Топографиялық карталар және олардың қасиеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт
Жаратылыстану - математика факультеті

Уатхан Анар Болатқызы

Топографиялық карталар және олардың қасиеттері
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ғылыми жетекші: Баймағанбетова Қ.Т.
аға оқытушы

Қостанай, 2013
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Топографиялық карталар. Ірі масштабты карталарда қолданылатын масштабтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Топографиялық карталарды масштабына қарай жіктеу ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Топографиялық картаны оқудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Топографиялық карталардың номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .7
1.4 Топографиялық карталарда қолданылатын шартты белгілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 Топографиялық картаның тікбұрышты координаттары ... ... ... ... ... .. ... ... ...14
2.1 Топографиялық карталардың географиялық координаттар жүйесі...14
2.2 Топографиялық картадан географиялық координатты анықтау ... ... 17
2.3 Топографиялық карта бойынша географиялық түсіндірме беру ... ... 19
2.4 Топографиялық картаны жер телімінде бағдарлау ... ... ... ... ... ... .. ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе

Топографиялық карта -- шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер мен барлық дөрежедегі штабтар ұрысты дайындау, ұйымдастыру, әр түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз әскерлері туралық, кабылданған шешімдер мен жауынгерлік бүйрықтар туралы мөліметтер бейнеленген құжат ретінде кеңінен қолданады.
Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т.б. ұрыс тәртібі анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет. Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы өр түрлі масштабтағы карталардың болуын керек етеді.
Қазіргі картография - ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Топографиялық карталардың ерекшеліктері осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - топографиялық карталардың қасиеттерін зерттеу.
Қойылған мақсатқа қарай орындалатын міндеттер:
- топографиялық карталардың масштабын зерттеу;
- номенклатурасын қарастыру;
- топографиялық карталардың географиялық координаттарын зерттеу;
- оларды оқудың мәнін қарастыру;
- қолданатын шартты белгілерін талдау;
Топографиялық картаның қолданылмайтын саласы жоқ. Әскери, қорғаныс саласынан бастап, оқу жүйесі, байланыс, ал қазір жарнама үшін де пайдаланылады.
1 Топографиялық карталар. Ірі масштабты карталарда қолданылатын масштабтың түрлері

Жергілікті жердің шағын аумағындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандардың орналасу ерекшеліктері мен негізігі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі және орта масштабты жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады.
1:1 000 дейінгі ірі масштабта топографиялық карталар жергілікті жерге стеорофотограмметриялық приборлардың көмегімен жүргізілген аэрофототүсіру жұмыстарының нәтежесінде алынған деректермен бұрын құрылған біршама ірі масштабта карталарды камералық өңдеу негізінде құрылады.
Құрлықтың топографиялық карталарын құрумен Қазақстан Республикасының жер қорларын басқару жөніндегі агенттігінің Картография мемлекеттік қазыналық кәсіп орны, республикалық геодезия және картография комитетеі, қарулы күштердің Бас штабының әскери-топографиялық қызметі айналысады. Жоғарыда аталған барлық құрлымдар картаны құру барысында мазмұнынын, дәлдігін, қызметі мен құру жұмыстарының ережелерін айқындайтын Топографиялық карталарды құру жөнінідегі ережені басшылыққа алады.
Топографиялық карталарда үлкен аумақ ірі масштабты көп бетті карталарда кескінделеді. Картаның әр беті шағын аумақты қамтитындықтан жер элипсоиды бұрмаланбай немесе шамалы ғана ауытқып түсіндіріледі. Картографиялық жинақтау жеке нысандардың бұрмалануынан сақтайды. Масштабы кішірейген сайын картада қамтылған нысандар кескінінің дәлдігі кеми бастайды.
Топографиялық карта мазмұнының негізгі құрамдас бөліктеріне жер бедері, өсімдіктер жамылғысы, су торлары сияқты табиғи нысандар; өндіріс орындары, елді-мекендер, қатынас жолдары, электр және байланыс желілері тәрізді әлеуметтік-экономикалық нысандар жатады. Олар картаның масштабына сай іріктеліп алынып, кеңістік-бейнелі шартты белгілерімен кескінделеді.
1:10 000 нан 1: 100 000-ға дейінгі ірі масштабты карталарда қамтылған барлық нысандар алты түсті бояумен, ал 1:200 000 мыңдық масштабты карта сегіз түсті бояумен кескінделеді. Олардың алтауы алдыңғы, ал екеуі артқы бетінде беріледі. Картографиялық кескіндеу геометриялық дәлдікпен географиялық сәйкестік сияқты екі қасиетті сақтауы тиіс.
Топографиялық картаның көрнекілігін, сандық және сапалық сипатын айқындайтын мазмұнының әрбір құрамдас бөліктері аудандақ және сызықтық масштабты, масштабтан тыс, түсіндірмелі шартты белгілермен кескінделіп, атаулардың меншікті немесе түсіндірмелі жазулары әртүрлі бояулармен беріледі. Топографиялық карталардың әр беті шартты белгілермен берілетін картографиялық кескіндеуді, математикалық негізде құруды, сонымен қатар, қосымша жабдықтауды қамтиды.
Картаның жабдықтаушы құрамдас бөліктеріне шартты белгілердің кестесі, координаттар торы, сызықтық масштаб, горизонталь аралық ұзындықтың кестелік кескіні, магниттік ауытқу бұрышының сызбанұсқасы тағы басқалары жатады.
Топографиялық карталар ғылыми-зерттеу, әскери, өндірістік және оқу мақсатында қолданылатын жергілікті жердің ерекшеліктері жөніндегі маңызды ақпараттар сақталатын дерек көзі болып табылады.
Олар жергілікті жерде бағдарлауға мүмкіндік беретін сенімді жолбасшы қызметін атқарумен қатар, қатынас жолдары мен ірі өндіріс орындарының құрылыстарын жобалағанда ауыл шаруашылық жерлері мен орман алқаптарын пайдалану жіне тағы басқа мақсаттарда қолданылады. [1]

1.1 Топографиялық карталарды масштабына қарай жіктеу

Топографиялық карталар масштабына қарай үлкен екі топқа бөлінеді. Олар 1:200 000 дейінгі ірі және 1:200 000-нан 1:1 000 000 дейінгі орта масштабты карталар. 1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 және 1:5000 ірі масштабты топографиялық пландар құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге қолданылса, 1:25 000, 1:50 000, 1: 100 000 масштабты карталар жергілікті жерде бағдарлау, әскери, оқу, геологиялық барлау басқа өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.
Масштабтың дәлдігі топографиялық сұлбалар (пландар) мен карталарда кескінделген нысандардың қайсысын алып тастау қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 1:10 000 масштабты картада мөлшері 1 метрден кем нысандар кескінделмейді немесе масштабтан тыс шартты белгімен көрсетіледі.
Топографиялық картаның масштабы онда кескінделген нысандардың іріктелуі мен дәлдігіне тығыз байланысты, масштабы іріленген сайын оның алымы да артады. Халық шаруашылығының салаларында ғылым мен қорғаныстың қажеттілігін өтеу үшін әртүрлі масштабты стандартты топографиялық карталар қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік топографиялық карталары метрлік ондық жүйеге негізделген бір қатар стандартты масштабта құрылған.
1:5000 - 1:200 000 масштабтылар нағыз топографиялық, 1:500 000 - 1: 1 000 000 масштабтылар топографиялық шолу карталар деп аталады. Соңғыларының дәлдігі мен нақтылығы нағыз топографиялық карталарға қарағанда төмен болғанымен жеке беттері кең көлемді аумақты қамтиды. Аталған карталар жергілікті жермен жалпы танысып бағдарлау мақсатында қолданылады (Кесте 1).

Кесте 1
Топографиялық карталардың масштабына қарай жіктелуі

Сандық масштаб
Картаның аты
Картадағы 1 сантиметрге сәйкес келетін жергілікті жердегі арақашықтық
Картаның 1см квадратқа сәйкес келетін жергілікті жердің ауданы
1
2
3
4
1:5000
Бес мыңдық
50 метр
0,25 га
1:10000
Он мыңдық
100 метр
1га
1:25000
Жиырма бес мыңдық
250 метр
6,25га
1:50000
Елу мыңдық
500 метр
25га
1
2
3
4
1:100000
Жүз мыңдық
1 шақырым
1 шақырым кв
1:200000
Екі жүз мыңдық
2 шақырым
4 шақырым кв
1:500000
Бес жүз мыңдық
5 шақырым
25 шақырым кв
1:1000000
Миллиондық
10 шақырым
100 шақырым кв

Жер беті топографиялық карталар мен пландар горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы кескінделеді. Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық тұйық сызықтар горизонтальдар деп аталады. [1]

1.2 Топографиялық картаны оқудың мәні

Карта кеңістіктік ақпаратттар сақталған танысның маңызды құралы болып табылады.
Картографиялық кескіндерді көру арқылы есте сақтап, ой елегінен өткізіп талдау негізінде жергілікті жердің ереекшеліктері туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру үрдісін топографиялық картаны оқу дейміз.
Бастапқыда оқырман жалпы шолу арқылы картографиялық кескіндерді біртұтас құрылым ретінде қарбылдап, картамен жұмыс істеу барысында ой елегінен өткізіп талдаудан біртіндеп кеңістіктің шынайы ақпараттық бейнесін анықтауға көшеді.
Құбылыстарды картада бейнелеу үшін ерекше картографиялық кескіндеу нышаны болып табылатын алуан түрлі шартты белгілер картаға түсірілетін жергілікті жердің барлық тетіктерін емес, ең басты ерекшеліктерін ашып көрсететін ақпараттар беретін кеңістіктік үлгісін түзеді. Осыдай карта жергілікті жердің белгілі бір масштабта кішірейтілген, жинақталған, шартты белгімен кескінделген шынайы бейнесін көрсетеді.
Картадағы ақпараттың тереңдігі, сыйымдылығы мен дәлдігі оқырманның жалпы және географиялық дайындығының деңгейіне, жеке ерекшеліктеріне, жинақталған картамен жұмыс істеу тәжірбиесіне, ақпараттық деректерді алу және пайдалану дағдыларына, сонымен қатар, картаның әртүрлі сапалық ерекшеліктеріне тығыз байланысты болады.
Мәнерлі болумен ерекшеленетін,эстетикалық тұрғыдан көркем бейнеленген,бояулары үйлескен, құрлымы мен пішіндері дұрыс тандалған шартты белгілердің көмегімен кескінделген картографиялық тілдің қарапайымдылығын, тез меңгерілуін, жеңілдігімен қатар қолжетімдігін картаның оқылуы дейміз. Бірақ басымдық шартты белгілердің пішініне, өлшемі мен бояуының түсіне беріледі. Атап айтсақ, шартты белгілер мен жергілікті жерлердің нысандарының бір-бірімен ұқсастығы олардың жылдам танылып есте сақтауын жеңілдетеді.
Көңілге қонымды таңдалған шартты белгілердің өлшемі картаның дәлділігіне, картографиялық жинақтау дәрежесі мен көрнекілігіне, тұтастай алғандай, картаны оқуға тікелей әсер етеді.
Бізді қоршаған әлемнің шынайы бейнесін танып білуге мүмкіндік беретін негізгі құрал қызметін атқаратын картаның көрнекілігінің мәні мен қолжетімділігін жергілікті жердегі нысандар кескінделген белгінің түсі анықтайды.
Қорыта айтқанда, оқырманың картаны оқуға қызығушылығын тудыру көңілге қонымды таңдалған картографиялық тіл арқылы жүзеге асырылады. Тоографиялық карианы оқу белгілі бір мағынаға, заңдылыққа, жалпы ереже мен бір ізділікке бағынады. Іріктеліп жинақталған мазмұны болғандықтан, картаны оқу ең негізгілерін қосалқыдан ажыратып алу, жалпыдан біртіндеп жекеге көшу қағидаларына сүйеніп жүргізіледі. Картаны оқу барысында бұрыштамадан тыс безендіруі ішкі картографиялық мазмұнын оқуды көздейтін екі тарауға бөлу қажет. [1]

1.3 Топографиялық карталардың номенклатурасы

Масштабы мен географиялық орынының ерекшелігін ескеріп топографиялық карталарды жеке беттерінің атауын анықтау қызметін атқаратын жүйе номенклатура деп аталады.
Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері нысандардың картада дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Оны мемлекеттік геодезиялық торлар (жоспарлы және биіктік) мен кескіндеу негіздемесінің жекелеген нүктелер құрайды. Жоғарыда аталаған қосындылардың нақты координаттары елдімекендерді картада кескіндеу қызметтерін атқаратын арнайы каталогтарда сақталады.
Карталарды қағаз бетіне түсіру үшін алдымен координаттар торы құралады да, оған 0,2 мм дейінгі дәлдікпен трапециялардың бұрыштары мен геодезиялық негіздердің қосындыларын кескіндейді (Кесте 2). Содан кейін олардың араларына жергілікті жердегі нысандардың кескінің геодезиялық нүктелердің тірек нүктелеріне қатынасын айқындайды.
Ережеге сәйкес жергілікті жердегі заттардың орны мен кескінінің жақын маңдағы геодезиялық тірек нүктесіне қатысты орны айқындалады. Ережеге сәйкес жергілікті жердегі заттардан орны мен кескінінің жақын маңдағы геодезиялық қосынға қатысты қателігі жазықтарда -0,15 мм, тауларда 0,75 мм аспауы тиіс. Геодезиялық торлар мен ширек нүктелері арқылы жердің физикалық бетінен элипсоидқа және одан картаға өтуі іс жүзінде жүзеге асырылады. 1: 1000 - 1:100 000 карталарға 1, 2, 3 класты барлық геодезиялық қосындар түсіріледі. Геодезиялық қосындар құрлыс, жол салу, іскери және оқы жұмыстарында жергілікті жермен байланыстыратын тірек нүктесі ретінде қолданылады.

