Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі


ЖОСПАР
Кіріспе
Кәсіпкерлік түсінігі
Кәсіпкерліктің жіктелуі
Кәсіпкерлік қызмет, оның мәні және формалары
Негізгі бөлім
Кәсіпкерліктің түрлері
Кеңес беру кәсіпкерлік қызметі
Фирма және кәсіпкерлік
Қорытынды
Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі
Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:
- Қазақстанның азаматтары;
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т. б. ) .
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік қызметті жіктеудің нақты жүйесі анықталған жоқ. Оны әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі жіктемелік белгілерін 3. 1-сурет түрінде көрсетуге болады.
Кәсіпкерлік қызмет түрлеріне талдау жасаңыз, олардың қызмет ерекшеліктеріне байланысты артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық. Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық. Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер. Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты. Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі. Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар. Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Инновациялық кәсіпкерлік түсінігі. Инновациялық кәсіпкерлік мақсаттары мен міндеттері. Теориялық талдау негізінде инновацияны талдау бойынша бірнеше көзқарасты түсіндіріңіз.
Инновациялық кәсіпкерлік - бұл ерекше жаңашыл процесс, жаңа нәрсенің пайда болуы, оның негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу мен инновацияға негізделу. Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады. Қазақстанның дамуының басты бағыттары - ең жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру. Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, инновация бұл - жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық нәтиже. Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз.
Кәсіпкерлік - бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Инновациялық кәсіпкерлік қызметтің мақсаты:
- Жаңа идеяларды қолдану
- Бастама көтеру және оларды бақылау
- Инновациялық өнімді нарыққа шығаруға
Инновациялық кәсіпкерліктің міндеттері:
- Индустриялды ин-лық стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің ин-лық түрлерін қаржыландыру.
- Мемлекет және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдау.
- И-лық тәуекелділік деігейін төмендетудің бағалау жүйесін құру.
- Кәсіпіпкерліктің инн-лық түрлерін жетілдіру үшін инфрақұрылымды қалыптастыруда мемлкет рөлін анықтау.
Теориялық талдау негізінде ин-ны түсіндіру бойынша бірнеше көзқарастар.
- Ин-я жаңа идеяларды және үрдістер ретінде қарастырылып, оны қолдану арқылы сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық экономикалық үрдіс.
- Ин-я тек жаңа енгізулер емес бұл өндірістің жаңа қызметі. Бұл өнім өндіру технологиясын өзгерту немесе ұйымдастырушылық қаржылық салаларда жаңалықтар енгізу бойынша қарастырылады.
- Ин-я тұтыну тауарының жаңа түрлерін жаңа өндірістік және тасымал құралдарын нарықта пайдалану және өнеркәсіпті ұйымдастыруды қолдану.
Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет - тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан, көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.
Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстаназаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.
Кәсіпкерлік - нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді. Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.
Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды. Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.
Батыс елдерінде кәсіпкерлік аса ерекше ізденімпаздықты білдіріп, шаруашылықты жүргізудегі бюрократизмге қарсы іс-әрекеттерді білдіреді, бұл жағдайда барлық жаңа мүмкіндіктерді іздестіру жаңа ойларға сүйену, міндеттерді орындау жолында барлық мүмкіндіктер көзін пайдалану қажет.
Осындай көзқарастардың біздің елімізде де кәсіпкерлікті дамытуда маңызы өте зор.
Америка ғалымы Р. С. Ронстадтық пікірінше кәсіпкерлік байлықты көбейту жолындағы өскелең даму үстіндегі процесс. Соеымен бірге Р. Хизрич және М. Питерс өздерінің «Кәсіпкерлік немесе өз ісін бастап табысқа жету» кітабында кәсіпкерлік іс - әрекеттерді жан - жақты талдап, ауқымы кең анықтама берді: кәсіпкерлік - айтарлықтай күш, уақыт талап ететін қаржылық, рухани жауапкершілік жүктейтін, зор табыс желетін сол арқылы ризашылыққа бөлейтін аса бағалы жаңа іс-әрекеттер.
Кәсіпкерліктің мәнін ең қысқа, нақты анықтама арқылы түсіндірген Р. Хизрич: - «Бұл - белгілі бір құны бар жаңаны, жаңалықты туғызатын іс-әрекет». - деді. Америка ғалымы А. Шапиро кәсіпкер мен кәсіпкерлік ұғымы іс жүзінде жаңалыққа ынталылықты, әлеуметтік - экономикалық механизмді қайта құру процесін, сәтсіздік жағдайдағы жауапкершілікті, тәуекел етуге дайын болу жағдайларын атап көрсетті. Ресейлік ғалым - экономист А. В. Бусыгинның көзқарасының да маңызы зор. оның пікірінше кәсіпкерлік белгілі бір бастамада іскерлік белсенділікті, нақты іскерлік идеягы (ойды) жүзеге асыруға ұмтылыс деп түсіндіреді.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы үшін кез келген жаңа істер кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлікті ең алдымен өндіріс факторын жеке азаматтар мен бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы экономиканың өсу - өркендеу үшін пайдалану деп түсіну қажет. Қазақстанда кәсіпкерліктің негізгі қызметі - сапалы өнім өндіріп (немесе қызмет көрсету), оы қажет етуші тұтынушыларға дейін жеткізіп, соған сай материалдық және моральдық қайтарымын алу.
В. И. Дальдың жазғанындай, кәсіп ету - яғни, бір істі бастау, жаңа іс-әрекетті орындау, үлкен мағынасы бар істі бастап, орындауға кірісу. Өз бизнесін бастау үшін әрбір азамат немесе ұйым міндетті түрде кәсіпкерлік істерді реттеуші азаматтық заңдылықтарды білуі тиіс.
Кәсіпкерлік белгілі бір тауар өндіріп (қызмет көрсетіп), нәтижесінде пайда алу үшін кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық т. б. қарым - қатынастарының жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге тұтынушылар мен жеткізушілер, банк қызметкерлері, түрлі нарықтық субъектілер, мемлекет пен жергілікті биліктегі адамдармен қаржылық, экономикалық қарым - қатынастар орнату кәсіпкерлік іс-әрекеттердің негізі.
Кәсіпкерлікте нарықтық экономиканың әртүрлі заңдылықтарын, тауар өндірісі мен тауар қатынастарына байланысты экономикалық механизмдерді дамытып отыру қажет. Кәсіпкерлік кәсіпкердің жаңа идеясының пайда болғанынан бастап, нақты іскерлік жоба дайын болғанша жалғасатын күрделі мақсаткерлік тізбекті құрайды.
Кәсіпкерлік - барлық ресурстарды тиімді пайдалано отырып, тұтынушылар үшін аса құнды, олардың қажеттілігінен шығатын жаңа тауар өндіру немесе жаңа жұмыстар орындап, қызмет көрсету арқылы ең жоғары нәтижеге жету.
Кәсіпкерлік іс-әрекет тұрақты, үзіліссіз жалғасып отыруы тиіс, себебі тұтынушылардың талабы үнемі өсіп және өзгеріп отырады.
Өркендеген нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік іс, осы іспен шұғылданатын фирмалар мен компаниялардың, жеке кәсіпкерлер мен күрделі кәсіпкерлік құрылымдардың жиынтығынан құралады. Бұл жағдайда жалпыэкономикалық, ресурстық, ізденістік - шығармашылық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялар орындалуы тиіс. Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік ісінде кәсіпекрлер ассоцияциясын (одағын) құратын саяси қызмет те орындалуы тиіс дегенді айтады.
Типтерге бөлу дегеніміз - кәсіпкерлік іс-әрекеттерді негізгі белгілері бойынша - нақты экономикалық (шаруашылық) істері бойынша ажырата білу.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: меншіктік түрі бойынша, заңдылық ерекшеліктері бойынша, орналасқан жерінің аумағына қарай, әртүрлі жерлерде орналасқаныны қарай, құрылтайшылардың құрамына байланысты персоналдар саны мен айналым көлемі бойынша, өсу қарқыны мен пайданың деңгейіне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану дәрежесіне байланысты, т. б.
Меншік түріне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрінде дамиды.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз және жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Іс- әрекеттердің аймақтарға бөлінуіне байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және дүниежүзілік болып бөлінеді.
Құрылтайшылардың құрамына байланысты әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Өсу қарқыны мен пайданың, табыстың мөлшеріне байланысты кәсіпкерлік ұйымдар - жедел дамушы, даму қарқыны төмен компаниялар, жоғары пайдалы және төмен рентабельді ұйымдар, өте жоғары тәекелді бизнес түрі және төменгі тәуекелді бизнес түрімен шұғылданатын ұйымдар болып бөлінеді.
Өз істерінде жаңа ұсыныстар мен жаңалықтарды, жаңа технологияларды пайдалануына, өндірісте бұрын белгісіз болған мүмкіндіктерді ашуына, инновациялық менеджментті, маркетингті кеңінен қолдануына байланысты кәсіпкерлік - ізденістік, өнімдік, ескі технологияның орнына жаңа ұлғаймалы өндірісті дамытушы деп бөлінеді.
Құрылтайшылар санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып бөлінеді.
Персоналдық санына және жарғылық қордың мөлшеріне байланысты түрі шағын кәсіпкерлік болып саналады.
Егер кәсіпкерлікті ұйымдастыруда қазақсьандық қатысушылардан басқа шетел азаматтары болса, онда ол біріккен кәсіпкерлік деп аталады, сонымен бірге шетел инвестициясымен құрылған кәсіпкерлік түрі де болады.
Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.
Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің бағытына, нақты нәтижесіне байланысты кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:
Өндірістік кәсіпкерлік тұтынушыларға нақты тауар түрін өндіру немесе қызмет көрсету, өткізу мәселелері бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық сферада жүзеге асатындықтан, мынадай түрлерге бөлінеді:
өнеркәсіптік, құрылыстық, ауылшаруашылық және т. б. сонымен бірге кәсіпкерлік өндіріс салалары бойынша әртүрлі болады, мысалы өнеркәсіптік - машинақұрастыру, станокқұрастыру және т. б.
Коммерциялық - сауда кәсіпкерлігі, мұнда кәсіпкерлер нарықты зерттеп, сұраныс жағдайын баға деңгейін білуі, соның нәтижесінде шығынды азайтып, пайданың көп болуын қарастырады.
Қаржылық - несиелік кәсіпкерлікте құнды қағаздармен жұмыс істеу, ұлттық ақша мен валюта курсының байланысын зерттеп білу қажет. Мұндай кәсіпкерлікпен шұғылданатындар коммерциялық банктер, қаржы - несиелік компаниялар, қор биржасы, валюттік биржалар, басқа да мамандандырылған мекемелер. Кеңес беру (консалтинг) кәсіпкерлігі әртүрлі бағыттарда кеңес беру, үйрету, оқыту курстар ашу арқылы жүзеге асады. Туристік қызмет кәсіпкерлігі де кеңес беру ісіне қатысты.
Ұжымдық кәсіпкерлік мекеме (фирма) құруда негізделеді немесе заң тілімен айтқанда заңды тұлғаны құрайды. Қ. Р. азаматтық кодексі заңды тұлғалардың төмендегідей ұйымдық - құқықтық түрлерін қарастырады:
коммерциялық мекеме; толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын,
коммерциялық емес мекеме; қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай) .
Табыс табатын іске келетін болсақ онда заңды тұлғаның коммерциялық түрін айтқан жөн. Заңды тұлғаның негізі - шағын кәсіпкерлік нысандары. (ШКН)
Толық серіктестікті құру және ашу үшін кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек және оның саны заңнамамен шектелмеген. Сондықтан қатысушылар саны құрушылардың өз еркінде және оның саны іскерлікке бөгет болмай, істің оңтайлы жүруіне байланысты болуы керек; Құрылтай құжаты болып мекеменің жарғысы мен құрылтай шарты жатады.
Командиттік серіктестік (КС) ; Ону құру және ашу кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек, және оның санында заңнамаларда шектеу жоқ, сондықтан қатысушылар (құрылтайшылар) саны құрушылардың өз еркінде. Бірақ толық серіктестікке қарағанда КС айырмашылығы бар ( ол командиттік деп аталғанына қарай немесе сенімділікке негізделген ) КС екі түрлі құрушы болады: толық серіктестіктер және салымшылар. Құру рәсіміне екі құжат керек: Жарғы және құрылтай шарты. Ол құжаттарға толық серіктестіктер мен салымшылар қол қояды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) Ғ құру үшін бір және одан көп құрылтайшылар бола алады және оның саны шектелмейді;
ЖШС келесі бір құрылтайшысы бір адамнан тұратыншаруашылық серіктестік құра алмайды;
Құрылтай құжаты бір адамнан құрылтайшысы бар серіктестікке жарғы болып табылады, ал екі немесе бірнеше адамнан құрылтайшы құрайтын серіктестікте жарғы және құрылтай шарты болып табылады.
Құрылтайшылар серіктестік міндеттеріне тек қана қосқан салымдары шеңберінде ғана жауап береді; серіктестік құрылтайшысының үлесі басқа адамға берілуі құрылтай құжаттарында көрсетілсе ғана жүзеге асады. Ол үлесті бірінші кезекте осы серіктестіктің басқа құрылтайшысы иемденеді. Серіктестіктің ең аз жарғылық қоры 100 ең аз есептік көрсеткішке тең.
Қосымша жауапкершілікті серіктестік (ҚШС), пен ЖШС бірітейлік жақтары көп және олардың құқықтық жағдайы бір заң актісімен анықталады.
Серіктестік құрылтайшылары серіктестіктерінің міндеттемелері бойынша өздері жарғыға қосқан салымдарымен жауапты, немесе ол сома жетпегенде өздерінің дүние мүлкімен есебінен төлейді, сондықтан да ол қосымша жауапкершілікті серіктестік деп аталады.
Есесі жөнінде заңды есе мүшелері анықталмаған, сондықтан есе мөлшерін серіктестік құрылтайшылары құрылтай жарғысында көрсетіледі (мысалы 2-есе жауапкершілік, 3-есе жауапкершілік т. т. )
Құрылтайшылардың біреуі банкроттыққа ұшыраса щның серіктестік алдындағы жауапкершілігін қалған құрылтайшылар өздерінің салымдары пропорциясында жауапталады, және де басқадай жауаптану жағдайы мүмкін, және де олар қрылтай құжаттарында көрсетілуі керек, ал басқа жағдайларда ҚЖС-ке ЖШС ережелері қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz