзеннің тасып әкелген шөгінділерінен болған атырауды айтады.
Эстуарий деп өзеннің теңіз жағына қарай кеңейе беретін шұңқыр (воронка) тәріздес (терең) сағасын айтамыз, ол теңіздің толысуы мен қайтуы болатын жағалауларға тән. Салалар әсеріне ұшырамаған эстуарийді лиман деп атайды.
Өзеннің атырау аймағы келесі элементтерге - атырау алды, сағалық теңіз кемеріне бөлінеді. Атырау алды үлескісі өзенге тән режимге ие, оның жоғарғы шекарасы болып өзеннің төменгі ағысындағы, теңіз тасуының әсері жетпейтін жері саналады, төменгі шекарасы - негізгі арнаның салаларға бөлінетін жері, эстуарийлерде - өзен суы мен теңіз суы араласатын белдем.
Өзеннің сағалық үлескісі атырау алды үлескінің төменгі шекарасынан теңіз етегіне дейін, немесе эстуарийдің аралдық құрылымдарына дейінгі кеңістік. Теңіз етегі - шартты сызық, теңіз жақтан баспаған дельтаны немесе су асты қайраңын орай жүргізіледі.
Сағалық теңіз кемері сағалық үлескінің төменгі шекарасынан (теңіз етегі), өзен суының теңіз режиміне тым әлсіз, бірақ судың тұздылығы тез озгеретін аймаққа дейінгі кеңістік.
Өтіп жатқан процестердің сипатына әрі пландағы типтік көріністеріне байланысты ірі өзендердің атыраулары төмендегідей типтерге жіктеледі:
1) бірсалалы (Риони; Амур және ірі өзендердің салалары); 2) щұңқыр тәрізді (эстуарий - Обь, Енисей, Хатанга, Днепр); 3) аралды (Дон, Печора, Яна, Индигирка; Нева); 4) ескек тәрізді (Кура, Жайық); 5) көпсалалы (Волга, Лена, Әмудария); 6) қоршалған (Кубань, Днестр, Батыс Двина).
Қуаң шөлді аудандарды өзендер кейде теңізге, көлге басқа өзенге жетпей суалып қалады. Олар суларын буландырып, егін суарып, жерге сіңіріп жоғалтады. Мұндай атырауларды соқыр атырау деп атайды.
2.3. Өзен желісінің иректілігі, ұзындығы және жиілігі.
Өзендер планда әрқашан иректі көріністі болып келеді. Өзендердің иректігі олар ағып өтетін жердің жағдайына - өзен арнасы мен аңғарын құрайтын тау жыныстарына топыраққа және ағыстың, динамикасына байланысты болады.
Өзеннің иректігі иректік коэффицентімен сипатталады, ол картадан анықталған өзеннің ұзындығының, L, оның бастауынан сағасына дейін (немесе үлесінің) жүргізілген түзудің ұзындығының l қатынасына тең:
Ku=Ll. (2.1)
Өзеннің ұзына бойына оның иректігі өзгеріп отырады. Сондықтан, алғашында иректік коэффициенттер өзеннің жеке үлескісі үшін анықталып, сонан соң жалпы иректік коэффициенты табылады.
Өзеннің ұзындығы деп оның карта бойынша өлшенген бастауы мен сағасының ара қашықтығын айтамыз. Өзеннің ұзындығын ірі масштабты карта бойынша немесе аэрофото түсірімдер арқылы өлшеу керек және өлшемді орын болғандықтан, сағасынан бастауына қарай жүргізу керек. Өзеннің ұзындығы төмендегі формула бойынша анықталады:
L=Lθ ∙ K∪, (2.2)
мұндағы Lθ - өзеннің өлшенген ұзындығы.
Өзеннің ұзындығы ағын су өзінің арнасы мен жағалауын жуып-шаюының арқасында үнемі өзгеріп тұрады.
Бұрынғы ҚСРО шекарасында ұзындығы 0,5 км-ден кіші өзендерді, бұлақтарды, уақытша ағын су жылғаларын қосқанда 2 963 400-дей өзен бар (9-кесте).
9-кесте. КСРО өзендерінің ұзындық сипаты
Өзендердің шектері
Ұзындығы, км
Саны
Жалпы ұзындығы
дана %
км %
Ең кіші
=25
2926561 98,8
7 322 820 75,9
Кіші
26-100
32733 1,1
1 426 288 14,8
Орташа
101-500
3844 0,1
669 861 6,9
Үлкен
=500
280 0
228 895 2,4
Барлығы
2 963 418 100
9 647 814 100
Сонымен бірге ұзындығы 3 мың км-ден ұзын 6 өзен бар (10-кесте). Ұзындығы бойынша бірінші орында Обь пен Ертіс өзендері тұр - 5570 км, одан кейін Лена (4400) және Енисей (4090 км).
Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзен, солардың 95 пайызының ұзындығы 10 км-ге жетпейтін кішігірім өзендер мен сайжылғалар. Небары 228 өзеннің ұзындығы 100 км-ден асса, ал тек 6 өзеннің ғана ұзындығы 1000 км-ден асады.
Кез келген жердің өзендерге қанығу дәрежесі өзен желісінің жиілік коэффициентімен (D) сипатталады. Ол келесі өрнекпен анықталады:
D=∑ l F, кмкм2
Мұнда ∑ l - барлық өендердің ұзыдықтарының қосындысы, км; F - аймақ ауданы, км2.
10- кесте. КСРО-ның негізгі өзендері (жылдық ағындысы 10 км3-ден көп)
Өзен
Су алабы,мың км2
Ұзындығы, км
Жылдық орташа
Су қоры, км3жыл
Су өтімі,мың км3
Ағындының модулі, км2
орташа
ең жоғары
ең төмен
1
2
3
4
5
6
7
8
Обь
2290
5570
12,8
14,3
404
530
284
Енесай
2580
5940
19,9
7,7
630
777
528
Лена
2490
4470
16,8
7,0
532
642
424
Амур
1855
4060
10,9
5,9
344
554
209
Волга
1380
3090
8,04
5,8
254
391
161
Дунай
817
2850
16,43
7,8
132
181
79
Колыма
647
2600
4,03
6,2
123
193
83
Днепр
817
2285
1,71
3,4
54
78
20,5
Хатанга
422
510
2,79
6,6
100
57
55
Дон
422
1970
0,89
2,1
28,1
52
11,7
Индигирка
360
1790
1,70
4,7
53
84
35,2
Солт.Двина
357
1360
3,46
12,8
109
171
58
Печора
322
1790
4,12
9,7
130
162
99
Нева
281
74
2,48
8,8
78,5
116
36,3
Яна
238
1170
0,97
1,4
30,7
42,7
181
Жайык
236
2530
0,32
9,7
10,1
26
2,9
Әмудария
227
2620
2,20
5,0
69,5
-
-
Сырдария
136
2860
1,17
8,8
37,0
-
-
Мұндағы КСРО-да өзен желісінің жиілік коэффициенті нөлден (Орта Азия шөлдері) 2 кмкм2 - ге дейін (Кавказ және Карпат) өзгереді, ал орташа көрсеткіші 0,42 кмкм2 - ге тең.
Қазақстандағы өзен желісінің жиілік көрсеткіші 0-0,05 кмкм2-ден (шөлейт және тегіс аймақтарда) 0,45 кмкм2 - ге дейін өзгереді, ал република үшін оның орташа көрсеткіші 0,08 кмкм2 - ге тең.
Өзен желісінің жиілік коэффициентімен судың беткейлік ағындысы деген көрсеткіш тығыз байланысты. Беткейдің орташа ұзындығы өзен желісінің жиілік коэффициентімен төмендегідей қатыснасқа ие:
lбет=12D = F2∑l. (2.4)
Тегістіктегі су ағу жолының ұлғаюына қарай беткейлік ағындының шығыны көбейеді, яғни оның эрозиялық қабілеті өседі. Сондықтан lбеткөрсеткіші эрозиялық үдерістерді зерттеу кезінде үлкен мәнге ие.
2.4. Өзен алабы.
Жер бетімен әрі жер асты (топырақ, және тау жыныстары қабаттары арқылы) өзенге су жиналатын аймақты өзен алабы деп атайды. Әрбір өзен алабына жер беті және жер асты су жиналу алаптары тән.
Жер беті өзен алабы дегеніміз жер бетінің осы өзен желсіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жерасты су жинау алабы - осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты.
Әрбір өзеннің жер беті су жинау алабы басқа өзеннен суайрық арқылы бөлінеді. Суайрық көрші өзендердің ортасында орналасқан жер бедерінің, биік нүктелері арқылы өтеді.
Суайрықтар жеке өзендердің алаптарын ғана емес, сонымен бірге ағындылары жеке теңіздер мен мұхиттарға құятын өзге де ірі аумақтарды шектейді. Жер шарының басты суайрығы ағындыларды негізгі Атлант, Тынық мұхит аймақтарына бөледі.
Арал-Каспий теңіздері секілді ірі тұйық аймақтар да өзара суайрықтармен бөлінеді.
Жер беті және жер асты су жинау кеңістіктері өзара сәйкес келмеуі мүмкін, мұндай жағдайлар әдетте тау жыныстарының орналасуына байланысты таулы аймақтарда жиі кездеседі.
Алаптардың морфологиялық сипаттамалары.
Өзен алаптары әдетте бір-бірінен мөлшерімен және сұлбасымен ерекшеленеді. Өзен алабының морфометриялық сипаттамалары топографиялық карталардан анықталады.
Өзен алабының негізгі сипатына, оның жер беті су жинау кеңістігінің ауданы жатады. Өзен алабының ауданы (км2) болып осы жердің шектеуші тұстамаға (створға) дейінгі, суайрықпен шектелген көлбеу проекциясының ауданы есептеледі. Ол планиметрдің немесе палетканың көмегімен ірі масштабы картадан, алдын ала суайрық шекарасын жүргізген соң анықталады.
Алабының ауданының мөлшеріне байланысты өзендер шартты түрде ірі, орташа және кіші болып бөлінеді. Ірі өзендердің қатарына аудына 50 000 км - ден үлкен жазықтық өзендері жатады.
Орташа өзендердің қатарына ауданы 2000-нан 50 000км2дейінгі өзендер жатады. Кіші өзендерге ауданы 2000 км2-ден кем өзендер жатады.
Өзен алабының ұзындығы La (км) - өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейінгі түзу қашықтық алынады.
Алаптың орта ені B0 (км) - алаптың ауданы оның ұзындығына бөлу арқылы анықталады:
B0=FaLa. (2.5)
Алаптың максимал ені Bmax алаптың ең кең жерінен оның ұзындығы анықталған түзуге жүргізілген перпендикуляр арқылы табылады. Алаптың оң жақ және сол жақ (басты өзенге байлaнысты) беттерінің теңсіздігін сипаттайтын көрсеткіш алаптың ассиметриялық коэффициенті (а) келесі формуламен есептеледі.
a=2(Fсол- Fоң) (Fсол+ Fоң) (2.6)
Мұнда Fсол - алаптың сол жақ және Fоң - оң жақ бетінің аудандары.
Суайрық сызығының өсу коэффициенті (m) өзен алабының тұлғасын (конфигурация) көрсетеді. Ол суайрық сызығының ұзындығының ауданы алаптың ауданына тең шеңбердің ұзындығының қатынасына тек, яғни
m=SS`. (2.7)
Алаптың физикалық-географияық сипаттамалары.
Өзенді және оның режимін зерттеу барысында өзен алабының ағындысының қалыптасу үдерісіне едәуір әсері бар физикалық-географиялық сипаттамаларын білуіміздің қажеттігі зор мәнге ие.
Алаптың географиялық орны оның координаттарымен (жердің ендігі мен бойлығы) анықталады. Алаптың географиялық орны оның өзге өзендердің алаптарына, тау жоталарына, теңіздер мен шөлдерге жақын немесе алыс орналасқандығын көрсетеді.
Алаптың климаттық жағдайы өзендердің сумен қоректенуін, ағындының қалыптасуын анықтайды. Атмосфераық жауын-шашын (мөлшері, қарқындылығы, үлестірім салмағы), қар жамылғысының қалыңдығы және ондағы су қоры, булану, ауаның температурасы мен ылғалдығы, сумен қанықпауы және жел-климаттық факторлардың негізгілері.
Алаптың геологиялық құрылымы және топырақтары өзендердің жер асты суларымен қоректену мөлшерін және сипатын, жауын-шашынның сорғуға кеткен шығынын, батпақтанған кеңістіктердің қалыптасуын айқындайды.
Алаптың жер бедері өзендердің сулылығын және режимін анықтайтын басты фактор. Ол жауын-шашынның белгілі алапқа түсуіне, таралуына, сонымен бірге алаптағы беткейлік су ағу жағдайына әсер етеді.
Өсімдік жамылғысы. Өзеннің су режимінің қалыптасуында орман үлкен рөл атқарады. Ол жауын-шашынның мөлшеріне, таралуына, оның булануға кеткен шығынына, қардың жиналуына, судың жер (топырақ) қабатына сіңуге шығындануына, жер асты суларының жиналуына және су ағысының жылдамдығына әсер етеді. Өзен алабындағы орман-тоғайдың мөлшерлік көрсеткіші ретінде алаптың ормандық коэффициентіалынады, ол алаптағы орман-тоғай алып жатқан ауданның алаптың жалпы ауданына қатынасына тең. Ол пайызбен немесе бірліктің бөлшегі түрінде келтіріледі.
Алаптағы көл, батпақ, көпжылдық тоң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz