Бағаланбаған батырлар. ( Р. Қошқарбаев жайында бір үзік сыр)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Баяндама
Тақырыбы: Бағаланбаған батырлар...
( Р.Қошқарбаев жайында бір үзік сыр)

Орындаған: Асанқұл Нұрсұлу

Алматы 2017 жыл

Бағаланбаған батырлар...
Қошқарбаев Рақымжан... Көкірегімізде ерекше көңіл мен мақтаныш сезімін ұялататын осы бір есімді білмейтін қазақ, осы батырдың ерлігін қайталауды армандамайтын жас ұрпақ жоқ болар, сірә? Өйткені, Рақымжан ерлігі - еріксіз бас идіретін ерен ерлікБерлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыр ұлт екендігін дәлелдеген қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы тәуелсіз еліміздің Халық қаһарманы атағы берілді.
Ал шындығында халқының даңқты ұлы Р.Қошқарбаев соғыста қандай ерлік жасаған еді? Бұл жөнінде Түркістан басылымына жазған мақаласында Көлбай Адырбекұлы былай дейді: Шындық қап түбiнде жатпайды. Рас сөз. Мiне, 62 жылдан соң Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бiрiншi болып ту тiккенi анықталып отыр. Бұл ерлiгi жайында кезiнде Қошқарбаевтың өзi де жазған болатын. Ұлы Жеңiстiң 20 жылдығында соғыс ардагерлерi Мәскеуге шақырылған. Сонда грузин Кантария 150-шi дивизияның Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рақымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: Бұл туды Реихстагқа бiрiншi мен тiккенмiн,- деген. Шындықты бiлетiндер оған қарсы келмейдi. Қошқарбаевтың сол туды көпшiлiктiң ортасында ұстап тұрған сурет қазiр бар. Соғыс ардагерi Зекен Темiрғалиев 1962 жылы Ялтада дем алған екен. Шипажайдың мәдени қызметкерлерi оларды Ставропольға алып барып, соғыс мұражайымен таныстырады. Мұражай қызметкерi Рейхстагқа ту тiккен Егоров пен Кантария деп екеуiнiң суреттерiн көрсетiп жатқанда топ iшiнен оралдық Тәшкенбаев деген ардагер орнынан тұрып: Бұл мәлiмет қате. Егоров пен Кантариядан бұрын туды Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тiккен. Сол кезде мен 150-шi дивизияның байланыс бөлiмiнiң бастығы едiм. Дивизия командирi генерал Шаталов 30 мамырда 1-Белорус майданының қолбасшысы Жуковқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстаг қабырғасына ту тiккенiн хабарлады. Жуков қатты ашуланды: Неге қайдағы бiр азиаттарға ту тiккiздiң? Ертең қалайда бiр орыс пен бiр грузин Рейхстагқа қайта ту тiгетiн болсын, - деп бұйрық бергенiн өз құлағыммен естiдiм. 1 мамырда фашистер аса күштi қарсылық көрсетпедi. Өйткенi, капитуляцияға келiсуге көнген едi. Сол күнi Егоров пен Кантария көп қиындықсыз Рейхстаг үстiне ту тiктi. Қысқасы, оларға сондай мүмкiндiк қолдан жасалынды,-дедi. Сол кездегi майдан газеттерi осы оқиға туралы мақалалар жариялайды. Онда Қошқарбаев пен Болатовтың ерлiгi де айтылған. Олар 300 метр жердегi фашизм ұясы - Рейхстагқа бораған оқ астынан 7,5 сағатта әзер жетiптi. Григорий Рақымжанды иығына шығарып, туды Рейхстаг қабырғасына неғұрлым жоғары тiккiзгенi өте қиынға түскенi анық. Бұл өлiмге бастарын тiккенмен бiрдей iс екенiне ешкiмнiң де таласы бола қоймас. Содан кейiн-ақ, немiстердiң мысы басылып, ендiгi қарсыласу ешқандай да ақылға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
9 мамыр
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі
Отандық тарих ғылымындағы диаспорологияның рөлі
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Кәкімжан Қазыбаевтың публицистикасы
Көркемдік дәстүр жалғастығы
Отанын барлық жаудан қорғаған даңқты батырлар біздің жүрегімізде
Тарихты оқытуда әдістемелік технологияларды пайдалану
Пәндер