Кесте 2
Топографиялық карталар масштабының қатарына арналған шақырымдық тордың жиілігі

Картаның
масштабы
Картадағы тордың өлшемі

См есебімен
Км есебімен
1:1 000 000
шақырымдық тор жүргізілмеген
1:500 000
шақырымдық тор жүргізілмеген
1:200 000
5
10
1:1 00 000
2
1
1:50 000
2
1
1:25 000
4
1
1:10 000
10
1

Халықаралық миллиондық 1: 100 0000 масштабы карталардың номенклатурасы. Географиялық карталардың масштабының шартты белгілер мен мазмұнының алуан түрлі болуы 19 ғасырдын сонында әр түрлі елдерді салыстыра отырып оқып үйренуді қиындатты.
1891 жылы Берн қаласында (Швецария) өткен V Халықаралық конференцияда Вена университетінің профессоры Альберт Пенк (1858-1945) бүкіл жер беті үшін бір проекциясы, шартты белгілері мен мазмұнының іріктелуі бір текті 1:1 000 000 масштабты карталарды құруды ұсынды.

Мұндай карталар Халықаралық миллиондық масштабты карталр деп аталады. Ол 1909-1913 жылдары арнайы ұйымдастырылған конференцияларда қарастырылды. Халықаралық миллиондық масштабты карталарды құру жұмыстарын І және ІІ дүниежүзілік соғыс тежегендіктен, іс жүзінде ол 1945 жылдан кейін қолға алынды.
1962 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының миллиондық масштабты құру жөніндегі техникалық комиссиясы аумақта жалпы оқып үйренуді; экономикалық даму жоспарын құру кезінде; әр түрлі тақырыптық карталарды негіз болатын; 1: 1 000 000 топографиялық карталардың масштабтық қатарын құруға негізге алу мәселелерін шешуді көздейтін жаңа бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама бойынша құрлық бетінің 1100-1150 1: 1 000 000 масштабты карта құруға мүмкіндік береді. Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясымен құрылатын Халықаралық миллиондық масштабты карталар барлық масштаб қатарының карталарын құруға негіз болу қызметін атқарады. 1: 1 000 000 масштабты картаны әр беті бойлық бойынша меридиандары 6º, ендік бойынша параллельдері 4º бөлінетін трапеция түзеді. Ол Жер беті аумағы қамтитын картаның жеке беттерін сауатты бөлуге негізделген.1: 1 000 000 масштабты картаны құру барысында әр бетін жүйелеу мен санын айқындау ең қиын әлі күрделі мәселе екенің көрсетеді. Бір масштабты картаны санмен белгілеу басқа масштабты картаның беттерін санмен белгілеумен тығыз байланыста болуы тиіс. Бұл мәселені шешуге картаның атауы мен санмен белгілеу жүйесі номенклатураны пайдалану арқылы шешіледі. Кең көлемді аумақты қамтитын топографиялық карталар жеке беттерде кесеінделеді.Кең көлемді аумақты қамтыған топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі беттеу деп аталады. Картаның әр беті параллельдер мен меридиандармен шектелетіндіктен кескінделген аумақтың жер элипсиодыңдағы орны ішкі бұрыш табаның қиылыстарында нақты көрсетіледі.
Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бқлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп аталады. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындығы қабырғасының ортасында орналасқан. [5]

1.4 Топографиялық карталарда қолданылатын шартты белгілердің түрлері
Топографиялық карталарды жергілікті жердің бедері мен онда орналасқан табиғи және әлеуметтік нысандар толық кескінделеді. Топографиялық карта бай мазмұны арқылы жергілікті жер туралы алуан түрлі ақпараттар беретін дерек көзі қызметін атқарады.
Топографиялық карталардың жергілікті жер жобалаудың ортогональды әдісі арқылы кескінделеді.
Топографиялық карталарды жергілікті жердегі барлық нысанадар шартты белгілермен кескінделеді. Олардың сыртқы көрінісі мен бояулары кескінделетін құбылыстардың сипаттары мен ерекшеліктерін айқындайды. Бір текті нысандардың топтары бір-біріне ұқсас шартты белгілермен көрсетіледі. Олардың сандық жіне сапалық айырмашылықтары негізгі шартты белгілерге аздаған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы құрылады. Мысалы, жолдар еске түсіруге оңай сызық түрінде беріледі.
Ірі және орта масштапты топографиялық карталарда масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірілмелі шартты белгілер қолданылады. Картаның масштабына сай қажетті нысандар мен құбылыстардың ауданың, созылған бағыты мен пішіні, ұзындығы, басқа нысандарға қатысты орнын анықтауға мүмкіндің беретін шартты белгілер масштабтық шартты белгілер деп аталады. Олар аудандық (кескіндік) және сызықтық деп бөлінеді. Аудандық немесе кескіндік шартты белгілер изосызықтармен немесе нүктелермен белгіленген сыртқы кескінімен және қабатты бояулармен немесе сапалық түс әдісімен боялған ішкі бөлігінен тұрады. Оларға топографиялық картаның масштабына сүйеніп ауданың, созылған бағытын анықтауға мүмкіндік беретін жер бедері, көл, орман алқаптары, батпақ сияқты көлемді нысандар жатады. Қажетті нысандар ұзындығын анықтауға мүмкіндік беретін масштабтық шартты белгілер сызықтық шартты белгілер деп аталады. Оларды пайдаланып ірі масштабты карталардан өзеннің, жолдардың, құбырлардың ұзындығын, созылған бағытын анықтауға болады (Cурет 2). [1]

Масштабтық шартты белгілер
Кескіндік (аудандық)
Cызықтық
Жер бедерінің пішіндері құм шағымдар, орман алқаптары мен шалғындар, көлдер, батпақтар
Өзендер, бұлақтар, жолдар, мұнай-газ құбырлары, электр және байланыс желілері

Сурет 2. Масштабтық шартты белгілер
Карталардың географиялық мазмыны нысанның, пішінің, сандық және сапалық сипаттарын көрсететін шартты белгілердің көмегімен беріледі. Бейнелерді кескіндеу жиынтығы болып табылатын шартты белгілердің пішіні мен мөлшері, түсі мен ішкі суретіндегі үйлесімдегі жер бетіндегі географиялық жер нысандарының өзара байланысын оларды бір-біріне қатысты бағдарлауға мүмкіндік беретін карта бізге қоршаған қоныстықтың шыңдығының картографиялық бейнесін құруға көмектеседі.
Географиялық шықдықтың бейнесі болып табылатын картографиялық шартты белгілерді құру барысында географиялық білім қорына талдау жасау нысандар мен құбылыстардың орналасу заңдылықтарын танып білуге, сол арқылы картада танылған жергілікті жер туралы бастапқы ақпараттардың қорын арттыруға мүмкіндік береді.
Картаның масштабы ескерілмейтін шартты белгілердің тобы масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады.Олар картада қарапайым шағын геометриялық пішіндер(үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, ромб, трапеция) көркем бейнелі кескіндер түрінде кескінделеді (Сурет3).

Масштабтан тыс шартты белгілер
Өсімдік жамылғысы
Жер бедері
және су нысандары
Әлеуметтік-экономикалық нысандар
аралас ормандар, жалпақ жапырақты ормандар,
сирек ормандар
құдық,
бұлақ,
батпақ,
үңгірлер,
жартастар
тұрғын үйлер,
су және жел диірмендері,
кен орындары, зираттар

Сурет 3. Масштабтан тыс шартты белгілер

Топографиялық және ұсақ масштабты карталарда географиялық нысандардың ерекшеліктері жөнінде ақпараттық деректер беретін шартты белгілер түсіндірмелі шартты белгілер деп аталады. Олар топографиялық карталарда қолданып, тәжірбиелік есептер шығару мақсатында пайдаланылады. Түсіндірмелі шартты белгілер табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандардың сандық және сапалық сипаты жөнінде маңызды ақпараттар береді. Сол ақпараттарға негізде отырып ірі масштабты карталарға талдау жасап, білім көзі ретінде қолдануға болады.
Жер бедері - географиялық ортаның ең маңызды элементтерінің бірі. Ол жылу мен ылғалдың таралуына химиялық элементтердің қозғалысының сипатына, өсімдіңтер жамылғысының қасиеттеріне белгілі дәрежеде әсер етеді. Жер бедерінің негізгі ерекшелігін айқындайтын ойлы-қырлылығын, биіктігін, беткейлердің көлбеулігін жазықтықта кескіндеу өте күрделі. Жер бедерін жазықтықта кескіндеу барысында өлшеу жұмыстарын жүргізуге қолайлылық дәрежесі ескеріліп құрылуы тиіс. Топографиялық картада жер бетінің теңіз деңгейінен биіктігін өлшеудің бастауы болып саналатын жердің беткі деңгейінен (теңіз деңгейінен) биіктігі бірдей тұйықталған қисық сызықтармен кескінделеді.
Жер бетіндегі биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды горизонтальдар деп аталады.
Жергілікті жерлерге тән нүктелердің абсолют биіктіктері, тереңдігі, ені сияқты жер бедерінің сандық сипаты жер бедерін жазықтықта горизонтальдармен кескіндеуді толтырып отырады.
Жер бетіндегі кез келген нүктенің теңіз деңгейінен алынған биіктігін абсолют биіктік дейміз.
Жергілікті жердегі екі нүктенің бір бірінен биіктік айырмасы салыстырмалы биіктік деп аталады. Оның нүктенің абсолют биіктігінің айырмасынан да алуға болады.
Топографиялық карталар мен пландарда жер бедерін кескіндеудің масштабтары кесте 4 және кесте 5 көрсетілген:
Топографиялық карталарда кескінделетін гидрографиялық нысандарға теңіздердің жағалық бөліктері, көлдер мен өзендер, каналдар, құдықтар, тоғандар, батпақтар, тағы да басқалары жатады. Олардың жаңына аттары мен сандық және сапалық қасиеттерін айқындайтын деректер беріледі.
Топографиялық карталарда масштабқа сәйкес ауданын 1 мм² асатын көлдер мен жасанды су қоймалары беріледі. Құрғақ және шөлді аудандарда бағдарлық маңызы бар мөлшері 1 мм² аспайтын шағын нысандар да кескінделеді.
Топографиялық карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес болады: ормандар - жасыл, гидрогафия - көк, жер бедері - қоңыр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген өнеркәсіптік, халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері - қара бояулармен боялады.
Жазулар мен түсіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде қолданылады да, олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет атқарады.
Елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және тағы басқа аттары толық жазылады. Цифрлық белгілер көбіне объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың арақашықтығын, т.б.) көрсету үшін қолданылады. [1] [2]

2 Топографиялық картаның тікбұрышты координаттары

Тікбұрышты координаттар жүйесі жазықтықтағы кез келген нүктенің координаттарын абсцисса және ордината біліктеріне қатысты анықтауға негізделген .
Көлденең түзумен жанасатын жер элипсоидының бөлігі 55 шақырымға тең болғанда экваторда жазықтықпен жанасатын доға ұзындығының ауытқуы 30', ал ұзындық айырмасы 1,5 метрден аспайтындықтан оны жазықтық ретінде қабылдауға болатыны белгілі. Егер 6º зонаны элипсоид деп есептесек оның экватордан жанасатын доғасының ұзындығының ауытқуы 510 м тең болады. Жазықтыққа көшіргендегі доға ұзыныдығы ауытқуының мұндай мәні топографиялық картада жүргізілетін өлшеулердің дәлдігіне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды. Яғни, кең көлемді аумақты картаға түсіргенде жердің қызықтыға картада бір шама бұрмаланудың болуына әкеліп соқтырады.
Бірақ, сол 6º доғаның көлденең цилиндірдің бүйір бетінде жобалап жазықтыққа жайсан, экватор бойындағы 6º меридиан доғасының шеткі нүктелерінің жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карталардың классификациялары
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Картаны классификациялау
Геологиялық картаның құрамы
Фотограмметрия жалпы түсінік
Жерді қашықтықтан түсіру
Топография мен геодезияның даму тарихы
Фототопография - топографиялық карталар мен жоспарлар жасау
Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі
Географиялық карта және оның қасиеттері
Пәндер